АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет32/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

– Қыздың Сырымбетте екенін қайдан біледі?

Елдің, аузы елу емес пе? Біреулер жеткізген болар.

Ағалы-інілі  екеуі  осылай  сөйлесіп  отырғанда,  тау  етегіндегі  орманға

сіңген  Шоқан  мен  Тоқбет  те  оралды.  Ылау  тартатындардың  əлі  де

келмеуіне олар өкінді. Мүсіннен əкелгенге «тым болмаса Сырымбет тауына

жеткізіп  сал»  деп  еді,  ол:  «Аттарым  босаңсып  келеді.  Əрі,  үйде  қауырт

жұмыстарым бар еді» деп көнбеді.

Жіпсіз  байланған  қонақтарына  Қарамұрын  қолдағы  аз  ғана  ешкілерінің

семіз серкешінің біреуін сойып, қонақасы беруге əзірленді. Бірақ, қандай?

Оның шым-күркесінде қонақтар, əсіресе хан тұқымы, ірі орыс əпесері –

Шоқанның жайланып отырар жері жоқ: өзі тар, өзі қолаңса сасыған күрке,

«төсеніш»  дегендері  иленбеген  тері-терсектің  қасаңдары,  иіс-қоңысқа

үймелеген  қаптаған  қалың  қара  шыбын.  Соған  «кір»  деуге  ұялған

Қарамұрын: 

–  Ал,  мырза,  –  деді  Шоқанға,  сыртта  серкешін  бауыздамай,  желкесінен

ұстап  тұрып,–  болып  тұрса,  сенің  сыбаған,  серкеш  түгіл,  тоқты-торым

түгіл,  құлын  мен  тай!  Олар  бізде  жоқ.  Бізде  бары  –  мына  ұстап  тұрған

серкеш, осыған риза бол да, бата қыл!

Ондай  əдет  барын  білгенмен,  берілетін  батаны  білмейтін  Шоқан

сойыларын  білгендей  бақыра  маңыраған  серкешті  Қарамұрын  мойнынан

тақымына  қыса  ұстап,  қол»  дарын  жайғанда,  сасқалақтағанда  жан-жағына

жалтаңдап еді, Əбіле ол жайын түсінгендей:

–  Ауылдан  бала  шағында  кетті  ғой,  батаны  қайдан  білсін,  мен  айтайын

ол батаны, – деп алақандарын жоғары көтере, ішінен бірдемені күбірледі.

Серкеш сойылып бола, Шоқанға айтуға бата алмаған Қарамұрын:

– Əбеке! – деді ағасына, – қайда береміз қонақтардың асын?

Ол сұрауды неге бергенін түсіне қалған Əбіле:



–  Дүкеннің  қасы  дұрыс  болмас  па  екен?  Қалың  бетегесі  жабағыдай

ұйысқан, мал баспаған, иісі де жақсы шөбінің. Ай да ымырт жабыла туады.

Жəне  толықсыған  жарық  кезі.  Қалай  көресің,  мырза?  –  деп  Шоқанға

қарады.


Шоқан  шым  күркеге  келген  бетінде  басын  ғана  сұғып,  түрінен  де,

иісінен де жиіркенген бейнемен кейін шегінген. Оған енді сүйресе де кірер

ойы  жоқ.  Отыруға  лайығырағы  жəмшіктердің  шатыры  сияқты,  оның  кірер

жақ  етегі  сыртынан  арқанмен  шандылғанын  да  көрген.  Далада  ұзақ

отырысқа жарарлық емес: күн еңкейе ызыңын көбейте бастаған сары маса,

бейуақ таяна қалыңдап барады.

«Сонда  да  тыста  отырған  жөн  болар,  –  деп  жорамалдады  Шоқан

ішінен.–  Кең  дала.  Алды  ашық  дала.  Көзге  алыстағы  шалынады.  Айы

толған түннің көрінісі де əдемі!..».

– Мақұл, ағай, – деді ол, сұрауына жауап күтіп, телміре қараған Əбілеге.

Отырарлық  орын  көрсетілгенмен,  ол  араға  жаяр  төсегіш  болған  жоқ.

Керегі  не,  оның?  Қалыңдай,  ұйыса,  жапырыла  өскен  биік  бетегенің

жамбасқа  жұмсақтығы  мауытымен  тысталған  мақта  көрпедей!  Мұндай

жерге отыруға Шоқанның жаны бала кезінен-ақ құмарды. Ертіс ойпатының

қалың  шалғыны  да  осындай  жұмсақ  болғанмен,  асты  дымқос,  сондықтан

мұрынды  тез  бітіріп  тастайды;  ал  мынадай  бетегеге  қанша  уақыт

қисайғанмен, адам еш тымауратпайды.

Бетеге үстіне тұрқын соза, қырынан қисайған Шоқанды маса да мазалай

алмады.  Қарамұрын  шет  жақ  алысырақ  тұстан  көңнің  түтінін  бықсытып

қойды  да,  қалыңы  емес,  талмаусыраған  лебі  ғана  жетіп,  соның  иісіне  де

маса м.олай алмады.

Қас  қарайып  болмай,  аспанның  күнгей-шығыс  жиегінен  айдың  сəулесі

біліне  бастаған,  көп  кешікпей  қызыл  күрең  жиегі  жылтиды;  сол  түспен

биіктей  берген  толған  ай  дөп-дөңгелек  болып  тұтас  көрінгенде,  үлкендігі

қазақ  арбаның  доңғалағындай  екені  Бұл  түрінде  не  деген  көрікті  еді,

жарықтық-ай!..

Көкжиектен  көтерілген  сайын  қызыл-күрең  бояуы  сұйыла  берген  ай

бозғылдана  келіп,  аспанның  иығына  шыққан  шақта,  əппақ  сүттей  боп

жарқырап алды!.. Ауыл бозбаларының:

Əттең, айдың жарығы күндізгідей,

Ер жігіттің қадырын қыз білгендей...

дейтін.


Ай жарық, терезеңнің дəл түбінде,

Шашыңа таққан шолпың саудырасын...

дейтін.


Биік таудың басына бұлт айналсын,

Жаның шығып бара ма, көз байлансын,–-

дейтін шағы туды.

Бүгінгі жыпырлаған жұлдызды аспанның ашықтығы', айдың жарықтығы

сондай Шоқан отырған тұстан күндіз көзге шалынатындардың бəрі қазір де

сол қалыптарымен самсап тұр!..

Дала!..  Кең  дала!  Жаман  Жалғызтаудың  күнгей-батысы  бұйра  қалың

орман!.. Былайғы жақтарының бəрі де таусыз, армансыз жалпайған жазық!.

Іргеде  тұрған  «Жалғыз»,  мана  маңына  жақындағанша  тапалтақ  сияқты

еді,  жанына  жақындай  биіктене  берді  де,  Іңір  бастала,  ай  туа  аспанға

шырқай көтеріліп, төбесі түн қараңғысымен тұтасып кетті!..

Күндегі  дағдысы  ма,  бүгінгісі  ғана  ма,  –  қияда  бүркіттері  шаңқылдап,

шыңдарда байғыздары шұрылдап, тоғайда бұлбұлдары сайрап, бертінде ет

иісін


сезген

сауысқандары

шықылықтап,

күн


жауар

алдындағы

əдеттерімен, оғаш бастарына қаптап қонған қарғалары шулап.. арсылдаған,

ырылдаған,

үрген,

шəуілдеген,



маңыраған,

мөңіреген...

сияқты

дыбыстардан  орман  бүркенген  таудың  тұла-бойы  толып  кетті.  Оған,



төмендегі сортаң көлде қонақтаған: аққу, қаз, үйрек шағала, шіңкілдек шіл,

тауқұдірет,  қызғыш...  сияқты  құстардың  ансамбль  тəрізді  тұтаса,  келістіре

шығарған  үндері  қосылады...  Көл-мөлін  қоса,  осы  құстардың  бəрін  бір-ақ

жұтып қоятындай, тымық кең даланы солқылдатқан əупілдек үні естіледі...

Не деген көрікті түн... не деген көрікті аспан... не деген көрікті дала... не

деген  көрікті  тау...  не  деген  ғажап  идиллия!..  Шіркін,  осы  тамашаларды

таңданарлық түрде сипаттай алатын ақын туар ма еді!!..

Осындай  ойдағы  Шоқан,  жоғары-төменге,  төңірегіне  таңдана  қарап

тамсанады  да,  «Жалғызға»  əлсін-əлсін  жалтақтай  беріп,–  «бұның  жаманы

мынау  болғанда,  жақсысы  қандай  екен!»–дейді  ішінен.  «Жақсылар»

дегендерін де тез көруге асығады...

Қарамұрын үйінде «дəн» аталатын азықтың иісі де жоқ еді. Шай орнына

қолданатын  шəлпиді,  олар  ешкі  сүтінен  жасалған  құрт,  ірімшікпен  ішетін

«шəйді» үлкен тас құманға қайнататын. Басқа сусыны жоқ.

Қарамұрын Шоқанға бұндай «шай» беруге ұялап отыр еді.

– Сусын бар ма, ұста ағай? – деді шөліркеген Шоқан.



Қарамұрын  орнына  Əбіле  жауап  беріп,  қандай  ұялса  да  «шай»  барын

баяндап еді:

– Маған сонысы керек, – деді Шоқан. – Құрт пен ірімшік ежелден жақсы

көретін астарым. Көптен аузыма тимей сағынып жүр ем. Шəлпи шəйін ішіп

көрген емен, ішкендер мақтайды. Мен де ішіп көрейін.

Кадет  корпусында  болған  жылдары  да,  одан  кейін  де,  Қарамұрынның

қара-қоңыр  өңді  жобалғы  түсті,  əжім  кескінді  арық  қара  қатыны  тас-

құманға  қайнатқан  «шəлпи  шайындай  дəмді  суды  ішіп  көрмеген  еді.  Қант

татыған  қызыл  жас  ірімшікпен  аузының  дəмін  алып  сораптағанда,  мейірі

қанғандықтан  тұлабойы  терлеп  қоя  берді.  Сол  кезде  ық  жақтан  көтерілген

қоңыр-жəй  жұмсақ  самал  желпімесе,  оның  денесі  су  болып  ағып  кетер  ме

еді, қайтер еді?

Самал  оны  жəй  желпіген  жоқ,  жусаны  аралас,  селеулі,  көделі  даланың

ашқылтымдау жұпарын мұрнына иіскете желпіді. Онық жан-тіні «шəлпилі

шайдан да бетер рақаттанды. Сусыны қанған ол, шынтағын жастана жатқан

қалпында қалғып кетті. 

Көзі жаңа ғана ілінген Шоқанды асы піскен Қарамұрын амалсыз оятты.

Əйтпесе, еті жидіп дəмі кетеді.

Серкештің  түгел  асқан  еті,  ағаш  түбірінен  ойып  қолдан  қазылған

шұқырша керсенді лық толтырды.

Бала күнінде Шоқан етті тəуір-ақ жейтін. Корпусқа бара ол дағдысынан

ажырап,  бертінде  «саған  ет  жеуге  жарамайды»  деп  Илиади  атымен  тыйып

тастаған. Əнеугі Ертіс жағасында да, нағашысы Мұса тігіп берген үйде де,

қасында  болған  Илиади,  жегісі  келген  еттен  қолын  қаға  беріп,  шылғи

сүттен жасалған тамаққа қамаған да қойған. Одан да торалған Шоқан, етке,

əсіресе жас етке тыңқия тоюды арман ететін.

Miнe,  Қарамұрынның  үйінде  сол  арманына  жетті.  Жəне  «ет»  дегені,

жалпы  «ет»  емес,  «жеуге  жеңіл»  дейтін  –  ешкінің  оның  ішінде  шелі

сауыстанбаған серкештің еті.

Басқа  берер  дəмі  жоқ  Қарамұрын,  ескілеу  мыс  бақырға,  жер-ошаққа

асқан  серкештің  етің  астына  жаққан  отты  маздатып  жібермей,  бəсең

қызумен  баптап  қайнатқан  еді.  Қатаймай  да,  жидімей  де,  жұмсақ  қана

болып  піскен  еттің,  ішінде  тау  жуасымен,  саз  буылдырығын  турап

бұқтырған тұздығы да ете татымды болды.

Шоқан  етті,  əсіресе,  семіз  серкештің  қалың  сүбе  майларын,

үлпершегінің

үлкендігі

қалпақтай

бүйректерін,

белдеменің

ұзын

омыртқаның, кəрі жілік пен жауырынның жұмсақ еттерін өлердей көп жеді.



Оған қоса, аздап ермен татыған майлы сорпадан жуан аяғын тастап алды.

Ал  енді  кенеттен  кездескен  осы  тойымдықты  бойларына  сіңіру  керек.

Əлгі  қалғып  кеткен  шағында  Шоқанның  ұйқысы  қанып  қапты.  Енді  көзін

жұма алар түрі жоқ. Тау мен көлдің өн бойында у-шу думан болып жатқаны

анау!.. Биіктен алған толық ай жерге күміс сəулесін себелей тіпті жарқырап

кетті!  Салқын  самал  да  жұпар  иісін  аңқыта  түсті!..  Бұл  ғажайыптардың

бəрінен тым-тырыс татып та рақат көруге, лəззат алуға болар еді, егер оған

лайықты мекен Гипса!.. Ол жоқ!.. Мана масадан қорғанып бықсытқан түтін

аздан  кейін  өңменнен  атуға  айналған  соң,  Шоқан  отын  өшіртіп  тастаған.

Оны  қайта  тұтатқанда  не  рақат  табады?..  Бұларға  лайықты  төсеніш  бұл

үйде жоғын көріп отыр. Бетеге қанша құрғақ дегенмен, түн ортасы ауа шық

түссе, топырақ дымқостанады да, одан əрі төсексіз жатуға болмайды...

Не істеу керек?

Шоқанның ойы, таң атқанша таудың, көлдің бойларын кезіп серуендеуге

соғып кетті. Осы ойын білдіргенде Қарамұрын:

–  Дұрыс  қой,  мырзам.  Бірақ  жаяу  аралай  алмайсың.  Құстардың  шуы

іргедей  жерден  естілгенмен,  көл  бұл  арадан  бірталай  жер.  Жағалай  түсу

одан  да  жырақ.  Алыстан  қарағанда  таудың  көлемі  тіккен  кигіз  үй

сияқтанғанмен,  айналасы  ат  шаптырымнан  артық.  Күндіз  болмаса  жəне

атпен болмаса, түнде төбеге шыға алмайсың:

– Мана «шықтым» деп отыр едіңіз ғой, өзіңіз?

– Бізді қойшы!.. Осы арада туып, осы арада өскен бізге үйреншікті тірлік

емес пе. Талшық етеріміз аң ғой, мырза. Аң да – бір, мен де – бір.

Расы да солай еді: таудың тастақ биігінде арқар, қарақұйрық, киік бұғы

сияқты аңдар қаптап жүреді. Қарамұрынның негізгі азығы солар. Аңдарды

ол ысырап қып босқа қырмай, керегінше ғана атып жейді. Атқанының етін

де  ысырап  қылмай,  сүрлеп  ап  азықтанады.  Онысы  таусылмай,  жаңасын

атпайды.  Тауға  өрлегенде,  тас  арасын  кезгенде,  оның  ептілігі  мен

шапшаңдығы  аңдардан  кем  емес.  Сезгіштігі  мен  көргіштігі  де  сондай.

Қандай  сақ  аң  болса  да  қапысын  табады.  Оның,  мылтық  ұңғысын  қолдан

бұрайтын  да  енері  бар.  Бурайтыны  жалпы  мылтық  емес,  жалғыз  оқты  –

шиті.  Бірақ,  бұл  іс  əрі  ұзақ,  əрі  ауыр  болғандықтан,  ілуде  бір  қимасына

болмаса,  былайша  мылтық  жасамайды.  Ал,  жасаған  екі  аяқты  шитілері

көзге  ілінгенді  мүдіртпейтін  тигіш.  Оның  өзіне  бұрап  алған  мылтығы  да

сондай.


Сонысына

қызығып,

тілін

тыңдата


алатын

мергендер

Қарамұрынның мылтығына не ту бие, не құр аттан кем төлемейді.

Қарамұрынның  «сұрперен»  аталатын  мылтығын  Шоқан  мана  көріп

менсінбеген,  иесінің  «мүдірмейтін  мылтық»  деуін  мақтаншақтық  көрген.

Сонда да сынағысы кеп:

– Аңға қай кезде шығатын едіңіз? – деп сұраған.


– Ертемен, жусайтын шақтарында, – деген Қарамұрын.

«Сондай  шағын  көрер  ме  еді»  деп  ойлап  қойған  Шоқан.  Енді,  міне,

қонақасысын ішіп, серуенге шығуды ниет еткен Шоқан, іштей «осы ұстаны

да желіктірсем қайтеді?» деді де:

– Менімен ерер ме едіңіз? – деді оған.

– Қайда?


– Мысалы, тауға. Уақыт жетсе – көлге.

– Ерейін, мырза, – деді Қарамұрын.

– Аңшылауға болады ғой?

– Неге болмасын.

– Мысалы, тау ешкісі мен арқарға?

–  Əрине,  болады.  Бірақ  олар  таудың  ұшар  басындағы  биік  шыңдарға

ұқсайды.

– Барамыз!..

– Оңай да болмайды, мырза, баруға.

– Неге?


– Өрмелеуге қиын жерлер көп.

– Несі бар, өрмелесе? Дем алып отырып ерлерміз.

–  Олай  болмасын,  мырзам,  –  деді  Қарамұрын.  –  Серігің  мен  екеуің

жəмшіктің  қорада  тұрған  аттарын  мініңдер.  Білекті  қарулы  жылқылар.

Жəне  тауға  талай  шығып  жүрген.  кəнігілер.  Ер-тоқым  біреу-ақ  анау  келіп

жатқан ағамдікі. Сəнсіздеу ер. Түнде кім көріп жатар бізді. Серігің, жайдақ

мінер.

– Өзіңіз ше?



–  Айттым  ғой,  мырза,  –  «аң  да–бір,  мен  де  –  бір»  деп.  Көрерсің,

аттарыңнан озып отырам.

«Болса  болар!»  деп  жорыды  Шоқан  ішінен.  Көзі  алғаш  түскен  сəттен

бастап  Қарамұрын  дене  жағынан  да,  қылық  жағынан  да  оның  сынында.

Дене  жағынан:  орташадан  биіктеу,  денесі  мейлінше  сом,  сүйектері  жуан,

тұла бойындағы тастан қатты бұлшық еттері қимылға кіріскен шақтарында

толқындай түйірленіп кетеді; темірді ол көбіне күн көзінде отырып соғады

екен,  содан  тотығуы  ма,  көмір  мен  темірдің  шаңы  басудан  ба  –  өңі  сіңір



қара;  басы  үлкен,  мұрны  қоңқақ,  кішірек  қара  көздері  өткір,  мойны  жуан,

иегі  сүйір  Қоңыр  мұрты  қалың,  сақалы  иек  астына  ғана  біткен  шықша,

жалпы тұлғасы батыр бейнелі адам.

Шоқан іңір алдында Қарамұрынның күркесіне кіргенде, «сурперен» мен

қатар босағада сүйеулі тұрған, шанағы кішігірім қазандай, мойны сорайған,

жарылған  жерлері  шегеленген,  үлкен  қара  домбыраны  көрген.  Пернелері

орнында, шегі тағулы, тиегі салулы екен. Домбыра тарта білмейтін Шоқан,

шегін саусағымен шертіп қалғанда сұңқ ете қалды.

– Кім тартады мұны? – деген Шоқан қасында тұрған Қарамұрынға.

– Мен, – деген ол.

– Жақсы тартасыз ба?

– Қайдам, өзіме жақсы сияқты.

– Тартып көріңізші!

– Қазір уақыт жоқ. Кейінірек.

– Əн де айтасыз ба?

– Ептеп.


Шоқан  Қарамұрынның  домбыра  тартуын  да,  өлең  айтуын  да  естуге

асыққанмен,  қонақ  күту  жабдығының  əбігерлігімен,  Қарамұрынның  қолы

тимеген.

Енді, тауға өрлерде Шоқанның сол домбыраны ала кеткісі келді.

– Болсын! – деді Қарамұрын.

Аттар əкелінді. Əбіле ерінің сиқы жоқ екен: ен бойы жіппен шандылған,

ескі ашамай сияқты алқам-салқам бірдеме; саймандары да үзік-үзік, түйін-

түйін ескі қайыстар, бір үзеңгісі – ағаш, екіншісі – темір; тоқымы – желқом,

құйысқаны, емілдірігі, тебінгісі, жонасы жоқ...

Шоқан бұндай ер-тоқымға отырудан жайдақ мінуді жақсы көрді. Ол ерді

Тоқбет  те  менсінбеді.  Жайдаққа  астарына  төсеніш  жоқ.  Еттері  қораш

аттардың  арқалары  қылыштың  қырындай  екен.  Қарамұрын  Шоқанға

«жайдақ  мінсең  құйрығың  түсіп  қалады»  деп  еді,  «түссе  мейлі»  деп

болмады Шоқан.

Ал, енді қайда бару керек?

–  Əуелі  көлге  барсақ,  –  деді  Қарамұрын,  –  тау  аңын  аңдудан  кешігеміз.

Əдейі  барған  соң  көлден  бірдеме  атуымыз  керек.  Айдын  көлдің  құстары


түнде  жағадан  жырақта  қалғиды.  Оларды  оқ  шала  алмайды.  Тек  таң  ата

ғана  отқа  шығу  үшін  жағаға  жақындайды.  Тау  аңдарының  жусайтыны  да

осы  кез.  Олардың,  əсіресе,  арқар  мен  тау  ешкілерінің  жусар  жері  биік

шыңдардың  басы  екенін  айттым.  Жел  жағынан  жолатпайды,  ол  тұстарда:

аңдығандардың  иісін  сезсе-ақ  жытып  отырады,  сондықтан  ық  жағынан

жақындау  керек.  Бүгінгі  ық  жақ  текшелеген  биік  шың.  Орап  бармаса  оған

тура шығу қиын, өйтуге көп уақыт керек.

Шоқанға  құс  атудан,  аң  ату  қызық  сияқтанды,  себебі,  естігені  болмаса,

көрмеген нəрсесі еді.

– Онда кетеміз, – деді Қарамұрын. – Мен бастаймын, сендер ересіңдер.

– Мақұл.

– Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең таяғың, қарның ашса тамағың»

деген, – деді, оқшантайы, қыны бар кісесін беліне бекем буған, мылтығын

көлденең  ұстаған  Қарамұрын,  таудың  көлбеген  төскейіне  аршынды

адыммен ентелей басып.

–  Мынаған  сен  ие  бол,  –  деп  Шоқан  қолындағы  домбыраны  Тоқбетке

ұстатты да, өзі жаяу Қарамұрынның ізіне түсті. Тоқбет те ерді.

Олар  аз  уақытта  қалың  орманның  арасымен  жоғары  өрлей  бастады.

«Тайпақ»  дегенмен,  бұл  жағы  да  бірталай  биік  екен.  Соған  ентелей

көтерілген  Қарамұрын  төбеге  тік  тартпай  қиғаштап,  қырындап  кетеді.

Жаралғаннан  бері  балта  тимей,  өрт  шалмай  өсіп  тұрған  қалың  орманның

арасы  аяқ  алып  жүргісіз  шытырман.  Кесе-көлденең  құлап,  жүріске

қиындық келтіретін ағаштар да аз емес. Жыралар да сайлар да, тастақтар да

жиі  кездеседі.  Солардың  ішіне  Қарамұрын  судай  сүңгиді,  ал  Шоқан  мен

Тоқбет беттерін, бұтақтарға остырып, аттары сүріне-қабына, аяқтарын əрең

алып келеді... Тоқбет:

– Осы бейнетке бізді кім айдады екен? – деп іштей кеюде.

Астына  аттың  арқасы  батып,  отыруы  қиынға  айналуы  болмаса,

Шоқанның өкініші жоқ. Оған естігендерінің, көргендерінің бəрі де таңсық

сияқты.


Осы  беттерінде  олар  көп  жүрді.  Уəделері:  аңдарды  шошытпау  үшін

өзара  дыбыс  қатыспау.  Ара-тұра  ғана  Қарамұрын  тоқырап,  ергендердің  аз

сөзбен  халін  сұрайды.  Олар  «жақсы»  деп  сыр  бермеген  болады,  қиналып

келе жатқандарын айтпайды. «Өзіңіз?» деген сұрауға, «аң да – бір, мен де –

бір  демедім  бе?»  деген  жауап  қана  береді  Қарамұрын.  Қандай  биікке

өрмелегенмен  ентікпейді,  жолдағы  кедергілердің  біріне  де  сүрінбейді,

ентелей басып тарта береді...

Не деген ептілік! Не деген қуат!..



Қарамұрын  тың  болғанмен,  ергендер  қалжырауға  айналған  шақта,

жарық  ай  аспанның  батысына  қарай  жамбастаған  шақта,  олар  тастары

кесек шыңдарға келіп килікті.

–  Отырар  жеріміз  осы  тұс,  –  деді  Қарамұрын.  –  Əне,  Шолпан  да

жарқырай  бастады  ғой,  таң  да  алыс  болмас.  Ықтасын  тұсқа  жақсы  шақта

жетіп қалдық. Əлі де аздап биіктейміз. Бірақ ат жете алмайды, біз тоқырар

тұсқа. Оған жаяу ғана көтеріле аламыз.

– Болсын! –  деді атқа отыруы  өте қиынға айналып  келе жатқан Шоқан,

ат арқасынан түсе беріп.

– Мен де, – деп Тоқбет те жерге түсті.

Екеуінің  де  бөкселері  бастырмай  қалыпты.  Қажалған  бұттары  удай

ашиды. Түрегеп тұруға халдері жоқ олар жерге жам'бастап жата кетті.

– Ренжімеңдер, – деді олардың халін түсінгенмен, аяушылық сөз айтуды

ыңғайсыз көрген Қарамұрын,– аттарды осы арада қалдыру керек.

– Неге?

–  Таудың  бұдан  жоғарғы  жағы  жалаңаш  бұдырмақ  тас,  олардың



арасынан ат жүре алмайды, биігіне өрлей алмайды.

– Ə-ə... Қалай қалдырасыз, аттарды? Байлап па, тұсап па?

– Екеуінің де қажеті жоқ.

– Неге? Бетімен кетіп қалмай ма?.

– Осы арадан тырп етпейді.

– Неге?


–  Мынау  көделерді  көрдің  бе,  мырзам?  –  деді  Қарамұрын,  тастардың

арасынан сирей, түптеле, қоюлана өскен шептердің кейбірін еңкейіп сипап.

– Көрдім.

– Аты не екенін білемісің мұның?

– Көде» демей ме? – деді Шоқан, дəл басуына сене қоймай.

– Көденің қайсысы?

– Кө болушы ма еді, бұның аты?

–  Бірталай.  Мынаны  біреулер  «тас  кеде»,  біреулер  «шал  кеде»  дейді.

Шалдың ұйыса өскен сақалы сияқты емес пе бұның əр түбі?


– Ұқсайды, – деді Шоқан көделердің əр түбіне бір қарап.

– «Ұқсайды» емес, дəл, – деді Қарамұрын. Осыларды «тас» дейік «шал»

дейік қалай десек те, малдың да, отшыл аңның да құныға жейтін шөбі. Өзі

таудың  осындай  биігіне,  тастардың  арасына  ғана  өседі,  сондықтан  көп

малдың  бұл  араға  аяғы  жетпейді,  жеткендері  шалса-ақ  өзге  шөпті  місе

тұтпай  осы  шалкөдеге  қашады  да  тұрады.  Мына  аттардың  татқан-

татпағанын  білмеймін,  егер  тата  қалды  бар  ғой,  тұмсығын  көтерместен

іскектейді.  Көрерсің,  мырзам,  біз  жоғарыда  аз  жүрейік  көп  жүрейік  қайта

оралғанда, аттарды осы арадан табамыз.

– Апыр-ай, ə! – деді Шоқан нанбағандай.

– Оны көре жатармыз, қазір нысаналы тұсқа тез жетуіміз керек.

– Мақұл.


Қарамұрын «оралып қалар» деді де, шалкөдеш құмарта жұлуға кіріскен

аттардың  ауыздықтарын  ағытып,  тізгіндерін  бастарына  түрді.  Кеңсірік

тамырлары,  тістері  қыршылдай  оттаған  аттар,  шал  көдені  ауыздарын

толтыра асаған сайын құныға түсті!..

– Ал, кеттік!–деді Қарамұрын.

«Сөйтсек сөйтейік» дегендей, серіктері орындарынан көтерілмек болып

еді, тəлтіректеп аяқтарын нық баса алмады, əсіресе – Шоқан; оның аттығы

мен  тақымдары  қатты  қажалған,  бөксесіне  ие  болар  қалпы  жоқ  сияқты;

Тоқбет те ауырсынғанмен, намысына тырысқандай, аяқтарын аттай алатын.

Шоқан да тұра беріп құлап кетер болған соң тік түрегелген Тоқбетке сүйене

берді.

– Айтып ем ғой, мырзам, «жайдақ атпен тауға өрлеу қиын болады» деп,



– деді Қарамұрын болмадың «қызық көрем» деп...

– Өкініп тұрмын ба, соған? – деді Шоқан намыстанғандай.

–Жоға, сырағысын айтам да... Ілгері жылжиық!..

Шоқанның  кібіртіктеген  аяқтарын  баса  алмауына  көзі  жеткен

Қарамұрын:

–  Шырағым,  ұялғанды  қояйық  бұл  арада;  шамаға  қарайық.  Сендей

ақсүйекті  арқалау,  мен  сияқты  қарасүйекке  мін  емес,  талайыңды

арқалағанбыз.  Көтерілер  тұсымыз  бірталай  биікте,  оған  шығар  шамаңның

жоқтығы  көрініп  тұр;  жиналып  əдейі  келген  соң,  шықпай  болмайды;

намысты қой сен; мен сені арқалап алам! – деді де, Шоқанның керегі жоқ»

деп  бұлқынуына  қарамай,  жеп-жеңіл  көтеріп  əкетті.  Мылтықты  Тоқбетке

ұстатты.


Сол  қалпымен  кесек  тастардың  бірінен-біріне  ырғығанда,  ептілігі

киіктен  бетер  екен.  Бірталай  салмағы  бар  Шоқанды  шопақ  құрлы  көрер

емес. Қанша айтқанмен, шынығып ескен солдат, еңкеңдей ентелеген Тоқбет

те қалып к.ояр емес.

Қарамұрынның тоқтауға меңзеп келе жатқан тусы – «Қатынас» аталатын

шың.  Бұл  осы  таудың  ең  биік  шоқысы.  Əлде  не  заманда  əлдекім  шың

тастың  жылтыр  қабырғасын  қашап  құланның  сүгіретін  салған.  Шыңның



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет