АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет27/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

Оның архив тəртібіне қатты адам екенін Леленьков та ескертіп «ренжіте

көрмеңіз, егер ренжісе айтқанынан қайтару қиын» деген.

Мен, əрине, Шиторляның сөзінен қия басқан жоқпын. Содан кейін сеніп

алған ол, «бөгде кісілерге көрсетпейтін қор», «мейлінше құпия қор» деген

материалдарды  да  еркін  қаратты.  Кей  қағаздарды,  -  «бұлар  осы  архивтен

басқа жерде жоқ материалдар» деп береді.

Маған  корпус  үйінін,  іші-сыртын  Леленьковтың  өзі  аралатты.  Икона

сияқты,  патшалардың  портреттері  сияқты,  дұғалықтар  сияқты  нəрселер

болмаса,  аумағы  аса  зор  бұл  үйдің  ішінен  бұрынғы  мүліктер  алынғаны  аз

екен. Корпустың тарихын елестететін залда, осы корпусқа қызмет атқарған

генералдардың, офицерлердің портрет - галлереясы да тұр.

Корпустың  қала  ішіндегі  естелікті  орындарын  түгел  көрсеткен

Леленьков,  мені  қала  сыртындағы  жазғы  лагерьғa  да  апарды.  Ол  -  суы

Омбы өзеніне құятын, арнасы кең, жағасы қалың орманға бөлінген «перінің

жырасы»  аталатын  сай  екен.  Сайдың  бойында  кадет  корпусы  дəуірінен  де

бірталай  капиталдық  үйлер,  кадеттер  қолдарынан  еккен  неше  алуан

ағаштар сақталған. Совет заманында лагерь мейлінше кеңіген, əдеміленген.

Мен Омбыда айға жақын уақыт болдым да аттанар алдында Леленьковқа

қоштасуға  бардым.  Ол  маған  «соңғы  сыйлығым»  деп,  «Краткий

исторический  очерк,  первого  Сибирьского  имени  императора  Александра

1-кадетского корпуса» дейтін кітап берді. Қалыңдығы 448 беттік бұл кітап,

1913  жылы  кадет  корпусының  жүз  жасқа  толуына  арналған  юбилей

тұсында  басылған.  Бұл  кітап,  менің  кадет  корпусы  туралы  архивтен  алған

материалдарымды толықтыра, жинақтай түсті.

Осынша  көп  жəрдем  көрсеткендігі  үшін,  мен  оқырман  көпшіліктің

алдында, генерал-майор жолдас Леленьковқа сансыз көп алғыс айтам.

Енді,  кадет  корпусының  тарихын  оқырмандарға  қысқаша  баяндап

берейік.

«Кадет»  француздың  «кенже»  деген  сөзі  екен.  Шамасы  16-ғасырдың

ортасында,  ақсүйектердің  азаматтық  оқуға  қыры  жоқ  ұлдарына  соғыстық

білім  беру  мақсатымен,  үкімет  «Кадет  корпусы»  аталатын  школа  ашқан.

Содан кейін, осындай школа Европа мемлекеттерінің көбіне тараған.

Россияда  кадет  корпусы  1743  жылы,  пажский  жəне  финляндский  деген

атпен  екі  жерде  ашылады.  Мақсаты  –  отанға  еңбегі  сіңген  отставкадағы

офицерлердің  кенже  ұлдарына  соғыстық  білім  беріп,  олардан  офицерлер

даярлау».


Шоқан Омбыға оқуға барған жылы, Россиядағы кадет корпусының саны

жиырмаға жеткен. «Сібірлік кадет корпусы» – осылардың бірі.

Сібірді 17-ғасырдың аяқ шенінде отарлай бастаған Россия, 19-ғасырдың

аяқ  тұсында,  түгелімен  меншіктеп,  шығыс  жақ  шеті  Сахалин  жарты

аралымен,  Япон  теңізімен  көмкерілген  оңтүстік  жағы  қазақ  даласының

«Арқа»  аталатын  жотасымен  шектескен.  Бұл  өлке,  көлем  жағынан  бүкіл

Европаның жерінен үш еседен артық.

Сібірді отарлау, Россияға қиынға түспеген. Бұл өлкедегі угро-фин, түрік

жəне  монғол  тұқымдас  халықтардан,  Россияның  Ермак  Тимофеевич

басқарған алғашқы қосынына он бес жылдай қарсылық көрсеткен, – татар

ханы  –  Көшім  ғана.  Ол  хандық  жойылғаннан  кейін,  Сібірдің  былайғы

халықтары, Россияға бірінен соң бірі татулықпен бағына берген.

Сонда да, «шекара» аталатын жиектерді қарсылардан қорғау үшін, патша

өкіметі  Сібірде  «ерекше  корпус»  деген  атпен,  қарамағында  он  полкы  бар

əскери қосынын ұстаған, штабының тұрағы - Тобыл қаласы.

Бұл  қосын  регулярный  жəне  иррегулярный  деп  екі  жүйеге  бөлінген,

бастапқысы

–соғыстық

тəртіптегі

əскер,


екіншісі

казак-орыс



линиясындағы  станицалар.  Регулярлық  бөлімі,  –  рекрут  аталатын  əскердің

міндетті қызметіне шақырылған жастардан құралады; иррегулярлық бөлім,

–  редут  аталатын,  казак-орыс  линиясындағы  станицалардан  құралады,

қазақпен  шекараны,  бүкіл  станица  халқы  болып  қорғап,  төңіректерінде

қазылған  орларды  күні-түні  күзетеді,  «воевод»  аталатын,  регулярлық

бөлімді,

Россиядан

жіберілетін

офицерлер

мен


генералдар,

иррегулярныйды – станицаның атамандары басқарады.

Воеводтардың тұрғын халықтарға тиышсыз болуы, осы жайда жазылған

арыздарды  тексеруге  І-Петр  князь  Меньшиковты  жіберуі  жоғарыда

айтылған.

Тексеріс  жасаған  Меньшиковтың  Сібірдегі  ерекше  корпус  өмірінен

тапқан  зор  кемшілігінің  бірі,  –  солдаттар  түгіл,  ковалерияда  қызмет

атқаратын  казак-орыс  офицерлерінің  де  көбінің  сауатсыздығы.  Себебін

тексерсе,  бүкіл  Сібірде  бір  де  бір  орта  дəрежелі  оқу  орны  жоқ  екен,

«бастауыш»  дейтін  школаларда  да  өте  аз  екен,  олардың  да  көбіндегі

учительдер - өздерінің сауаты шағын – полиция, урядниктер.

Бұлай болуы Меньшиковқа заңды да сияқтанды. Сібірден жер көлемі үш

есе  тар  Европада  сол  кезде  жүз  миллионнан  астам  халық  тұрады  екен,  ал,

бүкіл  Сібірде  жарты  миллиондай  ғана  халық  тұрады,  олардың  қала,

селоларының аралары өте алшақ, ендеше, оқушыларды қалай жинайды?..

Меньшиковтың  рапортымен,  І-Петр  Сібірдің  батысындағы  қала  –

Тобылмен,  шығысындағы  Хабаровскіден  ер  балалар  үшін  екі  гимназия

ашуға бұйрық берген. Бұйрықта Сібірдегі өзге қалалардан жəне казак-орыс



станицаларының  үлкендерінен  бастауыш  мектептер  ашылуы  айтылған.  Іс

жүзінде  мемлекет  қарамағындағы  гимназиялар  ашылады  да,  бастауыш

школалар  бұрынғы  күйінде  қалып  қояды,  оларды  ашуға  қаражат

табылғанмен, оқытушы табылмайды.

1765  жылы  Сібірдегі  əскери  корпустың  хал-жайын  тексеруге  соғыс

министрлігінің инспекторы генерал - поручик Шпрингер келеді де, сауатты

командирлердің аздығын көріп, болашаққа офицерлер даярлау мақсатымен

Батыс  Сібірдің  Омбы,  Қызылжар,  Ямышева,  Бийск  аталатын  төрт

қаласында оқуы алты жылдық школа ашады. Тобылдағы штабтың қасынан

əскерде жүріп өлген офицерлердің жетім балаларына арналған тағы школа

ашады.  Бұлардың  бəрі  үкіметтің  емес,  жергілікті  əскери  халықтың  (казак-

орыс)  қаражатымен  тіршілік  жасауға  тиісті  болғандықтан,  тағы  да  көп

жылдардың бойына аты бар, заты жоқ школа болады.

19-ғасырдың  басында,  Сібірлік  корпустың  қолбасшысы  болып,  12

жылғы  Отандық  соғыстың  ерлерінің  бірі,  генерал-лейтенант  Григорий

Иванович  Глазенап  келеді.  Ол  аты  бар,  заты  жоқ  соғыстың  төрт  школаны

біріктіріп,  1813  жылы  Омбы  қаласында  «казак-орыстардың  соғыстық

училищесі»  деген  атпен  бір  ғана  школа  ұйымдастырады,  начальник  қып

өзінің адъютанты, штабс-капитан Бороневскийді тағайындайды.

Кейін,  1845  жылы  Сібірлік  кадет  корпусына  айналған  бұл  училищенің

отыз  екі  жылдық  өмірі  екі  жүйеге  бөлінеді:  бірі  –  1813-1825  жылдардың

арасы, екіншісі – 1826-1845 жылдар арасы.

Училище алғашқы жылдарда «Азиялық саудагерлердің тоқырау қорасы»

аталатын,  қарағайдан  қиылған  үйлерге  орналасады.  Ол  кəзіргі  Омбының

«Ойқала»  аталатын  сайдағы  орнында  екен,  бұл  маңайда  ол  кезде  қалың

орман екен.

Училищеге  алғашқы  жылы  отыз  -  ақ  бала  түседі,  оқу  жылының  не  бар

қаражаты - бір мың үш жүз - ақ сом, оның 748 сомын əскерлік корпустың

кеңсесі  береді,  552  сомы  жылудан  жиналады.  Штаты  бір  бақылаушы,  үш

учитель;  олар  əскерлік  қызметтен  босанған,  білімдері  төмен,  кемтар

офицерлер.

Сабағын осылай бастаған училище, жылдан жыл қаражатын да молайта,

оқушыларын да көбейте кеп, 1825 жылы кадеттердің саны төрт жүз елуге,

бюджеті жиырма мың сомға көтеріледі. 12 жылда училищеде оқығандардан

58 адам офицерлік атаққа ие болады.

1819-23  жылдардың  арасында,  Сібірге  Россияның  сол  кездегі  мемлекет

қайраткері  Михаил  Михайлович  Сперанский  келіп,  шаруашылығына  да,

əкімшілігіне  де,  мəдениетіне  де  толып  жатқан  өзгерістер  кіргізуі,  бізге

өткен тараулардан мəлім. Сол Сперанский патшаға берген ұсыныстарында:

–  Сібірлік  кадет  корпусы  аталатын  оқу  орны,  тек  əскер  қызметкерлерін



ғана  даярламау  керек,  одан  шаруаға,  мəдениетке,  əсіресе,  оқу  орындарына

пайда тигізетін білімділер шығу керек, – деген.

Осы  ұсыныс  қабылданып,  1826  жылы,  «казак-орыстардан  офицерлер

даярлау  училищесі»,  «Сібірлік  линиядағы  казак-орыстардың  соғыстық

училищесі»  деген  атқа  ауысқан.  Оның  оқу  мерзімі  жеті  жыл,  оқу

программасына  əскери  сабақтардан  басқа  ауыл  шаруашылығы,  мал

шаруашылығы,  бақшашылық  сияқты  сабақтар  қосылған.  Соған  сəйкес

қаражаты да молаяды. 1825 жылы Глазенап басқа қызметке ауысып, орнына

келген инфантерия генералы Капцевич училищенің бюджетін 50 912 сом 27

жарым тиынға көтереді. Бұған дейін оқушылар киімдерін өз есебіне сатып

алады  екен,  оған  əлі  келмейтіндер,  құрылыстағы  əскерлердің  тозған  я

модыдан  шыққан  ескі-құсқысын  пайдаланады  екен.  Капцевич  оларға

школдық форма кигізеді, жаз айларында лагерьға шығарып, кадеттерді бау-

бақша өсіру жұмысымен шұғылдандырады, тамақтарын тəртіпке келтіреді,

оқу жəне жатақ үйлерін күн тəулігінде үнемі тұратын күзеттер қояды, сабақ

программасына  неміс,  француз  жəне  ағылшын  тілдерін  кіргізеді,  оқу

үйінде

қолөнершілер,



суретшілер

бөлмелерін

ұйымдастырады,

кітапхананың  негізін  қалайды.  Осы  тəрбиенің  негізінде,  корпустан  орта

білімді  офицерлер,  станицалық  учительдер,  агрономдар,  зоотехниктер,

бақташылдар, орманшылар шыға бастайды.

1836 жылы Капцевич басқа қызметке ауысып, орнына патша сарайының

ең сүйікті адамдарының бірі, – князь Горчаков келеді. Оның бағына қарай,

сол  жылдың  күзінде  Омбыға  тақ  мұрагері  ІІ  -  Александр  келе  қалады.

Горчаков  оның  алдына  Сібірді  өркендету  туралы  бірталай  мəселе  қояды.

Солардың бірі – Сібірлік ерекше корпусы аталатын əскери қосынды, Батыс

Сібірден  Шығыс  Сібірге  ауыстыру.  Оған  дəлелі  –  Россияға  қазір  Алтай

тауынан  Каспий  теңізіне  дейін  тартылатын  қазақ  даласынан  төнер  қауіп

жоқ, бұл шекараны соғыстық халық та күзетіп тұра алады, қауіп күтілетін

жақтар: Индия (сол беттен Англия Орта Азияға қарай беттеп келеді), Қытай

жəне  капиталистік  жолға  түсе  бастаған,  күшейіп  келе  жатқан  мемлекет  –

Япония.

Александр  бұл  ұсынысты  мақұлдайды  да,  Сібірлік  ерекше  корпустың



штабы  Омбыдан  Хабаровскийге,  он  полктан  құралған  қосын  Россияның

күнгей - шығысын жиектеп бытырайды.

Əскерлік  қосын  көшкенде,  оның  Омбыдағы  мекен-жайлары  түгелімен

«Кадет  корпусы»  аталатын  оқу  орнына  беріледі.  Бұл  өте  кең  мекен.  Оған

училищенің  контингенті  жоқ  та  болмайды.  Соған  байланысты,  князь

Горчаков  патша  сарайының  алдына  Омбыда  «Сібірлік  Кадет  корпусы»

аталатын  оқу  орны  ашылуды  тілейді.  Бұл  ұсынысын  Россияның  күнгей

болашағымен дəлелдейді. Сарай бұл ұсынысты қабылдайды.

Осы  мəселе  көтерілген  шақта,  патша  сарайы  император  дəрежелі  ұлы

князь  -  Константин  Константиновичтің  он  сегіз  жасқа  толып,  кəмелетке

жетуін  тойлағалы  жатады.  Ақылды  Горчаков  осыны  пайдаланады  да,


Россияның  сол  кездегі  патшасы  –  І-Николайдан  корпусты  І-Александрдың

есімімен  атауды,  «құрметті  директоры»  деп  Константин  Константиновичті

атауды өтінеді. Бұл ұсыныс та қабылданады.

Кəмелетке келген Константин юбилей күндері Россиядағы соғыстық оқу

орындарының  «қасиетті  генерал-инспекторы»  болып  тағайындалады.

Горчаков  бұны  да  пайдаланып  əскери  қосын  штабының  Омбыдағы  мекен-

жайларын түгелімен Сібірлік Кадет корпусының қарамағына бергізеді.

1845 жылдың аяғында ашылуына ұлықсат берілген кадет корпусы, келер

жылдың,  басынан  оқу  істеріне  кіріседі.  Оқу  мерзімі  тоғыз  жылдық,  оның

алғашқы  екі  класы  -даярлық,  кейінгі  жеті  класы-негізгілер.  Жалпы  корпус

рота  жəне  эскадрон  деп  екіге  бөлінеді.  Алғашқы  оқу  жылындағы

кадеттердің саны бес жүздей, олар рота мен эскадронға бірдей бөлінеді.

Григорий  Николаевич  Потанин  1846  жылдың  басында  эскадронның

негізгі  бірінші  класына  түсіп,  1847  жылдың  басында  жақсы  бағамен

бітіреді  де,  сол  жылдың  көктемінде  екінші  кластың  жартысын  тауысып,

жаз  шыға  Капитандағы  үйіне  каникулға  кетеді.  Шоқанмен  жолығысуы

сонда.

Коробейникованың  үйінен  ертіп  əкеткен  Шоқанға  Григорий  кадет



корпусының біз жоғарыда баяндаған мəн-жайын білгенінше баяндап берді.

Шоқан  ол  сөздерді  ықылас  салып  тыңдаған  жоқ,  сондықтан  ұққан  жоқ.

Оның қазіргі бар ынтасы – кадет корпусының үйін тезірек аралау.

Ескілікті  адамдардың  естелігінде,  Омбы  қаласы  қалың  жынысты

орманның ішіне орнаған. «Ой» жəне «Дөң» аталып екіге бөлінетін қаланың

көпшілік  үйлері  Дөңде,  азшылығы  ғана  Ойда.  Дөңнің  орманын  тұрғындар

жыл  сайын  кесіп,  құрылысқа  жəне  отынға  пайдаланғандықтан,  ағаштары

сиреп,  Шоқан  барған  кезде  таусылуға  айналған.  Ал  Ойдағы  орман  əлі

қалың.  Оның  ішіне  салынған  азын-аулақ  аласа  үйлер  қою  жыныстан

көрінбей  ішіне  сіңіп  кеткен.  Ертістің  жағасына  төне  өскен  бұл  жыныс,

шетінен  оталып  кеп,  өзен  жағы  кеңірек  алаңға  айналған.  Сол  алаңға  əуелі

əскерлік  казармалар,  одан  кейін  əкімшілік  үйлер  қатар  түзеп,  əскери

қалашыққа айналған. 19-ғасырдың алғашқы ширегінде солардың Ертіс жақ

шетіне  күйдірген  кірпіштен  салынған  бас  корпустың  ұзын  тұрқы  жүз

саржандық,  оған  қанаттаса  жасалған  қосалқы  екі  корпустың  тұрқы  елу

саржаннан,  биіктігі  төрт  этажды,  кейбір  тұсындағы  цокол  мен  жарты

подвалын  қосқанда  алты  этажды  үй  салынған.  Бұл  үйлердің  өзен  жағы

қызыл  кірпішті  кең  ауламен  қоршалған.  Кадет  корпусының  оқу  кластары

да,  жатақханасы  да  осы  үйлердің  ішінде.  Кең  қораның  алаңында

физкультуралық  бірнеше  алқаптар  бар.  Ауланын,  Ертіс  жақ  ішкі  бетіне

шаруашылық  сарайлар,  ат  қоралар,  мергендікке  баулитын  атыс  залдары

(тир) орнаған.

Бұл  мекендердің  бəрін  де  Коробейникованың  тоқырау  қорасы  мен

аралықтағы орман көрсетпейтін еді. Кадет корпусының тұрқы ұзын зəулім



үйлерін кеше сыртынан көріп, «ішіне кірер ме еді?» деп қиялданған Шоқан,

ол  ойына  жетуге  асыққан  еді,  сондықтан,  Григорий  жетектегенде,  ол

бұйдалы тайлақтай елпілдеп ұшты да отырды.

Олар таңертеңнен кешке дейін корпусқа тəуелді мекендердің негізгілерін

түгел  аралап  шықты.  Шоқан  ең  алдымен  корпус  үйлерінің  зорлығына

қайран  қалды.  Шыңғыстың  «күн  тимес»  аталатын  орман  ішінде  қыс

мекендейтін  төрт  бөлмелі  қарағай  үйі  бар.  Онымен  салыстырғанда

маңайындағы  қоңсы-қолаңның  үйлері  үй  емес,  үйшік.  Шоқан  есін  біле

бастаған шақта, қыстаудан кешкен аулы Құсмұрындағы əскерлік бекіністің

қасына  қонған  еді.  Сонда,  əскердің  бастықтары  тұратын,  жергілікті  тастан

қалаған  толып  жатқан  бөлмелері  бар  бір  этажды  үйді  көргенде,  бұның

қасында,  өзінің  күн  тиместегі  «үлкен»  дейтін  үйі  кіп-кішкене  сияқтанған.

Осы  сапарында  Қабан  станицасында  көрген  Сатыбалды  -  шоқындының

асты  кірпіш,  үсті  бөрене  үйімен  салыстырғанда,  бекіністегі  «үлкен»  деген

үйі  кіші  боп  қалған.  Қызылжардың  ең  үлкен  үйінің  біреуі  -  Малтабардың,

«Ақтас»  аталатын  үйімен  салыстырғанда,  Сатыбалдының  үйі  де  қораш

сияқтанған.  Ал,  Кадет  корпусының  үйімен  салыстырғанда,  Малтабардың

үйі  де,  түйенің  қасындағы  лақтай!..  Не  деген  үлкен,  не  деген  биік  үйлер!..

Бұндай үйді ол өңі түгіл түсінде де көрмеген...

Үйдің  ішін  аралағанда  Шоқанның  есі  тіпті  шықты.  Сібірдің  кадеттік

корпусына  начальник  болып  тағайындалған  шақта  генерал-майорлық

дəрежеге  жеткен  Федор  Андреевич  Шрам,  Батыс  Сібірдің  генерал-

губернаторы  -  князь  Горчаковтың  бұл  оқу  орнына  жақсы  көзбен  қарауын

пайдаланып,  оның  үй-жайларын  Петербургтағы  кілең  ақсүйектердің

балалары  оқитын  паждық  кадет  корпусының  салтына  ұқсатқысы  келген.

Өзі  Петербургта  Михаил  атындағы  артиллерия  училищесінде  оқып

жүргенде  паждың  сəн-салтанатымен  түгел  танысқан.  Шраммның,  бұл

пікірін  Горчаков  қолдап,  жолы  түсіп  Петербургке  барады  да,  сол  кезде

Бүкіл  Россиядағы  соғыстық  оқу  орындарының  бас  начальнигі,  император

дəрежелі  ұлы  князь  –  Михаил  Павлович  Романовқа  Сібірдің  кадет

корпусының

мəн-жайларын

баяндайды,

Романов


соғыс

министрі,

инфантерия  генералы,  князь  Забелинге  «тілегін  орында»  деп  бұйрық

береді.  Сібірлік  кадет  корпусының  ішкі  сəн-салтанаты  осы  бұйрыққа

сəйкес жасауланады.

Шоқан  кірген  шақта  үйдің  биылғы  ремонты  бітіп,  кадеттер  жиналар

қарсаңында  іші  жасауланып  болған  еді:  саны  бес  жүзден  астам  кадеттер

жататын  бөлме  атаулылардың  бəріне  ақ  сырмен  боялған  темір  кроваттар

қаз-қатар  қойылып,  үстіне  матрацтары  төселген,  сұрғылт  түсті  одеялдар

жабылған,  оларды  астарлайтын  простынялардың  жиектері  қайырылған,

жастықтар  ақпен  тысталған,  əр  кроваттың  бас  жақ  қатарындағы  бұтақты

адал-бақандарға  ақ  орамалдар  ілінген,  бір  бұтағында  кішіректеу  дөңгелек

айна  салбырап  тұр,  оның  астындағы  тапалтақ  тумбочканың  үстіне  бірінің

қылы  қара,  екіншісінікі  ақ  щеткалар  қойылған.  Григорийдің  айтуынша

ағымен  киімді,  қарасымен  етікті  тазалады,  дəретхана  мен  жуынатын


бөлмелердің үй ішінде болуын Шоқанның естігені де осы, көргені де осы,

сондай бөлмелер сəні мен тазалығы əкесінің «хан ордасы» аталатын үйінен

əлдеқайда артық, бұндай бөлмеде дəрет сындырудың, өзі де ұят сияқты!..

Оқу,  спорт,  демалыс  бөлмелері  қажетті  жəне  əдемі  құралдармен

мейлінше жақсы жабдықталған. Кадеттердің өзгелерден оңаша шоқынатын

ағаштан  əдемі  ғып  қиған  шіркеуі,  негізгі  корпустардан  бөлек  екен.

Сонымен  қатар,  бас  корпустың,  терезесіз  тымық  қараңғы  бір  бөлмесіне

«ғайыпты болжағыш Николай» аталатын «əулиенің» тақта отырған сүгіреті,

оң  жағына  -  «əулие»  Кузьманың  сол  жағына  –  «дін  жолында  азап  шеккен

əулие  -Екатеринаның»  түрегеп  тұрған  сүгіреттері  қойылған  сүгіреттердің

жақтаулары  алтынмен  апталып,  күміспен  күптеліп,  жалтырақ  асыл

тастармен  əшекейленген,  төңірегі  жібек,  барқыт  сияқты  асыл  маталармен

көмкерілген екен.

Əр этаждың асханасы бөлек екен. Олар - ұзынша кең залдар. Кухнялары

қасында. Оларда жайылған нелер əдемі ыдыстардан көз сүрінеді...

Кадеттердің  сыртқы  киімдерін  шешетін  кең,  зал,  корпус  атаулының,

астыңғы  жарты  этажында  екен.  Оның  кеңдігі,  Құсмұрындағы  əскери

бекіністің ат қорасына жуық. Əзірге кадеттер түгел жиналмағандықтан іші

қаңырап бос тұр.

Бұл күні Шоқанның шамасы «бас корпус» аталатын үйдің, ішін аралауға

ғана жетті. Бұл үйдің үстіңгі этаждарына көтерілетін басқыш та əр тұсында

екен. Сондықтан үйді түгел аралай түсу үшін кісі төменге əлденеше түсіп,

жоғарыға  əлденеше  көтеріледі  екен.  Сөйтіп  жүргенде  Шоқанның  бұрын

бұндай  жүрісті  көрмеген  аяқтары  біраздан  кейін  сандарының  бұлшық

еттері  бастырмай  қалды.  Сол  кезде  күн  де  кешкірді.  Содан  кейін  өзге

корпустарды  аралаудан  бас  тартқан  Шоқанды  Григорий  ат  қораны  көруге

қызықтырды.

–  Жəй  жылқылар  емес  олар,  –  деді  Григорий,  –  ылғи  сұлу,  ірі

арғымақтар. Ондай жылқыларды көрмеген болуың керек. Мен өзім қалада

да,  далада  да  көрген  жоқпын.  Көруім  мүмкін  де  емес.  Бұндай  арғымақтар

біздің  Сібірде  өспейді.  Бұлар  ішкі  Россиядағы  арғымақ  өсіретін

заводтардан  келгендер.  Арғы  тегі  –  Англиядан  шыққандар.  Біреуінің

құнына бір айғыр үйірдің бағасы жетпейді. Бəрі де ала аяқ жирен қасқалар.

Шоқан  қызығып  кетті  де,  аяғы  ауырғанмен  Григорийге  ақсаңдай  еріп

шарбақтың  бір  бұрышындағы  ат  қораға  барды.  Жалпы  жылқы  малын

жақсы  көретін  оның  көзінен  мына  арғымақтарды  көргенде  жапырлай

ұшқан құмарлық «құрттары» аттардың үстін бораған қардай жауып кеткен

сияқтанып,  жанарының  сəулесі  бұлдырап  кеткендей  болды.  Əр  атқа

қарашығын  қадай  тігіп,  көз  құмары  қанды-ау  деген  шақта,  Кіші  жүз  –

Марабай ақынның атты сипаттайтын, өзі жаттап алған бір жыры есіне түсіп

кетті. Ол дыбысын шығарып айта жөнелді.


Құлағын біздей қадаған,

Кекілін қыздай тараған,

Жүргенде ізін санаған,

Саптыаяқтай ерінді;

Сарымсақтай азулы,

Қолтыраудай танаулы,

Қысыр жылан өзекті,

От орнындай тұяқты,

Аш жолбарыс сияқты...

Жырлай  жөнелген  Шоқанның  не  айтып  тұрғанына,  қазақ  тілін  еркін

білмейтін  Григорий  түсінбеді.  Бірақ,  жырында  құлақ,  тұяқ,  жылан,

жолбарыс  деген  сөздер  кездесуіне  қарап,  ат  туралы  жыр  екенін  жобалады.

Бұл жырдың қаншаға созылуын білмеген, өзі де шаршап тұрған Григорий,

«қысқартсын» деген оймен:

– Не жыр айтып тұрғаның? – деді Шоқанға. – Ат туралы ма?

– Сол туралы.

– Осы аттар туралы ма?

–  Қазақтың  ертегідегі  аттары  туралы.  Мына  аттар,  сол  аттарға  қатты

ұқсайды.

– Өзің шығарып тұрсың ба, жырды?

– Ақындар шығарған.

– Олар кімдер?

Шоқан білгенінше түсіндірді. Бірақ жырдың мəнін айтып бере алмады.

–  Біздің  бүкіркек  сияқты  жылқылар  екен  ғой,  жырлайтындары  –  деді,

жырдың  мазмұнын  өзінше  жорамалдаған  Григорий.  –  Олар  –  ертедегі

жылқылар. Көріп тұрсың, бұлар -шындықтағылар. Осындай аттарды мінген

кісіде не арман бар?

– Рас! – деді Шоқан. Осы аттарды мінуге, ол іштей қатты құмартты.

Шоқан  кадет  корпусының  аттарына  ғана  емес,  үй-жайлары  мен  қора-

қопсыларына  түгелімен  қызығып  қайтты.  Бұндай  көңіл  күйін  сөздерінен,



бет  бейнесінен  жақсы  аңғарған  Григорий,  Шоқанды  Коробейникованың

үйіне дейін шығарып салды да, бір қаға берісте Шыңғысқа:

–  «Қанаш  кадет  корпусында  қаладыдан»  бастап,  көрген-білгенін  айтып

берді. Бұл хабарға Шыңғыс қатты қуанды. Омбыда əлі де бірнеше күн жата

тұрғысы  келетін  ол,  «кезіне  көрініп  жүрсем  айнытып  алам  ба»  деген

қауіппен ертеңіне аттанып кетуге əзірленді. Малтабардың өзі, бүгін мезгіл

түске  тарта  қара  -  бурылмен  Қызылжарға  қайтып  кеткен  де,  «қанша

ұстасаңыз  да  еркіңізде,  мүмкін  Құсмұрынға  да  осы  аттармен  қайтарсыз,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет