Бұл кім? (Кейіпкер сөзіне байланысты
кім екендігін анықтау)
1. Ал, туған күнің құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің. Ал, өздерің отыра тұрыңдар, мен барып котлет... імм... тамақ дайындап жіберейін. 2. Тоқтат, тіліңді кесіп, отварной язык жасаймын. 3. Қазіргі заманда жұрттың бәріне ұнай беру шарт емес. ХХ ғасыр - ғылыми-техникалық прогрестің ғасыры ғана емес, субъективті пікірдің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік. 4. Өмір көрсетер оны. Жалпы, жалынды сөйлеген адамнан күдіктенемін. Өйткені, олар көп ретте жалған айтады. 5. Марат айтады, папаң сендерді тастап кеткен дейді. Ол ешқандай да ұшқыш емес дейді. Ол өтірік айтады ғой, ә?.. 6. Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге түсініктірек болсын деп... Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасындағы кейіпкерлер әлемі .
Оқу мақсаттары:
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Топтық жұмыс."Пирамидалық талқылау" стратегиясы бойынша ортақ пікір қалыптастыру.
“Отбасы” тобы: Омарға
“Орта” тобы: Темірбекке
“Әпке” тобы: Қамажайға
“Бауыр” тобы: Нәзилаға
Дескрипторлар:
Жеке жұмыс. "Адаспай тап" әдісі бойынша кейіпкерлерді тура мінездеу мен жанама мінездеуге жікте. (Үлестірме қағазда берілген мінездеулерді тура және жанама мінездеу деп бөлінген конвертке салады)
Шығармашылық жұмыс 1. "Синквейн" әдісін қолданып, әпке сөзімен 5 жолды өлең құрастыру. (Оқулықтағы 3-тапсырма, 186-бет)
2. Ойбөліс. Анасының еске алу 60 жас мерейтойына бауырларының келмеуі әпкесі берген тәрбиенің жеміссіз болғаны ма, әлде?..
Кері байланыс. Хабарлама (SMS) Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама (SMS) жазады; стикерге жазып, тақтаға әкеліп іледі.
Үйге тапсырма. «Маған ұнаған кейіпкер» тақырыбына аргументативті эссе жазу.