АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет49/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

35  ұрпағына  қалай  қарайды  екен?»

деген.

Шыңғыстың  Сұлтанғазы  туралы  көрген-білгені  жоғарғыдай.  Естуінше,



қайсысы  екені  мəлімсіз,  ағайынды  Əбəйділда,  Аппастың  балаларынан

біреуі, астыртын түрде Петербурға ат ізін салыпты-мыс» деген қауесет бар.

Тіміскілеп  байқаса,  Əбайділданың  «жастай  қағынған»  аты  шыққан

Қашқымбай  деген  баласы  болса  керек.  Қайсысы  барса  да,  əкелерінің

өлердегі  өсиетін  Сұлтанғазыға  айтпады  деймісің?  Оның  Шыңғысқа

жоламау себебі сол кегін қайтарғысы келмеуіне кім кепіл?..

Ол жағын құдайға тапсырған Шыңғыстың қаупі – «патша сарайына кіріп

жүрген кəпір, Шоқанның есу жолына кедергі жасамаса неғылсын?!»

Шоқан  депутацияға  еріп  Петербургтағы  тойға  барар  болса,  «анау  кəпір

құсыттық  жасап,  жазымға  ұшыратар»  деп  бір  сескенетін,  «патша

жұмсағалы  отырған  сапарына  кесір  келтірмесе  не  қылсын?!»  деп  екі

сескенетін  Шыңғыс  Шоқанды  той  сапарына  қайткенде  ертпеу  тəсілін  таба

алмай қатты қиналды.

Ондай  тəсілді  Гасфорт  тапты.  Оның  да  Шоқанды  адъюданттықтан

жоғарылатқысы  келетін  хұлқы  жоқ.  Сол  ниетіне  қарай  жан,а  патшаның

қабылдауында болған оның құлағына жамандау бір сөз де шалынған еді.

Шоқанның  Орта  Азияға  жұмсалуы  жайында  кеңесіп  отырып,  Гасфорт

патшаға оны асыра мақтап алды да. соған сеніп қалған патшаның аузынан:

–  Россияға  бағынышты  елдердің  əрқайсысынан  біздің  таққа  шын

берілген  адамдар  болса,  елінің  тізгінін  соған  ұстатқан  жөн.  Мысалы,

Кавказда,  Балтикада,  Кіші  орыста  солай  болып  жүргенін  білесіз.  Егер

Валиханов  бұл  сапардан  абыройлы  келсе,  сібірлік  қазақтарды  басқару  ісін

сотқа неге тапсырмасқа? – дегенді айтып қалды.

Гасфорт  бұл  сөзден  іштей  сескенген  еді.  Ол  өзін  Батыс  Сібірдің,  оның

ішінде сібірлік қазақтардың «жарты патшасымын» деп есептейтін кісі, реті

келсе осы қызметінде өле-өлгенше тұра беру ниеті де бар. Сондай көңіліне,

патшаның  сөзі  тікендей  қадалып,  Шоқан  туралы  арам  ойын  іштей

тереңдете түсті.

Бұған дейін, Орта Азияға жұмсалатын Шоқанның қатерлі сапардан аман

оралар-оралмасын  болжай  алмаған  ол,  енді  келмес  сапарға  кетуін  де



болжалдай  бастады.  Онысы  –  Орта  Азиядан  аман  қайта  қалса,  тарихтың

сол бір кезеңінде, ішіне кіруге ешбір сыртқы мемлекеттердің тұмсығы бата

алмай  жүрген  Орталық  Азияға,  оның  ішінде  «Шығыстық  Бұхара»36

аталатын  өлкеге  жіберу.  Одан  аман  қайтпауына  сенімі  берік  сияқты.  Сырт

естуінше,  ол  өлкенің  қазіргі  ханы  –  Уəлихан  тере  Европадан  барған

оқымысты  адамдардың  басын  кеседі  де,  бас  сүйектен  жасаған  күмбезіне

іліп қояды.

Гасфорттың осы арам ниетінің ішкі мəнін аңғармаған патша да мақұлдай

кетті.


ТОЙ САПАРЫ

Гасфорт  той  сапарына  əзірленіп  болдым  деп  шамалаған  шақта,  баруға

тиісті депутацияның Петербургқа жолданған тізімі де бекіген күйінде келіп

қалды. Бұл, «шілденің сарша тамызы», аталатын ыстық күндер еді.

Тойға баратын қазақтардан, жалғыз Шыңғыстан басқа орыс тілімен нан

сұрап  жер  біреуі  жоқ.  Тілмаш  бола  алмауын  Шыңғыс  серіктеріне  күн

бұрын  ескертіп,  «өліп  баратырмын  десеңдер,  ауыздарыңа  орысшылап  су

тамыздырмаймын», – деді.

Енді кім бар?

Бүкіл  сібірлік  қазақтар  ішінде  оқығандардан  орыс  тілін  білетін  жалғыз

Шоқан  ғана.  Оның  бұл  сапарға  бармауы  мəлім  болды.  Не  себепті  екенін

Шыңғыс  жасырмай,  бір  жағынан  мақтаныш  көріп,  «жаңа  патшаның

арнаулы  тапсырмасын  орындауға  қалады»  деген  сез  таратты,  «өзім  де

білмеймін,  тегі  аса  құпия  болу  керек»  деп,  не  тапсырма  екенін  айтпады.  –

«Шоқындырады»  деген  үреймен  орыс  оқуынан  қашқалақтап  балаларын

школаға  бермей  келген  сұлтандар,  қателіктерін  енді  ғана  түсінді.  Шоқан

соны  пайдаланып,  жер-жебірлеріне  жете  ұрысты  да,  ұялған  сұлтандар

«осыдан  аман  қайтсақ  па?  Ұл  балаларымызды  шетінен  орыс  оқуына

берерміз! деп ант ішкендей болды.

Омбының тұрғын қазақтарынан орыстық тілін біліп, хатын білмейтіндер

бірталай.  Оларды  тілмаштыққа  ертуге  болмайды:  бəрі  де  ұсақты-ірілі

сауатсыз, сиықсыз сəудегерлер ғана.

Добшинскийден  аузы  күйген  сұлтандардың  татарша  білетін  орыс

тілмаштарына жолағысы келмейді.

Осы  жайларды  ақылдасқанда,  ең  қолайлы  адам,  Омбыдағы  мешіттің

имамы,  түмендік  татар  –  Халил  халфе  болып  шықты.  Ол  мұсылманша

білімді  Қарғалыдан,  орысша  білімді  Томскийден  алған,  сол  кезде  татар

арасынан  көріне  бастаған  зиялылардың  біреуі  еді.  Алыс  жолдарға  талай

шығып  ысылған  да  адам.  Жасы  отыздың  жуан  ортасында.  Осы

кандидатураға  Омбы  əкімдері  тоқырағаннан  кейін,  өзі  де  бұл  істе

ризаласқаннан кейін, Петербургқа баратын депутаттар атқа қонды.

Аза  сапарында  ауыр  бейнетке  ұшыраған  жолаушылар,  той  сапарында

кейістік  көрген  жоқ.  Ең  алдымен,  аза  жолында,  Омбыдан  Петербургқа

дейін  толассыз  төпеген  жаңбыр  той  жолында  бір  де  тамбай,  аспан  үнемі

жарқырады  да  тұрды.  Аза  сапарында  жолшыбай  ылау  міну  де  қиынға

соғып,  кей  жерде  əлденеше  түнеп  қалғандары  бар  еді.  Үкімет  орындары

ылаушылардың  сол  бейғамдығын  түзеткендей  той  жолының  өн  бойында

байланған  аттар,  қай  кезде  болса  да  даяр  тұрып,  жүргіншілерді  кідіріссіз

іліп  ала  жөнелді.  Осы  қарқынмен,  аза  жолына  жарты  айдай  уақытын


кетірген жолаушылар той жолында бір-ақ жұма жүрді.

Петербург  та  біздің  жолаушыларды  жылы  жүзбен  қарсы  алып,  бұлар

болған  он  шақты  күнде  «ақ  түн»  аталатын  жарқын  қабағын  бір  рет  те

жаппай үнемі жарқырады да тұрды.

Азаға  барған  қазақтардың  «шіркін,  осындай  үйге  біз  де  бас  сұғар  ма

екенбіз?!»  деп  арман  еткен  «Ангельтер»  мейманханасына,  той  сапарында

олар  да  түсті:  кейбіреулеріне  жеке,  енді  біреулеріне  екі-үш  төсекті

номерлер тиді. Бəрінің де барлық қажеті ішінде. Халил епті адам екен. Ол

бұрын  бұндай  орында  тұрып  көрмеген  бейбақтарға  «мынаны  былайша

пайдалану  керек!»  деп  номер  ішін  бəріне  де  түгел  таныстырып  шықты.

Асты кең бөлмеге даярлаған дастарқаннан бəрі тұтасып бір мезгілде ішетін

болды. Қандай тамақ əзірлету міндетін Халилге жүктеді. Əр бөлмедегілерді

ас кезінде жинап, азықтандырып тарату міндеті де сонда.

Омбыдан  аттанарда,  əр  сұлтанның  үйлерінен  əкеткен  дəмдерін,  «аш

болмайсыңдар»  деп,  Шоқан  зорлағандай  алып  қалған.  Жолшыбайғы  азық

ойдағыдай  болмай,  тек  ақ  жұмыртқамен  ғана  күн  көрген  қазақтар

Петербургқа олқы қарындау жеткен.

Петербург  олай  болмады.  Тойға  келгендерге  берілетін  ас  ағыл-тегіл.

Солардың  ішінен  қазақтардың  тағы  да  таңдағандары:  ақ  ірімшік  шикі

қаймақ, айран, сүт, май сияқты ақтан жасалған тағамдар, ал, еттен, шошқа

былай тұрсын, «пісмілдəсіз бауыздаған» деп құс, қой, сиыр сияқты «адал»

көретін  малдардан  да  алғаш  татпай  жүрді.  Оны  естіген  өкімет,  мына

«еркелігін» де көтеріп, сол маңдағы татар қасапшысына апарып, етке керек

хайуанды  көздерінше  бауыздатты.  Мейманхана  етіне  қазақтар  солай

үйренді.

Күннің  ашықтығы,  тілмаштарының  ептілігі  қазақтарға  Петербург

қаласын еркін көруге мүмкіндік берді. Мейманхана төңірегінде қонақтарға

арналған фаэтонды аттар тізіліп тұрады. Ат алудың да, жетекші алудың да

тəртібін  жақсы  білетін  Халил  халфе  астан,  ұйқыдан  бос  мезгілдерде

қазақтарға қаланы қыдыртады да жүреді.

Петербургты сонша көп қыдырған біздің қазақтардың ұққаны не?

Енді соған келейік.

Бірінші қаланың өзі туралы.

Бұған  дейін  олардың  еркін  аралап  көрген  ең  үлкен  қаласы  –  Омбы.

(Азаға келген жолы Петербургты аралай алмағаны есімізде).

Бейнелеп  айтқанда,  олардың  ұғымындағы  Омбы  сəулетті  сарай  сияқты

да,  онымен  салыстырғанда,  қазақ  қыстаулары  қой  қора  сияқты.  Ал,

Петербургты  аралағаннан  кейін,  оны  Омбымен  салыстырғанда,  «тамаша»



деп  таңданатын  Омбы,  бұның  қасында  қазақтың  қыстауы  деуге  сыятын;

Омбыдағы  екі-үш  қатар  үйлерді  «аспанмен  тірескен!»  деп  жүрсе,

Петербургтағы  кейбір  биік  үйлердің  төбесі,  əсіресе  ордалар  мен

шіркеулердің  мұнаралары  бұлтты  күндері  аспанның  ішіне  сүңгіп

тұрғандай;  Омбының  ең  биік  деген  шіркеуі  Петербург  шіркеулерінің  ең

аласасына

татымайтын;

Омбының


ордасына

саналатын

генерал-

губернатордың  кеңсесі  бұндағы  ордалармен,  əсіресе  қысқы  ордамен

салыстырғанда мая қасындағы «итарқадай»...

Ең  кереметі,  құрылыс  материалдары,  əсіресе  тастары.  Қазақтардың  тас.

атаулыдан  бұған  дейін  білетіндері,–  жергілікті  таулардың  орысша

«известняк»  аталатын  сұрғылт  тастары.  Былайша  ол  да  қатқыл

сияқтанғанмен,  атақты  қазақтардың  қабірлеріне  қойған  құлпылар,  ең  көп

дегенде  елу-алпыс  жылға  шыдайды  да,  одан  жел  мен  суға  желініп,

бұдырмақтанып іри бастайды.

Батыс  Сібірдегі  қазақтар  түгіл  орыстарды  да  жəне  басқа  ұлттарды  да

қайран  қалдырған  құлпы,  дəуірі  жүріп  тұрған  Айғанымның  ері  –  Уəлиге

Самарқаннан  əдейі  алдырып  орнатқан  «көкаласы».  Негізгі  бояуы  аспан

түсті  болған,  күн  сəулесіне.  шағылғанда  өңі  ойнақши  құлпырып  тұратын

бұл  тасты,  жақындағы  ауыл-село  адамдары  дамылсыз  шұбырып,  көруге

тоймауы  былай  тұрсын,  алыстан  əдейі  іздеп  келетіндер  де  аз  болмаған.

Сонда бəрінің бірауыздан айтары: – «Мұндай да керемет көрікті тас болады

екен-ау!..».

Біраз  жұрт  бұл  тасты  көре  алмай  арманда  қалды.  Ел  жайлауға  шығып,

қора есіз қалған бір жазда, тілеуі құрығыр əлдекімдер ұрлап əкетіп, із-түзі

табылмай қойды.

Басқа  тастардан  қазақтардың  көргені  –  мəрмəр  (мрамор).  Оны  да

Қызылжар,  Омбы  сияқты  қалалардағы  орыстың  моласында,  қазақтың

зиратында  атақты  адамдардың  қабіріне  қойылған  құлпылардан  ғана

кездестіреді;  жүзіктің  көзіне  орнататын  ұсақтары  болмаса.  өзге  түсті

тастардан олардың хабары жоқ.

Енді,  Петербургқа  келсе,  бұлар  көрмек  түгіл  естімеген  нелер  түсті

тамаша  тастар  аяқ  астында  шашылып  жатқандай.  Көбінің  беті  айнадай

жалтыраған. «Жаратылуы осылай ма, əлде қолдан майдалай ма екен?!» деп

таңданысады  қазақтар.  Қайсысы  болса  да  қаптап  жатыр.  Талай  үйлердің,

шіркеулердің  кейде  іргесі,  кейде  бүкіл  денесі  осындай  тастардан  өрілген;

кей  тұста  алаңдарға  да  төселген,  өзендер  мен  каналдар  арналары  да

кемерленген!.. Не деген көп, не деген ғажайып тастар!..

Бұндай əр түсті тамаша тастар «Исааки соборы» аталатын ғажап үлкен,

ғажап  биік  шіркеудің  тұла  бойында  тұнып  тұр.  Ол  қазақтар  орналасқан

мейманхананың терезелерінен айқын көрінеді.

Халилдің,  əркімнен  сұрастырып,  шала-шарпы  ұғуынша,  Петербург



қаласының  іргесі  1703  жылы  қаланған.  Сол  кезде  орыстар  шведтермен

соғысып  қап,  бір  арпалыста  «Бірінші  Петр»  аталатын  патша  жаудың

қамауында  қалса  керек  те,  батыр  серіктерінің  ерлік  қимылымен  əрең

құтылса керек.

– Сол күні, – дейді Халил, – Айса дінінде Исаак аталатын əулиенің туған

күні екен. Бұл, тегі ислам дінінде «Исхақ» аталатын пайғамбарға ұқсайды.

–  Астапыралда!  –  деп  қалды,  Исхақ  пайғамбарды  халфенің  кəпір

дініндегі əулиеге теңгеруін ерсі көрген қазақтар.

Халфе  оларға  Айса  дінінің  бас  кітабы  Интилде  (Евангелие),  одан  əрі

Мұса  дінінің  бас  кітабы  «Тауратта»  (Талмуд)  айтылатын  əулиелердің

аттары  «Құранда»  өзгеріңкіреп  қайталанатынын  баяндап  берді.  Халфенің

оқуы  көптігіне  ден  қойып  алған  қазақтар,  сене  қоймаса  да,  «солай  ма?!»

дей салысты.

–  Сонымен,  –  деді  халфе  Исааки  соборы  туралы  сөзін  жалғастырып,  –

аса  қатерлі  қамаудан  құтылуын,  Петр  Исаактың  жебеп-желеуінен  деп

санайды  да,  оның  құрметіне  қаланың,  орта  тұсынан,  ез  қолынан  қиып,

кішкене  ағаш  шіркеу  орнатады.  Сол  шіркеу  бертінге  дейін  келіп,  Павел

патшаның  бұйрығымен  қопарылады  да,  орнына  қымбат  тастардан,

қаладағы ең кең, ең биік ең көркем анау шеркеу тұрғызылады. Оның да аты

«Исааки соборы».

Халфе бұл шіркеу түгіл, бүкіл қаланың қандай қиындықпен орнауын да

сұрастырып  көрген  екен.  Оның  айтуынша  Петербург,  түбіне  сырық

бойламайтын былқылдақ саздың үстіне орнаған.

– Қалай?!..

–  Қара  майға  малшыған  қарағай  бөренелерді  астына  батыра  берген  де,

кептеліп болған шақта, үстіне тас төсеген.

– Кімдер батырған, сонша бөренені?!

– Құлдықтағы қара шекпендер, – деп Халил Россиядағы крепостнойлық

правоны  білгенінше  түсіндірді.  Бұл  жайды  естімеген  «орысты  орыс

құлданады»  дегенге  нанғысы  келмеген  қазақтар  күдіктене  əрең  иланып,

халфе сезін:

–  Сансыз  мың  құлдар  сөйтіп,  бұл  қаланың  іргесін  əрең  қалаған;  ауыр

азапта жыл сайын мыңдаған адамдар өле берген, олардың орнына тыңдары

үстемелей  қосыла  берген,  сонымен,  бұл  қала  өліктер  сүйегінің  үстіне

өскені

Қабір  үстінде  отырғандай,  қазақтар  «Астапыралда!»  деп  жағаларын



ұстады.

Исааки  соборын  сыртынан  шолғанда,  олар  екі  көрінісіне  таңдана

қарады: бірі, жуандығына үш-төрт кісінің құшағы əрең жететін, ұзындығы

зəулім ағаштың бойындай биік, қызғылт граниттен тұрғызған толып жатқан

тас  бағаналар.  Халфенің  айтуынша,  əлдеқайдағы  тұтас  тастан  жасалып,

мұнда домалаумен келген.

– Қалай?!

– Əрине, ездері домаламайды, адамдар домалатады.

– Қалай?!

–  Жаралған  жерінде  тұтас  тастан  қашалып,  діңгек  құлпына  келгенде,

көліктер  көтеру  түгіл  сүйрей  алмайтын  бұларды  былайша  əдіс  қолданып

тартады  екен:  əуелі  жерге  қаз-қатар  бөренелерден  жол  салынады,  соның

үстіне  тағы  да  бөренеден  торап  төселіп,  мыңдаған  адам,  суға  малшынған

жуан кендір арқанмен діңгектерді домалатады...

– Япырай, айласын-ай!.. Алыс жер ме екен, сонда?..

– Пəлен жүз шақырым болса керек – дей салды, жер мөлшерін білмейтін

Халил халфе.

Қазақтардың екінші таң қалғаны – Исааки соборының төбесіндегі толып

жатқан мұнаралардың үстінде жарқыраған жамылтқы. Бұндай жарқырақтар

өзге  шіркеулердің  мұнараларында  да,  адмиралтейство  аталатын  су  жолы

басқармасының  шпилінде  де,  кейбір  сарайларда  да  бар;  бəрінен  көбі

Исааки  соборында.  Қазақтар  ол  жарқырауықтарды  əуелі  жез,  я  бояу  деп

жүрсе,  сұрастыра  келе,  алтын  болып  шықты!..  Жəне  қоспасыз  саф  алтын

дейді!.. Халфе есіріп айта ма, анығы ма?

– Қалай жəне қайтіп үлгерген бұлай майдалауға?! – деген сұрауға, оның

да  жайын  білмеген  халфе,–  əкелуінен  майдалауы  қиын  деймісің?–  деп

жалтара жауап береді.

Қазақтарға  ең  түсініктісі  –  собордың  мұнараларында  күнге  шағылыса

жалтыраған жамылтқы.

– Қанша алтын жабылды екен бұл шіркеуге? – десе:

– Жүз жиырма пұт дейді! – деп жауап береді халфе.

Қалталарына  бес  сомның  алтыны  түсіп  көрмеген,  алтын  сақина  ілудегі

біреулерінде ғана кездесетін қазақтар:

– Шіркеу жұтып жатыр екен ғой, алтын атаулыны! – деп қояды.

Қазақтардың  Петербургта  ғана  көрген  бір  жаңалығы,  əр  тұсында

ұшырасатын  мүсіндер,  əсіресе  адам  мүсіндері.  Ондай  мүсіндер  болуын


көрмек  түгіл  естімеген  олар  алғаш  көргенде  «бұл  не  қылған  мақұлық?!»

деп  шошына  қарады.  Бойлары  үйреніп  тамашалаған  шақта  сұрастырып

көрсе,  өткен  уақыттағы  патшаларға,  батырларға,  ардақты  адамдарға

орнатылған  ескерткіштер.  Соларды  көргенде  біреулері:  –  «Біздің  нелер

қадырлы  аталарымыз,  қымбат  адамдарымыз  ескерткішсіз  өтті-ау!»  деп

өкіністі;  ислам  дінінің  шариғатында  «сүгірет  салу  харам»  деген  ұғым

санасына сіңгендері «кəпірдің өзімен кетсін бұлары», деп безінді.

Мүсіндер  ішінен  олардың  айран-асыр  боп,  айнала  жүріп  қарағаны,  –

«Мыс  сал  татты»  аталатын  Бірінші  Петрдың  ескерткіші.  Оның  аты  да,  ат

тұяғы  таптаған  жыланы  да,  адам  мүсіні  де  тірі  қалпындай!..  Қазақтардың

оған  таққан  жалғыз  міні,  аю  терісін  ат  арқасына  жаба  салған  Петрдің

жайдақ  отыруы.  «Ер-тоқымы  болса,  бұдан  да  артық  жарасар  еді!»  десті

олар ..

Қазақтар Петербургта көргендерінің бəрін кереметке санап, кейіне шала-



шарпы  түсініп,  кейіне  түсінбей;  бірақ  көре  беруге  құмартып  жүрген

шақтарында, «жаңа патшаның коронациясы37 мұнда емес, Мəскеуде өтеді-

міс»  деген  сыбыс  шықты.  Сол  сыбыс  расқа  айналып,  Москваға

баратындардың поезбен баратыны анықталды.

Поезд!..

Қазақтар  «от  арба»  деген  болады  дейді,  көліксіз  арба  оттың  қызуымен

жүреді дейді, сондай көп арбаның бірі біріне тіркесіп, рулы елдің жүгін де,

адамдарын да бір-ақ жола тиеп əкетеді дейді» деген ертегі сияқты хабарды

естігені болмаса, кездерімен көрген жоқ-ты. Өткен көктемде осы қаладағы

азаға  келген  олар,  «Петербург  пен  Мəскеу  арасында  темір  жол  салынып

жатыр  дейді,  үстінен  от  арбалар  жүре  бастапты  дейді»,  дегенді  естіген.

Өкімет  орындары  соны  көрсетуге  апармақ  болғанда,  алдына  барса  асап

қоятын айдаһардай көрген қазақтар сырттан қос-үрей боп, бармаған...

Енді, міне, сол от арбаға мінудің де реті кеп қалды. Енді бармасқа амалы

жоқ.  Сондықтан  «көппен  көрген  ұлы  той»  деген  мақалға  сүйеніп,  не  де

болса мінуге бел буды.

Темір  жол  Россияда  жасаң  құрылыс.  Оның  алғашқы  торабын  «жынды

патша»  аталған  Павел,  Петербург  пен  патша  селосының  арасындағы

жиырма  төрт  шақырымға  үйдірген  де,  рельсін  оның  баласы  –  бірінші

Александр  1835  жылы  жүргізген.  Содан  кейінгі  Петербургтан  Москваға

беттеген  темір  жол  торабын  бірінші  Николай  елер  алдында  ғана  төсетуге

кірісіп,  жолдың  аты  «Николаево»  қойылған.  Бұл  құрылыс  басталар

алдында,  темір  жолшы  инженерлер  Николайға  жолдың  салынар  жобасын

көрсеткенде,  сазды  ормандардың  құрғақ  тұстарын  аралап  кететін  қисық

сызықтарды Николай ұнатпаған да, «былай салынсын» деп, Петербург пен

Москва  арасында  линейкамен  түп-түзу  сызық  тартқан.  Оны  орындамауға

хақы жоқ құрылысшылар, шығыны жəне бейнеті ез жоспарларынан екі-үш

есе артып кететін жол ісіне кіріскен. Тез бітуі қиындаған жолдың қызығын



көре алмай, кенеттен өліп кеткен Николайдың ісін, тағына отырған баласы,

екінші Александр жалғастыра берген. Оның бұйрығы – өзінің таққа отыру

тойына  бітіру.  Бірақ,  «үйдегі  көңілді  базардағы  нарық  бұзыпты»  той

қарсаңында Николай темір жолының тең жартысына ғана рельс төселіп, ар

жағы бітпей қалған. Оны тойға дейін бітірудің амалы жоғын көрген патша,

құрылыс  ісін  той  тарағанға  дейін  доғарып,  қонақтарын  біткен  тұсы,  –

Боровичи  станциясына  дейін  поезбен  апарып,  одан  əрі  ат  көлігіне

ауыстыратын болған.

Жолаушылар  поезға  Петербургтың  «Николаево»  вокзалынан  отырды.

Ішіне  көп  кісі  отыратын  вагон  қазақтарға  Сібір  селоларында  «бес

қабырғалы» аталатын ағаш үйден əлдеқайда үлкен сияқтанды.

Поезд  қозғалғанша,  «басымыз  айналар,  құлармыз»  деген  қауіппен

оларда  зəре-құт  қалған  жоқ.  Сөйтіп  отырғанда  составтың  қалай  қозғалып,

қалай жүріп кеткенін аңғармай да қалды. Біраздан кейін «неге теңселеміз»

деп терезеден қараса, қоршаған ормандар, кездескен үйлер ағын судай арт

жаққа зымырап барады!..

Петербургтан  түн  ортасында  аттанып,  «жарты  жолда»  дейтін

Боровичиге тан, сібірлей жетті.

Пар-пар  жегілген  аттар  ол  арада  даяр  тұр  екен.  Жолаушылар  қанша

болса  да  жеткілікті  жəне  бəрі  де  əлекедей  жаланған  жарау  арғымақтар,

арбалары солқылдақ фаэтондар...

Поездан  арбаға  міну  оларға  тамұқтан  жұмаққа  шыққандай  болды.

Солқылдақ  арбаның  жұмсақ  жүрісі,  поезда  кірпік  қақпай  келген  олардың

қалғуына  бөгет  болған  жоқ.  Шала  ұйқылы  олар,  ылау  аттарының

жолшыбай  бірер  ауысуын,  өңі  емес,  түсі  сияқты  сезді.  Сөйтіп  Москва

шетіне қалай кіруін аңғармай да қалды.

Москва!..

Бұл сезден жолаушылардың, ұйқысы ашылып кетті.

Өйтпегенде ше?..

Соңғы  мың  шақты  жылдың  ішінде,  бұл  қаланың,  ең  алдымен  оның

дəуірлеуіне дейін бытыраңқы өмір сүріп келген орыстардың басын қосып,

күшті  мемлекет  жасауын,  одан  кейін,  жылдар  өте,  жан-жағын  көбірек

қармап, көршілес елдерді қосу арқылы, қазір дүние жүзіндегі ең үлкен, ең

айбынды  қалаларының  бірі  болуын,  бұл  жолаушыларда  білмейтіндер

кемде-кем.  Ол  қазір,  кең  байтақ  Россияның  жау  жеңе  алмайтын  алып

астанасы.  Кейінгі  ғасырларда  Петербург  та  астана  атын  алғанмен,

білетіндердің айтуынша Москва – үлкен орда да, Петербург оның отауы.

Сондай  Москваның  көшесіне  кірген  жолаушылар,  жан-жағына  алақтай



қарап, Петербургпен салыстыру ойында болды...

Қазақтардың шамалауынша да, Москва шынында да үлкен орда сияқты

екен.  Оның  көшелері  тарлау,  үйлері  қоңырқай,  бойы  дембелше

сияқтанғанмен,  бəрі  де  салмақты,  ауыр,  ұсқынды  көрінеді.  Бұнымен

салыстырғанда,  Петербург  жаңа  үйленген  жac  жігіттің  сəнді  отауындай

əлем-жəлемі, жарқ-жұрқы көп.

Біреулердің  Москваны  «далдиған  деревня»  деулері  де  қисынға  келетін

сияқты.  Жолаушылар  Петербургты  да  үлкен  деп  жүрсе,  Москваның

үлкендігі оның əкесіндей!..

Оның  тарлау,  қиғаштау,  біріне-бірі  жалғасқан  ұзын  көшелерін  аралап

ұзақ  жортқан  қазақтардың  Кремль  көрінген  шақта,  есіне  аталарының

«таусылмайтын  жол  болмайды,  табжылмайтын  ел  болмайды»  деген  мақал

түсті.

Кремль!..



Москвада  ондай  қамал  барын  Шыңғыстан  басқа  қазақтар  естіген  жоқ

екен. Ол туралы, баяғы офицер шағында естігендерін Шыңғыс серіктеріне

шала-шарпы баяндаған болды. Сөйте тұра, таңдана қараса, биік қабырға əр

тұсында  төбелері  сүйриген,  үстіңгі  жағы  кетіктенген,  түсі  қоқыр  күрең

мұнаралар!..

Халфе  қанша  білгішпін  дегенмен,  Кремль  тарихын  қазақтарға  баяндап

бере  алмады.  Оның  бар  білетіні,  –  он  төртінші  ғасырда  Едіге  бастаған

алтын  ордалықтардың  осы  қамалды  бір  жаз  бойы  қамап  жатуы  екен.

Халфенің  ұғымында,  «алтын  орда,  татар  ордасы.  Үш  жүз  жылдай  дəурен

сүрген  ол  орданың,  сол  жылдарда  орыстың  да  бірталай  өлкесін  билеген

татарлар». Санасында татаршыл ол:

–  Сонда,  –  деп  мақтанды  қазақтарға,  –  татарлар  осы  Кремльді  қоршай

қамап  тұрған  шақта,  сырт  жағынан  басқышпен  жоғары  өрлеген

аталарымыздың басына іштен қорғанушылар қайнаған су төгеді екен.

Халфенің  айтуынша,  Москвада  татарша  аталатын  біраз  орындар  бар,

мысалы:  «Яуза»  аталатын  өзен  «жауыз»  дегеннен  шыққан.  «Арбат»  деген

көше, «арба» жəне «ат» деген сөздерден құралған, тағы тағылар...

Солардың  біреуі  Кремльдің  күнгей  жағын  жағалап  ететін  «Москва»

өзенінің  орысша  «Балчуки»  аталатын  жағасы  еді.  Ол,  түрікше  «балшық»

деген сөз болса керек бертінге дейін сазданып жататын саян, болыпты.

Тойшыл

қонақтардың



қайсысы

қайда


орналасуы

күн


бұрын

белгіленгенде, қазақтарға бір саудагердің Балчукидегі «Тоқырау» аталатын

ағаш  үйі  бір  жұма  тұрады  деген  есеппен  қырық  үш  сом  елу  тиынға

жалданған.  Сондағы  сметасы  қызық:  жаз  болса  да  отын  керек  деп,  жағуға



төрт  саржан  кетеді  деп,  саржан  басына  бес  сомнан  алған;  өзеннен

бөшкемен  су  əкелуге  үш  сом,  сəкі  жуушының  күніне  50  тиыннан,  үш

жарым  сом,  көйлек-көншекті  жууға  бір  кісіден  25  тиыннан,  барлығы  екі

жарым сом, шам құятын бір пұт тон, майға төрт сом елу тиын, жан басы –

он сом.

Қазынадан төленген бұл шығынның сметасын, сарай шаруашылығының



министрі граф Олденбург бекіткен.

Бір  заманда  тал,  терегі  араласқан  қалын,  тоғайға  бөленген  Балчукиге

бертінде  үйлер  салынып  орманы  сиреген  екен.  Дегенмен,  Петербург

төңірегімен

салыстырғанда

айналасы

жалпақ

жайлау


сияқтанып,

қазақтардың  тыныстары  кеңейіп  кетті.  Халфе  оларды  Москвада  да

жетектегісі  кеп  еді,  «бəрі  бір  қала  көрінеді  ғой»  деп  ерінген  қазақтар  көп

жүре  қоймады.  Іштерінен  «бəрі  бір  емеске»  санайды.  Петербургтың  биік

үйлері біркелкі, ал Москвада арбиған биік үйлердің арасында, көп түйенің

арасындағы қой-ешкі сияқтанған ұсақтары да кездесе береді екен.

Коронация  кешіккен  жоқ.  Оның  Никольский  соборында  өтетіндігін

оқырмандарға  ескерткеміз.  Ендігі  мəселе,  өздеpiн  мұсылманға  санайтын

қазақтардың,  шіркеуге  кірер-кірмесі.  Баяғы  Омбыда  оқып  жүрген

жылдарында,  «шіркеуде  шоқыну  қалай  болады  екен?»  деген  оймен,

көлденең  мұсылмандардың  көзінен  жасырынып,  Шыңғыс  сан  рет  кірген.

Имамға  ұйыған  мұсылмандардың  намазға  үнсіз  қимылдай  беруімен

салыстырғанда,  христиан  дінінің  əндете  өткеретін  құлшылығы  Шыңғысқа

қызық көрінген.

Коронацияның  құлшылығы  жайшылықтағыдан  əлдеқайда  қызғылықты

болуға  тиісті.  Ал,  соған  қатынасайын,  көрейін  десе,  серіктерінен  бата

алмайды.  Ислам  дінін  шалағай  білетін  олар,  шетінен  фанатик  сондықтан

шіркеуге сүйресе кірер түрлері жоқ.

Генерал-аудитор, князь Чернышев басқарған той комиссиясы, мұсылман

қонақтардың  жайын  ойлап,  корония  уақытындағы  патшаға  арналған

құлшылықты  Москвадағы  татар  мешітінде  еткізуді  ұйғарды.  Сонымен

қатар,  шіркеуге  де  кіремін  деушілердің  қолына  пропуска  тапсырды.

«Қайтер екен?!» дегендей, бірін-бірі бақылаған қазақтар түгелімен мешітке

кетті  де,  шіркеуге  барғысы,  коронацияны  көргісі  келген  Халил  халфе,

бірдемені сылтау ғып, тобынан қалып қойды.

Коронация  біте,  Балчукиде  бастары  қосылғанда,  Халил  шіркеуде

болғаның коронация қалай болғанын қазақтарға қысқаша айтып берді:

–  Шіркеудің  де  мехрабы  болады  екен,  –  деді  ол,  бұған  дейін  де  талай

көргенін  жасырып,  –  орыстар  оны  «алтарь»  дейді  екен.  Терінде  қымбат

тастармен, алтынмен безенген тақ тұрады екен, сол жағында сүйеген таққа

лайықты,  келтелеу  асай-мусай,  оны  «скипетр»  дейді  екен.  Оң  жағында,

төбесінде  кіреші  бар  алтын  топ,  оны  «держава»  дейді  екен,  тақтың



төбесінде əлгі қымбат мүліктермен безенген тəж...

–  Сонымен?  –  деді  «коронация»  дегеннің  қалай  болатынын  тезірек

естігісі келген қазақтар.

–  Шіркеуге  чиндерін  тағынған  халық  лық  толған  шақта,  «орган»

патшалық гимнді ойнай жөнелді.

– «Орган» дегені не екен?

– Сіздер көрмеген, айтқанмен түсінбейтін күй сандық... Күйдің орысша

аты – «музыка».

– Гимні не?..

– Мақтауға арналған əн-күй...

– Бөлмеңдер сөзін!.. Сонымен?..

–  Ойналып  жатқан  тамаша  күйді,  əлдекімнің  «Ұлы  император!»  деген

күшті даусы бөліп жібергендей болды, бірақ күй онымен доғарылу орнына

күшейе ойналды. Шеркеу толған жұрт, қолдарын кеуделеріне қоя, бастарын

ие қалды...

– Өзін, қай тұсында тұр ең?

Мақсатым патшаны көру болған соң, таңда жақындау тұрам да...

– Əрине. Бірақ жолатты ма, оған?

– Қарамадым, жолатқан-жолатпағанына. Əскерлік адамдардың «қайда?»

деп қақпайлауына қарамастан көздерін тасалай жылжи бердім де, «осы тұс

жетер» деп тоқтадым.

– Иə, сонан?..

–  Жұртпен  бірге  мен  де  басымды  игенмен,  көз  қиығым  –  тақта.  Сөйтіп

тұрғанымда,  жарқылы  көп  желең  жамылған  біреу  бастаған,  сондай

жарқырақ киімділер жəне поптар қоршаған біреу, арғы сыртқы есіктен бері

қарай көріне берді.

– Патша болмағай да алдыңғысы!..

– Портретіне көзім қанған патшаны тани кеттім...

– Ие, ие?..

– Ол етегіндегі аз ғана басқышпен көтерілді де, таққа отырды. Сол кезде

«архирей»  аталатын  ақсақалды  жас  поп,  тақ  төбесінде  тажды  көтеріп  ап,

патшаға  ұсынды.  Таж  киген  патша  түрегеп,  «державаны»  он,  алақанына



көтеріп, аса таяқты сол қолына ұстатты... Содан кейінгісін көруге де, естуге

де  болмай  қалды:  азан-қазан  шулаған  əндету  мен  күйлер  құлақты

тұндырып  жіберді...  Жұрт  сапырылыса  бастап,  патша  төңірегін  жауып

жіберді!..

–  Осы  көргенің  де  аз  емес!  –  деп  қазақтар.  –  Біз  оны  да  көре  алмадық

қой!..


Содан  кейін,  «біз  неге  бармадық  соған?»,  «сені  кім  тоқтатты?»  деген

сияқты өкінішті, даулы сөздер халфенің құлағын керең ғып жіберді.

Ертеңінде  жаңа  патшаның  таж  киюіне  байланысты  Кремль  қасындағы

Қызыл  алаңда  əскери  парад  болды.  Қазақтар  бұл  кезде,  бір  жүйелі

қонақтардың арасында Қызыл алаңның теріскей жағында «Қытай қаласы»

аталатын бөлшекті орай қоршаған аласалау қамалдың, төбесінде тұрған еді,

сондықтан олар əскери парадты мейлінше айқын көрді.

«Парад»  деген  сөзді  олардың  бірінші  естуі.  Оның  не  екенін  алдын  ала

білетін адамдардан сұрастырып түсінген.

Бірақ,  есту  бір  басқа  екен  де,  көру  бір  басқа  екен.  Естігенде  тез  көруге

құмартқан  қазақтар,  көрген  шағында  естерінен  танғандай  болды.  Олар

Қытай  қаласының  төбесіне  парад  баталардан  бұрын  күн  шыға  кеп

орналасқан  еді.  Оған  дейінгі  əсерлері,  таң  біліне  күмпілдеген  соғыс

оркестрлері,  тұтаса  жаңғырыққан  күшті  үндерімен  қаланы  басына

көтергендей  болған.  Бұндай  оркестрдің  кішірек  түрін  олар  Омбыда  да

көрген.  Бірақ,  хайуанатқа  салыстырғанда,  Омбынікі  –  тышқан  сияқты  да,

мынау  –  түйе  сияқты.  Осы  үн  үсті-үстіне  үдей  түсіп,  бұрын  мұндайды

естімеген  қазақтар  түгіл,  Москваның  да  құлағын  керең  ғып,  өзге

дауыстардың бəрін құмықтырып тастады...

Парад  сəскеге  жақын  басталды.  Сол  кезде  Қызыл  алаңның  жан-

жағындағы  көшелерден  əскерлік  қосындардың  əр  түрі  қаптай  бастағанда,

тұтасқан қалың қимылдан қазақтардың басы айналғандай болды...

Бір  кезде  қимыл  басылып,  төңірек  тыныш  бола  қалды.  Сонда  қызыл

қақпадан  ақ  арғымақ  аттар  ойнақшыған  жарқылдақ  киімді  бір  топ  салтты

шоқытып шыға келді.

Қақпадан  шыққандар,  сапта  қатып  қалған  əскерлік  қосындардың  ашық

Кремль жақ алдынан шоқытып етті. Даң-дұң дауыстар естілді. «Əскер мен

патшаның сəлемдесуі» десті біреулер. Сəлемдесу тұтасқан гуілге айналды.

Патша  тобы  қақпаға  қайта  кірді  де,  аздан  кейін  Кремльдің  бергі

қабырғасына  тақтайдан  уақытша  жасаған  кең  мінберге  арғы  іштен

əлдекімдер көтеріле бастады.

«Патша!..»  «Семьясы!..»  «Туыстары!..»  «Нөкерлері!..»  деген  сездер



естілді  жан-жақтан.  Оркестрлер  бұрынғысынан  да  күшейе,  гүжілдей

жөнелді...

Сол  кезде  Кремльдің  куранты  сағат  онды  соқты  да,  «патшаны  сақтай

гөр,  тəңірі»  күйін  ойнап,  ол  аяқталғанда,  соғыс  министрі  князь

Долгоруковтың  командасымен,  тастай  қатқан  əскерлердің  қимыл  маршы

бастала жөнелді. Оркестр үдей түсті.

Бұл  қимыл  қазақтарға  үлкен  бір  теңіз  толқығандай,  өздері  соның

топанына тұншыққандай əсер берді.

Одан əлдеқайда мол, əлдеқайда ұсқынды парадты қазақтар Петербургта,

Марсовое поле аталатын алаңда көрді.

Москвалық  парадқа  сол  қаланың  жергілікті  гарнизоны  ғана  қатынасқан

еді,  ал  Петербургтағысына  Россияның  құрғақтағы,  судағы  қарулы

күштерінің  барлық  түрлері  де  қатынасты.  Соған  қараған  қазақтардың  бір

ауыздан айтқаны:

– Осындай қалалары, осындай өнері, осындай əскері, осындай қаруы бар

елге  төтеп  барғысы  келіп,  қарсыласқан  аталарымызда  ақыл  болсайшы!..

Бағынғандарының есі дұрыс екен!..


ТОЙ ТАРҚАР

Петербургта  да,  Москвада  да  көп  қызық  көрген  қазақтардың  ендігі  ең

зор арманы, патшамен дидарласу болды. Той тарқар таянғанша, ол арманы,

қол жеткісіз қиял сияқтанып, кейбір күндерде, кейбір жағдайларда алыстан

ғана көздері түсіп, ұрымтал, жақын жерге жуымай-ақ қояды.

Той


тарқар

таяна,


патша

Кавказдың,

Балтиканың,

Славян


тұқымдарының,  Орта  Азияның,  Сібірдің...  деген  сияқты  қауымдардың

тойға  келген  өкілдерін  Петергоф,  патша  селосы,  қысқы  жəне  басқаша

аталатын  сарайларында  топтап  қабылдап,  əрқайсысына  арнаулы  сый-

құрмет көрсетті.

Неге  екенің  кім  ескерткенін  кім  білсін,  «сібірлік»  жəне  «орынборлық»

аталатын қазақтардан келген өкілдерді өзге топтарға қоспай, патша қысқы

сарайда жеке қабылдады.

«Орынборлық»,  «сібірлік»  деген  терминдер  он  сегізінші  ғасырдың  орта

тұсында  шыққан.  Сол  кездің  патшасы  –  екінші  Екатерина,  араларында

қоныс  жанжалы  бола  берген  Орта  жəне  Кіші  жүздің  шекарасын  ашып

беруді,  Орынбордың  генерал-губернаторы,  князь  Неплюев  пен  Сібірдің

генерал-губернаторы  князь  Горчаковқа  тапсырған.  Олар  жəне  екі  жақтың

билері бас қосқанда, орыстар жағы «қазақтардың өздері шешсін» деп, қазақ

жағы,  сол  кезде  үш  жүзге  əділ  атағы  жайылған  Жазы  биге  тоқырап.  ол

«шегіміз осы болсын» деп Обаған өзенін белгілеген. Содан бері

Обағанның  батыс  жағы  «орынборлық  қазақтар»,  шығыс  жағы  «сібірлік

қазақтар» атанған.

Сібірлік  қазақтардың  хандығы  1822  жылға  дейін  ғана  созылып,

Айғаныммен аяқталғанын білеміз. Ал 1801 жылдан бастап «бөкейлік» жəне

«оралдық»  болып  екі  хандыққа  бөлінген  орымборлық  қазақтардың

хандықтары,  Бөкейде  1845  жылы  Бекей  ұлы  Жəңгір  ханның  өлуімен,

Оралда 1809 жылы Айшуақ ұлы Жантөренің өлуімен аяқталып, одан кейін

Сібірдегі  қазақтар  сияқты,  орымборлықтар  да  əлденеше  əкімшілікке

бөлініп,  оларды  да  «правитель»  атанған  аға  сұлтандары  билей  бастаған.

Екінші  Александрдың  тойына,  бөкейліктердің  аға  сұлтаны  Меңдігерей

Бөкейханов  бастаған  депутация  келген,  іштерінде  атақты  күйші  –  Шығай

ханның  баласы  Дəулеткерей  бар;  оралдық  депутацияны  правитель

Жантөрин бастаған, оған ергендердің ішінде Алтынсары Балғожин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет