АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау


 жəне  Əбілғазы  Баһадүрханның33



Pdf көрінісі
бет48/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

32  жəне  Əбілғазы  Баһадүрханның33

«Хандар шежіресінен».

– Князьдар да солай екені рас.

–  Бəсе,  –  деді  Шыңғыс  қанағаттанғандай,  –  өзім  де  солай  болар  деп

жорамалдаушы едім.

– Бұл сөздерді неге сұрастырып отырсыз, əке?

– Үміт дүниесі емес пе, балам? Біреуіне біздің де қолымыз жетсе!» деген

дəмемен де; Баронның қажеті жоқ дедің. «Қалған екеуіне жетуге тырмысып

көрсек қайтеді?» деген қиялға кеткен едім де.

– Оған неге құмарттың, əке?

– Құмартпағанда ше, балам-ау! Арғы атамыз Шыңғыс хан жердің жүзін,

күннің  көзін  билепті  деседі.  Одан  кейінгі  атамыз  Жошы  хан  ордасын

алтыннан  тігіп,  қазақ,  елі  түгіл,  Еділ-Жайық  бойына  бұйрығын  жүргізген.


Бергі  аталарымыз:  Əз  Жəнібек  қосқан  үш  жүздің  басы,  жуықтағы  атамыз

Əз Тəуке өлген соң ғана бытыраған; кешегі атамыз, аруағыңнан айналайын

Абылай,  қанатын  Орта  жүзден  асыра  жайып,  ана  шеті  Алатаудағы

қырғызға,  мына  шеті  Кіші  жүздің  бергі  бетіндегі  Жағалбайлы  –  Жаппасқа

ықпал жүргізген. Одан дейінгі үшінші атан, Уəли ұшпақ тым, тек Атығай –

Қарауыл  мен  Керей  –  Уақтың  ғана  ханы  болып  қап,  жеті  жүз  жылға

созылған  хандық  даражамыз,  сиыр  құйымшақты  ала  кеп,  ақыры,  кешегі

əжең34  марқұммен  тұйықталды  бізге  жеткен  сімілтірі  –  менің  қолымда

тұрған  аға  сұлтандық.  Хандық  даражасы  біздің  бұл  Сібірде  жойылып,

сұлтандықтан  құрылғанда,  алты  дуанның  да  аға  сұлтандары  хан

тұқымынан  белгіленген  еді,  кіші  сұлтандардың  да  көпшілігі  біздің

төрелерден  болған.  Қазір  ше?  Алты  аға  сұлтаннан  қалғаны  жалғыз  мен-

ақпын.  Кішілері  де  солай  сұйылып  келеді.  Қазіргі  сұлтандардың  көбі,

«қарадан  хан  болғандар»  аталатын  қара  сүйек  қазақтардан.  Сонда,

аталықты  біреулер  болса  екен-ау,  іштерінде  «əкесі  болды  жетесіз,  шешесі

болды некесіз» деген сияқтылары да бар...

– Мəселен? – деді Шоқан.

– Ақмола дуанының қазіргі аға сұлтаны – Жайықтың Ыбырайы.

– Оның не міні бар?

– Міні сол, тегін қозғасаң қазақ, та емес.

– Енді кім?

– Естек.


– Ол қай ел?

– Башқұртты қазақтар «естек» дейді.

– Одан қалай келген Ыбырай?

–  Көкшетау  қаласынан,  бұрнағы  жылы  өзін,  көрген  Ақан  тауына  қарай

жүргенде,  Зеренді  аталатын  бір  тамаша  тау  бар,  етегінде  «Ақанға»

беріспейтін  шалқар  көл.  Сол  Зерендіге  жақындай  бергенде,  он,  қолыңда

«Қошқарбай»  аталатын  шоқы  тұрады.  Осы  шоқы,  Ноғай  –  Қарауыл

аталатын  елдегі  Қошқарбай  батырдың  мекені  екен.  Сол  батырдың  қолына,

Жайық  бойындағы  естектерден  бір  жігіт  солдаттан  қашады  да,

Қошқарбайға  қорғалайды;  аты  –  Гимада-аддин  болса  керек  қазақтар  оны

жерінің атымен – Жайықбай деп кетеді. Өзі молдасымақ болса керек қазақ

арасында молда жоқ кезі, Қошқарбай оған балаларының тілін сындыртып,

молда ғып ұстайды.

– Шала дүмбілездің бірі екен ғой.

– Əрине.


– Содан?

–  Қошқарбай  Кенесарыға  қарсы  болған,  орыс  əскеріне  қосылып,  оны

қуысқан  адамның  бірі  болған.  Кенесары  жеңіліп,  оны  қуысқандарға  шен-

шекпен үлестірерде, Батыс Сібірдің генерал-губернаторы – князь Горчаков,

Қошқарбайды  да  еске  алып,  Қараөткелде  болатын  жиналысына  шақыртса,

патшаның  шенін  шоқындыруға  балайтын  өзінің  оны  алғысы  келмеген

Қошқарбай,  «сен  барып  қайт,  берерін  сен-ақ  ал»  деп  Жайықбай  естекті

жібереді  де,  қолына  Горчаков  атына  мұсылманша  жазған  хат  ұстатып,

баяғы Сперанскийден алған сақина мөрін басады.

– Болды қызық! – деді Шоқан, құмарта тыңдап.

–  Жайықбай  мұсылманша  да,  орысша  да  хат  білетін  кісі  екен.

Қошқарбайдың хатын тапсырған ол Горчаковке жағады.

– Əрине, солдаттан қашқан башқұрт екенін жасырып?

– Болса болмаса да.

–  Қошқарбайдың  қара  күштен  басқа  өнері  жоғын  білетін  Горчаков,

хатына,  мөріне  сүйеніп,  оның  орнына,  Ноғай  –  Қарауылдық  кіші  сұлтаны

ғып Жайықбайды тағайындайды.

–  Ыбырай  соның  баласы  ма?  –  деді,  əңгіменің  аяғын  естуге  асыққан

Шоқан.

–  Солай.  Қошқарбайдың  қолына  келген  Жайықбай,  сол  үйдің  есігінде



жаугершілікте  келген  қалмақ  күңіне  үйленеді.  Арасынан  тұңғыш  болып

Ыбырай  туады.  Осы  жайда,  Есенбай  –  Қарауыл  Шауыпкел  ақын  шығарды

дейтін мынадай бір өлең бар. Ыбырай аға сұлтан боп күпей бастаған кезде

Шауыпкелге  кездесе  қалады.  Сонда,  тасып  тұрған  Ыбырай  «мені  мықтап

жамандашы,  ат,  шапан  берейін»  депті.  Сондай  айғайлап  қоя  берген

Шауыпкел:

Ыбырай, əкең естек,

шешең қалмақ,

Салт болған кірмелерді олжаланбақ,–

дей бергенде намыстанып кеткен Ыбырай, ызаға шыдай алмай, теңселіп

ыңырана бастаған. Сол қалпынан қорқып кеткен Шауыпкел:

Басына бес дуанның іс түскенде,

Аунайды саған қарай ауыр салмақ!

деп бастапқы сөздерін жуып-шайып жіберген.



– Сонда да қатырған екен! – деді Шоқан күліп.

–  Содан  бағы  жанып,  əкесінің  үлгісімен  мұсылманша,  орысша  хатқа

үйренген Ыбырай, есейе келе, Омбы əкімдеріне тіпті жағып, Қоңыр Құлжа

төренің  аға  сұлтандығын  сыпырды  да  алды.  Енді  қолынан  шығарар  түрі

жоқ.

– Жігіт! – деп қойды сүйсінген Шоқан.



–  Айта  берсең,  –  деді  Шыңғыс  сұстана  түсіп,  –  «қарадан  хан

болғандардың» басқаларынан да сондай былық шығады.

–  Мысалы?  –  деді  «қарадан  хан  болғандардың»  өмірбаянын  көбірек

білгісі келген Шоқан.

– Əз нағашың.

– Шорман ба?

– Оның əкесі – Күшік.

– Оның неменесі бар?

– Айтайын, тыңда!

– Ал, тыңдадық,– деп Шоқан əкесіне жақындай отырды.

–  Ақмола  мен  Омбының  арасына  кең  жайылып  жат»  қан  елдің  бірі  –

Күрсары  Керей.  Сол  елдегі  Əмен  Семен  деген  байлар  Күшікке  нағашы

екен. Əкеден туа жетім қалған Күшікті төркініне көшкен шешесі ала кетеді.

Сол  кезде  «киіз  қотыр»  деген  ауру  болады  екен  дейді.  Күшік  жастайынан

соған  ұшырап,  «Қотыр  Күшік»  атанған  екен.  Есейген  оны  нағашысы

жылқы соңына салып, бір сəтте «жиендігіңе үлесім» деп, меңсіз қара түкті

қотыр тай берген екен дейді. Оған Күшік қорланып, жылайын десе ақылды

шешесі,– «кейіме, балам, қыдырып жүріп, Қыдырдың ізін шалды дегендей,

мен  мал  танысам  осы  тегін  тай  емес,  түбінде  сенің  ырысын,  осыдан

тарайды» деген екен дейді. Ақыры, анасының айтқаны келіп, нағашысынан

еліне көшкенде, қара тайдың тұқымы жүзге жетіпті-міс.

– Бұнысы жақсы сəуегейлік болып шықты ғой.

–  Солай  екені  рас.  Бірақ  «қотыр  тайлы  қотыр  Күшік»  аты  соңынан

қалмай, оның тұқымына өштер əлі де сыртынан мазақтап жүреді.

–  Не  демейді  сыртынан.  «Хан  артынан  жұдырық»  демей  ме?  Бетпе-бет

айта алмаса болғаны да.

–  Айтуы  айта  алмайды,  балам.  Сол  «қарадан  хан  болғандардың»  бетіне

өзгелер түгіл өзіміз де тура қарай алмайтын халге жеттік.



–  Ол  жағы,  əрине,  көңілсіз,  –  деді,  əкесінің  басына  түскен  тарихи

ауыртпалыққа жаны ашығандай болған Шоқан.

–  Осындай  даража  биігінен  құлдырай  құлаған  шағымызда,  кездесті

деген жалғыз тірегім сенсің, Қанашжан! – деп Шыңғыс көзіне жас алды да,

қалтасынан орамалын суырып, уқалай сүртті.

Бұл  –  шын  жылау.  Хан  тұқымына  деген  тарихи  шеңбердің  жылдар

жылжи  тарыла  беруіне  тəні  де,  жаны  да  қысыла  түсуіне  қамығудың

жылауы.  Бірақ,  қалай  жеңілдету  керек  соны?  Графтық,  дворяндық,

князьдық атақтардың біреуіне жетумен бе? Одан не түседі? Шоқан білетін

тарихта,  бұндай  даражаларға  қолы  жеткен  жəне  ұзақ  тұтынғандардың

талайы  азып-тозып  кеткен.  Əкесінің  де  сондай  күйге  ұшырамасына  кім

кепіл?  Ұсақ  ұлттардан  ол  атаққа  ие  болғандардың  талайын,  Шығыс

Сібірден  көріп  те  қайтты.  Өз  халықтарына  қожаңдағаны  болмаса,  патша

əкімдеріне

теңдесер

біреуі


жоқ.

Бəрінің


басында

да


жалтақ,

жалбарынышты, жағымпаздық күн.

Осылай  ойлаған  Шоқан  əкесінің  көңілін  қалдырғысы  келмей,  тағы  бір

сөздердің арасында зор атақтардың биігіне көтерілу қиын екендігін дəлелді

сөздермен  айта  кеп,  парасатты  əкесін  түсіндіргеннен  кейін,  «дəм  жазса

Петербургқа баруға ниет еттік қой, сонда тамырларын басып көрерміз. Бұл

жолы  ретін  келтіре  алмасақ,  жаңа  патшаның  таққа  отырған  тойына

барғанда, тағы да айналдырармыз» деп, əкесін жұбатты. Əкесі:

–  Жарайды,  шырағым.  Жағдай  солай  болса,  асыққанмен  амал  қанша!  –

деп күрсінді де қойды.

Шоқанға «атаққа сен ілік» деуі ат өтті ғана сез еді. Шын ниетін биіктің

қандайына болса да өзінің шыққанын тілейді, Шоқанның өнер-білімін, осы

мақсатына көтерілер бетінде баспалдап көреді.

Əке  мен  бала  осылайша  бірімен  бірі  арбасып,  баспалдамақ  болып

жүргенде, Шоқан мен Врангель арасындағы келісім сөздер басталып кетті.

Шоқан  бұл  сөздерге  үш  жақтан  қуанды:  бірінші  –  Петербургтағы  тойға

болмаса,  азаға  барарлық  құлқы  жоқ  еді,  онда  бару  тек  Гасфортқа  жəне

қазақтық депутацияға атқосшы болу ғана; азада өзіне тиетін сөз де, сыбаға

да жоқ; екіншісі – қазынаның жолға берер қаражаты өте аз: сұлтандардың

«ағаларына»,  бір  айлық  мөлшермен,  күніне  бір  сомнан,  «кішілеріне»  елу

тиыннан,  адъютантқа  да  сондай,  Петербургқа  дейін  қарауылдап  баратын

солдаттардың  күніне  он  тиын  олардың  уряднигіне  –  отыз  тиын;

арзаншылықты  уақыты  болғанмен,  амалсыздарға  ғана  болмаса,  Шоқан

сияқты мол жүргісі келетіндерге бұл қаражат жұмырына да жұқ болмайды.

Өз қалтасы жұқа. Қалыңдатайын десе, мүмкіндік бар-ақ: дау қуған қазақтар

параны  шыжымдап  емес,  уыстап  ұстататын  оған  өзге  əкімдер

құныққанмен,  Шоқанның  жолағысы  келмейді,  қызмет  бабымен  аталатын

жалуанасы, күн көруіне əрең жетеді. Əкесі келгенде қайтерін білмей сасып



қалған  еді,  жол  көрген  адам  онысын  сезді  де,  «расхотыңа»  деп  бір  бума

қағаз  ақша  ұстатты.  Алғысы  келмесе  де,  амалсыз  алды.  Сөйткен  əкеге

Петербург  жолында  да  масыл  болғысы  келмейді;  үшінші  –  саяхатқа

құмарту  арманына  қолы  ілігетін  сияқты;  əсіресе  Орта  Азияға;  бұған  дейін

қазақ  даласының  бір  көршісі  –  Шығыс  Сібірді  түгел  аралағанмен,  біраз

тұсын  көріп,  жері,  еті  туралы  мəліметтер  алып  қайтса,  енді  Орта  Азияны

араласа,  тағы  бір  көршілерімен  танысады;  сəті  түссе,  бұл  жолының  ұзара

беруі мүмкін.

Врангель  мен  Шоқан  келісті.  Ендігі  ризашылық  Гасфортта.  Шоқаның

Петербурга  жоламауын  тілейтін  Гасфорт,  əуелі  Врангельге  «анау,  мынау»

деп  арындаған  болды  да,  «бұл  сапар  сəтті  болса,  ең  алдымен  сіздің

абыройыңыз» дегеннен кейін, əрең деп көнген болды.

Ендігі  мəселе  Шыңғыста.  Оның  көнер-көнбесі  мəлімсіз.  Көне  қалса

құба-құп.  Ал,  көнбесе  ше?  Шоқанның  өзі  айтса,  көнсе  бірсəрі...  Көнбесе,

көптен  араздасып  жүріп,  жуықта  ғана  татуласқан  əкесімен  тағы  араздаса

ма? Оған Шоқанның барғысы келмейді.

Ендеше, кімді жұмсау керек? Шоқанның таңдауы, Батыс Сібірдің соғыс

губернаторы  полковник  Карл  Казимирович  Гутковскийге  түсті.  Ол

Шыңғыстың  да,  Шоқанның  да  сенісетін,  сыйласатын  сырласатын  адамы

болатын.


– Мақұл, айтайын, – деді ол бірден.

–  Бірақ,  əкеме  сөйлер  алдында  есіңізге  саларым,  –  деді  Шоқан

Гутковскийге, – Орта Азияға жұмсалатын болсам, Петербургтің бұл жолғы

сапарына бармаймын.

– Неге?

–  Орта  Азия  туралы  білетінім  аз.  Ол  жайлы  тарихтық  жəне  архивтық



материалдар Омбыда көп. Соларды үлгергенше ақтарып, керектілерін теріп

алуым қажет. Петербург сапары бүйтуге мұрша бермейді.

– О да мақұл екен, – десті Врангель мен Гасфорт.

Шыңғысқа  сөйлескен  Гутковский,  алыстан  орағыта,  əуелі  Шоқанның

ақылын,  білімін,  қызмет  əлемінде  көтерілуге  мүмкіншілігі  зорлығын,  оған

шығар басқыштардың тетігі, тек екінші Александрда екенің патшаға жетер

жəне  жағар  жолдардың  қандай  екенің  өзінің  бұл  істерге  тілектестігін,

қолдан  келер  жəрдемін  беруге  əзірлігін  айта  кеп,  сөз  ақырын  Шоқанның

қайда  баруы  пайдалы  болуына  тірегенде,  Шыңғыс  торға  қапыда  түскен

бүркіттей шырмалды да қалды.

Оған  Шоқанның  қайда  баруы  қажет  емес,  қалай  көтерілуі  қажет.

Сондықтан,  Гутковскийдің  сыпайылап  айтқан  дəлелді  сөздеріне  ол  ұйып



қалды да:

– Не дейсіз? – деген сұрауына:

– Біздің фамилияға сізді ешуақытта да пайдадан басқаны ойламайды деп

сенетін  адаммын.  Үлкен  басыңызды  кішірейтіп  айтып  отырғаныңызға

рахмет. Сізге – лайық, маған – лайық, айтқаныңыз бола берсін, – деді.

Сөйте тұра, алыстан болжағысы келетін дағдысына бағып:

–  Тілеуі  алдағы  жас  адамның  азаға  баруын  іштей  ұнатпай  да  жүр  едім,

Петербургтық  бұл  сапарынан  қалып  қоюына  ренжімеймін  де,  ал  сонда

алдағы  күзде  жаңа  патшамыздың  таққа  отырған  тойына  бару  жайы  қалай

болады? – деді.

–  Оны  уақытында  көрерміз,  –  деді  Гутковский,  –  біреуге  біреу  түсімен

ғана емес, ісімен де жағуы қажет емес пе?

– Əрине. Ең алдымен – ісімен!

– Ендеше, Шоқанның да патшаға ең алдымен ісімен жағуы қажет.

– Ол да жөн екен!

Көп  кешікпей  Врангель  де,  Батыс  Сібірдің  Гасфорт  бастаған

депутациясы  да  Петербургқа  ылаулатып  жүріп  кетті.  Қазақ  өкілдерінің

тілмаштығына  облыстық  басқарманың  чиновнигі,  татар  тілін  білетін

Андрей Ииконорович Добшинский берілді. 


АЗА САПАРЫ

Петербург сапарынан айдан астам уақытта оралған Шыңғыс қуанышпен

де, ренішпен де қайтты.

Қуанышы  –  Шоқанның  Петербургқа  бармағаны  да  дұрыс  екен.  Бара

қалғанда, аяқ-асты боп жүргені болмаса көзге көрінерлік ешбір жағдай жоқ

екен.  Бұратана  ұлттан  шыққан  кіші  офицер,  ол  түгіл,  Омбыда  өзін  жер

тəңірісіндей  ұстайтын  Гасфорт  та  қақпайда  қалып  қойып,  патша  түгіл

министрлерге  де  біразға  дейін  маңайлай  алмай  соры  қайнап  жүрді.  Ондай

кемшілікті көргеннен де көрмегені жақсы.

Бұған  да  қуанғанмен,  Шыңғыстың  бұдан  əлдеқайда  зор  қуанышы:

Шоқанның,  аты  патшаға  да  жетіп,  омы  Орта  Азия  жаққа  жұмсауға  патша

ризашылық беріпті.

–  Енді,  –  деп  мақтанды,  бұл  істі  өзі  өтегендей  болған  Гасфорт,

Шыңғысқа,  –  тек  көзім  тимесін»  де,  сау,  аман  болып,  патшаның  мына

тапсырмасын  абыроймен  орындап  кайтса  жердегі  балаң  аспанға  бір-ақ

шырқап шығады, содан кейін оны патшадан сібірлік қазақтар басқармасына

председатель  ғып  сұрап  алам.  Аржағында  генералдық  чин  де  таяу  тұр;

оның  аты,  сіздің  фамилияңыз  биік  даражалардың  тауына  ерлей,  биіктей

береді деген сөз!...

Бұл сөздерге Шыңғыс терісіне сыймай қуанды да:

– Бəрі сіздің арқаңыз, Ваше превосходительство! – деп құлдық ұрды.

Петербургтан  оралған  Шыңғыстың,  қуанышы  осы  болса,  реніші:  азаға

қопа  қардай  ғып  шақырғанмен,  сібірлік  аталатын  халықтардың  өкілдері,

олардың ішінде – қазақтар елеусіз ұсталды.

–  Петерборда  «қонақтар  қорасы»  аталатын  үй  болады  екен,  –  деп

баяндады  Шыңғыс  бұл  жайды  Шоқанға,  –  бір  орамды  түгел  қамти,  алқа-

қотан  отыратын  ауылдай  тұтаса,  дөңгелене  салынған  үйшіктер  екен.

Маңындағы  биік  үйлерден  бойы  əлдеқайда  аласа,  небары,  екі-ақ  этаж,

(осындай  сездерді  жаттап  алу  жəне  дəл  айтуға  жаны  құмар  Шыңғыс  «э»

əрпін  нығарлап  айтты),  астыңғы  этажы  түгелімен  сауда-саттық  дүкендері,

үстіңгісі – мейманхана.

– Бізге алғашында осы да қанағат көрінді, – деп жалғастырды Шыңғыс

сөзін, – бірақ, үйрене келе байқасақ, кемшілікте екенбіз.

– Неге? – деді Шоқан.

–  Қонақ  қорасына,  тек  сібірліктердің  қарапайым  жағы  ғана  орналасқан,

ұлықтарымызды «гостиница» аталатын əдемі, салтанатты үйлерге түсірген.

Кавказдан,  Балтық  теңізі  жақтан,  Бұхара  əмиратынан  келгендер  де


гостиницаға  апарылған,  біздің,  қазақтан  оған  іліккені  нөкерлерімен

Меңдігерей  Бөкейханов  қана.  Жолы  да,  жасы  да  үлкен  адам  болған  соң,

Меңдігерейге  əдейілеп  барып  сəлемдессем,  жатқан  үйі  «Ангельтер»

аталатын мейманхана екен. Біз орналасқан үймен салыстырғанда, ол жұмақ

сияқты,  ал  біздікі  оның  қасында  шынында  да  нағыз  «қора».  Атын  тауып

қойған.


Оған  Петербург  татарларынан  орысша  жəне  мұсылманша  оқыған  бір

епті қуды жəрдемге беріп, ол аз күнде кең байтақ астананың есік-тесігінен

көрсетпеген  жерін  қоймаған;  ал,  сібірлік  қазақтардың  жəрдемшісі

Добшинский  жолшыбай  да  маңғазсып  түк  бітірмей  Гасфорттан  көз  таса

тұстарда  арақ  ішумен  əуреленіп  келіп  еді,  Петербургта  ол  салтын  тіпті

үдетіп  ап,  күні-түні  мастықтан  басын  көтермей  қойды.  Тегі  қазақ

атаулының жаратылысын жек көретін ол, «саудың басындағы ой, мастықта

тіліне  ауысады»  дегендей,  қосылған  қазақтарына  көмектесу  орнына,  əуелі

еппен  байқап  көріп,  үйрене  келе  өктеп  боқтай  беретін  болды.  Алыстағы

жанаралдан  гөрі,  жақындағы  кіпіралдан  қаттырақ  қорқатын  қазақ,

сұлтандары,  Добшинский  не  десе  де  үндемей  жеңеді,  қатты  қызған  кезде,

кейбір сұлтанға тілі түгіл қолы да тиіп қалады.

Сұлтандардың  ызаланған  кейбірі,  шағым  айтайын  десе,  Омбыдан  шыға

бере озып кеткен Гасфорт, сол қалпымен Петербургқа дейін жеткізген жоқ.

Петербургта  жақсы  мейманханалардың  тəуір  номеріне  орналасқан  ол,

бастапқы күндердің бірінде өзіне ерген депутацияның басын қосып, жүріс-

тұрыс  тəртібімен  таныстырды  да,  ара-тұра  төбесін  көрсеткені  болмаса,

жұғысуды қойып алды.

Депутация қиындықты киімнен де көрді.

Ауқатты  қазақтардың  қашан  да  мақтаныш  көріп  киетіні  түлкінің

жонынан,  бауырынан,  пұшпағынан  немесе,  күзен,  ақ  тышқан  сияқты  ұсақ

аңдар  терісінен,  тіпті  байлары  бұлғын,  құндыз  сияқты  қымбат  аңдардан

жасалған ішік. Бұндай ішіктерді, əсіресе күзен, ақ тышқан, пұшпақ сияқты

жеңілдерін,  сыпайы  жерге  барған  қазақтар,  жылдың  өзге  мезгілдері  түгіл,

шілденің  сарша-тамызында  да  үстіне  артып  ап,  пысынап  өлгелі  жүреді.

Қыс күндері қасқырдан, аюдан, жаннаттан тіктірген тысты тондар.

Петербург  сапарына  шыққан  сұлтандар  қолында  бар  ішікті  киіп  үлкен

орындарда  байлық  белгісін  көрсеткісі  келді.  Ішігі  жоқтары  түйенің  я

қойдың жүнінен тоқыған астарлы ауыр шекпендерін алды. Тек «патшаның

сыйы»  деп  санайтын  тұрпайы  қара  шұға  шекпенін  ала  шыққан  жалғыз

Шыңғыс қана.

Аяқ  киімдері  тіпті  сорақы:  бəрінде  де  қоныштары  қара  саннан  келетін,

кигіз  байпақты  саптамалы  былғары  етік.  Оның  ішінде  шұлғаулы  мəсі,

жалғыз  Шыңғыста  ғана,  салт  жүрген  кезде  жеңіл,  шолақ  қоныш  шиблет.

Оны қазақтар «Шыңғыстың шолақ етігі» деп, кейде «шегелі етігі» деп атын

бұрмалап алған.



Ақшадан  тарыққан  сібірлік  қазақ,тар,  көлік  жағынан  да  қағажу  болды.

Бұлар


өздерінің

теңсіздігін

Меңдігерей

Бөкейхановпен

өлшейді.

Меңдігерей көргісі келетін жеріне баруы үшін, қарлы күні шанаға, лайсаң,

күні фаэтонға жегуіне пар ат беріліп қойған. Қайда жортам десе де еріктері;

ал сібірліктерде ондай жоқ, извозщик аталатындарды жалдайын десе ақша

жоқ.  Сондықтан  баруға,  көруге  міндетті  деген  жерлерге  салпақтап  жаяу

жетеді.  Ондай  орындар  Петербургта  толып  жатыр  екен.  Бəріне  барса

зорығып өлетін. Аз ғана жерлерге барғанда да қалжырап қайтады.

Жалпы


алғанда,

теңсіздік

кемшілігі,

сібірлік

депутапияның

қазақтарынан  ғана  емес,  ұсақ  ұлттарының  да,  орыстарының  да  басына

түсті.  Петербургтің  неге  бүйту  себебін,  өзара  күңкілдескен  олар  таба

алмады. Жалпы бағынышты елдерді сөйтеді дейін десе, Кавказдан, Балтық

теңізі  қолтығынан,  кіші  жəне  ақ  орыстардан.  Бұхара  эмиратынан

келгендерге көңіл бөлуі де, күтуі де əлдеқайда артық.

–  Неге  бүйтеді?!  –  деген  сұраудың  жауабын,  Омбыға  оралған  сібірлік

қазақтарға Шоқан тауып бергендей болды.

–  Россия  патшалығына,  –  деді  ол,  –  олардың  қызметі  сіздерден

артығырақ  өткен.  Мысалы,  Меңдігерей  Жəңгір  ханның  баласы.  Ол  Кіші

күздегі  Əбілхайыр  ханның  нəсілі,  Жəңгір  ханның  баласы.  Бүкіл  қазақ

атаулыдан  Россияға  бірінші  болып  еркімен  бағынған  –  Əбілхайыр.  Оның

Ералы,  Нұралы,  Айшуақ,  Бекей  есімді  төрт  ұлы  болған.  Өткен  ғасырдың

үшінші  ширегінде  Емельян  Пугачев  бастаған  орыс  крестьяндары  патшаға

қарсы  көтеріліс  жасағанда,  сол  кездің  ханы  Нұралы  сол  кездің  патшасы

Екінші  Екатерина  жағында  болып  көтерілісті  басуға  көп  күш  берген.

Сібірде ондай адам болмаған. Осы ғасырдың бас кезінде Кіші жүз хандығы

екіге  бөлініп,  Жайықтың  шығыс  жағына   Нұралы  тұқымы  ие  болған  да

Жайық пен Еділ арасына Бөкей əмір жүргізіп оның аумағы «Бөкей ордасы»

аталған. Бекейдің хандығы, оның баласы, өздеріңіз атап отырған Жəңгірге,

ол  өлген  соң,  баласы  Меңдігерейге  ауысқан.  Ол  ең  алдымен,  сіздер  емес,

Саратовтың  кадет  корпусында  тəрбиеленген  офицер,  орыс-түрік  соғысына

қатынасып  ерлік  көрсеткен  жауынгер.  Даражасы  –  полковник  жəне  сібір

қазақтарынан

əлдеқалай

бола


салатын

полковник

емес,

орыс


полковниктерінің қатарында жүре алатын кісі. Бізде Абылайдың бір баласы

Қасымның,  олардың  балалары  Есенгелді  мен  Саржанның,  Кенесары  мен

Наурызбайдың Россияға қарсы көтерілген кезінде, Бөкей ордасында Исатай

Тайманов  жəне  Махамбет  Өтемісов  бастаған  шаруалар  көтерілісі  болған.

Біздегі  көтерілісті  менің  атам  –  Уəлі,  əжем  –  Айғаным,  мынау  əкем  –

Шыңғыс  болып,  осы  отырған  бəрін,  боп  баса  алмай,  ақырында  Алатау

жағына айдап тастауға ғана əлдерін, келді де, сіздердің абыройларыңызды

алақанның  аясындай  қырғыз  алып,  Кенесарының  кескен  басын  Омбыға

əкеп берді. Ал осы кезде Жəңгір хан өз қол астындағы көтерілісті қан-жоса

ғып басты да, патша алдында үлкен абырой-атаққа ие болды. Сондықтан да

Бөкей ордасының хандығын күні кешеге дейін сақтады. Əне, Петербургтың

Меңдігерейді сіздерден артық күтетін себебі осы.



Петербургтағы  азаға  барғанда  жазаға  леккендей  қорлық  көрген  сібірлік

қазақтардың,  ол  олқылығын  түзеуге  мүмкіншілігі  де  бар  еді,  енді,  алдағы

бірер айда, сол Петербургта, екінші Александрдың тəж киіп, таққа отырған,

яғни  патша  болған  тойы  өткізіледі.  Оған  да  Сібірден  жəне  сібірлік  қазақ,

дуандарынан  депутация  баруы  туралы  ішкі  істер  министрлігінен  Омбыға

да  бұйрық  келіп  жатыр.  Бірақ,  əнеугі  азаға  кім  көрінгеннің  қалай  болса

солай,  салдыр-салақ  баруынан  аузы  күйгендей  болған  ішкі  істер

министрлігі,  бұл  жолы  сібірдің  батысына  да  шығысына  да  қатал  сөздер

айтып,  тойға  жіберілетіндерді  əр  елден  таңдауды,  оларды  жақсылап

киіндіруді  бұйырған.  Оның  үстіне,  Петербургтан  аттанар  алдында,

Россиядағы  отар  елдерді  басқаратын  генерал-губернаторлардың  бəрін

жинап  ап  мəслихат  құрған  граф  Бутков  даярлықсыз  келгендерді,  əсіресе

Гасфортты  көзге  шұқығандай  болып,  «осы  кемшіліктеріңді  тойға  түзеп

келіңдер!» дегенді ауызба-ауыз арнаулы түрде тапсырған.

Сондай  ескерту  алып  қайтқан  Гасфорт,  той  жайын  күн  бұрын  ойланып,

оған тағы да өзі бастап баратын депутация құрамын, Петербургтан Омбыға

орала сала жедел қолына алды.

Бірінші мəселе – баратындар кім? Əсіресе, қазақтан. Оған ұзақ ойланып,

басын қатыратын ештеңе жоқ, əрине азаға барғандар.

Бірақ,  тойға  баратындарды,  азаға  баратындардай  Гасфорттың  өзі

белгілей  салмайды.  Оның  азаға  əзірліксіз  келуін,  сөйтіп,  ұятқа  қалуын

ескерте  кеп,  ішкі  істер  министрі  оған  тойға  əзірлікпен  келуді  тапсырған.

Сонда,  бірінші  қойған  шарты,  тойға  баратындардың  тізімін  жəне

мінездемесін күн бұрын жасап, Петербургтан бекіттіріп алу.

Осы  тапсырманы  орындауға  кіріскенде,  Гасфорт  өз  қол  астындағы

қазақтардан, азаға барып қайтқандардан басқа лайықтарды таба алмады. Ол

солардың тізімін жəне мінездемесін жасап, ішіне түсінік хатын қосып, граф

Бутковқа жолдамақ болды. Бекітер-бекітпесіне балды да, балсыз да емес.

Тізім  жəне  мінездеме  жасау  жұмысын  Гасфорт  Шоқанға  тапсырды.

Омбыда  бар  материалдарға  сүйене  отыра,  көмескі  я  жоқ  жерлерін

білмеймін  дейтін  адамдардан  сұрастыра  жүре  Шоқан  жасаған  тізіммен

қысқаша мінездемелер төмендегідей болып шықты:

Шыңғыс  Уəлиханов.  1816  жылы  Көкшетау  дуанының  «Сырымбет»

аталатын тауының етегінде туған. Орта жүздің ханы – Абылайдың ұрпағы,

əкесі  Уəлі  де,  шешесі  Айғаным  да  орыс  өкіметі  таныған  хандар  болған.

Омбыда казактардың офицерлік школында тəрбиеленген, 1843 жылы орыс

əскерін бастап, Кенесары Қасымовты қуысқаны үшін Александр лентасына

қадалған  алтын  медальмен  наградталған,  соңғы  қызметі  –  Көкшетау

дуанының аға сұлтаны жəне облыстық басқарманың ақылшысы, соңғы чині

– подполковник.

Мұса  Шорманов.  1816  жылы,  Баянауыл  тауының  етегінде,  Арғын


руының  Қаржас  аталатын  тайпасында  13  жасынан  елді  басқару  ісіне

араласқан  Шорман  би  Күшіковтан  туған;  16  жасында  кіші  сұлтандыққа

іліккен,  Кенесарыны  қуысқандығы  үшін  1839  жылы  хорунжи  чинін  алған,

Шығыс  Сібірдегі  алтын  ошақтарынан  Қытайдың  зорлықшылдарын

қуысқандығы  үшін  сотник  чині  берілген,  қазіргі  мансабы  –  Баянауыл

дуанының аға сұлтаны, соңғы чині – ясаул.

Ыбырай  Жайықов.  1801  жылы  Ақмола  дуанының  Қошқарбай  аталатын

тауының етегінде туған. (Одан əрі Шоқан Ыбырайдың ата тегі жəне чинге

көтерілу туралы əкесінен естігенін жазайын деп еді, ақылдасқан Мұса, «ол

ұят болар» деп жаздырмады). Кенесарыны қуысқандығы үшін сотник чинін

алған, қазіргі қызметі – Ақмола дуанының аға сұлтаны.

Қанғожа  Тəтенов.  Арғы  атасы  –  Жəңгір  Абылай  ханмен  бірге  туған.

Оның  баласы  –  Сұлтанбет,  оның  14  ұлынан  Шаншар  дейтіні  майорлыққа,

Орыс  дейтіні  хорунжилыққа,  одан  капитандыққа  жетіп,  Орта  жүз

қазағынан бірінші рет алтын медаль алған, одан 1793 жылы туған Тəтен де

капитан  боп,  Ертіс  бойындағы  Бəсетиін,  Қыпшақ  жəне  Уақ  руларына  аға

сұлтан  болған;  одан  туған  Бапы  –  бірінші  Александрдың  таққа  отырған

тойына  барып,  ясаул  чинін  алған.  Қанғожа  соның  баласы.  Ол  да

Кенесарыны қуысқандығы үшін сотник даражасына жеткен. Қазіргі чині –

Көкпекті дуанының аға сұлтаны.

Əбілез  Əділов.  Туған  жылы  мəлімсіз.  Орта  жаста.  Əкесі  Əли  –  əуелі

Аягөз  дуанының,  одан  кейін  Алатау  дуанының  аға  султаны  болған.  Оның

əкесі  Əділ  Абылай  ханның  отыз  ұлының  бірі.  Абылай  ол  баласын

Жетісудағы  Найман,  Жалайыр,  Үйсін,  Дулат  руларын  билеуге  жіберген.

1824  жылы  Кенесары  əкесі  –  Қасыммен  соғысып  жеңгені  үшін,  Андрей

лентасына қадаған алтын медаль жəне қымбат тастармен əшекейленіп, аты

жазылған  күміс  жүзік  алған;  1846  жылы  Кенесарымен  соғысқаны  үшін

тағы  бір  алтын  медаль  жəне  подполковник  чинін  алған.  Əлидің  өзі

алыстағы жүріске жарамайтын жетпіс жастағы қарт болғандықтан, орнына

Əулиеата  дуанына  жақында  ғана  аға  султан  болып  тағайындалған  баласы

поручик Əбілезді жіберуді өтінген.

Бұл  тізімге  өкілі  кірмей  қалған  жалғыз  дуан  –  Қарқаралы.  Оның  соңғы

кезге  дейін  алма-кезек  ауысып  келген  аға  султандары  Құсбек  жəне

Жамантай дейтін Барақ ханның тұқымдары, өзара бақ талас болып, бірінің

үстінен  бірі  арызды  жаудыра  берген  де,  ақыры,  бірінің  түбіне  бірі  жетіп,

екеуі де енді қайтып оралмастай, қызметтерінен босанған.

Ел олардың орнына, болғысы келмеуіне қарамай, «ел тоқырар кісі» деп,

Тобықты руынан Өскембайдың Құнанбайын ұсынып, жуық арада жоғарғы

жақтан бекіп келген. Құнанбай сонда да «жуықта хажыға кету ниетім бар»

деп,  мөрін  алмай,  Петербург  тойына  да  барғысы  келмей,  «тыңғылықты

кісі» деп, орнына дуанның белгілі бір биі – Қаракесек руынан Қазанғап ұлы

Тəттімбетті ұсынып Омбыға хат жазған.



Омбы  оның  мəн-жайын  тексертсе,  туған  ағасы  Құттымбет,  1826  жылы

бірінші  Николайдың  таққа  отыру  тойында  поручик  чинін  жəне  Андрей

лентасына қадаған күміс медаль алып келген екен.

Арғындағы  Қаракесек  руының  «Шаншар»  тайпасынан  шыққан

Мөшкенің  Қазанғабында  Ырсымбет,  Құттымбег,  Тəттімбет,  Жақсымбет,

Ашшымбет  дейтін  бес  ұлы  болған  сияқты,  олардан  басқа  тағы  бес  «беті»

кішкене  күндерінде  өлген,  сонымен  Қазанғапты  кіндігінен  тоғыз  «бет»

болғанға ұқсайды.

Қазанғаптың өзі патша əскеріне қосылып Кенесарыны қуысқан, хорунжи

чинін  алған;  балалары  да  «ақ  патшаны»  жақтап,  чинге  іліккен.  Атақты

Біржан салдың ақын Сарамен айтысында:

Ұл тумас Қазанғаптай ата ұлынан.

Тұқымы дегдар болған жатынынан,

Полковник чинге жеткен түгелімен,

Шырылдап туған бала қатынынан,–

деуі содан болса керек.

Осындай дегдар тұқымнан болғандықтан, Петербург тойына баратындар

тізіміне Тəттімбет те қосылды.

Тізімге  леккендер  хабарланып,  қастарына  кімдерді  ерткісі  келуі

сұралғанда олардан төмендегідей өтініш түсті:

Шыңғыс  кіші  сұлтандардан:  Атығай  –  Қарауыл  руларының  болысы

Байсарының  Шөбегін,  Əлке  –  Байдалы  руларының  болысы  Аққошқар

Кішкентаевты;  Мұса,  Сүйіндік  Қаржас  руларының  болысы  Секербай

Малгелдинді, өзінің кенже інісі, он екі жастағы Əужанды; Ыбырай, Бөрші,

Темеш  руларының  болысы,  хан  тұқымы  –  Қоңыр  Құлжаның  Бегалысын

ұсыныпты.

Толықтырылған тізім тез арада Петербургтағы сібірлік комитет пен ішкі

істер министрлігіне жолданды.

Бұлардың  баруына  күдігі  жоқ  Гасфорт,  енді  жаздың  жағдайына  лайық,

дұрыстап  киіндіру  қамына  кірісті.  Сонда  орысша  ма?  Ұлтынша  ма?

«Орысша»  дегендері:  «Патшаның  сыйлығы»  деп  берілген,  тұрпайы  қара

шұғалардан тігіп, жаға-жеңдерін оқалаған шекпендер; олар ауыл арасында

ғана сəнді, патша əкімдерінің арасында келеке қылатын киімдер; іштерінде

хорунжи,  сотник  ясаул  атақтары  барлар  бірталай  болғанмен,  ясаул

чииіндегі əскерлік киім Шыңғыста ғана бар. Өзгелерінде жоқ. Сондықтан,

аза  сапарында  сыйлыққа  алған  қылыштарын  мойындарына  асқысы  келген

оларға,  «есекке  күміс  тұрман  артқандай  көрінесіңдер»  деп,  «қайтқанда


аларсыңдар» деп Шоқан бар қылышты сыпырып алып қалатын болды.

Тойға  жаман-жəутік  шекпендермен  жіберуді  ерсі  көрген  Гасфорт,

Шоқанның  ақылымен,  баратындардың  бəріне  де,  жақсы  көздемеден

қамзол-шалбар,  бірнеше  көйлек-дамбал,  кебіс-мəсі  дегендерді  Омбыдағы

татар  шеберлеріне  қазақы  үлгіде  тіктіретін  болды  да,  даярланған  шақта,

бағасын  өздері  төлеуге  тапсырды.  Сырттарынан  желбегей  салатын

шекпенді түйе жүнінің өрмегінен қазақша кең ғып тіктіруге бұйырды.

Ендігі  мəселе  –  қазақ  депутаттарын  кімнің  басқарып  баруы.

Добшинскийден  аузы  күйген  қазақтар,  оны  я  ол  сияқтыларды  ерткісі

келмеуін  Гасфортқа  ашық  айтты.  Генералдың  «енді  кім?»  деген  сұрауына

ешқайсысы  жауап  бере  алған  жоқ.  Қалай  береді?  Сібірлік  қазақтарда

Шоқаннан  басқа  орыс  тілін  жəне  орыс  тəртібін  білетін  жан  естілмейді.

Оның  баруына  Шыңғыс  пен  Мұсадан  басқалары  түгелімен  іштей  қарсы.

Қолы леккен жердің бəрінде де Шоқанның биіктеп кетуіне күдігі жоқ олар,

дəурені  өтіп  кеткен  хан  тұқымынан  тағы  біреуінің  орыс  чинінде

жоғарылауын іштей күндейді, сол сырларын сырттарына қалай шығарудың

тəсілін таба алмай əлектенеді.

«Əр  Мұсаға  бір  Перғауын»  дегендей,  Шыңғыстың  іштей  қатты  күндеп

жүрген  кісісі  бар.  Баяғыда,  бастапқы  қатынынан  туған  Əбəйділда

Айғанымға қарсы боп, Россияға қарсы көтеріліс жасағанын білеміз. Сонда

Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Сперанский оны алдап, «Керей – Уақ»

руларын саған билетем» деп жанжалын біраз уақытқа доғартқан. Сол кезде

Сұлтанғазы  дейтін  бес  жасар  ұлын  аманатқа  алған.  «Аманат»  дейтіні  бір

ұлын патша өкіметінің қолына береді де, егер антын бұзса, өкімет аманатты

өлтіреді.

Бірақ,  ақылды  Сперанский,  Əбəйділда  антын  бұзып  тағы  да

көтерілгенмен, қолына алған Сұлтанғазыны өзімен бірге Петербургқа алып

кетеді  де,  пансионаттағы  орыс  сабағына  береді.  Содан  оқи  берген

Сұлтанғазы, патша сарайының қасындағы «Паж» аталатын кадет корпусын

бітіріп  чині  жоғарылай  береді  де,  Шыңғыс  Петербургқа  барған  шақта,

патша нөкерлерінің қатарына кіреді.

Соны  естіген  Шыңғыс,  қызғаныштан  жарыла  жаздағанмен,  сырын

білуге  жақындайын  десе,  анау  бір  кекірейген  маңғаз!..  Шыңғыс

Петербургта болған күндерде, ол жұғысу орнына қашқалақтап, маңайламай

қояды.  Абайсызда  бірер  кезігіп  қалғанда  байқаса,  түр-тұлғасы  кесік-кейіп

аумаған  əжесі.  Əкесі  де  осы  сияқты  менмен,  кекір  кісі  болатын.  Ол  да

«тоқал  баласы»  деп  Айғанымнан  туғандарға  өш  еді.  «Өш  қана  емес,

дұшпан  да.  Айғанымның  өзін  я  кезіккен  балаларын  өлтірмек  боп,

Əбəйділда  талай  аңдыған  да,  қолы  жете  алмаған.  Соны  білетін  «тоқал

балалары»,  «ол  ұсталып,  Итжеккенге  айдалды»  дегенді  естігенде,  «шоқ-

шоқ!» деп сандарын шапалақтап қуанған.

Сол  Əбəйділда  Итжеккеннен  біраз  жылда  оралып,  көп  кешікпей



сырқаттанған  да,  елер  алдында  туыстарына  «менің  жаназама  Айғаным

балалары  кірмесін.  Оларға  қастықтан  басқаны  жасамаңдар!»  деген  өсиет

қалдырған.  Соны  естіген  Айғаным  балалары  да,  Шыңғыс  балалары  да,

«бəйбіше балаларын» келіспесе, кескілесер жауы санайтын. Шоқан да осы

рухта  тəрбиеленген.  Сондықтан,  əкесі  Петербургтағы  азаға  аттанарда

«Сұлтанғазы Абылайханов дегеннің аты естіледі, сол Əбəйділданың баласы

емес пе екен; сұрастырып қайт, егер сол болса, сырын тарт, əкесінің өсиетін

естіді  ме  екен,  жоқ  па  екен?  Əжемнің



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет