гигиеналық ережелер тамақ жұқпаларының, ішекқұрт тардан
уланудың алдын алады. Аурудың алдын алу үшін жекебас гигиенасын
сақтау керек. Тамақ жеу алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды
жуу қажет. Сонымен қатар тырнақты міндетті түрде алып отыру керек.
Себебі көбінесе тырнақтың астына паразит құрттардың жұмыртқалары
жиналады. Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау керек.
уланудың алдын алу үшін азық-түлік өнімдерін тоңазытқышта сақтау
қажет. Жылы жерде сақталған шұжық (колбаса) пен қалбырдағы
тамақты пайдалануға болмайды.
Абай болыңдар! Дәрі-дәр мек терді дәрігердің тағайындауынсыз қабыл-
дауға болмайды!