А. Соловьева, Б. Ибраимова


3-бөлім. ТіРі АғзАлАРДың КөПТүРлілігі



Pdf көрінісі
бет18/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

25
3-бөлім. ТіРі АғзАлАРДың КөПТүРлілігі
 
§6. өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілері
Балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәрізділер, ашық және 
жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің 
ерекшеліктерін сипаттау
Өсім дік терге қандай жүйелеу санаттары тән екенін естеріңе түсіріңдер. 
Олардың қайсысы жануарларды жүйелеу санаттарынан ерек шеленеді? 
Жүйелеу санаты туралы не айта аласыңдар? Жоғары және төменгі сатыға 
жататын өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығы неде? 
Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер. 
Өсімдіктер эволюция 
барысында мұхитта тіршілік еткен біржасушалы талшықты эукариот-
тардан пайда болған. Қарапайым өсімдіктер – біржасушалы талшықты 
жасыл балдырлар осы күнге дейін тіршілік етуде. Осындай ағзалардан 
біртіндеп қазіргі су ортасында тіршілік ететін вольвокс сияқты, 
сондай-ақ көпжасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар пайда болды 
(17-сурет). Барлық балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады
өйткені олардың денесі бірдей жасушалардан тұрады. Олар ұлпалар мен 
мүшелерге бөлінбегендіктен, таллом немесе қабат деп аталады. 
Балдырлардан басқа өсімдіктер жоғары сатыдағы өсімдіктерге жата-
ды. Әртүрлі – ауа және топырақ ортасын да тіршілік ету оларда мүшелер 
мен ұлпалардың қа лып тасуына әкелді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге 
мүктә різділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабық-
тұқым дылар жатады.
17-сурет.
 Балдырлардың көптүрлілігі: 
1 – хламидомонада; 2 – диатом балдыр
3 – хлорелла; 4 – вольвокс; 5 – улотрикc; 6 – cпирогира
1
2
3
4
6
5


26
Мүктер 
бөліміне 
көпшілігінде 
ма ңыз-
ды екі мүше – сабақ пен жа пырақтары бо-
латын өсімдіктер жатады. Алайда мүктердің 
арасында денесі тек спорангийі бар жасыл 
пластинадан тұратын қарапайым формала-
ры да кездеседі. Мысалы, 
бауыр­ мүктер.
Олар 
да жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады. 
Бауыр мүктерінің вегетативті дене құрылысының 
қарапайымдылығы, олардың ерте пайда бол-
ғанын көрсетеді. Маршанциялар – бауыр мүктер 
класына жатады (102-суретті қараңдар).
Мүктер – құрлықта өсуге бейім делген ал-
ғашқы өсімдіктердің бірі. Бірақ оларда өткізгіш 
және тірек ұлпалары қалыптаспады. Сондық-
тан мүктер аласа болады, тек ылғал жер лерде 
өседі. Олардың тамыры болмайды. Кейбірінде 
тамырдың қызмет ін 
ризоидтар
атқарады. 
Ри-
зоид
– бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке 
жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризо-
ид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда 
еріген минералды заттарды бойына сіңіреді. 
Мүктер 
спо­рангийде
жетілетін 
споралар
арқылы 
көбейеді (18-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет