269
Консументтер
– қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін
өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын
ағзалар.
Конъюктива
, көздің шырышты қабығы –
көздің дәнекер ұлпалы, мөлдір,
шырышты қабықшасы.
Конъюктивит
, көз қарығуы – конъюктиваның қабынуы.
Кортизон
– бүйрекүсті бездерінің қыртысы бөлетін стероидты гормон.
Кортиев мүшесі
– дыбыс қабылдайтын
аппараттың шеткі бөлігі;
дыбыс
тербелісін жүйке қозуына түрлендіреді.
Көбею, репродукция
– тіршіліктің үздіксіздігі
мен сабақтастығын
қамтамасыз ететін, өзіне ұқсас ұрпақ беру қасиеті.
Көз бұршағы
–
нұрлы қабықтың артында,
қарашыққа қарсы орналасқан
мөлдір,
тамыры жоқ, екі жағы дөңес денешік (линза).
Көз шарасы
– көз алмасы орналасқан бас сүйектің бет бөлігіндегі сүйек
ойысы.
Көкірек
– жүрек, кеңірдек және өңеш орналасқан кеуде қуысының бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: