АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет28/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

керек десеңіз, басыбайлы иемденуіңізге де болады» деп, жігітімен пар атын

қалдырып кеткен.

Шоқан ол күні сыр бермеді. Ол жайраңдамады да, қабағын да шытпады,

əлдене ойға кеткен кескінмен, томаға тұйық жүрді де қойды. Түнде де сыр

бермеді ол. Төсекке жата, əкесінің құшақтап ұйқтау мақсатымен жастыққа

бастары  тие  өзіне  қарай  икемдеуіне  қарсылық  көрсеткен  жоқ.  Сол

қалпында  көзі  ілінген  ол,  таң  атып,  күн  көтерілгенше  тұяқ  серіппеді,

əкесінің, тұрып кеткенін де білмеді.

Тысқа  шығып  кеп  намазын  оқып  алған  Шыңғыстың  іші  Шоқанды

ойлағанда  қатты  уылжуда.  «Енді  оқуда  қалады»  деп  сенген  ол,  «қалғанда

қайтер  екен?»  деген  оймен  əуре  -сарсаң  болып,  əрі  тентегін  тастап  кетуге

қимай, оңашаласа - ақ жылап шаршайтын болды. Түнде де сол сезім бойын

билеп,  жыласа  «Шоқанды  оятып  алармын»  деген  қауіппен,  өзін  өзі  əрең,

ұстады. Тысқа шыға, дəретін оңашалау бір тұста сындырған ол, көз жасына

не  бола  алмай  ағыл-тегіл  болып  кетті.  Намазды  да  ол  осындай  халде

оқыды.  Сонда,  іштей  де,  сырттай  да  тілері,  –  «о,  жасаған  жаппар  ие,

осылай, жақсылыққа жылата гөр!»

Таңертеңгі тағамды ішерде іздетсе – Шоқан жоқ! Ол қайда?!

Шыңғыстың үрейі тағы да ұшуға айналған шақта, баланың қайда екенін,

Қызылжардан еріп келген атшы айтты.

– Күйменің ішінде жатыр, – деді ол. – Ұйықтаған болып жатыр. «Болып»

дейтінім: қалай оятсам да оянбайды. «Өлі» дейін десем, – тірі!

Атшыға  оянбаған  Шоқан  басқаларға  да,  Шыңғыстың  өзіне  де  оянбады.

Ендігі  «ұйқысы»  түсінікті.  Қайтсе  де  оқуға  қалдырғысы  келген  Шыңғыс

ашудан жүрегі лоблып тамақ ішпеді де, аттарын жектірді, буынып-түйінді,

содан  кейін  күймеге  кеп,  қатал  дауыспен  «Қанаш!..  Тұр!»  деп  еді,  бала

былқ  етпеді.  Зығырданы  қайнап  кеткен  Шыңғыс  Шоқанды  күймеден

тымақтай жұлып алды да, дыбыс бермей, қанын ішіне тартып сазара қалған

баласын,  екі  жағынан  шапалақпен  тартып-тартып  жіберіп,  итеріп  кеп

қалды.  Қарулы  қолдың  күшінен  Шоқан  шалқалақтап  барып  ұшып  түсті.

Денесі дірілдеген Шыңғыс күймеге тəлтіректеп əрең мінді де:

– Айда, аттарды! – деді ылаушыға құмыққан дауыспен.



Бабына келген аттар, ашық қақпадан шығып жорта жөнелді...

Бұл арада бұл көрініске куə боп бірталай жүргіншілер жəне Варвара тұр

еді.

–  «Хан  тұқымы  тас  жүрек»  дейтін  еді,  –  десті  жолаушылардың



бірталайы үн қоса, – рас екен-ау!..

Одан əрі бірін-бірі тыңдамай дабырласып кетті. Бірақ сөз əлпеттері біреу

ғана. Баласына Шыңғыстың мейірімсіздігі.

Қатты  құлағанда  талып  қалды  ма,  əлде  ыза  буып  тастады  ма?

Шалқасынан қимылсыз сұлық жатқан Шоқан, сол қалпында ұзақ жатар ма

еді, қайтер еді, егер оны көпшілікпен бірдей аяп тұрған Варвара қозғамаса.

Тұрғысы  келмеген  Шоқанды  тырмысуына  қарамай  күші  кеп,  қолдары

қарулы  Варвара  еріксіз  көтеріп  алды  да,  əй-түйіне  қарамай  жататын

бөлмесіне  көтеріп  алып  келді.  Шоқанның  ұйықтаған  төсегі  жиналған  жоқ

еді, Варвара оны сол төсекке əкеліп қисайтты. Шоқан үн-түнсіз бола қалды.

Енді не боларын сырттан бақылағысы келген Варвара шығып кетті.

Шоқан  сол  жатқаннан  ұзақ  жатты.  Варвараның  тамақтандыру  ниетімен

бірер  рет  баруы  босқа  кетті.  Бетін  үйдің  қабырғасына  қаратып  ұйықтаған

боп  бүктетіле  жатқан  Шоқан  Варвара  қалай  қозғаса  да  оянбады.  Бұл

қалпында  өлік  сияқты.  Бірақ,  тамырын  басып,  құлағын  арқасына  тақап

тыңдаса,  жаны  бар,  тамыры  да,  жүрегі  де  дұрыс  соғады.  Содан  кейін

Варвараға келген ой, – «жата берсін, қарны ашқанда тұрар».

Шоқан осылай үн-түнсіз, қимылсыз күн түске тармасқанға дейін жатты.

Ол одан да ұзақ жатар ма еді, қайтер еді, егер Григорий келе қалмаса. Оның

таңертең  келмеуі,  ішкі  тəртіпті  сақтаудың  күзетіне  тұрып  қалғандығы  еді,

кадет  корпусының  үй-жайларын  кеше  көріп,  қызығуына  қарағанда

Шоқанды  бұндай  халға  келеді  деу,  үш  ұйықтаса  ойында  жоқ  еді,  енді

Варварадан білсе, мейлінше бүлінген.

Шоқанның  тікшіл  мінезін  аңғарып  үлгерген  Григорий  бөлмесіне  бірден

кіріп баруға бата алмай, қора ішінде əлденелерді ермек қып біраз жүрді де,

одан жалыққан шақта Шоқанның бөлмесіне кірді. Шоқан манағы қалпында

еді. Григорийдің дыбысы мен қимылына да ол қозғала қоймады. Бұнысын

өтірік  ұйықтауға  жорыған  Григорий,  білетін  жұбатпақ  болып  недəуір

сөйленді.  Шоқанда  дыбыс  та  жоқ,  қимыл  да  жоқ.  Бұл  тəсілінен  ештеңе

шықпаған  соң,  Григорий  Шоқанның  басын  күшпен  көтеру  қимылына

кірісті.  Ол  бойы  шарға,  талдырмаш  болса  да  өзі  жығылмайтын  да,

жеңілмейтін  де,  тарамыс  мықты  бала  еді.  Ойнап  жүріп  күрескенде

Шоқанды бір рет жығып та кеткен, бір ретте ит - жығыс та түскен. Сонда

байқағаны шынтуайтқа келсе, оны дендерлік те түрі бар.

Сол күшіне салған Григорий, Шоқанның былқылдаған денесін, төсектен

еріксіз  көтерді.  Сонда  ғана  оянған  болған  Шоқан,  көзін  кең  ашып  қарады



да, ызбарланған кескінмен.

– Жібер, Керей! – деді.

– Жібермеймін, – деді Григорий құшағын қысыңқырай түсіп.

– Жібер, ұйықтаймын.

– Жібермеймін, Қанаш. Бəрін де естідім. Əкең кеткен. Сенің ендігі үйін,

– кеше өзің ішіне кіріп, қызығып шыққан кадет корпусы. Кетеміз сонда.

Шоқан зілдене қарады да, үндемеді.

– Əлде, осы үйде тұрып оқисың ба?

Тағы  да  үндемеді  Шоқан.  Оның  есіне  Григорийдің  кешегі  бір  айтқан

қылжағы түсе қалды. Былайша момын мінезді бала болғанмен, Шоқанның

байқауынша  Григорий  көп  нəрсені  аңғаратын  сұңғыла,  жəне  қаршадай

қалпында  боғауызды  да  көп  айтатын  зəршөп  екен.  Сондай  бір  қылжақ

сөздерінің арасында, Варвараны сықақтаған бірдемелерді айта кеп:

–  Жас  жігіттерге  құмар  деседі.  Əсіресе,  əскердегі  жастарға.  Олардың

кейбірін қолынан өсіріп алады дейді, – деген.

– Қалай?! – деген Шоқан.

–  Бай  əйел.  Үйі  де  кең.  Асы  да  мол.  Офицерлер  училищесінде  оқитын

балалардан  түбінде  ірі  денелі  жігіт  болар  деп  дəмеленгенін  үйіне  пəтерге

қойып, тамағын тегін беріп, есіретін көрінеді де, содан кейін...

–  Кет!  –  деген  бұл  сөздерге  сенбеген  Шоқан,  ар  жағын  айтқызбай,  –

сөйтуші ма еді?..

– Нанбасаң үйінде тұрып көр!

Бұл сөз сонымен біткен. Енді, міне, құшағында отырған Григорий «əлде

осы  үйде  тұрып  оқисың  ба?»  дегеннен  кейін,  бұнысын  мазақтауға  жорып,

ішінен жиырыла қалды.

– Бұнда тұрып оқимын десең дауым жоқ, - деді Григорий.

–  Босат!  –  деді  ашуы  керней  түскен  Шоқан  жұлқынып.  Зорлап  ұстауды

ыңғайсыз  көр  Григорий  құшағын  жаза  бергенде  –  Жөніңе  тайып  отыр!  –

деді Шоқан жекіп.

– Сені тастап кетпеймін, – деді Шоқанға ілесе түре келген Григорий.

– Менде не əкеңнің құны бар?

– Бір жəйлі боларыңды білмей кетпеймін.



– Жоқ, кетесің!

– Кетпегенде не  қыласың? – деді  Григорий. Бұл сөзді  ол назды қалжың

есебінде айтқан еді, даусы ұрсысқысы келгендей болып естілді.

– Кетпесең, көрсетем мен саған, не қылғанды. Жаның, барда кет! – деді

Шоқан, көздерін де, жұдырықтарын да түйіп, – кетесің бе, жоқ па?

Ашуланған  шақта,  Шоқанның  көздерінің  қанталай  қауын  Григорий

байқаған  еді.  Қазір  де  сөйтіп,  көздерінің  ағы  жел  үрлеген  шоқтай  қан-

қызыл  боп  жайнай  қапты,  қадай  төнген  қара  шыбықтары  өткір  найзаның

үшіндей сүйірленіп кеткен.

Далаға шыққансын Григорий Варварамен ақылдасып, кетіп қала ма деп

қауіп ететінін білдіріп еді:

–  Мазасызданба,  –  деді  ол.  –  Жөніңе  бара  бер.  Өзім  бақылаймын.

Ешқайда жібермеймін. Ертең келерсің.

Шоқанды күндіз сырттан бақылаған Варвара, ымырт жабыла ол жатқан

бөлменің  есігіне  құлағын  тікті.  Ол  «тышқанның  жорғалағанын  сезеді»

дегендей,  аса  сақ  құлақ  адам  еді.  Сондай  сезімталдығымен  тыңдаса,

Шоқанның  пысылдаған  дыбысы  естіледі.  «Бұнысы  қалғуы  болар»  деген

ойға  келген  Варвара  «ұйқы  теңізіне  бата  түссін»  деген  оймен  кетіп  қалды

да,  үйінін,  орындалуға  тиісті  жабдықтарын  түгендей  бастады.  Сол  кезде

жалшы жігіттерінің біреуі:

–  Таңертең  кетіп  қалған  подполковник  қазақ  келіп  тұр,  –  деген  хабар

айтты.


– Қойшы! – деп шошып кетті Варвара.

– Рас.


– Қайда?

– Қақпа сыртында.

– Аттарымен бе?

– Жаяу. Сізге жолығамыз дейді.

Неге келуіне қайран қалған Варвара барар - бармасын білмей кідірген:

– Рас айтам, – деді жалшы, – тез келсін дейді.

Варвара  қақпа  сыртына  шықса,  подполковник  емес,  басында  жалбағай,

үстінде  түйе  жүн  шекпен,  аяғында  қазақы  етігі  бар  біреу  тұр!..  «Мынасы

кім?!» дегендей Варвара шегіне беріп еді:


–  Мен,  Варвара  Викторовна,  –  деді  Шыңғыс  ақырын  ғана  дыбыстап.  –

Менің ұлым не халде?

– Ұйқыда, – деді Варвара Шыңғысты даусынан танып.

– Қайда?


– Өз орнында.

– Қайдан келіп қалдыңыз?

– Оны кейін айтармын. Əуелі баламды көріп шығайын.

– Оятып алмасаңыз, – деді Варвара.

– Еппен басып барам да тек бетінен ғана иіскеп шығамын.

– Оянып кетіп айырылмай жүрмесе?

– Тəуекел.

Қақпаға бірге кірген, үйге бірге жақындаған Варвараға:

– Мүмкін болса өзім ғана кіріп шығайын, сіз қалыңыз! – деді Шыңғыс.

– Мақұл, – деді Варвара, – жарық керек болар сізге. Бөлме қараңғы.

– Қараңғы болса да табармын, жарықтың керегі жоқ, – деді Шыңғыс.

Бөлмеге  жақындай  бере  жасқа  булыққан  Шыңғыс,  «бала  сезіп  қалар»

деген ойдан аузын əрең, ұстап бөлмеге кірді де, босаңсыған буындарына ие

бола алмасын көріп, есіктен аттай отыра қалды да, ар жағында еңбектеуге

ғана шамасы келді.

Шоқанның  ұйқысы  аса  қатты  екен.  Сақалынан  жасы  шұбырған  əкесі,

жоғарғы жақ құлақ -шекесіне мұрнын ақырын ғана тигізіп, Шоқанды емес,

һауаны  құшырлана  иіскеуін  сезген  жоқ.  Қадалып  иіскегісі  келгенмен,

«оятып  алармын»  деп,  «оянса  қалмай  қояр»  деп  ойлаған  Шыңғыс  əлгі

иіскеуден  құмары  қанбаған  соң,  неге  екенін  кім  білсін  қатты  құшырлана

өзінін, жұмған жұдырығын иіскеді. Сол кезде көзінен сорғалаған жасының

бірер бейсауат тамшысы Шоқанның бетіне домалай қалды. Салқын тамшы

шыбын  қонғандай  əсер  берген  Шоқан  ұйқылы  қалпында  –  «аппа!»  деп

қалды  да,  бері  аунап  түсті.  Шыңғыс  еппен  артына  қарай  шегінді  де,

Шоқанның  тағы  да  ұйқыға  кетуін  мұрнының,  пысылынан  аңғарып,  «енді

соқтықсам оятып алармын» деген қауіппен, арындауық аттай төрт тағандап

көткеншектеген  қалпымен  есікке  жетті.  Сол  арада  есіктің  жақтауынан

ұстап,  əрең  түрегелді  де,  енді  өзіне  ие  бола  алмасын  аңғарғандай  есік

сыртына жылдам сып беріп жөнелді...


Варвара оны сыртқы есіктің алдында күтіп тұр екен. Шыңғыстың көзіне

жас алғанын аңдаған ол шошып кетті.

–  Не  болды,  Чингиз  Валиханович?!  –  деген  үрейлі  сұрауына  жауап

бермеген Шыңғыс үнсіз орманға бет түзеді.

Варвара аң-таң.

Оқырмандарға  ескерте  кететін  нəрсе,  -  таңертең  аттанып  кеткен

Шыңғыс, сол қалпымен кете бармай, кедейлеу татардың елеусіздеу, қаладан

шетірек жобалғы үйіне пəтерге түсіп, баласынын, ау-жайын біліп болғанша

кетпеуге,  астыртын  хабар  алып  тұруға  бекінген  еді.  Шоқанның  оқуда

қалмауына көзі жетсе, алып қайтуға зауқы соғып кетеді. Ол Шоқанның хал-

жайын  білуге  жырақ  жерден  жыныс  орманның  ішімен  жаяу  келді,  қайда

барарын  ешкімге  сездірмеді.  Ұйқыдағы  Шоқанды  иіскеп  қайтқанда

«қалғысы келмесе алып кетем» деген ойына бекіне түсті.

Шыңғысты  орман  ішіне  көзінен  жөнелтіп  салған  Варвара,  қараңғы

бөлмеде  жалғыз  жатқан  Шоқанды  «түнде  оянса  шошыр»  деді  ме,  əлде

əкесінің  жылап  кетуінен  аяды  ма,  Шыңғыстың  қарасы  үзілгеннен  кейін

еппен  басып  Шоқанның  бөлмесіне  кірді  де,  төсектік  белден  басқа

киімдерін  шешіп,  үстеріне  жұқалау  жамылтқышты  айқара  жауып,  бері

қарап  жатқан  Шоқанды  құшағына  ала  қисайды.  Əлдекімнің  құшақтауын

денесі  сезгендей,  «əкем  бе?»  деп  ойлағандай,  ыңырана  беріп  қайта

қалғыған Шоқан, Варвараның бауырына жабыса түсті.

Варвара  да  тез  қалғыды.  Олар  сол  құшақтасқан  қалпында  күн  көзі

көкжиектен  көрінгенге  дейін  жатты.  Сол  кезде  ұйқысы  мейлінше  қанған

Шоқан  ояна  келсе,  əлдекімнің  құшағында  жатыр!  «Əкем  келген  бе?!»

дегендей  қараса,  рахат  ұйқыдағы  Варвара.  «Бұ  несі?!»  деп  шоши  қалған

Шоқан тұрайын десе, Варвараның «жуандығы семіз құлынның санындай»

дерлік ауыр қолы айқара құшақтап жатыр!..

Шоқан сытылуға жанталасқанда Варвара оянып кетті.

– Жата тұр, Қанаш! – деді ол құшағын қыса түсіп.

Қанша  тырмысқанымен,  бұл  қатты  жəне  ауыр  құшақтан  шыға  алмасын

көрген Шоқан:

–  Босат!  –  деп  шыңғырып  жылап  жіберді  де,  онда  да  босаға  қоймаған

соң,  Варвараның  қарнынан  бар  пəрменімен  қыршып  алды.  Түлкінің  өткір

тісі  тигенде  қыңсылай  қап  қаша  жөнелетін  қаншықтай  бақырып  қалған

Варвара, құшағын жазып жіберді.

Тұра қашқысы келген Шоқан жеткенше, Варвара есікті басып қалды. Есі

сонда  ғана  кірген  Шоқанның  көзі  Варвараның  денесіне  түссе,  тұла  бойын

туырылған  қатпар-қатпар  май  екен.  Тұрпатынан  адам  шошырлық.  Күні



кеше,

осы


үйдегі

харчевняға

арналып,

Шоқанның

көзі

бұрын


кездестірмеген,  аса  семіз  ту  сиыр  сойылған  еді.  Мынаның,  денесі  аумаған

сол!


Шоқан тұсындағы көшпелі ауылда сиыр малы өте аз болатын. Кедейлер

болмаса,  ауқаттылар  сиыр  етін  жемейтін.  Тек  Шыңғыс  қана  «сиырдың

сорпасы  ішуге  жақсы  болады»  деп  бір  семіз  сиырды  қыс  басында

сойғызып, ара-тұра турамшылаған кеспе ішетін. Сиыр малый «сасық» деп

ұғатын  ауыл  əдетімен,  Шоқан  да  сиыр  етінен  жеріп  аузына  салмайтын,

сорпасын  да  татпайтын.  Варвараның  харчевнясынан  кеше  сорпа  ішем  деп

құсып  тастаған.  Сойып  жатқан  семіз  сиырдың  қасына  барғанда  күлімсі

сияқты иісінен жүрегі айнып кетіп қалған.

Шоқанға Варвараның күлімсі иісі сиырдан да жаман сияқтанды. Шоқан

лоқси бастады.

–  Эх,  ты  акаянный!..  Чертов  сын!..  Дикарь  степной!..  Я  тебе  покажу  -

деп,  Варвара,  майлы  жуан  жұдырықтарын  бір-біріне  қатты  соққанда,

сиырдың  илеген  жапасындай  шылп-шылп  етті.  Онымен  де  қоймай,  -

задушу тебя - деп ұмтылғанда, Шоқан сасқанынан бұрышқа тығылды.

Бұл жағдайдың немен тынары мəлімсіз еді, егер Григорий кіріп келмесе.

«Қаннен  қаперсіз»  дегендей,  ойында  Шоқанның  халын  білуден  басқа  еш

нəрсе  жоқ  Григорий,  бөлмедегі  көріністен  шошып  кетті.  Оның  келгенін

аңғармады  ма,  əлде  ашуы  есінен  тандырды  ма,  -  Варвара  түйенің

табанындай  жұдырықтарының,  екеуін  де  түйіп,  білектерінің  салбыраған

майлары  толқынданып,  бетін  басқан  майлары  қайнатқан  құрттың  бетіндей

бүлкілдеп Шоқанға міне түсуге таянып қалғанда:

–  Не  болған  сізге?!  –  деп,  Григорий  Шоқан  мен  Варвараның  арасына

түсе  кетті.  Шоқанға  көзі  түссе,  айдаһар  арбаған  қоянның,  кежегі  сияқты

қалш-қалш,  дір-дір  етеді.  Көздері  шарасынан  сыртына  тепкен  Варвараның

тоқталар түрі жоқ...

Кадеттер  бірінші  кластан  бастап,  белбеуіне  «кортик»  аталатын  қанжар

асып  жүруші  еді.  Ол  Григорийде  де  бар  болатын.  Не  екенін  білмегенмен,

Шоқан мен Варвараның арасында жаман бір оқиға болғанын жорамалдаған

Григорий,  қанжарын  қынабынан  суырып  алды  да,  Варвараға  өткір  ұшын

оқтана беріп:

– Қоймасаңыз, жарамын! – деді, қанжарды көргенде ғана адамдық есіне

кіргендей Варвара шегіне бастады.

–  Жарам!..  Құдай  біледі,  жарам!..  Шық  үйден,  тез!..  Əйтпесе  шалған

шошқадай  шыңғыртам!  –  деп,  шегінген  Варвараға  Григорий  төне  түсті...

Есіктің  табалдырығына  сүрінген  Варвара,  арғы  коридорға  былш  етіп

шалқасынан  түсті.  Григорий  есікті  жаба  қойып  Шоқанға  қарады.  Есі  жаңа

ғана кіргендей болған Шоқан, Григорийге қарсы жүріп, құшақтай алды да:


– Керей!.. Күргерей!.. Бауырым! – деп еңіреп қоя берді.

Оған жылаудан тыйылу қиын болды... Тыйылған шақта айтқаны:

– Бұл үйден кетем, Керей!..

Не болғанын Шоқан Григорийге айтқан да жоқ, ол сұраған да жоқ. Оның

білгісі  келіп  тұрғаны,  –  «кетейік»  деген  Шоқанның  қайда  кетуді  айтуы.

Сондықтан Шоқанның аузына сөз салып:

–  Кетеміз..  Өзің  көрген  кадет  корпусының  үйіне!  –  деді.  Шоқан

үндемеді.

Григорийдің естуінше, Шыңғыспен келісімі бойынша, оқуын бітіргенше,

Варвара  Шоқаннан  пəтер  ақы  да,  тамақ  ақы  да  сұрамай,  керек  деген

ақшасын да беріп күтетін болған. Шоқан кадет корпусында сырттай оқитын

болған.  (Ондайлар  бұрынғы  училищелерде  болған,  кадет  корпусына  да

қолданылған.) Корпустың начальнигі – Шрамм, жолыққан Шыңғысқа:

–  Өзіңіз  біліңіз.  Корпустық  қаражатына  алуға  да  болады,  басқа

мүмкіншілігіңіз  болса  ықтияр,  –  деген.  «Əскерлік  оқудың  қаражатына

оқыса,


тоқ-жарау

болар»


деп

ойлаған


Шыңғыс,

Варвараның

«мырзалығымен» пайдаланбақ болып, тамырын басып көргенде:

–  Тұрсын.  Еш  нəрседен  тарықтырмаймын,  –  деген  Варвара.  Шыңғыс

бұны Шоқанға айтқан. «Кадет корпусының тұрмысы таза болғанмен, мұнда

молшылық» деп түсінген Шоқан көнгендей кескін білдірген.

Енді,  мына  қылығын  көрген  соң,  Шоқан  өлсе  қалар  ма,  бұл  үйде?..

Сондықтан  Григорийдің  «кеттік!»  деген  сөзіне  ол  да  «кеттік»  деді.  Шоқан

елден бірталай киім-кешек алып, бəрі үлкендеу бір саквояжға салынған еді.

Шоқанды  «кадет  корпусына  алынды»  деп  есептеген  Шыңғыс,  корпустан

Шоқанға  толық  обмундирования  берілетін  болған  соң,  пайдакүнемдік

салтына бағып жұқалау бірсыдырғыларынан басқаларын саквояжға салған

қалпымен алып кеткен, оған «көйлек-көншегіңді саларсың» деп кішірек бір

дорба ғана қалдырған. «Кетейік» деген Григорий оған:

– Жүгің қайда? – дегенде, Шоқан:

– Міне! – деп аузын буған дорбаны ұсынды.

–  Кеттік!  –  деді  дорбаны  сол  қолына  алған  Григорий,  Шоқанды  оң

қолынан жетектей ұстап.

– Кеттік!

Қолдасқан екі бала кадет корпусының үйіне жөн тартты.

Шоқанды  Коробейникованың  үйінде  қалдырам  деп  бекінген  Шыңғыс,


Шраммен  сөйлескенде,  оқу  жағынан  эскадронный,  даярлық  класына

түсіруге  келіскен  еді  де,  жатақ  жайы  кеңес  болғанда  «пəтері  бар»  деп,

стипендия кеңес болғанда, «қаражаты жетеді» деп қана қойған еді, қайдағы

пəтер  екенін  айтпаған.  Соны  білетін  Григорий,  қолтықтап  алған  Шоқанға,

жатақханаға кіруді айтты. Бəрібір қораның ішінен табылатын жатақхана үш

үйде еді, рота үшін, эскадрон үшін жəне «дворян класы» аталатын, ардақты

кадеттер үшін. Соңғы класс Капцевич тұсында кілең дворян балалары үшін

ашылған.  Оларда  оқу  жəне  əскерлік  ойын  жағынан  əдеттегі  рота  мен

эскадронға  аралас  жүреді,  ал,  тұрмыс  салтында  дворян  еместерден

əлдеқайда  артық.  Григорийдің  ойынша  нəсілдік  жағынан  хан  тұқымдары

дворян тұқымымен теңдес, сондықтан ол, кеше де дворян класын Шоқанға

мақтап сөйлеген, бүгін де мақтап келеді. Бұл сөзінің аяғын:

–  Сен  дворян  балаларының  жатақханасында  болатын  шығарсың,

начальниктерге солай сөйлесетін шығармыз, – деп бітірді. Шоқан үндемеді.

Оның  себебі,  –  кеше  Варвараның  үйінде  құлағына  өнеге  сөздер  құйған

əкесінің екі жайды айтқанын Шоқан ұстап қалған еді, бірі – «сен қара қазақ

емессің,  хан  тұқымысың,  балам.  Сенің  арғы  тегің  -  хан  Шыңғыс  адамнан

емес,  Күншуақтан,  яғни  күннің  нұрынан  жаралған,  сондықтан,  сен

қарапайым  адамдардан  жаралған  құрбыларыңнан  кеудеңді  жоғары  ұстап,

олардан  оқуды  да  артық  үлгеруің  керек»  екіншісі  –  «мына  –  мен,  бірге

оқитын  орыс  балаларынан  бойымды  аулақ  салам  деп,  орыс  тілін  нашар

білдім. Сен өйтпе. Ертең оқуға түскенде кілең орыс балаларының арасында

бол,  сонда  орыс  тілін  жақсы  үйренесің».  Шоқан  ішінен  осы  ақылдарды

алуға бекінген. Түптегенде, Григорийге айтары да сол.

Күзетшіден сұраса, корпус кеңсесінде Старков қана бар екен де, Шрамм

жоқ екен. Старковтың кабинетіне кірер алдында:

– Қай жатақхананы қалаймыз? – деді Григорий.

Шоқан үндемеді.

– Əлде, менімен бірге болғың келе ме?

Шоқан басын шайқады.

– Дворяндармен ше?

Басын шайқады.

– Енді қайсысымен? – деді Григорий.

– Тек орыстың қарапайым балаларының арасында.

– Орыс тілін шалағай білесің ғой.

– Үйренем.



Тік мінезді Шоқанды ашуландырып алмайын деп ойлаған Григорий:

– Онда начальникке кірейік. Фамилиясы Старков, – деді.

Балалар  кабинетіне  кіргенде,  Шоқанды  бұған  дейін  көрмеген  Старков,

түр-тұлғасына  бір  қарағаннан  қызыға  қалды,  əсіресе  қалың  қабағымен,

құйрық  жағы  шықшытына  қарай  көтеріле  біткен  үлкендеу  қара  кезінің

қиығына,  қабақтан  шекесіне  қарай  қисая  біткен  қою  қасына,  көз  қарасы

пантераның  қамауда  тұрған  баласындай,  өңменнен  өтіп  барады.  Ажары

қоңырқай.  Егер  қара  өңді  болса  І-Петрдің,  сүйікті  арабына  ұқсатуға

болатын.

Начальниктерімен  қалай  сөйлесуге  кəнігі  болған  Григорий,  Шоқанның

тілегін  сыпайы  тілде  қысқаша  ғана  айтып  берді.  Оның  орыс  балаларының

арасында болғысы келген тілегі Старковқа ұнады.

– Орыс тілін тез үйренейін дегені екен бұл. Жігіт! – деді Старков.

Григорий  «орыс  оқуын  тез  меңгеріп  кетеді»  деп  желпілдеткенмен,

Старков,  -  «басынан  бастағаны  жақсы,  үлгеріп  бара  жатса  көрерміз»  деп,

Шоқанды даярлық кластың біріншісіне белгіледі. Оның не екенін білмейтін

Шоқан  қарсыласқан  жоқ.  Содан  кейін  Григорийге  еріп,  жатақхананың

тағайындалған бөлмесіне барса, жасау, жиһаз кешегідей болғанмен, жинала

бастаған  балалар  тым  ұсақ.  Кадет  корпусына  оқушы  алу  ережесінде

даярлық  кластың  біріншісіне  сегіз  жасар,  екіншісіне  тоғыз  жасар  бала

алынады.  Бұл  бөлмеге  сегіз  жасарлар  жиналып  жатыр  екен.  Шоқан

олардың арасында, көп ботаның арасындағы тайлақтай.

– Бұнда мен тұрмаймын, – деді Шоқан ұсақ балаларды көрген соң.

–  Ендеше,  менің  бөлмеме  барайық.  Онда  əзірге  бала  аз.  Ар  жағын

көрерміз.

Шоқан ол бөлмеге барса, көбі теңдестері.

«Шешуі  қиын  болар»  деген  бұл  мəселе  оңай  шешілді.  Шоқанның  хал-

жайын  білгісі  келген  Шыңғыс  Коробейникованың  үйіне  түнде  тағы  барды

да,  орнын  сипады.  Қалай,  қайда  кеткенін  Варвара  айтпайды.  Қадағалап

сұрайын десе:

–  «Балаңызға  күзетші  болам»  деп  расписка  берген  жоқпын.  Қаңғыбас

балаңыздың  қайда  кеткенін  қайдан  білейін,  білетінім  ертемен  шығып

кеткеннен  бері  жоқ,  –  дейді.  Қайталап  сұраса,  –  мазаламаңыз!  –  деп

ашуланады.

Тағы  да  қорқынышқа  шырмалған  Шыңғыс,  кадет  корпусына  барып,

Григорийге  астыртын  жолықты  да,  соның  жатақханасына  орналасқанын

естіді.  Варвара  мен  Шоқанның  арасында  болған  шатақты  Григорий


Шыңғысқа  айтпады.  Айтқаны,  -  «Бірге  оқитын  балалардың  арасында

болғысы  келеді».  Шыңғысқа  бұл  қуанышты  хабар.  Григорий  Шоқанның

қай класта оқығысы келетінін айтып, Старковтың бұйрығын баяндап еді.

– Онда қайттік, – деді Шыңғыс абыржып.

–  Естуімше,  «сол  кісі  пара  алады»  дейді.  «Пара  берсе,  сауатсыз  баланы

да қабылдай береді» дейді, – деді Григорий.

Астыртын  кісі  салып  көрсе,  Старковтың  сұрары  көп  емес  екен,  жүз

сомның маңайы ғана екен. Шыңғыс оған екі жүз сом өткізді. Шоқан бірінші

негізгі класқа «жылдың аяғында экзамен ұстай алмаса шығарылады» деген

шартпен  алынбақ  болды.  Бұл  саудадан  жəне  əкесінің  əлі  де  Омбыда

екенінен Шоқанның хабары жоқ.

Старковқа  берер  парасын  өткізіп,  баласын  орнықтырған  бұйрығын

естігеннен кейін Шыңғыс тəуекелге бел байлады да, «Қызылжар қайдасың»

деп тартып отырды.

Оқу  бастала  келе,  Сібірлік  кадет  корпусының  өмірінде  ерекше  бір

көрініс  болып  қалды.  Қысқы  қаникулға  дейін  Шоқан  орыс  тілін,  алдыңғы

қатарда  оқитын  орыс  балаларымен  бірдей  білді.  Өзге  сабаққа  да  ол  орыс

балаларынан  кем  түскен  жоқ.  Оқу  жылының  аяғында  бір  класта  оқитын

қырық баланың ішіндегі ерекше үлгеретін үшеуінің бірі болды.

Тағы  бір  ғажабы  -  оқуға  кірісе  ұйқышылдығы  қалды.  Ертемен  ерте

жұртпен  бірге  оянады,  қатар  жуынып,  тамақты  қатар  ішіп  үлгереді.  Түнде

жұрттан  кеш  жатады.  Жатақхана  тəртібінше,  шам  түнгі  сағат  11-де  сөнуге

тиісті.  Ол  тəртіпті  коридордағы  күзетші  қатты  сақтайды.  Сондай

күзетшілердің

қасындағы

өзге


кадеттер

ұйықтап


жатқанда

тумбочкасындағы сығырайма кішкене лампысын жағып кітап оқып жатқан

Шоқанды  сан  рет  ұстап  алғаны  бар.  Бұл  қылығы  үшін  басқаларды

жазалайтын тəртіпшіл урядник Шоқанға тимеді.

Бірінші  кластың  программасында  орыс  тілінің  грамматикасы,  есептің

теориясы, жер шарының Европадан басқа бөлшектерінің физикалық жалпы

географиясы, Азия мен Африканың көне мемлекеттерінің тарихы, христиан

дінінің  «жаңа  өсиет»  аталатын  кітабының  шығу  тарихы,  неміс  жəне  татар

тілдерінің тəжрибеде қолданылатын грамматикасы, əдемі жазу жəне сүгірет

салу  сабақтары  болатын.  Бұлардан  «татар  тілін»  жақсы  білем  деп  ол

сабаққа  қатынасқан  жоқ.  Христиан  дінінің  сабағы  мұсылмандар  үшін

міндетті емес еді, Шоқан «білгім келеді» деп ол сабаққа да қатынасты, тек

шоқынатын  орындарға  құлшылық  үшін  емес,  таңсық  үшін  қатынасып

жүрді, экзамен ұстағанда бұл сабақтан да «5» алды. Өзге сабақтардан тек,

есепке  ғана  шорқақтау,  басқаларынан  алдағы  қатарда.  Солардың  ішінде

неміс тілінен де, сүгірет салуда да бірінші орында. Əдемі жазудан ақсады,

əріптердің сызықтарын қағазға да, тақтаға да нашар түсіретін болды, бірақ

грамматика  шарттарын  жақсы  білгендіктен  бұл  сабақтың  да  балы  беске



қойылып жүрді. Физкультураға шорқақ. Оған бас себеп – еріншектігі...

Құсмұрынға  қайтқан  Шыңғыс,  онда  тоқырамай,  ұлы  отанымен

Сырымбеттегі  туыстарына  көшті.  Сол  жылғы  қыстың  аяғында  Омбыдағы

қазақ облыстарының басқарма председателі полковник – Карл Казимирович

Гутковский Құсмұрын дуаны таратылып, елі Көкшетау дуанына қосылуын,

біріккен дуанның сұлтан правителі болып Шыңғыстың белгіленуің білдіріп

ресми түрде Омбыға келуін хабарлаған.

Қуаныштан  жүрегі  алып  ұшқан  Шыңғыс,  Омбыға  табан  аузында  жүріп

кетпек еді, көктем ерте басталып, сол қыста қалың түскен қар ери жөнелді.

Ондай  кезде  лайланған  жер  арбалы  түгіл  салттыны  да  жүргізбейді.

Шыңғыс жер аяғы босап, саздың кебуін амалсыз күтті.

Жер  кеуіп  Омбыға  аттанғалы  жатқан  шағында  оның  құлағы  тағы

жақсылықты  шалды.  Омбыдан  келе  жатқан  əлдекім  Шоқанның  биылғы

оқуын  ерекше  бағамен  бітірген  хабарын  айтып  Шыңғыстан  сүйінші

сұрады. Содан кейін, қасына нөкерлерін ерткен ол, салт атпен Омбыға тіке

тартты.


Шыңғыс  Омбыға  жеткен  шақта  кадет  корпусының  оқушылары  жазғы

лагерьге  кетуге  жиналып  жатқан  еді.  Əкесінің  келген  хабарын,  пəтерге

қайда  түскенін  естіген  Шоқан  амандасуға  барған  жоқ.  Оны  «естімеген

болар» деп, өзі іздеп баруға үлкенсіп, Шыңғыс «шақырып кел» деп Абаны

жіберді.  Ол  барған  кезде  кадеттер  қора  ішіндегі  алаңда  доп  ойнап  жатыр

екен. Киімдері бірдей, бойлары шамалас көп баланың ішінен Аба Шоқанды

əрең  тауып  алды.  Аяғында  –  башмағы,  бұтында  –  трусиы  ғана  бар,  өзге

киімі  жоқ.  Шоқан  жүгіріп  ентігуден  танаулары  делдиіп,  терлеп-тепшіген

денесі  күп-күрең  болып  жүрген.  Сағынған  бейнемен  амандасқан  Абаға  ол

бірге жатып-тұрған адамдай бірер ауыз тіл қатты да доп қуып сапырылыса

жүгірген  серіктеріне  кетер  қалпын  байқатты.  Бірдемелерді  айта  бастаған

Абаға:


– Кейін! – деді ол жүгіре жөнеліп.

– Кейінің не, Қанаш-ау! – деді Аба артынан айқайлап. – Хан-ием келді!

Сол шақырады!..

–  Кейін!  -  деп  артына  қолын  бір-ақ  сілтеген  Шоқан  қызу  ойынға

араласып та кетті.

Одан  кейін  қалай  тосқанымен,  Шоқан  Абаның  қолыңа  түскен  жоқ.

Шапқылап  жүрген  Шоқан,  деңгейлес  келіп  қалғанда,  Аба  бірдеме  деп

қалса,  естімей  ме,  əлде  ойынды  қимай  ма,  əлде  жолағысы  келмей  ме,  –

ешбір тіл қатпастан, қарамастан кете барады.

Біраз  отырып  тоқтата  алмаған,  тіл  қатыса  алмаған  Аба  қажығандай

болды  да,  «əкесін  көрсе  бүйтпес»  деген  оймен  пəтеріне  қайтты.


Жолшыбайғы ойы: «Бұ несі жаным-ау?!.. Оқуға зорлап əкетуін əлі ұмытпай

жүргені ме?.. Менің жазығым не сонда, сөйлеспейтін?! Бұл хан тұқымының

осындай  қаталдығы  қалмайды  екен-ау!  Сүйегіне  бітеді  екен  ғой,  бұндай

қаталдық?!»

«Əке мен баланы араздастырып алмайын» деген оймен, Аба Шоқанның

түс бермеуін Шыңғысқа жұқалап қана айтып, «ойын қызығында жүр екен,

жөнді сөйлеспеді» деп қана келді. Ертеңіне Абаның:

– Өзіңіз барып қайтатын боларсыз, хан-ием? – деген сөзіне:

–  «Əке»  десе  іздеп  келер  өзі.  Балама  бас  иіп  қалай  барам?  –  деп  жауап

берді Шыңғыс.

Хабарын білмеуге шыдамаған Аба, сол күні кадет корпусына тағы барса,

балалар  лагерьге  кетіп  қапты.  Шоқан  да  бірге  кетіпті.  Бұл  хабарды

естігенде:

–  Бетінен  жарылғасын,  –  деді  Шыңғыс  қатал  даусын  жібітпей.  –  Қайда

болса да аман болсын. Тірі болса бір көрерміз.

Омбыдағы жұмыстарын бітіріп, аға сұлтандық дипломын алған Шыңғыс

Шоқанды іздеместен Көкшетауға қайтып кетті.

Шоқан екінші кластың оқуын сабақтас балалармен бір, яғни орыс тілін

олармен  бірдей.  білумен  бастады.  «Олар»  дегеніміз,  кілең  орыс  балалары.

Кадет  корпусы  түгіл,  оның  бастамасы  –  соғыстық  училищенің  отыз  үш

жылдық өмірінде бұл оқу орнында Шоқанға дейін бір де қазақ баласы оқып

көрген  емес-ті.  1826-32  жылдары  оқыған  Дмитрий,  Алексей,  Матвей

Əлғазиндар, Иван, Андрей Байғұловтар жəне Николай Асанов - тек қазақша

фамилиялары  ғана  сақталған,  ата-бабалары  шоқынып,  казак-орыс  болып

кеткендер  еді.  Училищенің  азиялық  бөлімінде  де  Шыңғыстан  басқа  қазақ

баласы оқымаған.



Кадеттердің  де,  оқытушылардың  да,  əкімшіліктің  де  көңілдерін  бірінші

класта-ақ  бөлген  Шоқан,  екінші  класта  көзге  ерекше  түсті.  Бұл  класта

бірінші

кластар


жалғанумен

қатар,


алгебра,

геометрия,

гректің,

македонияның, римнің тарихтары дүние жүзінің физикалық, азияның саяси

географиясы  жəне  француз  тілі  қосылды.  Бұл  сабақтардың  бəрін  озық

балалардың қатарында алып жүрген Шоқан өткен жылдың сабағында орыс

тілін  мүлтіксіз,  неміс  тілін  жазбаша  да,  ауызша  да  ұғынысарлық  дəрежеде

игерген ол, екінші класта француз тілін сөздіксіз оқи алатын халге жетті.

Өзге  сабақтарды  да  жақсы  үлгеретін  Шоқан,  өткен  жылы  да,  биыл  да

тарихтық  сабақтарға  ерекше  зиректігін  аңғартты.  Ол  кластас  жəне

жатақханалас  балалардың  ішінде  беделді  болып  алды  да,  біраздан  кейін

билеп-төстеп кетті.

Кадет  корпусының  оқу  жұмысын  Иван  Николаевич  Ждан-Пушкин

атқаратынын  жоғарыда  аңғартқанбыз.  Əскерлік  те,  жалпылық  та  білімі

жоғарғы  дəрежелі  бұл  адам  корпустың  оқу  тəртібіне  аса  қатал  еді.  Ол

кадеттерден  оқу  кезінде  де,  бос  кезде  де  уставтық  тəртіпті  бұлжытпай

орындауын  талап  ететін.  Сабақ  уақытында  тəртіпке  жатпайтын  қылық

көрсеткен  кадетті,  ол  бұрышқа  тұрғызып  қоюдан,  жұмалық  демалысқа

шығармаудан,  асқынып  бара  жатса,  каникулға  босатпаудан  бастап,  оқудан

мақрұм  етуге  дейін  баратын.  Сондықтан  өзге  оқытушылардың,  алдында

кейде аздап еркінситін кадеттер Ждан-Пушкиннің алдында өздерін қапыда

қасқырға қарсы келіп қалған қояндай ұстап, селтие қалатын.

Балаларға  басшылық  ететін  Шоқан,  жаңағыдай  қатал  мінездері  үшін

Ждан-Пушкиннің атын – «Немвруд» қойып алды. Онысы – ескі Вавилония

империясының  тұсында  патшалық  құрған,  ете  қатал  болған,  мұсылман

елдері  «Намруд»  деп  атап,  (құранда  солай)  қаталдығы  үшін  «Шиддат

(қаһарлы,  қатал  деген  сөз)  лақабын  қосқан,  сөйтіп,  ислам  тарихында

«Намруд  шиддат»  аты  қалған  адам.  Бір  күні  «Немвруд»  лақабын  ести

қалған  Ждан-Пушкин,  «ол  кім?»  деп  сұрастырғанда,  ешкім  де  білмей,

ақыры,  тарих  оқытушысы  –  Гонсевский  ғана  айырған.  Ол  лақапты

таратушы кім екенін таба алмаған.

Ждан-Пушкин корпуста математика сабағын да береді екен. Бұл сабаққа

шорқақ Шоқанға, оның бір мезетте қатты ұрысқаны бар. Шоқан оған содан

өшіккен.  Тағы  бір  сəтте  Шоқан  оқитын  класқа  бір  топ  бала  жиналып,

əлденені  ермек  қып  отырса,  Ждан-Пушкин  кіреді.  Ол  «мезгілсіз  неге

жиналдыңдар» дегендей, кадеттерді қорқыта қарап аз тұрады да, үн-түнсіз

шығып кетеді. Сонда Шоқан есікке жүгіріп барып, ішкі жақтан тірей қояды

да, қатты ысқырып қалады. Бұл дыбысты естіген Ждан-Пушкин кім екенін

білгелі класқа қайта кірейін десе, іштен ашпай тұр!..

Ыза  болған  Ждан-Пушкин  есікті  төмпештей  ұрып,  əрең  дегенде  еріксіз

аштырады. Сонда «кім» деген сұрауға ешкім жауап бермей отырып алады.


«Бəрібір  айтқызам»  деген  ашумен  шығып  кеткен  Ждан-Пушкин  қанша

тексергенмен  артынан  да  анықтай  алмайды.  «Соның  жазасы»  деп  Ждан-

Пушкин  əлгі  балаларға  бір  ай  демалыс  бермейді.  Сонда  да  біле  алмайды.

Ақырында амалсыздан «кешіреді».

Ішкі  тəртіптің  начальнигі  Старков  екенін,  оның  парақор  екенін  білеміз.

Кадеттер  бір  кезде  соның  атын  Талейран  қойып  алды.  Бұны  да  Шоқан

шығарған  еді.  Оның  да  кім  екенін  Старков  Гонсевскийден  білді,  бірақ

кімнен шыққанын ол да таба алмады.

Григорий  Потанинмен  достық  қарым-қатынастарын  ұзарта  жəне

нығайта түскен, бірақ, қашан жолықса да, тек орыс тілінде ғана сөйлесетін

Шоқан жатақханада өзімен қатар төсекте жататын, оқу кезінде бір партада

отыратын  Федор  Николаевич  Усов  деген  баламен  дос  болып  алды.  Бұдан

екі  жас  кіші  Усовтың  бойы  недəуір  биік.  Сол  сорайған  бойына,  денесінің

сидамдығына,  қылқиған  мойнына,  қоңқайған  мұрнына  қарап  ажуалаған

кадеттер  оған  «Павлин»  деген  лақап  тағатын,  онысы  –  Россияда  сирек

кездесетін,  күнгей  Америкада  болатын,  бойы  тырна  тəрізді  сидам  құс.

Қазақтар  оны  «Қоқи  қаз»  дейді.  Ертістің  Кереку  мен  Семей  арасындағы

жағасында  отыратын  Капитан  станицасынан  келген  ол,  қазақтың  тіліне

Григорийден  əлдеқайда  жетік  жəне  ішіне  «қ»,  «г»,  «н,»  əріптерін  қоса,

қазақ  сөздерін  ешбір  акцентсіз  айтады.  Оған  да  Шоқанның  қойған  шарты.

«Менімен бір ауыз да қазақша сөйлеспейсің».

Оқуға зиректік жағынан Шоқан мен Усов қатар оқитындардың ішінде ең

озығы.  Бақастасып  оқитын  олардан  Усовтың,  озық  жері  –  ағылшын  тілі

ғана.  Бұл  тіл  кадет  корпусының  төртінші  класына  ғана  кіруге  тиісті.  Оған

дейін Усовтың біліп алуы əкесі Николай Гордеевич Россияның Лондондағы

соғыстық көп жыл қызмет атқарған екен де, бірге жүрген шешесі ағылшын

тілін жақсы үйреніп қайтқан екен. Федор əке-шешесі Россияға оралғаннан

кейін  туған.  Шешесі  оған  ағылшын  тілін  есі  кіре  үйрете  бастап,  кадет

корпусына  бастауыш  біліммен  он  жасында  түскен  шағында,  ағылшынша

таза  сөйлейтін  болды.  Кадет  корпусында  ол  ағылшын  тілінің  сабағын

жоғарғы  кластарда  өте  бастады.  Шоқан  француз  тілінен  Усовтан  озық

болды, ал, неміс тілінен екеуі «ит - жығыс» түседі.

Зирек  Усов  ескі  римнің,  тарихынан  хабардар  бола  бастаған  шақта,

қалжыңды  түрде  Шоқанды  –  (ақ  сүйек)  патрицей,  өзін  –  плебей  (қара

сүйек) деп атады. Шоқан оған масаттанбаса, ренжіген жоқ.

Усовтың  бір  қылығы  Омбыдағы  чиновниктер  мен  əскери  бастықтардың

көбімен үйір, олардың қызмет орындары былай тұрсын, үйлеріне де барып

жүреді.  Корпуста  өзімен  қатар  Шоқан  Уəлиханов  есімді  зирек  бала

оқитынын, таныстарына бірінші болып мəлімдеген сол.

Усов  1849  жылдың  көктемі  кезінде,  бір  бөлмеде  жататын  балаларға

жаңалық хабар əкелді.


– Қызық болып жатқан көрінеді, Европада, – деді ол.

– Не қызық?

– Европаның бірнеше мемлекеті патшаларын құлатып жатқан көрінеді.

– Қойшы - ау?!

– Рас.

– Қандай мемлекеттер?



– Франция, Австрия, Германия, Италия.

Бұндай мемлекеттер барын кадеттер географиядан біледі.

– «Патшалардың орнына кім тұрады» дейді?

–  Мына,  мен  сияқты  плебейлер!  –  деп  Усов  кеудесін  қақты.

Қалжыңдағыш балалар:

– Ал, мына Чокан Чингисович сияқты патрицейлер ше? – деген сұраққа:

–  Біздің  Россиядан  басқа  Европада  ондайлар  карталарын  ұтқызып

болды, – деді Усов.

Өзін  «патрицеймін»  (ақ  сүйекпін)  деп  түсінетін  Шоқан  бұл  сөзге

намыстанғандай болып:

–  Россия  патшалары  аман  болса  жетеді,  басқалары  к  черту!  –  деді

Шоқан.


Шоқан  мен  Усовтың  арасында  тұтанған  осы  бір  егес,  содан  кейін

жалғаса,  өрши  берді.  Бұлайша  үдей  беруіне,  корпус  оқуының  үшінші

класынан басталған – орта тарих сабағы себеп болды. Оқытушы – Вильна

университетін бітіріп келген жас жəне жігерлі Гансевский.

Ол  кездегі  орта  тарих  өркендеу  (возрождение)  кезеңінен,  яғни  он

төртінші  ғасырдан  басталатын  еді  де,  француздың  он  сегізінші  ғасырдың

екінші  жартысындағы  ұлы  революциясымен  аяқталатын  еді.  Іштей  өзін

якобинцтер  қатарына  қосатын  Гансевский,  бес  ғасырға  созылған  өркендеу

дəуірінен,  демократтық  жақтарын  мадақтай,  реакциялық  жағын  жамандай

баяндайтын. Осы бағытын тереңдете түскісі келген ол, Европаның бірнеше

мемлекетінде  еткен  жылы  ғана  жасалған  48-жылдың,  революциясын  да,

оқу  программасында  жоқтығына  қарамай  білгенінше  баяндап,  венгер

революциясының  халық  өкілі  -  Петефиді,  италия  революциясының  халық

өкілі – Гаррибальдиді көтермелей сөйлейтін. Өркендеу дəуірінен Шоқанға

ерекше ұнайтын адам - Леонардо да Винчи. Шоқанның сол сияқты əрі жан-

жақты ғалым, əрі əдебиетші, əрі суретші болғысы келеді. Жəне ол «болам»



деп сенеді де.

Əкімдерден  жəне  қолбасшылардан  Шоқанды  ерекше  қызықтыратын

адам,  –  бірінші  Наполеон.  Франциядағы  аз  ғана  халық  –  Корсикадан

шыққан  оның  өміріне,  ісіне  байланысты  əдебиетті  қадала  оқыған  Шоқан:

«Шіркін, бағым сондай жана қалса!» деп қиял етеді.

Европаның орта тарихындағы мəселелер жайында сөйлескен Шоқан мен

Усов  үнемі  екі  жақты  пікір  ұстайды.  Шоқан  –  монархияны,  Усов  –

демократияны жақтап, бірімен бірі келісе алмайды.

Бұл тартыс бара-бара тереңдеп кетті. Оған себеп, төртінші класта Россия

тарихының  оқылуы  еді.  Ол  сабақты  Ждан-Пушкин  жүргізді  Монархиялық

ұғымдағы  ол,  арғы  тегі  Киевтің  князі  –  Рюриктен  басталатын  орыс

ақсүйектерінің  шежіресін  баяндай  келіп,  бер  жағында  Романовтардан

патша болғандарды мақтайды да отырады.

Оңашаланған  шақта,  осы  жайда  Шоқаң  мен  Усов  тағы  да  керкілдесіп

қалады.  Əсіресе  Романовтар  жайында,  Усов  бұл  фамилияны  сықақтай

сөйлеп:


– Сен олардың арғы атасы - Андрей Иванович Кобыла екенін білесің бе?

- дейді.


Карамзин  тарихынан  бұндай  фамилияны  көр,  қазақтың  «бие»  атайтын

жылқысын, «кобыла» деуін білетін Шоқан:

Ондай фамилия неден шыққан? – деп сұрайды.

–  Иван  Литвадан  он  үшінші  ғасырда  келген  пруссак,  ол  кездегі

фамилиясы  Гланка-Комбила  екен,  Россияға  келе  православияға  көшеді  де,

мазақтаған  орыстар  «Комбиланы»  –  «Кобыла»  деп  кетеді.  Иваннан  туған

бес баланың біреуінің аты – Жеребец, тағы біреуінің аты – Кошка.

Романовтарды солайша қорлап сөйлеген Усов:

–  Жақсы  Романовтар,  бұл  тұқымнан  бірінші  патша  –  Михаил

Федоровичтің  атасы  -  Роман  Юрьевичтен  басталды,  –  дейді  де,  І-

Екатеринадан таусылып, бер жағы немістер болып кетті, – дейді.

Ол Романовтардың тірегі тек казак-орыстар ғана деп ойлайды.

– Тевтон орденінен Россияның батыс шегін кім қорғады? Казак-орыстар!

Кавказды  Россияға  кім  бағындырды?  –  Казак-орыстар!  Қырымды  ше  –

Казак-орыстар!..  Астрахань,  Қазан  хандықтарын  ше?  –  Казак-орыстар!

Сібірді  ше?  –  Казак-орыстар!  Қазақ  даласының  теріскей  жағын  ше?  –

Казак-орыстар!..  Қазақ  даласының  оңтүстігі  мен  Орта  Азияны  Россияға

бағындыруда, казак-орыстар бірінші скрипканы ойнайды.



– Рас, – дейді, бұл тарихтардың бəрінен хабары бар Шоқан.

–  Тірегі  болғанымен,  құлы  болған  жоқ,  –  деп  мақтанады  Усов,  –

өкпелеген шағында казак-орыстар Романовтардың əкесін танытқан.

Усов  он  алтыншы  ғасырда  казак-орыстардың  «Голытьба»  аталған

жанжалқой  тобынан  бастап,  «пугачевшылдық»  аталған  көтеріліске  дейін

казак-орыстардың  Романовтарға  қарсы  көтерілістерін  санап  береді.  Бұлар

да  Шоқанға  мəлім  материалдар.  Əсіресе  –  Пугачев  көтерілісі.  Оған

казактар  қақжарлы  болып,  Əбілхайыр  ханның  тұқымы  патшашылдықты,

қарапайым  халықтың  біразы  Пугачевты  жақтағанын,  Шоқан  ел  ішінен

ауызша  да  естіген,  қалаға  келген  соң  кейбір  тарихи  мəліметтерден  де

көрген.

Орыстың  тілі  мен  əдебиетінен  сабақ  беретін  Костылецкий  кадеттерге



Загоскин,  Лажечников,  Куколькин,  Брамбеус  сияқты  сол  кездегі  орыс

əдебиетінің  «кейінгі  планында»  деп  саналатындарды  көтере  таныстырып,

Пушкиннің,  Гогольдің,  Лермонтовтың,  əсіресе  Белинскийдің  «күнəсіз»

шығармаларын  ғана  атайтын,  əкімдердің  я  заманның  кемшіліктерін

сынайтын шығармалары туралы үндемейтін.

Бірақ,  кадеттер  сол  тұста  «құпия»  саналатын  шығармалардың  көбін  не

кітап,  не  журнал,  немесе  қолжазба  түрінде  тауып  ап,  жатақханаларда,

оңаша  орындарда,  кейде  жеке,  кейде  топталған  түрде  оқитын.  Мысалы:

Радищевтің  «Петербургтан  Москваға  саяхатын»,  Пушкиннің,  айдаудағы

Чадаевқа  жазған  өлең  хатын,  «Деревнясын»,  Лермонтовтың,  Пушкиннің,

өлімі  туралы  өлеңін,  Белинскийдің  Гогольге  жазған  хатын,  «Ревизорын»,

Некрасовтың  заманды  сынайтын  өлеңдерімен,  «Желбаздың  жүрістері»

аталатын  романын,  тағы  тағыларды...  Кейде  кадеттер  «əдебиет  кеші»

сияқты жиналыстар жасап, «құпия» шығармаларды оқитын. Кейбір тыңшы

кадеттер, бұндай жиналыстарда не болғанын корпустың басқарушыларына

хабарлайтын,  олар  тыймақ  болғанмен,  айласын  тапқан  кадеттер,

жиналыстарын  жалғастыра  беретін.  Шоқан  бұндай  жиналыстардың  қалың

ортасында. Ол бір сəтте Лермонтовтық Пушкиннің өліміне арнаған өлеңін

оқимын деп, Ждан-Пушкиннен естіген.

Орыс  əдебиетімен  сондай  таныстығы  бар  Шоқан,  1850  жылдың

аласапыран  болып  жатқан  көктемінде,  іштей  үлкен  бір  күйзелушілікке

ұшырап  қалды.  1849  жылдың  басында  Петербургта  «петрашевшілдер

үйірмесі»  деген  топ  құралып,  Россияның  монархиялық  құрылысына

демократиялық түзеулер кіргізбек болғанын, жандарм басқармасы үйірмені

бақылап  жүріп,  сол  жылдың  апрелінде,  басқарушыларын  тұтқынға  алуын,

олардың  ішінде  көпке  жазуымен  таныла  бастаған  жас  прозаик  Федор

Михайлович  Достоевскиймен,  ақындардан  –  Александр  Плещеев  жəне

Сергей  Дуров  барын,  ұсталған  отыз  үш  кісіден  он  алтысы  дарға  асылуға

бұйырылуын, олардың тізімінде Достоевскийдің болуын, ақырында, асылу

жазасы  каторгіге  жіберумен  ауысқанын,  кадеттер  де,  Шоқан  да  кезінде

естіген. Содан кейінгі тағдырлары немен тынарын кадеттер білмей жүрген


шақта, 1850 жылдың көктемі басталып, қар ери бастаған кезде, корпустың

мыңға жақын кісі сиятын залында жиналыс болды. Оны ашқан – генерал-

майор  Павловский,  айдалып  келе  жатқан  петрашевшілдердің  бүгін  Омбы

көшесіне кіруін, осы қаладағы острочке қамалуын қысқаша айтты да:

–  Корпус  үйінің  алдынан  өтерде,  –  деді  сөзінің  аяғында,  –  кадеттер

қақжарлы  болып  тұрады,  қолдарына  жас  шыбықтар  беріледі,  сонымен

алдынан ете берген қылмыстыларды бастан тартып қалып тұрады.

Қақжарлылардың  қатарында  Шоқан  да  тұрды.  Қасында  –  Усов.  Ол

Шоқанға:

– Сен ұрасың ба, жоқ па? – деді сыбырлап.

– Өзің ше?

– Мен ешқайсысын да ұрмаймын.

– Ендеше, мен де.

Алдарынан  өте  бастаған  айдалушылардың  ұрарлық  та  жері  жоқ  екен,

бəрі де жүдеу, бəрі де шаршаған, аяқтарын сүйретіп əрең басады, киімдері

далба-дұлба,  əсіресе  аяқ  киімдері,  көбінде  тозған  пима,  сонымен

шылқылдаған қарлы суды басып келеді, шаштары жалбырап өскен, аузында

сақал-мұрты барлардың да түгі ұйпаланып бетімен кеткен!...

Қысқасы  өте  аянышты  халде.  Сонда  да  бұйрыққа  бағынғыш  кадеттер

бастарына шыбықпен шықпыртып қалады... Не деген мейірімсіздік!..

Ешкімді  де  сабамай  қатар  тұрған  Шоқан  мен  Усовты  бақылаушы

полиция уряднигі көріп қалды да:

–  Неге  тек  тұрсыңдар?  Əлде  аяйсыңдар  ма?  Бұл  қылықтарың  дəрежесі

зор генерал-майорға жетеді! – деп ақырып қалды. Мана Павловский:

–  Бұйрықты  орындамаған  кадет  жазаға  тартылады.  Мүмкін  корпустан

шығарылуы, – деп сақтандырған. «Сөйтер» деп қауіптенген Шоқан Усовқа:

–  Біз  де  шыбықты  сілтеген  болайық,  бірақ  батырмайық,  əйтпесе  жазаға

ілігерміз, – деді.

– Мақұл, - деді Усов.

Олар  солайша  сипай  соғып  тұрғанда,  жақындай  берген  қырбық  мұрт

біреуін:

– Достоевский! – деп қалды Усов.

– Қай?


– Федор Михайлович!

– Кəдімгі «Кедей адамдардың» авторы ма?

– Сол!

Жас  жігіт  болғанымен,  ол  да  қатты  қалжырап  келеді  екен,  зорға



сүйреткен аяғы, ара-тұра бүгіліп қала жаздайды.

Алдарынан  етуге  айналған  оны,  Шоқан  мен  Усов  сипай  да  соқпай,

таянып келгенде:

– Достоевский! – деп қалды, ақырын дауыспен.

Дəрменсіз кезін алайта қарап басын бұрған Достоевскийге:

– Федор Михайлович! – деп қалды Шоқан.

Кіші  офицер  формасындағы  азиялық  бұл  жеткіншектің  кім  екенін

білмеген  Достоевский  жылы  қабақпен  қарауына  риза  болғандай,  басын

ақырын  ғана  изеп  өтті.  Оның  көкірегіне  Шоқан  жайлы  жылылықтың

бірінші ұшқыны түсті...

Шоқан

Достоевскийдің



«Кедей

адамдар»

аталатын

романың


Петербургта шығатын Отечественные записки»

Журналынан  оқып,  көркемдігіне  қатты  сүйсінген  еді.  Одан  кейін  сол

журналда,  осы  роман  туралы  Белинский  жазған  мақаланы  да  оқыған.

Мақала Шоқанның Достоевскийге деген жылы сезімін күшейте түскен.

Міне,  енді,  сол  Достоевскийдің  мынадай  сорлы  халде  жүргенін  көріп

қалды!  Не  деген  аянышты  хал!  Бұл  халден  қашан  құтылады,  бейшара!..

Өзінің не көмегі тие алады оған ?!

Содан кейін басынан кетпеген осы ой, Шоқанның жүрегін шымшыды да

жүрді...

Сабақты жақсы алып кеткен, ой-санасы жылдам өскен Шоқан, төртінші

класқа түсе үлкен бір қоршылыққа ұшырады. Соғыс министрлігінің бекітіп

берген  программасы  бойынша,  орысша  «инородец»,  қазақша  «бұратана»

аталатын  елдерден  оқитын  кадеттердің  ешбіріне,  соғысқа  қатынасы  бар

сабақтар мен ойындарға қатынасуға ұлықсат жоқ.

«Бұратана»  дегенде,  Шоқан  оқыған  кездегі  кадет  корпусында

Россиядағы отар елдерден басқа бір де кадет жоқ. Сонысына жəне ақсүйек

тұқымынан  шыққанына  қарамай,  соғыстық  сабақ  пен  ойынының  бір  де

біріне Шоқан қатынаса алмады.

Үшінші  класта  «фехтование»  аталатын  ойында  қанжар,  қылыш,  оқсыз


мылтық  сияқты  «суық  құралдармен»  сайысып,  соғыстың  қолма-қол

тəсілдеріне  жаттығады,  географиялық  сабақтың  тарауы  сияқты  болып

топография, яғни соғыста жердің ой-қырын қалай пайдалану сабағы етеді.

Шоқан  бұлардан  мақрұм  болды.  Намыстанған  Шоқан,  сабақты  тастап

кетуге бір ыңғайланып, сырлас достарының ақылымен əрең тоқтады.

Намыстанудың  əкесі  төртінші  кластан  басталды.  Онда  соғыстың  айла-

əдісінің,  артиллерияның,  эскадрондағылар  үшін  ковалерияның  сабақтары

жүретін.  Бұл  сабақтарды,  сібірлік  қазақ  облыстарының  басқарма

председатель  Батыс  Сібірдің  соғыс  губернаторы,  полковник  Карл

Казимирович  Гутковский  оқытатын.  Шоқанға  екінші  кластан  бастап  көңіл

аударған ол, жолыққан жерде сөйлесіп, үйіне шақырып... дегендей, қадыр -

құрмет  көрсете  бастаған.  Гутковскийдің  əйелі  Екатерина  Яковлевна

Шоқанды  туған  баласындай  күтетін.  Шоқан  Гутковскийдің,  Омбы

гимназиясында  оқитын  қызы  -  Катеринамен  достасып,  жастарының,

арасында  үш-төрт  жылдық  айырма  болғанмен,  өзара  олар  туған  аға  мен

туған  қарындастай  болған.  Неміс  пен  француз  тілдерін  Катерина  да

оқитын. Бұл сабақтарды олар бірге даярласатын. Екатерина Яковлевна мен

Карл Казимировичтің түпкі ниеттері - достасқан екі жасты мəңгілік жұбай

етуде де.

Жақындығы  осындай  Гутковскийге  Шоқан  соғыстық  сабақтарға  кіре

алмауына  қатты  наразылығын  айтып,  корпустан  кетерлік  көңілін  білдіріп

еді:


–  Ол  пікірден  қайт,  –  деді  Карл  Казимирович,  саған  класс  қажет  емес,

оқу  қажет.  Бұратаналарға  класта  соғыстық  сабақтар  туралы  белгіленген

ережелерді  мен  бұза  алмаймын,  оны  патшадан  басқа  ешкім  де  бұза

алмайды.  Оны  бұздыру  үшін  көгі  дəлел,  көп  уақыт  керек.  Менің  саған

айтар  ақылым  -  оқу  программасына  кіретін  соғыстық  сабақтарға

байланысты  кітап  атаулыны  қолыңа  берейін,  өз  бетіңмен  оқы,  түсініксіз

жерлерін менен сұрап отыр.

Гутковский  Шоқанды  осы  ақылға  көндірді.  Ол  айтқанынан  шығып,  сол

кезде:  –  артиллерия  сабағына  қолданатын  Маркевич  пен  Вессельдің,

фортификацияға  қолданатын  Теляков  пен  Госмардың,  тактика  туралы

генерал  Шитовтың,  ковалерия  туралы  Граббенің  оқулық  курстарын  жəне

соғыс  өнері  туралы  жазылған  басқаша  кітаптарды  Шоқанға  түгел  тауып

берді.

Шоққанның ерекше қызығып оқығаны немістің соғыс ғылымында атағы



шыққан  теоретигі  -  Карл  Клаузевичтің  еңбектері,  əсіресе  Наполеон

Бонопарттың  əуелі  Италияға,  одан  кейін  шығыстық  Европаға  жасаған

жорықтары туралы жазған кітаптары. Бұларды Шоқан неміс тілінде оқыды.

Омбының кадет корпусы үшін бұл еңбектер жабық еді, оған бірінші себеп -

Гутковскийдің өзіндік жалғыз ғана данасы болмаса, өзге Омбыда бұл кітап

жоқ,  екіншіден,  орыстың  соғыстық  басқарушы  орындары,  Клауезвичтің,

1812  жылғы  Отандық  соғысқа,  əсіресе  сол  соғыста  орыс  əскеріне  бас


қолбасшы  болған  Кутузовқа  берген  бағасына  қарсы,  сондықтан  орыстың

əскерлік  ойынына,  əсіресе  оқу  орындарына  таныстырудан  қатты  тыяды.

Соны  біле  тұра,  Шоқан  Клаузевичты  құныға  оқып,  соғыс  жайынан  көп

мəліметтер білді, қажетті деген тұстарын жазып алды.

Бұл кітаптарды түсінуде Шоқанға аса зор жəрдем көрсеткен Гутковский,

иллюминалық  білімнің  фотофикациясын  яғни  түрлі-түсті  бояулық

картасын

жасауды


да

ұғындырды.

Қолжазбасы

нашар


Шоқан,

геометриялық

жəне

бояулық


сабақтарға

жүйрік


еді,

сондықтан

иллюминаларды  ұғып  алғаннан  кейін,  өзі  де  қатырып  қағазға  түсіретін

болды.


Шоқанның  кадет  корпусындағы  оқуы  төрт  жыл  өте,  яғни  1852  жылдың

көктемінде бітті.

Шоқан  кадет  корпусын  тамамдаған  шақта,  Омбының  «Жарқын  қоғам»

аталатын тобына түгел танылып болған еді, əсіресе үш үйге, бірі - жаңағы

айтқан полковник Гутковскийдің үйі, екіншісі - əрі генерал-губернатордың

кеңсесінде  азиялық  істерге  консультант  болып  қызмет  атқаратын,  əрі

корпуста  орыстың  көне  тарихынан  сабақ  беретін  -  Сергей  Яковлевич

Капустиннің  үйі.  Əсіресе  Капустиндікі,  үшінші  -  Батыс  Сібірдің  генерал-

губернаторы,  сібірлік  қазақ  округтерінің  құрметті  председателі  Густав

Христианович Гасфорттың үйі.

Капустиннің  үйі  «Омбы  қаласының  салоны»  саналады.  Онда,  ең

алдымен кітапхана бар, ондағы кітаптардың ішінде сирек ұшырасатын, кейі

ешқайдан табылмайтын кітаптар да аз емес. Жұрт оны «Қазаннан Омбыға

көшкенде  кітаптарын  бес  ылауға  əрең  тиеп  əкелді»  деседі.  Идеялық

жағынан,  өзін  утопиялық  социализм  идеясының  адамы  көретін  Капустин,

өзгелермен осы жайда көп кеңеседі. Араларында он бес жастай алшақтығы

бар  əйелі  -Ефросия  Фелимоновна  қыздар  гимназиясында  француз  тілінің

жəне  əдебиетінің  сабақтарын  береді.  Ол  əйел  көзқарасында  -  романтик.

Кітапты,  əдебиетті  сүйетіндер  осы  үйге  əр  кезде  жиналып,  пікір  алысып

жүреді.


Шоқан осы үйдің өз баласы сияқты болып кетті. Сонда үнемі бас алмай

оқитыны кітап. Ол Ефросияны «Фросия апай» дейді. Сол апайдың дос-жар

адамдарына  айтуынша  «екі-үш  жылдың  ішінде  Шоқан  бұл  үйдегі  кітап

атаулыны  түгел  жұтып  болды».  Ол  орыс  тіліндегі  кітаптарды  ғана  емес,

неміс,  француз  тіліндегі  кітаптарды  да  оқиды,  əсіресе  саяхат  кітаптарын

жəне  оларды  сыдыртып  қана  оқып  шықпайды,  жүрген  жерлерінің

географиялық  карталарын  алдына  жайып  қойып,  қадағалап  оқиды,  соны

көргендер  -  «осы  да  түбінде  атақты  саяхатшылардың  бірі  болмаған!»

деседі.

Шоқанның  Густав  Гасфорт  үйімен  үйірлігін  айтпастан  бұрын,



оқырмандарды  Гасфорттың  өзімен  қысқаша  таныстырып  алайық,  ол  орыс

барондарының ішіндегі ең ірілерінің біріне жатады. Оның əкесі - Христиан



Фердинандович, Романовтармен қат-қабат құда болып кеткен немең герцогі

-  Голынтейндермен  қандас,  сондықтан  Россия  патшасы  бірінші,  екінші,

үшінші  Гасфорттарды  қадыр  тұтып,  Христиан  Гасфортқа  Қырымдағы

əскери  корпусты  басқартқан.  Ол  бір  жағынан  Севастополь  қаласының

шығып  жақ  жазығына  əскерлік  жылқыларды  өсіретін  завод  ашып,

мыңдаған  арғымақ  өсірген.  Завод  орнаған  сондағы  төбе,  əлі  күнге  дейін

«Гасфорт шоқысы» аталады.

Густав  сол  шоқыда  туып,  сонда  ескен.  Əкесі  сияқты,  ол  да  сауатын

соғыстық  мектепте  ашып,  жоғарғы  білімді  Берлиннің  Соғыстық

Академиясымен

аяқтаған.

Бірінші


Александр

Густавты

əкесінің,

қарамағындағы  армияға  жіберіп,  поручик  чинінен  жоғарылаған  ол,  кейін

генералдық  чинге  жеткен.  1812  жылдың  компаниясына  қатынасып,

Парижға  дейін  барғандықтан,  Александр  оны  генерал  -  аншеф  дəрежесіне

дейін  көтерген.  Əкесі  өлерде  жылқы  заводын  соған  тапсырған.  Қырымда

қызметте  жүрген  ол,  Пушкинды  жекпе-жекте  (дуэль)  атып  өлтіретін

Дантеспен танысып дос боп кеткен. Сондықтан мақтанған шақтарында:

– Пушкинға «онымен атыспа, ол өте мерген кісі» деп ем, намысы қозған

адам  тыңдамады,  ауыр  жарамен  əл  үстінде  жатқанда,  көңілін  сұрай  барып

ем,  «білмейді  екем  ғой  сізді,  Дантеске  дос  па  десем,  маған  да  жаныңыз

ашиды  екен  ғой.  Енді  білдім.  Бірақ,  кешіктім»  деп  қолымды  қысып

жылады, – дейді екен.

Густав  Гасфорт  даңқты,  атақты  жақсы  керетін  адам.  Чин  жағынан

көтерілу  жолында  келе  жатқан  ол,  тұрмыс-салт  жағынан  да  көзге  түсуді

арман  ететін.  Сол  армандарының  бірі  –  атақты  князьдар:  Юсуповтың  –

Москва  маңындағы,  Воронцовтың  –  Одессадағы,  Шереметьевтің  –

Кавказдағы  атақты  сарайлары  сияқты  Гасфорт  сарайын  салдыру  еді.

Сөйтуге  жағдайы  толықпай  жүрген,  1850  жылы  Батыс  Сібірдің  генерал-

губернаторы  болып  тағайындалды.  Сол  қызметін  атқару  үшін  Омбыға

келсе,  губернаторлық  кеңсе,  əрі  бөренеден  қиылған,  əрі  сиықсыздау  екен.

Оның  осы  қалаға,  өзге  губернаторлардың  бəрінін,  кеңсесінен  де  артық  үй

салдырғысы келді. Оған лайықтаған орны, - кадет корпусының алдындағы

жазық, кең алаң. Ол болашақ орданың (дворец) жоспарын жасатты. Сонда

архитекторға  берген  тапсырмасы,  осы  алаңның  жалпы  нұсқасын,

Петербургтағы  ордалық  алаңға  ұқсату,  салынатын  үйдің  сиқы,  қысқы

ордаға ұқсау, сонда кадет корпусының үйі Петербургтағы генералдық штаб

сияқтанады,  Ертіске  құятын  Омбы  өзенінің  үстінде  тұрған  ағаш  көпірді

алып,  орнына  темірден  көпір  салса,  ол  Нева  өзенінің  қысқы  ордаға

тақалған көпіріне ұқсайды, сонда, Омбының бұл алаңының Петербургтағы

ордалық алаңға ұқсамаған несі қалды?!

Патша  сарайының,  ол  кездегі  министрі  граф  –  Блудов  еді,  өзі

Гасфортпен  Отан  соғысы  кезінен  өте  дос  еді.  Оның  үстіне  бірінші

Николайдың  оң  көзі.  Гасфорттың  Омбыға  жаңадан  кеңсе  салуын,  ол

патшаға  бекіттіріп  берді.  Осы  план,  Шоқан  кадет  корпусын  аяқтар  жылы



бітіп, генерал-губернаторлық кеңсесі қызметін сонда көшкен.

Бұл  жақтан  көңілі  орныққан  Гасфорт,  енді  адъютанттарын  дұрыстап

алуды ойлады. Үш адъютанты болуға тиісті, бірі – жалпы əкімшілік ісінде,

екіншісі  –  жергілікті  қызметтерді  басқару  ісінде,  үшіншісі  –  қазақ  елдерін

басқару ісінде.

Соңғы  қызметте,  оның  көзі  -  кадет  корпусын  бітіргелі  жүрген  Шоқанға

түсті.  Омбының  «жарқын  қоғамына»  көп  араласатын  Шоқан,  Гасфортпен

басқа үйлерде, əсіресе Гасфорттың ағасының қызын алған, əрі жақын досы

болып  кеткен  Гутковскийдің,  үйінде  танысты  да,  оған,  əсіресе  –  əйеліне

білімімен,  қылығымен,  мінезімен  ұнағаннан  кейін  өз  үйімен  де  араласып

алды.  Гасфорт  пен  əйелінің  де  ойы  –  жиендері  –  Катерина  Казмировна

Гутковскаяны түбінде осыған телу.

Гасфорттың  Шоқанға  қызығатын  жəне  бір  себебі  –  хан  тұқымынан

шыққан бұл əдемі жігіт, бірінші Петрдің адъютанты болған араб Ибраһим

Ганнибалға  ұқсап,  кеңсесін  көріктендіріп  жіберуі,  шығыстық,  қазақтық

мəселелерде оң көзі болуы мүмкін.

Шоқан  кадет  корпусын  1853  жылдың  көктемінде  бітіретін  бірінші

топтың ішінде. Гасфорттың ойынша, бітіру мəжілісін аса салтанатты түрде

өткізу, ол үшін ордалық алаңға, Омбы бұрын көрмеген парад жасату.

Осы  идея  басына  кірген  Гасфорт,  парадты  қалай  өткізу  туралы  тиісті

адамдармен  кеңесіп  көрсе,  қаланын,  тұрғындарын  былай  қойғанда,

Петербург  пен  Москва  сияқты  əскер  орталықтарымен  байланысы  бар

аздаған  чин  болмаса,  былайғы  əскери  чиндердің,  əсіресе  осы  маңайдағы

казак-орыс  станицаларында  туып-өскен,  Омбыдан  жоғарғы  қалаларға

барып

көрмеген,



саны

бірталай

урядниктердің,

ясауылдардың,

сотниктердің, тіпті капитан, майор чиніндегілердің басым көпшілігі əскери

парад  дегенді  көрмек  түгіл  естіген  де  жоқ  екен.  Сондықтан  Гасфорт

бағынышты  чиндердің  бəріне,  ең  алдымен  соғыстық  парадты  күн  бұрын

əзірлеуді  бұйырып,  оның  қандай  тəртіпте  өтуінің  программасын  жасатты

да,  əлденеше  рет  түзеттіру  арқылы  бекітті.  Бекіген  программа  бойынша

соғыстық  парадқа  қаланын,  мың  шақты  найзасы  бар  гарнизоны,  кадет

корпусының жоғарғы кластары жəне шығысы Новониколаевка мен батысы

Ыстап  арасындағы  казак-орыс  станицаларында  күзеттік  қызмет  атқаратын

жасақтар  қатынасады.  Парадты  Гутковский  басқарып,  Гасфорттың  өзі

қабылдайды.  Парад  күні  Омбыдағы  əскерлік  чиндер  де,  станицалардан

шақырылатындар  да  ең  жақсы  түрде  киініп,  бар  наградаларын,

медальдарын кеуделеріне тағады.

Осы  мақсатпен  Омбыда,ы  жəне  станицалардағы  əскерлік  қосындардың

киім-кешегін тексертіп қараса, чині жоғарғы генералдармен, өз қаражатына

сəнденетін аздаған ауқатты офицерлер болмаса, былайғы соғыстық адамдар

киім  жағынан  өте  жүдеу  екен.  Гарнизон  солдаттарының  жəне  кіші

офицерлерінің  көбінің  киімі  ескі-құсқы  біразы  жамау  көрдер,  формалары


əрқилы,  талай  өзгерген  формалардың  бəрінен  де  нұсқалар  бар.  Ал,

станицаларда тұратындардың бірен-сараңында ғана болмаса, əскери форма

жоқ, басым көпшілігі деревняша, кейбіреулері қазақша киінеді.

«Құрал»  дегендердің,  «жүзден  тоқсаны»  дегендей  –  қылыш  қана,

қалалық  құрал  сарайларында  қимылсыз  ұзақ  тұрған  отты  мылтықтары,

əсіресе, азын-аулақ, зеңбіректерді тот басып қалған. Батыс Сібірдегі əскери

халықтың ішінде, сəн-салтанат жағынан көруге тұрары, тек кадет корпусы

ғана екен. Ол да Омбыға Гасфорт келгелі түзелген. Сол жылы оның барлық

класстарын  түгел  аралап,  киім  -  кешектерінің  жүдеулігін,  формаларының

ала-құлалығын  көр  Гасфорт,  соғыс  министрлігіне  хат  жазып,  жаңа  жəне

көрікті формалар алдырған, сол формамен барлық кадет жұнттай киінген.

Қызметтегі  əскерді  сондай  тəртіпке  келтіру  үшін  кеп  уақыт  керек,

Гасфортта ондай уақыт жоқ. Сондықтан Гасфорт жақындап қалған парадқа

қызмет əскерін барымен ажарлап көрсетуге бұйырды.

Əскери  орындардың,  парадқа  бұлайша  даярлануы,  халық  арасында

толып жатқан түрдегі қаңқуға айналып кетті:

– Патша келмек дейді, соған жасап жатқан əзірлік, – десті біреулер.

– Бір патшалықпен соғыс болайын деп жатқан көрінеді, соған əзірлік, –

десті  екіншілер.  Қай  патшалық  екендігі  туралы  толып  жатқан  жорамалдар

жүріп жатты.

–  Қоқан,  Хиуа  хандықтарымен  бірігіп,  қалың  қолмен  Кенесары  келе

жатыр дейді, бұл соған даярлық, – десті үшіншілер.

– Қытай соғысқалы жатыр дейді, – десті төртіншілер.

–  «Көшім  хан  өлді»  деген  өтірік  екен,  ол  ойдағы,  қырдағы  татарларды

жиып,  Сібірдегі  хандығын  қайтадан  құруға  келе  жатыр  дейді,  –  десті

бесіншілер.

Қалмақ хандықтарын атады алтыншылар.

Осындай жорамалдар қаулап кетіп, тұрғын елдердің зəресі ұша бастады.

Əскерлік ұйымдар дүрліккен жұртқа арнаулы кісі жіберіп, ешбір соғыстың

болмайтынын  бұл  тек,  кадет  корпусын  бірінші  болып  бітіретіндердің

тойына  арналған  парадқа  əзірлік  ғана  екенін  түсіндірмек  еді,  парадтың  не

екенін  көрмек  түгіл  естімеген  жұрт  алдауға  жорып,  желігуін  үдете  түсті,

соның  кесірінен  «соғыс  болса  таптап  кетеді»  деп  крестьяндар  егінді

бұрынғыдан  биылғы  көктемде  аз  салды.  Мал  өсіретін  казак-орыстар

табындарын қазақтың алыстағы жайлауларына айдатты. Осы дүмпуге қазақ

байлары да шыдамай, жайлауға жылдағыдан алыс кешті.

Парад  жақындап  қалған  шақта,  Гасфорт  генералитетін  қайта  жинап,


даярлық туралы есебін тыңдады. Пəлендей салтанатты бола қоймағанымен,

тəртіп тəп-тəуір болғалы тұр екен.

Гасфорттың  бұл  парадты  жасатудағы  бас  мақсаты  -  алаңға  жиналатын

топқа,  өзін  жарқырата  көрсету  еді.  Баяғыда,  Отан  соғысының  жеңісіне

арналып  Петербургта  жасалған  парадта,  бірінші  Александр,  жеңісте  үлесі

бар  генералитет  атаулының  бəрін  жаңа,  əдемі  формада  киіндіріп,  орден,

медаль атаулыларын төстеріне қадатып шығарған.

–  Сонда,  –  дейтін  мақтаншақ  Гасфорт  наградтары  көштік  жағынан,

менің алдымда Барклай-де-Толли ғана болды.

Онысы  өтірік,  расын  кім  білсін.  Ал,  көптік  жағынан  ордендері  мен

медальдары  төсіне  симай,  біраз  медалін  «бото-форт»  аталатын  биігі.

Арықтау  кезінде  денесіне  шақ  мундирі,  семірген  кезде  əрең,  сыйып,

түймелері  үзіліп  кетерліктей  тырсылдағанмен,  жоғарғы  чиндермен  бас

қосқанда,  не  патшаға  аудиенция  жасағанда  киіп  алатын,  мінезі  сайқы  -

мазақтау  бірінші  Николай  патша  болған  шағында  Гасфортты  осы

формасында  көріп,  «о,  семіз  шошқа»  деп  қарнына  түйгіштепті,  Гасфорт

«қасиетті  мундирін  сонда  да  тастамай,  ерекше  күтіп  ұстайтын.  Кейін

өңірлерін,  жең  ұштарын,  арқасын  қаракүйе  (моль)  жалап  дақ  түсіргенмен,

ішінен түстес жіппен білдіртпей шаңдатып қойған.

Омбыдағы  парадта  ол  осы  формасында  көрінбек.  Ал,  генералдары  мен

офицерлеріне  берген  бұйрығы  –  «ең  жақсы  формаларыңды  киіп,

наградтарыңды төстеріңе түгел тағып шығасыңдар!»

Тағы  бір  берген  бұйрығы  –  парадты  қаланың  халқы  да  түгел  көретін

болсын.


Бұйрық  солай  болғанмен,  парад  басталуға  тиісті  сағат  тоғызда,  əскери

қосыңдар  белгіленген  орындарында  болды  да,  былайғы  тұрғындардан

бірен-саран  адам  ғана  келді.  Гасфорттың  ойы  -  алаңды  лық  толтыру  еді,

əскерлік  адамдар  жұқ  та  болған  жоқ.  Гасфорт  бұған  ашуланып,  тиісті

адамдарды қатты сөгіп, кейбірін сабап алды да, алаңға адам толмай, парад

басталмайтынын айтты. Бағыныштылар халықты қанша қысқанмен, мезгіл

түске тармаса, жарты алаңдық қана адамның басы құралды. Парадты одан

кешіктіруге болмайды.

Программа  бойынша,  алан,  адамға  толған  шақта,  (оған  алғаш

Гасфорттың  күдігі  болмаған)  сəнді  ерттелген  арғымақ  ақбоз  атқа  мінген

Гасфорт,  бəрі  де  арғымақтарға  салт  мінген  нөкерлерімен,  кадет

корпусының қақпасынан шыға келу керек. Сол кезде, Омбыдағы үш дем –

оркестрі  қосыла  «патшаны  сақтай  гөр,  тəңірі!»  күйін  ойнап  жіберу  керек.

Музыка  даусының  қаңғыр-күңгірімен  даңғаза  болып  жатқан  шағында

мінбеге  жеткен  генералдар  аттарынан  түсіп  етекте  қалып,  Гасфорт  пен

Павловский  ғана  жоғары  көтерілу  керек  те,  Гутковский  мен  полиция

начальнигі  –  генерал-адъютант  -  Фредерике  тізіліп  тұрған  əскери


қосындармен  жəне  кадеттермен  сəлемдесу  керек,  содан  кейін  Гутковский

Гасфортқа рапорт беру керек.

Тəртіп  осылай  болғанмен,  тоғызда  басталуға  тиісті  парад  ісіне  он  екіде

əрең кірісті.

Гасфорт  парадты  қабылдағаннан  кейін,  бірінші  сөзді  өзі  алып,  Россия

туралы,  Сибирь  туралы,  ондағы  бұратаналар  туралы,  кадет  корпусының

мəн-маңызы туралы айтқан болды. Жиын оның сөзін тыңдаған жоқ, себебі

əкімшілік  істерінде  өзінің  айтқанын  орындататын  Гасфорт,  сөзге  шорқақ

еді, оның үстінен тұттықпа да, оның үстіне талай парадқа қатынасқанмен,

бұдан  бұрын  өзі  қалың  топ  алдында  сөйлеп  көрген  жоқ-ты.  Осы

кемшіліктері сабақтаса қалған Гасфорт, бірден сасқалақтап, дөңгелек семіз

беті  томпайып,  күре  тамырлары  білеуленіп,  кескіні  күреңдене  қалды,

ондайда,  иек  тұсын  ғана  қырып,  жақ  үстін  дударландыра  өсіріп  жіберетін

қалың  қаба  сақалымен,  оған  тұтасын  кеткен  жұқалау  мұртын  екі  қолымен

кезек-мезек  ширата  сипай  беретін.  Сондай  халға  түскен  ол,  аздан  кейін

тіпті  кекештеніп,  кездері  бадырая  қараған  жиын  алдында  не  айтып,  не

қойғанын  білмей  де  қалды.  Сол  жайын  көрген  көпшілік,  оның  бытысқан

сөздерін мазақты күлкімен ғана тыңдады.

Тағы  біреулер  сөйледі.  Олар  да  қыра  қойған  жоқ.  Олардың  да  сөзіне

жиын ықлас қойған жоқ.

Корпуста  тəрбиеленушілердің  жəне  оны  биыл  бірінші  бітірушілердің

атынан  Шоқан  сөйлеуге  ұйғарылған.  Оның  шешен  жас  екенін,  Омбының

жарқын  қоғамы  аңдап  та  үлгерген.  Гутковскийдің,  Капустиннің,

Ганцевскийдің,  кейде  Гасфорттың  үйлерінде  өткізілетін  кештерде,

Шоқанның

қатынаспайтыны

сирек

болатын.



Сонда

жұртты


қызықтыратыны,  білімінің  көптігі,  тарихты,  əдебиетті,  көркем  өнерді

жақсы көретіндігі, əзіл-оспаққа жүйріктігі, сөзге алғырлығы, реверанстарға

жетіктігі,  ажуа-қалжыңға  ұсталығы,  əйелдердің  тілін  таба  білуі,

əңгімелерінің қызықтығы, тағы тағылар.

– Бұл жағынан, – деседі, Шоқанды мақтамайтын дамалар, – Валиханов,

Омбы  былай  тұрсын,  Россияның  мəдени  орталығы  –  Петербургтан  асып,

дүние жүзінің ең биік тəрбиесін беретін – Парижда оқыған сияқты.

Кадет  корпусын  бітіргендер  парадқа  жаңа  формада  шыққан.  Қылқан-

кескендей  жас  өспірімдерге  жараса  кеткен  бұл  форма  Шоқанды  да

сұлуландырып  жіберген.  Оның  бала  шағындағы  шарғалау  бойы  кейінгі

жылдарда  сұңғақтанып,  қушықтау  иықтары  кеңейіп  сымбаттанған.  Сол

денеге  корнеттің  қызыл  шалбары,  көгілдір  кительді,  маңдайында  алтын

түсті  кокардасы  бар  жасыл  фуражкелі,  жылтыраған  шегірен  етікті,

формасын киіп, белін күміс түсті жалпақ белбеумен қынай буынғанда тіпті

сымбаттанған.  Оның  қара  сұр  келбеті  де  көз  тартарлық  болатын,  оң  жақ

шекесінен  солына  қарай  қайырған  көмірдей  қап-қара  шашы  кең

маңдайынан көзіне төнген қалың қабағы, мұрын жағы кең, қиық жағы тар,


қиғаштана  кеткен  өткір  қара  көздері,  ортасы  дөңестеу,  танау  жағы

делдигендеу,  қырлы  келген  мұрыны  жоғарғы  ернінің  үстіне  қырбықтана

бастаған  қара  мұрты,  шешендікке  біткен  сүйірлеу  иегі  қандай  көзді  болса

да бір аударатын.

Омбы дамаларының бағасында бұл қалада нелер сымбатты сұлу жігіттер

болғанмен, Шоқан «арпа ішінде бір бидай», «қаршығалар ішіндегі лашын».

Қызыққыш  дамалардың,  əрқайсысы  Шоқанды  өзіне  бейімдегісі  келеді,

кекселері  қыздарына  жанастырғысы  келеді.  Өсекші  Омбының  арасына:

«Бұл  Гасфорттың  жиені,  Гутковскийдің  қызы  -  Катеринамен  сөз  байласып

қойған», деген сөз тарап болған.

Сондай Шоқан, сөйлеу кезегі келіп мінбеге көтерілгенде, танитындар:

–  Чокан!..  Шоқан!  –  деп  өзара  күбірлесіп  қалды  да,  танымайтындар,

қасындағыларынан:

– Кім бұл?! Қалмақ па, эскимос па, киргиз ба?! – деп сұрасты. Танитын

біреудің:

– Киргиз! – деген сөзі, төңірекке электрдің тогіндей тарай жөнелді.

–  Киргиз!..  Офицер,  қандай  биікке  көтерілген!..  Ғажап!..  –  деген

күңкілдер  дабырласып  жатқанда,  парадты  сөзді  басқарған  Ждан-Пушкин

Шоқанның аты-жөнін айтып, сөз берді. Оны естігендер:

– А - а, Чокан Валиханов! – десті. Естімегендер:

– Кім ол? – деп сұрағанда:

–  Хан  тұқымы,  ақсүйек!  –  деп  жауап  берді  білетіндер.  Одан  əрі  кеу-

кеулесуге, сөйлеп кеткен Шоқан мұрша бермеді.

Шоқан  өзге  білім  жүйелерімен  қатар,  шешендік  тарихын  да  біраз

қарастырған  еді.  Сонда  «пəлен-түген»  дейтін  шешендердің  ішінен  оған

ерекше ұнайтыны – көне римнің атақты шешені – Цицерон да. Шоқан оның

өз  сөздерін  де,  ол  туралы  жазылған  əдебиетті  де  көп  қарастырған.  Өзі

көргендерден

оның

шешен


санайтыны

кадет



корпусындағы

оқытушылардың  бірі  –  Гансевский  де.  Француз  тарихына  жүйрік  ол,

«француздың  ұлы  революциясы»  деген  тақырыпта  сөйлегенде,  оның

шешені  Жан  Поль  Маратқа  ұқсағысы  кеп,  дене  қимылын  да,  бет  бейнесін

де  құлпыртып  жіберетін.  Шоқан  соған  еліктеп,  егер  бір  жерде  сөйлеуге

тиісті  болса  оңаша  бөлмеде,  айна  алдында  тұрып,  денесін,  бет  бейнесін

құбылтып репетиция жасайтын.

Бұл  жолы  да  сөйткен  ол,  мінбеге  артистерше  ойнақы  бейнемен  шыға

келді де, аз уақыт көзімен жиынды шолып ап, сөзін бастай жөнелді.

–  Господа,  госпожа,  құрметті  халық,  –  деп  бастады  ол  сөзін,  –  бір  топ



кадет,  биыл  ұлы  император  –  бірінші  Александрдың  атындағы  Омбының

кадет  корпусын  тамамдап  отырмыз.  Солардың  ішінде,  бұратана  елдерден

мен жалғызбын.

– Оғаштануын! – деп қалды, бұл сөзін ұнатпағандар.

– Мен орыс оқуының тəрбиесінде өсіп білім алдым.

– Содан бастауы керек еді ғой, – десті əркімдер.

– Менің үлкен отаным – Россия да, кіші отаным – қазақ даласы...

– Туған елін ұмытпауын!

–  «Қасқырды  қанша  асырасаң  да  орманға  қашады»  деген  осы,  –  десті

əркімдер.

Сондықтан  мен  барлық  өмірімді,  барлық  ақыл-ойымды,  білімімді  осы

отандарыма адал қызмет атқаруға арнаймын.

–  Киргизда  «Отан»  болған!  –  десті  біреулер  кекетіп.  Біраз  адам  қол

шапалақтады.

Екпінді  сөзден  ентігіңкіреген  Шоқан,  аз  тыныс  ап,  сөзін  жалғастырып

кетті.


–  Өткенге  қарап  отырсақ,  дүние  жүзінде,  əрбір  тарихи  кезеңдерде,  əр

түрлі  мемлекеттер  құрылған  солардың  ішінде,  мысалы,  шығыста  Ассирия

мен Вавилония, Египет пен араб, Отта мен түркі мен ұлы моғолдар сияқты,

көне грек пен көне рим, Византия сияқты ірі империялар да болды. Кəзір де

бар,  ондай  империялар,  солардың  бірі  –  Россия.  (Қол  шапалақтау.)

Менімше,  біздің  замандағы  империялардың  ішінде  болашағы  ең  күштісі

осы – Россия. Сөзім дəлелді болу үшін, Россияны Англиямен салыстырып

көрейін.  Күні  бүгін  Россиядан  Англияның  отарланған  өлкелері  де

əлдеқайда көп, байлығы да, ғылымы да, техникасы да артық. Сондада мен

Россияның  болашағы  Англиядан  да  артық  деп  ойлаймын.  (Дабырласқан

жұрт  тына  қалды)  Неге  дейсіздер  ғой?  Жауабым  төмендегі.  Орыстың,

кəзіргі  атақты  педагогі  –  Константин  Дмитриевич  Ушинскийдің  журналда

жарияланған  бір  əңгімесінде,  əкесі  балаларына  «бірлікшіл  болыңдар»

дегенді мысалмен көрсетеді. Ол бір шыбықты алып игенде сынып қалады.

Көп  шыбықты  қосып  игенде  біреуі  де  сынбайды.  «Міне  –  дейді  əкесі,  –

бірікпегендегі  күшін,  жеке  шыбық  сияқты,  біріккен  күшің  –  жұпталған

шыбықтар».

–  Екінші  мысал,  –  деді  Шоқан,  оң  жақ  қолын,  алақанын  жаза  көтеріп  –

мына саусақтардың жеке күйіндегі күштері қандай? Ал, – деді жұдырығын

түйіп,  –  былай  біріккендегі  күші  қандай?  Алақаннан  жұдырық  əлдеқайда

күшті емес пе?


– Рас! – деп қалды бірнеше дауыс.

–  Мұны  айтып  тұрғаным,  –  деді  Шоқан,  –  біздің  Россияның  күші  –

бағынышты  елдерінің  территориялары  тұтастығында.  Бұл  жағынан  біз,

атомның  бөлшектенбейтін  ұрығы  (ядро)  сияқтымыз.  Біздің  ішкі  күшімізді

сырттан келіп жеңер қуат жоқ.

– Онысы дұрысқа да келеді, – десті əркімдер.

– Ағылшында мұндай тұтасқан қуат жоқ, – деді Шоқан екпіндеп, – оның

колонияларын  теңіздер,  мұхиттар  бөліп  жатыр.  Бұл  шашыранды  қуат

қанша  күшейгенмен,  еш  уақытта  тұтаса  алмайды,  сондықтан  жағдайы

келген  бір  замандарда,  (ондай  жағдайдың  тумауы  мүмкін  емес),  қазақша

айтқанда  Англия  «сиырдың  бүйрегіндей  бытырап  кете  барады,  ал  Россия,

жылқының бүйрегіндей тұтастығынан танбайды.

– Қызық теңдеулер! – десті əркімдер.

– Осы екі ұлы империя яғни Россия мен Англия, – деді Шоқан, – бүгін

саяси жарыста: Англия Американың, Азияның, Африканың, Австралияның

көп жеріне отаршылдық қанатын жайып, қазір Индия арқылы Орта Азияға

көз тігіп отыр.

– Қайдағы саясатқа кетті мынау?! – десті бірнеше адам.

–  Біздің  оны  тоқтатуымыз  керек!  –  деді  Шоқан  қызына  түсіп.  –  Орта

Азия халықтары, оның ішінде, менің, туған халқым – қазақ, заманымыздың

мəдениет  биігіне  көтерілу  үшін,  оған  мəдениетті  мемлекеттің  сүйемелдеуі

керек.  Менімше,  ондай  мемлекет  Орта  Азияның  көршісі  –  Россия  болу

керек.  Əзірге  Россияға  қазақ  даласының  үштен  екісі  ғана  бағынды.  Тез

арада  қалғанын  да  бағындырып,  одан  кейін  Орта  Азияның  кен,  өлкесіне

қанат жаюымыз керек.

– Программалық сөз!.. – десіп қалды əркімдер.

–  Осы  бағытта!  –  деді  Шоқан,  бар  даусымен,  –  Россияға  да,  қазақ

даласына да, Орта Азияға да адал жүректен қызмет атқаруға əзірмін!..

Шапалақ ду ете қалды. Шоқан жалт бұрылды да, мінбеден түсе жөнелді.

Сөзге  қызынып  ентіккен  аққан  терге  шомған,  ақыл  емес,  инстинкт  ғана

билеген ол басқыштармен жүгіре жөнелген шағында, жерге құлап түсер ме

еді, қайтер еді, егер етекте тосып тұрған нағашысы – Шорманның Мұсасы

құшағын  жая  қағып  алмаса.  Шоқанды  бауырына  қатты  қысқан  ол,

қылығына,  сөзіне  өте  риза  болғандықтан  қуанышты  сезімнің  еркіне

бағынып, еңіреп жылап жіберді.

Шоқанның  сөзі  тыңдаушыларға,  ойда  жоқ  сенсация  болды.  Өзгелерді

былай  қойғанда,  бұндай  саяси  бағыттағы  программалық  сөзді,  «Шоқанды


білеміз» дейтіндер де күтпеген еді. Шоқан сөздерінің қазақ даласына, Орта

Азияға байланысты тұстарын əкім атаулы ұнатқан жоқ, себебі қазақтарды,

азиялықтарды  Европамен  теңдестіру,  –  бұған  дейін  олардың  басына

кірмеген  ой.  Сондықтан,  қазақ  округтерінің  басқарма  председателі

Дюгамель, қатар тұрған Гасфортқа:

–  Адъютант  қып  алғалы  жүрген  киргизіңіз  қалай-қалай  сөйлеп  кетті,

Густав Христианович? – деді Гасфортқа.

Бұл сөздің астарына түсіне қалған Гасфорт:

–  Билеуші  ол  емес,  менмін  ғой,  Альсеньер  Джозеппович,  –  деді

Дюгамельдің  орысша  инциалы  -  Александр  Иосипович  екенін  біле  тұра,

əдейі  французша  инциалын  қолданып,  –  мені  ол  жұмсамайды,  оны  мен

жұмсаймын. Қалай жүруін ол білмейді, мен білем.

Олар  солай  сөйлесіп  тұрғанда,  былайғы  жұрт  жұптаса  да,  топтаса  да

өзара  кеу-кеулесіп  кетті.  Сонда  айтқан  сөздерінің  ұзын-ырғасы  талант!..

Гени деуге де тұрарлық!.. Жас та болса бастай!.. Білімі ұшан-теңіз!.. Қандай

шешен  сөйлейді!..  Өткірлігін  айтсаңызшы!..  Ақылы  қалай  толыққан!..

Саяси  мəселелерге  де  жетік!..  Болашағы  зор  жігіт!..  Əсіресе  жарайды  ғой

бұны!..  Отар  халықтан  шықты  деп  аузын  аштырмай,  аяғын  бастырмай

қоймаса!..

Бірінші кітаптың соңы.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет