8 ,
«Тайлақты» Көкшетау атынан Кішкентайдың Аққошқары алып шықты.
Екеуі де екі дуанның дөйлері, соған қарағанда, палуандар да дөйлер болу
керек. Бұл екі палуанды өзгелерден бұрын шығаруға Шоқан себеп болды:
«Ит қорыған жерге өш» дегендей, бастары бүркеулі бұларды тез
жұлқыстырып, бəйгені қайсысы алуына, салт ат үстіндегі Шоқан құштар
да; кітаптан, баяғы көне Римде, Колизейде арыстан, жолбарыс, бұқа сияқты
сұмдықтармен
арпалысуға,
өз
ара
қылыштасып
қырқысуға
гладиаторлардың бастары осылай бүркеніп шығатынын оқығаны бар; қазақ
арасының күреске бүйтіп келетінін көрмек түгіл, естіген емес.
Даяшылар бүркеп алып келген палуандарының жамылтқыларын
сыпырды да, əрқайсысы өз палуанданына «бағың ашылсын» деп қоя берді.
Олар шайнасатын бурадай, сүзісетін бұқадай аз уақыт аңдысты да,
ұстасуды «Тайлағы бұрын бастап, жалаңаш кеудесіне кіндік тұсынан буған
қайыс белбеуге жармаса кетті. Бұл «Бураның» ішіне кіріп үлгергенше, ол
белдеме тұсынан қаусыра құшақтап үлгерді. Əдіс алысқылары келгендей,
екеуі де аз дем қозғалмай тұрған қалыптарында тас болып қата қалды.
Енді не болар?!..
Шоқанның тілеуі «Тайлақта» тұр: жасөспірім қайыңдай оны анау таудан
құлаған кесек тастай, түбірімен құлатып баса қала ма деп зəресі жоқ.
Күрестіруші екі жақ та ұран шақырып, азан-қазан, у-шу!.. Шоқан
ешқайсысына қосылмайды. Оның ішкі тілеуі «Тайлақта» екенін айттық...
Бір кезде, аллам сақтасын, үстінен албастыдай басқан «Бураны»,
салмаққа майысып барып, сынбай түзеліп ауырлықты серпіп жіберген
емендей, «Тайлақ» «һауп!» деді, арқалай жөнелді. Анау күш бермеуге
тырысып тырбаңдаған аяқтарын жерге жеткізе алмады, «Тайлақ оны үйіре
жөнеліп, айналдырып апарып тастап кеп жіберді, неге екенін білмеді,
Шоқанның көзінен жас ыршып кетті.
«Бура», тегі талып қалған болу керек, жығылған жерінен қозғалмай
сұлық жатты; жыққанменен, күшінен асқан болу керек, бойын жазбақ
болған «Тайлақ» сенделіп кетті; оны көрген Шоқан атынан қарғып түсіп
құшақтай алды, кескініне сонда түссе – аумаған Жайнақ!..
– Өй, Жайнақ! – деп қалды ол.
– Қанаш! – деді анау ентіккен демін зорға алып.
Екеуі де еңіреп құшақтаса кетті.
Оқиға былай екен: баяғыда, əлде не төренің ұзатқан қызына жетімдікке
берілген Жайнақ, ірі жігіт болып өсіпті де, он алты жасынан палуанға
түсіп, жамбасы əлі күнге жерге тимепті. Содан аты көтеріле бастаған оны,
бір сəтте Қарқаралы дуанының аға сұлтаны–Құрбек иемденіп жүрген
адамынан қалап ап, əлденеше бəйгеге ие бопты. Атбасар жəрмеңкесіне де
сол əкелген екен...
Құшағын жазған Шоқан, Жайнақты босатпастан, күресті бір төбенің
басында қызықтап отырған Гутковскийге алып келді де, аз сөзбен мəн-
жайын айтып берді.
– Мен сұрап ала алмаймын мұны, – деді ол полковникке, – сіз ғана ала
аласыз...
Кісі жіберіп шақыртқан Құсбек қорқатын Гутковскийге Жайнақты
бермеймін дей алмады.
Гутковский ақыл иесі кісі еді. Көп көзінде жарқылдауды жек көретін ол,
Атбасарға келгенде де, жəрмеңке күндерінде де жарқылдамай, жұпыны
түрде ғана жүрді де, Омбыға қайтарда да сөйтті. Шоқан мен ол екі жаққа
аттанды: Гутковский Омбыға тік тартатын жолмен, Шоқан, – «Ақаннан
Құлаайғыр өзеніне көшіпті» деген ордаға. «Құлаайғыр» Омбы жолынан кеп
бұрыс. Сонда да бармауға болмайды: Жолтабардың Мұқаны арқылы
шешесінен алған хабарға қарағанда, амалсыздық аралынан шыға алмаған
Шыңғыс, Шоқанның Айжанды алуына көніпті, бірақ, қалай?.. Ол жайды
ошақбасы отырып ақылдаспақ болыпты; «бұл жолы алып кетем» деуіне,
өлмей көнер емес дейді.
Онысына Шоқан қынжылмады. Жайнақ ордаға онымен бірге баратын
болды. Сонда бір шүйке басты қолына ұстатады да, Айжанды қолына
беріп, екеуі орданың қоңсысы бола кетеді...
Гутковский Айжан жайын естіген. Оның қызы – Катеринаға Шоқанды
үйленеді деп жорыған біреу Шоқан мен оны араздастырмақ болып, үстінен
барлық жағдайды баяндайтын «домалақ қағаз» түсірген. Гуманист
Гутковский оған мəн бермеген, хат алғанын Шоқанға сездірмеген, жақсы
көретін көңіліне қаяу түсірмей, іштей «кімді алса да еркі» деген
тұжырымға келген.
Шыңғыс Шоқанды жыландай жиырыла қарсы алды. Бірақ, Зейнеп күн
бұрын иін қандырып тастаған ол, тек қанын ішіне тарта сұрланып, ажар
бермегені ғана болмаса, көңіліне келер қылық та көрсеткен жоқ, сөз де
айтқан жоқ. Шоқан əкесінің салқындығына мəн бермей, өз мақсатын іске
асырды. Бұл беттегі оның басты мақсаты – Жайнақты орналастыру еді. Ол
үшін, ең алдымен, үйлендіру керек. Шоқанның құлағын қаққан жел
бойынша, Атбасардан бірге еріп келе жатқан Жолтабардың Мұқанын да
бой жетіп отырған, сымбатты бір қарындас бар. Соны Жайнаққа
атастырмақ болып тамырын басып көріп еді, Жайнақтың жігітшілігін
жоғары бағалайтын ол, сөз айтпай көне кетті.
– «Теңі келсе тегін бер» деген, – деді ол. – Жасы жеткенше ешкімге уəде
бермеуім – ақылы кемелденсін де, теңін тапсын деп ем. Ондай теңін
құдайдың өзі айдап əкелді. Бұл маған ұнайды. Маған ұнаған, қарындасыма
да ұнайды. Тек қана айтарым: «Қалыңсыз қыз болса да, кəдесіз күйеу жоқ»
деген. Өзі Жолтабардың қызы, Мұқанның қарындасы бола тұра, ат артына
мінгестіріп жіберуім, ел-жұрттан ұят болар; əрі əкесі өлген жетім бала,
«Мұқанға не болған, бүйтіп?!» деген сынға қалармын. Сенің жүрісің тығыз
көрінеді. Жолыңнан қалма. «Маған ұнады» дегенмен, күйеу мен қалыңдық
бірін-бірі көрсін. Еншалла, ұнатысар, содан кейін жер күңіренте той жасап,
үстіне үй тігіп, алдына төрт түліктен мал салып ұзатам.
Екеуі осыған келісті. Үйін түсіргеннен кейін, Айжанды Жайнақ қолына
алатын болды. «Күтушілері» деген сылтаумен, Жайнақтың үйі орданың
қасына тігілуді Зейнеп мақұлдады. Шыңғыс та қарсы болған жоқ. Оның
жаман ойы: «ажарлы қызға кім қызықпайтын еді? Құмартқанның талайы
қалып қоймайтын ба еді? Шоқан да сөйтер! Жалғыз тəуір осы деймісің!
Бұдан да тəуірлер табылар, соларға əулігіп, безінер де кетер!»
Жайнақты да, Айжанды да жайғастырдым деп көңілі көншіген, «Омбыға
тез жетем» деп Гутковскийге уəде берген Шоқан, əке тілегін орындағандай,
жолдағы Айжанға »дейі соқпай, Омбыға тете жолмен тік тартты.
Ордадан Омбыға ылаулатып аттанған Шоқанның, ұзақ жолдың ен
бойында басын билеген ойы: Омбыдан Атбасар барып, одан кейін
оралғанға дейін көрген-білгені. Соның бəрін қорытып келсе, сəтті сапар
болыпты.
Ең алдымен, жайылымдағы қалың қойдан адасып қап, қайда барарын
білмей, жапан түзде жалғыз маңырап жүрген жетімек қозыдай Айжанды,
осы сапарында кездескенге дейін, оны қамаған қасқырлар «əне жейді, міне
жейді!» деген қауіпте еді. Кездескеннен кейін оны өз қамқорлығына алып,
қасқырлар түгіл жолбарыстар мен арыстандар жолай алмайтын халға
келтірді.
Екінші, бала кезіндегі досы Жайнақты, əкесі Шыңғыс əлде не төренің
ұзатқан қызының түйесіне мінгізіп, жетімдікке беріп жіберді» дегенді
естігенде жаны түршіге қайғырып, оны азат етуді өмірдегі ең зор
мақсатының біріне санаған еді. Сол Жайнақ, Атбасар жəрмеңкесінде
əлдеқалай ұшыраса қап, не жабайы біреу емес, елдің атақты палуаны
түрінде ұшырап, оны еркіне шығарды да, үстіне үй тіктіретін қойнына
қалыңдық салатың орда қасына қоңсы қонатын халға жеткізді.
Үшінші, «шеше – кеме» деген мəтелдің шындығына кемі айқын жетті.
Бұрын да жақсы көретін шешесін ол, енді шексіз сүйіп қайтты. Қанша
қатігездік көрсеткенмен, əкесін де ол сөккен жоқ. Несіне сөгеді? Оның
халіндегі адам шексіз, шекпенсіз қалай күн көре алады? Бар тіршілігі соған
байланысты болған соң, ең алдымен, өз өлмеуін ойлайтын ол, шенің
шекпенін сақтауға қажет болса, қандай қымбатты болса да құрмалдыққа
шалады, солардың ішінде, қатыны мен баласын да. Сөйтуге шімірікпес-ақ
еді ол, егер күші жете алмай қалмаса!.. Үй ішінің күшіне төтеп беріп-ақ
бағар еді, егер ел-жұрт болып салмақ салмаса!..
Ел-жұрт!..
Оның не екенін Шоқан осы сапарында ғана аңдады. Сапарға шыққанға
дейін, оның түсінігінде, хандығынан айрылған, отарлық халға түскен
«қазақ» атты елдің береке-бірлігі кетіп, бассыздық белең алып, бірін-бірі
тыңдауды қойған, өзара атыс-шабыс көбейген, ел болудан қалған.
Енді, ішіне кіре көрсе, олай емес. Қазақ елінің де бұзығынан түзігі көп.
Оларда
береке-бірлік
күшті.
Сол
бірлік
болмаса,
Малтабардың
миллиондаған ақшасымен, зорлықшыл қара күштер, ең алдымен
Шоқанның өзін жаншып тастар еді, өйте алмады олар «Көп қорқытады,
терең батырады» деген рас екен. Шоқанға қастық қолдануға қамданған
азшылық қамқор көпшіліктің терең теңізіне батып кетті. «Ел іші – алтын
бесік» деген де рас екен. Жақсы көретін ұлы – Шоқанды жаудан
арашалаған олар, ел мейірімінің «алтын бесігіне» берік бөледі де, бермеді!..
Шоқанның қазақ елдігінен байқаған игіліктері бұл ғана емес. Онық ата-
бабасынан бері құралып келе жатқан қымбаттарының қоры мол екен. Көне
Европаның, көне Россияның мəдениет тарихын, əсіресе фольклорын жақсы
білетін Шоқан, қазақ мұраларынан дүниежүзілік қымбат қорларға
саналатын мұраларға, əсіресе, рухани» мүліктерге толып жатқан ұқсастық
тапты.
Бір мысал, шешендік сөз. Шоқанның атың ісін кітаптан көріп,
шешендігіне бас ұрған бір адамы – көне Римнің Цицероны еді.
Ондайлардың қазақта да барын, Шоқан Атбасар жəрмеңкесінде көзімен
көріп, сөздерін құлағымен естіді. Оған əсіресе: Қанжығалы – Асаубаймен,
Қарауыл – Мырзабек ұнады. Олар «ылдидан шапса төске озған, ертеден
шапса кешке озған, томаға көзді қасқа азбан» сияқтылар. Өзара əзіл-
оспақпен қағысқанда, олар əдістеніп қалған тазы мен қасқырдай, біріне бірі
көпке дейін алдырмайды; көпшілігі беріспей, жеңіспей кетеді.
«Билер» аталатындардың бас қосуын, Шоқан көне Грециядағы
Акропольде судьялардың мəжілістеріне ұқсатты. Солар сияқты қазақ
билері де бірін-бірі шешендікпен, яғни сөз логикасының ұтымдылығымен
алысады екен. Қазақта – «сыйынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын»
деген мақал план шыққан сияқты. Мықты, яғни тапқыр би, қорғаған
адамын қандай қиындықтан алып шығатын көрінеді.
Билердің ішінде қазақ, заңына жүйріктер де аз емес екен. Олар «Қасым
ханның қасқа билігі», «Есім ханның ескі биілігі», Əз Тəукенің «жеті
жарғысы» деген сияқты, қазақ, халқының заңдық кодексіне айналған
шешімдерді жақсы біледі. Əз Тəукенің «жеті жарғысы», Шоқанға көне
римнің «он екі таспасы» (таблица) сияқтанып кетті.
Шоқая қазақтың музыкалық жəне сөздік фольклорында шек пен шет
жоғын көрді. Көп не көрнекті музыканттар ішімен оның есінде үш адам
ерекше сақталды:
Бірі – Сіргелі Уақтан шыққан қобызшы – Қоңырдың Дайрабайы. Көп
заманнан атадан балаға мұра болып келе жатқан, еменнің иір тұсынан
жасалған, ұстала, майлана келе қарайып, темірдей тырсылдап қатайып
алған қайқы қобызды Дайрабай сөйлеткенде, үні ағаштікі емес, адамдікі
сияқтанып, нелер ғажап оқиғаларды түсінікті тілде айтып береді де,
тыңдаушысын жылатып, күлдіріп, қайғыртып, қуантып, сүйсіндіріп,
күйіндіріп дегендей нелер халге түсіреді. Сонымен қабат, оның күйлері,
оқиғалық жағынан біріне бірі жалғасқан қазақ тарихы. Қазақ өмірін баяғы
заманда ажалдан қашып құтыла алмаған Қорқыт зарынан бастайды да,
монғол Шыңғыс хан кезіндегі «Ақсақ құлан, Жошы ханға» соғып, аяғын
Шоқанның өз атасы – «Абылайдың ала байрағымен» тындырады. Осы екі
арадағы пəлен жүз жылда, қазақ халқының басынан өткен жеңіс-
жеңілістердің көбіне музыкалық талдау жасайды. Мұндай күйлердің бəрі
шын мағынасындағы: драмасы, трагедиясы, комедиясы аралас, тыңдауға
қызық поэмалар.
Дайрəбайдың өзі қызық адам екен: ұзындау денесі сөмпектеу келген,
иықтары қушық, қоңыр өңді, көздері шүңірек орақ мұрын; жасы жетпісті
алқымдағанмен, түсі көмірдей қара шоқша ұзын сақалына да, сирек ұзын
мұртына да əлі қылау түспеген. Жүресінен отыра ғап, қобыздың қияғын
қыл шегіне ысқылағанда жуан саусақтары аспанда қанаттарын ғана
дірілдетіп, басқа қимыл жасамай сайраған боз торғай сияқтанып кетеді.
Екіншісі, Сибан Сүйіндік батыр тартатын сыбызғы. Кəдімгі далада
өсетін қуыс қурайдың түбірін жəне ұшар бұтағын кесіп тастап, бұтақтарын
аршып, құлжаның өңешімен қаптап, төменгі жағына, перне орнына сегіз
тесік жасап, саңғырата кептіріп алғанда бұл тіптен əуенді келеді. Дембелше
толық денелі, жуан мойынды, көсе кескінді Сүйіндіктің, сыбызғы түбін
қисайтып алған сол жақ ұртының азуына тірей, ішіне бар қуатымен дем
бергенде, күшке түскен күйден күре тамыры білеудей боп, көздері
шарасынан шатынай шығып, күрең тартқан беті Ісіне қалады.
Шоқанның шамалауынша, сыбызғының өзіне тəуелді күйлері бар
сияқты. Мəселен, жау айдаған жылқыдан мекеніне қашқан боз айғырды
жолда бес қасқыр қамап, солармен алысқан айғырдың орқырай тістесіп,
тепкілей тулай, арқырай кісінегенін баяндайтын «Боз айғыр» жау шауып
кеткен елде, жар астында жатып қап, ұйқысынан ояна табынын іздеген
бұқаның жолшыбай жолыққан жолбарыспен өкіре, мөңірей алысқанын
сипаттайтын «Тарғыл бұқа», айрылған ботасын іздеп боздаған «Боз іңген»
тағы тағылар.
Үшінші – домбыра. Қобыз бен сыбызғыға қарағанда, ол бертінірек
жасалған, жəне күнделік өмірмен тығыз байланысты аспап сияқты. Бұның,
да талай күйшілерімен кездескен Шоқанның есінде – жас та болса ел ішіне
«Сайдалының сары Тоқасы» атағына ие болған, жас мөлшері өзінен аз-ақ
қалқыңқы, томпақ көз, жирен түкті жігіт.
Тоқа өсе-келе де сотқар болып, өкімет оны жуық арада Семей жаққа жер
аударған екен де, домбырашы ол айдауда жүріп, «Саржайлау» деген күй
шығарған екен. Жерін сағыну тақырыбына шығарған бұл күй,
тыңдаушының тұлабойын ерітіп Шоқанды да сөйтіп, ол көзіне жас алды.
Тоқаның одан басқа: «Қосбасар», «Терісқақпай» деген екі күйі де ғажап
екен. Бұл күйлерді тартқанда, домбыраның екі шегінің, сегіз пернесінің
асты-үстін түгел сөйлетіп, нелер əдемі үндер шығарды. Сол үндерден
Европаның ең көп дауысты аспабы – фортепьяноның барлық дыбысын
естуге болады.
Шоқан бұл сапарда əншілердің де талайын тыңдады. Кадет корпусында
музыка сабағында өткен ол, ноталарды жəне дауыстар бөлшектерін білетін
еді. Қазақ, əншілеріне осы жақтан қараса, бас та, баритондар да, тенорлары
да, олардың драмалық лирикалық түрлеріне бөлінетіндері де бар. Əйел
дауыстары да сопрано мен альтоның түрлеріне жүйеленіп кетеді.
Бір ғажабы – орысқа араласқанға дейінгі қазақ əндері «гөй-гөй» аталып,
биік шырқалатын сияқты көретін; сөйтсе асқақтай шалқып кетеді екен.
Соңғы жүйелі əндердің, ең биігі де, ең құлпырмалысы да Біржан əндері
сияқты.
Шоқанның оқыған шығармаларынан Нарғызға ұқсатқаны,– Проспер
Мерименің «Кармен» аталатын хикаясының бас кейіпкері – Кармен. Шоқан
оны француз тілінде оқыған. «Түсінің тоттанған жездей жылтыр
қоңырлығынан» да, «бойының тарамыс шапаттылығынан» да, «қасқырдың
қаншығынша құныға қарауынан» да, жүріс-тұрысының «бедеу байталдай
оңтайлылығынан» да, өткір мінез-қылықтарынан да Нарғыз – нақ сол!..
Бірақ, ол Кармендей Кордов жылқы заводының қорасында, қамауда өскен
«бедеу» емес, қазақтың ұшы-қиырсыз кең даласында туып ескен. Сонда
і.асына еріп жүрген «күйеу болмысы» – Медебайдың Құлғарасы,
«Кармендегі» Данкайредей бұны жауынан қорғау қамында еле ала ма?
Əлде жəй бір Далбаса ғана ма? Карменді сүйгені өлтірді де, қабірін
пышақпен қазып көмді!.. Нарғыздың тіршілігі немен тынбақ?.. Цыган қызы
Кармен, ерлік жолында «бандит» аталған əйел. Ал, Нарғыз ше? Ерлік пе
оныкі, ұрлық па? Бұндай адам өз ажалынан өлген емес; оны біреу өлтіреді
де, не өзін өзі өлтіреді; қайсысы болса да, Нарғызды да алдынан күткен
ажал сондай... Кашли кездеседі ол?..
Оқырман көпшілікке бұл сұраулардың жауабын, романның алғашқы
беттерінде береміз. Əзірше романның тартылып келе жатқан желісінен
шықпайық.
Қазақтың Шоқан естіген музыкалық фольклоры соншалық бай болса,
сөздік фольклоры одан да бай сияқты. Есебі жоқ ертегілерді былай
қойғанда лирикалық жəне эпикалық шығармалардың өзі ұшан-теңіз.
Батырлық эпостарда «Игорь полкі туралы сөзге» ұқсайтын «Ер тарғын»
сияқтылар, лиро-эпостарда «Ромео Джульеттаға ұқсайтын «Қозы Көрпеш –
Баян сұлу» сияқтылар кездеседі. Ұлттық өзгешеліктермен қатар, бұлардың
адамгершілік сарындары бір; көне Европаның эпостарында бастан-аяқ
өрбіп отыратын мифологияның, қазақ эпостарында жұқа ғана элементтері
бар реалистік жағынан, қазақ, эпостары, орта ғасырлардағы жазба
əдебиетіне ұқсаңқырайды.
Жəне бір көңіл бөлетін жағы, «батырлық жыр» аталатындар, оқиғалық
жағынан біріне бірі жалғасып, өзара тізбек (цикл) болып кетеді екен.
Мысалы: Уақ батырдан – қара қасқа атты Қамбар, одан Ер Көкше, одан Ер
Қосай, одан Сары Баян... деген сияқты.
Қазақ, эпостарында Шоқанды қайран қалдырған – ат образдары;
батырлардың біріне бірі ұқсамауы сияқты, олар мінетін тұлпарлар да бірі
мен бірі дараланған; европалық эпостармен жақсы таныс Шоқанға,
отырықшы европадан шыққан жыршылар, жылқы өсірген көшпелі
елдердің жыршыларындай малды, соның ішінде ер серігі атты бейнелей
алмайтын сияқты.
Театр тəрізді фольклор ше?.. Шоқан олардан: «Ақындар айтысын» көне
гректің екі артист қана ойнайтын дианис театрына, қыз-бозбаланың «хан
жақсы ма?» аталатын ойынның көне римнің – «сатурналиіне», көне
елдердің
«мим»
аталатын
театрын
қазақтың
«үндемесі»
мен
«мыршымына»; базарда топтасып өнер көрсететіндерді француздың
«жəрмеңкелік» аталатын театрының, немесе орыста «скоморохтар» деп
атайтын халықтық театрдың артистеріне балады. Қазақта: «ойыншы,
күлдіргі, қу, мысқылшыл, сықаққой, қылжақ» аталатындардың бəрі де
табиғатында артист болып туғандар. Жыршыларда да артистер аз емес,
мысалы «Алпамысты» жырлаған Атығай Шауыпкел, «Қозы Көрпешті»
жырлаған Бағаналы Жанақ, – батырдың да, шалдың да, кемпірдің де,
қыздың да, жалшының да, қысқасы, осы шығармаға қатынасушылардың
бəрін де өз даусымен, өзіне тəуелді қимылдармен керемет қызғылықты ғып
көрсетіп береді. Бұл артистіктің европада жоқ түрі.
Бақсылар ше? Бұғы бабайдың баяндауымен, шаман дінінен аздаған
мəліметі бар Шоқан, кездескенше оларды сол діннен қалған шарлағандар
(алдаушылар) деп есептейтін еді; Атбасар жəрмеңкесіне олар да қаптап
келген
екен.
Сонда,
байқауынша,
көпшілігі
шатпақ-шарлағандар
болғанмен, ішінде шын мағынасындағы арбағыштар да (гипнотизер) аз
емес екен. Мысалы, Сибан-Тұяқ бақсы көптің көзінше қызарған қызу
темірді тілімен жалайды, табанына басады, үйде отырып есіктен кіріп
келгенде, қайдан, қалай шығып үлгергенін сезбейсің; қобызға үй
хайуандарының бəрінің де даусын салып, қойларды маңыратады,
сиырларды мөңіретеді, жылқыларды кісінетеді, түйелерді боздатады...
Сөйткенін Шоқан көзімен көрді. «Аңдарды да солай жақындатады» дейді,
«жыланды інінен шығарады» дейді.
«Бұл, əрине, гипноза! – деп санайды, қаладағы гипнотизерлердің нелер
ғажап фокустерін көрген Шоқан, – бұлар да, əрине, болашағы зор өнер!..»
Атбасарда көрген осылардың бəрін көз алдына келтіріп қорытқанда,
қазақ халқы ғасырлар бойы жасаған өнер мұраларының молдығына Шоқан
қайран қалды.
Ол тек екі нəрсеге ғана өкінеді. Бірі – бұл мұраларды əлі жинаған,
зерттеген адам жоқ. Ауыздан ауызға мұра атаулылардың бəрі бірдей көше
бермейді, бір түрлері есіп те, бір түрлері өшіп те жатады. Солардың ішінде
теңіз түбіне тұнған асыл тастардай, іздеуші мен табушысын күтетіндер де
аз болмау керек. Қашан шығады ол күткендер?!
Шоқанның екінші өкініші: аталған қымбаттар қанша құнды болғанмен,
олар өткен замандардың мүліктері.
Көне мүліктерін бағалай, керектілерін іске асыра отырып, Европа мен
Россия ол күндерден қазір əлдеқайда ілгері кетті! Оларда қазір оқу да,
ғылым да, өнер де, əдебиет •іс үздіксіз өркендеу жолында келді...
Россияға жақтасқан жылдардың ішінде жұтқа ұшырамай, жау
шабуылына ілінбей, ашаршылық көрмей, былайынша, азат өсіп келе
жатқан қазақ, елінің тұрмыс күйі де біркелкі тəуір еді. Ішінде байлары да,
кедейлері де бола тұра, қарасыз отқа қарап отырған шаруа ауыл ішінде
кемде-кем болатын. Сондықтан, кедей жағы тапшы тұрғанмен, аштан
өлгені кездеспейтін қайыр сұраған бірен-саран ғана ұшырасатын. Оның
үстіне кең далада жазы-қысы үдере көшіп, еркін, таза ауаның мұхитында
жүзіп жүргендіктен, мал бағудан басқа бейнеті болмағандықтан, адамдары
денелі де, ажарлы да болатын. Əсіресе қыз-бозбалалары. Олар, қазақтың
«сұлу қыз, əсем жігіт бəрі сонда» деген өлеңіне куə боларлықтай. Бұларды
көрген Шоқан «халқымның түр-тұлғасы осындай екен-ау!» дегендей,
шаттанды да. Бірақ, не керек, бəрі де бүгінгі думанына мəз, ертең не
боларын білмейтін шыли надандар. Шоқанға ең өкініші осы.
Осы өкінішінің үстіне, қараңғы қазақ Шоқанға бір қатты опық жегізді:
Кадет корпусында оның сурет пен музыка сабақтарын да жақсы өткенін
білеміз. Сол білімін Атбасар жəрмеңкесінде іске асырып, қызғылықты
талай нəрсенің қарындашпен бейнесін түсірген еді де, жақсы көрген əн-
күйлердің нотасын да жазған еді. Олар бірі – қалың, бірі – жұқа екі альбом
толтырған. Бұл өнерлерден хабары толық Гутковскийге көрсеткенде, –
«шын шеберлік жəне өте бағалы» деген баға берген осы альбомдары бір
күні із-түзсіз жоғалды да кетті. Ұрлатушылар, – «адам сүгіретін салуға
болмайды» деген ұғымдағы надан діншілдер. Көп алым алып ұрлап беруші
– Тоқбет, Шоқан қанша тіміскілетсе де ізін таба алмады. Сөйтіп, қайран
қымбат еңбектері надандықтың түпсіз теңізіне табылмастай батты да
кетті!..
Бұған қатты ренжи отыра, Шоқан өзінің де, елінің де жарқын
болашағынан күдер үзген жоқ. Үміті – қазақ елі қазіргі күйінде мəдениет
түрені тимеген құнарлы тың топырақ сияқты екен: не ексең де бұрқырап
ене кететін!.. Тек тұқымы, азығы күні жетсін!..
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |