АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет37/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

7  деп

кішкене  күнінен  ұнатпай,  аналық  бейіл  білдірмей,  қымс  етсе  сабап,

қорғалтып  өсірген  еді.  Бертінде  сайқы-мазақ  қылықтарына  қарап,  маңына

жолатпай қойған. Оның ұғымында, Жақып бетімен жүріп тұратын делқұлы

біреу  болуға  тиісті.  Бір  сəтте,  ағасы  Мұсаға  ере  келген  төркіні  Қаржас  –

Сүйіндіктің  ең  тоқтаулы  деген  биінің  біреуі  –  Ақпанның  Секербайы

(Шыңғысқа Жақыпты нұсқап:

–  Жезде,  сен  анау  балаңды  қағажулау  ұстайды  екенсің.  «Тентектен

түзелген жақсы болады» деуші еді, көрерсің түбінде ордаңа осы не болады,

– деген.

Сол  құлағында  қалған  Зейнеп,  Жақыптың  мына  сөздерін  тыңдап

отырып:

– Есі кіріп қалған екен ғой бұл жындының! – деген ойда отырды.



Мəселе  анықталғаннан  кейін,  шеше  мен  бала  Уəлі  шаңырағына  төнген

қауіп-қатерден аман құтылу үшін не істеу жайын ақылдасты. Олар əр түрлі

жоспар  құрғанмен,  біреуіне  де  тоқырай  алмай  отырғанда  Тақырбас  келді.

Шеше мен бала:

– Heгe келдің? – деген сұрауды қосарлана берді оған.

–  Жолтабардың  Мұқаны  жіберді,  –  деді  ол,  –  Оны  хан-ием  шақыртқан

екен. Қазір жүргелі жатыр. «Жақан мырзаға жолыға кетейін деп ем» дейді.

Жолтабардың Мұқаны, сол кезде «ата сақалы аузына біткен», «отызында

орнықты  үйге»  айналып,  «жігіт  ағасы»  болып  жүрген  кісі  еді.

Қызылжардан  аздап  орысша  жəне  мұсылманша  оқығаны  бар,  тілі

тұттықпалау,  «он  екі  ата  Дəуіт»  аталатын  Атығай  руының  Сырымбеттегі

хан  ордасына  көрші  Көшқұлы,  Ораз  дейтін  аталары  бар.  Мұқан  солардың

жастарынан  қазіргі  «берекелісі»  саналатындықтан,  Шыңғыс  «қолқанат»

қып,  онда-мұнда  жұмсап  жүрген.  Бұл  жолы  қайда,  неге  жұмсауын  Зейнеп

пен Жақып болжай алмады. Бірақ, тегін шақыру емесін екеуі де жобалады,

сондықтан:

– Бар, – деді Зейнеп Жақыпқа.

– Біздің кеңесіміз жайынан іштеңе сездірейін бе?

–  Жоқ,  ойбай!  «Үркейін  деп  тұрған  жылқыға,  жапырақ  байласаң  не

жорық!»  дегендей  былай  да  осқырынып  отырған  əкеңді  үркітіп  алар.  Бір

жаққа жұмсап жібермесе, Мұқан «ізімен қайтсын, неге шақырғанын естиік,

не амал қолдансақ та содан кейін ақылдасып көрейік».

Жақып  барса,  Мұқан  атқа  қонуға  дайын  екен,  Шыңғыс  жіберген

адамына «қасына кісі ертпесін» деп тапсырған екен. Ол жалғыз аттанды.



Ə

КЕ СЫРЫ


Мұқан  Шыңғысқа  жеткенше,  біз  оқырмандарға  Шыңғыстың  оны  неге

шақыртқан себебін айта отырайық.

Шоқанның  ордаға  соқпай,  сəлемдеспей  өтіп  кетуіне,  шағатын  бүйідей

тырсиып терісіне əрең сыйып отырған Шыңғысқа, бізге өткен тараулардан

белгілі  –  Жарылғамыс  тағы  бір  жаңалық  хабар  əкелді:  Уақ  руының  бізге

белгілі  атақты  ұрысы  –  Мақаштың  Қожығы,  Шағалақ  Керейдің  ұрысы  –

Ертісбайдың  Медебайы,  «Сегіз  ата  –  Қарауыл»  аталатын  елдің  ұрысы  –

Бекмырзаның  Баубегі,  «Шоқан  Атбасар  жəрмеңкесінің  үстінде  үшеуін  де

ұстатады»  деген  қауесетпен  бармауға  бекініп  жүреді  де,  қалың  қолмен

келеді  деген,  «жанарал-гүбірнадыр  ауырып  қап  емделуге  кетіпті,  аз  ғана

солдатпен Шоқан ғана келетін

Бопты»  деген  соң,  қапысын  тауып,  əрі  салғанда  өлтіріп,  бері  салғанда

сілейте  сабап  алуға  ұйғарыпты.  Жарылғамыс  Шыңғыс  пен  Шоқанды  осы

қатерден сақтандыруға келіпті.

Шыңғыс  кірпі  терісінен  жасалған  төсектің  үстіне  жалаңаш  аунағандай

болды. Енді Жарылғамыс келе одан да ауырлап, тұла бойы дірілдеп кетті.

Өйтпегенде ше?

Мал екеш мал да шамасы жеткенше, баласын жауына баласын бермеуге

тырыспай  ма?  Үйіріне  қасқырларды  жолатпай,  қарсы  шауып  қайырып

тастайтын  айғырларды  Шыңғыс  талай  көрген;  «сасық  саналатын  сиыр  да

төлдерін ортаға ала қорғап, біреуіне де қасқырдың тісін тигізбейді; боталы

түйеге бура не адамды, не аңды жолатпайды; жеке биенің – құлынын, жеке

сиырдың  –  бұзауын  қасқырға  алдырмағанын  біледі;  «ең  момын»  дейтін

қойдың қошқары да қасқырды сүзіп басын жарғанын ел аңыз ғып айтады!..

Шыңғыстың  əкелік  мейірімі  ұстап,  оны  қайткенде  «қасқырларға»

талатпау, жегізбеу қамын ойлай бастады. Сонда есіне Қанжығалы Бөгембай

батырдың шөбересі – Саққұлақ би түсті. Қанжығалы: Қырғызбай, Теңізбай

болып  бөлінгенде,  Қырғызбайы  –  Ереймен  тауын,  Теңізбай  –  қазіргі

Қостанай

облысының

Урицк

ауданындағы



«Отынағаш»

өлкесін


мекендейтін.  Аралары  алшақ  бұл  екі  ағайын,  кейбір  жылдың,  жазында,

«Қалмақкөл», «Салқынкөл» аталатын өлкені жайлап, «өлікке – бата, тіріге –

сəлем» дейтін қарым-қатынастарын жасайтын. Биыл да олар осы жайлауға

келгенін Шыңғыс естіп отырған.

Бөгембай  Абылай  ханның  тұсындағы  батыр.  Жасы  одан  үлкен

Абылайды  Арқа  қазағы  ақ  киізге  салып  хан  көтергенде,  бір  бұрышын

Бөгембай  ұстап,  аузына  түкіріп  бата  берген,  сондықтан  Абылай  оны  өмір

бойы  қадыр  тұтып,  «қартекең»  атап  кеткен.  Қанжығалы  қарт  Бөгембайды

«Бөген  ата»  деп  ұраны  жасаған.  Бөгембайдан  –  Тұранəлі,  одан  –  Бапан,


одан  –  Саққұлақ.  Ол  өз  тұсының  өте  беделді  кісісі  еді  деседі.  Жасы

Шыңғыстан  мүшелден  астам  үлкен.  Құсмұрында  аға  сұлтан  болып  тұрған

шағында  Шыңғыс  Отынағаштағы  Қанжығалының  шешені  –  Айдапсалдың

Асаубайына  ренжіп,  «Қорқылдақ»  аталатын  қонысын,  Сіргелі  –  Уақтың

Шабанқұлына  тошақ,  қырық  тұсақ  пар  алып,  тартып  əперген.  Саққұлақ

соған  өкпелеп,  Шыңғыстың  ордасына  жоламай  жүргенде,  ауылдары

«Құлайғыр»  өзенінің  бойында  түйісіп  қап,  Шыңғыс  байтал  сойып  ерулік

берген. Көңілдері содан бері жақсы еді. Шыңғыстың оны арқа сүйеу көруі

сонан.

Ақаннан Қалмақкөл шоқытқан атты шалдырмай жететін тұста еді. Соған



қос атпен тартқан Мұқан ертеңгі бие бауы кезінде жетіп барды.

Мұқаннан  хал-жайды  естіген  Саққұлақ,  бірден  көне  кетті,  сонда

Шыңғыс үшін емес, Шоқан үшін.

Өзін əділ билердің біріне санайтын, «тура биде туған жоқ, туғанды биде

иман  жоқ»  дейтін  қамалды  бұлжытпай  қолдануға  тырысатын  Саққұлақ,

Шыңғысқа сырты жылтырай жүре, оның қиянатшылдығын, парақорлығын

іштей  қатты  ұнатпайтын;  оның  үстіне  Шоқанға  кекірейген  қылықтарын

естіп,  ете  наразы  еді;  сондықтан  қара  басына  қайғы  түсе  қалса,  қынжыла

қоярлық қалпы да жоқ болатын.

«Шыңғыстың Шоқан деген баласы Омбыда орысша оқып жатыр дейді»

дегенді естігені болмаса, жүзін көрген емес.

Бұрынғы  естуіне  мəн  бермей  жүрген  шақта,  жуық  арада  ғана  Күрсары-

Керейдің  он  екі  мың  жылқы  біткен  байлары  Мəті  мен  Дəулен,  əкелері  –

Еменге жер күңіренткендей ас берді.

Асқа шығыстан – Қарқаралы, Семейден, батыстағы – Торғай-тосыннан,

Күнгейде  –  Ақтау,  Ортаудан,  Теріскейдегі  –  Қызылжар,  Қорғаннан  халық

жиналған. Саққұлақ та болды сонда. Баяннан келген Шорманның Мұсасы,

жиені – Шоқанның атағын көтеру ниетімен, Кадет корпусын бітірушілерге

жасалған  тойдағы  сөздерін  асыра  бағалап,  «хандықтан  айрылған  елімнің

береке-бірлігі  кетті,  ол  қазір  қазақ  əкімдерінің  де,  орыс  əкімдерінің  де

талауында  отыр;  мен  оны  осы  қорлықтан  құтқарам!»  деді  дегенді  айтты.

Жұрттың


қышыған

жеріне


тиген

бұл


сөз,

азғантай

біреулерді

ызаландырумен  қатар,  мұңды  көпшілікті  күрсіндірді  де,  жылатты  да.

Саққұлаққа да бұл сөз қатты эсер жасады. Шоқанның бала кезінде, Балта –

Тұрсымбай  батырдың,  оны  «Абылай  ағама  айнымай  тартыпты  ғой»  деуі

елге тарап кеткен, ол сөз Саққұлаққа да жеткен. Содан бері ол, «Абылайдан

ел  басын  құрайтын  біреу  болар  ма?!»  деп  дəмеленген.  Еменнің  асында

Мұсаның  мақтау  сөзін  естігеннен  кейін,  ол  дəмесі  зорайып  Шоқанды

көруге құмартты.

Сондай  Шоқанға  «қауіп  төнді»  дегенді  естіген  соң  Саққұлақ  «қазақ

даласының аспанында жаңадан жалтырады ма?!» деп дəмеленген жұлдызы



сөніп қалардай көріп, оны сөндірмеу қамына тез кірісуге бекінді. Ол, əуеле,

Мұқанның көзінше:

– Ə-ə, ала бұт ит, саса ма екен солай?!.. Күшігіне жерігін қасқыр, қорқа

ма  екен  ол  да?!  –  деп,  Шыңғысты  біраз  сыбап  алды  да,  –  атыңды

шалдырған  соң  ізіңмен  қайт  та,  сұлтаныңа  сəлем  айт:  мені  «ордасына

кешікпей  келеді»  де,  оған  дейін  шамасы  жетсе,  баласын  Атбасарға

жібермеу қамын жасасын, ар жағын ақылдасамыз.

–  Қиғақ  аға,–  деді  Мұқан,–  сөзіңізді  бөлгенге  кешіріңіз!  Шоқан  кері

қайта  алмайтын  сияқты.  Жанарал  «жəрмеңкесі  өткізбей  қайтпа!»  деген

бұйрық берген сияқты...

–  Сонда  да  барсын  Шыңғыс  баласына.  Мен  де  бірер  күнде  жетермін

Ақанға;  баласы  мен  əкесін  беттестіріп,  арасында  əстəста  айтып,  дəнекер

болармын. Шоқанды қорғау қамын қарастыра берермін.

Шоқанды  қорғау  қамын  Саққұлақ  Мұқан  аттанбай  жатып-ақ

қарастырды. Оның ойынша, «қанша мықты» дегенмен, – «ұры к... қуыс», ел

болып  ауыз  біріктірсе,  «көп  қорқытады  терең  батырады».  «Туды  түйген

жұдырық  қана  ұстайды».  Елді  тұтастырып  алса,  ұрылар  Шоқанға  тук  те

істей алмайды!..

Елді  тұтастыруды  Саққұлақ  Теңізбай  Қанжығалының  сол  кездегі  ең

дүмдісі  –  Меңдеке  балаларынан  бастағысы  келді.  Олар:  Шауыпкелді,

Шəңкі,  Меңдібай,  Бадырақ,  Арқай,  Шоқай,  Белгібай  деген  жеті  ағайынды

еді;  бəрі  де  жау  түсіргіш  батыр,  қандарын  торсыққа  құйған  өжет,  тұтас

жүргенде  рулы  ел  батпайтын  айбынды.  Қол  бастайтыны  –  Шауыпкел,  сөз

бастайтыны – Шəңкі...

Саққұлақ əуеле Шəңкі мен Шауыпкелді шақырып, мəн-жайларды айтты

да:


–  Бөген  атамның  қолынан  көтерген  Абылайдың  ордасын  баукеспе

қарақшыларға  қорлата  алмаймын;  басы  –  өзім  боп,  атамның  аруағын

шақырам.  Атқа  мінгелі  отырмын;  Қырғызбай  баласы  түгелімен  соңымда

болады, Теңізбай, сен қайтесің? – деген тік сұрау қойды.

–  Біз  қайтушы  ек,  Сақаға,–  деді  Шəңкі.  –  Бөген  –  бабам  бүкіл

Қанжығалының ұраны! Оны атасақ біз де артына ереміз.

«Қалың  Қанжығалыны  тұтастырдым»  деп  сенген  Саққұлақ,  енді

«Көкшетау дуанының көпшілігі саналатын сегіз ата Қарауыл мен он екі ата

Дəуітті (Атығай) тұтастыру талабына кірісті.

Саққұлақтың  табан  аузында  Мұқанға  еріп  кетерлік  те  жайы  бар  еді.

Оның  аз  күнге  тоқырауына  екі  себеп  болды:  Бірі  –  жолдаған  сəлемі

Шыңғысқа  жетіп,  оны  оралымына  келтіру;  екіншісі  –  Абылай  заманынан



келе  жатқан  əдет:  кім  де  кім  ордаға  барар  болса,  «сыбағаң»  деп,  оның

иесіне,  ең  кеміне  бір  семіз  тайды  жетектей  барады,  жұмысы  барлар,  я

жағынғысы  келгендер  «сыбағаны»  ту  биелетіп,  одан  асса,  қысырақ

үйіріндетіп жетеді.

Бұрын  бірер  ғана  жылқы  жетектететін  Саққұлақ,  «Шоқанның  келуіне,

қонақ басты болуына» деп, қысырақтың құнажын, дөнежін, байталдарынан

құралған  шағын  айғыр  үйірін  айдатып  апаратын  болды.  Одан  өзіне  түсіп

жатқан  ауыртпалық  жоқ:  Теңізбай  Қанжығалыда  Қарасай  дейтін  момын

адамға  сол  бір  тұста  мыңнан  аса  құлалы  жылқы  біткенін  естіген;  соның

Жанжігіт,  Байжігіт,  Молжігіт  дейтін  үш  баласын  нөкеріне  ертуді  сылтау

ғып, қысырақ үйірін сұратты, ол сөз қатпастан беретін болды.

Қасына  екі  Қанжығалының  шек  шығарларынан  таңдаған  он  бес  шақты

кісі ерткен Саққұлақ Мұқан кеткеннен екі-үш күн кейін Шыңғыс ордасына

барды  да,  Шоқанның  орнын  сипалап  қалды.  Оған  күні  кеше  Имантаудан

Беклемишев  басқарған  бір  ызбот  салтты  əскер  келіпті  де,  Шоқанға

Гутковскийдің  кетіп  бара  жатуын  хабарлап,  Атбасарға  бəрі  тығыз  тартып

отырыпты.

Шоқан  шынында  бұл  арадан  «кетпеді»,  «қашты».  Оған  себеп,  –  мұң-

зарын  айтушылардың  көбейіп  кетуі  еді.  «Шоқанға  ешкімді  де

жолатпаймыз»  деп,  Аппас  басқарған  топ  төңіректі  қарауылдап-ақ  баққан

еді,  сонда  да  ие  бола  алмады.  Қайдан  ие  болады?  Ауылдың  сырт  жағын

қоршаған  көл  мен  таудан  басқа  тұстың  бəрі  де  ашық,  көрінген  жерден

келуге  болады;  жалаңаш  тұстан  жолатпаса,  бұталы  сайлар  бар,  оларға

жасырынып жылжығандарды қалай бөгейді?!.

Бөгей  алмады,  қарауылдар.  Кеген  күні  іңір  асынан  кейін,  қасына

Тақырбасты  ғана  ертіп,  салт  атпен  серуендеп  кеткен  Шоқан  отауына  таң

қараңғысында  оралып,  қымыздан  сусындап  алды  да,  болыскей  карауатына

жатып,  дүние  дыбысын  естімейін  дегендей,  жамылған  жұқа  жібек

жуырқанын  басына  дейін  орап  алды.  Төрге  жатқан  шешесінен  басқа  жан

жоқ  бұл  үйде,  ол  тастай  қатып,  күн  түске  тармасқанда  əрең  оянды.  Содан

кейін  сергіп  қайту  ниетімен  тоғайға  барса,  іші  қаптаған  адам!..  Кімдер

екенін  сұрастырса,  Шоқанға  шағымын  айта  келгендер!..  Олар  шулай

қоршағанда, тазылар қамаған түлкідей, жан-жағына жалтақтаған Шоқан не

айтарын білмей қалды...

Ол,  осы  халде  ұзақ  тұрар  ма  еді,  қайтер  еді,  егер  құлағы  сақ  Тоқымбет,

тоғайда  күмбірлеген  үнге,  мылтығын  кезеніп  жетіп  келмесе!..  Ол

жиналғандардың əй-түйіне қарамай сөзін тыңдамаған соң, «дөң асарының»

ұңғысын  аспанға  қаратып,  бірер  рет  басып  жіберіп  еді,  мылтық  даусынан

зəресі ұшқан жиын, бет-бетімен ыдырай қашты.

Ол да тыйым бола алмады. Күні бойы тысқа шықпастан əлде не кітапқа

үңілген Шоқан, кешқұрым Тоқымбетті ертіп, тоғайды кезіп жүрсе, бір топ

талдың  арасынан  жөнеу  киінген,  қырбық  қара  мұртты,  көркемше,  бойшаң



жігіт шыға келді. Сақ Тоқымбет оған мылтығын кезенем дегенде «тоқтат!»

дегенді  қабағынан  білдірген  Шоқан,  жігітке  «кімсің?»  деп  еді,  анау  жауап

орнына,  еңіреп  қоя  берді.  Жəй  сөзіне  бəсеңдемеген  оны,  Шоқан  ұрсып

тоқтатып еді, анау суырыл'ып елең, айта бастады:

Мен келдім Керекуден Шыңғыс ханға,

Бір қорғау бола ма деп ғазиз жанға;

Бұтаға қорғалаған торғай едім

Ит Жақып ұстап берді оязнайға.

Сөзімнің құлақ салшы, бұрмашына,

Сөйлестім оязнайдың тілмашына.

Бəрі де қылығымның алдан шықты,

Жалғанда сырыңды айтпа ұрғашыға...

Шоқан жігітті өлеңінен əрең тоқтатып, жəй-жапсарын сұрастырса, өзінің

нағашысы  –  Шорманның  Исасының  жылқышысы  Араб  дейтін  жігіт.  Өзі

серілеу,  палуандау  екен.  Иса  Ертіс  бойын  мекендейтін  Бəсентиін  руының

шонжары  –  Қазанғаптың,  Бердалысынан  баласы  Зындаға  қыз  айттырады,

сол  қызға  құда  түскенде,  Араб  ере  барады  да,  Бердалының  Мұса  деген

баласының  сұлу  келіншегімен  көңіл  қосып,  бір  түнде  екеуі  екі  жүйрік

атпен зытып отырады.

Қайда бару керек?

О бір жылдары Зейнеп Шорман тұқымдарына төркіндеп кеп, құрметіне

ұлан-асыр  той  жасалғанда,  күрестің  бас  бəйгесін  Араб  алған  екен;  соған

риза болған Зейнеп «біздің жаққа да бір келерсің» дейді екен. Сол сөз есіне

түскен Араб, апасына қорғаламақ болып, Шыңғыс ордасына барса, Жақып

оның  əйеліне  қызығады  да,  шешесіне  жеткізбестен,  сөзі  өтетін

Беклемишевке «ұры, қашқын» деп ұстатады. Арабтың Шорман тұқымының

ұрыларына еріп жылқы айдайтыны да болған екен. Солардың куəсі – алып

қашқан  əйелі  болады.  Жақып  «өзім  алам»  деген  соң,  əйел  білгендерін

кейіте  береді.  Беклемишев  Арабты  Қызылжар  абақтысына  айдатқанда,

жолда  қашып,  «Шоқан  келеді»  деген  соң,  оны  «əділ»  деп  естіген  соң,

жолын тосып жүр екен. Əйелін Жақып иемденіп қойыпты.

Өзгеге болмаса да, Жақыпқа əлі келетін Шоқан Арабқа:

–  Қаласаң  қайтартайын,  бірақ,  жобаң  жақсы  жігіт  көрінесің,  кім

көрінгенге  тие  беретін  қатынды  қайтесің,  оны  алма  да,  еліңе  қайт.  Мұса

мырза менің тілімді алатын кісі, соған хат берейін, ол ешкімге тигізбейді,–

деді. Ақылды жігіт айтқанға көнді.



Осындайлар жəне одан да жаман жəбірленушілер көбейіп кетті. Оларды

келтірмеуге  ешкім  төтеп  бере  алмады.  Қолында  жəбірлеушілерді  тыятын

құралы  жоқ  Шоқан,  олардан  қашып  құтылудан  басқа  амал  таппады.  Ішкі

пікірінде,  Омбыға  орала,  бəрінің  мұңын  бір-ақ  бітірмек.  Оған  əлі  жетер-

жетпесіне сенімі берік емес.

«Құланның  қасынуына,  мылтықтың  басуы»  дегендей,  жеке  қашуға

ыңғайсызданған, бірақ, сағат өткен сайын қашу ойы күшейе түскен шақта,

Ақанға  екінші  рет  түнеп  оянғанда,  тасыр-тұсыр  шапқылап  ызбот  келе

қалды... Шоқан олармен кете барды...

Саққұлақ  Шоқанның  кетіп  қалуын  араз  əкесін  көргісі  келмеуге  жорып,

ренжи  қойған  жоқ.  Оның  ойынша  –  «бекіре  балықтың  тұмсығы  тасқа

тірелмей қайтпайды» дегендей, өмір теңізіне жаңа ғана құлаш ұрған оның

да беті, тұмсығы тасқа тірелмей, яғни қатты бір кедергі көрмей қайтпайды.

Бір қаза көргенінше пенде тасар.

Пенденің қатты қаза көңілін басар,–

деп  Орымбай  ақын  айтқандай,  қаза  көрмей,  яғни  өмір  өрінде  соққы

жемей,  бұның  да  тасыған  көңілі  сабасына  сарықпайды.  Ендеше,  бара

берсін  де,  артынан  жеткенше,  қасы  мен  досының  кімдер  екенін  ойлана

тұрсын.

Шоқан аттана, Зейнеп ордаға қайтқан екен де, Шыңғыспен екеуі қайшы



жақтарға тартып, келісімге келе алмай, кикілжіңде отыр екен.

Саққұлақтың  ортаншы  тоқалы  –  Қоянкөз,  Сүйіндік  руында  Қаржас

Шорман  тұқымымен  байлықтан  да,  шеннен  де  ит  жығыс  түсіп  жүретін

Боштай  тұқымының  қызы  болатын;  Сүйіндік,  Қаржасты  туыс  санайтын

Зейнеп, Саққұлақты бұл жағынан жезде көріп, екінші жағынан Шыңғыстан

жасы үлкен ағаға санап, еркелігі мен əзілін араластыра, маңдай шашы мен

сақалының  орта  тұсы  ақ  жолақ  болғандықтан  «Қасқа  қайнаға»  дейтін  де,

көрінген  жерде  тілін  де,  қолын  да  жұмсап  ойнай  беретін;  оны  балдызы

санайтын  Саққұлақ  «Қызыл  қашар»  деген  ат  қойып,  бірінің  бірі  қандай

ауыр ойындары болса да көтере беретін.

Зейнеп  «Қасқа  қайнағасының»  қасындағыларын  қонақ  үйге  жіберді  де,

Шыңғыспен  үшеуі  оңашаланғанда,  Шоқанға  берген  уəдесін,  оған  ерінің

көнбей  отырғанын  айтып  берді.  Саққұлақ  сабырмен  екі  жағын  да  тыңдап

ап,  өз  сөзіне  көшті.  Əуелі  ол,  сыпайылық  ретінде,  елеп  шақырғаны  үшін,

салмағын  көтерер  деп  сенгендігі  үшін,  астына  көпшік  қоя  сөйлеп,

Шыңғысқа ризашылығын айтып алды. Содан кейін «Дос – жылата, дұшпан

– күлдіре айтады» деген мақалды сатылап, «дос көріп сенгенің рас болса»

деп  алдына  кедергі  қойып  ап,  «жасың  кіші»  дей  отырып,  Шыңғыстан

қымсынбай еркін сөйлеп кетті:


–  Біз  «пəленбіз,  түгенбіз»  деп  аталарымыздың  аруағын  алға  ұстап

шіренгенімізбен,  қазақтың  тоқпағынан  басқаны  білмейтін  қараңғымыз;  ал,

сен  мұсылманша  да,  орысша  да  сауатың  бар,  қала-далаға  бізден  көбірек

араласқан,  заман  ағымына  бізден  жетік,  көзің  ашық  адамсың;  сөйте  тұра,

Шоқанға «ана қатынды алма, мына қатынды ал» деп көлденеңдейсің! Оның

туысы сенікі болғанмен, тұрмысы – орыстікі. Ендеше, Шоқан орыс заңына

бағына  ма  сенің  тозығы  жеткен  ескі  заңыңа  бағына  ма?  «Тозығы  жеткен»

дегенге  келейін:  үздіксіз  көшіп  жүретін,  малы-жаны  ортақ  арғы

аталарымыз  қатынды,  не  жаугершілікте  қармалған  күндерден  алады  екен

де,  не  туысы  өліп  əмеңгерін  алады  екен;  бертін,  ел  тоқырай,  малы  көп

адамдар  «қалың  мал»  дегенді  шығарды  да,  малдылар  ғана  қатынданып,

малсыздар тізесін құшақтауға айналған. Малды – аз, малсыз – көп. Сол көп

қатынды қайдан алады? Бұның аты – «тозығы жеткен заң» емей немене?

– Рас, – дейді Зейнеп.

– Ал орысқа келсек, – деп жалғастырды Саққұлақ сөзін, – оларда қалың

мал жоқ дейді, əркім көңілі ұнатқанына қосылады дейді...

– Қанашжанның да айтатыны осы, – деді Зейнеп.

– Шоқанның да сөйткісі келеді деп естимін...

– Үстінен түстің, қасқа жезде!..

–  Сен,  Шыңғыс,  балаң  қарашыңның  қызын  алады  дегенді  ақсүйектік

бойыңа  намыс  санайтын  көрінесің.  Сонда  қай  заңмен?  Атаң  Абылайдың

алпыс қатынының тең жарасы жаугершілікте қолға түскен күңдер екен. Өз

əкең Уəлі – тезекті күңіне аяқ салып, Шеген, Шепе содан туғанын білесің.

Менің əкем – Бапан да, жаудан келген қалмақ қызынан туған...

– Оның бəрін санай беріп қайтесің, Сақа! – деді Шыңғыс,– түйінді түсін

бір-ақ білдірсейші!

–  Сен  пайғамбарымыз  саллаһу  ғайлайһе  əссəлəмнан  қалайсың?–  деді

екпіндеп  отырған  Саққұлақ,  іркіле  алмай  ғап.  –  Оның  да  төрт  қатынының

екеуі – кəнизак, соңғы қатыны –Ғайшаны тоғыз жасында алғанын кітаптан

білген боларсың...

Зейнеп мырс етті.

– Неге күлесің, «Қызыл қашар?»

– Атыңнан айналайын жарықтық, тым жас қызды алған екен де!

– Шариғат бөрікпен ұрғанда жығылмаған қыздың бəрін де байға беруге

қосады...

Шариғатты қоя тұрып, тариқат жайын тауыс! – деді Шыңғыс.



– Тауыссам, – деді Саққұлақ, – балаң Шоқанның қатынды қайдан алуына

араласпа. Онда жұмысың болмасын.

– Енді неде болады, жұмысым?

Саққұлақ  «жұмысың  ба?..  Жұмысың...»  деген  сөздерді  ыңырана,

салмақтай, теңселе айтып отырды да, Шыңғысқа тура қарап:

Ол сенің де, менің де, бүкіл елдің де ортақ жұмысымыз, – деді.

– Қандай?

–  Біз  ескі  заңнан  ата-баба  заңынан  кетіп  келеміз  де,  жаңа  заңға,  орыс

заңына жете алмай келеміз. Оған біздің жетуіміз керек, онсыз күніміз жоқ.

Соған  жетуді  сен  де  білмейсің  мен  де  білмеймін;  ауылда  «игі  жақсы»  деп

жүретіндеріміздің ешқайсысы да білмейді. Осыны «Шоқан біледі деген сөз

құлаққа  шалынады.  «Қой  асығы  демеңіз,  қолға  жақса  сақадай,  жасы  кіші

демеңіз, ақылы жетсе атадай» депті. «Тіл-аузымыз тасқа», осы баланың ой-

санасы  жоғары  деп  естиміз;  «ердің  ғана  емес,  елдің  де  баласы  боларлық

талабы бар» деседі; «ілгері басқан жасты, кері кеткен кəрі бөгейдінің» көбі

болмасын,  біріміз  шаужайынан,  біріміз  құйысқанынан  тартып...  дегендей,

биікке өрлер ойы болса, қамалап қалжыратпайық. Кімді қатынданса да еркі,

ол  еркектің  ғана  жұмысы;  ердің  жұмысы  –  ел  басқару;  сол  жағын

сұрастырайық та, алға басар адымы болса, жан-жағынан демейік!

–  Рас-ау,  Қасқа  қайнаға!  –  Зейнеп  жылап  жіберді.  Сөзді  одан  əрі

жалғастыруға, ас даяр болған хабары келіп қалды.

Ертеңіне  шақырылған  кісілер  де  келіп  қалды.  «Ет  дегенде  бет  бар  ма»

дегендей,  бұл  жолдың  өн-бойы  қан  сасуын  сезген  əр  рудың  қызылшыл

құзғындары, Құлболды мен Жаубасарға қаптай еріп келді.

Сөз  төркіні  төмендегіге  сарықты:  ашылуы  жақындап  қалған  Атбасар

жəрмеңкесіне осылардың бəрі де барады. Оған дейін «ұрылардың əулиесі»

аталып  жүрген  Қожыққа,  сол  уақыттағы  «Уақ  атаулының  тоқтаулысы»

дейтін  Қурай  Уақтағы  «əулие»  Жолшораның  немересі,  Ермен  батырдың

баласы  –  Самыратты,  Медебайға  «бүкіл  Керей  атаулының  тоқтаулысы»

дейтін  Бикекерей  Ақмырза  бидің  немересі,  Жаңбыршы  бидің  баласы  –

Жаназарды;  Баубекте  Мейрам  Арғынның  Қозған,  Қақсал  аталатын

бұтағында əрі биі, əрі байы Сəдібектің Сəркесін жіберіп, «Шоқанға қастық

қылам деу ниетінен қайтасыңдар ма? Немене, тұтасып алған төрт момынға,

оған қоса, Қанжығалы, Күрлеуітке қарсы шығасыңдар ма? Онда тұрысатын

жерлеріңді  айт!»  деп  кісі  салды.  Бұлай  болады  деп  ойламаған  мына

дүмпуден, зəресі ұшқан олар артынан пысып, өйтпеуге ант-су ішті...

Россия  өкіметі  биыл  бірінші  рет  мемлекеттік  мəн  берген  Атбасар

жəрмеңкесіне жиналған халықта хисап болмады. Оған: батыс шеті – Ырғыз

бен  Торғайдан,  шығыс  шеті  –  Қиыр  Сібірден,  күнгей  шеті  –  Алматы  мен


Қапалдан,  шығыс  күнгейі  –  Əндіжан  мен  Қоқаннан,  батыс  күнгейі  –

Үргеніш  пен  Хиуадан,  батыс  теріскейі  Мəкəржа  (қазіргі  –  Горький)  мен

Ірбіттен сəудегер атаулы ағыл-тегіл келіп жатты. Үш жүзге бөлінетін қазақ

руларынан да, ат жетер жерден келмегені жоқ.

Жəрмеңкенің  осыңдай  мөлшерде  боларын  күн  бұрын  болжаған  Батыс

Сібірдің  үкіметі,  күн  бұрын  комиссия  жіберіп  орын  қаратқанда,  Балқаш

тауынан  ұзын  Есілге  беттеп  ағатын  Жабай  өзенімен,  Ақан  тауынан

басталып,  Жабайға  Атбасар  төңірегінде  түйісетін  Керегетас  өзенінің  Есіл

жақ  тілімен  айтқанда,  бұл  алқаптың  радиусы  –  жүз  шақырымдай;  алқапқа

ұйысқан  жабағыдай,  басы  селеулі,  ащы,  тұщысы  аралас  қалың  бетеге

бітеді;  айнала  қоршаған  суы  тұщы  өзендерді  айтпағанда  белесті,  тастақты

келетін бұл даланың өн-бойы толған бал-бұлақ.

Шоқан  бастаған  əскери  жүздің  шатырларын  Жабай  мен  Кереге  тастың

түйіскен  сағасына  орналастырды.  Қастық  қаупі  барын  құлағы  шалған

Қоқан, жауларына қапысын таптырмау үшін өте сақтанып, бетімен бейсауат

жүруді  доғарды.  Ол  ең  қызық  көретін:  қаршыға,  лашын,  тұйғын,  ителгі

сияқты  алғыр  құстарға:  қаз,  үйрек,  дуадақ  сияқты  адал  құстарды  ілдірмек

боп шақырған саятшыларға да, «жұмыс көп» деп ермеді.

Жауларынан  қорғауға  əкесінің  қам  жегенің  осы  ісіне  пайдаланбақ  боп,

Қанжығалы  Саққұлаққа  кісі  жібергенің  оның  ризаласқаның  Ақан  көлінің

жағасында  Жолтабардың  Құқаны  толық  баяндаған.  Шыңғыстың  бұл

қылығына қатқан жүрегі жібігендей болған Шоқан Мұқанның:

– Енді де сəлем бермеймісің? – деген сауалына жауап бермеген. Ондағы

ойы:  «Айжанды  алу  ниетінен  бəрібір  қайтпаймын.  Əкемді  осыған

көндіруге шешемді жұмсадым. Икемге келсе сəлемдесермін, келмесе – бет

алған жағыма жорта берермін». Əкесінің беталысы қалай болғанын Мұқан

хабарламақ болды.

«Қалауын тапса қар жанады» дегендей, Зейнеп пен Саққұлақ екі жақтан

салмақ  салуына  Шыңғыс  шыдай  алмады  да,  олай  бұлтақтап,  бұлай

бұлтақтап,  ақыры  «əкелік»  аталатын  тұйыққа  қамалып,  шығар  жері

қалмаған соң:

–  Болсын,  –  деді  амалсыздан,–  «азар  болса,  шіріген  бір  жұмыртқам

болар» деп баламды көрмей-ақ кетер едім, оған шыдамым да жетер еді; ал,

сен  екеуіңді  қалай  көрмей  кете  алам?!..  Зейнеп,  сен  –  құдай  қосқан  некелі

қатынымсың, жас кезім болса, жан-жағыма жалтақтамай-ақ тастап, «бала –

белде,  қатын  –  жолда»  деп  жортып  жүре  берер  ем;  енді  «жер  ортасы–көк

төбеге  шыққанда,  сенен  айрылып  қайда  барам?!..  Ал,  Саққұлақ,  сен,  осы

кезде,  тепкен  тасын,  өрге  домалаған,  атқаның  тиіп,  айтқаның  жөн  болып

тұрған адамсың, сондықтан да Шоқан жайлы қысылғанда тапқан, сүйеніш

көрген сенің тіліңді алмағанда қайда барам?!..

Көнген Шыңғыс, құяңын сылтау ғып, Атбасарға бармайтын болды.


–  «Əке»  деген,  «Шыңғыс»  деген  атым  бар  ғой,  –  деді  ол  баламның

аяғына жығылғандай, мен іздеп бармайын Шоқанды, ол мені іздеп келсін.

Зейнеп пен Саққұлақ, бұл жөн сөзге таласпады. Саққұлақ:

– Егер «ел дейтін болса, балаңды əкеп аяғыңа жығам!» – деп уəде берді.

Қуанған Зейнеп, Жолтабардың Мұқаның қос атпен Шоқанға шаптырды.

Ол да қатты қуанды. Əкесіне риза болған ол, енді жəрмеңкенің тез тарауын

тіледі.


НАРҒЫЗ

Бірақ,  жəрмеңке  тым  тез  тарай  алмады.  Сауда-саттықтың  барлық  түрі

күн  сайын  қыза  түсті.  Сəудегерлердің  табысына  шек  жоқ.  Ауылдардан

айдалып  келген  малдар,  əсіресе  жылқы  мен  қой  мөлшерсіз.  Бұған  дейін

бағасы  жоқ  жүн-жұрқа  мен  тері-терсек  те  тиын-тебендік  түсімге  жарады.

Бұл  шаққа  шейін  ақша  ілуде  біреуде  ғана  бары  естілетін  еді,  енді  ол,

əркімнің-ақ  қалтасында  сылдырлады.  Ауылдың  малы  да,  шикізаты  да

мейлінше арзан, бірақ, оған қарап жүрген жан жоқ, кедей түгіл байлардың

некен-саяғында бар дейтін ақша, өз алақанында жылтырайтын болған соң,

сататынын  бағасына  қарамай  ұра  береді;  соның  салдарынан,  бұрын

жыртық-тесік  жүргендердің  көбі  бүтінденіп  қалды.  Өндіріс  бұйымдарына

сусап  отырған  даланың  қант-шайды,  киімдік  нəрселерді  алуында  қисап

жоқ...

Жəрмеңке жұртқа, əсіресе қазақтарға сауда-саттықтың ғана емес, ойын-



сауықтың да майданы болды.

Қазақ  ойыншыларының  репертуарында  театр  артистерінің  де,  цирк

артистерінің  де,  концерттік  өнерпаздардың  да  қызғылықты  номерлері

барын  Шоқан  бірінші  рет  көрді;  қазақта:  «Ақын»,  «жыршы»,  «күйші»,

«бақсы»,  «əнші»,  дегендердің  ел  ішінде  де  нелер  талант  барын  байқады!..

«Шіркін осыларға білім берсе!» деп арман етті ол ішінен.

Бұл өнерлерді көру, былайғы халыққа да аз рахат болған жоқ. Олардың

басы бұрын той-томалақ, үлкен астарда қосылатын еді. Кейін, барымта мен

сырымта көбейген соң, ондай жиындар өте сиреп, тек, қазақтар «базар» деп

атаған  жəрмеңкелерде  ғана  ыдыраңқы  ел  жүз  көрісетін.  Сондықтан,

«базар»  өлең-жырда  сауық  орнына  саналып,  ауыл  арасында  –  «базардан

алып  келген»  деп  басталып,  «темір  астау...  шəй  тостаған,  күміс  жүген,

өмілдірік,  кəмшат,  құндыз  бөрік,  опайке  етік,  бөз  белбеу»  деген  сияқты

өндіріс  бұйымдарын  мадақтау  көбейіп  кеткен;  балалы  үй  –  базар,  баласыз

үй – мазар» сияқты мақалдар да шыққан... Ауылдық бұрынғы өнерпаздары,

шеберлігін  енді  базарға  бейімдеп,  көпи  ішінде  көрсететін  ойындарын

театрлық түрлерге айналдырған.

Базар қызу қарқынмен жүріп жатты. Оның тиыштығы да тамаша болды.

Бұдан  бұрынғы  шағын  шақтары  шатақсыз  етпейтін  базардың  биыл  тиыш

болуына  төмендегідей  себеп  бар  еді:  баяғыда  патша  өкіметінің  əскері

Ақтөбеден  Омбыға  жол  тартқанда,  болашақ  Атбасардың  орнына  алғаш

қада  қаққан  жүздіктің  (сотня)  атаманы  –  Бугаев  болған.  Кавказда,  Терек

өзенінің  бойында,  туып-өскен  ол,  шенінің  кішкене  күнінен-ақ  содырлы

болып, отарланған тұрғын халықтың қамшыдан көзін аштырмайтын, бəрін

қанша  қылғыса  да  жемсауы  толмайтын.  Атбасарға  тоқыраған  кезде

даражасы  жауылға  жеткен,  өскелең,  қалың,  жирен  түсті  сақалының  иек

тұсын  ғана  қырып,  өзге  жағын  мұртына  тұтастыра,  еркіне  қоя  берген,

алақандай  айран  көз,  қайқы  мұрын,  кең  танау,  қапсағай,  зор  денелі  кісі



болатын.  Мінезі  шектен  шыққан  қаһар,  қымс  етсе  қамшы  үйіріп  сабап

тастайды.  Сақал-шашы  ерте  бурылданған  оны  қазақтар  «Көк  бұқа»  дейді;

орыс  тілінде  бугай  бұқа,  «біздің»  Бугаев  жəй  емес,  «сүзеген  бұқа»,

сондықтан  Атбасар  төңірегіндегі  қазақтар:  «Боз  бұқаның  сүзуінен  сақта!»

деген тілек-бата шығарып алған.

Қазақ даласында ашылған ірілі-уақты жəрмеңкелерде, «бажы алу» деген

болған,  ол  –  мал  айдап  əкелгендерден  «ауыз  оты»,  яғни  жеріне  оттағаны

үшін,  жергілікті  адамдардың  ақы  төлеттіруі.  «Жергілікті»  дегендер  –

түгелге  жақын  қазақ-орыстар,  өйткені,  үлкені  болсын,  кішісі  болсын,

жəрмеңкелер,  солардың  станицаларында  өтеді.  Жəрмеңке  ашыларда

əскерше киініп, салт ат мінген, қаруларын асынған қазақ-орыстар топтасып

жүріп,  сатарман  малдар  жайылған  төңіректі  кезеді  де  бажысы  алынған

малдың санына бояудан белгі соғып береді. Ол кезде ақшасы жоқ қазақтар:

тері-терсек,  жүн-жұрқа  сияқты  нəрселер  төлейді,  немесе,  тоқты-торым

сияқты уақ қаралар береді.

Боз  бұқаның  өзіндік  бажысы  бар:  ол  жас  күнінен,  орыстар  «телятина»

деп  атайтын  бұзау  етіне  құмар,  сондықтан  бажыға,  тек  тірі  бұзауды  ғана

алады.


Атбасар жəрмеңкесі алғаш, кішкене боп ашылған жылы, оған сиыр малы

өте сирек түскен, себебі, маңайлаған көшпелі ауылдар малдың бұл түлігін

бақпайтын,  тек  кең  далаға  сирек  қоныстанған  орыс  селоларын  ғана

əкелетін, олардың көбі – қазақ-орыстар. Боз бұқаның оларға тісі батпайды...

«Сиыр  малы  базарда  пұл  болады»  деген  қауесетпен,  қазақтар  да  сиыр

жинай  бастап,  жəрмеңкеге  жылдан-жыл  көбейте  əкелуге  айналған,

солардың  бұзау  атаулысы  –  Боз  бұқанікі.  Оған  қазақтар  қыңқ  етпейді,

себебі,  басқа  сояры  жоқ  біреу  болмаса,  олар  бұзау  түгіл  сиырдың  етін  де

жемейді, оны «сасық» деп менсінбейді, бұзау етін ауызға салуға болмайтын

«жылбысқа»  көреді.  Боз  бұқаның  əрбір  жəрмеңкеде  бажыға  жинап  алған

бұзаулары, келесі жəрмеңкеге дейін жеуіне еркін жетеді.

Биылғы мол жəрмеңкенің ашылған күні бажы жинауға шыққан Боз бұқа,

базарға бұзаулы сиырын əкелген бір қазақ кедейіне кездесе кетті. Ерте туып

марқайған,  енесінің  сүті  жағымды  бұзау,  үрген  қуықтай  сеп-семіз,  доп-

домалақ  екен.  Оған  бірден  қызыға  қалған  Боз  бұқа,  қазақша  шалағай

тілімен.


– Əй, қырғыз, бері кел! – деді атын тебіне жақындап.

– Мені қайтесің? – деді қазақ қозғалмай.

– Əкел, бері, анау бұзауды!

– Неге?


–  Байла,  мұнау  шилбирга!  –  деп  Боз  бұқа  ұзын  қайыс  шылбырының

ұшын ұсынды.

– Неге байлаймын?!..

–  Əккел,  əккел!..  Əйтпесе  мукулаш  жейсің!  –  деп,  Боз  бұқа  қамшылы

қолының түйген жұдырығын көрсетті.

Боз  бұқаны  танымайтын  қазақ,  бұл  қылықтарын  қалжың  көріп,  енді

тілдеспей теріс қарай беріп еді:

– Түс, аттан! – деді түсін суытып, қасына ерген ондыққа (десятник). Ол

түсті. – Байла анау бұзауды мойнынан шылбырыңмен!

Теріс  қараған  қазақ,  енесін  емуге  ыңғайланған  бұзауды  ондықтың

ноқталаған  шылбырды  басына  кигізгенін  байқай  алмай  қалды.  Ол,  тек,

сүйрелеуге  көнбей  көткеншектеген  бұзауды,  ат  үстінен  қамшымен  ұрмақ

болған  Боз  бұқаның  «а,  ну,  соп,  халера!»  деген  даусына  бұрылғанда  ғана

көрді.  «Бұнысы  несі?!»  деп  шошып  кеткен  қазақ  ноқтаның  бау  жағынан

ұстап  алғанша,  үші  Боз  бұқаның  қолына  тиіп  үлгерді.  Қарулы  Боз  бұқа

атын  тебініп,  бұзауды  сүйрей  жөнелмек  болғанда,  қазақ  жармаса  кетті.  Ол

да қарулы екен. Екеуі теке-тіреспен тұрғанда, суырып əкетуіне сенбеген Боз

бұқа,  қолындағы  дырау  қамшымен  қазақты,  шашы  бүгін  ғана  алынған

тақыр  басына  бар  пəрменімен  тартып  кеп  жіберді.  Өткір  қамшы  осып

жіберген  бастан  күрең-қызыл  қан  бұрқ  ете  түсіп,  самайынан  төмен  қарай

саулай жөнелді...

Қазақты ол тағы да осқылай берер ме еді, қайтер еді, егер, сырт жағынан

өз  басына  да  қатты  бірдеме  сарт  ете  қалмаса!..  Оның  басынан  да  қара  қан

жоси жөнелді.

Бұл Шоқанның қамшысы еді. Жəрмеңкенің тиыштығын сақтауға келген

Батыс  Сібірдің,  соғыс  губернаторы  –  полковник  Гутковский,  өзі  сырттан

бақылаушы  болуға  жəрмеңке  ашылуын  жұртқа  биік  мінберден  Шоқанға

жариялатқан. Оның кім екенін білетін жұрт:

–  «Шоқынды»  дегені  қайда?!..  «Қазақ  тілін  ұмытып  қапты»  дегені

қайда?!..  Мынауың  қазақша  сайрап  тұр  ғой!  Өзі  қалай  ділмар  еді!  –  деп

қайран қалған. Сонда қасында тұрған Гутковский, жиналыс. ыдырай:

–  Ендігісін  де  өзің  басқар,  –  деп,  Шоқанды  базарда  қалдырып,  өзі

«тынығам» деп шатырына кетіп қалған.

Қызғылықты  базардың  қызығына  тоймай,  қасына  ерткен  ондық  пен

жəне  Тоқымбетпен  базар  ішін  аралап  жүрген  Шоқан,  Боз  бұқаға  кездесе

кетті.  Оның  қылықтарын  анадайдан,  байқаған  Шоқан,  атын  тебініп

жеткенше,  бұзауға  таласқан  қазақтың  басынан  Боз  бұқа  қан  саулатып  та

үлгерді. Бұл оқиғаның не екенін Шоқан айтпай жорамалдады, өйткені оның



қылықтарын  естуден  құлағы  сарсыған  еді.  Міне,  сондай  өкім-зорлығының

біреуі  көз  алдынан  кездесе  кеткен  соң,  буған  ызаның  еркімен  бұл  да  Боз

бұқаға қамшы жұмсады...

Қатты  соққан  қамшыдан  есеңгіреп  қала  жаздаған  Боз  бұқа,  «бұ  не

болды?!» дегендей, ауырған тұсын алақанымен сипамақ болып еді, алақаны

саулаған  қанға  тиіп  жылп  ете  түсті.  Не  болғанын  сонда  ғана  аңғарған  ол,

«кім,  бұл?»  дегендей  жалт  қараса,  бұған  дейін  танысып  үлгерген  Шоқан

Уəлиханов!..

Оның  жəрмеңкедегі  правосы  үлкен  болғанмен,  Боз  бұқадан  чині  кіші,

жасы  кіші,  оның  үстіне,  «қырғыз»  сондықтан,  танысқаннан  бері  тəртіп

сақтап,  сыйлаған  болып  жүргенмен,  ішінен  «қырғыз  да  начальник  болып

па?!» деп менсінбей жүрген. Міне, енді сол «қырғыз» қамшы соғып, басын

қанатты!..

Осы  ойдан  Боз  бұқаны  қазақ-орыс  атаулының  арғы-бергі  намысының

бəрі кернеп кетіп, сол намыстың екпінімен, сол жағына асынған қылышын

қынабынан  қалай  суырып,  Шоқанға  қарай  қалай  көтергенін  білмей  де

қалды.

Ол  шауып  жіберер  ме  еді,  қайтер  еді,  егер  араларына  киліге  берген



Тоқымбет қылышты қолын шап бере ұстай алмаса!.. Ол ұстай алумен ғана

тоқырамай,  қарулы  қолмен,  қылышты  қолды  бұрып  жібергенде,  буыны

шығып кете жаздаған қолдан қылыш жерге түсіп кетті.

Бұл хабарды естіген Гутковский, ертеңгі базар ашылар алдында, мінбер

төңірегіне жұртты жинатты да, солардың көзінше, Боз бұқаның қаруларын,

пагонын,  белбеуін  сыпырып  ап,  шендерін  сыпыратынын  жариялап,

абыройын айрандай төкті. Боз бұқаға шамасы келетін жан жоқ деп шайтын

жұрт,  Шоқанға  да,  Гутковскийге  де  сансыз  алғыс  айтты.  Жəрмеңкеге

шыбын ызыңдамайтын тиыштық орнады.

Шоқанның  қарулы  əскердің  қоршауында  келуінен  жəне  Саққұлақ

бастаған  іргелі  елдің  қамқор  болуынан  сескенген  жаулар  жағы  енді  тіпті

бұқты.  Сонда  да  тым-тырыс  жатуға  шыдамады  олар,  əсіресе  –  Малтабар.

Айжанға  қатты  қызыққан  оның,  қашан  қолына  ілектіргенше,  «қанаттыға

қақтырмайды,  тұмсықтыға  шоқытпайды»  деп  сенгені  Шыңғыс  пен  Зейнеп

еді.  Ордадан  Атбасарға  сол  сеніммен  аттанған  ол,  «Шыңғыс  Айжанды

Сырымбеттегі ауру əкесіне жіберіпті» деген хабарды естігенде, «бұ несі?!»

деп  қайран  қалды.  Іле  себебін  де  білді.  Бірақ,  Шоқан  төре  басымен

төлеңгітінің, оның ішінде ең сорлысының қызына иіліп келе қояды дегенге

сенген жоқ.

Сөйтіп  жүргенде  қазақтың  ұзын  құлағы  Омбыдан  Атбасарға  беттеп

аттанған  жолының  бойында  Шоқанның  қайда  тоқырап,  не  істегенін  айна-

қатесіз  жеткізді  де  отырды.  Оған  қарсы  шабуыл  жасауға  ақшадан  басқа

күші жоқ, қарастырып көрсе, ақшаның бас сұғар жері жоқ...


Не істеуге білмей аңырған Малтабардың құлағына, Айжан мəселесінде,

Зейнептің Шоқанға жақтас екені де, Шыңғыстың қарсы екені де шалынды.

Соған есек дəмелі болып қалған Малтабар: «Сұлтанға сəлем айт, көнбесін,

уəделі  ақшамды  жəрмеңкеден  қайтқан  жолы  қолына  ұстатып  кетем»  деп

астыртын  кісі  де  жіберді.  Ол  «Шыңғыстың  солқылдап  қапты,  тегі  көп

тегеуріні  шыдатпай,  көніп  те  қалған  қалпы  бар»  деп  қайтты.  Бұл  үміті  де

үзілгендей  болған  Малтабар,  ендігі  сенімін  Шоқанға  қарсы  ұрыларға

жүктеп еді, ел талқысына түскен олар да тиянақты болмай шықты. Енді не

істеу керек?

«Осы  жəрмеңкеде  кісі  өлтіргіштер  бар  дейді»  дегенге,  ол  жасырын

адамдар  жұмсап  іздетті;  біреулер  табылған  сияқтанды  оған,  көп  ақшаны

Шоқанды  өлтіргеннен  кейін  бермек  боп,  азымен  аузын  майлап  еді,  ретін

келтіре алмады ма, көбін артынан беруіне сенбей, азына қолын бұлғағысы

келмеді  ме  –  ол  із-тұзсыз  көрінбей  кетті.  Содан  кейін  табылғандармен

«қанша бересің?», «қанша аласың?» саудасы ғана болды да, ешбір тиянаққа

келген жоқ.

«Мінезі тігін дейді, ұнатпағанын бас салып сабайды дейді, өшігіп іздеп

жүр  дейді»,  деген  қауесетпен,  Малтабардың  өзі,  Шоқан  жүрген  жерге

жоламады,  қапыда  бірен-саран  үстінен  түскенде,  қалың  топтың  арасына

тығылып қалды...

«Ақшаның алмайтыны жоқ» деген сенімдегі Малтабардың, ол құрғырға

бірінші рет өкпелеуі осы ғана. Өзінше намысы бар оның, Айжан жолынан

ақша  аянар  ниеті  жоқ.  Оны  алудың  реті  келмеген  күнде  де,  жолында

жолбарыстай  жатып  ап,  тілеуінен  тайдырған  Шоқанның  көзін  жоюға,  ең

кемі,  атақ-абыройын  кетіруге  жəрдемі  тисе,  ақшаны  қанша  болса  да

шашатын!..

Бұл  тілеуі  де  күннен-күн  кесіліп  келеді:  Шоқанның  жəрмеңкеге  келе

көтеріле  бастаған  атақ-абыройы,  сазды  жердің  бəйтерегіңдей,  күн  сайын

мəуеленіп биіктеп барады! Оның не өзіне, не тамырына шабар балта көріну

түгіл естілмейді.

Малтабарға  жүктеген  үміті  буалдырланып  кеткен  жау  жағы,  енді  оның

жеке  қара  басын  мұқатарлық  күш  іздеді,  сонда  тапқаны  –  қарақшы

Қожықтың  өткірлігімен  де,  қайраттылығымен  де,  өжеттігімен  де,

сөзуарлығымен  де  ел  аузына  іліккен,  тоғыз  ұлдан  кейін  көріп  еркелеткен,

еркекшора  ғып  есірген  «жалғызы»  –  Нарғыз  еді,  ерке  аты  –  Нарша.  Ол

ағаларына  еріп  ұлыққа  аттанатын,  солардың  қатарында  сойыл  соғатын,

шапқан  аттың  құлағында  ойнайтын.  Өңі  –  сіңір  қара,  аласалау  тарамыс

денесі  тастай  қатты,  қара  кемір  шашының  талдары  жылқының  ту

құйрығындай, ойнақшыған қап-қара көзді, қарулы, қайсар дейтін.

Бір  мезетте  Шоқанды,  Қозған  руының  байы  –  Сəдібектің  Сəркесі

шақырады  деген  хабар  дүңк  ете  түсті.  Шоқанды  шақыруға  Сəркенің

Шоқанмен  тұстас,  «Жамбай  мырза»  атанған  баласы  –  Жамангөздің  өзі



келді.  Ол  Шоқанға  тамақ  ішкізіп  қана  жібермей,  базардың  сері  жігіт,  сұлу

қыздарын  бірге  шақыру  арқылы,  бірер  күн  қызық-қызметке  ойын-сауыққа

бөлемек  болды.  Сол  оймен,  Шоқанның  достары  түгіл  дұшпандарынан

Бəубектің  Мағзұмын,  Медебайдың  Құлғарасын,  Қожықтың  Текебейын,

Тілемістің Ташатын тағы сондайларды қоса шақырды.

– Ие бола аламысың? – деген əкесіне:

–  Төрт  момынның  баласы  Шоқанды  қорғауда  тас-түйін  екенін  біледі

олар, тырп ете алмайды. Егер əрекет шек болса, оларға алпыс ауыл, Қозған

– Қақсалдың да əлі келеді, – деді.

Сəркенің  үй  тіктірген  жері,  –  көлденең,  Есілге  жақын,  дау  тұста  «Түйе

қамыс» аталатын аумағы ат шаптырым Қарасудың жағасы еді. Суда балық

та  көп,  құс  та  көп,  майқоғасы–май,  сүйрігі  бал  татиды;  қасқа,  қайран,

суатына  мал  тұяғы  батпайды,  жиегі  күлтелеген  жібектей  жасыл  шалғын,

айналасы ұйпаланған шүйгін...

Шоқанның келуіне байланысты, бұл жағаға, іші жасаулы бірнеше ақ үй

тігілді. Шақырылған мезгілге Шоқан да, Ынжық балалары мен Құлғарадан

басқалары  да  түгел  жетті.  Гутковский  де  шақырылған  еді,  ол  «басым

ауырдыны»,  сылтау  ғып  келмей  қалды.  Анығында,  қашқаны  –  ет.  Жас  ет

жесе,  ішіне  тоқтамайды.  Жамангөз  Шоқанды  шара  барғанда,–«шіркей

шақпауына  кепіл  болайын,  сояуларын  шошайтып,  солдаттарыңды  ертпей-

ақ  қой,  тиісті  қыз-бозбала  оларыңнан  сескенеді  де,  ойын-сауығының  сиқы

болмайды»  деген.  Жəне  бір  өтініші:  «Қазақы  киімдерін,  бар  деп  есітем,

мынау үстіңдегі тылтиған солдат киімін тастап, қазақша киініп кел!»

Сол  сөздерге  құлақ  асқан  Шоқан,  қазақша  киінді  де,  қасына:

Шыңғыстың  кенже  қарындасы  –  Үкіні  алған  Шөбектің  Сердалысын,

нағашысы,–  Мұсаның  өзі  келмей,  «сен  бар»  деп  жұмсаған  баласы  –

Садуақасты, Сасық байдың шешен баласы – Мырзабекті ертіп келді.

Шоқан  келе,  ойын-сауық  басталып  кетті.  «Жастар,  өздерің  бірыңғай

болыңдар»  деп  Шоқанның  сəлемін  алғаннан  кейін,  Жамангөздің  қонақтар

түскен үйіне Сəрке де, ол құралыптылар да жолаған жоқ.

Шақырылған  қыз-бозбала  үсті-үстіне  келіп  жатты.  Олар,  əрине

«пəленше-екен,  түгенше-екен»  деген  атақтылардың  ғана  балалары.

Былайғыларды жан-жақтағы алысқа қойылған тосқауылдар жолатпайды...

Жұрттың  басы  құрала  келе,  қандай  кең  кигіз  үй  болса  да  сыймайтын

болды.  Күн  ырайы  сол  бір  тұста  жылы  да,  ашық  та  еді.  Жиналған

көпшіліктен  кет  дері  жоғын  көрген  Жамангөз,  мəжілістің  көл  жағасында

өтуін  ұсынды.  Жастар  оған  ризаласқаннан  кейін,  ауыл  адамдары  төсеніш

тасымақ болып еді:

–  Бұл  араның  қалың  бетегесі,  мамық  бөстекке  бергісіз  екен;  соның


үстіне отырамыз, – деп Шоқан алдыртпады.

Мəжіліс қыза берген шақта, сол тұсқа таяу, көктемде таситын суы шілде

туа  құрғап  қалатын  өн-бойына  қалың  қоғажай  өсетін  сайдан  үш  салтты

қылт  ете  қалды.  Сол  шақта  əлде  не  ақын,  əлде  не  қызық  жырды  айтып,

көпшіліктің көңілін ұйытқандықтан салттыларды абайламады.

Олар:  Қожықтың  Нарғызы,  тетелес  ағасы  –  Қанғожа,  қалыңын  төлеген,

бірақ  əлі  үйленбеген  күйеуі,  –  Медебайдың  Құлғарасы  еді.  Бəрі  де

мойындарына  садақ  асынған,  белдеріне  қылыш  байлаған,  оқшантайлары

жебеге  сірескен,  ерлерінің  қасына  шоқпар  ілген,  бастарына  –  дулыға,

үстеріне шығыршықты сауыт киген, қамшылары жуан қарулылар.

Қаннен  қаперсіз  отырған  жұрт,  оларды  қастарына  жақындап  қалған

аттар  дүбірінен  аңғарды  да,  түрлерінен  түршіге  қалды,  əсіресе,  Қожық

балалары екенін танығандар.

Мəжілістің қызығына батқан Шоқан, таялып келген қарулы салттыларға

мəн  бергенмен,  ақынның  жырын  да  қимай,  айта  беруін  өтініп  еді,  əлдекім

салттылардың  кімдер  екенін  құлағына  сыбырлағанда,  ет  жүрегі  сескеніп,

көппен бірге орнынан түрегелді.

–  Шыңғыстың  Шоқаны  деген  қайсының?  –  деді  Нарғыз,  кескін  жəне

киім жобасынан оны шамалай тұра, əдейі:

– Мен! – деді Нарғыздың атынан да, қылық-мінездерінен де хабары бар

Шоқан, сөз əлпетін байқап алғанша білмеген бола тұрғысы кеп.

–  Ə-ə...  Жақсы!..  Өте  жақсы!  –  деді,  Шоқанның  түр-тұлғасы  көңіліне

ұнай  қалған  Нарғыз,  атын  тебіне  жақындап,–  «Мақаштың  Қожығы  деген

кісіні біледі» деп естіген ек, мен соның қызымын... Атым – Нарғыз...

– Ə-ə...

–  Жақсыны  көрмек  үшін»  дейді.  «Шыңғыстың  жақсы  туған  бір  баласы

бар»  деген  соң,  «өзі  дүниенің  оқуын  тауысқан»  деген  соң,  əдейі  көруге

келдің оны сөкпессің.

– Неге сөгем?

– Қожықта тоғыз ұл бар, олардан туғандарды қосқанда еркек кіндіктіміз

–  он  жеті.  Сенімен  теңдесуге  жарайтындары  да  аз  емес.  солар  келмей,

менің неге келіп тұрғанымды білемісің?

– Қайдам...

– «Қожық тұқымын мұрнынан тізіп айдап əкетеді» дегеннен қорқып!..

– Өзің қалай келдің, онда?


– Сені «орыс болып кетті» деп естіп, «орыс ұрғашыны сыйлайды» деген

соң...


Бұл əзіл-оспақты Жамангөз бөліп жіберді.

– Əу, бикеш, – деді ол Нарғызға, – жүзіңе танық болғанмен, атыңа қанық

ек.  «Əзілің  жарасса  атаңмен  ойна»  депті.  Шоқанмен  екеуін,  жақсы  əзіл

бастадыңдар.  Ендігі  сөзді  аттан  түсіп,  алқа-қотан  отырып  кеңессеңдер

қайтеді?

– Маған ат үсті де жетеді...

– Дəм бар, Шоқанмен табақтас болып сыбағаңды же!..

–  Сыбағамды  жеп  болсам  сенен.  Шоқанға  қарап:  –  кем  Қожық,

(Жамангөзді  қолымен  нұсқап)  бұның  «сегіз  мың  жылқылы  Сəдібек»

атанған  бабасымен  ерегісіп,  сегіз  жүз  жылқысын  тапа-тал  түсте  отарынан

айдап ап сіңіріп кеткен. – Рас па, Жамангөз?

– Солай болған деседі, – деді Жамангөз, болған істен тана алмай.

– Сыбағама жете ме, сол? – деді Нарғыз Шоқанға қайнаңдай қарап.

–  Көбірек  те  сияқты,  –  деді  Шоқан  Нарғыздың  өрлігіне  іштей  риза

болғандай.

–  Оны  айтсаң,  –  деді  Нарғыз  өршеленіп,  сенің  қайынағаң  Бағаналы

Ерден,  əкесі  Сандыбайға  жер  күңіренте  ас  беріп,  нөкерімен  барған  əкемді

лайықты үйге түсірмей, өкпелеген əкем желісін қиып, тапа-тал түсте сауын

биелерін  зырылдауық  тартып  айдай  жөнелткен.  Сонда  қумақ  болған

Ерденге шешесі Сары бəйбіше: «Ол жасанған жау, саған алдырмайды жəне

қалың қопаның қабанына ұқсаған түрі жаман, маңайласаң жарып тастайды,

оған  сен  емес,  мен  барайын»  деп  «Сағым  сары»  аталатын  екпіні  ұшқан

құсты  шалатын  жорғасымен  жеткен  екен  де,  ағып  өтіп,  алдыңдағы  бір

төбеде атынан түсіп тосқан екен; бəйбішені таныған əкем «неге келді екен,

білейін» деп барады, Е онда, бəйбіше əкемнің сəлемін алмай: «Əй, Қожық,

аңнан туып па ең, адамнан туып па ең?» –деген де, əкем «жеңдің, бəйбіше!»

деп  жылқысын  қайырған  екен;  бəйбіше  əкемді  ерте  барып,  «Ерденнің

айыбы»  деп,  ақ  отаулы  қыз,  айғыр  үйір  жылқы  берген  екен.  –  Рас  па,

əлеумет?

– Рас, – десті бірнеше адам.

– Маған неге айтып тұрсың, бұларды? – деді Шоқан.

–  Сол  Ерденнің  жыл  сайын  құрсағы  құрғамай  балалай  беретің  жуан

бөксе,  жалқаяқ  семіз  сары  бəйбіше  боларлық  қызын  алмай,  бір  күңіңді

алады деп естідім, рас па?



Шоқан үндемей қалды.

–  Ол  өзіңнің  жұмысың,  –  деді  Нарғыз,  –  мен  өз  жұмысымды  айтам  да,

өзімше қайтам.

– Иə?..


– Сені əкеме өш деп естідім. Ұры емес ол, барымташы. Оған үйреткен –

өз  ағаң  Кенесары.  Ол  ағаңның  қырғыздар  кескен  басының  қу  сүйегі

Омбыда,  өз  қолыңда  деп  есітем...  Сен  де  өшіктіре  берме  жұртты.  «Иттің

иесі болса, түлкінің тəңірісі бар» деген. Бізде ел-жұрт бар. Екіталайда бізге

де  қабырғасы  қайысатындар  аз  емес.  Оларды  айтпағанда,  Мақаштың

кіндігінен  жаралғандар  да  кегін  жібермейді.  Қыз  екеш  –  қыз  мен  де  мына

қаруларыммен  қанға  қан  қайтара  алам!  –  деп,  Нарғыз  мойнына  асынған

садағын суыра берді.

«Өзіне

ата


ма»

деген


қауіппен

шегіншектеген

Шоқанды,

қасындағылардың  кейбірі  садақтан  жасқанғанмен,  кейбірі  қоршай  қойды,

тасадағы Тоқбет те мылтығын оңтайлай бастады.

Нарғыз иығынан жылдам қимылмен садақты сыпырды да, оқшантайдан

бір  оқты  суырып,  түйенің  мойнақ  қайысынан  көрген  сірестің  орта  тұсына

айырынан қадап, үзеңгіден суырған сол аяғын, бүккен тізесін ердің қасына

тірей  оқ  қадаған  сіресті  оң  қолымен  мықшия  кері  тартқанда,  садақтың

қыртысын еменнен жасалған сауыры доғадай иіле қалды. Сол қалпымен, ет

асылған  жер-ошақты  төңіректеген  тазы  итті  нысанаға  алып,  тартып  кеп

жібергенде,  ысылдай  ұшқан  ұзын  оқтың  жебесі,  иттің  қос  өкпесінен  кірш

ете  түсті.  Қаңқ  етіп,  оршып  түскен  бейғам  иттің  шамасы,  бетімен  лағып,

бес-алты  адымдай  жерге  баруға  ғана  жетті  де,  омақаса  құлады.  Тегі,  жебе

жанды  жеріне  терең  қадалу  керек.  өлер  алдында  аяқтарын  тырбаңдатудан

басқа қимылға шамасы келмеді. Аздан кейін сұлық бола қалды. Иттің иесі

тазысына оқ тие:

–  Ойбай-ай,  енді  қайтейін!..–  деп  тұра  жүгірді  де,  иті  өле  ашуға

булыққан  кескінмен  бері  оралын,  Нарғызға  бірдеме  деу  бейнесін

көрсеткенде:

–  Əй  кет  былай!  –  деді,  əлгінде  қауіптеніп  жасқанған,  Нарғыз  итті

атқанда  мергендігіне  сүйсінген  Шоқан,  қоршаған  топ  ішінен  суырыла

шығып:

–  Аттық  итім  еді...  –  деген  ит  иесіне:  Түйелік  болса  да  мен  төлейін,  –



деді. Келе ғой, – деді ит иесіне Нарғыз, айбарлы кескінмен оқшантайынан

тағы  бір  оғын  суыруға  оңтайланып,  –  тамұққа  өзіңді  де  итіңнің  артынан

жөнелтейін!..

«Шынында  да  сөйтер!»  деп  қорыққан  ит  иесі,  қалың  топтың  ішіне

тығыла берді.


– Біздің оқ осылай тиеді! – деді ол Шоқанға масаттана қарайды,

– Жарайсың! – деді Шоқан.

– Ал енді қылышымның қимылын көрсетейін бе?

– Көрсет.

– Қолыңа ораған ағың жібек пе?

– Иə,


– Бері əкел!

Шоқан,  «оны  қайтесің?»  деместен,  жұқа  жібек  шарфын  мойнынан

суырды да:

– Бер анау қызға! – деді серігіне.

–  Мынаған  деді  Нарғыз,  ағасы  Қанғожаны  нұсқап.  Ол  алды  да,  теке

мүйізінен  күміспен  нақыштап  жасаған  шақшысын  бір  бұрышына  түйді.

Нарғыз сол жағына асқан қайқы ауыр қылышын қынабынан суыра берді.

Қанғожаның  Шоқан  берген  шарфтың  бұрышына  шақша  түюі,  жұқа

шүберек  биік  ұшсын  дегені.  Осылай  істеу  оның  дағдысы.  Ол

қарындасының:

–  Ал,  ат  аспанға!  –  деген  бұйрығымен,  уысына  жентектеген  шарфты

жоғары  қарай  сілтеп  кеп  жіберді.  Шамалы  жерден  төмендеп,  кеулеген

желден желбіреп келе жатқан жұқа жібекті, төбесіне жақындай орта тұсын

ала,  Нарғыз  қылышпен  тартып  кеп  қалды...  Қылыш  шүберекті  қақ  айыр

оның төнген жұрт, жерге түскенде ғана көрді.

–  О,  ғажап!  –  деп  қалды  жұрт  бір  ауыздан.  Оларға  Шоқанның  да  үні

қосылды.

– Біздің қылыш осылай қырқады! – деді Нарғыз, масаттана түсіп.

– Рас!..

– Ал, кеттік! – деді ол серіктеріне.

Асқа қаратудан күдер үзген Жамангөз:

–  Қыз-ойнақ  кешке  болады,  алтыбақан  құрылады,  кел!  –  деді,  кетуге

атының басын бұра берген Нарғызға.

– Егер Шоқан менімен қатар отырса! – деді Нарғыз.

– Отырам! – деді Шоқан.


Нарғыз  да,  серіктері  де  аттарын  тебіне  жөнеліп,  ілезде  терең  сайға  жоқ

болды.


– Келмейді, – деді біреулер.

– Келеді, – деді Шоқан.

Қазақтан бұндай қыз шығуы Шоқанның өңі түгіл түсіне кірмеген. Бұл не

ғажап  көрініс?!  Қарасу  жағасына  кешке  «алтыбақан»  құрылып,  дəстүрлі

ойындар  жүріп  жатты.  «Қалада  өскен  тік  бақай»  дегенмен,  қазақы

ойындарды  білуде  Шоқан  ауылдың  байырғы  жігіттерінен  кем  емес  екен.

Оның  кемдіктері:  домбыраны  шерте  білмейді,  қазақ  əндерінің  бірталайын

білгенмен, айтуға даусының нашарлығынан қорғанады.

Ойын  қызып  жатқан  шақта,  өзге  дүниені  ұмытқан  қыз-бозбаланың

біреуінің  де  есіне  Нарғыз  кірген  жоқ.  Оны  ойынға  қайтып  оралады  деп

ешкім  ойлаған  жоқ.  Тек  оның  қара  қабыланның  қаншығына  ұқсаған  түр-

тұрпаты  Шоқанға  ғана  ара-тұра  елестеп,  əлгі  жоқ  болып  кеткен  сайын

қараңғы  түнде  бірде  адам,  бірде  аң  бейнесінде  қараңдап  келе  жатқан

сияқтанды; бірақ ол Нарғыздың «келем» деген сөзін кекесінге, я қылжаққа

жорып, орала қояр деген жоқ...

Бір  кезде  сай  жақтан  шырқыраған,  дүбірлеген  дыбыстар  естіле  қалды.

Ойыншылар  оған  алаңдай  бастағанда,  екі  салт  елең  етті.  «Нарғыз  болар

ма?!»


Алтыбақанға  таяна,  салттының  біреуі  атынан  қарғын  түсті  де,

екіншісіне, «мə ұста атты!» деп шылбырын ұсынды.

Əйел даусы!..

«Бұл, əрине, Нарғыз!..»

Сол екен. Қасындағысы Құлғара.

– Неге ақырдыңдар? – деді ол топқа жақындай, – Шоқан қайда?

– Мұндамын!..

– Сертіңе сен жетсең, мен жеттім. Кəне, отырамыз ба əткеншекке қатар?

– Отырамыз!..

– Кел, ендеше!..

Шоқанды  қолтықтап  алды  да,  əткеншектің  доңғалана  салбырап  тұрған

үш  арқанының  оң  жақтағысына  таяна  беpiп  бойы  жетер  жоғарыдан  жіпке

секіріп мініп:


– Ал, мырза, сен қайтесің? – деді Шоқанға.

– Қыз қарғыған биікке мен де қарғи алам...

– Ендеше, кел!..

Шоқан да қарғып, Нарғыздың қасына отырды. Қарсы жаққа да бір қыз,

бір  бозбала  отырды.  Төртеуі  орта  арқанға  аяқтарын  тіреген  кезде,

əлдекімдердің  күшті  қолдары  шайқаған  əткеншек  ерсілі-қарсылы  ырғала,

аспандай жөнелді...

Нарғыз  сол  қолымен  арқаннан  ұстады  да,  оң  қолымен  Шоқанның  аш

белін  қаусырып  алды.  Əдейі  ме,  əлде  екпінді  шайқаудан  құлармын  деп

қорқа  ма,  Шоқанға  кенедей  жабысып,  белін  қатты  қысады:  жаратылысы

солай  ма,  əлде  қызыққа  қызынуы  ма,  денесінің  ыстық  лебі,  Шоқанның

жабысқан жағын бусандырып барады...

Бала  кезінде  теуіп,  одан  кейін  ұмытып  кеткен  əткеншекке  шыдау,

Шоқанға  алғаш  ете  қиынға  соқты.  Арқандарды  ырғаушы  жігіттердің

қолдары  қарулы  ма,  əлде  екпіндеп  алған  қимыл,  физиканың  үдеу  заңына

бағынуы  ма,  бірден  қатты  шайқалған  əткеншек  жоғары  көтерілгенде,  сол

күні аспанда жиі жылтырай қалған жұлдыздардың қалың ішіне үңгігендей,

төмен  құлдырағанда,  жеті  қабат  жер  астына  түсіп  кеткендей  əсер  берді.

Шоқанның  басы  айналып,  есінен  танғандай,  жүрегі  өрекпіп  құсқысы

келгендей болды...

Бірақ  құспады  ол.  Төңіректі  қоршаушыларға  да,  ырғаушыларға  да,

қасында  қадала  жабысқан  Нарғызға  да  шала-шарпы  есімен  сыр  бермеуге

тырысты,  өйтуді  намыс  көрді.  Мінген  қыл  арқанның  таңын  қылыштай

қиып  бара  жатумен  ол  сонда  ғана  сезді.  Намысына  тырысқан  Шоқан  оған

да шыдап бақты, əткеншек тоқтамай, дыбыс бермеуге бекінді.

Басында,  Шоқанды  «қалай  шыдар  екен»  дегендей,  əткеншекті  қатты

ырғаған қарулы жігіттер біраздан кейін шыдауына көзі жеткенде бəсеңдете

ақырын  ырғады.  Таңын  қыл  арқанның  қиюын  ұмытып  кеткен  Шоқан,

төңірегін  сабырмен  шолуға  кірісті.  Сол  кезде  манадан  бергі  жарық  ай  да

көкжиекке  жасырынып,  жұлдызы  жыпырлаған  аспан  түнере,  жер  беті

қарауыта  қалған  еді.  Шоқанға  кең  даланың  сол  кездегі  келбеті  Гетенің

«Фауст»  аталатын  драмалық  поэмасындағы  «Вальпургия  түніне»,  немесе

Гогольдің  Май  түні»  аталатын  хикая  поэмасына  ұқсап  кетті.  «Екеуінің

қайсысына  көбірек  ұқсайды?»  дегенде,  «Валъпургиядан»  гөрі,  «Май

түніне»  жуықтау  сияқты,  өйткені,  «Вальпургия»  жын-шайтандардың

сауығы,  «Май  түні»  адамдар  сауығы;  бірақ,  мына  қазақ  даласында  болып

жатқан  сиқырлы  көрініс  «Май  түнінен»  де  өзгеше.  «Май  түні»  тоғайлы

Днепр  жағасында  өтіп  жатқан  кешті  сипаттаса,  Атбасар  даласындағы  түн:

ормансыз,  таусыз,  өзені,  көлдері  жырақ,  ұшы-қиырына  көңіл  болмаса,  көз

жетпейтін  жап-жалпақ,  теп-тегіс  бұйратты  шөл  далада  етіп  жатыр.  Бұның

да  тылсымы  күңгірлей  сөйлеп  тұрған,  сыры  сан  алуан  құлпырып  тұрған,


тек өзіне тəуелді сиқырлы көрінісі бар!..

Гете  мен  Гогольдің  поэмаларын  аузының  суы  құри  қызыға  оқыған

Шоқанның,  олардай  ғажап  суреттер  қазақ  даласынан  да  кездесуі,  ояудағы

есіне түгіл, ұйқыдағы түсіне де кірген жоқ-ты.

Атбасар  даласының  бүгінгі  түндегі  сиқырлы  көрінісі  де  ғажайып:  жан-

жақта жыпырлай жалындаған есепсіз көп от, кең даланың өн бойына тұтас

жайылып  жатқан  сияқты.  Олардың  қалыңдығы  аспандағы  жиі  жұлдыздан

бетер!..


Кең даланы кернеген əн бір-біріне ұласа, тұтасып кеткен. Оған, базарға

айдалып,  үйірінен  айрылған  малдардың,  қалың  жиналған  базаршылардың

мазасы  кеткен  аңдар  мен  құстардың,  шырылдаған  шегірткелердің

дыбыстары  қосылып,  адам  мен  хайуанат  əлемі  тамаша  бір  ансамбльдің

артистеріне айналғандай!.. Не деген ғажап көрініс, не деген ғажап үндер!..

Шіркін, осындай көркемдік пен келісімділікті кемеліне келтіре суреттей

алатын Гетелер мен Гогольдер қазақтан да шықса!..

Нарғыз  келгенше,  жиналған  жастардың  алтыбақанға  деген  қарығы

басылып  қалған  еді,  сондықтан  Нарғыз  бен  Шоқаннан  кейін  тебуге

құмарлар табылмай, ойынның өзге түрлері басталып кетті. Солардың бірі,–

Арғынның  «Алтай»,  «Қарпық»  аталатын  руларынан  басқа  елде  сирек

ұшырасатын  «татулық»  ойыны.  Оның  мəні:  өзге  ойындар  бітуге  таянған

шақта,  осы  ойынды  басқарушы  «хан»,  ойынның  барлық  қызметін

жұптанып  көрген  қыздар  мен  боз-балаларды  «енді  татулық  ойындар»  деп,

«уəзірлеріне»  бұйрық  беріп,  жұп-жұбымен  кең  далаға  бытыратып

жібереді...

Осы  ойын  басталғанда,  «кетеміз»  деп  Нарғыз  құлшынды  да,  ондай

ойынды  көрмек  түгіл  естімеген  Шоқан,  көпшіліктен  қымсынып

тартыншақтанды.  Бірақ,  «хан»  əмірі  орындалып,  «уəзірлер»  екеуің

алысырақ тұстағы қалың шидің арасына айдап салды.

Жұрттан оңашалана, сөзді Нарғыз бастап кетті:

–  Арғы  атаң  Абылайдың  он  бес  қатыны,  отыз  ұлы,  қызы  болыпты  деп

есітеміз, – деді ол. – Бергі атаң Уəліде жеті қатын бопты дейді...

– Олар неге қажет болды саған? – деді Шоқан кенет кеңеске елеңдеп.

– Мəні бар. Тыңда!..

– Тыңдадық...– деді Шоқан, ар жағын естігісі кеп.

– Шешең Зейнеп əкеңнен мықты шығып, қос қатынға қолын жеткізбеген

дейді...


– Рас...

–  Сонысына  қарамай,  əкең  саған  толып  жатқан  жерден  қыз  атастырып

қойған дейді...

– Мəселен?

–  Тобыл  бойының  аға  сұлтаны  –  Жантөренің  Ахметінің,  Обаған

бойындағы  Сибанның  байы  –  Өздембайдың  Өсібінің,  Бағаналы

Сандыбайдың Ерденінің...

Қайдан естідің бұларды?

Жұрт  естігенді  мен  естімей  не  бопты?  Оларды  азсынсаң,  Омбыдағы

жанаралдың жиенін де алады деген қауесет те бар. Қайсысын қашан алушы

едің олардың?

– Бəрі де бос сөз...

– «Күңіңе үйленеді» деген ше? – деді Нарғыз, бетіне бұрыла қарап.

Шоқан үндей алмай қалды.

– Оны «көрікті қыз» деседі. Бірақ, күң ғой ол? Сен хан тұқымысың ғой

жəне  орыс  əпесері.  Əкеңмен  арпалыста  көрінесің.  Сенен  гөрі  оның  іргесі

берігірек қой!.. Түптегенде ол жеңеді.

– Оны көре жатарсың, – деді Шоқан. – Сонда маған айтқың келгені не?

– Орысыңды білмеймін. Анау қыздардың үшеуін де көрдім. Олар баланы

төпеп таба беретін сал бөкселер. Ep ic– ер, серіге–сері боларлық біреуі жоқ.

– Ондайлар қайдан табылады? – деді Шоқан қуланып.

– Іздесе неге табылмасын. Ел ғой, – деді Нарғыз салмақпен.

–  «Тапқаным  –  өзің  десем  қайтер  ең?»  –  деді  Шоқан  құйқылжыған

дауыспен.

– Мен айта қалғандай-ақ қатын болар ем саған, – деді Нарғыз демін ауыр

алып. – Бірақ, ол болмайтын іс.

– Неге? – деді Шоқан қылжақтаған дауыспен.

– Басы байланған мал, ешқайда кете алмайды, мен – солмын.

– Түсінбедім.

– Түсінбесең, мана күндіз де, əлгінде де солбырайып қасыма еріп жүрген

сөмпек  қара,  қалыңымды  түгел  төлеп  қойған  күйеуім;  ол,–  өзің  менің


əкеммен қоса ұстағалы жүрген атақты Медебай батырдың жалғыз баласы –

Құлғара!..

– А-а-а...– деп Шоқан ойланып қалған қалпын көрсетті.

– Тəңірінің бұйрығы солай болды! – деді Нарғыз демін соза алып.

– Сол бұйрықты бұзса қайтер еді?

– Қалай?!..

– Орыс заңымен.

– Ол – орыс заңы. Қазақ, заңы басқа.

– Ол да күшті заң!

– Əй, Шоқан, Шоқан! – деді Нарғыз басын шайқап, – қанша ақылдымын,

білімдімін  дегеніңмен,  əлі  талқыны  аз  көрген  қайыссың  ғой.  Бəрі  де  оңай

көрінеді  саған,  алабұртқан  албырт  бетіңде!..  «Бекіре  балықтың  тұмсығы

тасқа  тимей  қайтпайды»  дегендей,  тасты  сүзбей  қайтпайсың  ғой,  сен  бұл

бетіңнен!..

«Мынау бір ағып тұрған данышпан ғой!» деп ойлап қалған Шоқан сөзін

бөліп:


–  Осынша  кең  ой,  мына  жұдырықтай  басыңның  тар  сүйегіне  қалай

сыйып тұр! – деді.

–  Мені  қойшы,  тəйірі,  –  деді,  ойының  жалғасынан  жаңылмай  тұрған

Нарғыз,  –  əкенің  оң  жағында  далдаңдап  жүргенмен,  «байтал  шауып  бəйге

алмайды» дегендей, қанша ұзаққа шабар дейсің. Біреудің босағасына қатын

боп кірген соң-ақ өзге қазақ қызы сияқты, менің де барар жер, басар тауым

– от басы, ошақ қасы ғана болады. Содан кейін «қатын қайраттанса, қазан

қайнатадының» кебін кием!

– О, ақылдым! – деді Шоқан, даусын соза, Нарғызды құшақтай ап орыс

риза болған адамын сүйеді. Сені сүюге бола ма?

– Ол – орыс, мен – қазақ. Қазақ қызы жаласып-жұқтасуды жек көреді.

– Қыз бозбалалар неге сүйіседі ендеше?

– Олар менен басқалар...

Шоқанға  сөз  таусылып  қалған  сияқтанды.  Енді  кері  қайтқаннан  басқа

ештеңе жоқ.

Кейін  қайтқанда  екеуі  де  бірнеше  қадам  аттағанша  үндеспеді.  Ойы



«дəуде болса, əкесі жайында жүрген болар» дегенге тоқыраған Шоқан:

- Нарғыз! – деді топқа таяна.

- Əу.

- Бір сертке тұра аламысың?



- Қандай?

– Əкең мен ағаларыңның ұрлық-зорлығын қойғыза аламысың?

– Қайдам!

– Мына қалпыңмен қойғыза алуға күшің жетеді.

– Сонда?

– Ешкімнің тие алмауына мен кепіл болар ем.

– Қалай?

– Омбыға жиналған көрсету қағаздарды түгелімен ермер едім де, іздерін

тып-типыл қылар ем.

– Қолыңнан келе ме осы?

– Келеді. Өйткені, қағаз атаулы менің қолымда.

– Рас қой? – деді Нарғыз, қуанышты үнмен, жүрістен бөгеліп қарсыма-

қарсы тұра қап.

– Рас!


–  Ендеше...–  деп  Шоқанды  бассалып  құшақтады  да,  ернін  ерніне  қатты

жапсыра,  құшырланып  сүйді.  Лебі  оттай  екен.  Көзінен  сорғалаған

тамшылар, еңкейе құшақтаған Шоқанның бетін жыбырлата шайып кетті...


Ө

НЕР ӨРІНДЕ

«Жүрген  аяққа  жөргем  ілінеді»  дегендей,  бұл  сапарын  жүлделі  жолға

санаған  Шоқан,  тағы  бір  табысқа  бөлене  қалды:  Атбасар  жəрмеңкесі

тиыштықпен  тарар  алдында  келушілер  мен  тұрған  халық  бірлесіп,  той

тарқар жасауға келісті. Онда, өзге ойындармен қатар ат шабыс пен палуан

күресі  болмақ,  екеуінің  де  бəйгесі  –  залог,  ол  –  əркім  қалаған  атына  да,

палуанына  да  бəсекелесіп  мал  я  ақша  тігу;  бұл  –  қазақ,  даласына  қазақ-

орыстар  əкелген  салт;  олар  үлкенді-кішілі  жəрмеңкелердің  бəрінде  де  бұл

салтын қолданбай қойған емес.

Бəсекеде залогке жиналған көп мал, көп ақшадан жиырма жүйрік пен он

пар  палуанға  бəйге  тігілді.  Аттар  Атбасардан  отыз-қырық  шақырымдағы

Терісаққан  өзенінің  Есілге  құйылатын  сағасынан  шабылмақ  болды,

жарысқа жүзден астам ат кетті.

Күрес  Жабай  мен  Керегетас  өзендерінің  түйіскен  тұсындағы  кең

жазықта  өтетін  болды,  жан-жағы,  осындай  жиналыс  боларын  болжап

табиғаттың өзі əдейі жасағандай, екі өзеннің сатылана ескен аңғары. Күрес

көргісі  келгендер  соларды  жағалай  отырғанда,  Шоқанның  есіне,  суретін

кітаптан  көрген  көне  Рим  амфитеатры  елестеп  кетті.  Бірақ,  театр  тəрізді

дөңгелене  біткен  бұл  алқап,  адам  қолынан  жасалған  театр  атаулының

бəрінен  де  əлдеқайда  кең.  Рим  қаласындағы  ең  зор  амфитеатр  Колизейге

жетпіс мың кісі сыяды десе, бұл арадағы жиын жүз мыңдай бар!..

Күрес  пен  Бəйгеге  қызымпаз  қазақтар,  бұндай  жиынды  жанжалмен

аяқтайтынын  білетін  Гутковский,  даяшылық  қызметті  əскерге  тапсырып,

басқаруға  Шоқанды  тағайындады.  Күреске  түсушілер:  қазақтан,  орыстан,

татардан  өзбектен  дегендей,  əр  ұлттан.  Солардың  өзгелері  майда  ашық

кескінмен  шыққанда,  екеуі  бастарын  бүркеніп  келді.  Сырт  тұлғалары

ұсқынды. Ірі бойларының биіктігі шамалас олардың біреуі – бесті бұқадай

күжірейген  жуан,  екіншісі  –  семізден  жараған  бесті  аттай  сидам,  жұмыр.

Балақтарын түрінген балтырларына қарағанда, жуан, көмірдей қара; сидам

сүйріктей-ақ...  Екеуінің  де  қазақ  екені  лақаптарынан  байқалады:  жуан  –

«Бура палуан», жіңішке – «Кер тайлақ». Залог салу жобаларына қарағанда.

«Бураны»  Көкшетау  дуанының  қазақтары,  «Тайлақты»  Қарқаралының

қазақтары шығарып отырған сияқты... Олардың қайдан жəне кімдер екенін

ешкім айтпайды...

Майданға  «Бураны»  Қарқаралы  атынан  Мөшкенің  Қазанғабы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет