А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет17/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Білу және түсіну:
1. Нәруыздарға анықтама беріңдер.
2. Аминқышқылдары дегеніміз не? 
3. Тірі ағза нәруыздарының құрамына қанша аминқыш қыл дары кіреді? 
4. Нәруыздар ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді? 
қолданылуы:
1. Адамның әртүрлі нәруыздарының қызметіне сипаттама беріңдер. 
2. Ағзадағы нәруыздардың негізгі үш қызметін анықтаңдар. 
3. Неліктен нәруыздардың ретсіз биополимерлер болып табылатынын 
түсіндіріңдер.
Талдау:
1. Аталған нәруыздардың әрқайсысының рөлін талдаңдар: коллаген
фибрин, пепсин, гемоглобин, оссеин, инсулин, меланин, актин, 
миозин. 
2. Нәруыз алмасуын сызба түрінде бейнелеңдер. Олардың ағзаға тамақпен 
бірге түсуінен бастап (өздерінің нәруыз дарын түзуі арқылы) қартаюына 
және энергия бөлініп ыдырауына дейін сипаттап, мүмкіндігінше фер-
менттер мен органоидтерді көрсетіңдер. 


24
3. Нәруыздардың шексіз алуан түрлі болу себебі туралы өз пікірлеріңді 
айтыңдар. 
Синтез:
1. Әртүрлі ағзалардағы нәруыздардың түрлі қызметін критерий бойын-
ша жүйелеңдер. 
2. Нәруыздардың сигнал беру, жылу оқшаулау және т.б. қызметі туралы 
эссе жазыңдар.
Бағалау:
1. «ДНҚ белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда, белгілі бір ферменттерді 
түзу арқылы жасуша тіршілігін басқарады» деген пікірді бағалаңдар. 
2. Неліктен микроскопиялық жасушаларда бір мезгілде жүздеген, тіпті 
мыңдаған алуан түрлі химиялық реакциялар жүрсе де, жасуша «жа-
рылып» кетпейді? Яғни осы реакция өнімдері бір-бірімен ретсіз өзара 
әрекеттеспейтіні туралы өз пікірлеріңді айтыңдар. 
3. Неліктен нәруыздардағы әртүрлі мономерлер – 20, ал ДНҚ молекула-
сында бар-жоғы 4-еу? 
Пікірталас: 
Неліктен ДНҚ жасушадағы нәруыздарды анықтайды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет