А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Қамажай: Неге?.. Тауып береміз... Тимур ертең айлық алады ғой. Нәзила



бет31/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қамажай: Неге?.. Тауып береміз... Тимур ертең айлық алады ғой.
Нәзила: Оның айлығы өзінен артылмайтын болды ғой. Өткен жолы мен оны паркте бір қызбен көргем. Меніңше, финанс жағын сол кісі басқаратын болуы керек. Ал, енді іске кіріселік.
(Екі құрбысы сықылықтай күліп, тамақтан қарбытып жеуге кіріседі).
Қамажай: Ойбай-ау,.. сендердің қарындарыңның аш екенін білмей қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едім. Әлгі Темірбек бір жолдасымды ертіп келем деп еді. Сол екеуінің... Жарайды, сол екеуінің сыбағасын салып берейін.
Гауһар: Жо-жоқ, апа, керек емес. Бізге осы да жетеді.
Қамажай: Азаннан бері дым сызбасаңдар қайдан жетсін. Оларға... котлет қуырып бере салармын. Әкеліңдер ыдыстарыңды.
Нәзила: Біздің әпкешка бала сияқты. Не айтсаң, соған сене береді.
Үйге Темірбек және гитара көтерген бір жігіт пен екі қыз сау етіп кіріп келеді. Бәрі көңілді. Қамажай тамақ қамын ойлап, аңырып тұрып қалады.
Нәзила: Әпкешка, котлетті көбірек қуыр.
Темірбек: О-о, біздің үйде той боп жатқан-ау шамасы. Мамуля, мен білмейтін бұл қандай той.
Қамажай: Ә-ә... той емес... Жай, өзіміз. Жігіттер, қыздар, жоғары шығыңдар. Ермекжан, сен өз бөлмеңе бара ғой, кәне. (Ол кетеді). Ал, төрлетіңдер.
Темірбек: Мамуля, біздің үйде той жоқ дейсің, неге той жоқ? Той бар. Енді болады. Бүгін екі жылдан бері бір фирмада істеп келе жатқан менің ең жақсы досым Сұлтанның туған күні. Және ол біздің босағаны бірінші рет аттап отыр. Демек, біздің үйде бір емес, екі той өтуі тиіс. Ал, Кәмила, шығар сумкадағыларыңды.
Кәмила: Құп болады.
Қамажай: Темірбек-ау, мынауың... Күні бұрын неге айтпадың? Ұят боп қалды-ау, ә? Ылғи да асығыс. Тым болмаса, телефонмен бір ауыз айта салсаң етті.
Темірбек: Ничего, ничего, мамуля. Қуаныш атаулының ойда жоқта болғаны жақсы. Күні бұрын білген қуаныш – қуаныш емес. Эффектісі аз болады. Ал, Сұлтан, бұл кісі – менің әпкем, өзім мамуля деп атап кеткем. Мына қыз – қарындасым, оның қасындағысы – подружкасы. Екеуі институтта бірге оқиды. Ал, мына екі қыз – Кәмила және Светлана. Қазақша аты – Сұлухан. Аты – не очень удачный ат. Сондықтан Светлана деп кеткенбіз. Все мы уже знакомы, моя миссия окончена, теперь прошу за стол.
Бәрі столға отырады.
Қамажай: Ал, туған күнің құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің. Ал, өздерің отыра тұрыңдар, мен барып котлет... імм... тамақ дайындап жіберейін.
Шығып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет