АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет19/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

келмей-ақ,  ілгері  жүріп  кеткісі-ақ,  келіп  тұр,  бірақ  ризашылық  сұрамастан

үйіне  шақырған,  жаңа  ғана  өлімнен  арашалап  қалған  Курагиннің  «біздің

үйге»  деп  бастауына  ермей  қалуды  ұят  көріп  тұр,  əрі  қаймығып  тұр,

сондықтан:

– Кеттік! – деді ол серіктеріне.

– Атпен барсақ қайтеді, хан-ием? – деді Аба.

– Жақын жер, – деді, қазақ тілін түсінетін Курагин.

– Ендеше күймеге бар да, біздің соңымыздан ер! – деді Шыңғыс Абаға,

өзі жылжып бара жатқан Курагиннің соңына түсіп.

Өзгелер  де  ерді.  Күймеге  барған  Аба,  иелері  жаяу  кетіп  бара  жатқанда

арбаға мінуді ерсі көріп, бері қарап тұрған аттардың басын əрі қарай бұрды

да жетектей бастады. Сол кезде күйменің артқы жағы шоңқаң ете түсті, жер

сызған  күпшектерді  аттар  тарта  алмай  тұрып  қалды...  «Не  болды?!»

дегендей,  Аба  арбаның  артын  қараса,  екі  доңғалақ  та  арасынан  ажырап

жерге  түскен!  Арыстың  топырақ  қапқан  тұмсықтарын  көтеріп  байқаса,

екеуінің тұмылдырығы жоқ!..

«Шоқ,  шоқ!»  дегендей,  жан-жақтан  күліп  жіберген  дауыстар  естілді.

Жалтақтап  қараса,  жан  адам  көрінбейді.  Дыбыстарынан  абайласа,

маңайдағы күркелерді тасалап тұрған сияқты...

– « Құдай ұрған екен ғой! – деген даусы шығып кетті Абаның.

Шыңғыстың  былай  да  естігіш  құлағы,  балықшылардың  қамауына

түскеннен кейін тіпті өткірленіп, болмашы сыбыстарды да сезе бастап еді,

сол өткір құлақ Абаның даусын шала қалды да:

– Уа, не болды, Аба? – деді анадайдан, тоқырап.

– Арбаның артқы екі доңғалағының тұмылдырығы жоқ!..

– Не дейді?!.. – деді Шыңғыс шошыған үнмен, – олар қайда ?!

– Манағы қоршауда қалғанда біреулер ұрлап алған болу керек.

– Доңғалақтар ше?

– Олар бар. Тұмылдырығы болмаған соң түсіп қалды.

Сасқан  Шыңғыс  болған  оқиғаны  білген  тілімен  Курагинге  түсіндіре

бастады.


–  Естіп  тұрмын,  –  деді  ол.  –  Ұрлаған  адам  суға  лақтырып  үлгермесе,

табылады бұрандылар!

–  Кəне,  келіңдер  мұнда?  –  деді  Курагин  жуан  даусын  қатал  шығарып,

төңірегіне қолдарын бұлғап.

Жан-жақтағы  күркелердің  арасынан,  илеуінен  өрген  құмырысқадай

қаптаған адамдар шыға келді...

–  Жақын,  жақын...  мұнда!...  –  деді  Курагин  қараңдаған  адамдарды

қолдарының қимылымен қасына саумалап.

Ғажап!..  Курагин  жан-жақтан  жылжып  келе  жатқан  жұртты,  маңайдағы

темірлерді тартатын магниттей баурап тұр!.. Не деген қуат!..

Маңына ошарылған көпті, Курагин соңынан шұбатып, шоңқиып жатқан

арбаға апарды да:

–  Мына  арыстардың  бұрандылары  таң  атқанша  табылсын  да,

доңғалақтары орнына қойылып, күйме бұрынғы қалпына келсін! – деді.

Жұртта үн жоқ.

– Кеттік! – деді Курагин Шыңғысқа.

– Айтқаныңыз орындала ма? – деді Шыңғыс Курагинге.

–  Не  деп  тұрсың?  –  деді  Курагин  жəбірленген  дауыспен.  –  Патшаның,

яғни Николай Павлович Романовтың айтқанын орындамайсыз ба, сіз, Ваше

благородие?

– Что ты бог с тобой! – деді Шыңғыс орысшалап, сұраудан шошынып. –

Мүмкін бе ол?

– Мəселе сонда, – деді Курагин. – Бұл араның патшасы – менмін. Менің

сөзімді екі етер адам бұнда жоқ. Кеттік!

Курагин жылжи берді.

–  Аба,  сен  осы  арада  бол,  –  деді  Шыңғыс.  –  Аттарды  ағыт  та,  күймеге

байлап, жел жағынан түтін сал. Əйтпесе, мына қалың маса шыдатпас.

–  Болмайды  ол!  –  деді  Курагин  тоқырап.  –  Өрт  кетеді.  Жаман  болады

онда.


– Атшы от маңында болады, – деді Шыңғыс.

– Бəрібір, – деді Курагин бұйрықты дауыспен. – От жағуға ұлықсат жоқ.

– Қайда паналайды? – деді Шыңғыс.


– Оны өзі тапсын. Кеттік.

Жылжи жөнелген Курагин Абаға қолын безеп:

– Тұтатпа отты, өзін бірге өртенесің! – деді.

Қалған жолаушылар Курагинге ерді.

Шыңғысқа  «осынын,  өзі  əдейі  тықтырып  қойған  жоқ  па  екен

тұмылдырықтарды?» деген ой келді.

Курагиннің күркесі алыс емес екен. Алдында қамысты тігінен тұрғызып

қоршаған  кен,  ауласы  бар  екен.  Соның  бір  түкпірінде  оба  сияқтанып

томпайған, қарайған бірдеме көрінеді. Соған таянғанда:

–  Біздің  сарай  осы,  –  деді  Курагин  қонақтарға.  –  Мана  сізге,  –  деді  ол,

бетін  Шыңғысқа  бұрып,  –  өзімді  «осы  араның  патшасымын»  дедім  ғой.

Патшасы  екенім  рас.  Бірақ,  менің  патшалығымда,  Романовтардың

патшалығындай  байлық  жоқ,  сондықтан  менің  сарайым  да  олардікіне

ұқсамайды.  Бірақ  бұндағы  тиыштық  патша  сарайынан  артық.  Бұл  сарайда

масадан  басқа  талаушы  жоқ.  Ал,  Романовтар  сарайында...Курагин  тұтыға

қалды да:

– Ол жайда кейін айтам, қазір күркеге кіреміз, – деді.

Қабырғаларын шымнан қалаған, төбесін қамыспен жапқан, есік орнына

да  қыспақтағы  қамысты  ұстаған,  іші  тар,  төбесі  аласа  бұл  күркеде,

Курагиннің  күтуші  шалы  -  Прохор  ұйықтап  жатыр  еді.  Курагин  күркенің

топсасыз есігін өн бойымен қопарып алды да, қараңғы ішіне үңіліп:

– Проша ағай! – деп дыбыс берді.

– Ə - əу! – деген, ұйқыдан оянған адамның даусы естілді.

– Шық бермен қарай, Проша ағай!..

Ыс  иісі  бұрқыраған  қап-қараңғы  үңгірден,  бозамық  түсті  шаш,  сақалы

дударланған, етегі тізесінен темен түскен кең жыртық, қара сұр көйлегі бар,

имиген кішірек, арық денелі шал шыға келді. Шоқанға ол, ертегіден естіген

Қаңбақ шалға ұқсап кетті.

– Менің камердинерім – Проша ағай, – деп таныстырды Курагин, шалды

қонақтарына.

–  Қонақ  келді,  –  деді  Прохорға,  –  жəй  қонақ  емес,  салмақты  қонақ,  Его

благородие полковник!..

Шал  басын  тізесіне  дейін  иіп,  Шыңғысқа  ізет  көрсетті.  Шоқан  мен

Драгомировке басын ғана шұлғыды.



– Кəрəсін бар ма? – деді Курагин шалға.

–  Жоқ-сь,  Ваше  стенство!  –  деді  шал.  Оның  əйелге  ұқсаған  жіңішке

даусы, Шоқанға шалды қызықтыра түсті.

– Шырақ ше?

– Бар-сь, Ваше-ство.

– Түнге жете ме?

– Жоқ-сь Ваше-ство... Ай тез туып көтерілді ғой, Ваше-ство... одан кейін

шырақданның керегі жоқ қой, Ваше-ство...

– Ендеше күркеге кір де шырақ тұтат, ай көтерілгенше жаға тұрамыз.

Күркеге  кірген  шал  біразға  дейін  оралмады,  ашық  есіктен  жарық  та

жылтырамады.

–  Бізде  шақпақтан  басқа  оттық  жоқ,  –  деді  Курагин,  –  шалдың  бөгелуі

содан.  Тістері  түсіп,  лебі  əлсіреген  қарт  отты  тұтата  алмай  жатқан  болу

керек, езім жəрдемдесейін.

Күркеге Курагин де кірді. Қонақтарды маса талап өлтіріп барады. Шоқан

əкесінің  етегінің  ішіне  паналады.  Бет-ауыздарына  екі  қолы  қорған  бола

алмаған  Драгомиров,  сасқанынан  мундирінің  етегін  басына  бүркеді.

Шоқанды  бауырына  басқан  Шыңғыс  та  масаның  талауынан  өліп  барады.

Оның жылқының сауыр терісін тесетін өткір тұмсығы, Шыңғыстың қалын,

шұғадан  тігілген  мундирінен  де,  қара  барқыттан  тіктірген  капутынан  да,

сарғылт  жібектен  тіктірген  көйлегінен  де  етіп,  тұла  бойын  түршіктіре

қанын  сорып  жатыр,  ол  азаптан  құтылар  дəрмен  де  жоқ,  тығылар  жер  де

жоқ...

Қонақтар  «өлдік-талдық»  деген  шақта,  күркеден  от  та  жылтырай



бастады, Курагин де шықты.

– Жарық жанды, – деді ол.

Курагин  бастаған  қонақтар  жанталаса  күркеге  кірді,  олардың  үстіне

қадалған бірнеше мың маса бірге кірді.

Ішіне  бес-алты  кісі  зорға  сыйып  жататын,  төбесі  орта  денелі  кісінің

басын соққандай аласа, бір жақ бүйірінде соқпа пеші қарайған, босағасына

аулар  үйілген,  төрінде  терезе  -сымақ  бірдемесі  сығырайған  кішкене

күркенің  ішіндегі  қараңғылықты  ортадағы  ашаның  жарығына  қыстырған

шырағын  лапылдаған  жалыны  жеңе  алмай,  сəулесі  ете  көмескі  екен.

Күркенің ауасы əрі балық сасиды, əрі ашқылтым ыс сасиды.

–  Құрметті  мырзалар,  –  деді  Курагин,  қай  жерге  отырарын  білмей


ақырып, түрегеп тұрған қонақтарына, үйшіктің ішін қолымен шолып, – біз

мекендейтін сарай осы. Қалаған жерлеріңізге отырыңыздар!

Ере

кірген


масалар

қонақтардың

сөзге

мұршасын



келтірмей,

əндетулерін,  талауларын  үдете  түсті.  Курагин  мен  шалдың  оған

мазасызданар  түрі  жоқ,  бірақ  қонақтарының  сипаланған  жайларын  көріп

аяп кеткен Курагин шалға:

–  Түтін  салу  керек.  Тыстан  қамыс  əкел.  Пештің  мұржасын  жаба  кел,

түтін күркеге қамалып, масалар қашсын, – деді.

Шал  кетті  де,  Курагин  шыраларды  кезекпен  тұтатып  отырғанда,  бір

құшақ қамыс əкеп, пештің ішіне тықты.

– Мұржаны жаптың ғой? – деді Курагин.

– Иə, – деді шал.

–  Ендеше  қамысты  тұтатайын,  –  деп  Курагин  қолында  жалыны

лапылдаған  шыраны,  пешке  тыққан  қамысқа  тосып  еді,  қу  қамыс  лап  ете

қалды  да,  дүрілдей  жөнелген  жалынның  қою  қара  түтіні  пештің  кең

аузынан бері лықып, тар күркенің ішін толтырды да жіберді. Түтіннің ащы

ыс  исі  жолаушыларды  тұншықтырып,  дем  ала  алмастық  халға  жеткізді,

олар удай ашыған көздерін тарс жұмып алды.

– Тұншықтым əке... өлдім!.. – деп шыр еткен даусы шықты Шоқанның.

Қою қараңғылықта бауырына тығылған Шоқанға жаны ашып кеткен, өзі

де тұншығып бара жатқан Шыңғыс, баласын құшақтай ап:

– Өлдік, господин Курагин! – деді.

– Енді жақпа, Проша ағай! – деген даусы естілді Курагинның.

– Есік ашық. Түтін тысқа шығады, – деді ол.

Аздан кейін үйдегі түтін сиреген, дем жеңілдене бастаған сияқтанды.

– Проша! – деді Курагин.

– Əу, – деді шал.

– Есікті жап енді. Əйтпесе, масалар тағы кіреді.

Есік  жабылды.  Ащы  түтіннің  қалдық  иісі  əлі  де  өңменді  атқанмен,

ауанын, дем алғызарлық жайы бар.

–  Ал,  орналасыңдар,  құрметті  қонақтар,  –  деді,  шыраларының  бірінен

соң бірін тұтатқан Курагин. - Қалаған жерлеріңізге отырыңыздар.



Шыңғыс  үйілген  аулардың  үстіне  отырды,  Драгомиров  етегіне  отырды.

Шоқан ашаның көлеңке жағына сүйенген қалпымен түрегеп тұр.

– Қанашжан, неге отырмайсың? – деді Шыңғыс.

– Далаға шығам.

– Неге?

– Түтінге тұншыққаннан, масаға таланған жақсы.



Ол далаға шыға жөнелді.

– Барсын, – деді Курагин. – Кешікпей келуіне мен кепіл.

Шыңғыс та сол ойда болғандықтан үндемеді.

–  Хош  келдіңіздер,  қымбатты  қонақтар,  –  деді  Курагин  оларға,  –  біздің

бұл патшалықта «үй хайуаны» деген болмайды. Ең аяғы – ит те шыдамай,

маса шыға қашады да, маса жата келеді. Қазір осы ауылда бір де ит жоқ.

 Проша  ағай,  –  деді  ол  шалға,  –  отырма,  сен.  Ауға  бүгін  түскен

балықтан  сазан,  алабұға  сияқты  семіздерінен  бір  шелегін  даярла,  асатын

кезін өзім айтам, оған дейін қыла тұруға, шала сүрленген семіз балықтарды

алып кел.

Шал шығып кетті де есік ашық қалды.

– Есік ашық тұра берсін. Үйдің ыс сасыған ауасы жеңілденсін.

Аздан  кейін  үйдегі  сасық  иіс  жеңілденген  сияқтанды.  Сол  кезде

масалардың əндеткен дыбысы да естіле бастады.

–  Есікті  жабу  керек!  –  деді  Шыңғыс.  Масаларды  «содан  кіріп  жатыр

екен» деп ойлап.

–  Сырттан  кіріп  жатқан  масалар  емес,  ызыңдағандар,  –  деді  Курагин  –

Түтін  салғанда  қабырғаларға,  төбелерге  жабысып  қалғандар.  Оларды

тауыса алмайсың.

–  Тағы  да  талай  бастады,  –  деді  Шыңғыс,  денесінің  ашық  жерлерін

сипанып.

–  Шыдап  көріңіз,  Ваше  благородие.  Шыдамасаңыз  тағы  да  түтін

саламыз.

Проша келді. Қолында əлдене ыдыс.

– Əкелдің бе? –деді оған Курагин.


– Əкелдім – деді Проша.

– Ананы ше?

– Ол да бар.

Проша  салдырлаған  қаңылтыр  ыдысты  Курагинның  қасына  қойды  да,

қойнынан  бірдемені  суырып  қолына  ұстатты.  Курагин  оны  жамбасының

астына  тастады.  Қаңылтыр  ыдыс,  –  жан-жағы  мыжырая  майысқан  ескі

леген сияқты ішінен сүрленген балық иісі сезіледі.

– Терезені алу керек, – деді Курагин Прошаға.

– «Ашып таста» дегеніңіз бе? – деді Шыңғыс.

– Ия, Ваше блогородие.

– Маса кіреді ғой?

–  Кіре  берсін.  Бұл  мекенде  масадан  құтылам  деп  ойламаңыз.  Көрден

басқа  қуыстың  бəрінде  де  шағады.  Бізге  қазір  таза  ауа  керек.  Күркеде  ол

жетпейді.  Терезені  ашсақ  демімізді  еркін  аламыз.  Жəне  ай  да  туған  болу

керек. Солай ма, Проша ағай?

– Дəл солай-сь, Ваше степенство. Аспанға көтеріліп қалды-сь. Толған ай.

Мейлінше жарық-сь.

–  Жақсы  болған  екен,  –  деді  Курагин.  –  Шыра  да  біте  бастап  еді.  Бар,

орында, айтқанды!

Шал шығып кетті.

–  «Терезе»  дейтін  терезе  жоқ,  –  деді  Курагин.  –  Шыны  біздің  қолға

түспейді.  Ауылдағы  кедей  қазақтар  шыны  орнына  қойдың  бүршігінен

аршылған  қарнын  кереді.  Біздің  балықшылар  еш  уақытта  қой  соймайды,

сондықтан қарын да жоқ.

– Сонда сіздер не ұстайсыздар терезеге?

– Кенеп сияқты тозған шүберектен.

– Одан да сəуле түсе ме?

– Табан жолды табу да, əйтпесе, жарық боп не оңдырады дейсіз.

Күркеге жел гу ете қалды.

– Ура!... Жасасын, ауа! – деді Курагин.

Шыңғыс пен Драгомиров жел жаққа жалт қараса, қабырғада кісінің басы


сиярлықтай үңірейген бозамық тесік тұр. «Алынған терезенің орны болар»

деп ойлады олар қасынан. Ар жағы бозамық кең дүние!..

–  Даланың  жарығы  күндізгідей  екен  ғой,  –  деді  Курагин.  –  Енді  шыра

жағудың қажеті болмас. Бітуге де таянған еді өзі.

Ашық тұрған есік пен терезеден жел гулеп кетті.

– Сквозняк, – деді, одан қатты қорқатын Драгомиров, денесі тітіркеніп, –

есікті жапса қайтеді?

Шыңғыспен шүйіркелескен Курагин, мана көргеннен бері Драгомировке

тіл  қатқан  жоқ  еді.  Патшаның  əкімдерін  жек  көретін  ол,  «солардың  бірі

болар» деп, іштей ұнатпаған, сондықтан Драгомировке тік келіп:

– Жабылмайды есік, ұнатпасаң далаға шық, əйтпесе басыңды бүркен де

жат! – деді қатаң дауыспен.

Сол сəтте кіріп, күді – шыққан қимылмен Аба кіріп келді.

– Не болды?! – деді Шыңғыс.

– Өлетін болдым, хан-ием! – деді Аба.

– Неге?!


–  Масадан  қорғанар  қуыс  таба  алмадым.  Қайда  барсам  қара  түтіндей

буады. Аттар да жанталаса тыпыршып жандарын қоярға жер таппай тұр!

– Күймеге бардың ба?

– Бардым. Манағы қалпында.

– Тұмылдырықтар жоқ па?

– Жоқ.


–  Табылады,  –  деді  Курагин  қазақ  тілін  шала  білетін  сөздерімен,  –  мен

айтқан. Приказ. Тақ болады.

– «Болғаны құрсын, қазір болмаған соң», – деп қойды Шыңғыс ішінен.

Оның  ойы,  –  тұмылдырықтар  табылып,  доңғалақтар  орнына  салынса,

табан-аузында жүріп кету еді. Міне, енді жіпсіз байланып отыр!..

– Маған не қыл дейсің? - деді ол Абиаға қажыған дауыспен.

– Алысқа кетіп аттарға түтін салмаса, жануарлар шыдай алатын емес.

– Сөйтсең сөйт, – дей салды Шыңғыс.



–  Никак  нельзя!  –  деді  Курагин.  –  Урт  кетеді.  Қала  күйеді,  жаман

болады...

– Сақтанып салар, – деді Шыңғыс.

–  Жоқ,  жоқ!  –  деді  Курагин,  қарсылығын  басының,  қолдарының

қимылдарымен де аңғартып, – урт болады!

– Бара берсейші! – деді Шыңғыс, - өзің біле берсейші!

– Сен қырғыз байға! – деді Курагин, шығуға беттеген Абаға: – Алдаған

жаман. Урт болса, мен сені пышақпен бауыздайды, утқа салады...

Аба  шығып  кетті.  Шыңғыс  үндемеді.  Ол  ішінен  –  «Енді  «өрт»  деген

пəлеге жолықтыра көрме, жасаған!» деп тіледі.

–  Енді  тамақ  ашиды,  –  деді  Курагин  Шыңғысқа,  –  мынау  сүрлеген

балық,  –деп  легеннен  біреуін  алды  да  иіскеп  көріп,  –  тамаша!..  –  деп

Шыңғысқа ұсынды.

Шыңғыс  ұстап  көрсе  –  үлкендігі  кебістей  табан.  Жалпиған

қабырғасынан  басып  көрсе,  былқылдаған  семіз,  қарны  жарылмаған,  -

уылдырығы  ішінде.  Иіскеп  көрсе  сүр  сасиды!..  Осындай  бір  сүр  табанды

ертерек жегелі, Шыңғыстың аузынан дəмі кетпей, «тағы да бір жесем!» деп

арман  етуші  еді,  сондықтан,  мына  табанның  қышқылтым  иісі  мұрнын

қытықтағанда, аузынан сілекейі шұбырып кетті.

– Жақсы? – деді Курагин Шыңғысқа қазақшалап.

– Тамаша! – деді Шыңғыс.

– Сен арақ ішеді?

Шыңғыс  қалаға  барғанда,  əсіресе  Омбыға  барып  жалғасқанда  аздап

ішетін  еді,  егер  ол  компанияда  қазақ  болмаса  ептеп  шоқаңды  да  күйсеп

қоятын еді.

Қазір  шошқа  жоқ.  «Арақ»  дегеннен,  орыстың  ақ  ащысын  ұғып  отыр.

Одан  мынадай  оңашада,  əрі  аш  отырғанда,  сүр  балықпен  ептеп  жұтуға

болады.


– Ішейік, бірақ, аздап, – деді Шыңғыс Курагинге.

– Бұндай арақ емес, – деді Курагин.

– Енді?

– Қарағайдың арақ.



– «Қарағайдың» дейсің бе? – деді Шыңғыс түсінбей.

– Ия!.. Соснаның!..

– Арақ бола ма одан?!

– Болады.

Курагиннің қазақша түсіндіргісі келіп еді, тілі жетпей қалды.

– Қарағайда сок бар, білесің? – деді ол.

– Білем.

– Орысша – живица. Содан ағызады, арақ...

– Соны іш дейсіз бе? – деді қалғыңқырап отырған Драгомиров, ұйқысы

ашылып кеткендей.

– Иə! – деді Курагин.

–  Оның  қалай?!  –  деді  Драгомиров,  –  у  ғой  ол!..  Өлтіріп  жібереді  ғой,

адамды!..

– Біз неге өлмейміз?

– Ішесіз бе, сіз соны?

– Баяғыдан. Мен ғана емес, барлық балықшылар.

– Сенгім келмейді, – деді ол.

– Неге?


–  Живицаның  химиялық  құрамын  білем.  Оның  уы  жыланның  өтімен

бірдей.


– Біз неге өлмейміз?

– Анық ішесіздер ме?

– Ішеміз! Əрине, біраз ақтап.

– Оны ғылым тілінде этилданған спирт дейді. Бірақ, адамға оны да ішуге

болмайды, техникалық істерде қолдануға ғана жарайды.

– Ал, біз ішеміз. Соны қазір көрсетем.

–  Ондай  спиртті  ішулеріңізге  түбірімен  қарсымын.  Əсіресе,  –  деді  ол

бетін  Шыңғысқа  бұрып,  –  сіздің  ішуіңізге.  Ол  адамды  сеспей  қатыратын



спирт.

– Онда, арақ тауып бер! – деді Курагин, байланысқысы келген ниетпен.

Драгомировтің  есіне  күймедегі  саквбяжында  қалған  спирттің  құтысы

түсті. Онда, шамасы, екі стакандай жұғын бар, су қосса төрт стакан болады.

Күркеге Проша кірді.

– Балықты асар уақыт болған жоқ па, Ваш-ство? – деді ол Курагинге.

– Əзірге ер керек.

– Мен осы шалмен күймеге барып құтыны алып келсем қайтеді? – деді

Драгомиров Шыңғысқа.

Курагин көне кетті. Шал мен Драгомиров шыға салысымен:

– Досың ба, əлгі чиновник, қасың ба? – деп сұрады Курагин Шыңғыстан.

– Оны қайтесіз?

– Қасың болса, көзін жойдыра салу, маған оп-оңай.

–  Жоқ,  жоқ,  –  деді  Шыңғыс  шошып  кетіп,  –  маған  дос  адам  ол.  Жақсы

адам.

– Қызметі?



Шыңғыс қысқаша түсіндіріп жатқанда, Проша мен Драгомиров келді.

–  Су  қосып  əкелдім,  –  деді  Драгомиров,  –  құты  толды.  Екеуіңізге  де

жетеді.

– Маған өз спиртім жақсы, – деді Курагин. Таза спиртті сіздер ішіңіздер.



– Мен де, – Проша тілі күрмеліңкіреп. Ол далада құтының аузынан аздап

қылқылдатып алған еді.

– Жақындаңдар, қонақтар! – деді Курагин.

Бəрі легенді айнала отыра қалысты.

Ол үйде бүйірлері, ернеулері майысқан тұтқасыз, үлкендеу екі жез бокал

бар еді. Курагин соның біріне Драгомировтің спиртін толтыра құйғызды да,

өзі жамбасында жатқан нəрсені алып:

–  Біздің  пивица  осы  –  деп,  сыртына  шоқпыт  оралған  əлдене  ыдыстан

екінші бокалға əлдене сұйықты құйды.


– Живица ма? – деп сұрады Драгомиров;

– Да, еще она пивица! – деп Курагин өлеңдетіп жіберді.

–  Түбіне  дейін  тартамыз,  –  деді  ол  Шыңғысқа  бокалын  соғыстырып,  –

əуелі – сіз, содан кейін – мен. Кəне, төңкеріңіз.

«Азар болса мас болармын» деген оймен Шыңғыс бокалды көтере салды

да, түбін жоғары қаратты.

– Жігіт! – деді Курагин. – Ал, маған қараңыз!

Ол да бокалын төңкере сап, «иіске!» деп бокалын Драгомировке ұсынды.

Драгомиров иіскеп еді, ащы дем өңменін атып кетті.

– Қалай екен? – деді Курагин.

– Өзіңізге ұнаса – дей салды Драгомиров.

– Татып көрмейсіз бе?

– Мен спиртті ғана ішейін.

Курагин Шыңғысқа «сіз балық жей беріңіз» деді. Ол тұттыға бастады.

–  Мен  де  толтыра  құям  «пивицаны»  сен  де  спиртті  толтыра  құй,  –  деді

ол Драгомировке.

–  Мүмкін  сіз  де  спирт  ішерсіз?  –  деді  бокалына  өз  спиртін  құйған

Драгомиров.

– Ақсүйектердің ішімдігі ғой ол. Біздің ағайынға осы да жарайды, – деп

Курагин  бокал  ұстаған  қолын  көтерді  де,  –  толтырдың  ба?  –  деді

Драгомировке.

– Толтырдым.

– Бері əкел, көрем!

– Рас толтырдым.

– «Əкел!» дедім ғой, – деді Курагин қолын созып.

Драгомиров  толтырған  жоқ  еді.  Ол  Курагиннен  қаймықты  да,  «сөз

естірмін, я таяқ жермін» деген қауіппен бокалын шүпілдетіп:

–  Мінекей!  –  деп  ұсынды.  Көмескі  сəулеге  де  көзі  жыты  Курагин,

бокалдың ернеуінен төгілердей боп мөлтілдеген спиртті көрді де:

– Алдамақ болдың ғой мені, енеңді... Байқа, сен таяқ жеп жүрме. Əуелі



сен іш. Түбіне дейін. Əйтпесе таяқ жейсің, - деді.

Бокал  толған  спиртті  Драгомиров  аш  өзекке  əрең  тауысты.  Күтіп

отырған  Курагин  бокалын  тағы  да  қаға  салды.  Ол  легендегі  балықтың

біреуін белдемесінен омырып, сүйегін бытырлата шайнап жұтты.

– Бері əкел! – деп Курагин Драгомировқа қолын созды.

Сұрағаны құты екенін түсінген Драгомиров, – «мəңіз!» деді.

Одан  басқа  сөз  айтар  халы  жоқ.  Судай  сімірген  спирт  өзегін  өртеп

барады.  Тынысы  да  бітеліп  қалған  сияқты  дем  алайын  десе,  өңеші

өртенетіндей. Басы айналып, көзі қарауытып барады...

Құтыны қолына алған Курагин:

– Сен неге тұрсың? – деді Прошаға ақырып. – Жоғал көзімнен!

Проша шыға жөнелді.

– Ішесің бе, тағы? – деп сұрады Курагин, Драгомировтан.

Ол басын шайқады.

– Балық жейсің бе?

– Ж-ж-жоқ.

– Ендеше, жат! – деді Курагин.

Драгомиров ауларды басына жастай, ірге жаққа қисая кетті де, ілезде қор

ете түсті.

Шыңғыс  жалаң  төсіне  соналар  қадалған  түйенің  халында  еді.  Мына

ішіне кішігірім аяқтай сұйықтық сиятын бокалмен алпыс-жетпіс градустық

қуаты  бар  спиртті  тартып  жібергенде,  аш  өзегін  жалаған  да  кеткен.  Оған

ішіне  ішімдік  емес  екі  жүзді  қанжар  кетіп,  өңешін,  ішек-қарнын  удай

ашытып  тіліп  бара  жатқандай  əсер  пайда  болған.  Өліп  кету  қаупі

сезілгендей,  ол  əуелі  дем  ала  алмай,  кеңірдегін  сипалап  жан-таласқан

шақта,  қысылғаннан  маңдайы  тершіп  қоя  берген.  Ішіне  сонда  ғана  дем



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет