А. Соловьева, Б. Ибраимова


Глюкозаның  молекуласы – моносахара



Pdf көрінісі
бет20/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Глюкозаның 
молекуласы – моносахара
12-сурет. 
Сахароза – бұл дисахарид
13-сурет.
Глюкозаның 4 молекуласынан тұратын полисахарид 
молекуласының көрінісі


19
Майлар мен липидтердің қасиеттері және олардың қызметі
.
Жануар және өсімдік жасушаларында майлар болады. Олар үшатомды 
спирт – 
глицериннің
бір молекуласынан және 
май­қышқылдарының
үш 
моле ку ласынан тұрады (14-сурет). Өсімдік жасушасында орташа құрғақ 
массасының 5–15% мөлшерін май құрайды. Адам және жануардың май 
ұл пасының жасушаларында майдың мөлшері 90%-ға жетуі мүмкін. Олар 
сұйық (өсімдіктерде) және қатты (жа нуарларда) болады. 
Майлар – 
энергияның­қордағы­көзі.
Олар ыдыраған кезде нәруыздар 
мен көмірсулар ыдырағанға қарағанда екі есе дей көп энергия бөлінеді.
Майлар суда ерімейді және жылуды нашар өткізеді. 
Жасушаларда майлардан басқа майтәрізді заттар – 
липид­тер
болады. Молекуласында май қышқылының бір молекула сын фосфор 
қышқылының қалдығы алмастыратын күрделі липид тер 
фосфолипидтер­
деп аталады (15-сурет).
­
Олар жа суша мембранасының негізін құрайды.
Майлар мен липидтер басқа да көптеген қызмет атқарады. Кейбір 
жануарлардың (кит, морж, итбалық және т.б.) теріастындағы май 
жасұнығында жинақталып, 
жылу­ оқшаулау­ қызметін
атқарады.
­
Аю 
және т.б. жануарлар үшін теріастында жиналатын май қоры қысқы 
ұйқы кезінде су және энергия көзі болып табылады. Себебі майлар 
тотыққан кезде энергия ғана емес, су да түзіледі. Түйенің өркешіне 
жиналған май қоры шөл даладан өткен кезде аштық пен шөлге төзуге 
мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар май тәрізді заттарға дәрумендер, гормондар да 
жатады. Олар жүйке жасушаларын қаптап, жүйке им пульсі көрші 
ұлпаларға таралуына жол бермейді. Бұдан басқа да көптеген қызмет 
атқарады.
15-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет