АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет55/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

50  Тəштитпен  түтіні  қосылып,  ауыз

жаласып алды.

Ал,  Атығай  мен  Қарауылға  келсе,  Абылай  хан  көтерілгенде  алты  қыз

беріп,  қан-жыны  араласып  кеткен  олар,  Абылай  өле  бордай  тозып,  бет-

бетімен  кетті.  Қазір  олар  хан  тұқымының  бақ  күндесі,  олармен

жауығушылар көп, Əбдіғапар да солардың ішінде.

Хан  тұқымының  бір  таянышы  «қырық  рудан  құралды»  дейтін

Төлеңгіттер  еді.  Кешегі  Айғаным  заманына  дейін  құлдардың  қызметін

атқарып  жүретін  олар,  кейінгі  кезде  «бас-басына  үй  тігіп,  мал  айдап...»


дегендей өздері мен өздері болып, құлдық ұрып бағынудан қалып барады.

Байыған  біреулері  хан  тұқымы  –  төрелермен  үзеңгілерін  қатарластыра

бастады.

Осыларға  қарағанда,  жылдан  жылға  сарқылып  келе  жатқан  хандық

бақыттың теңізі сарқыла кеп, ақыры ақ тақырға айналатын түрі бар.

«Дəулетіне,  бағына  қызықтырам  ба»  деген  оймен,  Шыңғыс  Шоқанға

талай  аталықты,  атақты  жерлерден  қыз  атастырып  көрді  жəне  аты  «қыз»

емес, «жансыздар» жұмсап, əдемілерін де таңдады. Не кесір соққанын кім

білсін. Шоқан оларды көрместен зыр қағып, жуымайды!..

Қала  ғұрфымен  тұрғысы  келсе,  Госфорттың  жиені  Катерина  бар.  Ол  да

орыстың  сұлуы!..  Мінез-қылығы  қандай!..  Шыңғыс  Петербургқа  екі

барғанда да алдында құрдай жорғалап қызмет көрсетті. Онысы Шоқан ала

ма  деп  емексігендіктен  болу  керек.  Сол  қызға  құлқы  құлаған  Шыңғыс,

«осыдан  артық  қатын  табылмас»  деген  оймен,  Петербургтан  қайта

Шоқанның құлағына:

–  Атаң  Абылай  да  бір  қатынды  орыстан  алып,  мінез-қылығы

жағымдылығынан  елге  «орыс  сұлу»  аталып  кеткен.  Бұны  да  сондай  болар

деген  үміттемін,  –  дей  келе,  құлағына  құйып  багын  еді,  не  əрі,  не  бері

демей, керең кісідей мелшиіп отырды да қойды.

Баласының  сол  қалпына  көңілі  жүдеп  қайтқан  Шыңғыс,  Омбыдан,

Қызылжардан  шыға,  Есіл  бойын  өрлей  жүрген  əрбір  адымы  қайда,  қалай

басылғанын ұзынқұлақтан түп-түгел естіп отырды.

Қожықтың  қызын  қайырғанын  естігенде  Шыңғыс  ызадан  терісіне

сыймай  жарылып  кете  жаздады.  Оның  сақал-шашы  осы  күндерде  ағара

түсті.

Солайша  бұлғалақтап  жүрген  Шоқан,  енді  аулына  келді.  О  л  келердің



алдында  Шыңғыс  пен  Зейнептің  арасында  қатты  кикілжің  болып  қалды.

Мəселе  Айжан  жайында.  Бұрнағы  жылы  Рақияны  құтты  жеріне

қондырғанда, Шыңғыс оның тиісті еншісіне қоса жеті жетім берген еді. Бақ

жетіміне  Айжанды  бермек  болғанда.  Зейнеп  толып  жатқан  сылтау  тауып

алып қалған. Əйеліне сөзін еткізе алмаған Шыңғыс:

–  Келешекте  біздің  үйге  бас  қырсық  осы  болмаса  мұрнымды  кесіп

берейіні – деп долданған да қойған.

Одан бері бірталай уақыт өтті. Айжан Зейнептің қасында тұрып жатты.

Жұрт  көзінде  ол  да,  жеңгесі  Бөкен  де  Зейнептің  күтушісі.  Жас  əйелдерді

олайша ұстау ханша даражасындағы Зейнепке жарасып тұр...

Атбасар  сапарынан  оралған  Шоқанның  ордаға  соқпай  кетуіне  қарап,

жұрт  Шоқанды  «күңінен  бездіге»  санады  да,  сұлу  келіншекте,  əдемі



тоқалда  ойы  барлар  Шыңғысқа  кісі  сап,  сұрағанын  бермек  болып  еді,

Шыңғыстың  кейбіреулеріне  көңілі  де  құлап  еді,  Зейнеп  жыландай

ысқырынып  маңына  жолатпады.  Сонда  еріне  айтар  дəлелі,  –  денесінің

ауырлап  кетіп,  дəретке  шейін  өз  бетімен  ала  алмауы,  ас-суын  ішуге  де

жəрдемші керегі. Онысына көңілі тоқыраған Шыңғыс:

– Қашанға дейін жүреді мұнда? – десе:

– Дəмі таусылғанша, – деп жауап береді Зейнеп.

Дəмінің қашан таусылары мəлімсіз.

Зейнептің  өз  ойына  келсек,  –  Атбасарға  бара  жатқан  жолында,

Шоқаннан  Айжанды  бой  таса  қыла  тұрған,  сонда  да  ебін  тауып

жолыққандарын  естіп,  тыюға  болмайтын  құмарлыққа  санаған  да,

Атбасардан кейін оралғанда:

– Айтқанға болмадың, балам, – деген Зейнеп Шоқанға. – «Арам жесең,

тойғанша»  деп,  енді  алмай  тынба!  Бірақ  Атбасардан  тартқанда  бізге  тура

тарта  бер.  Кейін  қатыны  мен  Жайнақты  қасыңа  кешіріп  аларсын,  да,

қарындасы ере кетер. Аржағын өздерің білерсіңдер.

Осы шартпен Айжанды қасында ұстаған Зейнеп, алуы алып қалғанмен,

төсек  көрген  қызға  ие  бола  алу,  бола  алмауына  күдіктенді  де.  Сол  оймен

жүріс-тұрысына  сығалай  қараса,  Шоқанға  шын  берілуінен  бе,  дінге  қатты

сенуінен  бе,  ошаң  еткені  сезілмейді.  Міндетті  қызметтерін  өтеуден  басқа

уақытын  əлде  не  кітаптарды  беріле  оқуға  жұмсап,  кейбір  кездерде  көз

жасын  сығып  та  алады.  «Бұл  не  деген  ұстамды  қыз?»  деп  қайран  қалады

Зейнеп.

Шоқан  келді.  Оның  Айжанмен  кездесуіне  ешбір  қарауыл  бөгет  бола



алмады.  Сүйіскен  екі  жүрек  жалғасудың  əдісін  таба  берді.  Олардың

сездірмейміз  деген  сыбдыры  мен  сыбыры  Зейнепке  де,  Шыңғысқа  да  сол

сəттерде жетіп жатты.

Не  істесін  Шыңғыс!  Өз  қолын  өзі  қалай  кессін!  Ызаға  іштей  булыққан

оның  сақал-шашының  ағаруы  үдей  түсті.  Ішіндегі  сызы  күн  санап

қалыңдай түскен ол, сырттай жылтырағанмен, Шоқанмен бел шешіп кеңесе

қойған жоқ. Айжанмен арасындағы қарым-қатынастарды əкесі сезбейді деп

жүретін Шоқан, оның бұл салқындығына не себеп барын біле алмады...

Сазарған  салқындығынан  аумаған  Шыңғыстың  Шоқанға  қатты  ұнаған

бір жері, Науаннан қалғаны бар, өзінің жинағандары бар, ауыл жағдайында

көлемді кітапхана жасап алған. Олары екі жүйелі: бірі – дін жайындағылар,

екіншісі  –  тарихи  кітаптар,  олардың  ішінде  «Жамғұ-əттəрауих»  «Тарихи

Рашиди»  сияқты  əлденеше  томдығы  да,  Əбу-Жағфар  Аттахауи,  Мұхамбет

Хайдар-Дұғлати, Жамаледдин Афғани сияқты ғалымдардың жеке кітаптары

да  бар;  солардың  ішінде  қолжазба  қалпында  Насыр  Хұсыраудың,  Ақсақ


Темірдің,  Бабурдың  Ұлықбектің,  Əбілғазының  тағы  біраз  білгірлердің

мемуарлық түріндегі «намалары» да жүр. Шыңғыс бұлардың бəрін шұқшия

жəне түсініп оқиды екен.

Тағы  бір  ұнағаны:  Əбілғазының  «Хандар»  жəне  «Түрікпен  шежіресі»

деген  кітаптарына  еліктеп  қазақ  шежіресін  жинап,  тəртіпке  келтіре

бастапты.

Жəне бірі, қазақтың ауыз əдебиетін кəп жинапты.

Соңғы  жылдарда  Шыңғыс  атқа  мінерлікті  азайтып,  уақытының  көбіне

кітап оқуға, жинағандарын ойластыруға жұмсайды екен.

Былайғы  бос  уақыттың  ғибадатпен  өткізеді.  Бес  уақыт  намазын  кезінде

өтейді.

Ислам  дүниесіне  осылайша  тереңдеп  алған  Шыңғыстың  орыс



мəдениетінен  алған  ең  көрнекті  үлгісі,  –  үй  ішінің  ыдыс-аяғын,  төсек-

орнын,  киім-кешегін,  жасау  жиһазын  мəдениетті  тұратын  ол,  кигіз  үйде

тұратын дворяндар мен помещиктерге ұқсатқан.

Бұл үйге де, өзге төрелерге де орыстан кірген бір «жаңалық» – еркектері

киімдерін  орысшаға  бейімдеп,  татарша  тіктіруге  айналған.  Біразы

бастарына қалпақ, не татар тақиясын киетін болған. Етіктері де тар қоныш,

қисық табан. Бұндай киімдерді əдемі тігетін шеберлер бəріне бірдей табыла

бермей,  шала-шарпылардың  қолдарынан  шыққаны,  орысша  мен  қазақша

фасонды  араластырғаны  күлерлік  түрде  жасалған.  Мысалы,  Сəмеке  деген

төре,  қара  қалпақтың  етегін  оқа  жəне  құндызбен  жиектеп  төбесіне

шоқпардай  үкі  таққан;  қытайдың  ақ  чесуншасынан  татаршалау  тіктірген

қамзол  шалбарын  да  солай  əшекейлеп,  шалбарының  салбыраған  бауына

зерлі шашақ жасатқан...

Шоқанның туған інілері Жақып, Мақы, Махмет, Ахмет, Қозыке, Қоқыш

киімдерін  Имантаудың  шебер  татарына  орысшалау  тіктіретін  болыпты.

Солардың  ішінде  ержетіп  қалған  Жақып  салдық  құрады  екен  де,  Сəмеке

сияқты əлем-жəлем боп жүреді екен. Жасы қазір он алтыдағы Жақып, қып-

қызыл  бозбала.  Ол  маңайдағы  ауылдың  ажарлы  қыз-келіншегіне  маза

бермей,  көбіне  өкім-зорлық  жасайды  екен.  Жұрт  оның  сол  қылықтарын

Шоқанға  шаққаннан  кейін,  ол  Жақыпқа  өнеге  айтайын  деп  еді,  Жақып

қарсыласа кетіп:

–  Əуелі  өзін,  жөндел,  ақылды  маған  содан  кейін  айт!  –  деп  бетін

қайырып тастады.

Жалпы  алғанда,  көрмеген  аз  жылда  ауыл  өміріне  бірталай  жаңалықтар

кірген.

Жыл  тəулігінің  əр  кезінде  жан-жақтағы  станцияларда  жиі  болатын



базарларға  жүн-жұрқасын,  тері-терсегін,  малдарын  сататын  қазақтардың

қолына  ілеккен  соң,  киімді  бұрынғыдай  қолдан  илейтін  теріден,  қолдан

тоқитын ермектен жасауды азайтып, базар бұйымдарын қолдана бастапты.

Орыс  тілін  білетіндер  бұдан  біраз  жыл  бұрын  емге  табылмаса,

орыстармен  қарым-қатынас  жасауға  жарайтындар  қазір  əр  ауылдан

табылады екен.

«Шіркін, енді соларды оқыта бастаса!» деп арман етеді Шоқан.

Оқу  жағына  келгенде,  соңғы  аз  жылдың  ішінде,  ауыл  арасына  «қожа,

молда»  дегендер  қаптап  кеткен.  Бұрын  Орта  Азиядан  бірен-сарандап

келетін,  өздерін  «пайғамбар  тұқымымыз»,  «ақсүйек  –  сейіт-задалармыз»

дейтін  қожалар,  қазір  əр  рудың  ішінен  табылатын  болыпты.  Олар  бала

піштіру,  қайыр-садақа  жинау  сияқты  ұсақ  «кəсіптерінен»  басқа,  қазақтың

кейінгі,  Россияға  бағынғанынан  бастап  тұрмысына  кірген  жаңалықтарын

өлең-жырмен  жамандауға  кіріскен.  Мəселен,  Шортамбай,  Серəлі,  Майлы,

Мəделі  сияқты  қожалар  талантты  да  ақындар  сияқты.  Олардың  өлең-

жырлары ел арасына кең тарап, жыршылықта талабы барлар жаттап алған.

«Молда»  дегендер  түгелімен  татар,  я  башқұрттар.  Олар  түгелге  жақын

не солдаттық қызметтен қашқандар, не қылмыс жасап, жазадан қашқандар.

Солардың  бірі  –  Ғалиасқар  Шыңғыстың  да  қолында  тұрады  екен.  Шоқан

оның  əу-жайын  байқап  көрсе,  мұсылманша  оқуды,  яғни  əріптерді  көзі

танымаса,  қолы  танымайды,  яғни  екі  əріптің  басын  біріктіріп  жаза

білмейді, өзге түгіл, өзінің де аты, жөнін қағазға қондыра алмайды. Сондай

«молдалардың»  алдына  да  «тілін  сындыр»  деп  қазақтар  балаларын  жинап

береді екен. «Тіл сындыру» орынды табылған сияқты. Молдалар балаларды

оқуға  үйрету  орнына,  түсіндіре  алмаған  «оқуларын»  біле  қоймадың  деп

шəкірттерін  қатты  сабап,  тілдерін  орамалмен  бұрайды  екен.  Соның

салдарынан шолжың я сақау болып қалған балалар бар екен...

Тағы  да  Шоқан  тан,  қаларлық  бір  нəрсе,  –  Россия  үкіметінің

басындағылар  христиан  дініндегілер  бола  тұра,  мұсылман  молдаларын

қатты  қуаттап,  оларға  қамқорлық  жасайды  екен.  Солардың  ішінде  тонын

айналдырып  киген  бірен-саран  миссионерлер  де  барын  Шоқан  байқап

қалды.  Бұл  жайларда  ол  Омбыда  қайта  мəселе  көтеріп,  халықтың

өркендеуіне бөгет дін уының далаға кең бүркілуіне қарсылық білдірмек.

Шоқанның  осы  сапарда  ауылда  көрген  ерекше  зорлық-зомбылығының

аса  бір  ауыр  түрі  қара  шығын.  Ол  үкіметтің  заңды  алым-салығынан

тысқары, жергілікті əкімдердің «уақ-түйек шығынға» деп жинайтыны. Аты

«уақ»  болғанмен  халықтан  жиналатын  шығынның  ең  ауыры  осы  екен.

Заңды  алым-салықта  мөлшер  бар,  ал,  қара  шығында  мөлшер  жоқ.

Жергілікті  əкімдер  қанша  алғысы  келсе  сонша  жинайды.  Соңғы  екі-үш

жылда  «қара  шығынға»  деп,  əсіресе  «патшаның»  жанаралдың  тойларына»

деп,  қисапсыз  көп  мал  жинаған.  Солардың  тағайынды  жеріне  оннан  бірі

ғана  барады  екен  де,  өзгелерін  жергілікті  əкімдер  шендеріне  лайықты



бөлісіп  алады  екен.  Жемқорлар  өз  сыбағасына  қалатындарды  ылғи  тай,

құнан-құнажын,  дөнен-дөнежін  сияқты  жылқылардың  семізінен  жинайды.

Осы  жайда,  Шоқан  Имантауда  жатқан  күндерде  түскен  бір  арызда,

жергілікті кіші сұлтанның біреуі, бір тақыр кедейдің қысыр сауып отырған

жалғыз тайын тартып алған.

Қара  шығынды  кейбір  тілі  келмейтіндер  «қара  шыбын»  дейді  екен.

Шоқанға  ол  тауып  қойған  ат  сияқтанып  кетті.  Расында  да  солай  сияқты.

Қара шығын денеңе қонып құрттататын қара шыбындай, елдің денесіндегі

жебірлік  жарасын  құрттатқандай,  жанын  аса  ауыртады  екен.  Ендеше,  қара

шығыннан құтылмай, «қара халық» аталатын момындар қиянаттан көз аша

алар емес.

Шоқанның  ойынша,  бұл  зорлықты  тыюға,  патшадан  басқаның  күші

келер емес. Оған осы жайда Тəттімбет атынан жолданған шағымнан табар

жоқ.  Егер  ол  хабар  Омбыға  оралғанша  келмесе,  толып  жатқан  дəлелдерге

сүйенген  ендігі  шағымда  жоғарғы  жаққа  Шоқанның  өзі  жолдамақ.  Осы

істерді  атқару  үшін  той  жабдығын  тезірек  өткеру  керек  те,  Гасфортқа

айтарын  той  үстінде  ескертіп,  айтпайтынын  (ондайлары  да  көп)  жоғарғы

жаққа жеткізу үшін Омбыға тезірек оралуы керек.

Зейнеп  Шоқанға  басқаша  қарады.  Ол  білетіндерін  білмегенсіп,

көргендерін көрмегенсіп, Шоқанға аналық мейірмін өзгерткен жоқ. Шоқан

да  оған  жас  баладай  еркеледі.  Сондай  мейіріммен  кездескен  бір  сəтте,

Шоқан шешесіне Айжанмен қосылу туралы айтқан ақылын ескертіп еді:

– Қайдан білейін, қарғам! – деді Зейнеп.– Əкеңнің абыройы жылдан жыл

төмен  түсіп  барады.  Оны  ренжіте  беру  де  қиын.  Тойға  мен  де  баратын

болдым  ғой.  Айжанды  ала  барайын  той  өтсін.  Содан  кейін  тағы

ақылдасармыз.

Оның  алғашқы  ойы,  –  патшаның  тойына  əке-шешесін  жəне  біраз

көңілдестерін  Бурабайға  өзімен  бірге  ала  кету  еді.  Өйтуіне  əкесі  сырғақ

жатыр.  «Жə,  бəсеге»  келгенде  шешесі  əкесінен  шыға  алар  емес.  Жалғыз

болса  да  аттануға  бел  байлаған  оның  аулынан  ертуге  ықласты  үш-ақ  кісі

табылды.  Бірі  –  жылпос  құрдасы  Жайнақ,  екіншісі  –  əкесінің  туған  інісі,

елдің ең атақты қобызшысы Қанғожа, үшіншісі – туған інісі Мақы, азанмен

қойылған аты Əбу-Мұхаммет. Шоқан оқуға кеткен жылы апыл-тапыл жүре

бастаған, алдыр-бұлдыр тілі шығып қалған бұл інісі бес жасында сүзекпен

ауырады  да  өледі.  Мезгіл  қыс  екен.  Ол  кездегі  ауылдың  əдетінде  ұзақ

сапарына  елікті  кигіз  үйден  шығару  бар.  Мақыны  да  сөйтіп,  ағаш  үйден

кигіз үйге шығарып қойса, шала өлген бала тіріледі де, суықтан құлағы мен

тілі  байланып  қалады.  Содан  саңырау  жəне  сақау  болып  өскен  Мақы

балшықтан,  астан,  ағаштан  нелер  түсті  фигуралар  жасайтын  қағаздан,

матадан нелер өрнекті оюлар оятын шебер болатын қалпын көрсетеді.

Кішкене  күнінде  ажырасқан  Шоқанға  ол  сырттан  құмартып,  көруге

асығуын  білдіріп  жүреді  де,  көріскен  сағатынан  бастап,  оның  қасынан



шықпай, түнде бірге ұйықтайды. Мақыдан түбінде үлкен өнерші шығуынан

дəмеленген  Шоқан,  əке-шешесіне  осындай  кемтар  балаларды  оқытатын

орысша  школалар  барын  айтып,  соған  беруге  үгіттейді.  Бұған  əкесі

көнгенмен шешесі көнбейді, қасынан шығарғысы келмейді. Шешені еппен

көндіргісі  келген  Шоқан,  Мақыны  Бурабайға  ерте  кетіп,  аз  күнге  болса  да

ажыратқысы  келді.  Аттанар  алдында  Мақы  Шоқаннан  қалмайтын  қалпын

көрсетті. Əке мен шеше амалсыз көнді. Бірақ шарттары:

– Бурабайдан əрі алып кетем деп дəмеленбе. Одан арғыға ұлықсат жоқ.

Қайтсек те алып қаламыз.

– Оны бара көреміз, – деді Шоқан.

Тойдың басталуына əлі де жарты айға жақын уақыт бар. Тойға Гасфорт

бастаған Омбы төрелері келмек. Оларға лайықталған үй Шыңғыстың, тек,

жайлау  күндері  тігетін  шаңқан  боз  ордасы.  Шыңғыс  Бурабайға  сол  орда

тігілер кезде барады. Қасына өзіне арналған қосалқы үй тігіледі. Омбыдан

тарқардағы  уəделері  бойынша  сол  кезде  Баянауылдан  артынып-тартынған

Мұса мырза да келіп Шыңғысқа қосылмақшы да басқа қонақтарды бірігіп

қарсы  алмақшы.  Шоқанның  есуін  ол  да  даража  көріп,  буына  пісіп  жүреді.

Мына  жолғы  қызық-қызметін  көзінен  өткеріп,  терезем  тең  дейтіндер

алдында  «бұндайың  бар  ма?»  дегендей.  Шоқанмен  мақтанбақшы.  Шоқан

Айжан  туралы  Бурабайда  шырыш  бұзар  болса,  Шыңғыс  оны  Мұсамен

қалдырғысы келеді.

Мақы күміс тұрманды қара жорға тайға мініп, Жайнақ оны шылбырынан

жетектеп алды.

– Қайырлы сапар! – деп қалысты аттандырып салғандар.



КӨКШЕНІҢ КҮМБЕЗІ

«Көкше»  атанатын  тауды  көру  Шоқанның  ең  ынтық  ойының  бірі  еді.

Оның ол туралы естіген ертегілері мен қараған қағаздарында қисап жоқ.

Ертегілердің  көбі  Шоқанның  арғы  атасы  Абылай  мен  бергі  атасы

Көкшенің  қалайша  хандық  құрып  ел  басқарғаны,  бастарынан  кешірген

ауырлықтары  мен  жеңілдіктеріне  байланысты.  Ал,  қағаздары  Россия

патшалығынан  Көкшеге  əр  кезде  келіп  жаналған  əртүрлі  запискалар,

хаттар. Бұлар Омбының архивында сақталған.

Осы  қолжазбалардың  ішінде  ерекше  маңыздысы  Көкшеге  Абылайдың

тірі кезінде келіп, аты-жөнін айтпай, жазғанына танымастық шимаймен қол

қойған  офицердің  «Абылай  хандығы»  деп  атаған,  қалыңдығы  еліге  жақын

дəптері.


Бұл,  тегі  кітап  ету  мақсатымен  жазылған  дəптер  сияқты.  Бірақ  қанша

сұрастырғанымен,  ондай  кітаптың  ізін  Шоқан  таба  алмады.  Дəптер  иесі

əріптерді  өте  сұлу  түсіретін  кісі  екен.  Жəне  ол  адамның  жазушылыққа  да

бейімі  болу  керек:  сөздері  бейнелі,  шешен  сипаттаулары  көркем,

оқиғаларды  қызық  құрастырды.  Осындай  қасиеттері  болғандықтан

қолжазба оқуға жеңіл де, тартымды да.

Офицер Абылайға татулық кеңестерімен ғана емес, оған бағынышты ел

мен  жерді  барлау  мақсатымен  де  келген  сияқты.  Абылай  оған

қарамағындағы  өлкелердің  бірталайын,  əсіресе  Бурабай  төңірегін  аралауға

рұқсат  еткен.  Офицер  солардың  хал-жайын  толық  сипаттаумен  қатар

көбінің,  əсіресе  Көкшенің  іші-сыртының  топографиялық  картасын  жасап,

қолжазбасына тіркеп кеткен.

Абылай  туралы  жоғарғы  пікірдегі  офицер  оның  Орда  тіккен  Бурабай

тауына ерекше мəн берген.

–  Мен,–  деп  жазған  офицер  Көкшенің  табиғаттық  бітімі  туралы,  –

Россияның,  Европаның  талай  тамаша  жерлерін  аралай  жүріп,  табиғаты

астанаға бұдан көркем жəне бұдан лайық жерді кездестірген емен.

Оның  сипаттауында  тəңірінің  бір  ете  шебер  архитекторы,  Көкше

аталатын таудың радиусы жүз шақырымдай өлкесін циркульмен дөңгелете

сызып  алған  да,  сол  сызықтың  батыс  жақ  тең  жарасына  жотасы  биік,

асулары  тар  үш  тау  орнатқан.  Он,  жақ  қанатында  Шортан,  сол  жақ

қанатында  Шабақ,  ортасында  Көкше.  Бұлардың  іші-сыртына  нелер  кең

жəне  терең,  сулары  тұщы  шалқар  көлдер  біткен.  Таулардың  ен  бойлары

жəне  кездердің  жағалауы  «ит  тұмсығы  етпестей»  дерлік  қалың  орманға

бөленген.

– Осы табиғаттық бекіністің бəрін, – деп жалғастырады офицер сөзін, –



Абылай  жаудан  қорғану  шараларында  толық  пайдаланған.  Бұл  кездегі  жау

қаупі жаз айларында болатындықтан, жаздың үш айында Абылай ордасын

Көкшенің  қойнауындағы  қалың  орманның  етегіне  біткен  «Оқжетпес»

дейтін асқар шыңның қасындағы алаңға қондырып, алысты көрсететін шың

төбесіне қарауыл қояды екен. Бұны тұрғын ел «Абылай алаңы» дейді екен.

Алаңның  алдында  «Бурабай»  аталатын  шалқар  көл,  жан-жағында  асуы

қиын  таулардың  кезеңі.  Таулардың  бəріне  қосқандағы  аты  «Бурабай»

жергілікті  жұрттың  ертегі  ғып  айтуынша  осы  таудың  киесі  боп  жүретін

мифологиялық  ақ  бас  қара  бура  бар  деседі;  Абылай  ордасының  хандығы

біткен шақта бұл бура шөгіп тас боп қатып қалыпты-мыс. Бурабай тауының

шығыс  жақ  жырағында  шоқысы  аппақ  боп  көрінетін  бөлекше  бір  тау  бар.

Жұрттың  айтуынша  ол  шоқы  алыстан  Бурабайдан  əлдеқайда  аласа

сияқтанғанымен,  шындығында  биік  болмаса  аласа  емес.  Жаугершілік

заманда Абылай осы шоқының төбесіне от тұтатады екен де, түтінін көрген

жұрт  жау  қаупін  айтпай  сезіп  тез  жинала  қалады  екен.  Жаугершілік  заман

өткеннен кейін Ақшоқы түтеуден қалған...

– Абылайдың, бекінісі бұл ғана емес, – деп жалғастырады офицер сөзін.

–  Оның  көктемдік  жəне  күздік  қоныстары  да  ете  берік  жерде.  Көктемдік

қонысы  Көкше  мен  Шабақтың  солтүстік  жағын  орап  жататын  «Үлкен

Шабақ»  аталатын  көлдің  батыс  жағынан  ішіне  қарай  сұғына  біткен,  ұзын

тұрқы  үш-төрт  шақырымдай,  көлденеңі  бірер  шақырымдай  жарты  арал.

Аралдың  төңірегін  көл  жаралғаннан  бері  сүзгілеген  толқындар  құм  мен

тасты  жентектеп  биік  жар  ғып  тастаған.  Ол  жарлардың  үстіне  мойылы,

талы,  тікені,  терегі,  қайыңы  аралас,  арасынан  жан  жүре  алмайтын  нулы

жыныс  ескен.  Жарты  аралдың  жағалауы  –  тереңдігі  күрт  кететін  тұңғиық.

Əлдекімдерді өз өлшеуінше бұл тұңғиықтың түбі елу-алпыс құлаш сияқты,

сондықтан жарты аралға жан-жақтан қайықпен келуден басқа жетер құрал

жоқ.  Абылай  көктемін  үнемі  «Көкқасқа»  аталатын  осы  жарты  аралда

өткізеді екен.

–  Күздігі  де  керемет  бекініс.  Ол  Бурабайдың  шығыс  жағындағы

Торайғыр тауының етегіне біткен «Қотыр» атты шалқар көлдің, күнгейінен

кіретін  жарты  арал.  Оның  да  ұзындығы  мен  көлденеңі  Көкқасқа  шамалас.

Одан  айырмасы  Қотырдың  ен  бойына  талы  мен  қарағайы  аралас  қалың

орман өскен. Күзгі айларда қатты есетін жел Қотыр аралына кіре алмайды

деседі. Көлдің «Қотыр» аталатын себебі – оның суы күзге қарай тартылып,

əр  жерінен  тастақ  аралдар  шығатын  сияқты.  Сонысына  қарап  «Қотыр»

дегенмен  көлдің  кеңдігі  де,  суының  тереңдігі  де  Бурабайдан  бір  де  кем

емес.  Бұған  да  тек  қайықпен  қатысуға  болады.  Ал,  «Қайық»  атаулы  бұл

өлкеде жоққа тəн.

–  Абылайдың  ордасы  қыс  айларында.  Үлкен  шабақ  көлінің  ық

жағындағы «Қызылағаш» аталатын қайын, шоқтың ішіне тігіледі екен. Мен

өзім  қыстың  қатты  суық  күндерінде  орданың  қасына  тігілген  кигіз  үйге

қонып  көрдім.  Ішіне  отты  маздатып  жаққаннан  кейін  оның  да  жылылығы

ағаштан  я  тастан  қаланған  үйлерден  кем  болмайды  екен.  Сонда  өткізген



түндерім өмірімдегі ең рақат түндердің қатарына қосылады.

Осылардың  бəрін  сипаттай  келіп  офицер  «Көкшенің  күмбезі»  аталатын

жотаға ерекше тоқырайды.

– Оған біз, – деп сипаттайды офицер, – теріскей жағынан келдік. Мезгіл

–  жаз  айлары.  Көкшенің  алғашқы  нобайын  біз,  оның  теріскейінде  жүз

шақырымдай тұратын Азат өзенінің тау сияқты биік жар қабағына көтеріле

бергенде көрдік.

– О-о-о, ғажап! – деп таңданады офицер,– оңтүстік жақтағы көкжиектен,

көгілдір  бояуы  сол  күнгі  ашық  аспаннан  да  қоюырақ  жалтылдаған  тау

сияқты  теңкиген  бірдеме  көзіме  шалына  кетті!  Бергі  жақ  бұйратты  далада

теңіздей  толқыған  сағым  көзіме  шалынған  көгілдір  жотаны,  жойқын

теңіздің  үстінде  жүзген  кемедей  қалқытып  əкеле  жатқан  сияқты...  Тау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет