АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет45/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

23  өзгерістердің  куəлары.

Болашақ  геологтардың  зерттеуіне  бұлар  үлкен  материалдар.  Жеңіл  ғана

желпіген самалдың лебінен тұнық судың беті шымырлап жатыр.

Алақанға алғанда мөп-мөлдір судың, көлдегі түсі жап-жасыл! Кейбір ете

терең тұстарында болмаса, көл түбі байқалып, не түсті тастар тұнғаны ап-

айқын  көрінеді.  Банзаровтың  айтуынша,  елу  саржанға  дейін  сондай.

Мөлдірлігіне  таң  қалған  Шоқан,  қаншаға  дейін  көрінуін  қызық  санап,

бақыр монета тастаса, ирелеңдей батып бара жатқаны көпке дейін көрінеді;

мүмкін, түбіне түскені де көрінер еді, егер қайық сол араға тоқырай қалса!..

Бірақ тоқырай алмайды ол, ілгері жылжи береді...

Жолаушылардың  қайық  тұмсығын  алғаш  тірер  жері,  Байқал  көліне

шығыс  жақ  бүйірінен  келетін  Баргузин  өзенінің  құйылысы.  Ол  араны

тунгус  тұқымдас,  эвенки  елінің  Барғожа  тұқымы  мекендейді.  Өзен  соның

есімімен  аталған.  Байқал  бойында  серуендемек  болған  Шоқан  «тозып,

азайып барады» деген бұл тұқымды көре кеткісі де келді.

Байқал  көлінің  өзін  де,  жағасын  да  тамашалап  көзін  біраз  тойдырған

Шоқан,  бурят  тұрмысын  біраз  көрдім  деп  ойлаған  Банзаровтан  тунгустар

жайын əңгімелеуді өтінді. Банзаров ол жайды да жақсы білетін боп шықты.

Оның  айтуынша,  Айсадан  пəлен  мың  жыл  бұрын  дəурен  сүрген  Мальта»

аталатын  көне  халықтар  осылардың  арғы  аталары  болу  керек.  Содан

скифтер заманында, күнгей жағынан Тува, Алтай, Якут сияқты түркі тілдес

елдер,  монғол  тұқымдас  кейбір  рулар  жауыға  келіп,  байқалдық  Тайгадағы

тунгустарды  Мұз  мұхитының  жағасына  қуып  тастаған  болу  керек.

Сүргіннен  кешеулегендері  жаулаған  елдермен  араласып,  Орал  тауындағы

көне рулардай будандасқан болу керек. Эвенки сондайлардың бірі.

–  Ерте  заманда,–  деді  Банзаров,–  олар  пəлен  ғасыр  бойына  өз  алдына

мемлекет құрып, арғы түркі тілдес мемлекеттермен, бергі Шыңғыс ханмен,

тіпті  бергі  манжурлік  қытаймен  соғысқан,  көбіне  беріспеген  ел.  Сол

қыспақтардың  ішінде  саны  азая  кеп,  Россияға  бағынғанда,  ме  бары  отыз

мыңдай  ғана  адамы  қалған.  Олардың  азығы  –  балық.  Бұрын  көлдердегі,

өзендердегі  балықты  еркін  аулайтын  оларға,  патша  əкімдері  тыйым  салып

тастап, екі жүз жыл бойына ашығып келе жатқан эвенкилер саны да, əлі де

жыл  санап  азаюда.  Граф  Савва  Баргузинский,  олардан  да  атты  қазақтар

қосындарын  құрып,  шекараны  күзетудегі  еңбектері  ешкімнен  кем  емес,

Хортица Батур сияқты атаққа шыққан ерлері де аз емес. Сонда да жергілікті

үкімет буряттар сияқты оларды кемшілікте ұстайды. Балықтан басқа қорегі

жоқ олардың, əсіресе кедейлердің тұрмысы өте нашар. Саны көп буряттар

кемшілікке қарсы ара-тұра көтеріліс жасап, елдігін де танытып қояды. Оны

істеуге,  аз  халық  эвенкилердің  қуаты  жетпейді.  Одан  да  аздар,  одан  да

қуатсыздар толып жатыр. Сібірде, мыңнан, жүзден аз-ақ асатындар да жоқ

емес.

Бұл  жайға  архивтық,  əдебиеттік  мəліметтерден  қанық  Шоқан,  «олар



қайсылары» деп сұрамады.

«Тағы  да  тарихи  материалдармен  басын  қатырдым  ба»  дегендей,

Банзаров Байқал көлінің тақырыбына ауысып кетті.

– Бұл көлді қаншалық білетін едің? – деп сұрады ол Шоқаннан.

–  Өте  аз,–  деді,  біраз  мəліметтерінен  хабары  бар,  суда  күні-түні  жүзе

беруден жалыққандай болған Шоқан, Банзаровты сөйлеткісі кеп...

– Көңілсіз болмаса, қысқаша таныстырайын.

– Ұзақ болса да оқасы жоқ. «Оразаға көшкен ермек» дейді қазақ.

– Ендеше тыңда.

Шоқан тыңдауға ықыласын қойған белгі көрсетті.

– Байқал дүние жүзіндегі тұщы көлдердің ең үлкені екенін білесің ғой.

– Хабарым бар.

– Аумағы отыз бір жəне жарты миллион шаршы шақырым; ұзындығы –

636  шақырым;  көлденеңінің  кең  тұсы  –  80,  тар  тұсы  –  25  шақырым;  ең

терең  түбі  мың  жарым  capжындай;  бойында  27  арал  бар,  ең  зоры  –

Ольхонаның  аумағы  жеті  жүзден  астам  шаршы  шақырым;  жарты  аралдан

ең зоры – «Святойнос» – «əулие тұмсық»; көлге 300-ден астам өзен құяды

да,  батыс  жағынан  «Төменгі  Ангара»  аталатын  жалғыз  ғана  өзен  шығады;

айнала төнген тау, ең биігі екі жарым мың саржындай...

Бұл  жолы  да,  бұдан  бұрын  да  Шоқанның  Банзаровқа  қайран  қалған  бір

жері,  цифрларды  есепсіз  көп  білуі  жəне  бəрін  де  жатқа  соғуы.  Өзі  олай

емес,  қағазға  қарамаса,  белгілі  бір  цифрды,  мөлшерлі  шамадан  да  айта

алмайды...

«Цифрларды соға беру, Шоқанды зеріктіріп жіберді ме? дегендей, «бұны

білмес» дегендей Банзаров Шоқанға Байқал төңірегінің бір ертегісін айтпақ

болды.


– Бізде мынадай бір мифологиялық ертегі бар, – деп бастады ол сөзін. –

Құятын өзендердің бəрін қызына санайтын Байқал, «Аңғара есімді біреуін

аса еркелетеді екен дейді. Оның екеу екенін білетін боларсың?

– Қалай?


– Аңғара шығыстық жəне батыстық болып екіге бөлінеді.

– Ə-ə... оны географиялық картадан көргенім бар. Екі бөлек ол өзендер,

бір есіммен неге аталады?


–  Тұрғындар  екеуін  бір-ақ  өзенге  санайды.  Мифология  қызық  қой.  Ол

Аңғараға жан беріп, тірі қызға айналдырады да, бойжеткен шағында күйеу

іздетеді.  Қайдан  табады  оны?  Əкесі  –  Байқал  қатал.  Ол  өзге  қыздарын  да,

бұны да қаусырған құшағынан босатпайды. Сондай қамауда жүрген Аңғара

бір кезде Енисей атты жігіт бар деп есітеді. Соны көру керек.

– Болды қызық! – деді Шоқан елігіп.

Ол кездегі Аңғара, тек шығыста ғана екен дейді. Енисейге жету үшін, су

астымен  жасырын  жүзіп  бару  керек  те,  «əкесінің»  батыстық  жарқабағын

бұзып өтіп, Енисейге жету керек.

– Ие, сонымен? – деді Шоқан тыңдауға құмарта түсіп.

– Шын, тастан биік болып біткен Аңғарды, бойжеткен денесін құмарлық

қуаты  кернеген  «қыз»  бұзып  өтіп,  Енисейге  жетеді  қауышады.  «Батыстық

Аңғара» деген осы.

Қызық екен, өзге қыздар ше?

–  Ол  бейбақтар,  –  деді  Банзаров  күліп,  «əкесінің»  құшағынан  əлі  де

шыға  алмай  торығуда.  Жастық  шағын  қапаста  өткізген  олар,  кейінгі  кезде

кемпір де болып қалды...

Қайық  үстіндегі  осындай  кеңестер  біріне  бірі  жалғаса  берді,  бəрі  де

қызық. Күн өткізуге керемет болды.

Селенге мен Баргузин арасы екі жүз шақырымдай еді. Ескекті қайық ол

екі  араға  жұмаға  жақын  уақыт  жүрді.  Байқалдың  мінезі  қызық  екен:

алыстан  келген  қонағын  ренжітпейін  дегендей,  ол  күндіз  қимылсыз  тұна

қалады да, «енді жағаға шық та тынық» дегендей, кешке қарай толқындап

кетеді. Толқыса қатты толқитын көл екен ол. Ондай кезінде де жүзе беруге,

бастаушылар «қайықты аударып жібереді» деп қорқады.

Солайша қауіпті болғандықтан бірнеше кеште жағаға қонуға тура келді.

Оның  көрінісі  көркем  болғанмен,  тұруға  рахаты  жоқ  екен.  Байқал

жағасындағыдай  көп  масаны  Шоқан  еш  жерде  ұшыратқан  емес.  Бұнда

оның  қалыңдығы  қоюлана  көшкен  бұлттай,  қайда  барсаң  да  қамап  ап,

миллиондаған  саны  үстіңе  үймелей  кетеді;  тұмсықтарының  өткірлігі

инеден  бетер,  шаққаны  удай;  қорғалар  жер,  тек  қана,  балықшы

эвенкилердің  күркесі,  олардың  ішіне  тұнған  масаның  қалыңдығы,

тыстағыларынан  жиі.  Балықшылардың  қорғанар  амалы  –  түтін;  масалар

булығып  жоламасын  дегендей,  қостардың  төбесін  тұмшалап  жауып

тастайды;  көлденең  кісі  тұншығып  елерлік  қою  түтіннің  ішінде

тұрғындардың  қалай  тіршілік  жасауы  қайран  қаларлық  нəрсе.  Олардың

үйреніп  алуы  сондай:  ащы  түтінге  қақалмай,  шашалмай,  астарын  ішіп,

əңгімелерін соғып, музыкаларын тартып өлеңдерін айтып... дегендей мəре-

сəре  болады  да  жатады!...  Не  деген  тұрмыс,  не  деген  шыдамдылық,  не


деген көнбістік!..

Рахаты мен азабы араласқан осы жүріспен, біздің жолаушылар Баргузин

құйылысына да жетті-ау!

Барлық өзендердің теңізге сарқитын атырауы кеңейіп, тармақтанып кетуі

сияқты,  Баргузиннің  Байқалға  сарқылатын  тұсындағы  тармақтары  тым

тарбиып  жатушы  еді.  Солардың  арасына  сирек  орналасқан  тұрғындардың

басым  көпшілігі  эвенкилер,  он  сегізінші  ғасырдың  бас  кезінде  «Баргузин

острогы» деген атпен орнаған орыс казактарының мекені, содан бері жөнді

көбейген жоқ, Шоқан барған кездегі саны жүз үйге жетпейді.

Шоқанға


шығыстық

сібірдің

экзотикаларын

көбірек


көрсету

мақсатындағы  Банзаров,  оны  Баргузин  сағасындағы  эвенки  нояны,  сол

маңайдың  тайшысы  Хоргица  –  батыр  тұқымы  жəне  эвенкилік  казак

елулігінің  ясауылы  Юноғойдың  үйіне  апарды.  Үш  мыңнан  астам  бұғысы

бар  дейтін  оның  «үй»  дегені:  сүйегі  ұзын  сырғауылдан  тігілген,  сырты

қайын, қабығынан жасалған терезе тəрізді бөлшектерден құралған кең қос

екен.  Жасау  жағына  келгенде  Шодоевтардың  үйлері,  бұның  қасында

жұмақтай.  Мынаның  ішінде  малдар  мен  аңдардың  терісінен  иленген

төсеніштерден  басқа  түк  жоқ.  Бұнда  да  буддаға  құлшылық  орны  бар  екен.

Ондағы  құдайшықтар  металдан  емес,  сібірдің  лиственница,  пихта  сияқты,

қаттылығы  темірдей  ағаштардан  жасалған;  ал  аю  əдемілігіне  келгенде

алтын мен күмістен жасалғандардан асып түспесе, кем соғар емес.

Отыруға, жатуға жиренгенмен, бұл халықтың да тұрмысымен танысқан

Шоқан,  өзін  зорлағандай,  түнеп  шығуға  бел  байлады.  Юногой  қолдан

келген  сыйлығын  аяған  жоқ,  бірақ,  соларды  қабылдау,  Шоқанға  оңайға  да

түскен жоқ; қалай түседі? Оның құрметіне бұғының семіз қашары сойылды

да,  алғашқы  сыбағасына,  қашардың  қан  мен  «тұздықталған»  шикі  бауыры

тартылды;  тəуекелге  бел  бұған  Шоқан,  жылымшы  қан  ішіндегі  туралған

шикі  бауырдан  татып  көрсе,  кіртілдеген  дəмсіз  бірдеме;  аузына  ала  құсып

жібере жаздаған ол, лоқсып барып, сасқанынан жұтып жіберді!...

Одан  да  сорақысы,–  шикі  балықтың,  əсіресе  дүние  жүзіндегі  сулардың

Байқалдан  басқасында  жоқ  дейтін,  ерекше  қадірлейтін  омульдің  етін

сүйегінен  аршиды  екен.  де,  шикі  қалпында  тұрамшылап  қонаққа  береді

екен.  Жалпы  тунгус  тұқымдарының,  олардың  ішінде,  эвенкилердің  ең

сыйлы  асы  осы  екен.  Көзін  тігіп  көрсе,  сарғыш  ірмекке  ұқсайды.  Қанша

батырланғанмен, Шоқан оны аузына сала алмады; ал, Банзаров, «саулықты

күшейтуге  бұдан  артық  дəрі  жоқ»  деп,  астаудағы  турамшыны  алақанына

толтыра асап-асап жіберді...

Шоқанның  бұл  қосқа  жатқысы  келмеуін  аңғарған  ол,  л..ими  арадағы

орыс казагының үйіне түнетті.

Юногой  да  ертеңіне  Шоқанға  өз  халқының  ойын-сауықтарын  көрсетті.

Сонда  көзге  ерекше  түскені:  асау,  қашатын  бұғыларды  қалай  ұстап,  қалай



үйретулері. Бұл жағынан олар жылқы үйреткіш буряттар тəрізді.

«Басқа  да  көрсетер  қызық  қызметі  көп»  дегенмен,  Баргузин  сағасына

төрт-бес  түнегеннен  кейін,  көргеніне  қанағаттанған.  Шоқан,  енді  жүру

жабдығын ескертті.

Банзаровтың  еркіне  салса,  Шоқанды  Байқал  көлінің  шығыстық  жиегіне

дейін  апарып,  одан  əрі  чукчилар  жеріне  дейін  көрсету  еді,  өйтуге,  қызмет

бабынан дəлелдері де бар.

Бірақ  Байқал  төңірегінде  көбірек  жүріп  қалуын,  қызмет  жайын  айтып,

Шоқан оған ризаласпады. Географиялық картадағы бейнесінде, қанаттарын

жаза  қалықтап  ұшқан  шағалаға  ұқсайтын  Байқалдың  Баргузин  тең

жарасындай.  Арғы  жартысына  бару  үшін,  «əулие  тұмсық»  аталатын  тауы

Баргузиннан  көрініп  тұратын  аралды  орап  кету  керек  екен.  Батыстық

Аңғараны  көре  кетуге  зауқы  соққан  Шоқан,  «Əулие  тұмсықтан»  ойысу

ойын айтты. Банзаров қарсы болған жоқ.

Шоқан  аттанарда  Юногойдың  берген  сый-сыяпаты:  бұғының  илеген

терісінен кестеленіп əшекейленген, шолақ тон, тізе тұсына бұғы бұзауының

тұяқтарын ілген қонышы биік етік төбесіне бұғы тайыншасының тармақты,

түкті мүйізін тіккен берік. Соларды киіп көргенде, Шоқан өзінің Омбыдағы

дос қарты – Бұғы бабайдың жас шағына ұқсады да кетті. Бұл сыйды Шоқан

зор ризалықпен қабылдады.

Мұнартқан төбесі оралған бұлттан арылмайтын денесі жақын сияқтанып

тұратын  Əулие  тұмсыққа  қайықпен  жету  оңайға  соққан  жоқ.  Баргузинмен

екі  арасында  «Чивыркуй  құйылысы»  аталатын  ойпат  болушы  еді.  Осыдан

үздіксіз соғатын жел, кейде дауылға айналып, көлдің сол арадағы толқыны

керемет  көтеріліп  кететін.  Европа  жерін  аралаған  граф  Баргузинский,  бұл

араны,  сондай  Бискай  құйылысына  ұқсатып,  жергілікті  халықтың

«Чиворкуйіне»  тілі  келмегендер,  графтың  тіліне  бағып,  «Бискай»  деген  де

ат  таққан.  Бискайдың  талай  кемелерді  жұтуы  сияқты,  Байқалдың

«Бискайы» да талай қайықтарды батырған. Анау, үлкен Бискай сияқты, бұл

кішкене  «Бискайдың»  да  қызығы,  тып-тынық  болып  тұрады  да,  ілезде

бұрқана жөнеледі...

«Жан  əне  шығады,  міне  шығады»  дегенде  «Əулие  тұмсықтың»  ығына

ілекті-ау!..  Жынды  желді  сол  қақпайлады  ма,  əлде  жыны  басылды  ма?

Дауыл да, толқын да бəсеңдеді.

Ол  арада  балықшылар  күркесі  бар  еді.  Өліп-талып  соған  əрең  жеткен

жолаушылар,  үсті-бастарының  дымқостығына  қарамастан,  балықшылар

сол  маңайда  жабайы  өсетін  тарыдан  ашытатын  корчемоны  сусындары

қанғанша  ішті  де,  балықтан  жасалатын  басқа  тамақты  ауыздарына  алмай,

астарына қоғажайды қалың төсеп жатты да қалды.

Дəмі  қышқылт  корчемо  денені  тəп-тəуір  қыздырады  екен.  Омбыға



келетін  қазақтар  «кіршіме  ішеді»  дейтін  еді.  Онысы  –  тарыдан  ашытқан

«бал  сыра»  да,  одан  адам  қатты  мас  болатын.  Шоқанның  да  сөйткені  бар.

Қазақтың кіршімесі осы корчемо екен ғой деп ойлады Шоқан.

Қалжырап  келуден  бе,  кіршіме  күшінен  бе,  Шоқан  тас  болып  ұйықтап

қалды.  Содан  ұзақ  уақыт  тұяқ  серппес  пе  еді,  қайтер  еді,  егер  ұйқысы

қанған Банзаров оятып жібермесе.

Оянса  шалшы  түс  болып  қалған  екен.  Дымқос  киімдер  үстінде  кеуіп

қапты. Тысқа шықса Байқал көлінде жиі кездесетін əдемі күндердің бірі. Су

да  тұп-тұнық.  Оның  айнадай  жарқыраған  бетінде  түк  қимыл  жоқ.  Кеше

құсқан  түнде  кіршіме  сіңген  іші-бауыры  қолқылдап,  қарны  қатты  ашып

қалыпты,  сондықтан  жатақ  орнына  қайтқанда,  тақтайдан  құрастырылған

столсымаққа  таудың  жуасын  араластырып,  жүмысшылар  шикі  балықтан

жасаған  тамақты,  жылымшы  татуына  қарамастан,  қолдан  жасалған

тұрпайы үлкен қасықпен көсіп ап, Шоқан қауып-қауып жіберді. Кеше жеуге

жиренген асы, бүгін өте дəмді сияқтанып кетті.

Жарты  аралдың  биік  шыңды  бұл  тұмсығын  неге  əулие  атануын  сұраса,

христиан дінінің алдамшы миссионерінің біреуі, жасырынып кеп, шыңның

төбесіне «əулие Серафимнің» бояулы сүгіретін (икона) іліп кетеді екен де,

содан түс көрген боп, «мені əулие Серафим шақырды» деп, сүгірет ілінген

шыңға  көп  адам  барады  екен.  Алдарынан  сүгірет  шыққан  соң

«əулиенің»аян  бергеніне  нанған  қараңғы  халық,  шыңды  «əулие  тұмсық»

атап кеткен екен.

Ол  маңайды  бірер  күн  аралағаннан  кейін,  жолаушылар  тағы  да  жең

тартпақ  болды.  Банзаровтың  ұсынғаны  –  осыдан  Ольхон  аралына  кету

керек те, онда бірер күн болып ар жағында Батыс Аңғараның көлден шығар

босағасындағы орыс пен бурят казактарының аралас отырған

Үркіт қыстауына (зимовье) кідіріп, содан Үркіт қаласынан шығу керек.

Қайықпен  жүрген  кісіге  «Əулие  тұмсықтан»  Ольхон  аралы  нағыз

сөткелік жол болатын. Одан əлдеқайда артық болар ма еді, қайтер еді, егер

шығыстық  Аңғарадан  батыстығына  қарай  беттейтін  су  ағысы,  қайықты

итермелеп отырмаса.

Қайықтың  тез  жылжуы,  желдің  де,  судың  да  тымықтығы,  ауа  райының

жайлылығы біздің жолаушыларды көңілдендіріп жіберді...

Ольхонның  қызықтарына  қанағаттанғандай  болған  жолаушылары  əрі

қарай сырғып, Үркіт қыстауына барса, Григорий Потанин мен Александра

Лавровская тосып жүр екен.

Үркіт  қаласынан  ажыраспақ  болған  достар,  қалған  аз  күндерін  Үркіт

қыстауында  еткізуге  бел  байласты:  ол  телегей  теңіз  сияқты  Байқалдың

босағасында, айналасы қалың орман, қайсысына барсаң да мол серуен...


Байқал толқыған күні одан безер болған Шоқан, бойы үйреніп алған соң

бетінде  серуендеуге  құмартып  алды.  Əулие  тұмсықта,  Ольхонда  тұрған

сағаттарында ол мойын бұрар уақытының бəрін қалқыған қайық үстінде, су

бетінде  өткізуге  тырысты.  Үркіт  қыстауында  да  сөйтті.  Аяқ  астынан

тулағыш  Байқал,  оны  енді  қорқыта  алмады,  қалай  шайқаса  да  шыдай

берді...


Сондықтан,  ба  əлде  іші  қызғылықты  орман  арасының  масасы

буатындықтан ба, Шоқан қымс етсе:

– Байқалға!.. Қайыққа!.. – дейтінді шығарды.

Достары ол тілегіне көне кетеді.

Бүгін  де  сөйтті  олар.  Өйтулері  жақсы  да  болды.  Бəрінің  де  ойы,

əнеугіден бері талқылап жүрген мəселелерінің, айрылар алдында тиянағын

табу еді.

Бұлардың  еркін  кеңесіне  бөгет  болмайын  дегендей,  таңды  тулаумен

қарсы алған Байқал да, қайықтары суға шыға тыныштала қалды.

Достар ұзақ кеңесті. Ол сөздерінің бəрін тізе берсе, көлемді кітап болар

еді, сондықтан біз оқырмандарға олардың тұжырымды пікірлерін қысқаша

ғана баяндап береміз.

«Ұлы  Британия»  аталып  жүрген  Англияны  алсақ,  оның  жаулап  алған

жерінің  мөлшері  Россиядан  əлдеқайда  кең.  Бірақ,  Россия  тұтаса  кеңіп

келеді де, Британия шашырай кеңіп келеді. Түйген жұдырық, тарамданған

саусақтардан  əлдеқайда  күшті.  Ендеше,  болашақ  қуат  Британия  жағында

емес, Россия жағында.

Дүние  жүзіндегі  күшсіз  елдер  күшті  елдердің  бөлісіне  түскенде,  əзірге

түгел  бөлініп  болмаған  континент  –  Азия.  Оның  «жақын  шығыс»  (семит

тұқымдас  елдер)  аталатын  өлкелерін,  Индия  мұхитының  қоршауындағы

елдерін Англия мен Франция бөліп ап болған да, ендігі көздерін Орта жəне

орталық Азияға тігеді.  Əсіресе – Англия.  Ол қазір осы  өлкелерге қол сұғу

əрекетінде  жүр.  Бұл  өлкелер  Россияның  көршілері.  Ендеше,  Азияның  бұл

бөлшегіне Россия Англияның аяғын аттатпауы керек.

Қазіргі  заманда  əлсіз  елдер  əлді  елдерге  сүйенбей,  тəуелсіз  тіршілік

жасай  алмайды.  Оған  соңғы  бірер  ғасырда,  қызу  қарқынмен  жүріп  жатқан

отарлау саясаты куə. Сонда, мысалы,

Орта жəне Орталық Азия кімге сүйенбек?

Біздің, ақылдасушыларымыздың ойларынша, Россияға!

Ал,  сонда  отарлаушы  Россиямен,  оның  отары  болған  елдердің

арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?


Бəрінің де пікірінше: туысқандық, достық, жəрдемдестік негізінде.

Ондай  қарым-қатынас  бұл  күнге  дейін  болған  емес.  Патша  өкіметі

бұратана (инородцы) аталатын елдерді аса қорлық пен кемшілікте ұстауда.

Оның айқын куəсі Сібірдегі ұсақ ұлттар.

Бірақ, сонымен, орыстың ез бейнетқорлары, яғни крепостной шаруалары

мен жұмысшылары рахатта отыр ма? Жоқ! Олар да ауыр азапта.

Солардың  қамын  ойлаушылар  бар  ма?  Əрине,  бар.  Арғыларын

айтпағанда,  олар:  декабристер,  петрошевшілдер,  жеке  адамдарынан

Чернышевский, Белинский, тағы басқалар.

Патша  өкіметі  оларға  мейірім  жасаған  емес,  талайын  атқан,  асқан,

айдауға жіберген.

–  Айдау  мекені  –  Сібір.  Олардың  тұрмысы,  баяғы  құлдардың  немесе

крепостной шаруалардың тұрмыстарынан əлдеқайда жаман.

Сібірге  жанды  адам  түгіл,  жансыз  нəрселерді  де  жер  аударған.

Банзаровтың  есіндегі  материалдарға  қарағанда  төмендегідей  ғажап  оқиға

болған:  1691  жылы,  Углич  қаласының  Романов  тұқымына  өшіккендері

Қаһарлы Иванның таққа мұрагер баласы – Дмитрийді өлтіреді. Осы жайда,

патшаның  балдызы  Борис  Годунов  қырғын  жасайды  да,  көтеріліс

жасалғанда  қаңғырлап  хабаршы  болған  шіркеудің  тілдері,  етектері

тоналып, əуелі Тобылға, одан кейін алыстағы Сібірге жер аударылған.

–  Сол  «сорлы»  қоңырау,  –  дейді  Банзаров,  –  250  жылдан  астам  уақыт

Нерчин абақтысында қамаулы. Мекеніне қашан қайтарын білмейді.

Банзаровтың  мəліметтеріне  қарағанда,  Сібірге  жер  аудару  қаһарлы

Иваннан  басталған.  Ол  əуелі  Қазан,  Астрахань  хандықтарынан  ырқына

көнбегендерді  айдаған,  Шығыс  Сібірдегі  қазіргі  татарлар  солардың

ұрпақтарынан. Одан кейін Россия – Швед, Россия – Литва, Россия – Поляк

соғыстарында  қолға  түскен  «жаулар»  жіберілген.  Одан  –  крепостнойлық

правоға


қарсылық

көрсеткен

шаруалар,

одан


декабристер,

петрошевшілдер дегендей, айдаушылар біріне-бірі жалғасқан да жатқан.

–  Сонда  да  шығыстық  Сібірдің  халқы  молаймай,  не  бары  қазір  екі

жарым  миллиондай  ғана,  солардың  тең  жарасына  жақыны  ғана  орыстар.

Патша  өкіметі  кең  Сібірді  айдалушылармен  толтыра  алмаған  соң,

жоспарлы  көшіру  саясатын  да  жүргізіп  көрді.  Одан  да  үлкен  нəтиже

шықпады:  тым  алыстағы  жер,  жетуге  көп  уақыт  керек  жетсе  тіршілік

жасарлық жағдай жоқ; сонан, ақыры ұятсыздыққа да барып, бес мың қызды

айдап  көрді,  онысы  –  жігіттерді  қызықтырам  дегені  болу  керек.  Абақтыға

баруға  қай  жігіт  еркімен  қызығады?  «Сібірді  тұтас  алғанда,  үлкен  бір

абақты» деген атақ алдақашан жайылған.



«Ал,  сонда  осы  Сібірді  адамға  қалай  толтыру  керек?»  деген  сұрау

туғанда, Потанин бұрын естілмеген бір пікірдің иісін шығарды:

– Орал тауының шығысындағы Россияны, батысындағы Россиядан бөлу

керек – деді ол.

– Неге?

– Крепостнойлық Россияның түзелер түрі жоқ. Біздің декабристер, 1789



жылғы  Францияның,  ұлы  революциясы  лаулатқан  өрттің  ұшқыны  сияқты

болып еді, өкімет оны өршітпей, қан-жоса ғып басып тастады. 1848 жылы

бүкіл  Европаны  тітірентіп,  талай  монархтарды  тағынан  ұшырған

революциясы,  Россияға  бас  сұға  алған  жоқ.  Крепостнойлық  право  жыл

сайын  жұмсару  орнына  қатайып  барады.  Россия  капиталистік  елдердің

соңынан сүмеңдеуде, өндіріс күші əлсіз...

– Өйтпегенде қайтеді? – деді Потанинді іштей қостап отырған Банзаров

сез  қосып.–  Біз  барымызды  пайдалана  білмейміз.  Айқын  мысалы  –  Иван

Петрович  Кулибин.  Ол  он  сегізінші  ғасырдың  архимеді.  Мектептік  білімі

бастауыш  қана  бола  тұра,  табиғатында  аса  дарынды  туған  ол,  өз  бетімен

талаптану  арқылы  өз  тұсындағы  механика  білімінің  ең  биігіне  шығып,

талай  ғажап  машиналарды  жасады.  Телеграфтың  оптикалық  бірінші

амалын  ойлап  шығарған  сол.  Осы  өнерін  іске  асырудың  орнына,  патша

өкіметі  оны  қолдамай,  ақырында  күнін  көре  алмай  аштан  өлді.  Ал

Француздар Кулибиннің ізін шала шыққан Шапты аспанға көтеріп, жаңағы

өнер соның табысына айналып кетті.

–  Ондай  мысалдар  толып  жатыр,  –  деді  Потанин.  –  Бүкіл  Европаны

Наполеон  құлдығынан  құтқарған  Кутузовты  қастерлейміз  бе?  Жоқ!

Европалық  ой-санада  ұлт  азаттығы  мəселесін  бірінші  көтерген  Николай

Новиковты  ше?  Жоқ!  Атай  берсе  толып  жатыр.  Осыларды  тиісті

дəрежесінде көтере, пайдалана алмаймыз.

– Рас,– деп қойды Шоқан да.

– Байлығымызды да пайдалана білмейміз, – деді Банзаров, – мысалы мал

басын өсіруде Россия дүние жүзіндегі ең бай мемлекеттің бірі. Сол малдың

құны ше?..

–  Өте  арзан,  –  деді  Шоқан.  Басында  жүрген  бір  материалды  жариялап

қалғысы  кеп,–  қалталық  книжкесіне  үңіліп,  –  баспада  жарияланған  бір

материалда,  он  сегізінші  ғасырда  Тобыл  қаласында  жыл  сайын  ететін

жəрмеңкеде, атан өгіздің бағасы – екі сом елу тиын, шошқа 35 тиын...

– Түгелімен бе?

– Əрине. Əрі қарай тыңдаңыздар. Бекіре балықтың бір бұты алты тиын...


– Мүмкін емес! – деп шуласа қалды бəрі.

–  Нанбасаңыз,  қараңыздар!  –  деп,  Шоқан  мəлімет  алынған  баспаны

көрсетті.  –  Əлі  де  қымбаттап  оңған  жоқ,  –  деді  Шоқан,–  күні  бүгін

Қызылжарда  (Петропавл)  ту  қойдың  бағасы  бір  сомнан  аз-ақ  асады,

шыжғырған майдың бұты жарты сомдай ғана...

– Европада бұдан сан есе қымбат, – деді Потанин.

–  Əрине,  –  деді  Шоқан,  –  сондықтан  шошқаның  қыртыс  майына

құмартқан  Шығыс  Европа  біздің  Кіші  орыстардың  (малорусь)  базарына

шабады.

– Ол жөнде, – деп сөз қосты Банзаров, – ұлы Гогольдің «Бұдан бір ғасыр



кейін Европа бізге шошқа майын алу үшін ғана емес, ақыл да алуға келеді»

деген сөзін есте тұтуымыз керек.

–  Оған  дейін  тұрқымыз  созылып  бітпесе  жарар  еді,  –  деді  Потанин

күрсініп.

– Өйтпеу үшін не істеу керек сеніңше? – деді Шоқан.

– Оралдың бергі жағынан россиялық Америка жасау керек.

– Бөліп пе?

– Əрине.


– Арғы Россия ше?

–  Ол  крепоснойлық  қалпында  өркендей  береді.  Бара-бара  одан  да  бір

Бисмарк шығуы мүмкін.

– Өз пікірің бе бұл?!..

–  Менен  зорлардан  да  қолдайтындар,  қолдау  ғана  емес,  теориясын

жасаушылар бар.

– Мəселен?

– Афанасий Прокофьевич Щапов!

Бұл  кісі  Шоқанға  тіл  таныс,  Банзаровқа  əрі  тіл,  əрі  көз  таныс  адам  еді.

Сібірдің хал-жайы туралы, оның орталықтағы газет, журналдарға басылған

талай  мақалаларын  Шоқан  оқыған,  оны  Сібірдегі  бұратана  халықтардың

қамқорына  санап,  қатты  ұнататын.  Бірақ,  жүздесу  сəті  əлі  түспеген.  Ол

еңбектерін  Банзаров  та  ұнатып,  Петербург  дəуірінде  талай  жүздескен,

талай  пікірлескен;  славянофиль  Банзаров,  оның  Сібірді  білуін,  Сібір

тағдыры туралы ойларын, əсіресе, Фишер мен Миллерден жоғары қоятын.


Бірақ Потанин айтқан пікірін Петербургта өз құлағымен естіген емес.

Шоқан  да,  Банзаров  та  бұл  пікірге  елеңдей  қалды.  Щапов  екеуінің  де

қадыр  тұтатын  адамы  еді,  ал  мына  пікірі  құлаққа  жат  естілді.  Олардың

бұған  дейінгі  ойларынша,  қазақ,  даласы  да,  Сібір  де  тек  Россия  сүйену

арқасында ғана прогреске жете алады.

Сондай түсініктегі Шоқан сөзді Банзаровтан бұрын бастап, бірден:

– Мен бұндай ойға қарсымын, – деді.

– Неге? – деді Потанин.

– Россиядан бөлінгенде қайда барамыз? Англияға ма? Америкаға ма?

– Ешқайсысына да.

–  Қалай,  сонда?  Күшті  бір  мемлекетке  сүйенбей,  біз  өркендей  аламыз

ба?


– Менімше де солай, – деді Банзаров.

 Сеніңше  қандай  жолы  бар,  бұратана  елдердің  өркендеуіне?  –  деп

сұрады Потанин Шоқаннан.

–  Оқу  жолы.  Америкада  ағылшындардан  қорлық  көрген  индиялықтар

көтеріліс  үстіне  көтеріліс  шығарып,  қандай  қырғынға  ұшыратса  да

басылмай  келіп  еді;  кейінгі  жылдарда  өкімет  мұқтаждарына  көңіл  бөле

бастап,  араларына  аз  да  болса  мектеп  ашып  еді,  көтеріліс  бəсеңдеуге

айналды.


–  Сол  құрама  штаттың  жергілікті  халықтарды  қалай  құлданып

отырғаның өзі «республика» атана отыра, əлсіздерді құлдану əрекетін көне

замандардан асырып жіберуін білетін боларсың?..

– Ол, жалпы отаршылдық саясаттың ащы жемісі! – деді Банзаров.

–  Біздің  өкімет  те  осы  əдісті  қолдануы  керек  дегің  келе  ме?  –  деді

Потанин.


– Əрине, – деді Шоқан.

– Ол іске аспайтын қиял, – деді Банзаров...

– Неге?

– Отаршыл мен отар бар шақта, екеуіне теңдесу жоқ.



– Сонда, сізше не істеу керек?

– Білмеймін...

Сөзге  араласпай,  алақанымен  су  бетін  сипауды  ермек  қып  отырған

Александра Викторовна Лавровская:

– Əу, достар! – деген дыбыс беріп қалды.

Бəрі жалт қарады.

– Мен кеңестеріңізге қатынаспай, тек тыңдаушы ғана болып отырдым,–

деді ол,– талай қиын мəселелерді қозғадыңыздар сіздер, бірақ біреуінің де

түйінін таба алмадыңыздар. Бұл жөнде сіздерден бұрын да талай ойшылдар

ақылын  тауысқан;  сіздермен  замандастардан  да  тауысып  жүргендер  аз

емес, болашақта да болады олар; менімше сіздер таппаған түйіндерді табу

ісін  өркендегіш  тарихтың  үлесіне  қалдыру  керек  те,  оған  дейін  халыққа

қолдан келген қызметті адал жəне белсенді түрде атқара беру керек!

– Сөйткен дұрыс болар, – деді Банзаров.

–  Əрине,  –  деді  Шоқан,–  бірақ,  Щаповтың  да,  Потанинның  да

пікірлеріне

қосылмаймын.

Қайталап

айтқанда,

менімше,

Россия


бөлшектеніп  емес,  тұтаса,  молаю  түсіп  өркендеуі  керек.  Сіз  қалай  дейсіз,

Доржи?..


– Мен ойлану үстіндегі кісімін...

–  Ол  идеяға  қосылмауыңызды  ұсынам.  Гриша,  сен  де  қайт  бұл

пікірден!...

– Неге, Қанаш?

– Біріншіден, Россияның құлағы сақ, полициялық үкімет білсе есірмейді

тамырын тез жұлып тастайды...

– Жасырын пікір емес бұл, ашық айтыла бастаған пікір!..

– Онда əсіресе!..

–  Бүгінгі  Россия  басқаруында  ашық  пікір  айтуға  жол  жоқ,  –  деді

Потанин ауыр күрсініп.

–  Əу,  достар!  –  деді  Лавровская  сол  сəтте,  аспанды  көзімен  айнала

шолып,  –  кеңес  қызуымен  байқамай  да  қаппыз  ғой,  аспанды  қалың  бұлт

қоршап апты ғой. Жел де тына ғапты. Бұл дауыл алды. Қайығымыз жеңіл,

су  толқыса  жазым  болармыз.  Жағадан  алысырақ  жүрміз.  Жақындауға

тырысайық!..

– Мақұл! – десті бəрі де.



Ү

ШІНШІ БӨЛІМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет