А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет12/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Пайдаланылған әдебиеттер


Ляззат Дүйсембекова Қазақ ресми-іс қағаздары. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2005 ж.
Құжаттар жинағы. Сборник документов. – Алматы: Алматы қаласы әкімдігі тіл басқармасы, 2004.
Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми-іс қағаздары. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2001.
Әбілқасымов Б. Көне қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары//Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері. – Алматы: Ғылым, 1989.
Дәріс – 3
Тақырып 3. Басқару органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар


Лекцияның мақсаты: Басқару органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар: Өмірбаян-резюме, өмірбаян, өтініш, арыз, түсініктеме түрлері, ерекшелігі


Негізгі сұрақтар:
1. Функционалдық стильдердің жалпы сипаты

Стильдер шығу тегі, қалыптасу негізіне қарай жинақталып, ресми-іс қағаздар, публицистикалық, ғылыми көркем әдебиет стильдері топтастырылып кітаби-жазба стильдер деп аталып келді. Қазіргі тіл білімінде бұл функционалдық стильдер деген жалпы атпен аталады. Мұндағы функционалдық сөзі стильдердің қай салада жұмсалатындығын аңғартады. Мысалы, іс қағаздар-кеңседе, басқару саласында, көркем әдебиет стилі-проза, поэзия,драматургиялық шығармаларда, публицистикалық стиль-газет-журнал, радио, телевизия, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылады. Бұлардың сөз қолданысының мәтін құрылымының өзіндік ерекшелігі бар. Әр сөздің негізгі мағынасымен қоса қай стильде қолданылып тұрғанына қарай қосымша стилистикалық реңкі болады. Мәселен ауызекі сөйлеу тілінде Маржан анықтама алды десек, іс қағаздар тілінде Есенова Маржанға анықтама берілді деп жазылады. Мысалы тілдің барлық стилінде дерлік қолданылатын өмірбаянға тоқталайық. Ресми-іс қағаздар стилінде өмірбаян үлгісі төмендегідей болып келеді:




ӨМІРБАЯН
Өмірбаянды жұмыскер өз қолымен бір данада жазады. Оған (өмірбаянға) - өз өмірінің негізгі сатыларын уақтылы бір ізділікпен, еш өзгертусіз толтырады.
ӨМІРБАЯН деректемелері:

  • құжаттың аты - ӨМІРБАЯН;

  • мәтіні;

  • күні;

  • қол қою.

Өмірбаян мәтінінде келесі сұрақтар қамтылады:

  • аты-жөні, фамилиясы, әкесінің аты;

  • туылған жылы;

  • білімі (қайда, қашан, қандай оқу орны);

  • қай уақыттан еңбек қызметі басталды;

  • бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу себептері;

  • әскери атағы (егер бар болса);

  • жанұя жағдайы;

  • алғыстары;

  • үйінің мекен-жайы.

Мұнда іс қағаздар тіліндегі өмірбаянға тән өзіндік белгілер бар. Ал төмедегі өмірбаян көркем әдебиет стилімен жазылған:


Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы XX ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.
Ол күні жер сілкінбеген, күн түгл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.
Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім, патшам кім.. табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін ондайды ұнатпасам да ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар болған сияқтымын, жылауық болмаппын.

Келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай өмірбаянға тән өзіндік стиль бар.


Мәселен құжат ретінде ресми іс-қағаздар стилімен жазылатын өмірбаян қысқа жазылса, әдеби-публицистикалық өмірбаян көлемі әр түрлі болып келеді. Тіпті С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа», С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуі» сияқты көлемді, өмірбаяндық шығармалар да кездеседі. Өмірбаян бірінші жақта жазылады.
Стильді қалыптастыруға тілдің қызметі негіз болады. Стильдердің әрқайсысының өзіне тән, мысалы эстетикалық ( көркем әдебиет стилі ), ғылыми (ғылыми стилі ), ресми қарым-қаынастық (ресми-іс қағаздар стилі) қызметі олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшелігін айқындай түседі. Осыған орай функционалдық стильдердің әрқайсысы өздерінің ішкі қызметтерін дұрыс атқару үшін әдеби тілден өзіне қажетті сөздер мен сөз орамдарын, формалар мен құрылымдарды іріктеп алады.
Функционалдық стильдердің әрқайсысы қыжеттіліктен туып, бірте-бірте қалыптасқан. Оларды ешкім ойлап тапқан немесе құрастырған жоқ. Оны тудырған тілдің даму заңдылығы. Олардың әрқайсысының лексикасы, фразеологиясы, грамматикасы мен өзіндік мәнері бар. Стиль дегеніміз – тек сөйлеу, жазу мәнері ғана емес, әр стильдің өз тақырыбы, өз мазмұны, өз қолданыс аясы бар. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі күнделікті тұрмыстық сюжеттермен шектелсе, ресми-іс қағаздар тілінің стилі басқару саласында, сотта, құқық қорғау саласы, мекемеаралық қатынас т.б. салаларда қолданылады.
Публицистика тілі саясатпен, үгітпен, түрлі қоғамдық құбылыстармен тікелей байланысты. Әр стильдің әрқайсысының өз қолданыс аясы мен тақырыбы болғандықтан олардың арасында параллелизмнің болуы мүмкін емес.
Үй жинадым. Содан кейін нанға барып келдім. Ресми-іс қағаздар тілінде: Өзіме тиесілі тұрғын үйде тазалық жұмыстарын жүргізгеннен кейін қажетті азық-түлік товарларын алу үшін сауда орталығына бардым.
Мазмұны сақталғанымен, лексикалық ерекшелігі, құрылымы өзгертілді. Бірақ бұлай айтылмайтыны да, жазылмайтыны да белгілі.
Функционалдық стильдің 3 негізгі белгісін атап көрсетуге болады. Олар:

  1. әр функционалдық стиль қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын бейнелейді, олардың өзіндік қолданыс аясы, өз тақырыбы бар;

  2. әр функционалдық стиль қарым-қатынастың белгілі бір жағдайын көрсетеді – ресми, бейресми т.б.;

  3. әр функционалдық стильдің өзіндік ұстанған бағыты, тілінің негізгі мақсат-міндеті бар;

Бұл белгілердің барлығы тілдік емес яғни, экстралингвистикалық факторлар. Бұлар әр функционалдық стильдің өз өрісін, негізін ұғыну, түсіну үшін өте маңызды. Ең бастысы олар функционалдық стильдің тілдік бейнесін айқындайды.
Функционалдық стильдер нормасы – оның негізгі сипат белгілерінің бірі. Тілдік норма тілдің барлық стильдік тармақтарына бірдей және міндетті. Тілдік норма – тілдің өзі ұсынған тәртіп. Норма сөзін терминдік мағынада емес, қалыпты сөз ретінде жұмсасақ «тәртіптілік, жүйелілік, дұрыстық, қалыптасқандық» деп түсіндіруге болады. Яғни, жалпылай сипаттайтын болсақ, тілдің дұрыс айтылу, дұрыс жазылу, дұрыс қолданылу нормалары бар. Ауызша тіл мен жазбаша тілдің нормалары, функционалдық стильдердің әрқайсысының өзіндік стилистикалық нормалары бар. Бұл нормалар сол стильдегі сөздердің, құрылымдардың формалардың қолданысын анықтайды.
Әр функционалдық стильдің өз жанры болатыны – табиғи құбылыс. Әр стильдің қызметі олардың жанрларында көрініс табады. Олар сол стильдің ішкі талабы мен ұстанған бағыты табады. Олар сол стильдің ішкі талабы мен ұстанған бағытына қарай пайда болып, қалыптасып, қызмет етіп отырады. Мысалы, көркем әдебиет стилінде – эпос, лирика, драма, роман, повесть, әңгіме, поэма, өлең т.б. Ғылыми стильде – монография, мақала, баяндама, реферат т.б.Ресми-іс қағаздар стилінде – заң, қаулы, жарлық, бұйрық т.б.
Ресми іс-қағаздар тілі ресми, қатаң, тұйық тіл ретінде қарастырылса, көркем әдебиет тілі бұдан мүлдем өзгеше бұл ашық тіл. Мұнда жазба тіл стильдерінің элементтері де, ауызекі сөйлеу тілінің элементтері де кездеседі. Бірақ жазба тіл мүлде өзгермейтін құбылыс емес. Қоғамның дамуымен бірге жазба тіл стильдерінің қолданыс ерекшеліктері, нормалары т.б. тұстары дамып, өзгеріп отырады. Бірақ олар түбегейлі өзгермейді, ұзаққа созылған процесс нәтижесінде жеке элементтері өзгеріп, кейбірі жаңаланып, кейбір тұстары толығып отырады.
Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік деп бөлінетіні белгілі. Бүгінгі таңда жеке адамға қатысты құжаттардың ішінен заман талабына қарай ең жиі қолданылатындарының бірі-резюме. Резюме сөзі түйін, түйіндеме, тұжырым, тұжырымдама деп аударылып жүр. Қазақ іс қағаздар терминдерінде бірізділіктің болмауы оны құжат мәтінінде жазу-жазбау тығырығына тірейді де, осыдан келіп құжат толтырушылардың көпшілігі орыс тілі арқылы енген нұсқасын пайдалануға мәжбүр болады. Резюме француз тілінен алынған термин. Айтылған немесе жазылған мәселенің қысқаша түйіні деген мағына береді.Белгілі ір шығарманың, айтылатын ойдың, ғылыми жұмыстың т.б резюмесі болады. Адамның жеке басына қатысты іс қағазының бір түрі ретінде жазылатын резюмеде белгілі бір адамның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі т.б жайлы нақты, қысқа мәлімет беріледі.
Мәселен, Арыз - жиі жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз-ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, мәліметті, өтінішті жеткізу мақсатында немесе жеке адамның қандай да бір ұйымға немесе заңда тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерінің іске асыру, қорғау үшін жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көбінесе жеке адам атына жазылады.
Ал жеке тұлғаның немесе ұйымның заңмен бекітілген түрлі қажеттіктерін өтеу үшін, өздеріне берілген түрлі құқықтарды пайдалану үшін өтініш жасап жазған іс қағазын өтініш деп атаған дұрыс.


ӨТІНІШ
Өтініш өтінушінің қолымен жазылады және хатшыға немесе құжатханаға тіркеуге беріледі, өтінушінің қолында қалған екінші данасына хатшы қабылданғаны туралы белгі соғады (айы – күнін көрсетіп, қолын қояды).
ӨТІНІШ деректемелері:

  • құжаттың аты - ӨТІНІШ;

  • күні, уақыты;

  • мекен-жай иесі (кімге жазылған);

  • кімнен жіберілді;

  • мәтіні;

  • қол қою;

  • құжаттың орындалуы және іске асырылуы туралы мәлімет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет