А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет212/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Білу және түсіну:
1. Неліктен қанның құрамындағы көмірсу мөлшері жеген тағам түріне, 
оның құрамына қарамастан тұрақты болатынын түсіндіріңдер.
2. Қандай гормондар ағзада зат алмасуға қатысады және олар қандай 
бездерде түзіледі?
қолданылуы:
1. Гормондардың артық бөлінуінен немесе жетіспеушілігінен пайда бо-
латын аурулардың бір-бірімен байланысын сипаттаңдар. Нақты мы-
салдар келтіріңдер. 
2. Екінші реттік жыныстық жетілудің белгілері, жыныс бездері бөлетін 
гормондарды атаңдар. 
Талдау:
1. Гликогеннің қандай мүшелерде қорға жиналатынын, оның глюкозаға 
айналуын және оған қандай гормондар қатысатынын сызба түрінде 
бейнелеңдер. 


175
2. Эндемиялық зоб пен кретинизм ауруларының пайда болу себебі неде? 
Аурулардың пайда болуын қандай бездің жұмысымен байланыстыруға 
болады?
3. Соматотропты гормондардың түзілуі және оның мөлшерінің 
өзгерулеріне байланысты пайда болатын аурулардың белгілеріне тал-
дау жасаңдар. 
Синтез:
1. Ойланып талдаңдар: біздің ағзамызда қандай без гипофизге тәуелсіз 
және неліктен? 
2. Бүйрекүсті бездерін белгілері бойынша жүйелеңдер. 1. Қай қабатында 
түзіледі? 2. Әсер ету жылдамдығы қандай? 3. Көңіл күйге немесе зат 
алмасуға байланысы. 4. Эволюциялық маңызы.
Бағалау:
Берілген өзгерістерді бағалаңдар: 1. Бірнеше минут ішінде көз дің 
қарашығы үлкейеді, тыныс алу, жүрек соғуы, бұлшық еттің жиы-
рылуы жылдамдайды. 2. Жоғарыдағыдай белгілермен қоса дене 
температурасы аздап көтеріледі, салмағы кемиді, ұзақ уақыт бойы 
ұйқысыздық мазалайды. 3. Денедегі ісік, тері астына судың жина-
луы, ауа жетіспеушілігі, артық салмақ, үнемі тоңып жүру, ұйқының 
қанбауы және енжар болу қандай ауру түрін білдіреді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет