§4. Көмірсулар мен липидтер. Олардың қасиеті мен қызметі Көмірсулар мен липидтің құрылымы және биологиялық
қызметтерін сипаттау
Көмірсулар мен майлардың рөлі қандай екенін естеріңе түсіріңдер. Өсімдік ұлпаларындағы крахмалды немесе майды қалай анықтауға болады? Олар өсімдіктің қандай мүшесінде кездеседі? Көмірсулар фотосинтез үдерісінде жасыл өсімдік жа суша ларында
түзіледі. Ең кең таралған көмірсу – глюкоза С
6
Н
12
О
6
(11-сурет). Ол
фотосинтез барысында түзіледі. Өсімдік жасушалары глюкозадан
крахмал, қант, целлюлоза немесе басқа заттар түзуі мүмкін. Глюкоза
өсімдік жасушасында да, жануар жасушасында да болады. Адам қанының
құрамында шамамен 0,12% глюкоза бар.
А
Ә
Б
2–3459