278 Ш Шандыр, фасция – ішкі мүшелер мен бұлшық еттерді жабатын дәнекер
ұлпалы қабықша.
Шаш – түкті жабын түзетін терінің мүйізді түзінділері.
Шежіре, филогенетикалық шежіре – туысқандық байланысты ағаш
түрінде графикалық бейнелеу; оның негізіне ататектері, ал тармақталған
діңдеріне ұрпақтарын орналастырады.
Шеміршек – тірек-механикалық қызмет атқаратын дәнекер ұлпаның бір түрі.
Шиқан, фурункул – түк қапшығының және онымен байланысты май безінің
іріңдеп қабынуы.Стафилококк тудырады.
Шонданай жүйкесі – ірі жүйке бағанасы. Теріні және сан, тізе, табан, өкше
бұлшық еттерін жүйкелейді.
Шірік қабыршақ – күйген, сырылған, жараның бетін жабатын қабыршақ.
ы ықылық – өзіне тән дыбыс пен аяқастынан қатты дем шығарып, көкеттің
рефлексті түрде жиырылуы.