АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

5? – деді Елизавета еріне.

Аһлап-уһлеген  Гасфорттың  сөз  айтуға  шамасы  келмей,  қолын

жақындатқан  əйелінің  білегінен  шап  беріп  ұстай  алды.  Қатты  қысқан  уыс

Елизаветаның  еті  жұмсақ,  сүйегі  нəзік  білегін  сындырып  жібере  жаздады.

Қолы  қарулы  ол  сындырар  ма  еді,  қайтер  еді,  егер  жаны  ышқынған  əйелі

қатты  дауыспен  «ойһ»  деп  бақырып  қалмаса.  Ері  қысуын  сонда  ғана

босатты. Əлсіреген Елизавета:

– Гуськам менің, не болды, саған? – деп жылап жіберді.

– Өліп барам, маманя!.. – деді ері дөңбекши түсіп.



Ерінің  бұл  қылықтары  ұйқысыраудан  емес,  аурудан  екенін  енді  ғана

түсінген Елизаветаның:

–  Жəрдемдесіңіз!  –  деген  ащы  даусы,  еріктен  тысқары  қатты  шығып

кетті.


Əдетте  бұл  үйдің  маңына  түн  мезгілінде  қарулы  солдаттардан  күзет

қойылатын,  олар  төмендегі  этажда  отырып,  Гасфорт  адъютанттарының

біреуі  басқаратын.  Бүгінгі  күзеттің  бастығы  Гасфортқа  денщик  қызметін

атқаратын – Алмазов еді.

Гасфорт

қапыда


жасалатын

қастықты

күні-түні

күткенмен,

адъютанттарына  сақ  болуды  тапсырғанмен,  ондай  іс  кезікпес  деп  сенетін.

Күзетшілер,  қожаларының  қорылы  естіле,  даяр  дивандарға  қисая  кететін

де, күндізгі қызмет басталғанша ұйқыларын қандырып алатын.

Бүгін де сондай халдегі Алмазов, диван үстіндегі шырт ұйқыдан, əйелдің

құлағына  сап  ете  қалған  ащы  даусынан  шошып  оянды  да,  есеңгіреген

бейнеде, бас жағында сүйеулі тұрған қынаптағы қылышын шан бере ұстап,

атып  түрегелді.  Ол  қалғыр  алдында  керосин  шамның  білтесін  төмендетіп,

жарығын  бұқтырып  қоятын.  Бүгін  де  сөйткен  шам,  əлденеге  сеніп  қапты.

Бөлме  тастай  қараңғы.  Есеңгіреген  Алмазов,  жан-жағын  қармалап,  қайдан

тескіндік  табарын  білмей  жүрген  шақта,  əлдекімнің  кіре  бергені  сезілді.

Алмазов дыбыс берсе күзеттегі солдат екен.

– Не болды, ваше благородие?! – деді солдат.

– Бəсе, не болды?! – деді Алмазов.

Жоғарғы  этаждан  аһлап-уһлеген  еркек  пен  əйелдің  сасқалақтаған

дыбыстары естіліп тұр.

Солдат  сіріңке  тұтатты  да,  шам  жақты.  Жоғарғы  этажда  ыңғайсыз

бірдеме болып жатқанын сезіп, Алмазов шамды ұстай, солдат берданкасын

безене,  шөгеннен  құйылған  басқыштарды  саңғырлата  аттап,  жоғарғы

өрледі.

Дыбыс естілген бөлмеге екеуі кіріп барса, Гасфорт төсегінде дөңбекшіп



жанталасып  жатыр,  не  істерге  білмей  сасқалақтаған  əйелі  Гасфорттың

қасында бəйек болып жүр. Кіргендерді көрген Елизаветаның аузына түскен

сөз:

– Дəрігер!



Бұл  қалада  «бірдеме  біледі»  дейтін  дəрігер,  –  Илиади  ғана,  өзгелері

«емші» аталатын фельдшерлер.

Илиади  ішкіш  адам  болатын.  Күндізгі  қызмет  сағаттарында  үнемі

орнынан  табылатын  ол,  кешкісін  дос-жарандарына  барып  болуды  жақсы



көретін.  Илиадидің  араққұмарлығын  білетін  олар,  қайдан  болса  да  тауып,

шамасы  жеткенше  суаратын.  Содан  қай  мезгілде  болса  да  үйіне  қалтақтап

жететін, оған шамасы келмесе, жығылған жерінде жатып қалатын.

Бүгінгі түнде де бір досынан сілейіп шыққан Илиади, жолшыбай əлде не

тұсқа құлап, содан үйіне таң ағара жетті. Госфорттың күтіп отырған адамы

оны арбаға мінгізіп ала жөнелді.

Тəжірибесі  көп  Илиади,  бұл  сырқатты  «бүйрегіне,  я  қуығына  тас

байлану» деп жорамалдады. Ондай тасты ірітетін дəріні Илиади білгенмен,

«шеттен  келеді»  дейтін  дəрі  Москва  мен  Петербургтен  басқа  қалалардан

табылмайды.  Үлкейіп  кеткен  тастарды  дəрімен  іріту  де  қиын.  Оларды

жарып  алатын  оташы  (хирург)  Омбыда  жоқ,  өзі  «тəуекел»  ғып  көрер  еді,

оған  қажетті  сайман  да,  көмекші  де  жоқ.  Петербург  пен  Москваның

біреуіне  апаруға  тым  жырақ,  оларға  жете  алмайды.  Екатеринбург

қаласының емханасында жақсы оташылар бар деп естіледі, ол да Омбыдан

аса  жырақтықта,  дегенмен  жəмшік  жолындағы  курьер  аталатын  тығыз

ылаумен жүрсе, бірер күнде жетіп қалуы мүмкін.

Қауіпті  жол  болғанмен,  жан  сақтауға  айла  жоғын  көрген  Гасфорт

амалсыздан көнді.

Ол атақ-абыройды өзінен басқаға қимайтын кісі еді. Атбасар жəрмеңкесі

жайында  да  сөйтті:  өзі  барып  ашпайтын  болғаннан  кейін,  нөкерлерінің

ешқайсысының да ошаң етпеуіне бұйрық берді де, жəрмеңке тыныштығын

сақтауды  соғыс  губернаторы  –  Гутковскийге  жүктеп,  оған  жəрдемшіге

Шоқанды  ғана  берді.  Олардың  қарамағында  қазақ-орыс  əскерлерінің

Имантаудағы

екінші

бөлімі


болады.

Гасфорттың

өзі

Курьермен



Екатеринбургқа сапар шекті.

Шоқан  жолға  шығуға  əзір  еді.  Ең  алдымен,  корпусты  бітіргеннен  бергі

айдан астам уақытта, Бұғы бабайдың ақылымен архив материалдарын шала

ақтарған  ол,  мезгілінің  көбін  нағашысы  –  Мұсаның  Ертіс  жағасындағы

тоғайлы,  көгал  арасында  тігіп  берген  кигіз  үйінің  төңірегінде  өткізіп,

еріккен  шақтарында  атқа  мініп,  суға  қармақ  салып...  дегендей,  тəннің,  де,

жанның  да  рақатын  көрді.  Оның  үстіне,  қазақша  жəне  орысша  қалаған

тағамы  беріліп,  əп-сəтте  көкке  тойған  кебеңдей  етейіп,  арық  денесі  қатая

жұмырланып  алды.  Жөтелі  де  өзді-өзінен  басылып  кетті.  Ендігі  арманы,  –

осы күйінде туған еліне жетіп, сағынған даласында біраз сайрандап қайту.

Өйтуіне Гутковскийдің:

– Ауылыңа бара бер де, мені Атбасардан тос, – деуі себеп болды.

«Ақан  тауына  қоныпты»  деп  естіген,  туған  аулына  Шоқан  төте  тартса,

Омбыдан  шыға,  Бурабай,  Көкшетау  қаласы,  Зеренді  арқылы  түсер  еді.

Бірақ,  екі  себеппен  өйтпеді  ол.  Бір  себебі–құлағы  естіген  болмаса  көзі

көрмеген, хан аулының жаңа қонысы Сырымбет тауына соғып, көре кеткісі

келді.  Екінші  –  (бұл  ең  бір  себебі)  Гасфортты  үйінде  тосқысы  келген


Шыңғыс,  оны  жеке  нөкерлерін  бастап  келу  үшін,  екі  заседателінің  бірі  –

Табайдың  Тəштитін  Омбыға  жіберген  еді.  Гасфорт  ауырып  қалғаннан

кейін,  өзін  «дүрлердің»  біріне  санайтын  Тəштит,  «Шыңғыс  болса  бір  сəрі,

оның  сарыауыз  баласына  қосшы  болып  қайдан  барам»  деп  ойлады  да,

əлденені сылтау ғып аулына қайтып кетті.

Бірақ  ол,  жəй  емес,  Шоқан  мен  Шыңғыстың  арасына  от  тастап  кетті:

Жарылғамыс  Тəштиттің  əкесі  Табайға  өкіл-күйеу  болатын,  сондықтан  ол

Тəштитпен де өте достасып, Жасырар сыры болмайтын. Осы жолы Омбыға

шыққан,  Жолшыбай  үйіне  қонған  Тəштитке  Жарылғамыс  Шыңғыстың

Айжанды Малтабарға атастырғанын айтып қойған, сондағы ойы – «Шоқан

естіп,  қызға  деген  құмарлығынан  қайтсын»  деуі  еді.  «Жарайды,  айтайын»

деген Тəштит, құлағы шалған қауесетті өз мақсатына пайдаланғысы келді.

Тəштит  Шыңғысқа  іштей  еш  еді.  Оған  себеп:  нағашысы  –  Есеней

селкілдек  ауруға  ұшырап  (паралич)  төсектен  тұрмайтын  халде  жатқанда,

Тəштитті  ертіп  бір  жақтан  келе  жатқан  Шыңғыс  сол  үйге  қонған;  сонда

серігінен қымсынбастан, Есенейден аулақ жататын Ұлпанның қасына жұрт

жата  келіп,  таң  ата  бір-ақ  оралған.  Бұған  қатты  намыстанған  Тəштит,

бірдеме  деуді  бойына  мін  көріп,  іштей  түйілген  содан  бері  сырттай

жылтырағанмен, шамасы келсе қарымын қайтаруды арман ететін.

Сондай  ойдағы  Тəштитке  құдай  көктен  тілегенін  жерден  беріп,  Айжан

жайында Шыңғыс Шоқанмен араздастырудың сəті түсе қалған сияқтанды.

Өзін  «қу  қазақтың  бірімін»  деп  санайтын  Тəштит  Омбыға  бара  Шоқанға

бірден  сыр  білдірмей,  сөздерін  Шыңғысты  мақтау  жағынан  бастаған  ол  –

«елді  жақсы  ұстайды,  сондықтан  атақ-абыройы  зор»  дей  келіп,  «көріп-

қасарға  қайырымы  мол»  дей  келіп,  бір  сəтте  Айжан  мəселесін  басып

қалған.


–  Басқарған  елінің  жоқ-жітігіне  қарасуы  былай  тұрсын,  –  деген  ол,  –

əкең  аулының  қоңсы-қолаңына  да  өте  мейірімді,  олардың  күнделік  қамын

ғана ойлап қоймай, болашағына да бақыт жолын сілтейді. Оған бір мысал:

қолында  əке-шешесі,  туған-туысқаны  жоқ,  бір  жетім  қыз  тұрады  екен,  сол

бейшараны  кім  көрінгенге  жетектетіп  жібермей,  қолын  жылы  суға  малып

отыратын дəулетті біреуге беретін болыпты...

–  Кімге?!  –  деп  елең  ете  қалды  Шоқан.  Тəштит  ол  жайын  аңғармаған

болып,  «Малтабарға»  деді  де,  өлердей  мақтанады.  Шыңғыстың  бұл  іске

неге барғанын да, қанша ақша алғанын да айтып берді.

Шоқанның  кіршіксіз  таза  көңіліне  мына  хабар  удай  себіліп,  жаны

түршігіп  кетті  де,  Тəштиттен  қайталай  сұрап,  анығына  көзі  жетті.  Тəштит

Шоқанның  бет  құбылысынан  ішкі  күйін  ұға  қойды  да,  өз  ішінде  «маған

сүзіскендерің  керек,  қай  жеңгенің  менікі»  деді  де,  «қызды  көргісі  келсе

тура тапсын» дегендей, қазіргі мекені Сырымбетте екенін айтты.

Тəштит жайында кете барды...


Шоқанға енді не істеу керек?

Айжанды  зорлық  құрсауынан  қалай  құтқарудың  айласын  таба  алмаған

Шоқан «не де болса бара көрейін» деген тиянаққа келді; оның Сырымбетке

соғудағы  екінші  мақсаты  осы  еді.  Географиялық  картаға  қараса,

Сырымбетке  соғу  үшін  Омбыдан  Қызылжар  келу  керек  те,  одан  «Бөрілі»

жəне  «Жалаңаш»  аталатын  екі  «Торанғұл»  арасымен  Жаман  Жалғызтауға,

одан Сырымбетке бару керек.

Осы  маршрутпен  жөн  тартпақ  болған  Шоқан,  іш  пікірін  өзге  достары

түгіл, жанындай жақсы көретін нағашысы Мұсаға да айтқан жоқ.

Мұсаны  Гасфорт  Атбасарға  ерте  баратын  нөкерлерінің  тізіміне  қосқан

еді. Гасфорт ауыра, ол тізім адыра қалған. Енді не істемек Мұса?

Шікірейген  Шыңғыстың  Шоқанның  оқудағы  кезінде  Омбыға  ат  ізін

салмауына, Мұса шектен шыға ашулы. Онысын Шоқанға сездіріп те жүрді.

Сəті түсіп, Гасфортқа ере барғанда Шыңғыстың бұл қылығын бетіне баспақ

еді, оның реті келмеді. Енді не істеу керек? Алпамсадай қалпымен Шоқанға

ат қосшы болып баруы керек пе?

«Сиыр  –  судан,  су  –  сиырдан  жериді»  дегендей,  хан  тұқымының

Шыңғысы  да,  басқалары  да  мұрындарын  шүйіріп  көкке  көтергенмен,

оларға іштей күле қарайтын адамның бірі – Мұса еді.

–  Несімен  сөйтеді?!  –  дейді  ол  ішінен,  –  замана  дауылы  көтеріп  соғып,

қаңқасын  қиратқан,  кигізі  де  дал-дал  жыртылып  желпілдеп  желге  ұшуға

даяр тұрған ордасымен бе?.. Осы күні ол да бір қазақ, мен де бір қазақ, ол

да  орыс  патшасының  жалынышты  қызметкері,  мен  де  сондай  қызметкер!..

Сондай халін түсінбей, несіне шіренеді ол?!..

Ойы осындай Мұса: «жиеніме ат қосшы болуым төмендікке жатар. Бұл

жөніне  тарта  берсін,  мен  Атбасарға  басқа  жөнмен  барармын»  деген

тиянаққа келді. Өйтуіне Шоқанды өкпелетпейтін дəлелдер де тапты.

Шоқан  оның  еруін  қалаған  да  жоқ,  Айжан  туралы  мəселені  сездірмеді.

Мұса  ол  жайдан  хабарсыз  еді.  Шоқанның  ойы  Сырымбетке  елеусіз

жүріспен  бару.  Сөйту  үшін,  ол  офицерлік  те,  қазақша  да  жақсы  киімдері

бола тұра үстіне олардың бірін де артпай, офицердің жорық жолына киетін

жұпыны, қоңыр-дүрсін киімдерін ғана ілді. Олар ылаумен жүріп кетті.

Мұса оған «оқу бітірген байғазың» деп сыйға тартқан қазақы киімдерін

киюді  ұсынды.  Олары:  басында  жасыл  пайымен  тысталған,  маңдай  жақ

етегін  қасқита  қайырып  қоятын  қара-пұшпақ  бөрік;  сыртында  ақ  ботаның

түбітінен  иіріп,  арқауын  қызғылт  жібек  жіптен  өткермелеп  тоқытқан

ермектің,  жаға,  жеңіне,  өңіріне  тықыр  қара  құндыз  əдіптеген  желбегей

шекпені;  оның  ішінде  қытайдың  ақ-сарғылттау  өңді,  қалыңдау  шушынша

(чечунша),  белін  қынамалау  ғып,  етегін  кеңдеу  ғып  тіктірген,  түймелерін


қара ала күмістен үзбелеп қадаған қамзол; бұтында ешкі терісінен иленген

(замш)  өн  бойын  əр  түсті  жібек  жіппен  ернектей  кестелеген  жырық  кең

балақты  ойран  шалбар;  аяғында  кестелі  шоңқайма  етік,  оның  сыртында

күміс шегелермен əшекейленген кебіс; белінде оқшантайлы, қынды кісе...

Нағашысының бұл тілін Шоқан алмады. Сондағы дəлелі –«жолшыбайғы

елдің  көбі  қазақ  деседі,  олардың  алдында  тотыдай  түрленіп  қайтем.  Ала

жүремін,  керекті  жер  болса  киермін,  əйтпесе  жата  берер.  Офицерше

жарқырамауым – ондай киімді адамдардан қазақтар қорқады дейді.

Шоқанның  қасына,  күтуші  есебінде  татарша  –  Тұхфатолла,  қазақша  –

Тоқбет, орысша –Тома аталатын солдат ерді, Уəделері: Тоқбет қазақ, я татар

тілдерін білмейтін орыс солдаты болып қана жүреді.

Екі  жүз  шақырымдай  деп  есептелетін  Омбы  мен  Қызылжардың

арасында  ол  кезде  қазақ-орыстардың  аралары  алшақ  үш  қана  станциясы

бар  еді:  Омбыға  тақау  –  Коломзино,  орта  тұста  –  Есілкөл,  Қызылжарға

тақау–Токушино.  Олардың  арасында  қазыналық  ылаулар  байланған

бекеттер.  Омбыдан  Түменге  қарай  созылатын  ойпатты  орыстар  –  «Ертіс  –

Есілдің»  қайқаңы  (низменность)  дейді,  қазақтар  «Жолдыөзек»  дейді.  Бұл

сайдың  өн  бойына  «Уақ-Шоға»  аталатын  рулар  қыстайды.  Шоқан  жүрген

шақта олар Баян жақтағы Өлеңті, Шідерті өзендерін жайлауға кетіп, қора-

қопсылары  бос  қалған.  Ел  көзіне  шалынғысы  келмеген  Шоқанға  олардың,

қажеті  де  болған  жоқ.  Суыт  жүрген  ол,  ара  қонып  Қызылжарға  жетіп

барды.


Бұл  қаланың  «Қызылжар»  аталатын  себебі  Есіл  өзенінің  топырағы

қызғылт  түсті  жарына  орнағандықтан  екенін  білеміз.  Қаланың  орнына

алғашқы қазықты 1745 жылы Петр жəне Павел аталатын ағайынды екі кісі

қаққаны, содан қаланың орысша аты – Петропавел болып кеткені де мəлім.

Қала  «Ой»  жəне  «Дөң»  болып  екі  бөлімнен  құралады.  Білетіндер  –

«басында  қазақ-орыс  станциясы  болып  жарқабақ  астына  Ой  қала  түскен

дейді. Дөң қала жарқабақ үстіне жүз жылдан кейін орнай бастаған. Шоқан

Құсмұрыннан Омбыға оқуға бара жатқан кезде, Дөң қалада аралары алшақ

азғантай ғана үй бар еді.

Енді,  бес-алты  жылдан  кейін  іңірлетіп  келіп,  түнде  салт  атпен  аралап

көрсе,  Дөңнің,  үйлері,  ойдан  əлдеқайда  көбейіп,  ана  жылғы  қала  шетінде

жасалған, ішіне қалың орман өскен, аумағы кең мұсылман зираттары, енді

Дөң қаланың қоршауында қалыпты.

Қалаға  танылғысы  келмеген  Шоқанның  бағына  қарай  жəмшік  үйі  Дөң

қаланың шетінде екен. Жолаушылары көп болатын жəмшік айдаушы, өзгеге

бермейтін  мəнін  Шоқанға  да  берген  жоқ.  Одан  салт  ат  сұрап  ап,  іңір

қараңғысында  қаланы  аралаған  Шоқан,  бір  қалтарыста  Малтабар  үйін  де

жанап өтті, Оған деген өшпенділігі қайнап кеткен ол бір мезетте «үйіне өрт

қойсам қайтеді?!» деп те ойлады. Бірақ, лезде ашуды ақыл жеңіп, «онымен


не бітірем?» деді де тоқырады.

Қызылжардан

таң

сіберлей



аттанған

Шоқан,


жолда

Дəнежін


(Надеждинск),  Көгерін  (Ново-Николаевск),  Қарақоға  жүз  шақырымдар

шамасындағы  «Мүсін»  бекетіне  жетті.  Олай  деп  аталатыны:  соңғы

жылдарға  дейін  Есіл  өзенінің  орманды  биік  жарында,  Зілғараның

Мұсасына  қыстау  болып  келген  бұл  мекенді  Зілғара  тұқымымен  өштесіп

алған  Шыңғыс  Көкшетау  дуанына  аға  сұлтан  болғаннан  кейін  сылтау

тауып,  ағайынды  он  төртін  де  түгелімен  Есілдің  батыс  жағындағы  жырық

жер  –  «Алакөл-Салпыққа»  көшіріп  жіберген  де,  «жəмшік  жолының  үсті»

деп бекет орнаттырған. Мұсаның жұртына орнаған бекет орысша «Мусин»

аталып, қазақтар «Мүсін» деп кеткен.

Мүсіннен Сырымбетке баратын жəмшік жолы екіге айрылады екен: бірі

–  екі  Торанғұлдың  арасымен  тура  тартады,  онымен  жүрсе,  Сырымбет  жүз

шақырымдай  жер  екен.  Арада  бекет  жоқ,  сондықтан  жəмшік  те  жоқ.

Мүсіннің жəмшігі ол жолды жырақсынғандықтан, Сырымбетке апармайды

екен, онымен тек ұзақ сапарлылар ғана жүреді екен; екінші жол – «Жаман

Жалғызтау» аталатын бекет арқылы тартады. Мүсіннен ол бекет қырық-елу

шақырымдай.  Сырымбетке  бұрыстау  болғанмен,  жəмшікті  жолаушылар

сонымен жүретін болған.

Шоқан да сөйтті.

Мүсіннің  күнгейіне  қарай  тартатын  бұл  жол  жиырма  бес,  отыз

шақырымдық тұсқа дейін ормансыз жалаңаш даланы кезеді.

Даланың  Есіл  жақ  беті  дөңестеу,  Сырымбет  пен  Жалғызтау  жағы

қайқаңдау.  Сондықтан,  Мүсіннен  ұзамай-ақ,  қос  өркешті  Сырымбеттің  де,

нар өркешті Жалғызтаудың да төбелері көріне кетеді.

Біздің


жолаушылар

Мүсіннен

аттанған

шақта,


таңы

ғана


буалдырланатын бұл тұстың күні шыға, төңірек жарқырап ашылды да кетті.

Көтерілген  күн  қыза  бастаған  кезде,  айналаны  сағымның  толқыған  теңізі

тұтастыра бөлеп алды.

Сағымға  бөленген  таулардың  тұла-бойы  көгілдірленіп,  мөлдір  көк

кəукердің,  тауындай  жайнап  кетті.  Толқын  көтерген  көгілдір  таулар

биіктеп, аспанмен астасты да, теңізде жүзген кемелердей жап-жақын тұсқа

кеп қалған тəрізденді.

Естігені,  кітаптан  оқығаны  болмаса,  «тау»  аталатын  биікті  бұрын

көрмеген  Шоқанға,  сағымда  қалқыған  екі  тау,  бүгінгі  көгілдір  аспанмен

астасқан

шоқылар

сияқтанды.

Оның

«анау


тұрған»

тəрізденген

Сырымбетке, осы тұстан тартып кетерлік зауқы соқты. Сол ойын сыртқа да

шығарған оған, бұл маңайды шарлап баққан атшы.

–  Сағым  көтеріп  тұр,  əйтпесе  алыс  жəне  тете  баратын  жол  да  жоқ.


Біраздан кейін арасынан еткізбейтін жыныс орман кездеседі, – деді.

Асыққанмен амал қанша!..

Жолаушылар Жаман Жалғызтаудан бетін бұрмады.


«ЖАМАН ЖАЛҒЫЗДА»

Бұл  таудың  «Жалғыз»  аталатын  себебі,  –  «Көкшетау»  тіркесіне  кіретін

кө  таулардың  теріскей  шығысында  оғашырақ  тұрады:  «Жалғыздың»

ығындағы  көлемі  мен  көркі  өзге  шалқарлардан  аспаса  кем  түспейтін,

көлдің суы адам татпастық, ащы, сондықтан оны тұрған ел «Жаман» дейді.

Адам  жаман  санайтын  сордың  суын  мал  баласы  қымыздай  сіміреді  де,

арық-тұрақ  ілезде  «қап  болып  шыға  келеді».  Адамға  «жаман»  бола  тұра,

«Жалғыздың»  айналасы  толған  суы  балдай  мөлдір  бұлақ.  Қарағайы,

қайыңы,  терегі  аралас  өскен  қалың  орманның  ішіндегі  Жаман

Жалғызтаудың пішіні, – аумаған кигіз үй, тастары қолмен құрастырғандай

ұсақ,  сол  ұсақтардың  арасынан  етектен  төбеге  дейін  қалыңдай  ескен

ағаштар, аумаған сеңсең папаха сияқты.

«Жалғыздың» төңірегін Қарауыл руының Көлдей, Көшей дейтін аталары

қоныстайтын  еді.  Таудың  сормен  аралығында,  кейін  əлемге  «Үкілі

Ыбырай»  атағы  жайылған,  дүние  жүзіне  мəлім  «Гəкку»  əнін  шығарған

ақынның  ауылы  қыстайтын.  Олардың  арғы  түбі  қалмақтан  келген  қоңсы

дейді, сондықтан «Қалмақ аулы» деп те аталады. Қалмақтың бергі жағында

–  Дербісəлі  би  дегені  болыпты.  Одан:  Əбілге,  Маңдай,  Сандыбай

(Ыбырайдың əкесі). Сандыбай сол маңайдағы қазақтан бірінші болып көрік

басқан,  темір  соққан  кедей  адам  екен.  Өзге  ауылдастары  жаз  жайлауға

көшкенде,  Сандыбай  қыстауда  қалып,  кəсібінен  қол  үзбейді  екен.  Үнемі

үсті-басы  күйе  болып  жүретін  оған,  жақын  жеңгесі  «Қарамұрын»  деген  ат

қойып,  елі  де  солай  деп  кеткен.  Бір  өлеңінде  Ыбырайдың  –  «Əкеміз

Қарамұрын  ұста  бопты,  кемірге  өзімді  өзім  қия  алмадым»  деуі  содан

деседі.

«Өрт  кетіремін»  деген  қауіппен  Қарамұрын  «дүкен»  аталатын  темір



соғатын  жəйін  қыстаудан  жырағырақ  тұстағы  бұлақтың  қайнар  көзінің

жағасына  орнатқан  еді.  Қасында  Имантаудан  ылау  айдауға  жалданған,  кең

шатырда жеке қара бастары ғана тұратын, бірі егде, бірі жас – екі татар бар.

Олардың  аттары  төртеу,  тарантас  жалғыз.  Қарамұрынның  өз  тұрағы

шымнан салған жер үй.

Шоқан  келер  күні,  оның  үйінде,  амандық  біле  жайлаудан  кеше  келген

ағасы – Əбіле қонақтап жатыр еді. Мүсіннен келген ылаушы, Шоқанды сол

үйге  тура  əкеп  түсірді.  Бұл  кезде  күн  байығанмен,  дала  əлі  жарық.  Шоқан

Сырымбетке  табан  аузында-ақ  жүріп  кетер  еді,  ылаушы  татарлар

тарантасқа  екі  ат  жегіп,  «Саумалкөл»  бекетіне  ертемен  жүргінші  əкеткен

екен, содан оралмапты. Жайдақ екі ат қорада екен, олармен қайда барады?..

Шоқандар  ат  басын  тірегенде,  Қарамұрын  үй-ішімен  жəне  қонағымен,

шым үйдің ық жағында ауыз ашар жасап жатыр екен. Тік келіп, қастарына

тоқыраған  жүргіншілерге  қараған  олар  жолаушыларды  дағдылы  біреуге

жорып,  майы  кілкіген  дəмді  құймақтан  қолдарын  жазбай,  сораптап  асай

берді.  Тарантастан  түскен  Шоқан  оларға  мұсылманшылап  сəлем  берді.



Тоқбет үндемеді. «Қазақ қой мынау!» деп күңкілдесіп қалды отырғандар.

– Шайға кел, жігіт! – деді Қарамұрын.

Шоқан  тоқ  еді:  жолшыбайғы  кідірмеймін  деп  ойлаған  ол,  Омбыдағы

əскерлік ұйымнан, үйіне жеткенше ішіп-жеуге жетерлік азық алып шыққан.

Жалғызтау деңгейіне жақындаған шақта, шоқ ағаштың етегіне тоқтап, біраз

қаужалып алған. Сондықтан, «рахмет!» деп қолын қусырып, басын иді де,

Тоқбетке орысшалап:

– Тауға таман барсақ қайтеді? – деді.

– Барайық, – деді ол.

Үй иесінің «дəм татыңдар» деуіне қарамай, екеуі жөнеле берді.

–  Əлгің  аты  «қазақ»  демесең,  –  деді  Шоқандар  алыстаңқырағанда

Қарамұрын ағасына, – тік бақай, кісі киік біреу ғой өзі.

– Кім екенін абайладық ба? – деді Əбіле.

– Жоқ.


– Ендеше соның Шыңғыстың баласы.

– Қай Шыңғыстың?

– Аға сұлтан Шыңғыстың Омбыда оқып жүрген баласы.

– Шоқан ба?!..

–  Сол  ғой  деймін.  Бала  күнінде  көріп  ем,  одан  түсі  өзгергенмен,  кейбір

келбеті сақталған, əсіресе қабағы мен көзі. Бала шағына қарап, өскенде де

бойы шарға болар ма деп жорамалдаушы ем, буылып өскен екен ғой, бойы

соқтауылдай боп кетіпті.

– Тілің тимесін, жерге түкір!

–  Түкіре  береміз-ау!..  Үйіне  келеді  деген.  (Аз  ойланып)  –  Бірақ,  жолы

бұл емес қой, неге қыңыратқып келеді екен бұл жаққа?

–  Білдім!  –  деді  сол  қолының  бармағын  тістеп,  ойлағандай  аз  кідірген

Əбіле, өзіне-өзі тез жауап беріп.

– Нені білдің? – деді Қарамұрын.

– Рас болды! – деді Əбіле, өз тізесін түйгіштеп.

– Не рас болды?



– Қауесет.

– Қандай?

– Осыны «Ақпанның есіп келе жатқан қызына құмартады» деген.

–  Менің  құлағымды  да  сондай  бір  өсектің  желі  шалып  еді,  –  деді

Қарамұрын. – Неге оны растайсың?

– Түзу жолынан бұл жаққа бұрылудың басқа себебі жоқ. Айтпадың деме,

осы сол қызды көруге келе жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет