А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет16/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Полимерлердің қасиеттері. 
Полимерлердің 
маңызды қасиеттерінің бірі – мономерлер-
ге ыдырап, қайтадан полимерлерге бірігуі. 
Адамның және жануардың асқорыту жүйесінде 
асқорыту ферменттерінің әсерінен полимерлер 
мономерлерге дейін ыдырайды. Сосын ішекте 
мономерлер қанға сіңіп, ағзаның барлық 
жасушасына тасымалданады. Әрбір жасу-
шада түскен мономерден дәл осы ағзаға қажет 
полимерлер қайта синтезделуі мүмкін. 
Ретті және ретсіз полимерлер. 
Егер полимерлерде бар лық мономерлер 
бірдей болса немесе олардың реті қатаң қай та ланатын болса, оларды 
ретті­ поли­мерлер
деп атайды. Олар түсі бірдей моншақтардың қай-
таланып отыруына ұқсайды. Мысалы, қызыл, сары, жасыл, қызыл, 
сары, жасыл және барлық тізбек осындай болады. Рет ті полимерлерге 
мысал ретінде крахмал мен целлюлоза сияқ ты ерімейтін көмірсуларды 
келтіруге болады. 
Ретсіз­ полимерлерге
мономерлердің реті мен мөлшері әртүрлі бола-
тын полимерлер жатады. Олар түрлі түсті, кез кел ген ретпен жиналған 
моншақтардан тұрады. Жасушадағы ма ңызды ретсіз полимерлерге 
нәруыздар мен нуклеин қыш қылдары жатады. 
Полимерлер,­ мономерлер,­ органикалық­ заттар,­ көмір­сулар,­
нәруыздар,­майлар,­нуклеин­қышқылдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет