Периост, сүйекқап – сүйекқап.
Перистальтика, толқи қимылдау – қуыс түтіктәрізді мүшелердің (ішек,
асқазан, зәрағар және т.б.) қабырғаларының ішіндегі заттардың шығу тесігіне
қозғалуына мүмкіндік беретін толқынтәрізді жиырылуы.
Пневмония – өкпенің қабынуы.
Протромбин – қан плазмасының құрамында болып, қанның ұюына қатысатын
күрделі нәруыз.
Продуценттер, өндірушілер – фото- және хемосинтезге қабілетті, қоректік
тізбекте бірінші буын болып табылатын, бейорганикалық заттардан органикалық
заттар жасаушы ағзалар, яғни барлық автотрофты ағзалар.
Псориаз, қабыршақты теміреткі – терінің созылмалы ауруы. Көбінесе
шынтақ, тізе және бел зақымданады.