А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Қамажай: Жолың болсын. Әйел шығып кетеді. Қамажай күйген костюмді орындықтың арқалығына кигізіп, сіңлісінің көйлегін алады. Қамажай



бет43/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қамажай: Жолың болсын.
Әйел шығып кетеді. Қамажай күйген костюмді орындықтың арқалығына кигізіп, сіңлісінің көйлегін алады.
Қамажай (өзіне-өзі): Концерт... Бақыт...
Көйлектің тігісін сөгіп, іс тігетін машинаға отырып, сырылдатып жүргізе жөнеледі.
* * *
Тимур кіреді. Асығыс. Қамажай оның алдына жүгіріп шығады.
Қамажай: Темір, Теміржан. Кешірші мені. Әлгінде, Ермек даладан жылап келіп...
Тимур: Мамуля, не боп қалды?
Қамажай: Соны жұбатам деп жатқанда...
Тимур: Түу, айтсаңшы тезірек, менің бір минут та уақытым жоқ. Костюмді үтіктеп қойдың ба?
Қамажай: Жоқ... иә... жоқ... Бүлдіріп алдым...
Тимур: Бүлдіргені қалай?
Орындық арқалығынан костюмін алып, күйген жерін көреді.
Қамажай: Солай болды. Есімнен шығып...
Тимур: Көшеге киетін жалғыз костюмімді ақыры өртеп тындыңдар ма? Енді қайтемін?
Қамажай: ...Алармыз.
Тимур: Алармыз, көрерміз, бір мәнісі табылар... Немен аламыз, немен көреміз, бір мәнісі қалай табылады? Бір туфли ала алмай жүргенде...
Қамажай: Қайтемін, әдейі істеген жоқпын ғой...
Тимур: Ал, бүгін немді кием? Жиынға майкамен бармақпын ба?
Қамажай: Омардың костюмін кие тұр.
Тимур: Сонда, Мәскеуге ол майкамен кетсін бе?
Қамажай: Құдай-ай, енді не істесем екен. Білдірмей жамап берейін.
Тимур: Жамап? Енді жамау костюм киюім қалған екен ғой. Түу, осы үйден бір береке таппай-ақ қойдым-ау.
Қамажай: Неге олай дейсің? Береке таптырмай жүрген кім саған? Аузыңа не келсе, соны айта салатыныңды қайдан шығарғансың?
Тимур: Жалғыз костюмім жанып кетсе, енді не демекпін?
Қамажай: Жанбаса – құрып кетсін. Костюм, костюм деп төбемді оятын түрің бар ғой. Керек болса, баратын жеріңе жалаңаш бар. Мен бір әдейі өртегендей... «Осылар ренжімесін», «Осылар қабақ шытпасын», - деп жар құлағым жастыққа тимей жүргенде, естір сөзім осы ма? Даладан ашуланып келсеңдер – маған зіркілдейсіңдер, қуанып келсеңдер – маған еркелейсіңдер. Ал, мен кімге ұрысам, кімге еркелеймін (Жыламсырап). Мен де... адаммын ғой. Көңіл жырту мата жыртудан да оңай ма сендерге. Ал, кет басыңның ауған жағына. Кет!
Тимур: Қит етсе, көзінің жасы дайын тұрады бұлардың.
Костюмін қолын алып, әрі-бері қарайды. Қолын бір сілтеп, қайта орнына қояды. Телефон шырылдайды.
Тимур: Алло, а-а, Кама. Қазір, қазір. Бір шаруаға алданып шыға алмай жатырмын. Ал, ұштым.
Трубканы орнына қояды. Қамажай шығады. Ашуы тарқаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет