216
саласы. Терминнің өзі 1970 жылдары енгізілсе де, ашытқылар мен бак-
териялар сыра қайнатуда, ірімшік дайындауда, шарап жасауда және нан
пісіруде ертеден бері қолданылып келеді.
Көпжылдық тарихы бар биотехнология
салаларымен қатар,
қазіргі
уақытта оның гендік, жасушалық және ферменттік инженерия сияқты
жаңа салалары қарқынды дамуда.
Гендікинженерия
ХХ ғасырдың соңғы
ширегінде пайда болса да, оның жетістіктері өте зор.
Қазіргі уақытта
микроағзалардың штамдары жасалды, нәтижесінде жыл сайын адамның
инсулин, соматотропин және басқа гормондары шығарылады. Гендік ин-
женерия әдістері арқылы колорадо қоңызы
жемейтін картоптың жаңа
сұрыбы шығарылды. Адамның тұқым қуалайтын ауруларын емдеуде та-
бысты нәтижелерге қол жеткізді.
2003 жылы Оңтүстік-Батыс ғылыми-зерттеу
орталығында биотех-
нологиялық әдістерді қолдану Пахтакор картобының жоғары өнімді сор-
тын алуға мүмкіндік берді.
Жануарлар селекциясында жаңа әдістер
негізінен жоғары өнімді,
ерекше құнды асыл тұқымды жануар лардың спермалары мен эмбрионда-
рын
криоконсервациялау
(сұйық азотта өте төмен температурада мұздату)
қолға алынды. Сонымен қатар жасушалық
және ұлпалық себінділер
қолданылады, яғни жануар лар жасушалары
мен ұлпаларының белгілі
бір
типтерін өсіріп, оларды пайдаланады.
Биотехнология,гендікинженерия,криоконсервация.
Достарыңызбен бөлісу: