А. Соловьева, Б. Ибраимова


§48. Ашықтұқымды және жабықтұқымды



Pdf көрінісі
бет151/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

194
§48. Ашықтұқымды және жабықтұқымды 
өсімдіктердің тіршілік циклі 
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік 
циклінің ерекшеліктерін түсіндіру
Гүлді өсімдіктердің ұрықтануының ерекшеліктері неде? Ашықтұқымды және 
жабықтұқымды өсім дік тердің ерекшеліктерін атаңдар. Оларда спора түзіле 
ме? Олар дың негізгі көбею мүшелері қандай? 
Тұқымды өсімдіктер. 
Тұқымды өсімдіктер ашық тұқым дылар 
(қылқанжапырақтылар) және жабықтұқымдылар (гүлді өсімдіктер) деп 
екі үлкен топқа бөлінеді. Тұқымды өсім діктердің споралы өсімдіктерден 
айырмашылығы – спора түзбейді, олардың көбею мүшелері көпжасушалы 
тұқым болып табылады. Тұқымды өсімдіктерде гаметофит және спорофит 
кезеңдері болмайды. Яғни қырықжапырақтәрізділердегі сияқты жеке 
өсетін өскін кезеңі және мүктерден қоректік заттарды соратын «паразитті 
қауашағы» болмайды. Се бебі, споралар мен гаметофиттердің гаплоид-
ты кезеңдері бүрлердің немесе гүлдің ішінде бірнеше жасуша көлеміне 
дейін кішірейген. Барлық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінде 
спорофиттің диплоидты кезеңі басым болады. Қылқанжапырақтылар да, 
гүлді өсімдіктер де – спорофиттер: аталық пен аналықтың ұрықтануынан 
түзілген жасу шаларындағы хромосомалары жұп күйінде болады. Ал 
мейоздың нәтижесінде түзілген гаплоидты кезеңдері көбею мүшелерінде 
бірнеше жасушаларға кемиді. Енді осы үдерістерді толығырақ 
қарастырайық. 
Ашықтұқымдылардың тіршілік циклін 
қарағайдың мысалын-
да қарастырайық (104-сурет). Қарағай – аталық және аналық жыныс 
жасушаларын түзетін, бір үйлі өсімдік. Көктемде қарағайдың жас 
бұтақтарында екі түрлі бүрді көруге болады: қызғылт түсті – аналық бүр, 
сарғыш қоңыр түсті – аталық бүр. Олардың орналасуы да әртүрлі бола-
ды. Аналық бүрлер жас бұтақтардың ұшында, ал аталық бүрлер негізгі 
бұтаққа жақын орналасқан. Аталық бүрде пісіп-жетілген бүрлерден 
желмен таралатын көптеген сары түсті тозаңдар түзіледі. Өсімдіктердің 
тозаңдарында аталық жыныс жасушалары – спермалар немесе спер-
матозоид болады. Ал аналық гаметалары – жұмыртқа жасушалары 
тұқымбастамада дамиды. 
Жыныс жасушалары түзілгенге дейін аталық бүр мен аналық бүрде 
спорогенез
процесі жүреді. Алдымен жаңадан пайда болған бүрлерде мейоз
жолымен гаплоидты жасушалар түзіледі. Аталық бүрлерде анағұрлым 
ұсақ болады, сондықтан оларды 
микроспоралар
, ал аналық бүрлерде бұл 


195
гаплоидты жасушалар ірілеу болғандықтан 
мегаспоралар
деп атайды. Со-
дан соң бұл «спораның» гаплоидты жасушаларынан гаметофит жасуша-
лары (аналық бүрде – мегагаметофит және аталық бүрде – микрогаме-
талар) түзіледі. Споралы өсімдіктерге қарағанда тұқымды өсімдіктердің 
гаметофиттері өздігінен фотосинтездеуге, ризоидтары арқылы топырақтан 
су мен басқа заттарды соруға қабілетті болмайды. Бұл белгілі бір бөлігі 
тіршілігін жоятын, гаплоидты жасушалар. Гаметофиттердің тірі жасу-
шаларынан гаметалар түзіледі. 
Қарағайдың аталық гаметалары – спермийлер 
тозаң­қабында
бола-
ды. Тозаңқаптың немесе шаң тәрізді тозаң дардың әрқайсысы екі қалың 
қабықтан, екі тыныс саңылауы болатын тозаң түтікшелері және екі 
гаплоидты спермийден тұрады. Мұндай тозаңдар желмен оңай тарала-
ды. Тозаңданғаннан кейін спермийлер жұмыртқа жасушасына тозаң 
түтігі арқылы жеткізіледі. Спермийдің біреуі жұмыртқа жасушасын 
ұрықтандырады. 
Аналық гаметалар – (жұмыртқа жасушалары) аналық бүрде түзіледі. 
104-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет