81
көмірсутектері
болып табылады, олардың мөлшері кейбір мұнайларда 40-
48,5% дейін кездеседі. С
7
көмірсутектері негізінен 1,2- және 1,3-
диметилциклопентандардан тұрады. 1,1-Диметил- және этилциклопентандар
оларға қарағанда едәір аз кездеседі.
С
8
қатарының циклопентандары әртүрлі мұнайларда 29,5%-дан 88%-
дейін болады. Бұл циклопентандар негізінен триметил- және метилэтил-
туындылары болып келеді: 1,1,3-триметил-, 1,1,2-триметил-, 1,2,4-триметил-,
1,2,3-триметил-, 1,4-диметил-2-этил-, 1,2-диметил-3-этилциклопентандар.
Циклопентанның С
9
қатарында 1,2,3,4-тетраметил-, 1,4-диметил-2-этил- және
1,2-диметил-3-этилциклопентандар көбірек кездеседі, ал 1,1,2,4-тетраметил-
және 1,1-диметил-3-этилциклопентандар өте аз болады.
Мұнайда циклогексанның мөлшері
циклопентаннан көп болады, кейбір
мұнайларда 18% дейін кездеседі. Метилциклогексанның мөлшері
циклогексаннан 2-6 есе көп болады. Кейбір мұнайларда метилциклогексан
негізгі компонент болып табылады, олардың мөлшері 36,5-50% жетеді.
Циклогександардың С
8
қатарына 1,1-, 1,2-, 1,3-, 1,4-диметил- және
этилциклогексан жатады. 1,1-Диметилциклогексан аз мөлшерде анықталған.
Бұл изомерлердің қатынасы өте кең аралықта өзгеріп отырады. Циклогексан
қатарының С
9
изомерлеріне 1,1,2-, 1,1,3-, 1,1,4-, 1,2,3-, 1,2,4-, 1,3,5-триметил-,
1-метил-3-этил- және 1-метил-4-этилциклогександар жатады. 1,1,3- және
1,2,4-триметилтуындаларының мөлшері триметилциклогексан
изомерлерінің
арасында көбірек кездеседі (61-80%). Метилэтилциклогександар қатарында
1-метил-3-этилциклогексанның
мөлшері
1-метил-4-этилициклогексанға
қарағанда 1,5-2 есе артық болады.
Кеңістік изомерлерінің бұлайша таралуы конформациялық талдаудың
негізгі принципі – байланыспаған атомдардың өзара тартылыс немесе тебу
құбылысына
байланысты.
Стереоизомерлердің
термодинамикалық
салыстырмалды тұрақтылығы метил және этил
радикалдарының кеңістікте
орналасуына, яғни осы радикалдардың сутек атомдарының әрекеттесу
энергиясымен анықталады. Мұндай әрекеттесу
цис
-изомерлерге тән және
мына қатарда өседі:
диметил-, метилалкил-, диалкилтуындалар. Эпимерлі
1,2-диметилциклопентандардың жұптарының арасында
транс
-изомерлердің
тұрақтылығы жоғары. 1,3-Диметилциклопентандарда метил топтарының бір-
бірімен
байланысы жоқ болғандықтан,
цис-
және
транс
-изомерлердің
тұрақтылығы бірдей.
1,2,3-Триметилциклопентанда
транс,транс
-изомер термодинамикалық
тұрақты.
1,2,4-Триметилциклопентанның
кеңістік
изомерлерінің
арасында
термодинамикалық тұрақтылық мына қатарда кемиді:
транс,транс-, цис,цис-
және
цис,транс
-изомер, ал термодинамикалық тұрақсыз
транс,цис
-изомер іс
жүзінде кездеспейді.
1,4-Диметилциклогександа термодинамикалық тұрақты
транс-
изомер
болып табылады, өйткені екі метил радикалдары
экваториалды бағытта