А. В. Луначарский Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстар


Педагогтың бойында қандай қасиеттер болу керек?



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#89300
1   2   3   4   5
Байланысты:
11.09 портфолио

Педагогтың бойында қандай қасиеттер болу керек?

  1. Мейірімділік

  2. Балаларға деген шынайы махаббат

  3. Эмоционалдық байсалдылық

  4. Әділдік

  5. Балаларға деген зейін

  6. Қайырымдылық

  7. Сергектік

  8. Өмірді сүйгіштік

  9. Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу

  10. Жігер

  11. Қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі, өзін-өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы, қарым-қатынас жасай алу ептілігі, ол бала үшін құрметті адам.



Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер

  1. Дөрекілік

  2. Баланы жеке тұлға ретінде қабылдамау,сыйламау

  3. Әділетсіздік

  4. Өзін-өзі ұстай білмеу

  5. Әдепсіздік

  6. Балаларға немқұрайлы қарау

  7. Өзінің мамандығына немқұрайлы қарау



Педагогикалық жағдаяттар

  1. Сіз балалардың барлығына бірдей тапсырма бердіңіз. Бір бала «Тапсырманы орындағым келмейді»,- деді. Сіздің әрекетіңіз?

  2. Тобыңызда бір бала ойламаған жерден «Сіздің маған басқа балаларға қарағанда жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын»,- десе, оның мұндай ұсынысына сіз қалай жауап бересіз?

  3. Сізді әріптестеріңіз қандай деп есептейді?

Қысқа мерзімді жоспар





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:



Мектеп: Тоқатаев мектебі

Студенттің аты-жөні: Орынбасар Ақерке



Күні: 08.09.2020
Сыныбы: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қ әріпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

Қ дыбысы мен әріпін таниды,сөздерді оқып дыбыстық талдау жасайды.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар орындай алады: 
Қ қ дыбысы мен әріпін тану,ажырату оны таниды, ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 


Сызба және сөздермен мәтін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: 


Бас әріптермен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырады

Бағалау критерийі

1.Қ қ дыбысы мен әрпін таниды
2.Сөздерден мәтін құрап үйренеді........................
3.Бас әріппен кіші әріпті дұрыс байланыстыра алады.........................

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Каллиграфиялық нормаларды сақтау



Құндылықтарға баулу

Ұкыпты, жауапкершілік,тазалық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Дыбыс, әріп туралы біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал тудыру.
Қайырлы күн,достым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі біздің сабағымыз
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Тек бестікке толсын.
Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліп отырғызамын
1-топ. 2-топ.







Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту
Жұмбақты шешу
1.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
2. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
( Қоян.)
- Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр.
- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін әріпіміз: «Қ»дыбысы және әрпі.
- Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге «қ» дыбысын қайталап айтады.
Мағынаны тану.
«Қ» дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады,ерніміз созылады,тістің арасы ашық,тілдің ұшы астыңғы иекке тиеді.Қ әріпі дауыссыз дыбыс болып келеді.
Оқулықпен жұмыс.
Тізбектелген оқу» әдісі
Қ,қ дыбысы және әрпімен таныстыру. «Қ,қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін айту. Қ,қ дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. Оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсету.

қала қара қалақ қалта


қола қора қонақ тақта
асық қармақ талқан Қанат
қасық сылдырмақ тышқан Қуат

Сергіту сәті.


«Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.
Дәптермен жұмыс.
Ауада қ әрпін жазу, дәптерге жазу.

Артығын алып таста.» ойыны


( Құрамында қ дыбысы жоқ сөзді табады.)





Ой толғаныс.


- Біз бүгін қандай дыбыспен, әріппен таныстық?
- Қ дыбысымен.






көрнекілік

Оқулық, көрнекілік, слайд, видео


Оқулықпен жұмыс

Үн таспадан тыңдату





Сабақтың соңы

Бағалау
Бағдаршам
Жасыл-өте жақсы
Сары-жақсы
Қызыл-талпын

Кері байланыс.


Тілек ағашы
Жасыл алма-бәрін түсіндім
Сары алма-әлі де үйрену керек
Қызыл алма-түсінбедім

Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.


Үй тапсырмасы: А дыбысы мен әрпі. Жазу дәптерімен жұмыс



Бағдаршамның түстері
тақта
































1
.Психологиялық ахуал





2.Топқа бөлу



3.Жұмбақты шешу






4.Бағалау







Пәні: Сауат ашу
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:1
Күні:
Сынып: 1

Мектеп :Тоқатаев мектебі
Мұғалімнің аты – жөні: Орынбасар Ақерке
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс.

Оқу мақсаты:

1.2.5.1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру.(мұғалімнің көмегімен)
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
1.1.3.1. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя алады немесе қойылған сұраққа жауап бере алады.(мұғалімнің көмегімен)
Басым оқушылар: Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырата алады және дұрыс дыбыстай алады.
Кейбір оқушылар: Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндай алады.

Бағалау критерийлер

Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя алады немесе қойылған сұраққа жауап береді.(мұғалімнің көмегімен
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды.
Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану- жыл мезгілдерін ажыратады. Көркем еңбек- мезгілдердің суретін салады.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , бейне жазба, оқулық, дәптер, сюжет суреттер

Тілдік мақсат

Жыл мезгілдері-seasons-времена годы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3минут

Ортаға шеңбер құрып , әр оқушы бір-біріне жылы тілектерін айтады.
Тіл ұстарту жаттығуы арқылы сабақтың тақырыбын ашу
Қыс туралы
Ыс-ыс-ыс Үз-үз-үз
Келіп жетті қыс Далада қоңыр күз

Ар-ар-ар Аз-аз-аз


Жауады қар Жайдарлы жаз

Яз-яз-яз Ем-ем-ем


Сақылдаған сары аяз Шуақты көктем

Ран-ран-ран


Соғады боран

Шаттық шебері



Ширату жаттығуы


3 минут
Сабақтың ортасы
8 минут

Оқушыларды «Шарларды тап» ойыны арқылы 3-топқа бөлемін.(Шарлардың түсі ақ,сары,жасыл)Сабақты бастар алдында бұл түс нені білдіретінін анықтаймыз.


«Миға шабуыл» әдісі
№1«Жыл мезгілінің бөлігін тап»
Балалар шашылып жатқан бөліктерден жыл мезгілдерін құрастырады

2.Суреттердегі жыл мезгілдерін ата. Сурет бойынша шағын әңгіме құра.



Дескриптор
-Бөліктерді құрастыру арқылы жыл мезгілдерін жинайды

  1. Суреттегі жыл мезгілдерін атайды.

  2. Сурет бойынша шағын әңгіме құрайды.




АКТ

Оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті
1 минут

Жыл мезгілдеріне байланысты табиғи құбылыстар арқылы қимылдар жасау.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Топтық жұмыс

«Сұрақтар жаңбыры»
Әр топ жыл мезгілдеріне байланысты сұрақтар жазып оны келесі топқа лақтырады оқушылар сұракка жауап беріп кері лақтырады қағып алған оқушы жауаптан сұрақ тудырады.Осылайша ойын жалғаса береді.

Сыни ойлау технологиясы

«Ыстық орындық» әдісі
№3 Тапсырма
Жыл мезгілдеріне байланысты сұрақтарға тез жауап беру.

  1. Қар қай кезде жауады?

  2. Көлге қай кезде түсеміз?

  3. Жапырақтар қай кезде түседі?

  4. Ағаштар қай кезде бүршік жарады?

Дескриптор

  1. Сұрақты мұқият тыңдайды.

  2. Сұраққа шапшаң жауап береді.

Түрлі тапсырмалар
Оқулық , тақтамен жұмыс
Аяқталуы
10 минут
«Еркін микрафон» әдісі
№4 Тапсырма
Сен жылдың қай мезгілін ұнатасың? Өз ойыңмен бөліс.

Дескриптор
-Ұнататын жыл мезгілін таңдап өз ойын бөліседі.

Сабақтың соңы


2 минут

Рефлексия




3-тапсырма
Тақырыпқа қатысты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып шығармалық тапсырмалар құрау.
1.«Коллаж әңгіме»
Окушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар береді.Олар өздеріңе ұнаған суретті қиып алып парақтарға жабыстырады сол бойынша әнгімелеп береді.
2.«Кемпірқосақ ойыны» Әр топ бір минут ішінде 5 заттың түсін жіл мезгілдеріне сәйкес таулары керек.Мысалы:шөп (жасыл)-көктем,жаз,қар(ақ)-қыс.

4-тапсырма
Бағалау, оның түрлері.



Қысқа мерзімді жоспар



Пән: Сауат ашу

МЕКТЕП: Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп




КҮНІ: 10.09.2020

2-топ мүшелерінің аты жөні:

Орынбасар Ақерке , Есен Улар,Санағат Дидар , Нұрлан Арай, Қуандық Назгул, Дәулетжанқызы Жібек.




СЫНЫП:1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы:

«Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс»






Сабақта мақсаты:

Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім?(не?) туралы айтылғанын анықтау.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.




Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар орындай алады:Суретке қарап жыл мезгілдерін айтады. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жыл мезгілдерінің суреттерін сол жыл мезгіліне қатысты суреттермен сәйкестендіре алады. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды алады.




Бағалау критерийлері:

Суретке қарап жыл мезгілдерін айтады. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды.
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін сызба арқылы көрсетеді.




Тілдік мақсат:



Сурет бойынша жыл мезгілдерін айтады.(тыңдалым, айтылым).
Екі жақтағы суреттерді сәйкестендіреді ( жазылым)
Сұрақтарға жауап береді. ( айтылым)




Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.




Пәнаралық байланыстар:

Көркем еңбек, дүниетану.




АКТ қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта




Бастапқы білім:

Жан-жануар туралы біледі.




Сабақ барысы







Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




Сабақтың басы 5 мин



І. Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбері
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Оқушыларға өзі ұнататын жыл мезгілдерінің суреттерін беріп 4 топқа бөліп, орындарына отырғызамын.

Жаз
\

Көктем


Күз


Қыс



Топтық жұмыс. Әр топ
«Өз мезгілдеріңізге қатысты 10 сөзді атаңыз» тәсілі арқылы әр топ 10 сөзден атайды.
Мұнда оқушылар:
Әр топ мүшесі мезгілге қатысы бар бір сөзден айтады.Ол сөзді буынға бөледі.







Ша-на










Ақ-қа-ла













Жа-пы-рақ-тар. Қарқыны жоғары оқушылар сөздерді дыбыстайды.
Балаларды «Күлкі күштері» арқылы бағалап , «Жарайсыңдар», «өте жақсы» сөздерімен мадақтап, қолдап отырамын.

Түрлі түсті қағаз қималар, жыл мезгілдерінің суреттері.




Сабақтың ортасы 25 мин



Әр жыл мезгілдеріне қатысты бейне жазбаны «Stop-кадр» әдісі арқылы жүргізіп, оқушыларды диалогқа тартамын.
Бұл бейне жазбадан қай мезгілді байқадыңыздар?
Бұл мезгілде қандай ерекшеліктері бар екен?
Балаларды «Күлкі күштері» арқылы бағалап , «Жарайсыңдар», «өте жақсы» сөздерімен мадақтап, қолдап отырамын.
Мұғалімнің түсіндіруі. «Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс» тақырыбына түсінік беремін.
Дыбыс


дауысты дауыссыз










Жаз, күз, қыс деген сөздер үш дыбыстан тұрады.
















Қыста, жазда деген сөздердің бес дыбыстан тұратын сөздер екенін түсіндіремін.
Оқушылар сызбаға сәйкес сөздер айтады. Мысалы:







аң










Қар
Сергіту сәті:Ұшты-ұшты.
Оқулықпен жұмыс
«Ойлан, жұптас, пікірлес» тәсілі бойыншасуреттегі жыл мезгілдерінің атын айтып, сол сөздің буындық,дыбыс сызбасын көрсетеді.

Балаларды «Күлкі күштері» арқылы бағалап , «Жарайсыңдар», «өте жақсы» сөздерімен мадақтап, қолдап отырамын.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Тапсырма
1.Екі жақтағы суреттерді сәйкестендір.
2.Сен жылдың қай мезгілін ұнатасың? Неліктен?

Бағалау критерийі
1.Екі жақтағы суреттерді сәйкестендіреді.
2.Өзінің қай мезгілді ұнататынын айтады.
3.Неліктен бұл жыл мезгілі ұнайтынын түсіндіреді.
Дескриптор
1.Екі жақтағы суреттерге назар аударады.
2.Суреттерге қарап өзінің қай мезгілді ұнататынын анықтайды.
3.Неліктен бұл мезгілдің ұнайтынына мысалдар келтіреді. «Балаларды «Күлкі күштері» арқылы бағалап , «Жарайсыңдар», «өте жақсы» сөздерімен мадақтап, қолдап отырамын.

Бейнеролик
Дыбыстық сызба үлгілері



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл мерейі, ел мерейі»


Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір - қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру.
Көрнекілігі: «ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды.» М. Әуезов.
І жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар мен қонақтар. Сіздерге арнап «Ана тілім – ардағым» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» деп жарияланған. Тіл мерекесіне орай бүгінгі «Ана тілім – ардағым» атты кешімізге қош келіпсіздер.
Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.
Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді тіл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті тіліміз.
1 оқушы:
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерлікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алиын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмтылды.
Ерлік, елдк, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұры жұлдыз, бабам тілі сен қалдың.
2 оқушы:
Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безінген ұл деп қараңыз.
3 оқушы:
Ана тілі бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алақаны мейірімді ананың,
Ұстазыңның жаққын жүзі – жайдары.
Ана тілім – тайтамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен.
І жүргізуші: Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғайовтың айтқанындай, «ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды».
ІІ жүргізуші:
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емеспін,
Есенинмін демедім ешкімге мен
Қазақтың қара өлеңі құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерде жатқанымда жазатайым,
Қанымен жазды мүмкін ағатайым.
Қасиетіңнен қара өлең айналайын,
Қазақтың дәл өзіңдей қарапайым,- дей отырып, алдарыңызда
Ән: «Ананың үні» (хормен)
І жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 - қыркүйекте қабылданды. Біздіңелімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде.
ІІ жүргізуші: Қазақ тілі түркі тектес тілдерге жатады. Соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады.
1. оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім – жүрек үнім наныңдар.
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
1. оқушы:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тіліммен әдепті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
1. оқушы:
Қымбат маған анан тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілі – ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін – жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
І жүргізуші:
Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетеренді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек, - дей отырып, алдарыңызда
Би: «Наурыз биі»
1. оқушы:
Сен болмасаң, о туған тіл, құным не?
Мен жетпейтін маржан жатыр түбінде.
Аспан, жұлдыз, жетім ай да телміріп,
Тіл қатады маған ана тілінде.
Жігіт бірде кедейленер, байыр да,
Ақ атымды, қанатымды қайырма.
Айырылсам да талай бір,
О, тағдырым, тек тілімнен айырма.
I жүргізуші:
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнерің не екенін білмес едім, - «Кеңес» күйі.
I жүргізуші:
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы,
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы – демекші алдарыңызда үнді биі.
I жүргізуші:
Тілім менің,
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.
Адалыммен, арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау парызым бүгін менің.
II жүргізуші:
Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік, қасиет деп санағын.
I-II жүргізуші бірге.
Отан, Ана, Ана тілінің – үш анық.
Осыларсыз болашақта күнің жоқ.
Ән.
Қортынды:
«Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» атты қабырға газеттері, ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан пікірлерін ілу.

Дидактикалық тапсырмалар:


  1. Мына сөздердегі дыбыстарды екіге бөліп жаз. Дауысты, дауыс-з

Тау,уақыт,ақтау,кесе, қасық,жауын,гүл,аспан ағаш,адам,орман.


  1. Өтілген әріптерді жатқа жаз.



  1. Сөздерді буынға бөл. Нан, ана, апа, тап, тана, ат, ата, пана.




  1. Дыбыстардың кіші әрпін жаз. Ғ, П, Т, Р, А.



  1. Әріптерден сөз құра. т, п, а, н.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет