А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Қамажай: Бір-ақ күнде ме? Нәзила



бет41/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қамажай: Бір-ақ күнде ме?
Нәзила: Жо-жоқ, он бес минуттың ішінде.
Гауһар: Рас, рас. Менің адресімді сұрады. Ол, ол ма, хабар жүргізгенде мені көбірек көрсетуге уәде берді. Бізбен бірге болсаңыз, комментатордың маған деген ықыласының арқасында бүкіл республикаға көрінесіз. Рас айтам.
Қамажай: Солай деңдер (Қыздарға қосылып, ол да күледі). Одан қашан қайтасыңдар?
Гауһар: Түнгі сағат оннан қалмаймыз.
Қамажай: Мен бармай-ақ қояйыншы. Комментаторларыңа ұнамай қалсам, сендерді де көрсетпей қояр. Үйде болайын.
Нәзила: Шынымен бармайсың ба?
Қамажай: Жоқ, өздерің-ақ бара беріңдер.
Нәзила: Олай болса... (Шкафқа барып, көйлегін алады). Мынаны бар ғой, ә, бүрмесін ұзартып, білдірмей қайта тіге салшы. Ертең театрға осыны кимесем, басқа көйлегім жоқ қой.
Қамажай: Жарайды, жарайды.
Нәзила: Әпке десе, сен ренжіп қалған жоқсың ба?
Қамажай: Мен бе? Мен не деп ренжимін? Денің сау ма?..
Нәзила: Алтын әпкесінен сол! (Бетінен сүйіп, екі қыз шығып кетеді).
Қамажай шкафтан Тимурдың костюмін алып, тазалай бастайды. Үтікті қыздырып, дәкені сулап жүргізе бергенде, сырттан Ермек жылап кіреді. Ол үтікті тастай салып, інісіне жүгіреді.
Қамажай: Құлыным, не болды, кім тиді саған?
Ермек: Марат ұрды.
Қамажай: Ол сені неге ұрады?
Ермек: Ол айтады, менің папам әскери ұшқыш дейді.
Қамажай: Несі бар, оның папасының әскери ұшқыш екені рас.
Ермек: Мен айттым, менің де папам әскери ұшқыш дедім.
Қамажай: Иә, ол да ұшқыш. Бірақ ол... Мараттың папасындай әскери ұшқыш емес.
Ермек: Неге?
Қамажай: Құлыным-ау, жұрттың бәрі әскери ұшқыш бола бере ме? Жарайды, шешініп, тынығып ал. Далада күн шыжып тұр. Саған қазір салқын компот берейін.
Ермек: Жоқ, ішпеймін.
Қамажай: Неге?
Ермек: Сен шыныңды айтпасаң, ештеңе де ішпеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет