АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет39/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)


СІБІРДЕГІ САБАҚТАР

ҚУ ЖƏНЕ ҚУЫС БАСТАР

Шоқан  омбыға  оралғанда,  Гасфорттың,  қысқы  сарайында  бұдан  он

шақты күн бұрын басталған салтанатты той аяқталып келеді екен.

Тойды  ол  ұлан-асыр  ғып  жасаған.  Себебі:  Омбыдан  Кетрампорға9,  «ең

жеңілі  пышаққа  түсіп  қана  жазылам  (операция),  əйтпесе  өлем»  деген

қорқынышпен  аттанған  ол,  екі  қатерден  де  аман  құтылып,  мекеніне  қаз

қалпында келді. Илиади Кетрампорға онымен бірге аттанған еді. «Сырқаты

– бүйрегіне тас байлану» деп жорамалдаған ол, сол кезде мұндай науқасқа,

тек  Германияда  ғана  қолданылатын  азын-аулақ  таблеткасын  содан  ала

келіп,  ешкімге  білдірмей  сақтап  жүрген  əнатин  дəрісінің  бірер  капсулін

жолға  шыға  Гасфортқа  жолшыбай  жұтқызған  да,  содан  азапты  жаны  аз  да

болса  жəй  тапқан.  Кетрампорға  сырқаты  бəсеңдеп  жеткен  Гасфортқа,

ондағы  дəрігерлер  марендер  дейтін  дəріні  ерітіп,  қызғылт  түсті  сұйықты

қантқа  тамызған  да,  жұмаға  жақын  уақыт  жегізген.  Сөйтіп  бақылағанда,

несебіне  араласып,  əуелі  қызғылт  түсті,  ірімтік  ұсақ  тастар  түсіп,  арты

құмға  айналып  кеткен,  жұмадан  аса  несебі  дағдылы  қалпына  келіп,  ішті

бүрген  сырқат  тоқтаған.  Содан  кейін,  емхана  «сырқат  жазылды»  деп

қорытып,  қайталамауына  қажет  ақылдарын  айтқан  да,  Гасфортты  Омбыға

қайтарған.  Қуанышына  үлкен  той  жасаған  Гасфорт,  тек  екі  нəрсеге  ғана

іштей  өкінген:  бірі  –  майлы  тамаққа  құмар  жəне  мешкей  оны  емхананың

бұл  тағамнан  ең  кемі  екі  жылға  дейін  тыюы;  екіншісі  –  стопкасыз  тағам

татпайтын  кейде  сілейгенше  ішетін  арақтан  тыюы.  Сəтті  өткерген

сырқаттың  зардабы  батқан  Гасфорт,  той  үстінде  қанша  қызыққанмен,

бұларды тата алмады.

Тойдың  ақырғы  жағына  ғана  іліккен  Шоқан,  бай  дастарқанның

сарқытын  ғана  татты  да,  қызметін  атқаруға  кірісті.  Оның  белгіленген

қызметі Гасфортқа атұлтандық екенін біз өткен тараудан білеміз

Туған  елінің  тұрмысымен  тереңдей  танысқаннан  кейін,  орыспен

салыстырғанда  оның  саясаттық,  шаруашылық,  мəдениеттік  жағдайлары

əлдеқайда  төмендігін  көрді.  Бұндай  халден  қалай  құтқару  туралы  кейбір

жоспар  да  жасады.  Соларын  іске  асыруда  Батыс  Сібірдің  генерал-

губернаторы Гасфортты пайдалану ниетіне кірді.

Адъютанттық  қызметіне  кіріскен  Шоқанға,  іс  жағынан  пəлендей

ауыртпалық  түсе  қойған  жоқ.  Төрт  адъютанттың  əрқайсысына  арнаулы

қызмет  жүктейтін  Гасфорттың  Шоқанға  тапсырғаны:  Батыс  Сібірлік

кеңселердің  күн  сайын  ертемен  келіп,  өткен  күнде  нелер  болғаның  бүгін

атқаратын нелер барын рапорттауын тыңдап ап, Гасфортқа хабарлау, жеңіл-

желпілерін  өзі  тындырып  жіберу;  екіншісі,  саятқа  құмар  Гасфорттың  оған



байланысты қажеттерін басқару.

Бірінші


тапсырманы

бұлжытпай

орындаған

Шоқанның

мінез-

құлықтарына  ерекше  көз  салған  адамы  Гасфорттың  өзі  болды.  Алғашқы



күндерден-ақ  байқауынша,  мансабы  –  «Батыс  Сібірдің  генерал-

губернаторы»  аталып,  «патшаның  оқ  көзі  (наместник)  саналғанымен,  ол

мемлекеттік  істердің  біреуімен  шұқшия  шұғылданбайды  екен.  Оның  күн

сайынғы  кəсібі:  таңертең  кешірек  оянып  туалеттерін  асықпай,  бабымен

жасап алады да, сарай қорасының өзінен жəне дене күтушісінен басқа жан

бас  сұқпайтын  қоршаулы  бөлшегіне  кіріп  дене  шынықтыру  қимылдарын

жасайды. (Əділетін айтқанда, бұл жүйеде ол айта қалғандай спортсмен. Бұл

жайда  ол  атаққа  шыққан  кісі.  Сондықтан  да  семіздігіне  қарамай,  оның

адъютанттарына  дос-жарандарына  ұстатып,  көрсетуді  ұнататын  бұлшық

еттері  тастай).  Содан  кейін  ол  «семіріп  кетем»  деуді  дəлел  ғып,  сəскелік

асты  жеңіл  ғана  ішеді  де,  адъютанттарын  кезек-кезек  қабылдап

рапорттарын  тыңдайды.  Қабылдауға  қажет  чиновниктер  болса,  қандай

қауырт іс болмасын, түстен кейінгі сағаттарға қалдырады.

Рапорттарды  тыңдағаннан  кейін  кəсібі,  салт  атпен  серуенге  шығу.  Өзін

ескі  кавалериске  санайтын  ол,  атқа  да  мықты:  ертеден  қара  кешке  жорту

мен  шабуға  қажымайды.  Салт  аңшыласа  ертері,  «атқа  жақсы  жүреді»  деп

санайтын Шоқан ғана. Кейде топ ертіп ақшалай қалатыны да бар.

Өйткен  шағында,  кей  күні  «орыс  тазысы»  аталатын  денесі,  əсіресе  бас

бітімі сұлу, өресі биік қаруы мол, адымы адуынды иттерін ертеді, олары бір

қора.  Түлкіні,  қоянды  құтқармай  қағатын  олар,  жекпе-жек  жұлқысында

қасқырды да жеңеді, жұбын қосқанда аюға да шамалары келеді.

Спортпен  сонша  шұғылданатын  Гасфорт,  кеңселік  міндеттерін

орындауда, дүние бүлініп жатсын, қара су теріс ағып жатсын, қың етпейді.

Қазақтық  мəселелерге  де  ол  сондай.  Шоқан  адъютант  болғанға  дейін,

Сібірде  қызмет  атқарған  он  шақты  жылда,  Гасфорт  қарамағындағы

қазақтың алты дуанының біреуіне де аяқ аттап көрген жоқ екен. Сондықтан

оларда не болып, не қойып жатқанына құлағы тығындаулы. Қазақ өмірінен

түк  білмейтін  оның,  бұл  елдің,  тұрмысы  туралы  пайдаланатыны  өсек-аяң,

ғана.

Осындай  мəн-жайын  көргеннен  кейін,  Шоқан  Атбасар  сапарында



көрген-білгендері  туралы,  əсіресе,  қазақ  елін  басқару  жайлары  туралы

айтпақ  болған  сөздерінің  біреуінің  де  бетін  ашпады.  Несіне  ашады?

Гасфорттың ол жайда ойлану түгіл, өйтуге талаптанар ниеті де сезілмейді.

Сондай  қалыптағы  Гасфорттың  қазақ  елі  туралы  кейде  ақылға

қонымсыз, іске асқысыз əлденелерді былшылдап кететіні де бар. Мысалы,

бір күні, қызмет бабымен кабинетіне кірген Шоқанды ол кідіртті де:

– Қазақта жылқы көп деген рас па? – деп сұрады.


–  Солай  сияқты,  –  деп  Шоқан  өзі  көрген,  я  естіген  қазақтың  біраз

жылқылы  байларын  атап  берді.  Сол  жылқылардың  кейбір  тақыршылық

немесе  мұздақты  қыстарда  жұтқа  ұшырап  қырылып  қалуы  туралы  сөз

болғанда:

–  Егер  ат  қора  жасап,  қыс  сонда  күттірсе  қайтер  еді?  –  деді  Гасфорт.

Шоқан жауап орнына күлді.

– Неге күлесің?

– Ол мүмкін емес, Жоғары мəртебелім.

– Неге?!

–  Қазақ  арасында  он,  он  бес,  жиырма  мың  жылқысы  бар  байлар  бар.

Мың жылқылылар жиі ұшырасады. Соның бəріне қора қайдан жетеді? Шөп

қайдан жетеді?

– Жетеді! – деді Гасфорт сенімді дауыспен.

– Қалай, Жоғары мəртебелім?

–  Сібірдің  ағашы  миллиондаған  түгіл,  миллнардтаған  жылқыға  қора

бола алады.

–  Ол  рас,  Жоғары  мəртебелім,  –  деді  Шоқан  Гасфортты  іштей

мысқылдап,  онысын  сыртына  сездірмеуге  тырысып.  Ағаш  жетеді.  Бірақ,

соны қазақ даласына қайткенде тасып жеткізе аламыз?

– Жол салдырамыз. Оны да ағаштан төсетіп.

–  Ол  да  ақылға  қонады.  Көлікті  қалай  жеткізер  екенбіз,  ағаштарды

тасуға?


– Бар мүмкіншілікті түгел қолданамыз.

«Қандай  мүмкіншілік?»  деген  сұрау  көмейіне  келіп  қалғанмен,  «сыр

алдырармын» деп қауіптенген Шоқан, ақтала беріп айтпай тоқырай қалды.

Гасфорттың  осындай  былшыл  сөздеріне,  кейде  əдемі  қиялдар  да

араласып жүреді.

–  Естуім,  –  деді  ол  бір  Шоқанға  сөйлескенде,  «қазақ  даласы»  аталатын

кең өлкенің сібірлік жақ жиегі егінге қолайлы қара топырақ көрінеді. Соған

дəн септірсе қалай болар еді?

–  Жақсы  болар  еді,  –  деді  Шоқан.  Бірақ,  ол  үшін,  көшпелі  қазақтарды

отырықшылыққа аудару қажет болар.



– Несі бар, аударса? Айтамыз, отырғызамыз!..

–  Өйте  қою  айтуға  оңай  болғанмен,  атқаруға  оңай  бола  қоймайды,

Жоғары мəртебелім.

– Неге?


–  Ғасырлар  бойына  санасына  сіңген  көшпелілік  психологияны  өзгерту

жеңіл емес.

– Егер бұйырса ше?

–  Бұйрықтың  жүретін  жағдайы  да,  жүрмейтін  жағдайы  да  бар,  Жоғары

мəртебелім. Біз талқылап отырған жағдайға бұйрық етпейді.

– Енді не өтеді?

– Тəрбие ғана, Жоғары мəртебелім.

Бұл  мəселеге  одан  əрі  тереңдегісі  келмеген  Гасфорт  əңгімені  басқаға

аударып əкетті...

Дарақылана  мақтануында  шек  жоқ:  ол  күздің  қатқақ  кезінде,

Петербургтан  соғыстық  оқу  орындарының  начальнигі,  даражасы  биік

император ұлы князь, генерал-инспектор Константин Константинович келе

ғап, соны қарсы алатын соғыстық парадқа Гасфорт əзірленгенде, кеудесіне

барлық  ордендері  мен  барлық  медальдарын  қадамақ  болды.  Онда  əсіресе

медальдар  көп  еді,  солары  төсіне  сыймай,  «қайтем?»  деп  ақылдасқанда,

«ботфортыңыздың  қонышының  жоғарғы  жағына!»  деген  ақыл  айтты

Шоқан.  Бұл  қылжақты  түсінбеген  Гасфорт  Константинге  осы  бейнеде

көрінем деп күлкі болды.

Тағы бір қызығы – Гасфорт бір күні Шоқанды шақырып алды да:

– Диккенс дегенді жұрт көп айтады, сол кім? – деп сұрады.

– Білмеймін, тегі Омбыдағы Острогке қамалған біреу болу керек, – деді

Шоқан.


– Ендеше, соны маған келтір! – деп бұйырды Гасфорт.

Кейінгі бір күнде «таптың ба?» деп сұраған Гасфортқа,

Шоқан  Диккенстің  ағылшын  жазушысы  екенін  баяндап,  портретің

кейбір жаңа шығармасын көрсетті...

Гасфорттың  бір  мінезі:  кінəсін  сирек  мойындайтын  сирек  ұялатын  еді.

Бұл жолы да сонысына бағып ұялу орнына «солай ма?» деді де қойды.



Гасфорттың  бір  жақсысы,  жалғыз  Диккенс  жайында  емес,  өзге  де

жайларда  да  Шоқанның  қылжақтарын  көтере  береді  де,  ешқайсысын

ауырламайды.  Сыртқы  омбылықтар  мұнысын,  «жиені  –  Екатерина

Карловна Гутковскаяға үйленеді деп дəмеленгендіктен, түбінде туыс болар

деп  еркелетуіне»  жориды.  Расында  да,  Гасфорт  бұл  ойдан  құр  емес-ті.

Соның  үстіне  «спектакль»  атаулылардың  ішінен  комедия  жанрын  ғана

жақсы  көретін.  ГІетербургта,  Москвада  болған  күндерінде  Гольдонидің

немесе  Мольердің,  əйтпесе  Гогольдің  пьесаларын  көрмей  кетпейтін  ол,

комедиялық  геройлардың  қылықтарына  шегі  қата  күлетін  «өзім  де  бірі

емеспін бе?» деген сұрау басына келмейтін Омбы чиновниктерінің өрескел

мінездерін  сықақтағыш  Шоқанды  үй  ішінің  артисіне  санап  келемеждеген

адамдарының  мінез-қылығын  айнытпай  ұқсатуына  жайы  рахат  табатын.

Өзін мазақтауды Гасфорт сықаққа емес, еркелеуге санайтын.

Шоқан  Гасфортты  көзінше  аз  əжуалағанмен,  көзі  жоқ  жерде  одан  көп

мазақтайтыны  болмайды.  Бұлары  жүре  келе,  кең  репертуарға  айналып,

талай  мəжілістерде  талай  адамдардың  шектерін  қатырады.  Бір  ғажабы,

осыларды Гасфортқа ешкім де, кəтте өзінің əйелі мен туған қарындасы да

жеткізбейді.  Бəрі  де,  бұл  күлкілі  кеңестерді,  қызық  комедиядай  көріп

рахаттана тыңдайды.

Басы  Гасфорт  етіп,  Шоқан  Омбы  чиновниктерін  тек  тыңдаушыларын

күлдіру үшін ғана емес, əзінің оларға деген ішкі наразылық уын төгу үшін,

ыза-кегінен  жеңілу  үшін  мазақтайды.  Олары,  шынында  мазақ  емес,

мысқыл.  Кейде  оған  «іске  қатынасы  жоқ  мысқылдаудан  не  пайда?!»  деген

ой да келіп кетеді. Гогольге, немесе Салтыков-Шедринге

сенсе, «қуыс бастар» Омбыны ғана емес, бүкіл Россияны жайлап алған.

Солардан құтқаратын кім? Қалай ойласа да, Шоқан бұл сұраудың жауабын

таба алмайды.


КАТЕРИНА

Шоқанның  Омбыда  «қуыс  бастар»  тобына  қоспайтын  екі-ақ  чиновнигі

бар: бірі – батыс сібірлік полиция басқармасының начальнигі полковник –

Павел  Федорович  Майдель,  екіншісі  –  Батыс  Сібірдің  соғыс  губернаторы

полковник Карл Казимирович Гутковский. Басқа немістер сияқты, Майдель

салқын  есептің  адамы.  Арғы  тегі  II  Екатеринаның  тұсында  Бавариядан

келген  ол,  содан  бері  тұқым  қуалаған  барлаушылар.  Омбы  қызметіне

Гасфортпен  бір  тұста  келген  оны,  россиялық  полиция  басқармасының

саяси қылмыстылар жұмысымен шұғылданатын үшінші бөлімінің шефы –

граф  Нессельроде  Гасфорттан  бастап,  Омбыда  бастары  құрылған  поляк

тектес  əкімдерді  бақылауға  жіберген.  Бір  дуалы  ауыздың  айтуынша,  13-

ғасырдан  басталатын  тевтон  дəуірінен  бері  саяси  құпия  істерде  немістен

асқан  ел  болған  емес.  II  Екатерина  дəуірінен  Россияда  бұндай  істердің

шебері  немістер  болған.  Солардың  нəсіліне  жататын  Майдель,  Батыс

Сібірге  келгелі,  Россия  монархиясына  шек  келтірушілердің  ізіне  сығалай

қарауда.  Сонда  оның  ерекше  көздейтіндері  поляк  тектес  Гасфорт  пен

Гутковский  болды.  Жүре,  сынай  келе,  Гасфорттың  басы  бос  бөшкенің

ішіндей  саңғырлаған  қуыс  екеніне  оның  да  көзі  жетті.  Гутковский  одан

əлдеқайда терең де, маңызды да. Ол да өзі сияқты Россия тағына мейлінше

берілген адам. Сонысына көзі жете тұра, «поляктар немістердің ата жауы»

деген  ұғымдағы  Майдель,  сырты  жылтырағанмен,  Гутковскийге  ішін

бермей, бойын сырғақ ұстайды.

Ал, Гутковский ше? Шоқанның да бала жастан байқауынша, Гутковский

орыс  армиясының  мундиріне  жан-жүрегімен  берілген  кісі.  Ол  Россия

империясының шегі кеңи беру мақсатындағы адам. Петербургтағы паждық

кадет  корпусын  жиырмасыншы  жылдардың  аяқ  кезінде  бітірген  ол,  патша

сарайының  қасындағы  сібірлік  комитетке  қызметке  орналасқан.  Сол

қызметінде комитеттің председателі князь Чернышевтың сынына толған да,

I  Николайға  таныстырып,  Батыс  Сібірдің  соғыс  губернаторы  етіп

тағайындауына  себепкер  болған.  Патшаның  оған  жүктеген  міндеті  –  Орта

Азия хандықтарына барлау жүргізіп, оларды Россияға бағындыру шарасын

қарастыру.

Кызметінің  алғашқы  күндерінен  бастап  Гутковский  бұл  тапсырманы

есінен  шығарған  емес.  Сонда  оның  ойындағыдай  барлауды  Орта  Азияда

кім  жүргізбек?  Саяхатшы,  я  сəудегер  атымен  барып-қайтып  жүретін  орыс

адамдары  ма?  Олар  жинап  əкелген  жасырын  мəліметтер  Батыс  Сібірдің

əкімшілігінде бума-бума. Ал, ақтарып байқаса, көпшілігі «дейді» аталатын

бос қауесеттер. Көңілге қонарлық, табан тірерлік мəліметтер аз.

«Енді  не  істеу  керек?»  деген  сұрауға  тірелген  Гутковскийдің  көз  тіккен

тұманды  болашағында  жылтырап  көрінген  сияқты  жалғыз  жарығы  –

Шоқан.  Оның  көзі  Шоқанға  кадет  кезінен  түсе  бастады.  Шоқанның

пысықтығына,  білгірлігіне,  өткірлігіне  қарап,  «осыдан  іс  шығуы  мүмкін»

деген ойға келді ол. Сондықтан да, кадет шағынан оны жылы қабақпен жан


тартып, бойына да, үйіне де үйір қыла бастады.

Атбасар  жəрмеңкесіне  бірге  бару,  Гутковскийдің  Шоқанға  байланысын

тығыздата түсті. Бұл сапарда байқағаны – Шоқан жəй ғана пысық, жəй ғана

ақылды,  жəй  ғана  білімді,  жəй  ғана  өткір  жас  емес,  ол  жүктеген  міндетін

көтере алатын қайратты да, жігерлі де, істеріне тиянақты да жас.

Шоқан жайында ойлайтыны: «Халқын сүйетін албырт жастықтың əуені

ғана  болар.  Талпынғанда  қайда  барады  ол?  Алғашында  тулап  көреді  де,

аздан  кейін  алқынып  барып  болдырады,  əйтпесе  өзге  бостандықшылар

сияқты, бұл да Россияның отарлық торына шырмалады, ар жағы белгілі!..»

Гутковскийдің  өз  ойы:  Шоқанның  қайрат-күшін  теріске,  яғни

жанжалшылдыққа  емес,  оқиға,  яғни  Россия  империясының  пайдасына

жарату.


Гутковскийдің  əйелі  –  Екатерина  Христиановна  Гасфорттың  туған

қарындасы екенін білеміз. Ол жалғыз ғана құрсақ көтеріп, қыз перзентін өз

есімімен  атаған.  Бертін  бала  өсе  келіп,  екі  Екатерина  қабаттасып

жаңылдыра  берген  соң,  шешесі  өз  атында  қалған  да,  қызы  «Катерина»

болып  кеткен.  Əке-шешенің,  нағашы  туыстарының  еркелетіп  атаулары:

Катя, Катюша...

Гасфортта  бала  жоғын  білеміз.  Сондықтан,  жеңсікқойлығы  ма,  қаны

бірлігі  ме,  əлде  тəтті  қылықты  бала  болуынан  ба,  Гасфорт  та  Катеринаны

жанындай  жақсы  көріп,  оны  көрмесе  тұра  алмайтын  еркелететін  болды.

Əке-шешеге болса болмаса да ерке. Гасфорттың құрсақ көтермеген əйелі –

Елизавета  Николаевна  балаға  іштей  сырғақ  болғанымен,  ерінің  жəне

қолынан  ұзатқан  қайын-сіңлісінің  көңілдері  үшін  Катеринаны  сырттай

жақсы көргенсиді. Сонымен, Катерина екі үйдің арасындағы «тел қозы»...

Бұл  үйлерге  кадет  корпусының  алғашқы  кластарынан  үйір  болған

Шоқан, өзінен екі жас кіші Катеринамен тез достасып кетті. Тентек мінезді

Шоқан,  сəбилік  санадан  шықпаған,  ақ  көңіл,  нəзік  мінезді  Катеринаны

алғашқы  кездерде  əлденелерден  өкпелетіп,  кейде  жылатып  та  алып  жүрді.

Бірақ,  неге  екенін  кім  білсін,  өзгелерге  өкпелесе,  көпке  дейін  сол  ойынан

арыла алмайтын Катерина, Шоқан қалай өкпелетсе де тез кешіріп, аралары

қайтадан жарастықты болып кете барады...

Сөйтіп жүріп, екеуі бірін-бірі тату туыстай жақсы көріп алды. Бірер күн

көріспесе сағынысып қалатын болды; Шоқан сүйікті Катясына ерте демей,

кеш демей келгіштей береді, келген сайын көңілін аулайтын ермек тапты.

Ал,  Катерина  да  Шоқанды  көрмесе  тұра  алмады,  кейде  Шоқан  сабақ

жағдайымен

келе


алмай

қалса,


оқудан

тысқары


уақыт

болса,


жатақханасына, кейде тіпті класына іздеп барып, сабақ аяқтала үйіне ертіп

қайтады.  Тоғыз  жасынан  жергілікті  қыздар  гимназиясына  түскен,  оған

дейін губернанткадан хат таныған Катерина сабаққа ете зерек еді. Əсіресе


француз  тіліне.  Кішкене  күнінен  үйренген  бұл  тілді  ол  ете  жетік  білетін.

Сонысының  Шоқанға  да  себі  тиіп,  қадағалай  үйреніп  жүрген  бұл  тілдің

сабағын Катеринамен бірге пысықтады...

Екі  баланың  мұншама  дос  болуына,  Катеринаның  туғандары  аса  риза;

олар  «осының  арты  өмірлік  серіктікке  соқса!»  деп  тілейді.  Былайғы

жұрттың да жорамалы осы.

Сөйтіп  жүрген  Шоқан  Катясынан  1850  жылдың  күзінде  айрылды  да

қалды.  Сол  күзде  Петербургқа  əйелімен  сапар  шеккен  Карл  Казимирович

Катеринаны  ала  кетті  де,  сонда  асыл  текті  қыздар  институтындағы

пансионатқа  орналастырып  қайтты.  Сағынған  достардың  арасынан  жиі

хаттар үзілмеді. Бірақ, хал-қадарларынша қанша ыстық сөздер жазғанымен,

көрмей көңілдері көншімеді.

Көрісудің  сəті  1853  жылдың  авгусы  туа  ғана  түсті.  Шоқан  Атбасар

жəрмеңкесінен  оралса,  Катерина  Омбыға  келіп  жатыр  екен.  Олар,  əрине,

тез  жолығысты  да,  бір-біріне  таңдана  қарасты.  Катеринаның  байқауынша,

Атбасардың,  ұзақ  жолынан  тотығып  қайтқан  Шоқан,  бұрынғы  сұрғылт

өңінен  қоңырланып,  есейген  жігіт  болған.  Талдырмаш  бойы  сомдана

толыққан;  түбіттене  бастаған  мұрты  қалыңдап  қарайған;  мінезі  де

салмақтанып,  бұрын  ұшқалақ  сияқтанатын  қалпын  өзгерткен;  жүріс-

тұрысында да бұрынғы шапшаңдық жоқ.

Ал,  Катерина  ше?  Шоқанның  сынауында  ол  да  өзгеріп  кеткен:

«орташалау

болар»

деп


шамалайтын

бойы,


көрмеген

жылдарда


сұңғақтанып,  бойшаң  болар  қалпын  байқатқан;  қыпша  белі  қынамалы

курсистка  формалы  көйлектерінен  қылдырықтай  көрініп,  кеуде  жағы  көне

замандағы  шебер  мүсіншілердің  қоладан  құйған  мадонналары  –  бюсті

сияқтанды, алтын бұп-бұйра шашы ұзарып, арқасына қос бұрым боп құлай

түскен;  бала  шағында  жүзін  тұтас  жабатын  қызғылт  рең,  қазір  бет  үсіне

үйіріліп  қауызынан  жаңа  ашылған  қызыл  гүлдей  жайнай  қалған;  бала

шағында пістелеу мұрны, қазір дөңестене қырланған; қарасарғылттау қасы

қоңырланып,  қоюланыңқыраған;  көріспеген  жылдарда  қылық-мінездері  де

бірталай  өзгерген:  балалық  шағында,  көрінген  жерде  Шоқанның  мойнына

асыла кететін кейде арқалауын жақсы көретін ол, енді сырғақсыған; қазіргі

сөз  төркіні  балалықтың  мағынасыз  былдыры  емес,  байсалды  кеңестер

төңірегінде,  соған  кейде  махаббат  мəселесі  де  араласып,  ғашықтар

жайындағы  оқиғалар  да  сөз  болып  кетеді.  Бұл  тақырыпта  оқыған  көркем

шығармаларында,  əсіресе  романдарында  қисап  жоқ  сияқты.  Махаббат

мəселесінде өзінің де зердесі оянып қалғанға ұқсайды...

Тіршілігі  қызғылықты  Петербургтан  бұйығы,  тұрмысты  Омбыға  келген

Катеринаның  аздан  кейін  іші  пысуға  айналды.  Сол  қалпын  байқаған  əкесі

қандай ермек табуға ойланғанда, есіне салт ат түсті.

Катерина  салт  атқа  бала  шағынан  əуес  еді.  Алғаш  біреуге  жетектеткен

атқа  мініп,  үйрене  келе  өз  бетімен  де  жүретін  болған.  Петербургта  бұл



дағдысына  машықтана  түсіп,  бос  уақытының  біразын  атқа  шынығу

станицасында өткізетін атқа жүру өнерінде көзге де түсетін.

Петербургтан салт атпен жүруге мейлінше ысылып қайтқан Катеринаға,

көңіл  көтерудің  бұл  түрін  жалғастыруға  жағдай  толық  еді.  Атпен

серуендеуді  жақсы  көретін  Гасфорттың  қорасында  арғымақ  тұқымды  да,

қарабайыр  тұқымды  да,  жылқылардың  жүйрігінің  де,  жорғасының  да,

желістілерінің  де  талай  таңдаулылары  бар.  Гасфорттың  соларды  не  арбаға

жегіп,  не  салт  мініп,  қала-даланы  орманды  кезіп  түспейтін  күндері  сирек

болады. Ал, күз туып сонар бастала ол нөкерлерімен салт мініп, аң аулаудан

тыным көрмейді.

Катерина  Петербургтан  келген  кезде  аңға  немесе  көлге  балық  аулауға

болмаса, оған Катерина сирек еретін болды.

Оның  еркімен  үздіксіз  еретіні  Шоқан.  Атқұмар  Шоқанға  салт

серуендеуге  шыққанда,  қасына  Катеринаны  ерту  рахат.  Сөйтуіне  Гасфорт

та жағдай жасап, қызметтен тысқары уақыт түгіл, қызмет сағаттарында да

салт  мініп,  Катеринамен  серуендеп  қайтуға  ұлықсат  ете  береді.  Кейде

кейбір  істермен  шұғылданып  қолы  тимей  жатса,  серуенге  зауқы  соққан

Катерина, нағашысынан Шоқанды сұрап а лады. Гасфорт сүйікті жиенінің,

тауын еш нəрседен шағылдырмайды.

Өмірін  халқына  қызмет  атқаруға  арнаймын  деп  бекінген,  сол  халықпен

үйлесе,  сыйыса  аларлық  жар  таппақ  болады;  бұл  жағынан  қарағанда,

Катерина  сынына  толу  түгіл  əлдеқайда  олқы  жатады:  аристократ

семьясында  туып  өскен  ол,  демократ  саналатындарға  мұрнын  шүйіре

қарайды;  əсіресе  «бұратана  (инородцы)  саналатындарға,  олардың  ішінде  –

қазақтарға; сол сырын Шоқанға сездіріп ап екеуінің жанжалдасып қалғаны

да  бар,  содан  кейін  тілін  тарта  ұстағанмен,  Катерина  кейбір  қапылыс

шақтарда,  əлі  де  сыр  алдырып  қояды.  Шоқан  оны  осы  жағынан  икемге

келтіру  талабында,  бірақ  қашан?..  Оған  көзі  жетпейді  де,  Катеринаны

жанындай жақсы көре жүріп, махаббат мəселесінен сыр шертпейді.

Ол  екеуінің,  бұлай  арбасулары  ұзаққа  созылар  ма  еді,  қайтер  еді,  егер

өсекші жұрт бықсыған оттарын үрлеп жібермесе!

Ол  от  бізге  белгілі  Майдельден  тұтанды.  Өзінен  өзгені  күндегіш  ол,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет