АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет53/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

42 кезінде əйелдің тартар азабы, еркектен əлдеқайда ауыр жəне ұзақ.

Айжанның  ойынша,  «күнə  атаулының  бəрі  бір  емес  пе?  Ендеше,  жазасын

да неге тең тартпайды?!

Үшінші,  бұл  дүниедегі  хұқұқ  (право)  жағынан  əйел  шариғатта  жарты

кісі, ал анау дүниеде тіпті теңсіз. Олай дейтіні, күнəсіз я күнəсінен арылған

еркек  ол  дүниеде  жұмаққа  кіреді  де,  хордың  қызын  құшады,  ал,  əйел  ол

дүниеде43  өзгелер  түгіл,  өз  ерінен  де  құрамай  қабады...  Бұл  да  сорақы

əділетсіздік емес пе?

Шариғат  əйелге  осылай  қараса,  Айжанның  тұрмыста  көретіні:  байдың,

бидің,  кедейдің  əйелі  демей,  қазақта  ұрғашы  атаулы  түгелімен  теңсіздікте.

Қалай тең болады ол, егер теп-тегіс қалың малға сатылып, қалағанына бара

алмаса?.. Қазақтың малы көп байлары осыны пайдаланып əлденеше қатын

алады,  шалдары  жас  қызды  алады,  қалыңы  –  төленсе,  қыздар  кемтарларға

да беріле береді, əсіресе кедей қыздары!..

Байдың  қызы  да  қалың  малға  сатылғанмен,  «тамағы  тоқ,  көйлегі  көк»

дегендей, күн көрісі кедей қызынан тəуірлеу, ал хұқұқ жағына келгенде, ол

да  теңсіз:  ері  балағаттайды,  сабайды,  ұлықсатынсыз  аяғын  бұра

бастырмайды; ері еле қалса, ауыл салтымен ол да əмеңгер аталатындардың

біреуіне еріксіз тиеді.

Осындай  теңсіздіктегі  əйелдер  теңдікке  ұмтылмайды  емес,  теңіне

қызықпайды емес. Өйтудің кітаптағы, я аңыздағы аты – ғашықтық.

Араб,  Иран  елдерінде  болыпты  деген  ғашықтардың  Айжан  кітаптан



талайын  оқыған,  мысалы:  Сейфіл-Мəлік  пен  Бəдіғұл-Жамал  арасындағы,

Лəйлі  мен  Мəжнүн  арасындағы,  Жүсіп  пен  Зылиқа  арасындағы

ғашықтықтарды,

тағы


сондайларды...

Солармен

үндесе,

қазақ,


жыршыларының аузында жүретін «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек

–  Төлеген»,  «Сегіз  –  Мақпан»,  «Алтай  –  Сұлушаш»,  «Наурызбай  –

Қаншайым» тағы тағылардың ғашықтық оқиғаларын еске алса, бəрінде де

жалындап тұрған ғашықтық!..

Солардың бəріне Айжан нанады. Өйтпегенде ше? Өз басының Шоқанға

құмарлығы солардың ешқайсысынан кем емес. Оның тек қана қорқатыны,

ғашықтардың ілуде біреуі ғана болмаса, көпшілігі мұратына жеткен емес!

«Мен  де  сондай  халге  ұшырасам  қайтем?»  деген  ауыр  ой  Айжанның

басын даң қылады.

Бұл  жөнде  оның  жалғыз  ғана  сырласар  адамы  Жайнақтың  əйелі  –

Жұпар. Осы босағаға келіншек болып түскелі, ол Айжанның жандай досы.

Екеуінің  де  бір-бірінен  бүгер  сыры  жоқ.  Əсіресе  Айжанның.  Жұпарға  ол

Шоқанға  деген  сүйіспеншілігін  түгелімен  көйітіп,  сонда  біз  бұған  дейін

білмейтін бір жаңалықты қосып:

– Не Лəйлідей, не Баяндай бесіктен ғашық болдым демейін, бірақ мен де

Шоқанға ес білгеннен бері қатты құмармын, маған онсыз өмір жоқ.

Қосылу жайын кең,ескенде, екеуінің де ой табаны «құрғақ қиял» дегенге

тіреле береді. Айжанның еркіне салса, көптің бірі болуға жəне халал жүфті

болуға  да,  некесін  қидырсын,  қидырмасын,  тек  «менің  əйелімсің»  дегенін

естісе, тілегін тілеп отыра беруге де бейіл!

Олай да болмаса ше?

Ислам  шариғатында  мұсылманның  өзін  өзі  өлтіруі  кешусіз  күнə,

ондайлардың  орны  –  мəңгілік  жаһаннам;  соған  сене  тұра,  егер  Шоқан

біржола безіп кетсе, Айжанның тірі жүргісі келмейді, қай əдіспен болса да

өлгісі  келеді.  Ол  ғашықтың  күйігін  бұл  дүниеде  тартып  жүруден,  ол

дүниенің тамығына мəңгілік өртеніп жатқанын артық көреді.

Сүйікті  қайын  сіңлісінің  бұл  сырын  Жұпар  Жайнаққа  түп  түгел

дəттететін...  Есілді  өрлеп  келе  жатқанда  Жайнақ  Шоқанға  қарындасының

бар сырын емес, мақсатына жете алмаса өлімнен басқаны керек қылмауын

ғана сездіріп қойған.

«Егер  сертіне  жетіп  өле  қалса,  обал-жазығы  менің  мойнымда!»  деп

ойлаған  Шоқан,  Айжанды  қайткенде  ондай  тұйық  қамаудан  босату  ойы

қатты толғантады. Бірақ, қалай?

Оны Айжанмен кездесе көрмесе, оған дейін табар тиянағы жоқ сияқты.



Өзі білетін ғашықтар оқиғасына көз жіберсе, бұндай жолға түскендердің

бері  салғанда  ауыр  азап  шекпегені,  əрі  салғанда  харап  болмағаны  кемде-

кем.  Шоқан  да  мені  сүйеді  деп  сенетін  Айжан,  оны  да  сол  ғашықтардың

халіне түсірем бе деп қорқады. Түсе қалса, Шоқанды емес, өзін кінəлайды.

«Егер,  –  деп  ойлады  ол.  –  Сырымбет  етегінде  кездескен  шақта  қыз

болып қылымси қалмасам, маған ол соқтығар ма еді, жоқ па еді?..»

«Енді болары болып, бояуы сіңді» дегендей, – деп жалғастырады Айжан

ойын,  –  Шоқанды  білмеймін,  менің  жан  жүрегім  оған  шешілместей

байланды».

Ал, соны қайткенде үзбеу керек?

Шоқанның  бірегейі  ғып  үйрене  алмауына  Айжанның  ақылы  жетеді.  Ол

көбінің бірі болса да өзін бақытты санап қойған əйел екенін білеміз. Өйтсе

несі  бар!  Мұхамметтің  пайғамбарлығына,  алланың  жердегі  елшісі

екендігіне шек келтірмейтін Айжан, некелі қатыны төртеу, некесізі алтау –

барлығы  он  екенін  кітаптан  көрді.  Жариясы  сонша  болса,  құпиясы  қанша

екенін  кім  біліпті?..  «Пайғамбар»  дегені  сондай  болса,  Шоқанның  арғы

атасы  –  Абылайда  отыз  қатың  бергі  атасы  –  Уəліде  жеті  қатын  болыпты

деседі;


əкесі–Шыңғысқа,

азулы


шешесі

Зейнеп


үстінен

қатын


алдырмағанмен,  ауыл  арасындағы  сыбыр-күбірге  қарағанда  ол  да  үйінен

ошаң етіп шетке шыға қалса, «жас иіссіз» жүрмейтін сияқты.

Бұрынғы əулие-шадиярлар, немесе, өз аталары қатынды үйіріп алғанда,

Шоқан неге сөйтпейді?

Айжан сөйтуіне, өзі кебінің бірі болуына тілектес. Сондықтан, құлағына

«Шоқан  Омбыда  жанаралдың  қызына  жанасып,  оны  алады-мыс»  деген

қауесет шалынғанда да қыңқ ете қойған жоқ.

Несіне қыңқ етеді?

Естуінше,  Абылайдың  отыз  қатынының  алтауы-ақ  қазақ  деседі.

Өзгелері:  қарақалпақ,  өзбек,  ногай  сияқты  мұсылман  елдерден  болуымен

қатар, қалмақ немесе орыс сияқты кəпір елдерден де болды дейді.

Атасы сөйткенде, Шоқан неге өйтпейді?..

Қысқасы, Шоқан қанша қатын алса да, қай діннен алса да, солардың бірі

болуға, Айжан ой буынын берік бекіткен. Шоқан жоламай кетсе де, Айжан

оған деген ойын бұзбақ емес.

Оқыған  кітаптарынан  оның  ұққаны:  «тəн»  жəне  «жан»  ғашықтығы

дегендер  бар;  бастапқысы  –  тек  қиялдағы  ғана;  соңғысы  –  тəн  лəззатына

байланысты.  Жан  ғашықтығы  тек  тəңіріге  ғана  арналған,  оған  қол

жетпейді;  «тəн»  ғашықтығына  да  қолын,  кейде  жетіп,  кейде  жетпейтіні


болатын сияқты. Бірақ бұл сəтті мен сəтсіздікке ғана байланысты, əйтпесе

аспанның  емес,  жердің  ғашықтығы,  бұл  кітапта  «нəпсі»  аталатын  тілектің

ғана  азығы;  тіршілік  дүниесінде  оның  құмары  қана  беруі  мүмкін  емес,

сондықтан  да  құранда  –«күллө  нəфсен  за  –  иқатөн  əл-мəуіт»  –  «барлық

нəпсінің  сусынын  тек  өлім  ғана  қандырады»  деген  аят  бар,  ал

пайғамбардың  хадисі  қанағатсыз  нəпсіні  тежеу  мақсатымен  «барлық

нəпсіге  де  тойымдылық  керек»  депті.  Айжан  соның  екеуіне  де  бейіл.

Шоқан  қарамай  кеткен  күннің  өзінде  де  ол  табанын  тойымдылыққа  тіреп,

Зейнептің панасында тақуалықпен ғана отыра бермек те, жан азығын содан

ғана таппақ. Бірақ осы бетінде оған ешкім бөгет болмаса екен!..

Бөгеті  –  билеушілердің  бөгде  біреуге  қосуды  ойлауы.  Ондай  бөгделер

жан-жақтан

жылт-жылт

етуде.


Шоқанды

«алмайдыға»

жорыған,

Малтабарды  «ала  алмайдыға»  жорыған  олар,  бірде  Шыңғысқа,  бірде

Зейнепке, бірде Жақыпқа Айжанды қалап кісі салып, табындаған мал, тан,

қаларлық  жасау-жиһаз  ұсынады.  Соларға  Шыңғыс  пен  Жақып  қызығайын

десе,  Зейнеп  Шоқанға  «ешқайда  да  жібермеймін,  қашан  келгеніңше

қасымда болады» деген уағдасын бұзбай, ешкімді маңайлатпайды.

Қалай  да  Шоқанның  осы  келе  жатуын  Зейнеп  пайдаланып  не  «əрісін»,

не  «берісін»  істетпек.  Өз  ойында  –  «əрісі»,  яғни  Айжанды  теңдес  басқа

біреуге беруге, баласының ұлықсатын сұрағысы келеді.

Ал  Айжанның  мақсаты  –  осы  сапарында  Шоқанның  бетін  байқап,  ең

бері  салғанда  көбінің  бірі  болып  отыра  беруіне  бейілдігін  айту,  оған

ризаласпаса,  оқиғасын  естіген  Нарғыздың  жолын  құшу.  Нарғыз  пен

Шоқанның  арасындағы  қарым-қатынасты  түгел  естіген,  оны  кəнизəгінің,

біріне  санаған  Айжан,  батыр  деп  естіген  қыздан  Шоқанды  қызғана  отыра,

Есіл  бойын  өрлеуін,  сол  қыздың  өзін  болмағанмен,  мекенін  көргісі  келуі

деп санап, бұнысын ер жігітке жорыған.

Сонымен  ұзын  сөздің  қысқасы,  Зейнеп  те,  Айжан  да  Шоқанды

сабырсыздана сағынып, келуін асыға күтуде.

Есілді  өрлеп  келе  жатқан  жолында  Шоқан  Жайнақтан  емен-жарқылап

сұрастырса, Айжанның көңілі əлі де өзінде сияқты. Жайнақтың айтуынша,

бұл  мақсатына  жете  алмаса,  Айжанның  да  тірі  жүрер  түрі  жоқ.  Ендеше

Айжанға да «Нарғыздың жөніне тарта бер!» деу керек пе? Өйту Шоқанның

жүрек  жарасын  ұлғайта  түспей  ме?  Ол  Нарғыздың  тағдырын,  адамдық

арының  айдауымен  ғана  қайғырды;  Айжанмен  жүрегі  жалғасып  қалған

адам,  ендеше  Айжаннан  күтер  қайғының  салмағы  Нарғыздан  əлдеқайда

ауыр болуға тиісті...

Шоқанның  сан-саққа  самғаған  ойы,  күші  жетсе,  осы  сапарында

Айжанның өзіне деген күдерін үздіріп, көңілін қайткенде көншітер тəсілін

табу;  жетпесе...  деген  сөздің  ар  жағындағы  ойы,  бұлт  бүркеген  аспандай

тұманданып кетеді...



Нашан  аулының  жəне  оған  жиналған  жұрттың  еркіне  салса,  Шоқанды

осы араға жəне төңірекке біраз күн тоқыратып, қолдарынан келген қадыр-

құрметтерін  молайта  түсу  еді.  Бірақ,  шешесінің  сырқатын  сылтауратқан

Шоқан, келген күннің ертеңіне аттанып кету ниетін білдірді.

Омбыдан  шыққан  Шоқанның  беті  қалай  қарағаның  онымен  сол  арада

ажырасып,  еліне  тура  тартқан  Аба  Шыңғысқа  айта  барған  еді.  Бұл  бетке

неге жөн тартқаның ayлына қайда барып бұрыларын дəл шамалай алмаған

Шыңғыстың көңілі бір ғана жорамалға тоқырады: əжесі Айғанымның көзін

көрмеген,  ол  туралы  айтылатын  сөздерден  жақсы  көріп  жүретін  Шоқан,

осы  жайда  əкесімен  кеңескен  кездерінде,  əжесінің  туған-өскен  жерін

көргісі  келетін  көңілін  білдіретін  еді.  Сондықтан,  Шоқанның  Есілді  ерлеп

кетуін,  жеңісқой  баласының  осы  ойын  орындағысы  келуіне  жорыды  да,

алдын ала, сарғалдақ Қожаның мешіті қыстауынан ұзамай жайлайтын. Есіл

аңғарының  «Қызылшың»44  аталатын  жеріне  Абаны  жəне  Жақыпты

жұмсап, «тосып ап, бірге келерсіңдер» деп тапсырды.

«Қызылшыңға»  Шоқаннан  бұрын  жеткен  олар,  сол  тұстан  жүргенмен,

жанаспай  өтіп  кетуіне  тан,  қалысты  да,  Нашан  ауылына  ертеңіне  қуып

барды.


Бұл кезде Шоқан қонған аулынан туған аулына беттеп, аттанғалы жатыр

еді.  Аба  мен  Жақып  келе,  оның  бұл  жөні  өзгеретін  болды.  Олардың

айтуынша,  Шоқанның  таулы,  орманды,  сулы  жерді  жақсы  көруін  білетін

Шыңғыс,  аулын  «Құлаайғырдың»  жалаңаш  жалпақ  даласынан,  орманға

бөленген Иман тауының төңірегіндегі «Байсарының балықтысы» аталатын

шалқар  көлдің  жағасына  көшірген  де,  у-шудан  аулағырақ  болсын  деп,

Шоқанға  арнаған  бірер  ақ  үйді  Иманның  етегіне,  «Арықбалық»  көлінің

жағасына  тіктірген.  Көлдің  «Арық»  аталатын  себебі,  оның  балығы  өте

семіз  болады  екен  дейді,  соны  жей  алмаған  бір  дуалы  ауыз,  «мынау,  не

деген арық балық еді!» деп қалжыңдаған, содан «семіздің» орнына «арық»

қолданылып, көл «Арықбалық» атанып кеткен.

«Байсарының балықтысы» мен «Арықбалықтың» арасы қозы көшке таяу

жер.

Шыңғыстың Шоқанға арнаған үйді «Арықтың» жағасына тіктірудегі бас



себебі  Айжанмен  арасын  қашықтату  еді.  Оның  еркіне  салса,  Шоқан

аттанғанша, Айжанды «көз көрмес, құлақ естімес» бір тұсқа тасалата тұру

еді. Өйтетін себебі, – əнеугі Петербургта болған тойға барған сапарында ол

өзінше  келінді  болып  та  қайтқан.  Гутковскийдің  қызы  –  Катерина  сонда

оқитынын  білеміз,  сол  қыз  мейманханадағы  Шыңғысты  тауып  алып,  оған

жиі қатынасып, қолынан келген қадыр-құрметін көрсеткен. Шоқанды «бұл

қызбен  де  жақын  дейді»  деген  қаңқуды  құлағы  шалған  Шыңғыс  мұнысын

болашақ  келіннің  көңілін  аулауына  жорыған.  Катерина  оған  түр-

тұлғасымен  де,  мінез-қылығымен  де  қатты  ұнаған.  Оның  үстіне

Гутковкийдің қызы, Гасфорттың жиені сондай биік адамдармен ілік-шатыс

болудан артық бақыт бар ма?


Омбыға  осы  оймен  қайтқан  Шыңғыс,  туралап  айтпағанмен,  ойын

баласына  ішкірнелеп  сездірген.  Əкесімен  татулықты  ғана  көксеп  жүрген

Шоқан,  ытырына  қоймай,  «кезінде  көрерміз,  əке  əзірге  үйлене  қояр  ойым

жоқ»  дей  салған.  Шыңғыс  еліне  Шоқаннан  балды  да,  балсыз  да  болмай

қайтқан. Өз ниеті – қайткенде де осы мақсатына жету. Тілегі,– осы бетінде

бөгет кездеспесе екен!..

Мүмкін  бөгеттің  біреуі  Айжан.  Зейнеп  «қыздан  күдер  үзген»  деп

сендіргенмен,  Атбасар  сапарынан  оралған  Шоқанның  жолдағы  үйіне

соқпай  кетуіне  қарап,  «Зейнептің  сөзі  рас  та  болар»  деп  дəмеленген

Шыңғыс,  «алтын  көрсе  періште  жолдан  таяды»  деген  мақалды  да  еске

алады. «Шоқан Айжанды көрсе, тағы да елтіп кетуі мүмкін» деп қорқады.

Айжанды  қасына  алғаннан  кейін,  жүрек  сырқатын  сылтау  ғып  Зейнеп

Шыңғыстан жатар үйін де, төсек-орнын да бөлектеген, содан кейін, қапыда

болмаса  Шыңғысқа  көрінбейтін  Айжанға  көзі  əлдеқалай  түсе  қалса,  түр-

тұлғасына,  ажарына  Шыңғыстың  өзі  де  қызығып  кетіп,  егделігі  есіне

түсетін  де,  тəубасына  əрең  қайтатын.  Егер  «аузы  алты  қарыс»  жұбайы

болмаса,  баласы  Шоқанмен  сұхбаттасып  қалғанын  құлағы  шалмаса,

егделігіне  қарамай,  осы  қызға  Шыңғыстың  өзі-ақ  құрығын  салар  еді.

Өйтуге  алдында  үлгісі  де  тұр:  əкесі  Уəлі,  шешесі  Айғанымды  елу  тоғыз

жасында алған, Айғаным сонда он алтыда екен дейді. Шыңғыс əлі елуге де

жеткен  жоқ.  Ал,  сырт  тұлғасына  қарағанда  Айжан  əйел  болып  та  пісіп

қалған сияқты.

Сол  түріне  Шоқанды  қызығар  деп  қорыққан  Шыңғыс.  Айжанды

əлдеқайда  жытыра  тұру  ойы  бар  еді,  Зейнеп  оған  көнбеді.  Айжан  мен

Шоқанның  қарым-қатынасы  жөнінде  Зейнептің  түсінігі  қызық.  Ол

«махаббат»  дегенді  «бар»  деп  те,  «болады»  деп  те  ойлаған  емес.  Оның

ұғымында əйел еркектің нəпсілік құмарын тарқатуға ғана жаралған жəндік.

Сондықтан,  «Шорманның  қызымын»  деп  үстінен  қатын  алдырмағанмен,

Шыңғыстың  «анау-мынау»  жүрісін  естігенде  ың  ете  қоймайды,  солай

болуға тиіс сияқты қарайды...

Балалары  жайында  да  пікірі  осы.  Қыздарын  қорғаштағанда,  «масқара

болып қала ма» деп қана қорқады. Əйтпесе бейілі кең, ал ұлдары «не істесе

де  мейлі»  деп  қарайды.  «Шоқан  Айжанмен  үйлесіп  қапты»  дегенді

естігенде,  оқиғаға  ол  осы  көзбен  ғана  қараған.  Кейін  абайласа,  Шоқанды

білмейді,  Айжан  оған  қатты  құмартып  қалған  сияқты.  Былай  қараса,

Шоқанға жұбай болуға жарайтын-ақ қыз; аты «қара сүйектің» оның ішінде

жалшының  қызы  демесе,  төмен  етектілердің  періштесіндей-ақ  қыз!  Содан

қарап  «ақсүйек»,  «қара  сүйек»  дегендер  қайдан  шықты  екен?!»  деп  іштей

кейіп те қояды.

Шоқан  Айжанды  ала  қояды  деген  ой,  Зейнептің  басына  ешуақытта

кірген  емес.  Оның  Айжанға  қамқорсуын,  болса  да  ойнап-күлген  қызын

қорлағысы келмеуіне жориды.



Шоқанның  келе  жатқанын  естіген  Зейнеп,  «тағы  ойнап-күлсін»  деп

ойлады  да,  ол  аттанарда  қайда  орналастыру  жайын  ақылдасып  қалғысы

келді.

Зейнептің еркіне салса, Шоқанға арналған отауды, орда ауылдың жақын



тұсына  тіктірмек  еді,  Шыңғыс  оны  ұнатпаған  соң  ерінің  еркіне  қарсы

тұрмады, «жолыққысы келсе жымба жолдарын табар» деп ойлады.

Нашан  ауылынан  ерген  бір  топ  жігіт  Шоқанды  «Алакөл  Салпық»

аталатын жайлауға дейін шығарып салды. Шоқан Қызылжардан келген ат-

арбасын  сол  арадан  кері  қайтарып,  құрбыларының  қатарында  салт  мінуді

қалады. Олардың беттеген жайлауында Атығай руының атақты бегі Зілғара

мен атақты байы Шопан тұқымдары отыр еді. Зілғараның он төрт ұлының

ішінде ең өжеті саналатын Əлібекті, Шыңғыс «Итжеккенге» жер аудартып

жіберген. Оның артынан қуынған ағасы – Тұрлыбек Омбыға барғанда, жөн-

жосықты  білмейтін  надан  кісіге  Шоқан  жол  сілтеп,  патшаның  атына  арыз

жазды  да,  Петербургқа  жөнелтті.  Арыз  көп  кешікпей  сенатқа  жетіп,

Тұрлыбектің тілегі қабылданды да, Əлібек айдаудан қайтып келді.

Жақыптың  айтуынша,  кісі  өлтіргіш  Əлібек,  «хан  тұқымының  қанын

ішпей кегім қайтпайды» дейтін көрінеді. Сондықтан оның ауылына соқпау,

өзіне кезікпеу керек.

Шоқанның айтуынша,–«əкемнің ісіне мен жауапкер емеспін, менің оған

көрсеткенім – жақсылық қана. Ендеше маған неге тиеді?!

Шоқанның ол жорамалы рас та еді. «Хан тұқымы» дегенге қаны қатқан

Əлібек,  оның  Тұрлыбекке  жол  сілтеуін,  сол  жолы  оңғарылып  қайтқанын

естігеннен  кейін,  «хан  тұқымынан  да  бұндайлар  туады  екен,  а!»  деп  таң

қалған; ол ойының бекуіне, Шоқан əкесіне қарама-қарсы жүр дейді» деген,

ел  ішін  кернеп  кеткен  қаңқу  қосылып,  ойы  «е,  бақыр-ай,  азамат  екен  ғой,

бетінен  жарылқап,  өркені  өсе  берсін»  деген  тиянаққа  тоқтаған.  Солай

санаған адамды көруге құмар да.

Осы  сапарында  Омбыдан  шыққан  Шоқанның  қалай  жүріп,  қайда

тоқырағаның Нашан ауылындағы жəй-күйін, «ұзынқұлақ» Əлібекке қолма-

қол  жеткізіп  тұрған.  Содан  бері  қарай  бұрылмақ  болғанында  «ұзынқұлақ»

оған  Шоқан  келуден  əлдеқайда  бұрын  жеткізген.  Бейілі  Шоқанды  сыйлап

жіберуде болған.

Əлібек жолына үй тіктіріп, бие байлатып... дегендей ауылын күтіндіріп,

өзі сақалды басымен елпеңдеп жолда тұруды лайықсыз көріп, қарсы алуды,

тоқал  шешесінен  туған,  жас  жағынан  Шоқанға  құрбы  Ақбұзау  мен

Ережепке  тапсырған.  Шоқанның  «асығыспын,  ас  ауыз  тиіп  қана  аттанам»

деуіне  қарамай,  ауыл  маңындағы  жылқыдан  бір  семіз  қара  құлақ  асау

құлынды ұстатып ап, көзінше алып ұрып бауыздатқан да, етін қазанға сала

бастаған. Бұл күн кешкіріп қалған мезгіл еді. Енді қонбауға амалы жоқ.



Шоқан  ол  күні  ұйықтай  алмай,  түні  бойы  елегізіп  шықты.  Сондағы

қорыққаны  Əлібек.  Ол  туғанда  сүйінші  сұрап  барған  кісіге,  Аңдагүл

Аты.гайдың атақты биі Құрымсы:

– Атын қойдыңдар ма? – депті.

– Қойдық, – депті анау.

– Кім деп?

– Əлібек деп.

Сонда Құрымсы:

– Əлібек туды дегенше əлек туды десеңші, – деген екен.

Сол  сəуегейлік  расқа  шыққандай,  ат  жалын  тартып  мінген  Əлібек

«аттының – атың жаудың – таяғын» дегендей, шаппаған ел, таламаған адам

қоймаған.  Ол  Есілдің  төменгі  жағында  Қожықпен,  жоғарғы  жағында

Баубекпен  құрықтас  болып,  арғы  шеті  –  Ұлытау,  Кішітаудан,  бергі  шеті  –

Есіл,  Ертістен  үйірлеген  жылқыларды  қудырған  да  отырған  Зілғара

қиянатшыл кісі емес екен дейді, баласына ол барымта сайын, «енді тоқта!»

дейді екен де, тоқтамаған соң баласының сойған малынан бір-бір жапырақ

етті  қыл  шылбырға  тізе  береді  екен.  Сол  тізбек  толған  кезде,  «шылбыр

үстіне шықтың, балам, енді тоқыра!» десе, Əлібек оған да тоқырамай, сол

тұста ұсталыпты-мыс. Əке сөзінің қадырын сонда ғана біліпті-мыс...

Шоқанның  естуінше,  Əлібек  кісіні  түрегеп  тұрып  бауыздауға

шімірікпеген  адам.  Хан  тұқымына  өштігі  анау!  Сондықтан,  өлтіру  күдігі

кернеген  ол  «алдап  қонғызбаса  не  қылсын!»  деген  оймен  түні  бойы  көз

шырымын  алмай,  тыстағы  əрбір  сыбдырды  келіп  қалдыға  жорып,  шөп

басын жел қимылдатса да, оянып кете берді. Сонымен, көрер таңды көзімен

атырды.

Ақбұзау  мен  Ережеп  оны  ертеңіне  де  қондырмақ  еді,  Шоқан



асығыстығын айтып көнбеген соң, кешегі құлыннан қалған жарты етті тағы

да асып, түстік алып аттануға тоқыратты.

Сол еті пісті-ау деген шамада:

–  Қабан  ағаң  келе  жатыр,  –  деген  күңкіл  естіліп,  одан  ығысқандай,

бөгделер үйден дүрліге шыға бастады. Жайнақ та соларға ерді, Ақбұзау мен

Ережеп те қопаңдай бастады.

«Қабан  ағаң»  құлағында  қалған  Шоқан,  оның  кім  екенін  біле  алмаған

кескінмен,  «кім?»  дегендей  Ақбұзауға  қараған  еді,  не  сұрағысы  келгенін

түсінгендей:

– Əлібек ағам, біз ол кісіні солай атаймыз, – деді Ақбұзау.



Ақбұзау  мен  Ережеп  орындарынан  түрегелгенде  Шоқан  қозғала

қоймады.  Онысына  түсінбеген  зілғаралықтар,  үнсіз  шығып  кетуге

ыңгайсызданғандай: 

– Төре, сен ше? – деді қосынан Шоқанға.

– Мен осында тосам! – деді Шоқан нық дауыспен.

– Жападан жалғыз ба? – деді Ережеп.

– Үйде қасқыр жемейтін шығар.

Арғы сөз сарқылып қалғандай көрген зілғаралықтар, «мынау не дейді?!»

дегендей Шоқанның кескініне алая қарады да шығып кетісті.

Жалғыз  қалғанына  ыңғайсызданғандай,  Шоқан  орнынан  тұрып,

мазасызданған бейнемен, ақырын адыммен үй ішінде ерсілі-қарсылы жүре

бастады.


Оны  мазасыздаған  ой,–  білетін  адамдардан  естуінше,  Зілғара  атығай

ішінде Құдайбердіге, оның, ішінде Андагүлға жатады. Андағұлда Қаратоқа,

Байтоқа дегендер болған. Қаратоқасы – батыр, одан Зілғара; Байтоқа – бай,

одан Шопан.

Зілғара  Уəлімен  тұстас  адам.  Əкесі  –  Қаратоқа.  Абылайдың

қолбасшыларының  бірі  болғанмен,  Зілғара  Абылайдың  бір  баласы  –

Қасыммен  қастаса  өскен  де,  орыс  өкіметімен  араздасқан  Қасымды

Түркістан  жаққа  қусыруға  себепкер  болған.  Сол  қызметі  үшін  патша  оған

хорунжи  чині  мен  дворяндық  атақ  берген,  (патшаның  сондағы  грамотасы

əлі  күнге  Қызылжар  қаласының  музейінде  сақтаулы).  Оның  үстіне,  Есіл

өзенінің  қазіргі  Явленна  аталатын  селосының  тұсында  мекендейтін  Уанас

руын күшпен көшіріп, Зілғара мен Шопанды орналастырған.

Айдаудан  Шоқанның  көмегімен  қайтқан  Əлібектің  өзіне  қас,  я  дос

екенін Шоқан білмейді. Қайсысы болса да батырлық даңқы баршаға белгілі

болған адамды көргісі келеді.

Нашан  аулынан  аттанған  Шоқан  «Алакөл  Салпықтан»  қашса

құтылмайтының ол жолдың бойында Əлібек ауылы отырғанын естіді. Егер

ат  басы  тура  тірелсе,  оның  ойы  Əлібек  үйіне  түсе  қалу  еді.  Олай  болмай,

зілғаралықтар оны оңаша отауда қарсы алды.

Онда  Əлібек  жоғын  көрген  Шоқан,  қалай  кездесуді  білмей  отырғанда,

«Қабан аға» аталатын Əлібек келе жатқан хабарын естіді. Əуелі ол жұртқа

ере шығын қарсы алуды ойлап қалды да, атағы қанша зор болғанмен, қара

сүйектен шыққан адамға, ақсүйек басымен кішіреюді ар көрді.

Ол  уақытта  қазақтың  ғұрпында:  «Ассалаумағалейкүм»  деп  араб

салтымен  сəлемдесу  салты  жоғын,  əйел  адам  жасы  үлкен  еркекке


көрінбеуге  тырысуын,  кенеттен  кездесе  қалса,  сол  жақ  тізесіне  қолдарын

арта,  басын  төмен  түсіне  отыра  кетуін,  жасы  кіші  еркек,  жасы  үлкені

кездескенде, екі алақанын кеудесіне басып иіле қалатынын Шоқан біледі.

Аттардың  дүсіріне  қарағанда  тысқа  шығып  кеткендердің  қарсы  алмақ

болған  «Қабан  ағасы»  Шоқан  отырған  үйге  таянып  кеп  тоқтады.

Күткендердің онымен қалай сəлемдескенін Шоқан аңғара алмады, тек қана

естіген даусын.

– Қонағың аман ба?

«Қонағың  аман  ба?»  деген  дауыс,  Шоқанға  қабанның  қорсылы  сияқты

естіледі. «Əлібегі осы болар ма? «Қабан аға» деп босқа атамай, дыбысы да

қабанға ұқсас болар ма?» деген ой келіп кетті Шоқанға.

– Қалай қонақ? Риза ма күтулеріңе? – деді əлгі қорсылдақ дыбыс.

– Бар мəзір, жоқ жай! – деген жауап естілді.

– Үйде ме өзі?

– Үйде, Қабан аға!

–  Төре  тұқымы  солай  келеді!  Күнін  көре  алмай  жүрсе  де,  кеудесін

көтеріңкі ұстайды. Ол келіп амандаспаса, мен кіріп амандасайын.

Қабан  дауысының  жəне  біреулердің  аттан  түскен  сыбысы,  Шоқан

отырған үйге беттей аяңдаған сыбдыры сезілді.

Не  істеуге  білмей  қалды  Шоқан:  орнына  отыра  кету  ме,  əлде  есік

алдында қол қусыру ма?

Тысқа шықпауын еске алған Шоқан, «несі болса да көріп алайын» деген

оймен, отырған орнына жантая кетті; «қару жұмсаса қайтем?» деген қауіп,

оның  қолын  санасынан  тысқары,  шалбарының  оң,  жақ  қалтасындағы

«американка» аталатын кішкене тапаншаға апарды.

Сол  кезде  ашыла  берген  есіктің  сыбдырына  қарай  қалса,  қара  өңді,

тарамыс, орта бойлы біреуді алдына сала Ақбұзау кіріп келеді...

Өткен жаз Байқал төңірегін аралап жүргенде, ол бір топ бурят əскерімен,

Баргузин  өзенін  өрлеп  аңға  шыққан  еді.  Олар  кезген  тұс,  құрғаққа  біткен

қалың қамыс екен. Қаннен қаперсіз келе жатқан Шоқанның аты əлденеден

жалт еткенде, Шоқан жалп етіп түсті де қалды. Құлаған жерінен жалма-жан

басын  көтере  берсе,  үлкендігі  тайынша  бұқадай  бір  қара  қабан  қорсылдай

ұмтылып келеді... Зəресі кеткен Шоқанның жаны тас төбесіне шықты.

Үрейлене шегіншектей берген оны, қабан жарып та тастар ма еді, қайтер

еді,  егер  серік  буряттардың  бірнешеуі  атып  үлгермесе!..  Мерген


мылтықшылардың тұтаса тиген оқтары қабанды қалпақтай ұшырды... 

Мынау  қабан  сияқты  адамның  (Шоқан  оны  «Əлібек»  деп  жорыды)

қимылы сол – Байқал қабанына ұқсайды...

Сол  қалпынан  денесіне  діріл  пайда  бола  қалған  Шоқан,  ықтиярынан

тысқары орнынан тұрғысы келген қимыл көрсетіп еді:

–  Жата  бер!  –  деді  «Қабан»,  –  хан  тұқымының  шіренгеніне  қазақ

баласының  көзі  үйренген.  Айта  келген  азын-аулақ  сөзім  бар,  соны

тыңдатам да кетем.

Орнынан тұрмаған Шоқан, «тыңдадық» дегендей кескін көрсетті.

– Айта келгенім, – деп бастады Əлібек сөзін, – «Жақсыны көрмек үшін»

дегендей, атағын, жер жарған бала болған соң ең алдымен көргелі келдім.

– Рахмет, Қабан аға!

«Рахмет» деген сөзді білмейтін Əлібекке, ол сөз «Ақмет» боп естілді де,

«мені солай атадыға» жорып:

–  Атым  Ақмет  емес,  Əлібек,  төрем!  –  деді,  Шоқанды  «мысым  жеңіп

тұрған санап...

– Білем, Əлеке! – деді Шоқан, сонда ғана есі бүтінденгендей, Əлібектің

«рахметті», «Ақметке» жоруына езу тартып.

–  Білсең,  бөгеме!..  Күнің  алдақашан  өткенмен,  хан  тұқымы  осындай

кекірейген кепиеттігіңді қоймайсың...

– Не істедім, Əлеке, «кепиет» боп?

– «Бөгеме» демедім бе сөзімді!

– Сөздің реті келіп қалған соң, Қабан аға!

– Өйтпесең хан тұқымы боласың ба сен. Ар жағын тыңда сезімнің: əкең

боп,  өзін,  боп,  басқаларын,  боп,  хан  тұқымы,  кеше  айбынды  ауыл  болып

отыратын  Қожықты,  ұлы-отанымен  құрттыңдар.  Қожықтың  үлкен  ұлы  –

Текебай,  менің,  қызығады  алған  күйеуім  еді.  Панасыз  қалған  қызым  бала-

шағасымен  қаңғырып  кеп  қолымда  отыр.  Өзге  келіндері  де  сондай.  Сол

күнəңді жуғың келді ме, немене Қожықтың қор болған қызына қамқорлық

жасап,  бейнетінен  құтқарыпсың,  оныңа  тəңір  жарылғасын.  Бірақ  онымен

күнəңнан  түгел  арыла  алмайсың,  бұныңның  сазайын  күндердің  күнінде

тартасың.

–  Ол  емес  еді,  айта  келгенім,  –  деді  Əлібек,  аз  кідіріп,  –  сөзден  сөз

шығып кетті.



– Аға, тізе бүкпеймісің? – деді Ақбұзау қолымен терден орын нұсқап.

–  Тізем  талған  жоқ,–  деді  Əлібек  інісіне  алая  қарап,  сөз  қосқанын

ұнатпағандай.–  Сонымен,–  деді  бетін  Шоқанға  қаратып,  –  бас  жұмысым  –

жүзіңді  көру  еді.  «Түcі  игіден  түңілме»  деген  екен.  Əкең  сияқты  бетіңнен

отын, шықпайды екен, ажарың жұмсақ екен. Сырт естуіміз ел қамын есінен

шығармайды  дейді.  Оныңа  ішім  жылиды.  Баяғыда  атаң  –  Абылай  түс

көрген  екен  дейді.  Түсіне  арыстан,  қасқыр,  түлкі  кірген  екен  дейді.  Соны

білгір  біреуге  жорытса,  анау,  «арыстан  –  өз  заманың,  қасқыр  –

балаларыңның, түлкі–немере, шөберелеріңнің заманы; ел билігі сенде ғана

тұрады  екен,  сен  өлген  соң  балаларын,  елді  қасқырдай  талап  быт-шыт

қылады  екен;  одан  кейін  түлкідей  алдамшы  өмір  басталады  екен»  депті.

Айтқаны  дəл  келді,  аруағыңнан  айналайын  атаңның:  қасқыр  –  сенің  əкең

мен біз сияқты ел талаушылар; бірақ, сен түлкі болма...

– Кім болайын, Қабан аға!..

– Адам бол!..

– Ол не деген сөз?

– «Елді талама да, алдама да» деген сөз. Түсінікті ме?.

– Өте түсінікті.

– Айта келгенім осы еді. Ал, мен кеттім.

– Дəмге қарамайсыз ба?

– Ол менің дəмім ғой. Сен риза болсаң жетті.

Əлібек  жалт  бұрылды  да  шығып  кетті.  Ақбұзау  ере  шықты.  «Қабан

ағаның»  сөзіне  мейлінше  риза  болған  Шоқан,  жүгіре  шығып,  сол  ойын

айтып,  қолынан  аттандырайын  деген  оймен  орнынан  көтеріле  берді  де,

өйтуін жалпақтауға жорығандай, қайтадан жантайды. Сондағы ойы:

«Қабан»  емес,  «адам»  ғой  мынау!..  «Жаман»  деп  естігенім  «жақсы»

болып  шықты  ғой!  О,  адам,  сенің  бойыңда  таптырмайтын  талай  сырлар

сақталады екен ғой!..»

Зілғаралықтар  «қон,  жат,  бір  емес,  бірнеше  күн  жат!»  деп  жік-жапар

болғанмен,  Айжанның  махаббат  магниті  тартқанда,  Шоқан  дегбір  таба

алмады.  Оны  Нарғыз  мəселесінде  сынай  түскісі  келген  біреу  «Қожық

қызының суға кеткен көрікті жер» деп көңілін толқытайын деп еді, Шоқан

оған да елеңдемей, үйіне тез жеткісі келетін жайын айтты.

Имантауға  олар  күн  байыр  алдына  жетті.  Тауға  шыққыш,  төңірегін

тамашалағыш  Шоқан,  Иманның  да,  аумағының  да  мөлдіреген  əдемілігіне

қызыға  қоймай,  салт  атпен  шаршап  келуін  сылтауратып,  арнап  тігілген



үйде бүгінше тыныстағысы келетінін айтты.

Шоқанға  арналған  үйдің  төңірегінде  тағы  да  үш-төрт  ақ  үй  бар  еді.

Шоқанға  еріп  келгендер  де,  қарсы  алғандар  да  соларға  орналасып,  Шоқан

өз үйіне, тек Жайнақты ғана жатқызды.

Ол  кеште  Шоқан  ақ  сияқты  жеңіл  тамақтар  болмаса,  басқа  тағамды

татпады.  Қызыл  іңірден  төсеніші  қалың  темір  кроватқа  жатып  қалды.

Қасындағы  үйлерден  тамағын  тойғызып,  кешірек  келген.  Жайнақ,

Шоқанды  оятып  алмайын  деген  қауіппен,  аяқтарын  ұшымен  басып,  іңірде

төрге тастай берген жастыққа ақырын қимылмен қисая кетті. Бүгін ерекше

бірдеме болар деген ойында жоқ, жата сала қор ете түсті.

Шоқан ол жатардың алдында ғана қалғыған еді. Оның төзбейтін дыбысы

– қорыл болатын. Жайнақтың қорылдауы оны оятып жіберді.

Ояна  сала,  оның  мана  қалғыр  алдындағы  ойы  жалғаса  жөнелді.  Бұрын

бүйтпейтін  ол,  Айжанға  жақын  келдім  деп  ойлағаннан  кейін,  көңілі  сол

ойдың  əр  сағына  жүгіріп,  ешбірінің  де  тиянағына  жете  алмай,  қалжырап

барып  қалғыған.  Сол  сақтарға  кезеген  көңіл  тағы  қыдыра  бастады.  Егер

ерік оның өзінде болса, тұра салар еді де, көңілі соққан жеріне жетіп тынар

еді. Оған жол жоқ. Айналасы ғасырларға, мүмкін мыңдаған жылдардан бері

биіктей,  қалыңдай  түспесе,  аласарып,  жұқарып  көрмеген  əдет-ғұрыптың

қамаған  қоршауы,  одан  өгуге  немесе  бұзуға  ынталанғанмен,  əзірге  қолдан

келгені жоқ.

Қашанға дейін қамалды бұл қоршауда?..

Сол  ойдың  тұңғиығына  батқан  Шоқан,  шығуға  тырысудан  қалжырап,

тағы да қалғып кетті...

Ал, Айжан ше?

Ол да бүгінгі кеште Шоқаннан кем толғанған жоқ.

«Шоқан  Имантаудың  етегіне  келді»  деген  сезді  құлағы  шалғаннан  бері,

оның  жаудыраған  көздері  ашылып-жабылудан  дамыл  таппады:  ашылса

Шоқан жоқ болып кетеді де, жабылса көріне қояды жəне құбылмалы нелер

əдемі  бейнеде  көрінеді!..  Ғашықтық  сезімнің  қаптаған  қалың  толқынына

бөленген  Айжан  жұмған  көзін  ашпайын  десе,  көретін  кісілерден  ұялады,

жұмбайын десе, Шоқанның елесінен айрылып қалады.

Оның осы көрінісін үнемі қасында болатын Зейнеп қана аңғарды да, ерсі

көрген бір сəтте:

–  Неменеге  қыпылықтап  кеткенсің!  –  деп  жекіп  тастады.  Сонда  да  қоя

алмаған Айжан, көзін жұмғысы келсе теріс қарайтын болды...

Айжан сол қалпында кешті де батырды.


Ет-жеңді  болған  кезінен  бастап,  Зейнеп  кешкі  төсегіне  іңірден-ақ  қисая

бастайтын. Айжан одан оңашарақ, босаға жаққа жататын.

Бүгін  де  сөйтті  Зейнеп  Шоқанның  жолдан  шаршап  келгенін  естіген  ол,

сəлемдесуге ертең келер деген оймен, қас қарая-ақ, мамық төсегіне бөленді

де, Шоқанды аман көру қуанышына батып, қалың ұйқыға кетті.

Айжан да төсегіне сол кезде жатқанмен ұйықтай алмады, өйткені, мана,

күндіз  көзін  жұмғанда  ғана  елестейтін  Шоқан,  енді,  айы  қараңғы,  бұлты

қалың,  түн  басқан  үйдің  тас  қараңғы  ішінде  көзін  жұмбаса  да  Шоқанды

көріп  жатыр.  Бір  сəттерде  бұнысы  елес  екенін  ұмытып  қап,  құшақтай

алғысы келгендей қарманып та қалады, бірақ ешнəрсе ілікпей, өзін-өзі ғана

құшақтайды!..

Құрғақ  құшақтаудан  қалжыраған  Айжанның  көңілі,  шын  құшақтауға

соғып кетті.

Бірақ, қалай?.. Жатқан жерлері алшақ!..

Құшақтамай қоймауға бекінді Айжан.

Ол  жататын  үйдің  ағаш  есігі  тор  көзді  екі  жарма  еді,  аржағын  шимен

астарлаған кигіз есік жабады. Ағаш есіктің аздаған сықырлауығы бар, егер

топсасына су тигізсе үні шықпайды. Зейнептің ұйықтаған дыбысы сезілген

кезде,  Айжан  есіктің  топсасын  дымдады  да,  еппен  басып,  көйлекшең,

жалаңбас, жалан, аяқ тысқа шықты. Даланың желкені мен салқынынан ба,

əлде «біреу көріп қала ма» деген қауіптен бе, денесі дірілдеп кетті.

Не істеу керек?

Оның  төңірегіне  тіккен  құлағына,  таңертең  жылқы  жыюға  арқандап

қойған кісі көруге елегзіген аттың оқыранған даусы шалына қалды. Қуанып

кеткен Айжан, елбеңдей жүгіріп қасына барса, түннің түсіне боялуынан ба,

түгі сондай ма, ат – көмір қара екен.

Ол көйлегі желбеңдеген Айжаннан үркіп тартынып еді, Айжан арқанды

қазық  түбінен  ұстап,  ақырын  дауыспен  құр-құрлап,  еппен  басып  атқа

жақындады. Негізі жуан ат, қыздың қолы басына жетіп, ақырын сипағаннан

кейін үркуін доғарды.

«Осы атпен барайын, – деп ойлады Айжан, – іздегенше оралармын».

Қалай міну керек? Ер-тоқым жоқ, жүген де.

Айжанның  ойы,  атты  арқанның  бір  үшімен  ноқталап,  қалған  жағын

шумақтап қолға ұстау еді.

Ұзын  арқанның  шумағы  жұп-жуан  болды.  Соны  құшақтай  Айжан  ат

арқасына  ырғып  мініп  алды.  Мінген  аттың  арқасы  қылыштың  қырындай



екен.  Айжан  оған  қараған  жоқ.  Көңілі  Иманға  тез  жету  болғанмен,  шаба

жөнелуге,  ат  дүсірі  əуелі  иттерді,  одан  ауылды  оятар  деген  оймен,  ұзап

шыққанша аяң-жортаққа салып, одан кейін борбайлай жөнелді.

Бұл  түнде  ерекше  оқиға  болар  деп  ойламағандықтан  ба,  əлде  самалды

салқын түнге бұйығудан ба, – Шоқан жатқан ауылдан Айжан атының елеулі

дүбірін ешкім сезген жоқ.

Атын  алысырақ  бір  бұтаға  байлай  салған  Айжан,  еппен  басып  кеп,

Шоқан  жатқан  үйге  келді.  Ол  тігілгеннен  кейін,  Зейнеп  кеше  əдейілеп  кеп

көргенде,  Айжанды  ерте  барған.  Шоқанның  жатар  орнын  да  Айжан  сонда

көрген.


Кроватты  көргенше,  тағат  уа  ғибадаттан  басқа  іс  ойында  жоқ  Айжан,

көргеннен  кейін  əйелдік  нəпсінің  еркіне  беріліп,  бұған  дейін  Шоқанның

жүзін  көруді  ғана  арман  етсе,  енді  ғашықтық  құмарын  қандыруға

ынтыққан.

Сондай  ниетті  Айжан,  Шоқан  жатқан  үйге  еппен  кіріп,  еппен  басып

кроватына таянып, дыбысына құлақ түрсе, шырт ұйқыда екеніне мұрнының

пысылы куə болып тұр.

Осы ұйқысын бұзуға ма, жоқ па?

Бұл жолы бұзбаса қашан бұзады?

«Бұзуға  ма,  жоқ  па?..»  деп  толқыған  Айжан,  ықтиярынан  тысқары,

ыстық лепті аузын Шоқанның құлағына жақындата:

– Қанаш! – деп қалды ақырын, бірақ қуатты сыбырмен.

Бұл  жұмсақ  сыбыр  құлағының  өңменінен  өтіп  кеткендей  боп,  былай  да

елегізіп  ұйықтаған  Шоқан,  даусын  шығара  «аһ!»  деп  көзін  ашып  алса,

қасында адамның елесі сияқты бірдеме тұрғандай.

– Бұ кім? – деп қалды, Шоқан ақырын дауыспен.

– Мен, Қанаш, Айжан!..

– Айым! – деп Шоқан кроваттан басын көтеріп алды.

Екеуінің құшақтары айқаса кетті...


СОПЫЛЫҚ САЛДАРЫ

Ислам  діні  қазақ  даласына  дəл  қай  кезден  кіре  бастауы  əлі  толық

дəлелденбеген  мəселе  болғанмен,  соңғы  мың  жылдың  алғашқы

ғасырларында  тарауына  бірталай  көмескі  куəліктер  бар.  Бірақ,  қазақ,

үйлеріне  бас  сұққан  сол  дің  мекенін  тез  ауыстыратын  ауылдардың

жұрттарын  да  ұмытып,  бертінгі  кезге  дейін,  көшпелі  ауылдармен  бірге

көше алмаған.

Сондай  кешке  ере  алмай  келе  жатқан  исламға,  қазақ  даласы  өзіне

бағынғаннан  кейін,  патша  өкіметі  ерекше  қамқорлық  жасап,  ерекше

екпінмен  ұялатуын,  біз,  ең  алдымен,  Шоқанның  осы  тақырыпта  жазған

ғылми еңбектерінен көреміз.

Шоқан «қазақ, еліне тарай бастады» деп шошына қараған құдайшылдық,

оның биік шоқысы – сопылық, сол кезден еркектерді ғана емес, бірен-саран

əйелдердің  де  арасынан  ұшыраса  бастауына  қазақ  ауыз  əдебиетінде  толып

жатқан  дəлел  бар.  Осындай  алғашқы  сопылардың  бірі  –  Айжан  еді.  Оның

сондай қалпын Сырымбет саласында кездескен шағында да Шоқан байқап

қалған.  Қаршадай  қыздың  бойына  сопылық  сезімі  осынша  сіңуіне  қайран

қалған.


Одан  бері  де  Айжан  діндарлық  сезіміне  тереңдей  түсті.  Баяғы  Көкеш

заманынан оның қолында қалған жалғыз кітап, – Мұхаммет пайғамбардың

хадистерінен

құралған

«Мишкат

шари?»,


«Мишкаттың»

қатал


қағидасының  біреуі,  –  некесіз  ерге  əйелдің  жоламауы.  Жолай  қалса,

қияметтегі жазасы, қырық мың жылдық жаһаннамның жалынына өртелу.

Бұрнағы  жылы,  Сырымбет  саласында  Шоқанның  еркіне  берілген

Айжан, «Мишкат» қағидасын еске алатын еді де, ол азаптан қияметте қалай

құтылудың  шартын  іздейтін  еді.  Ол  шартты  да  «Мишкаттан»  тауып,  «егер

сол  еркекке  некесі  қиылса,  азаптан  арылады»  деген  рауаят  көрген  еді,

сондықтан  қайткенде  де  Шоқанмен  некеленің  одан  кейін  «хала  жұфты»

болып өмір бойы отыра беруге бейіл еді.

Сондай  ойда  жүргенде,  Имантау  түбінде  екінші  рет  ауыр  күнəға  батуға

тура келді.

–  «Тентектің  ақылы  түстен  кейін  кіреді»  дегендей,  Айжанның  тентек

сезімі  санасына,  тек,  Шоқанмен  ғашықтық  құмарын  басқаннан  кейін  ғана

оралып,  қайталанған  «қылмысына»  көңілі  күйзеле  қалды  да,  «тəңірі

алдында  бұл  күнəма  не  деп  жауап  берем?!»  деген  оймен,  Шоқанның

аймалаған  ыстық  құшағына  бөленіп  жатып,  жылап  жіберді.  Шоқанның

«бұның  не,  Айым?!»  деген  сұрауына,  біраз  жалындырып  алғанша  жауап

бермеді Айжан; Ақыры шынынан ақтарылды.

Айжанның  жан  жүрегі  езіле  ақтарған  сыры,  Шоқанға  ертегі  естігендей



ғана сезім берді.

Кадет  корпусына  түсіп,  кітапты  меңгере  бастаудан-ақ,  оның  ерекше

көңіл

бөлген


бір

мəселесі

философия

болатын.

Бұл

жайдағы


шығармалардың  арғы-бергілерімен  таныса,  өз  заманының  ой  мөлшері

философияны  спиритуализм  жəне  материализм  деп  екі  салаға  бөлетінің

алғашқысы  –  материялдық  негізі  жоқ  қиялдар  екенің  соңғысы  –

материяның болмысына байланысты екенін ұққан.

Материалистер  аталатын  ғалымдардан  Шоқанға  ерекше  ұнағаны  –

француздың  он  сегізінші  ғасырдағы  ойлысы  Жан  Мелье.  Шет  елдердің

өзгелерінен  гөрі  француз  тілін  жақсырақ  білетін  Шоқан,  ол  халықтың

шығармаларын  түп  нұсқасынан  оқуды  ұнататын  еді.  Мельені  де  сөйтті  ол.

Оның  «Өсиет»  аталатын  кітабымен  өз  тілінде  танысты.  Табиғаттың,

қоғамдық  тұрмыстың  барлық  мəселелеріне  де  материалистік  көзбен

қарайтын  Мельенің  ойынша,  –  еркек  пен  əйел  жыныстық  қарым-

қатынастарында  ерікті  болу  керек  ұнатысса  бірге  тұрын,  ұнатыспаса

ажырасу  керек;  оның  ойынша  «неке»,  «талақ»  дегендер,  қажетсіз,  жалған

жұмыстар;  «махаббат»  деген  де  жоқ,  тек,  адам  мен  адамның,  олардың

ішінде  еркек  пен  əйелдің  бір-біріне  сенісіп  дос,  болулары  ғана  бар,  ол  да

мəңгілік емес, сенуіне күдік туғанша ғана.

Мельенің  осы  пікірін  қабылдайтын  Шоқан,  кейін,  неміс  философы  –

Людовиг  Фейербахтың  «Христиан  дінінің  сыры»  атты  еңбегін  оқығаннан

кейін, діннің махаббатқа деген пікірінен көңілі тіпті суып, бұл мəселеде де

барып тұрған атеистік ойға тоқырады.

Сондай  ойдағы  Шоқанның  түсінігінде  тіршілік  мəселесінде  ислам  діні

дін атаулының ең керітартпасы.

Сол  пікірді  қуаттайтын  ол,  дінге  шын  ықласымен  сенетін  Айжанның

неке туралы ұғымына қалай қарап, не жауап беруі керек?

Ойлап  байқаса,  осы  төсектің  үстіндегі  қазіргі  мəселе,  дінге  сену,

сенбеуде  емес,  «Айжан»  атты  бір  жəндікті  өлтіру  ме,  өлтірмеу  ме"?  Оның

сыр əлпетін бақса, некесі қиылмаған жағдайда тірі тұрар ойы жоқ...

Ондай  ойымен  есептеспеу,  əлсіз  бір  жəндікті  аяғымен  езе  салғандай

болар  еді.  Ондай  ойға  тоқырауға,  өзін  адамгершілмін  деп  санайтын

Шоқанның ары бармады.

«Нем  кетіпті,  –  дегенге  тірелді  оның  ойы,  –  қидырсақ  қидыра  берейік

некені; ар жағын көре жатармыз».

Сопы қыздың шыдамын оның сынағысы да келді. Сондықтан:

– Оқасы не оның? Қидырамыз да тастаймыз! Бірақ, жасырын ба, жария

ма?


Бұл  сөздер  Шоқанға  жеңіл  болғанмен,  Айжанға  ауыр.  Неке  қиюдың

шарты,  –  қастарында,  ең  кемі  екі  куə  болу  керек.  Ол  куəлар  бұл  оқиғаны

елге таратып жібермесіне кім кепіл? Оның аты да «жария» емей немене?

Ал,  жарияға  Шоқанның  да,  Айжанның  аяқ  басқысы  келмейді,  ендеше

некелері де қиылмайды, оның аты, – бұдан былай да күнəға бата беру...

Осылай ойлаған Айжан, ыстық сезіміне суық су төгіліп, ғашықтық оты

сене  қалғандай.  Шоқанның  құшағынан  күштегендей  сытылып  шықты  да,

кроваттан  жерге  ырғып  түсе  қалды.  Бұл  қылығына  түсінбеген  Шоқан,

Айжанның артын ала жерге түсіп:

– Бұл не, Айым?!.. – деді.

– Қайтам, Қанаш!

– Қайда?


– Мекеніме.

– Осы емес пе, мекеніміз?

– Бұл сіздің мекеніңіз.

– Сенікі де болса қайтеді?

– Болмайтын іс ол.

– Неге?!


Айжан  жауап  қайтармай,  босануға  бұлқына  берді.  Ана  жылы  көргенде

де,  қазіргі  құшағына  алған  кезінде  де,  Айжанның  денесі  Шоқанға  нəзік,

əлсіз сияқты еді, мына алысуына қарағанда қарулы екен; оған əлі келмеген

Шоқан  алысам  деп  алқынып  қалды.  Шоқанның  құшағынан  əрең  босаған

Айжан  тағы  ұмтылуына  ұстатпай,  есіктен  шыға  қашты.  Қууды,  я  қумауды

білмеген  Шоқан,  қараңғы  үйде  аңынан  адасқан  тазыдай  аңырып  тұрып

қалды...

Құлағы  қояннан  да  сақ  Жайнақ,  Айжан  мініп  келген  аттың  дүсірінен

мана  оянып  кеткен  еді  де,  содан  кейін  қараңғы  үйдің  ішінде  нелер

болғанын түгелімен сезіп жатқан еді. Келгеннің қарындасы екенін де алғаш

шамалаған  ол,  сыбырлардан  анығына  көзі  жеткен  соң  сөздеріне  тек  қана

құлақ түріп, сүйіспендік əрекеттерінің, арты неге соғарын бақылаумен ғана

өп-өтірік  ұйықтаған  бола  қойған  еді,  сөйтіп  жатқанда  Шоқан  мен

Айжанның  арасында  алыс-жұлыс  басталуына  қайран  ғап,  Айжанды

Шоқанның  тоқтата  алмауына  көзі  жеткен  кезде  орынан  атып  тұрып,

қарындасына  ұрсуға,  тоқтатуға  көңілі  соғып  кетті.  Бірақ  өйте  алмады.

Аралары көп жыл ажырап жүріп, сағынып көріскен қарындасын, жолыққан

сағатынан  бастап  үнемі  еркелетіп  ұстайтын.  Айта  берсең,  Шоқанмен



Сырымбет  саласында  қауышуын  түп-түгел  ести  тұра,  əйелі  –  Жұпар  ғана

болмаса,  өзі  бұл  жайлы  қарындасына  сыр  да  білдірмейтін,  ауыз  да

ашпайтын.  Соншалық  қадірлейтін  қарындасының  мына  құпиясына  қалай

қатынаспақ ол!..

Жұлқынған  Айжанға  күші  жетпей  амалсыз  босатқан  Шоқан  алқынуын

аздап  басқаннан  кейін  тысқа  шықса,  ала  көлеңке  бола  бастаған  далада

жайдақ мінген атты дүсірлете шауып, қараңдаған əлдекім кетіп барады...

«Айжан болар» деген ой келіп кетті, алыстай берген салттының артынан

қадала  қараған  Шоқан.  Артынан  естілген  сыбдырдан  сескенген  ол  жалт

қараса – Жайнақ!

– Неғып тұрсың, Қанаш?

– Жəй, салқындайын деп...

– Түн қапа емес қой?..

– Сонда да...

Ар жағын қазса былығын шығарып алармын дегендей, Жайнақ:

– Үйге кірейік, Қанаш, тоңазырсың! – деді.

Кейінірек, – деді Шоқан, – аздап салқындағым келіп тұр...

Айжан жайына оралайық.

Өзін  күнəкəр  жанға  санаған  ол,  бұл  маңайдың  таң  қараңғысынан

қалыңдап  алатын  бұлтты,  тəңірінің  өзін  жазалауға  жұмсайтын  құралына

санап,  нөсерін  құйып,  найзағайын  жарқыратып,  күнін  күркіретіп...

дегендей,  қаһарын  төккенше  панама  жетейін  деген  ойымен,  астындағы

атын тебініп, бар шабысына салды...

Зейнепке  келсек,  «тас  ұйқылы»  саналатын  ол  Айжанның  мана  шығып

кеткенін сезбей де қалған. Шəйді көп ішетін оның таң біліне түзге шығатын

əдеті болушы еді. Денесі далия семіріп кеткен Зейнеп, өз бетімен отырған

орнынан  тұра  алмайтын,  сүйемелсіз  жүре  де  алмайтын,  дəретін  де  өз

бетімен  ала  алмайтын;  бұл  əрекеттерінің  бəріне  де  Айжан  оған  жəрдемші

болатын.  Тысқа  шығарында  Зейнеп  оята-оята,  ақыры  белгілі  мезгілде

Айжан  оянып  алатын  дағды  шығарған.  Зейнептің  дəреттік  су  құйылатын

«тас құманы» іңірде жағылған оттың қоламтасында жылы тұратын. Отырса

тұра  алмайтын  Зейнептің  дəретіне  арналған  түбі  тесік  орындық  болатын...

Денесі жеңілдеу кезде намаз оқитын Зейнеп, ауырлай келе иліге алмайтын

болған соң соңғы кездерде ғибадаттан қалған...

Бүгін  де  бұрынғы  дағдысымен  таң  қараңғысында  оянған  Зейнеп,

Айжанның  бұл  кезде  сезілетін  күйбеңі  естіле  қоймаған  соң,  «бұ  несі?!»



дегендей аз жатты да, зəр қысып шыдатпаған соң:

– Айжан! – деді ақырын үнмен. Жауап жоқ. Қаттырақ атады, дыбыс жоқ!

Одан да қаттырақ атағанда, есіктен əлдекім кіре берді.

– Кімсің?! – деді Зейнеп.

– Менмін, Əя-апа! – деді даусы жіңішке əйел.

– Менің кім?

– Айжан!

– Қайдан келдің?

– Жəй... ішім бұрап... тысқа шығып ем...

Арғы  сөздерге  шыдамы  жетпеген  Зейнепке,  Айжан  күн  сайынғы

жəрдемін  көрсетіп,  төсегіне  əкеліп  қайта  жатқызды.  Бұған  дейінгі

дағдысында,  Зейнепті  жайғастырғаннан  кейін,  Айжан  намаз  оқуға

кірісетін...

Бүгін  өйтпеді...  Іші  бұрағанына  Зейнепті  сендіргісі  келгендей,  төсегіне

жатты  да,  қыңсылаған  дауыспен  ыңқылдауға  айналды.  Онысын  аурудың

азабына  жорыған  Зейнеп,  «неге  бүйтті  екен,  байғұс!»  деп  аяды.  Біраздан

кейін жылаған, өксіген дыбысы сезілді... «Қатты азаптанды-ау, байғұс!» деп

мүсіркей түскен Зейнеп:

– Айжан! – деді.

– Əу, Əя-апа!

– Жылап жатырсың ба?

– Иə, Əя-апа.

– Неге?

– Ішімнің бұрауы күшейіп...



– Бірдемеге орап ыстық қоламта бас!..

– Шыдап көрейін, Əя-апа, мүмкін басылар!..

Одан  əрі  сөйлесуге,  Зейнеп  дағдылы  қалпымен  маужырай  бастады  да,

кешікпей ұйқы теңізіне батып кетті. Айжан жылауын үдете түсті...

Сол  «сырқатынан»  Айжан  ертеңіне  де  айыға  алмады.  Зейнеп  іші

бұрауына  əлі  де  сенулі.  Бірақ,  неден  бұрағанын  білмейді,  өзінше  ас

жақпағанға  жориды.  Қасына  шақырып  ап  денесінің,  қызуын  байқаса  қол


тигізбейді... Не болды екен, бейшараға?!..

Айжанның  шын  қасіреті  неде  екенін  бұл  ауылдан  жалғыз  ғана  адам

сезеді,  ол  Шоқанды  жайғастыра  аулына  келген  ағасы  Жайнақ.  Əйелі

Жұпарға  айтпайтын  оның  сыры  болмайтын.  Өткен  түні  көрген-білгенін

Жұпарға  түгел  кейітіп  берген.  Жұпар  ғашықтық  дегеннің  не  екенін  бұған

дейін  білмейтін,  ертегіден  естігеніне  нанбайтын.  Енді  байқаса  болуы  да

мүмкін сияқты. Өткен түннің оқиғасын естігеннен кейін, Жұпар бұл күдікті

ойын бекіте бастады.

Ал енді осы «сырқаттың» емі не?

Естіген  ертегілеріне  қарағанда  ғашықтық  сырқаттың  емі  бір-біріне

құмартқан екі жастың өмірлерін біріктіруі.

Сондай халге жете ала ма Айжан?

Жұпар да, Жайнақ та бұл сұраудың жауабын таба алмайды...

Өлеңші  Жайнақ,  əлдеқайдан  «Жүсіп  пен  Злиқа»  аталатын  ғашықтық

жырын  жаттап  ап  айтып  жүретін.  Соның  бір  жерінде,  ғашықтығына

сенбеген Жүсіпке, «қамшыңды бере тұршы!» депті Злиқа; «Оны қайтесің?»

депті  Жүсіп,  «сабына  үрлеп  қана  берейін»  депті  Злиқа.  Жүсіп  «мə»  деп

берген  қамшының  сабына  Злиқа  үрлеп  қана  қайтарғанда,  Жүсіптің  қолы

қолдырап  күйіп  қапты.  Злиқаның  ғашықтығына  сонда  ғана  сенген  Жүсіп,

содан кейін үйленген екен дейді.

Бұл  –  бақытпен  аяқталған  оқиға.  Ал,  «Лəйлі  –  Мəжнүн»  аңызында,

Лəйліге қосыла алмаған Ғабдүлуəли жынданып, «Мəжнүн» аты байланған.

Осы  тақырыпта  «Науан  шығарыпты-мыс»  дейтін  төмендегі  елеңді

Жайнақ айтып жүреді:

Баласы Қасым патша Сейфіл-Мəлік,

Фəһімлə бұл сөзімді жадыңа алып,

Қаншама су жүзінде көрген бейнет,

Бəдиғұл-Жамал үшін сафарлаяып.

Ғараптан Ғабдулуəли жиһан кезген,

«Мəжнүн – Лəйлі» деген ат байланып.

Алардан ғибрат етіп жазамын хат,

Қалмайды ашық сөзден көңілде тат.



«Əміре Ғашық үшін қандай болды,

Түсінде көрінумен бір феризат.

Злиқа Жүсіпке де болған көп зар

Осындай шын ғашықтар əр елде бар.

«Тағдырдың тадбирі жоқ» деген рас,

«Лəуле күн лəмиə халиқ» хадисте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет