А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Рефлексия.  
 
 
 
 
 
ІІ. Зертханалық жұмыс 
Зертханалық жұмыс алгоритмі 
1.  Зертханалық жұмыс мақсатымен, нұсқаумен танысу. 
2. Көздің жітілігін зерттеу үшін кестені жарық қабырғаға 
іліңдер. 
3. Оқушыны кесте ілінген қабырғадан 5 м қашықтықта 
отырғызыңдар. 
4. Оқушыға кестедегі әріптерді нұсқап айтуын сұраңыз. 
5. Егер оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс айтса, ол 
оқушының көзінің қалыпты екендігін көрсетеді. 
6. Егер оқушы оныншы қатардағы әріпті дұрыс айтпаса, 
оған дәрігерге қаралуға кеңес беріледі. 
7. Көру аймағының шегін анықтау үшін қолыңызға картина 
алыңыз. 
Жазбаша қорытынды жасаңыз. 
Дескрипторлар: 
– Зертханалық жұмысты нұсқау бойынша дұрыс жасады. 
– Зертханалық жұмыстың қорытындысын жасай білді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
Рөлдік ойын 
Емхана (окулист – офтальмологтың қабылдауында) 
Мысалы: Берілетін сұрақтар: 
1.  Сығырлық пен қырағылық деген не? 
2. Глаукомада соқыр болып қалу қауіптілігі бар ма? 
3. Апамның көзін шел басты дейді, ол не? 
4. Маған атам А дәруменін қолдансаң, көзің жақсы көреді 
дейді, шын ба? 
5. Оқушы үшін көз гигиенасы қалай болу керек? 
Дескрипторлар: 
– Рөлдердің шынайы ойналуы; 
– Сұрақтарды дұрыс қоя біледі; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
237

 
– Сұрақтарға дұрыс жауап бере біледі; 
– Айтылған түсіндірменің нақты, дәлелді болуы. 
Рефлексия. «Әуенді тест» 
Оқушылар жеті нота бойынша көңіл күйін білдіреді. 
 
Қосымша    ақпарат.  Көздің  жітілігі  (көргіштігі)  деп  екі  заттың  жақын  арақашықтығын 
ажырата алуды айтады. Адамда заттың түсін айыра алмайтын ауру пайда болады. Бұл ауруды 
1794 жылы ағылшын химигі және физигі Джон Дальтон зерттеген, сондықтан ауру ғалымның 
құрметіне  дальтонизм  деп  аталады.  Негізінен  бұл  ауру  адамда  сирек  кездеседі  және  тұқым 
қуалайды. 
Көз  гигиенасы.  Көзді  әртүрлі  механикалық  заттардың  әсерінен  сақтау  қажет.  Кітапты  жарық 
жақсы  түсетін  бөлмеде  оқу  керек.  Оқыған  кезде  кітап  көзден  33–  35  см  қашықтықта  болып, 
жарық сол жақтан түсуі қажет. Кітапқа тым  үңіліп жақын отырып оқудың әсерінен жақыннан 
көргіштік  пайда  болады.  Себебі,  біраз  уақыт  бойы  көз  бұршағы  дөңестеніп  тұрады  да,  оның 
қызметі  өзгеріске  түседі.  Тым  жарқыраған  жарық  көзге  зиян  келтіреді.  Рецепторлардың 
сезімталдық  қасиетін  шамадан  тыс  тітіркендіргіш  рецептор  жасушаларының  қызметі 
бұзылады. Жүріп келе жатқан көліктің ішінде отырып газет, кітап т.б. оқуға болмайды. Көздің 
жұмысы темекі, алкоголь әсерінен бұзылады. 
Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы  көмек. Егер көзге қоқым түссе, онда қолорамалмен 
немесе мақтамен сүртеді. Ал көз ауыр жарақаттанса, онда көзді таза таңғышпен байлап, зардап 
шегушіні ауруханаға тез арада жеткізген жөн. Ал көзге ұнтақ, қышқыл, сілті және улы заттар 
түссе, онда дереу сумен жуу және дәрігерге қаралу қажет. 
Пайдалы кеңестер: көз жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамына алма, қызанақ, бұрыш, балық 
майы, сәбіз, асқабақ сынды жемістер жатады, осы аталған тағамдар құрамында  «А» дәрумені 
бар.  Тәуліктік  мөлшері  –  1мг.  Тамақ  дайындаған  кезде  қатты  қайнатуға,  қатты  қуыруға 
болмайды. Ұзақ уақыт пісіргенде құрамындағы дәрумендер жойылады. 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз 
қабілеті жоғары 
оқушыларға тап-
сырманы күрде-
лендіруді қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
«Көз қабылдайды, ми көреді» дегенді қалай 
түсінесің? Ойланып, жауап бер. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Көз ауруларын алдын алу мақсатында 
жаднама жаса: 
Оқушы үшін 
Компьютермен жұмыс жасайтын адам үшін 
 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен?  
Рефлексия. «Менің сабақтан кейінгі әсерім»  стратегиясы 
Қандай ой пайда болды?         Не сезіндім?           Не ұнады? 
 
238

 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар  
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §39.  Есту  мүшесінің 
құрылысы мен гигиенасы 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
 8.1.7.2 – дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту 
гигиенасының ережелерін сипаттау. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, құлақтың бөлімдерін біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Құлақтың құрылысын талдайды, бөліктерін анықтайды, оларды 
салыстырады. 
 
Құлақтың әрбір бөлігінің қызметтерін нақтылайды. 
 
Есту мүшесінің гигиенасын талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Естудің адам үшін маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Құлақтың бөлімдерін ажыратады, бөлімдерді салыстырады. 
– Құлақ бөлімдерінің  қызметін, бір-бірімен байланысын нақтылайды. 
– Естудің адам өміріндегі маңызына баға береді. 
Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым– жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, 
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және 
пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
дыбыс жолы, құлақ қалқаны, қысым, дабыл жарғағы, сүйекшелер, есту 
түтігі, ұлулы дене, шытырман 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Отолоринголог оқушыларға қатты музыка тыңдауға кеңес бермейді. Не 
үшін?  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен адамдарға өте қатты шу болғанда ауызды ашып тұруға кеңес 
беріледі? 
239

 
/ өте күшті дыбыс толқынынан дабыл жарғағы жарылып кетпес үшін 
ауызды ашуға кеңес беріледі/ 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Құлақтың бөлімдерін дәптерге түсіреді. 
Алдыңғы оқу 
Тест жұмысы 
1. Көздің қосымша мүшелері 
1. Қас, қабақ, кірпік 
2. Тамырлы қабық 
3. Қарашық 
4. Сығырлық, қырағылық 
2.  Қарашық орналасқан көз бөлігі 
1.  Тор қабық 
2.  Тамырлы қабық 
3.  Қарашық 
4.  Қасаң қабық 
3. Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер 
1. Сары дақ 
2. Соқыр дақ 
3. Қарашық 
4. Қасаң қабық 
4. Нұрлы қабықта болатын пигмент 
1. Родопсин 
2. Меланин 
3. Хлоропласт 
4. Рецепторлар 
5. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шыққанда 
болады 
1. Қырағылық 
2. Сығырлық 
3. Дальтоник 
4. Бейімделу 
6. Құтышалар мен таяқшалар орналасқан көз қабаты 
1. Тор қабықта 
2. Соқыр дақта 
3. Қарашықта 
4. Қасаң қабықта 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топқа бөлу әдісі: «Ортақ қызығушылықтар» 
Сынып осы әдіс арқылы «Дыбыс»,  «Децибел» 
топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының сабаққа 
байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
Жақсы тілек – жарым ырыс 
Топ мүшелерінің басқа топ мүшелеріне 
тілектері 
  Қарама-қарсы отырған оқушыға 
  өзіне 
 
мұғалімге
 
Гүл өсіргенді 
жақсы 
көрушілер 
 
Қолөнерді 
жақсы 
көрушілер 
 
 
 
 
240

 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
«Фотогалерея» стратегиясы 
Мәтінді оқып болған соң суретке сәйкес келетін 
сөйлемдерді табады.  
Берілетін суреттер: 
 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс 
тапсырмасын орындайды. 
– Құлақтың құрылысын талдайды, бөлімдерін 
салыстырады, суреттен көрсетеді. 
Сергіту   сәті 
 «Телефакс» жаттығуы 
Топ мүшелері орындықта бірінің артына бірі отырады. 
Артқы оқушыға дайын сурет беріледі. Ол суретті ешкім 
көрмеуі тиіс және ойын барысында ешкім сөйлеспейді. 
Алдыңғы оқушыға таза парақ пен қарындаш беріледі. 
Артқы оқушы дайын суретті алдындағы оқушының 
арқасына қолымен салады, ол келесі оқушыға осылай 
қайталанып отырады. Алдыңғы оқушы арқасына не 
салынғанын өзінің таза парағына салып көрсетеді. 
 
Рефлексия.  «Менің көңіл күйім» 
Жайдары, түсінікті 
 
Бұлтты, сұрағым бар 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
241

 
                              
Түнеріп тұрмын, түсінбедім 
 
Аяқталуы 
Шағын ойтолғау 
 «Есту гигиенасын жақсарту үшін не істеуге болады?» 
Дескрипторлар: 
– Есту гигиенасын тұжырымдайды. 
– Мәтіннен алған білімді дұрыс пайдалана біледі. 
– Ойтолғау мазмұны түсінікті, әсерлі. 
– Естудің адам үшін маңызына баға беріледі. 
 Рефлексия.  «Саусақ» 
 
Оооо 
 
 
 
УУууу 
 
 
 
МММммм 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша  ақпарат.   
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз 
қабілеті жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай жоспарлай-
сыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Шудан сақтану үшін қандай шаралар қолданар 
едің? Ойланып, жауап бер.  
Көмек: жол бойындағы жасыл желек, шуды 
азайтатын материалдар 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Неге оқушыларға сабақтардың арасындағы 
қоңырау кезінде қатты айғайлап шулауға 
болмайды? 
/Себебі оқушылардың есту қабілеті күнделікті 
шудан төмендейді. Жүйке жүйесі шаршайды/ 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
 
Рефлексия.  «Өзіме сараптама» 
– не істедім? 
– қандай мақсатпен? 
– неге олай жасадым? 
– қандай нәтижеге жеттім? 
– не жасауым керек еді? 
 
 
242

 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар   
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру  
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §40.   Есту  және   көру  
рецепторлары қызметтерінің 
механизмі 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар 
саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.1.7.3 – көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін 
сәйкестендіру 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, көру және есту рецепторларының 
орналасқан жерін біледі, суреттен, нақ пішіннен көрсете алады. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Көру және есту рецепторларын салыстырады, бір-бірінен ажырата 
алады, қызметтерін талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Көру және есту мүшелері үшін рецепторлардың маңызына баға 
береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады. 
–  Көру рецепторлары орналасатын көз қабатын айқындайды, 
рецепторлардың қызметін нақтылайды, бір-бірімен салыстырады. 
– Соқыр дақ пен сары даққа түсініктеме береді. 
– Есту рецепторлары орналасатын құлақ бөлімін көрсете алады. 
– Фоторецепторлар жұмысына баға береді. 
Тілдік мақсат 
  Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде 
(мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, 
тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін 
қолдану 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Фоторецепторлар, құтышалар, таяқшалар, дыбыс, соқыр дақ, сары дақ, көру 
243

 
жүйкесі, иодопсин, родопсин 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Фоторецепторлар –  көру жүйкесі –  үлкен ми сыңарларының шүйде бөлігі 
Рецепторлар – есту жүйкесі –  үлкен ми сыңарларының самай бөлігі 
Осы сөз тіркестеріндегі байланысты талдап, түсіндіріп беріңдер. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен көз рецепторларын фоторецепторлар деп айтады?  
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Көру және есту рецепторларын дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
1. «Сәйкестендіру кестесі» 
Төмендегі сезім мүшелері мен оның тітіркендіргіштерін 
сәйкестендіріңдер. 
Сезім мүшелері 
Тітіркендіргіштер 
Көру мүшесі 
Бағдаршамның қызыл көзі 
Есту мүшесі 
Тегіс мата 
Дәм сезу мүшесі 
Ащы дәрі 
Иіс сезу мүшесі 
Өртсөндіргіштің дабылы 
Сипап сезу мүшесі 
Иіссудың иісі 
 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
2. Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Оқушыларды сынып журналындағы тізім бойынша 
«Есту рецепторлары», «Көру рецепторлары» топтарына 
бөледі. Топ атына байланысты топ мүшелері ойларын 
айтады. Сабақтың тақырыбын табады. 
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Туған күн» жаттығуы 
 Бұл жаттығуда тілек айту ауызша (вербалды) түрде, ал 
сыйлықтар мимика, жест, жұмбақ түрінде берілгендіктен 
қатысушылардың қиялы, ойлау деңгейі және қарым-
қатынастағы бір-біріне тәуелділігі анықталды. Олардың 
бір-біріне деген сенімдері күшейді
 
Ортасы 
I.  Оқулықпен жұмыс.  
«Шындық детекторы» стратегиясы 
Әр топ мүшелері мәтінді оқи отырып келесі топқа 8– 10 
сұрақтар дайындайды. Келесі топ сұрақтарға шынайы 
түрде жауап береді, тек бір сұраққа жалған жауап 
қатады. Топ қай сұрақтың жауабы дұрыс, қайсысы 
жалған болғанын табады. 
3.  Дескрипторлар: 
–  мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады; 
– жуан сұрақтар қоя біледі; 
– көз рецепторлары және көру рецепторлары туралы білімді 
Оқулық 
 
244

 
дұрыс пайдалана алады. 
 
Көңіл  күй рефлексиясы: 
  
 
 
   
 
Сауықтыру сәті: 
Қымбатты балалар, қазір көздеріңді жұмып, табиғатты 
елестетіңдер. Әдемі музыка тыңдаймыз. Бұл Л. Бетховеннің 
«Лунная соната» музыкасы. Л. Бетховен бұл еңбегін нашар 
естіп жүргенде жазған. Ол тіпті естімей керең болып 
қалғанда  таяқтың бір ұшын рояльға, екінші ұшын аузымен 
ұстап, музыканы таяқтың көмегімен  тыңдай білген. Егер де 
есту жүйкесі зақымдалмаған болса, осылай музыканы 
тыңдауға болады. Бұл композитордың қанша ауру болса да 
мойымайтын, күресе білетін адам екенін көрсетеді. 
ІІ. «Фотогалерея» 
Суретке сәйкес келетін сөйлемдерді мәтіннен 
табады, түсіндіріп береді, ерекшеліктерін айқындайды. 
  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
–  Мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады. 
– Рецепторлардың ерекшеліктерін айқындайды. 
– Суретті түсіндіріп береді. 
Аяқталуы 
«Ыстық орындық» 
 
 
245

 
 
Оқушылар алған білімді пайдаланып, сұрақтарға жауап 
береді. 
Дескрипторлар: 
–  мәтінді толық меңгереді; 
– сұрақтарға нақты, дәлелді жауап береді; 
– рецепторлардың маңызын нақтылайды, баға береді. 
Қосымша ақпарат. Таяқшалар – ақ-қараны ажыратады. 
Құтышалар –  көк, жасыл, қызылды ажыратады. Қалған түстердің барлығы араласудан 
туындайды. 
Адам құлағы 20-дан 20 000 Гц болатын дыбыс жиілігін қабылдай алады. 
 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Көздегі соқыр дақтың  аталу себебі қандай? 
Ойыңды дәлелмен жеткіз. 
 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Бинауралды есту 
Бинауралды көру  дегеніміз не? Терминді 
түсіндіріп бер. 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен?  
Таңдау рефлексиясы 
1.  Мен сабақта жұмыстандым 
2. Өз жұмысыма 
3. Сабақ маған 
4. Сабақта мен 
5. Менің көңіл күйім 
6. Сабақ материалдары маған 
Таңдалатын жауаптар: 
белсенді,   енжар 
ризамын,   риза емеспін 
тез,  ұзақ өтті 
шаршадым,  шаршамадым 
жақсарды, нашарлады 
түсінікті,       түсініксіз 
қызықты,      қызықсыз 
пайдалы,        пайдасыз 
Қорытынды бағамдау 
246

 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар   
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру  
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  § 41. Гормондар 
арқылы  гуморальды реттелу  
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет