А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Қамажай: Енді... бір мәнісі табылар. Диссертацияны абыроймен қорғап шықса... Тимур



бет40/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қамажай: Енді... бір мәнісі табылар. Диссертацияны абыроймен қорғап шықса...
Тимур: Әй, қайдам. Көп болды сандалғанына. Платон болам деп жүр ме екен?
Қамажай: Платон болмаса да, азамат болар. Ағаң ғой, әйтеуір.
Тимур: Бір жолдастың үйіне баруым керек еді. Қолың тисе мына костюмді үтіктеп қойшы.
Қамажай. Ойымнан шығып кетіпті ғой...
Тимур бәтеңкесін қолына алып, әрі-бері қарайды.
Тимур: Жұртқа көрсететін жөнді бәтеңкем де жоқ екен ғой, өзі.
Қамажай: Ертеңгі айлығыңа алайық. Өзің таңда... Несі бар?
Тимур: Ертеңгі жалақымды қарызыма берем.
Қамажай (селт етіп): Қарыз. Қарызы несі? Оны неге алып жүрсің?
Тимур: Ә-ә... Бір шаруаға қажет боп қалып еді...
Қамажай: Бір шаруаға... Омар Мәскеуге жүретін еді...
Тимур: Жүрсе қайтпекпін? Естідім ғой, естідім, неменесіне қайталай бересің? Барсын... Жүрсін!
Қамажай: Барады ғой, барады... Неге зіркілдейсің? Не боп кеткен саған, бұрын мұндай мінезің жоқ еді ғой. (Нәзила мен Гауһар кіреді. Екеуі де көңілді. Тимурды көріп, күлкілерін тия қояды).
Нәзила: Ә, сен үйде ме едің? Жұмыстан қашып жүрсің бе?
Тимур: Иә, қашып жүрмін.
Нәзила: Сыртта әнеугүнгі бас ауруы бар қыз күтіп отыр.
Тимур: Мені кім күтіп тұрғаныңда шаруаң болмасын.
Нәзила: Үстіндегі көйлегі ғажап екен. Біздің атымыздан құтты болсын айта бар. Гауһар екеуіміз маркизетке жете алмай жүрсек, ол шифоннан тіктіріпті. «Байлық не дегізбейді, жоқшылық не жегізбейді», - деген осы ғой.
Тимур: Иә, солай.
Есікке беттейді. Нәзила сықылықтай күліп, оған оттық ұсынады.
Нәзила: Мә, оттық ала кет. (Лақтырады).
Тимур: Оны қайтем?
Нәзила: Бізді әуелгіде танымай қалып, темекі тұтату үшін оттық сұраған.
Тимур (ойланып тұрып, жердегі оттықты алады): Қыршаңқы! (шығып кетеді).
Нәзила. Бүгін күн қандай тамаша! Әпке, бізбен бірге қыдырсаң қайтеді? Институттың жетпіс жылдығын атағалы жатырмыз. Алматы телестудиясы арнайы хабар жүргізеді. Бүгін репитиция болады. Солардың ішінде бір комментатор жігіт бар екен. Сол жігіт біздің Гауһарға ғашық боп қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет