А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жауынқұрттың асқорыту жүйесі



Pdf көрінісі
бет50/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Жауынқұрттың асқорыту жүйесі 
басқа құрттардан едәуір жетілген. 
Жауынқұртта алғаш рет 
сілекей­ бездері
пайда болды. Олар әкке 
ұқсайтын заттар бөледі. Бұл қоректің яғни шіріген жапырақтың 
қышқылдылығын азайту үшін қажет. Шіріген жапырақтар – құнарлы 
азық емес. Сондықтан жауынқұртта жемсау (зоб) мен арнайы қатпары 
бар асқазан қалыптасты. Ол қоректің қорытылатын бетпен жанас-
уын арттырады. Ас қа заннан кейінгі ішектің бір бөлігі қорытылған 


45
заттардың қан ға түсіп, ағзаның барлық жасушасына жетуі үшін қажет. 
ішек соңғы сег менттегі қорытылмаған заттар шығарылатын аналь 
тесігімен аяқталады.
Жұтылған топырақ және қорытылмаған қорек қалдықтарын өсімдіктер 
органикалық тыңайтқыш ретінде қолданады. Топырақ жауынқұрттың 
қызметінсіз ондаған немесе жүздеген есе баяу қалыптасып, қалпына 
келетін еді. Жауынқұрт өсімдік қалдықтарының жақсы өңделуіне, 
топырақ қабатының араласуына, топырақ құрылымының жақсаруына 
әсер етіп, оны кеуек етіп, су мен ауаның терең енуіне мүмкіндік жа-
сайды. Жауынқұрт топырақ құнарлылығының жанама көрсеткіші болып 
табылды.
Сонымен, жауынқұрттың асқорыту жүйесі 
ауыз,­ сілекей­ безі,­
жұтқыншақ,­жемсау,­өңеш,­қатпары­бар­асқазан,­ішектен
тұрады және 
аналь­тесігімен
аяқталады (31-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет