АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет34/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

жасқануы ма, жабырқауы ма?



«Несі  болса  да  бара  көрейін»  деп,  түлкі  қуған  тазыдай,  қыздың  соңына

түскісі  келді.  Ол  ылаушыға  аттардың  басын  бұрғызғанша,  жүгірген  қыз

бергі  шеттегі,  аңырайған  есігі  апандай  қарауытып  тұрған  балағанға  кіріп

кетті.


Жолаушылар  сол  есікке  таянып,  аттарын  тоқтатты  да:  «біреуін,  шығып

кет!» деп дыбыс берді. Жауап та жоқ, үн де жоқ, кісі де жоқ!..

– Сен кіріп шықшы! – деді Шоқан Тоқбетке.

Бұл  сөзді  бұйрық  санаған  Тұхфатолла,  тарантастан  қарғып  түсіп,

балағанға үн-түнсіз кіріп барды да, лезде қайта шықты.

– Ие, кім бар екен?

–  Төсенішсіз  төрінде,  аса  жүдеу,  сақал-шаштары  өскен,  түсі  суық,

киімдері  жыртық  бір  еркек  жатыр,  тегі  ауыр  сырқат  адам:  еріндерін

жаланып  ыңқылдай  береді,  сөзге  жауап  қайырмайды,  өткір  көздері

өңменімнен өтіп кете жаздады.

«Ақпан болмағай да!» деген ой кеп қалған Шоқанға.

– Əлгі қыз ше? – деді.

–  Ол  теріс  қарап  тұрып  қалды  да,  бетін  бері  бұрмады.  Тастан  жасалған

мүсін сияқты, ешбір қимылсыз қатып қалды.

Ол  Айжан  еді.  Əлгінде  жолаушыларға  қарай  қалғанда,  қалаша  жобалғы

киінген,  əдемі  жас  жігіттің  Шоқан  екенің  өзге  кескіні  өзгергенмен,

бұрынғы  қалпынан  аумаған  қалың  қабағы  мен  шекелеріне  қарай  шалқая

біткен  қою  қара  қастарынан  тани  кетті.  «Шоқан  келеді»  деген  хабар  оның

құлағына  шалынбаған  еді.  «Қайдан  келді?!  Неге  келді?!»  деген  ой  туманы

жауып кетті оның басын.

Күркеде жатқан сырқат Ақпан еді. Алыстағы Сібірден сүлдерін сүйретіп

мекеніне  əрең  жеткен  одан  «қашқын  болар  ма»  деп  қорыққан  Шыңғыс,

Имантаудағы  полицмейстр  Салах  Сагинович  Яманкинге  мəлімдеп,

«каторгадан

ауру

болғандықтан



босатылды»

деген


анықтамасын

көрсеткеннен  кейін  ғана  қарашы  аулына  тоқыратқан.  Елге  келе  сырқаты

меңдей түскен Ақпанды «тез өледіге» жорып, жайлаудан көшерде Шыңғыс

күзетшілерге  тапсырып  кеткен.  Жұлығын  жалап  отырған  кедей

күзетшілерге Шыңғыстың беpiп кеткен азығы жоғарыда айтқан ешкілердің

сүмесі ғана екенін білеміз. Ақпан да соған ортақ.

Төсек тартып жатып қалған, дəрет сындыруға да дəрмені жоқ. Ақпаннан

көрші-қолаңдары  безініп,  оны  бір  балағанға  оңаша  орналастырған  да,  іші

жиіркенішті иіс-қон, ысқа толған күркеге бас сұғар жан табылмай, «ішер»

деген  ас-суды  есіктен  ғана  кіргізіп,  босағаға  қойып  кететін.  Ақпанның  ол



астарға  сүйретіліп  баруға  күші  кейде  жетіп,  кейде  жетпей  сұғанақ  иттер

ішіп  кететін.  Оған  ас  құйған  ыдыстан  жиіркеніп,  басқа  адам  ас  ішпейтін

даяшылар ит жалап кеткен ыдысты жумастан, жаңа асты құя беретін. «Ас»

дейтіні – көбіне қатықсыз қара көже.

Осындай  халдегі  Ақпаннан  көршілері  қалай  құтыларын  білмей,

жиіркене  қарап  жүрген  шақта  Саумалкөл  жағасындағы  орда  ауылдан

Айжанды түйеге мінгестірген Аба келе қалды.

Бұған  дейін  Зейнеп  Айжанды  Ақпанға  жолықтыру  түгіл,  маңына  да

жолатпайтын. Бейшара қыздың туған əкесіне жаны қатты аши тұра, оңаша

көз


жасын

төккеннен

басқа

дəрмені


болмайтын.

Саумалкөлден

аттандырарда  Зейнептің  Абаға  тапсырғаны  –  «басқа  бір  күзетшінің  үйіне

орналастыр!»  Айжанға  тапсырғаны  –  «əкем  деп  маңына  жоласаң  ауруы

жұғады да, өзің де оның дертіне шалдығасың».

Аба  Айжанды  Тоқпақбайдың  үйіне  тастап,  ханшаның  бұйрығын

ескерткенмен,  ол  аттана  салысымен  Айжан  əкесі  жатқан  балағанға  жетіп

барды. «Барма» деуге көршілерінің батылы жетпеді.

Əкесінің  үйіне  барған  Айжан,  еш  нəрсесінен  жиіркенбей,  күркесінің

ішін  əлекедей  жалады.  Ол  тап-талдырмаш  қалпымен  қарулы  екен.  Көрші-

қолаңнан  қара  сабын  сұрап  алған  ол,  легенге  шым-шым  ғып  ысытып

қойған сумен əкесін тап-таза ғып шомылдырды. Сонда денесі алпамсадай,

сүйегі  ауыр,  қимылға  дəрмені  жоқ  əкені  баладай  биледі.  Тырдай  жалаңаш

əкесінен  ол  қымсынған  жоқ.  Бір  рет  жуып  кетіре  алмаған  кірін,  əлденеше

рет жуып əрең дегенде кетірді. Содан кейін, денесі тазарған əкесіне, өзінің

көйлегінен  ықшамдап  үстіне  жəне  бұтына  лыпа  жасады.  Айжанды  қара-

дүрсін  киіндіретін  Зейнеп  лəмбік  аталатын  матадан,  бидайына  түйенің

жүнін  салдырып,  астарымен  сырмалатқан  желен  тіктіріп  берген  еді.  Біраз

киген  желеннің  тозығы  да  жете  бастаған.  Дегенмен  –  жылы.  Айжан  соны

əкесінің  үстіне  жапты.  Сақал-шашын  тап-тақыр  ғып  алдырды.  Əкесінің

шіруге айналған қоғажай төсегін жас қоғажаймен жаңартты. Төсеніші жоқ

күркенің  ішіндегі  көң-қоқырды  шығарып  тастап,  белуардан  құрағы  аралас

өлең-шөп жəйді. Күрке содан кейін иіс-қоңыстан арылып жан жайланардай

дем алғызды.

Айжан  келе  Ақпанның  ас-суы  да  өзгеріп,  ауыз  тұшырлық  халге  жетті.

Ол сауын ешкілерден сүтті біреуін көршілерден сұрап ап, сүмесінен əкесіне

əртүрлі  дəмді  тағамдар  жасады,  əсіресе  сүтті  ұзақ  қайнатып  қойылтқан

балқаймағы дəмді-ақ еді.

Аузы  асқа  жарыған,  денесіне,  үй-ішіне  тазалық  кірген  Ақпан  оңала

бастап, бұрын бас көтермейтін ол ара-тұра төсек үстіне шоқиып отыратын

болды, «сөзден қалды» дейтін ол көңілін сұрағандарға тіл қатуға айналды,

сонда кімге болса да айтары:

– Айжанды берген құдайға, бүгін өлсем де ризамын! Ендігі тілегім, мен


жасай алмаған өмірді тəңірім соған берсін!

– Туған баланың аты – туған екен ғой,– деп таңданысты жұрт. – Кəзіргі

күйінде  Ақпанға  кім  жолағандай.  Сол  қалпынан  мына  қызы  жиренбей,

күркесінің  де,  өзінің  де,  адам  маңайлай  алмайтын  ласын  тазалап,  бəрін  де

жұнттай ғып қойды.

–  Əсіресе,  өзің  –  десті  біреулер,  –  жап-жас  қыз,  ұят-аятты  да  қойып,

алпамсадай əкесін жас баладай шомылдырғанын көрсең!..

– Ұялғанда амалы қанша! Өзінен басқа кімі бар, тазалайтын?

– Адал сүт емген бала екен де!.. Өркені өссін!..

Жұрт бұл сөзді Айжанның өзіне де айтты.

Ақпанның  көңілі  көтерілуін  көпсінгендей,  тілеуі  құрғыр  біреу,  бір  күні

Айжанның  Малтабарға  сатылуын  естіртіп  қойды!..  Содан  кейін  не  істеуге

білмей сасқан Ақпанның бар ермегі – Сібірдегі лагерьден беліне қыстырып

ала  қайтқан  балтасын  қайрау.  Көп  жыл  жолдасы  болған,  шымболаттан

жасалған  бұл  балта,  қайрауын  тапса  қыл  қабады,  бір  жетілсе  жуыр  маңда

мұқалмайды.

Малтабар  жайында  əкесі  қызына,  қызы  əкесіне  тіл  қатпайды,  ішкі

ойларын  бірінен-бірі  жасырады.  Бірақ,  екеуі  де  өз  ниеттеріне  жетуден

қайтпайды.

Шоқанды  көрген  Айжан  күркесіне  қашып  кіргенде,  Ақпан  ұйқылы-ояу

халде  еді.  Бұның  жəй  қимыл  емесін  сезген  Ақпан,  маужыраудан  серги

қалды да, төсектен басын көтере беріп.

– О не, Айым?! – деді.

Айжан жауап бермеді. «Ə» дегенше болмай, күркенің есігінен жақындап

келе  жатқан  пар  атты  көрінді.  Айжан  үрейлі  кескінмен  терге  таянды  да,

теріс қарап тұрып қалды.

«Малтабар  болар  ма?!»  деген  ой  кеп  кетті  Ақпанға.  Сол  ойдан  өкпесі

аузына  тығылған  ол,  төрдегі  Айжан  теріс  қарай  бергенде  басының

астындағы  балтаны  суырып  алды  да,  бауырына  басып,  бүк  түсіп  л«ата

қойды  Ниеті  –  Айжанға  жармасушы  болса,  қару  қылу.  Өйтуге  жарарлық

қуат  бойында  бар  сияқты.  Сондай  халдегі  ол,  Тоқбеттің  кіріп  шығуын

көргенмен, «арты неге соғар екен» дегендей қимыл көрсеткен жоқ.

Айжан ше?

Шоқаннан қашқан оның басына ақыл күркеге кіре оралды.

–  «Иə,–  деді  ол  жорамалын  бекітіп,  –  сол!..  Шоқан  аға!..  Қайдан  келді?


Неге келді? Əлде кездейсоқ кезігуі ме? Əдейі келуі ме?..»

Сол бір сəтте Айжанның есіне ұстазы – Көкештің сөзі түсе кетті.

– Шыңғыстың Омбыда оқып жүрген баласы бар көрінеді ғой, – деген еді

Көкеш,  Айжанмен  оңаша  сөйлесе  қалған  бір  шағында,  –  жақсы  жігіт

деседі...

Ол  жолы  бұл  сөзді  неге  айтқанын  аңғара  алмаған  Айжанға,  Көкеш

сатылаған  сөздер  арқылы  «шіркін,  сенің  жарың  сол  болар  ма  еді!»  деген

арманын да ескертіп қойған.

Бұл арманды естігенде қаны бетіне шауып, кескіні қып-қызыл боп ұялып

қалған Айжанның есінен, кейін осы сөз шықпай қойған. Бірақ ол, Шоқанды

аспандағы  күндей  көріп,  қолы  жетеді  деп  үміттенбейтін.  Сөйтіп  жүргенде

Айжанның  құлағы,  жыбыр  ауыз  Рақиядан  «Омбыға  барғандардан  Қанаш

сені  сұрайтын  көрінеді»  деген  сөзді  шалған.  Рақияның  ол  сыбысты

айтудағы  мақсаты,  –  «елге  келеді  деп  естіген  ағасы,  мынадай  жас  сұлуды

пайдаланып  кетсін»  деп  Айжанның  көңілін  күні  бұрын  Шоқанға  бұрып

қоюда  еді.  (Жігіттер  мен  қыздарды,  əсіресе,  ер  жете  бастаған  ағасы  –

Жақыпты жағыстырып тұру Рақияның қызық көретін қылығы да).

Рақияның  «сұрастырыпты»  деген  сөзіне  Айжан  сенетін.  Шоқанның

онысын өзіне қамқорлығының жалғасы деп қана түсінетін «менде ойы бар»

деген пікір басына ұяламайтын.

Міне,  сол  Шоқан  күркесіне  келіп  қалды.  «Жолсоқты  келуі»  дейін  десе,

аттарының  басы  тура,  «бұнысы  əдейілеп  келуі  болар  ма?  Қасындағылары

кімдер?!..»

Сол  ойда  тұрғанда,  аңырайған  есіктен  арбалылардың  күркеге  тақала

бастағаны  байқалды.  Кіре  берген  Тоқбеттен  жасқанған  ол  теріс  қарай

қалды да, оның шыққан дыбысын естігенде, бетін есікке бұрды. Сол шақта

«Шоқан» деп жорығаны да есіктен бас сұқты.

Бетін теріс қарата берген Айжанның тұла бойы тағы да қалшылдап кетті.

Ол  қуған  қасқыр  қақпайлап  əкеп,  бұлтара  алмайтын  тұйыққа  тыққан

қоянның халіне түсті...

– Айжан! – деген дыбыс шалынды құлағына.

Есінен  танғандай  халдегі  Айжан,  бетін  кейін  қарай  жалт  бұрып,  еңіреп

жылаған үнмен:

–  Қанаш  аға!  –  деп  құлашын  жая  ұшып  кеп,  Шоқанды  бас  салғанын

білмей қалды.

Айжанды құшақтай бауырына басқан Шоқанның, да көзінен жас ыршып

кетті. Дірілі күшейе түскен Айжанның қызу денесі, Шоқанның тұла бойын


бұлаудай бусандырып барады...

Шоқанның  осындай  бір  қызды  іздеп  келе  жатуынан  хабары  бар

Тұхфатолла  қыз  Шоқанды  құшақтай  алған  шақта  есіктен  кіре  беріп,

аңырып тұра қалды.

Шоқан  кіре  бергенде  кім  екенін  біле  алмаған  Ақпан,  теріс  қылығын

көрсе,  балтасын  ала  ұмтылуға  ыңғайланған  еді,  жат  адамның  «Айжан!»

дегенің  қызының  оны  «Қанат!»  дегенін  естігеннен  кейін,  екеуінің

құшақтаса  кетуін  көргеннен  кейін,  балтасын  ұстай  төсегінен  жылжи  берді

де, кідірді.

«Қанаш»  Шоқанға  əке-шешесінің  еркелетіп  қойған  аты  екені  есіне  түсе

кетті  оның.  Құсмұрыннан  оқуға  аттанарда  Айжанды  шешесіне  тапсырып,

«күт» деп кеткенін Ақпан естіген. Содан бері оған іші жылып «бір көрсем-

ау!  Алғысымды  айтсам-ау!..»  деген  арманда  жүретін.  Көре  қалса,  шағар

мұңы кө те.

«Мынау,  сол  Қанаш  болар  ма?!..»  –  деген  ой  келіп  кетті  Ақпанға,

Айжанның  «Қанаш»  деген  даусын  естігенде.  Айжан  оны  еңірей  жылап

құшақтай  алғанда,  –  «сол  болғаны  ғой!»  деп  бекітті  Ақпан  ойын.  Енді

өзінің де Шоқанның жүзін көргісі, онымен тіл қатысқысы келді. Сондықтан

–  Айым!  –  деген  дыбыс  берді  ол,  –  босат,  Қанашты,  онымен  менің  де

амандасқым келеді.

Құлағына  сол  дыбыс  кіргенде  ғана  есі  кіре  бастаған  Айжан,  не  істеп

тұрғанын  енді  ғана  сезгендей,  құшағын  тез  жазды  да,  бүркіттің

тегеуірінінен  əлдеқалай  сытыла  қалған  қояндай  жып  беріп  əкесінің  биік

қып  салған  қоғажай  төсегінің  ығына  жоқ  болды.  Шоқан  да  алған  аңынан

айрылып,  аңыра  қалған  бүркіттей  оны  іздегендей  жан-жағына  алаңдай

бергенде, көзі қасына таяу тізерлей отырған, түрі көрден шыққан адамның

бейнесіне  ұқсайтын,  арық  денесінің  саудыраған  сүйектері  қапшық

сияқтанған жұқа, кең көйлегіне əрең жасырынатын, тірі аруақ Ақпанға түсе

кетті. Жерге таянған, жіліктері жуан оң жақ қолына, қайқы жүзі жалтырай

қайралған, «шалымы жарты көз» дерлік қысқалап сабынан уысына қысқан

балта.

Ақпанның  қорқынышты  сұрқынан  да,  қолына  ұстаған  балтасынан  да



сескенген  Шоқан,  санамен  емес,  сезімнің  итермелеуімен  шегіншектей

берді. Оның бетіне өткір көздерімен тесіле қараған Ақпан:

– Апырай, сенбісің, Қанаш? – деді.

Жауап бермей шегіне түскен Шоқанға:

–  Қорықпа,  Қанаш.  Танымадың  ба?  Мен  Ақпанмын!  –  деді  ол  «осыдан

сескеніп тұрған болар» дегендей, балтасын əрірек ысырып қойып.



Қайдан  танысын,  Шоқан:  бұрынғы  биік  балуан  дененің  орнында

буындары  шодырайған,  бар  сүйегін  сыртынан  санап  аларлық  қаңқа  ғана

қалған;  бұрын  еркектің  сұлуы  саналатын  келбетінен  қалғаны  –  сімілтірі

қоңырайған  мұрнының  жіктері  сүйеленген  шеміршектері  мен  үлкен  қара

көзінің  суалған  көлдің  шүңірейген  арнасы  сияқты  аумағы  ғана;  сол

белгілерінен Ақпан екенін шырамыта бастаған Шоқанға:

–  «Ат  арыса  –  тулақ,  ер  арыса  –  аруақ»  деген  осы,  шырағым,  –  деді

Ақпан. – Айжанға көрсеткен жақсылығыңның бəрін естідім. Бізден қайтар

демеймін, ылайымда құдайдан қайтсын!

Көңілі  босаған  Ақпан  кемсеңдеп  еді,  көзінен  жас  шықпады.  Ақпанның

балағанына тоқыраған пар атты кім екенін білгісі келгендердің кеу-кеулері

көңілді бөліп жіберді. Қолында мылтығы бар Тұхфатолла оларды кіргізбеді.

«Бір  мылтықтың  аузына  мың  кісі  сыяды»  дейтін  мəтелге  сенетін  олар,

кимелеп кіруге бата алмады. Сөйтіп тұрғанда, босағадан сығалаған əлдекім

Шоқанды танып қап.

– Тере! – деді өзгелеріне сыбырлап.

– Қан төре?

– Шоқан!


–  Қай  Шоқан?!  –  десті,  оның  бұл  араға  келуі  өңіндегі  түгіл  түсіне  де

кірмеген əркімдер.

– Хан-иемнің Омбыға оқуға кеткен баласы.

– Не дейді-ау, жаным?!..

– Ол қайдан жүр?

–  Мəнісі  бар  оның,–  деп,  іші  бірдемені  сезетін  Орманбай

қасындағыларға көзін қысты.

– Не мəн?..

Орманбай  жауап  бергенше,  сырттағылардың  дабырын  естіп  тұрған

Шоқан, күркеден шыға берді.

Хан  тұқымын  өздеріне  ие  көретін  бұл  ауылдың  қарашылары,  төрені

көргенде,  қолдарын  кіндік  тұсына  қусырып,  белдерін  бүкірейте,  бастарын

ие қалушы

Ақпан  балағанының  алдына  жиналғандардың  үлкен-кішілері  Шоқанға

да  түгелімен  сөйтті.  Өзге  төрелердің  салты:  не  бəріне  одырая  қарап,  үн-

түнсіз өтіп кету болатын еді де, не əлдеқалай себеп тауып төменшектенген

қалыптарын  одан  əрі  төмендете  түсетін  бірдемелерді  айту  еді.  Шоқан


өйтпеді. Ол есіктен шыға, бастарын ие берген жұртқа, көңілді дауыспен:

– Уа, халайық, бəріңізге бір сəлем! – деп, оң қолын кеудесіне қоя, басын

иді.

Жылы леп шыққан тұсқа, көз астарымен жымия қарай бастаған көпке:



– Құрметтеріңізге рахмет! – деді.

Одан əрі не істеу керек?

Шоқанның ұшқыр ойы шешімді тез тапты.

– Көрмеген қысқы ордаға соғып, əжемнің басына дұға оқыта келіп ем, –

деді ол көке. – Бастайтын қайсының бар?

Сырын  түймеген  төренің  алдында  «мен»  дей  қоюға  қымсынған  көптің

ішінен бір балаң жігіт иген басын көтеріп:

–  Мен,  Қанаш!  –  деді,  тағы  да  төменшектей  қалды.  Шоқан  тани  кетті:

азандық аты

– Тоқпақбайдың баласы – Сақпан, лақап аты – Сақа.

Ол  «Сақа»  десе  –  сақа  еді:  Шоқанмен  бір  жылы  туып,  балалық  шағын

бірге  өткізген  ол,  Жайнақпен  қатар  ұстайтын  сенімді  досы  да,  өзі  «иненің

көзінен  өтетін»  епті  болатын;  қайда  жұмсаса  да,  тапсырған  істі  шапшаң

жəне ұқыпты орындайтын.

– Сақа! – деп қалды Шоқан, қатты дауыспен.

Қуанышты  кескінмен  басын  көтерген  Сақаға  Шоқан  шаттық  бейнеде

құшақ жайып:

– Кел бермен! – деді.

Сақа жүгіріп кеп, жаюлы құшаққа бөлене кетті. Қарап тұрған жұрт өзара

күңкілдесіп:

– «Өзге түгіл əкесіне де иілмейтін, қақырайған қатты» дегені қайда?

– «Шоқынып кетті» дегені қайда? «Əжеме дұға оқи келдім» деді ғой?!

Тестерін  тақаса,  айқырған  қолдарын  қатты  қыса  аз  тұрған  Шоқан  мен

Сақа, мауықтары басылғандай болған шақта құшақтарын жазды.

– О, ит! – деді Шоқан, еркелеткен үнмен, екі иығынан да қапсыра ұстай

ап,  Сақаны  сілкілеп.  –  Тұрқыңнан  емес,  көлденең  өсіпсің  ғой,  тап-тапал

боп?!..


– Сен тырна құсап сорайып кетіпсің ғой! – деді Шоқанға бойы үйренген

Сақа, əзілден ұтылғысы келмей.

– Ал, кеттік!

– Қайда?


– Ордаға!.. «Білем – дедің ғой, оның жолын?»

– Білем.


– Ендеше, мінейік анаған! – деп, Шоқан Сақаға тарантасты нұсқады.

Екеуі  қолдасқан  қалпымен  ырғып  мінді.  Тоқбет  те  мінді.  Онда  үн  жоқ.

Шоқанның кім екенін білмейтін де, сұрамаған да, тек ішінен «киргизден де

чиновник  шыққан  екен-ау»  деп  таңданып  қана  қойған  қартаң  ылаушы

орыс,  көзі  көрген,  бірақ  түгіне  түсінбеген  құбылыстарға  аң-таң!  Аздап

қазақша  білетін  ол,  үлкенді-кішілі  күзетшілердің  бəрін  де  біледі,

үлкендерімен ашына-жай аты – Прокопий. Ол сөзге тілі келмеген қазақтар

«Біргепе»  дейді.  Прокопий  десе  ешкім  білмейді.  «Біргепені»  білмейтіні

жоқ. Тарантасқа отыра:

– Ханның ордасын білесің ғой, Біргепе? – деді Сақа.

– Білем.

– Ендеше, тарт соған!

Олар  кете  барды.  Жиналған  жұрт  аңырып  қала  берді.  Жұртқа  көнбей,

балағанның  үңірейген  есігінің  ішкі  босағасына  жабысып,  көзінен  жасы

сорғалаған  Айжан  да  қарап  тұр.  Шоқанның  қайда,  неге  кетіп  бара

жатқанын  ол  білмейді.  «Біржола  кетіп  бара  ма?!»  деп  ойлаған  ол

тарантастағылар ұзаңқырай берген шақта:

– Айым, – деді Ақпан, қызының неге көзіне жас алғанын сезіп, – бекер

соқпаған  болар,  Қанаш.  «Қыран  құс  қайрылып  шалады»  деген,  ораламай

кетпес!


Ылаушы  сөз  тыңдағыш  адам  екен.  Шоқанның  кім  екенін  ордаға

жақындай  білген,  сыртынан  атына  қанық,  Шыңғыспен  тамырлау  ылаушы,

Сақаның  «Сырымбет  тауының  саласына  көтерілеміз»  деуіне  қарсылық

білдірген  жоқ.  Сала  жайпақтау  сияқтанғанмен,  арбалы  аттардың  шығуына

недəуір  қиын  екен.  Аттар  қарсаңға  мықшия,  дем  ала  ерлеп  жотаға  əрең

көтерілді.

– Асу осы,– деп аттардың делбесін тартып тоқтатқан Сақа жерге түсіп, –

өркештердің  төбесінде  қызықтар  бар,  барайық,  –  деп  Шоқанды  қолынан

тартып еді:


 Ауырыңқырап  отырмын  да,  –  деді  Шоқан,  қозғала  қоймай,  –  тағы

келерміз, кейін оралайық.

Не  «ауруы»  барын  Сақа  іштей  жорамалдайды.  «Шоқан  Айжанға  құмар

дейді»  деген  сөз  оның  да  құлағына  шалынған.  Шоқанның  мана  көл

жағасында  жүргенде  тарантастағылардан  ығысқан  Айжан  ізімен  қуып

келгенің  əкесінің  күркесіне  тығылған  Айжанды  көріп  шыққаның  жұртпен

бірге  Сақа  да  бақылап,  жүріс-тұрысының  бəріне  де  мəн  берген;  «енді  не

болар  екен?!»  деп  тұрған  шағында,  Шоқанның  кідірмей  ордаға  тартуы

Сақаға  жұмбақ  сияқты  болып  қалған.  Ол  осы  жұмбақтың  тез  шешілуіне

құштар.


Олар  ордаға  оралды.  «Орда»  дегені:  терезелері  көп,  орта  тұсында  қала

тəртібімен  салынған  жалғыз  есігі  бар,  еңсесі  биік  төбесі  жасыл  бояулы

қаңылтырмен  жабылған,  жуан  қарағай  бөренелерден  қиылған  ені  кең,

тұрқы  ұзын  үй  екен;  қабырғаларының  сырты  сұрғылт  бірдемемен

қапталған. Шоқан сипап көрсе, киіз екен.

– Естуімше, – деді Сақа сөз қосып, – алғашында əппақ киіз екен бұлар,

жəне  шыли  ақ  қозының  жүнінен  басылған  екен;  жылдар  өтіп,  жел  жалап,

жаңбыр  шая  берген  соң,  түсі  сұрғылттанған;  үйдің  ішкі  қабырғалары  да

осылай қапталған деседі, өз көзіммен көрген емеспін.

– Неге?!


– Хан мен ханша тұратын үйлерге біздей пақырлар бас сұға ала ма?

– Рас па, осының?!

– Оллаһи!.. Өтірік айтсам жаным шықсын!

Сол  кезде  есегін  тепеңдетіп  Тоқпақбай  келе  қалды.  Орданың  кілті

қалтасында екен. Төреге тіл қатып көрмеген байғұс мана «тарантасқа міне

кетейін»  деуге  бата  алмапты.  Одан  бері  биенің  бірер  сауыны  болғанмен,

шабан  есекті  өкпеге  тепкілеп  əрең  жетіпті.  Есік  ашылды.  Ішкі  жақта  үйді

екіге бөлетін кеңдеу коридор бар екен.

–  Оң  жақ  бөлегінде,  –  деді  Тоқпақбай,  –  бəйбішесімен,  бірер  бала-

шағасымен хан-ием тұрады.

– Неше бөлме бар онда?

–  Білмедім.  Сыртынан  топшыламақ,  біздей  кісілер  кірмейді  ғой  оларға.

Сол  жақ  бөлегінде  кейінгі  кезге  дейін  Жақып  мырзамен  кейінгі  мырзалар

тұратын. Жақып...

Тоқпақбай  кілт  кідіре  қалды.  Онысы,  –  Жақыпқа  байланысты  бір

оқиғаны «Шоқан біле ме, жоқ па?» дегендік еді.



Былтырғы  күзде,  орда  ауылда  үлкен  бір  оқиға  болған:  Құсмұрыннан

Сырымбетке  көшіп  келгелі,  Шепе  ағаш  қорығыш  боп,  бір  бұрау  кескен

кісіден кеміне бір тоқты, я лақ алатын; көбірек кескен кісіден түйесін, атын

деген  сияқты  Ірі  қараларын  тартып  алатын;  берері  жоқтарға  дүре

соқтыратын, содан өліп қалғандар да болған. Ақыры, жұрт өшіге кеп, өткен

күз  салт  атпен  орман  аралап  жүрген  оны,əлдекімдер  мойнынан  ағашқа

асып кетіпті, өлімтігі сасып кеткенде табылған...

Шепеде  бала  жоғын,  əйелі  –  Салиқа  бейпіл  болғанын  білеміз.  Сол

Салиқа  ерінің  қырқын  бере  желігіп,  «не  төре  тұқымынан  таңдау  беріңдер,

не  басымды  босатыңдар»  деген.  Сонда  сүйенгені  –  Шыңғыс  қол  артар

дүмді тұқымының біреуі.

Төрелер  амалсыздан  таңдау  бергенде,  Салиқа  құрығын  ержетіп  қалған

қайнысы – Жақыпқа салған. Байбалам салып қашқалақтаған он жеті жасар

Жақыпты, басы Шыңғыс боп:

– Жесірді жібереміз бе? «Аға өлсе – іні мұрасы» деген, кəрісінсең бірер

жылдан кейін жас тоқал аларсың, – деп, мойнын бұрап еріксіз көндірген...

Бұл  оқиға  Шоқанға  хабарланбаған.  Тоқпақбайдың  тұтығып  тұрғаны  сол,

сондықтан Шоқанның:

– Неге кідірдің? – деген сұрауына «жəй, əншейін» деп жауап бере алмай

қалды.  Бұның  жəй  тұтығу  емес  екенін  шамалаған  Шоқан,  «жата-жастана

білермін» деп, аржағын қазғылаған жоқ.

Жайлауға  көшетін  орда,  көлік  көтерерлік  аса  қажетті  нəрселерді  ғана

əкететін  еді,  қалғанын  жинастырып  орда  қасындағы  тұйық  сарайға

сығылыстыра  жинап,  қалың  қақпасының  сыртынан  жуан  салтқы  басып,

үлкендігі  күректей  құлыппен  бекітетін  еді.  Орданың  ішінде  тек  ағаштан

жасалған мүліктер ғана қалады. Оның да кілті Тоқпақбай да.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет