АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет29/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ

Екінші кітап

РОМАН

БІРІНШІ БӨЛІМ

Мен  қазір  жергілікті  сұлтандармен  жəне  қарасүйек  қазақтан  шыққан

байлармен  аразбын.  Олар  өздерінің  құлдарын  («жалшыларын»  деген

мағынада  С.  М.)  өте  жаман  халде  ұстайды,  құлдар  олардан  қалай

құтылудың  жөнін  білмей,  қорлығына  көне  береді.  Мен  қожаларға

«жалшыларыңды  жақсы  ұстаңдар,  еңбектерін  дұрыс  төлеңдер»  дегенді

талай рет талап еттім, «орындамасаңдар заңға айтам» деп қорқыттым. Ал,

далалық  пролетариатпен  ете  доспын,  өйткені  олар  мен  біз  бір-бірімізді

жақсы түсінеміз. (Апполон Майковқа 6. XII. 1862 жылы жазған хатынан).

СƏТТІ САПАР

«ТАҒДЫР ТОРЫНДА»

Кадет корпусындағы оқуын өте жақсы бағамен аяқтаған Шоқанды Батыс

Сібірдің  генерал-губернаторы  Гасфорт  өзіне  адьютант  қып  алуға

ұйғарғанын осы шығарманың бірінші кітабын аяқтағанда айтқанбыз.

Гасфорттың ондай ұйғарындыға келуіне бірнеше себеп болды:

Б  і  р  і  н  ш  і  –  Омбыға  қызметке  келгелі  байқауынша,  бұл  жеткіншек

азият, осы қаладағы «жоғарғы қауым» аталатын топқа түгелімен араласып,

олардың сүйкімдісі саналып алған, əсіресе бикештерге, олардың ішінде өз

бəйбішесі Елизавета Николаевнаға. Ол Шоқанмен танысқан күннен бастап,

еріне  «не  деген  тамаша  жігіт  еді?!»  деп  таңданып  жүрді  де,  «оқуы

аяқталады»  деген  шақта,  еріне  оны  адъютант  қып  қабылдауды  ұсынды.

Сондағы ойы: хан тұқымы, сымбатты сұлу жас жігіт, білімі де, мəдениеті де

жоғары...  Осындай  экзотика  ерінің  ғана  емес,  өзінің  де  маңында  болып,

құрмет  көрсетсе,  Омбыдағы  бірінші  дама  болып  есептелетін  Елизаветаға

бұдан артық сəн бола ма?!.. Əйелінің, бұл ойын айтпаса да қас-қабағынан,

үн ырғағынан сезген Гасфорт бірден «мақұл» деді.

Е  к  і  н  ш  і  –  Омбыға  келіп  қазақ  дуандарының  хал-жайымен

танысқаннан  кейін  Гасфорттың  жасаған  қорытындысы:  аты  «Россияға

бағынды» демесең, орыс заңы бұл елдің арасына əлі кірген жоқ, бұнда əлі

де  тозығы  жетпеген  ескі  əдет-ғұрып  белең  алуда.  Отарланған  елді  бұндай

халге  қалдыруға  болмайды,  орыс  заңы  оның  да  арасында  орнауға  тиіс.

Сонда,  ол  заңды  жүргізетін  кім?  Гасфорт  танысып  үлгірген  «сұлтандар»,

«билер»  аталатындардың,  ішінде  өзіне  ондай  жəрдемші  көрінбейді.

«Қайдан  табу  керек?»  деп  іздестірген  Гасфорттың  көзіне  Шоқан  шалына

кетті. «Егер тəрбиесін келістірсе, – деп ойлады ол,– бұл жігіт бұл мəселеде


жақсы жəрдемші бола алады».

Ү ш і н ш і – арғы тегі неміс барондарынан тарайтын Гасфорт үнемі өсу

жолында  келе  жатқан  адам.  1812  жылдың.  Отан  соғысы  басталған  кезде

Москвадағы  атты  əскер  училищесінде  оқып  жүрген  ол  майданға  алынды

да,  француздар  жеңіліп,  Париж  алынғаннан  кейін,  Россияға  көп

ордендермен  жəне  подполковник  даражасымен  оралды.  Содан  кейін

Қырымдағы  əскери  қосынға  полкты  басқару  қызметіне  барған  ол,  1830

жылғы  орыс-түрік  соғысында  тағы  да  көзге  түсіп,  генерал-майорлық

даражаға  жетті.  Соғыс  біте  бірінші  Николай  оны  Севастопольдағы  атты

əскер дивизиясына командир ғып жіберді.

Т ө р т і н ш і – қазақ даласы мен Орта Азияны отарлауды бірінші Петр

заманынан  ойланған  Россия  патшалығы,  бірінші  Николай  тұсында  қазақ,

жерінің көпшілігін меңгерген де, Орта Азияға күнгей жағынан таянып келе

жатқан Британия империясынан бұрынырақ қамтып қалу жабдығын жедел

қолға  алуға  бекінген.  Ондай  шабуылды  жүргізу  үшін,  ең  алдымен,  Орта

Азиядағы халықтардың жер-суын, күш-қуатын, салт-санасын, əдет-ғұрпын

біліп  алу  керек.  Бұл  іске  кімнің  лайықты  екендігі  туралы  мемлекеттік

советте  сөз  болғанда,  Гасфорттың  кандидатурасы  өзгелерден  лайықты

көрінді,  себебі  –  Балтық  теңізінің  қолтығындағы,  Қырым  мен  Кавказдағы

елдердің хал-жайын түсінуде Гасфорттың Россия мемлекетіне тигізген көп

пайдасы  бар.  Батыс  Сібірге  сол  мақсатпен  жіберілген  Гасфорт,  бұл  ауыр

жүкті  кімге  артуды  ойланғанда,  өзі  білетіндерден  ең  лайықтысы  Шоқан

сияқты.  Себебі:  мəжілісте  бірге  болған  шақтарында  байқаса,  Шоқан  сонау

Византияның,  орта  ғасырдағы  арабтың,  кейінгі  ғасырлардағы  француз  бен

неміс.  саяхатшыларының  Орта  Азия  туралы  ілгерілі-кейінді  жазғандарын

түгел  оқығанын  жəне  ол  шығармаларға  сын  көзімен  қарайтындығын

аңғарады.  Ендеше,  сол  зерттеулерді  Россия  көзімен  тереңдете  түсу  ісіне

Шоқанды да неге қоспасқа?..

Б е с і н ш і – мəселеге толығырақ тоқтайық. Кейінгі даражасы генерал-

лейтенант болғанмен, Батыс Сібірдің генерал-губернаторы болып барғанға

дейін  Гасфорт  өзін  «біріншіден  соңғымын»  деп  түсінетін  еді.  Сібірге

аттанар  алдында  оны  патша  сарайының  министрі,  генерал-аудитор  граф

Блудов  шақырып  ап  əңгімелесті.  Блудов  пен  Гасфорт  көптен  таныс  еді.

Алғаш  олар  1812  жылы  басталатын  Отан  Соғысында  танысқан.  Сол  кезде

армияны  басқаратын  Блудов  əлде  небір  досының  таныстыруымен

Гасфортты  өзіне  адьютант  қып  алған.  Ісімен  де,  қылығымен  де  жаққан

Гасфортты  патша  сарайына  жақын  Блудов  үнемі  көтермелеуге  себеп  боп,

ақысы  оны  Батыс  Сібірге  генерал-губернатор  ғып  жіберуді  де  бірінші

Николайға сол ұсынған. Гасфорт Омбыға аттанарда Николай сапарда жүрді

де, оның атынан Гасфортқа өзі сөйлесіп:

– Өзіңді енді «наместникпін»1 деп ұғын да, жалтақсыз батыл қимылда, –

деді.


Бұл  қызметте  ұзақ  тұратындығын  ескерте  келіп,  қажетті  жəрдемді

аямайтындығын айтты.

Енді  өзін  «біріншімін»  деп  түсінген  Гасфорт  Омбыға  бара,

резиденциясын2  дұрыстауды  жедел  қолға  алды.  Оған  дейінгі  Батыс

Сібірдің  генерал-губернаторлығы  орналасқан  кеңсе  жəне  тұрақ  жай

қарағайдан  қиылған  екі  қатарлы  екі  үй  болатын.  Жел  үрлеп,  жауын

шайып...  дегендей,  бөренелері  қарауыта  қоңырланып  кеткен  де,  іргесі,

бұрыштары, төбесіне жапқан қаңылтыры шіри бастаған.

Оның  іштей  бақкүндес  адамы  князь  Воронцов  болатын.  Оның  Гасфорт

екі  жақтан  күндейтін:  бірі  –  ордендер  өзінде  де  көп  болғанмен,

Воронцовтікі  əлдеқайда  мол;  екіншісі  –  Воронцовтың  əр  жерде,  əсіресе

Қырымда өзіндік салтанатты сарайлары бар, Гасфортта ондайлар жоқ. Бұл

жағынан  Воронцовқа  жетуі  мүмкін  емес.  Сондықтан  Гасфорт  Омбыда

салдыратын  резиденциясын  сыртқы  тұрпат  жағынан  Романовтардың

Петербургтағы  «Қысқы  сарай»  аталатын  ордасына  ұқсатуды  мақсат  етті.

Ондай  сарай  Воронцовта  жоқ.  Əрине,  Омбыда  көлемі  ондай  кең,

архитектурасы  ондай  сұлу  үй  салуға  қаражат  та,  материал  да  жетпейді;

ендеше, қысқы сарайды «түйе» десең Омбыға оған ұқсас «бота» сияқты үй

тұрғызуға ғана шама келеді.

Бұл ойын іске асыру үшін Гасфорт Омбыға арнаулы кісі жіберіп, қысқы

сарайдың  кішірейген  бейнесін  жасатып  алды.  Содан  кейін  сол  ойын

Блудовқа жолдап, қажетті мөлшерде қаражат жəне шеберлер алды.

Гасфорттың  қатынасуымен  жасалған  резиденция  үйі  төмендегідей

болмақ: Кадет корпусының шығыс жағындағы орманмен қоршалған алаңға

орнамақ,  батыс  жағында  бірер  орамды  түгел  қамтыған  Кадет  корпусының

үйі, ол Петербордағы генералдық штабқа ұқсайды; резиденция мен корпус

арасында кең алаң, соның төңірегін Петербордағы «сарай алаңы» аталатын

аумақ  сияқты  түрге  келтіру  керек  те,  атын  «сарай  алаңы»  деп  атауы  жөн,

аржағында – Ертіс, ол – Нева сияқты; сонда, жетпейтіні – адмиралтейство.

Омбыда  ондай  үй  салуға  дəлел  жоқ.  Сонда  да  Гасфорттың  көңілін

көншітетін  нəрсе  –  Омбы  алаңындағы  орманнан,  адмиралтействоны

қоршап  тұрған  бақшадай  көрініс  жасауға  болады.  «Мүмкін,  –  деп

қиялданады  Гасфорт,  –  Ертістегі  кемелік  пристань  өркендей  келе,  түбінде

оның  жағасына  да  сондай  үй  жəне  соған  деңгейлес  көпірлер  салынуы

мүмкін!».

Сыртқы  салтанат  қабырғасына,  қысқы  сарайдікі  сияқты  колонналар

жапсырылмақ.  Олар  ақпен,  өзге  қабырғалар  жасылмен  боялмақ.  Сонда,

сыртқы көрінісі қысқы сарай болады да шығады.

Үйдің  аумағы  жарты  орамды  қамтиды;  этажы  екеу,  бөлмелерінің  еңсесі

биік, терезелері үлкен; төменгі этаж – кеңсе, жоғарғысы – тұрақ.

Бұл үй Шоқан Кадет корпусын аяқтар күзінде бітеді.



Штат  бойынша,  генерал-губернаторда  төрт  адьютант  болуға  тиісті:

соғыстық  істерден,  азаматтық  істерден,  отарлық  істерден,  жеке  басының

жəне үй ішінің қызметтерінен. Гасфорттың ойы – Шоқанды отарлық істер

жайынан жəрдемші ету.

Шоқанды адьютант қып алуда Гасфорттың тағы бір іш есебі бар: Бірінші

Петрдің  бас  адьютанты  жəне  ақылшысы  –  Ибраһим  Ганнибал  есімді  араб

болғанын  білеміз.  Одан  кейінгі  патшалар  атасының  үлгісін  қолданбай

келеді.


Наместниктерден  қолданып  жүрген  Воронцов-Дашков  қана.  Кавказ

наместнигі  болып  бертінде  тағайындалған  оның  бір  адьютанты  –  грузин

жəне  біреуі  –  азербайжан.  Екеуін  де  Гасфорт  жақсы  біледі.  Олар  білім

жағынан  Шоқаннан  əлдеқайда  төмен.  Егер  ұстай,  тəрбиелей  білсе,

Шоқанның Ганнибалдан бір де кем болмас қалпы бар. Əрі сымбатты жігіт.

Оның  үстіне  қазақ  –  экзотика.  Сондай  адьютанты  болуы  өзіне  де  жəне

көптің көзіне де қандай жарасымды!

Гасфортта  Воронцов-Дашковқа  еліктеп,  оның  кавказ  елдеріне  қолдана

бастаған  либералдық  шараларын  Сібір  бұратаналарына,  олардың  ішінде

қазаққа  қолдану  ниеті  бар.  Бұл  жайда  да  Шоқан  таптырмайтын  жəрдемші

болуы мүмкін.

Шоқанды  Гасфорт  адьютанттыққа  осындай  ойлармен  қабылдады.

Бұйрықты ол Шоқан Кадет корпусын бітіріп, дипломын қолына алысымен-

ақ берді. Бірақ, қашаннан бастап?

Илиадидың,  «Шоқанды  қызмет  алдынан  біраз  тынықтыру  керек»  деген

пікірін Гасфорт қолдады.

Өйтпеуге  болмайтын  да  еді:  корпустың  барлық  кластарында  жақсы

оқуға  тырысқан  жəне  сол  мақсатына  жыл  сайын  жеткен  Шоқан  соңғы

курстарда  абыройын  сақтағысы  кеп,  астан,  ұйқыдан  басқа  уақыттарын

түгелімен еткен сабақтарын жазған дəптерін жинап алып, пысықтауға, тың

сабақтарын үлгеруге арнады.

Бұрынғы  курстарда  да  сабаққа  ықлас  қойып  жақсы  оқитын  Шоқан,

кластық  гимнастикаларға  еріншектеніп,  көбіне  бармай  жүретін  еді  де,

спорттың екі түрінен қалмайтын еді: бірі – жаз айларында, бос уақыттарын

салт  атқа  мініп,  бет  алған  жағына  (көбінесе  дала  мен  орман  арасына)

қыдыру; екіншісі – қыс айларын Сібірде мұзы қатқан Ертіс үстінде коньки

тебуге, бірде қар бетінде шаңғымен сырғанауға арнау. Сол шақтарда қуқыл

өңі  қанданып,  шыныққан  сыла  денесінің  бұлшықтары  тастай  қатты

болатын.

Корпусты  бітірер  жылдың,  қысында,  ондай  спорт  түрлерімен

шұғылдануға  уақыты  болмағандықтан,  Шоқанның  өңі  бозарып,  бұлшық

еттері босаңсып кетті.



Корпустың  соңғы  екі-үш  жылдағы  дəрігері,  əке  жағынан  грек,  шеше

жағынан  қырым  татары  Илиади  дейтін  кісі  еді.  Туысы  қырымдық

болғанмен,  медициналық  білімді  Лейпниц  университетінде  алған  ол  біраз

жыл Бавария емханасында дəрігерлік құрып, бір сəтте Гасфортпен танысты

да,  соның  шақыруымен  Севастопольге  қызметке  келді.  Білімдік  жəне

тəжірибелік жағынан Илиади бүкіл Қырым жарты аралында бірінші болып

атаққа  шықты.  Оны  Воронцов  тартып  алғалы  жүргенде,  Қырым  жарты

аралынан Батыс Сібірдің қызметіне ауысқан Гасфорт, Илиадиді Омбыға ала

кетті.  Омбыда  өз  денсаулығын  бақылатумен  қатар,  Гасфорт  Кадет

корпусының  бұрынғы  надан  емшісін  жатақхананың  санитарлық  ісін

басқаруға ауыстырды да, орнына Илиадиді тағайындады.

Корпустың  саулық  жұмысын  жақсы  жолға  қойған  Илиадидің  ерекше

көңіл  бөлген  адамының  біреуі  –  Шоқан.  Оның  шыққан  тегіне  де,

зеректігіне  де,  өткірлігіне  де,  тəртіптілігіне  де  қызыққан  Илиади  «өкпесі

ылғалды»  деп  жоритын.  Шоқанға  білген  ақылын  айтудан,  білген  емін

қолданудан тынбады. Шоқан сүйетін екі спорттың біріне, яғни коньки мен

шаңғыға  Илиадидің  өзі  де  құштар  еді,  сондықтан,  Шоқан  ерінсе  де,  ол

ерінбей кейде еріксіз əкетіп жүрді.

Корпустың  соңғы  курсында  Шоқан  Илиадидің  ол  ырқына  көнбеді.

Ақыры,  Шоқанның  жүдеуіне,  жөтеле  бастауына  сықты.  Оны  Илиадиден

басқа елеген кісі болған жоқ.

«Енді  не  істеу  керек?»  дегенді  ойланғанда  Илиадидің  тапқан  ақылы,  –

корпусты бітіріп, дипломын алған Шоқанды кеңсе қызметіне табан аузында

отырғызбай,  алдағы  жаз  айларында  далаға,  еркін  ауаға,  қымызға,  ақтан

жасалған  азыққа,  жас  етке  жіберу;  бос  уақыттарын  аңшылықта  өткізуді

ұсыну.


Бұл ақылға Шоқан да, Гасфорт та көнді. Гасфорт, тек, бір ғана бұйрығын

айтты.  Осы  бұйрықты  тудырған  себепті  оқырмандарға  қысқаша  баяндай

кетейік.

Қазақ  даласының  солтүстік  жағын  он  тоғызыншы  ғасырдың,  басында

отарлап  болған  патша  өкіметі,  сол  даланы  меңгеру  мақсатымен  Ырғыз,

Торғай,  Атбасар,  Ақмола,  Көкшетау,  Қарқаралы,  Аягөз  сияқты  қалалар

салғаны,  тарихи  материалдардан  мəлім.  Бұлар  алғаш  қазақ-орыс

станицалары болып негізделген еді де, қалалық даражаға жүре келе жеткен

еді.  Солардың  ішінде  қала  атағын  кейінірек  (1862  жылы)  алғандарының

біреуі Атбасар. Басында Ақтөбе мен Омбы жолының үстіне ірге тепкен бұл

станицаға ат қойылып, айдар тағылмай, тек, жүргіншілер, əсіресе əскерлер

ат  шалдыратын  бекет  қана  болып  келген.  Кейін  станица  іріленіп  халқы

көбейген  соң,  жыл  сайынғы  жаз  ортасында  сауда-саттық  базарының  орны

болуға  айналған.  Сол  базарларға  өзге  малдармен  қатар  ат  та  көп

жиналатындықтан,  станицаны  жергілікті  халық  əуелі  «Ат  базар»  деп,

бертін  келе,  «Атбасар»  деп  кеткен.  Үкімет  1854  жыл  станицаға  сол  есімді

бекіте салған.


Батыс Сібірдің генерал-губернаторы болып келген Гасфорт, Орта Азияға

Россияның  ықпалын  жаюды  неден  бастауды  ойланғанда  есіне  Атбасар

түсті.  Батыс  Сібірдің  бұл  бөлшегін  он  жетінші  ғасырда  отарланып  болған

Россияның ондағы халықтарды сауда-саттықпен тартқысы келді де, қазіргі

Семей  мен  Кереку  арасындағы  Ямышевка  станицасына  жəрмеңке  ашты.

Содан  кейін  Қиыр  Шығысты  да  қазіргі  Халықтық  Монголия  мен  Бурятия

шекарасындағы  Кяхта  қаласынан  жəрмеңке  ұйымдастырды.  Содан  кейін

Ямышевканың  мəні  төмендеп,  Сібірдегі  жəрмеңкелерден  Кяхта  бірінші

орынға шықты. Оған Қытай түгіл Тибеттен, одан аса, Индиядан керуендер

тартылып,  саудасы  күсет  болды.  Бір  мəліметте,  он  тоғызыншы  ғасырдың

орта  кезіндегі  бір  жылда  Кяхта  жəрмеңкесі  жеті  миллион,  сегіз  жүз  мың

пайда  тапты  деседі.  Бұл  сол  кездегі  ішкі  Россияның  ең,  зор  жəрмеңкесі  –

төменгі  Новгородтың  (қазіргі  Горький)  жылдық  табысынан  екі  есе  артық

болса керек.

Шығыс  Сібірдің  ол  кездегі  генерал-губернаторы  граф  Муравьев-

Амурский.  Гасфорт  оны  көптен  біледі  жəне  іштей  бақас;  Кяхта

жəрмеңкесін  Муравьевтің  жетістігіне  санайтын  Гасфорт,  сауда  жүйесінде

де  онымен  жарысуды,  күші  кетсе  озуды  ойлады.  Сондағы  меңзегені

Атбасар жəрмеңкесі.

Сөйтуге бекінген Гасфорт, сауда министрі граф Бибиковпен хат арқылы

байланысып,  жыл  сайын,  жаз  ортасында  Атбасарда  жəрмеңке  ашуға

ұлықсат алды. Одан россиялық қана емес, жер жүзілік мəн беру үшін, сауда

палатасы  арқылы  жəне  газеттер  арқылы  шет  мемлекеттерге  жарнамалар

таратты.  Жəрмеңкенің  беделін  көтеру  үшін  арнаулы  комитет  құрылып,

председателі

Гасфорттың

өзі

болды.


Орынбасары

ерекше



тапсырмалардың  чиновнигі  полковник  Майдель.  Жəрмеңкенің  тəртібін

сақтау,  Батыс  Сібірдің  соғыс  губернаторы  Гутковскийге  жүктелді.

Жəрмеңкені нөкерлерін ерте барған Гасфорттың өзі ашты.

Сөйтіп,  Атбасарды  Кяхтадан  оздырмақ  та,  одан  əрі,  тығыз  байланысу

арқылы Орта Азия елдерін отарлауға қол созбақ.

Сыртқы  саясатын  осылай  жоспарлаған  Гасфорт,  Атбасар  жəрмеңкесіне

бару сапарын «қазақ дуандары» аталатын елдердің өзара болып жүрген дау-

шарларын  бітістіре,  бітпегендерінің  себебін  ұғынып,  тиісті  шараларды

кейін қолдануға пайдаланғысы əкелді. Ол үшін жəрмеңке күндерінде алты

дуанның сұлтандары мен билерінің мəслихатын шақырды.

Гасфорт  қарамағындағы  қазақ  дуандарын  біліп  басқаруға  тырысатын

адам.  Бұл  жайда  «аға»  я  «кіші»  сұлтандар  аталып  қазақ  ауылдарын

басқаратындармен  талай  рет  кеңесіп,  бірде-бірінен  аузы  тұшырлық  азық

ала  алмай  қойды.  Қайсысымен  пікірлессе  де,  шалағай  тілмаштар  жеткізіп

түсіндіре  алмай  ма,  сұрауларға  қайтарар  жауаптары  құнарсыз  ба,  ешбіріне

қанағаттанбайды.  Кеңескен  шақта  олардың  бəрінің  де  айтары  –  өз  қара

бастарының қамы ғана.


Бұл  мəселе  жөнінде  Гасфорт  Шоқанның  тамырын  кадет  күндерінде  де

басып  байқаған,  сол  кезде  де  оның  қазақ  халқы  туралы  білері  ұшан-теңіз

сияқтанған.  Ол  өз  білімін  Гасфортқа  да  ауысқысы  келіп,  орыс

ғалымдарынан:  Рычковтың,  Левшинның,  Палластың  жəне  басқалардың

қазақ жөнінде жазған кітаптарын оқуды ұсынған.

«Қазақ жайында көп біледі» деп санайтын Шоқанды Гасфорт сұлтандар

мен  билердің  Атбасарда  шақырылған  мəслихатына  тілмаш  есебінде

пайдаланбақ болды.

Мəслихатқа

алдын


ала

даярлық


керек.

Ол


үшін,

генерал-


губернаторлықтың  жəне  қазақ  дуандары  басқармасының  архивтерін

ақтарып,  шешуін  күтіп  жатқан  кейбір  күрделі  дау-шардың  мəн-жайынан

мəліметтер  ала  кету  керек.  Бұл  жұмыстың  ауыр  екенін  шамалай  тұра,

генерал-губернатор  тарапынан  болған  бұйрыққа  Шоқанның  амалы

болмады. Оның үстіне нағашысы Мұсаның:

–  Жанаралдың  айтқанын  істе.  Демалуыңа  жағдай  жасайын:  Ертістің

тоғайлы  көгалына  бірнеше  кигіз  үй  тіктіріп,  жасау-жабдығын  түгелдейін,

қымызы  қонақтарыңа  да,  өзіңе  де  мол  жетерлік  бие  байлатайын,  тілеген

шағыңда саятшылау үшін қасыңа құсбегілер қояйын, əн мен күйге əуессің

ғой сен, оларды да таптырайын, – дегені қамшы болды. Мұсаның айтқанын

орындады  да,  Шоқан  күніне  бір  мезгіл  архивтағы  «іс»  аталатын  шумақ

қағаздармен айналысуға кірісті.



«БҰҒЫ БАБАЙ»

Қайда  не  іс  барын  табу  Шоқанға  ауырлыққа  түскен  жоқ.  «Батыс

Сібірлік» аталатын архивты – əке жағынан – эвенки, шеше жағынан – бурят

Максим  Миронович  Баргузин  дейтін  қарт  басқарушы  еді.  Оның  əкесі  –

Мирон  екінші  Екатерина  тұсында  Сібірдің  шығысындағы  тунгус  жəне

монгол тұқымдас ұсақ халықтардан құралған казачествоға жазылып, өмірін

əскер қатарында өткізген.

Максим Миронович школа есігін ашпай, хатты өз бетімен танып кеткен

жəне хатқа ете жүйрік кісі екен.

Қоңыр  енді,  бет  сүйектері  шығыңқы,  кішірек  мұрны  талпақ,  қиғаштау

қысық  көзді,  қасқа  маңдайлы,  сирек  сақал-мұртты  адам.  Бойы  аласа

болғанмен, жауырыны жалпақ, кеудесі төстек, бұлшық еттері тастай қатты,

сіңірлі  саусақтары  ұстаған  жеріне  қышқаштай  қадалып,  осы  қалпында

күресе  кетсе,  бойы  серейгендерді  алып  соғады.  Төбелесе  қалса,  құлаштай

соққан  адамын  ұшырып  түсіреді;  жаяу  жүріске  төзімді,  биік  ағаштарға

сілеусіндей  өрмелейді,  барып  тұрған  шаңғышыл,  ертеден  қара  кешке

сырғанаудан қажымайды; суға да жүзгіш.

Қартая келе, жастағы дене өнерінің көбін доғарғанмен, шаңғышылдығы

–  бұрынғы  қалпы:  тек,  жерге  қар  түсті-ақ,  ұлттық  ықшам  киімдерін  киіп,

тас-түйін  боп  буынып  алады  да,  сырғанақты  қаладан  тысқары  тұстарда

тебуге  кетеді  де  қалады.  Кейде  ол  əлдеқайда  қонып,  бірнеше  күн  жүріп

келеді.  Сонда  «жоғалтқандардың»  қайран  қалатыны:  шаршаудың  орнына

ширап, қарттықтан қуқыл тартқан өңі қоңыр-күреңденіп құлпырып кетеді.

Баргузиннің  ой-санасы  туралы,  соған  байланысты  туған  халқы  –

эвенкилердің  хал-жайы  туралы  аз  сөз.  Байқал  көлінің  төңірегін  ертеден

мекендейтін  тунгустардың  да,  монғолдардың  да  біздің  дəуірден  (Айсадан)

бұрынғы діні – шаман, яғни өлген адамның аруағын («жанын») тəңірі тұту

болғанын білеміз. Бұл дəуір бастардан бəлкім ілгерірек арғы түбі тибеттен

өрбіген  будда  діні,  монғол  даласы  мен  тайга  орманына  да  біртіндеп

жайылады  да,  орта  ғасырларда  шаманнан  үстем  болуға  айналады,  оған

қуғын жасайды. Бірақ, онымен шаманизм құрып кетпей, қарапайым халық

арасына тамырын тереңдете береді.

Патшалық Россия ол төңірекке қанатын он жетінші ғасырдың ортасынан

жаяды  да,  жүз  жылдар  шамасында  түгел  отарланып  болады.  Содан  кейін,

өкімет  Қиыр  Шығыстың  тұрғын  халықтарын  христиан  дініне  зорлықпен

қарату  ісіне  кіріседі.  Патша  миссионерлері  тұрғындарды  «Айса  туыпты-

мыс»  дейтін,  январь  айының  бірі  күні  өзендерге,  көлдерге  топтап  айдап,

мұз-ойықтарға  əкеп,  түгелімен  қойдай  тоғытады.  Бұндайды  көрмегендер

«үсініп-қабынып,  ауырып,  өліп...»  дегендей  жалпылама  апатқа  ұшырайды.

Бұндай  өкім-зорлыққа  көнгісі  келмегендер  орманға,  тауға  аралдарға

тығылып,  қуғыншылармен  қарсыласады.  Осы  кезде,  бұрынғы  бытысқан


шаманизм  мен  буддизмге  енді  христиан  діні  кеп  қосылып,  көп  адам  үш

дінді аралас қолданады.

Баргузин  де  кейбір  кездерде,  əсіресе  əскери  қызметтен  босаған  соң,

шаман  түрінде  көрініс  беріп  қоятын  еді.  Оның  қысқы  киімдері  көзге

ерекше  түсетін:  басында  бұғы  бұзауының  бас  терісінен  жасаған  бөрік,

үстіне  түгін  сыртына  қаратқан,  жаға-жеңдерін,  етегін  тунгус  өрнегімен

жалпақ  қып  кестелеген,  ұзындығы  тізеден  түсетін  кең  тон;  аяғында

қонышы  белбеуге  өткермеленетін,  түгі  сыртына  қараған,  жұмсақ  иленген

бұғы  терісінің  үлкен  етігі,  соның  тізе  тұсынан,  бұғы  бұзауының  тұяқтары

алынбаған пұшпақтарын салбырата тігіп қояды. Осы түріне қарап, қазақтар

оны «Бұғы бабай» дейді, орыстар «Олень – отец» дейді.

Шаманша  киініп  Бұғы  бабай  жүрген  жерге  жұрт,  əсіресе,  балалар  көп

жиналады.  Кейде  ол  корпустың  төңірегінде  көріне  қалса,  кадеттер  шулай

қаптап,  қоршап  алады  да,  кеңес  айттырады.  Көпті  көрген  Бұғы  бабай

əңгімешіл де, ертегішіл де. Жəне соларды мейлінше қызық қып айта біледі.

Шоқан  да  оның  талай  кеңесін  естіген,  бірақ  корпусты  тауысқанша  жеке

сөйлесіп көрмеген.

Енді, міне, Гасфорттың жұмсауымен, оған Бұғы бабаймен тілдесуге тура

келді.

–  Быс  қазақша  сүйлесе  ме,  русша  сүйлесе  ме?  –  деп  сұрады,  қазақ



сөздерін  бұза  айтқанмен,  бірсыдырғы  түсінісе  білетін  Бұғы  бабай

Шоқанмен танысқаннан кейін.

– Ықтиярыңыз.

– Қазақша мен нашар биледі.

– Ендеше орысша.

Сөйлесіп

байқаса,

Бұғы


бабай,

орысшаға

орыстың

өзін


жаңылдырарлықтай ағып тұр.

–  Сен  қазақтың  қай  руына  жатасың?  –  болды  Бұғы  бабайдың  Шоқанға

бірінші сұрауы.

– Ешбір руына да жатпаймын. Мен хан тұқымымын.

– А-а-а... Сонда қай ханның?

– Абылайдың.

– О-о-о... Оның қай баласының?

– Уəлінің...



– Э-э-э... Уəлінің қай баласының,?

– Шыңғыстың...

–  Ім-м-м,–  деп  Бұғы  бабай  жұқа  қабағын  жиыра,  сығыр  көзін  қадай,

Шоқанға аз қарап алды да,– дұрыс екен! – деді.

– Не дұрыс, бабай?

–  Абылай  тұқымы  екенің.  Əкеме  еріп,  бала  күнімде,  Қызылағаштағы

Абылай  атаңның  ордасына  енгенім  бар.  Сонда  атаңды  көргем.  Кескінің

келген  екен  оған.  Ол  да  сен  сияқты  қара-сұр  өңді,  ашаң  жүзді,  сыла

денелі.орта  бойлы  еді.  Бергі  атан,  –  Уəлі  қарақалпақ  қызынан  туған.  Ол

нағашысына тартқан етжеңді, дөңгелек жүзді, аққұба өңді болатын.

Бұғы бабай Шоқанның тұрпатын көзімен бастан-аяқ тағы да бір шолып

алды да:


–  Иə,  келіпсің  Абылайға.  Əсіресе  мұрын  жағы  кең,  шеке  жағы  қысық,

көзін,  мен  қалың  қабағын,  келіпті.  Бірақ,  сенің  өңің  одан  қуқылдау.  Оның

беті алабұртып, қара-күреңденіп тұратын,– деді.

–  Оқудан  жүдеудің  салдары  болар,  –  деді  Шоқан,  іштей  «бұның  бəрін

есіне қалай сақтаған!» деп қайран қалып.

–  Əкеңді  көрген  жоқпын,  –  деді  Бұғы  бабай,  көңіліңе  келмесін,  балам,

естуімше, «қиянатшыл адам» дейді.

–  Нағашың  кім  еді?  деді  Бұғы  бабай,  «Шоқан  жəбірленіп  қалды  ма?»

дегендей, сұрауын жылдам жалғастырып əкетіп.

– Баянауыл төңірегіндегі Қаржас руынан, Шорман деген кісі.

– Кучуктің бе?

Шоқан күліп жіберді.

– Неге күлесін?

–  Сіздің  қазақтарды  жақсы  білуіңізге.  Шорманның  əкесі  –  Күшік  екені

рас.

– Білмегенде ше? Жаңа туды деп отырмысың, мені?



«Қартыңмын,  қартыңмын,  не  көрмеген  қартыңмын»  деп  қазақтың  бір

жырауы  айтқандай,  еліңнің  кең  даласының  қай  түкпірін  араламады  дейсің

мені.  Кучук  Мурзагуловты  да  көргем.  Жастай  елді  ол.  Чурман  одан  бала

күнінде жетім қалып, он үш жасынан биліккө араласты да, «Бала Шорман»

атанды.  Сан  рет  мəжілістес  болдым.  Оған  тартсаң  жаман  болмассың.  Ал,


əкеңе тартсаң...

Бұғы бабай ар жағын айтпады.

– Неге бөгелдіңіз?!

– Əкеңді көргенде, еліңді аралағанда білерсің.

Бірнеше  рет  сөйлесіп,  ау-жайымен  танысқаннан  кейін,  көңіліне  ұнаған

Шоқаннан Бұғы бабай архивтегі істерді не мақсатпен ақтаруын сұрады да,

түсінгеннен кейін:

– Ə-ə-ə, солай ма? – деп, аз уақыт ыңыранып ап:

– Балам, – деді даусын созып.

– Əу, ата!..

– Нысаналы ісің бар ма, қараймын деген?

–  Жоқ,  ата.  Сізді  «көп  біледі»  деген  соң  ақылдаса  отырып,  қажеттісін

теріп алайын деп ем.

– Неге?


– Олай теру қиын.

–  Арғы  атаң  Абылай  «бағынамын»  деген  уəдесін  Россияға  ерте

бергенмен,  ол  уəдесін  орындамай  елді.  Оның  қарамағында  болған

қазақтардың  азшылығы  ғана,  бергі  атан,  Уəліхан  болғаннан  кейін  ғана

«орыс  патшасына  бағындым»  деген  ант  ішті.  Содан  бері  Россия

қарамағында  келе  жатқан  елінің  патша  əкімдерінен  де,  өз  əкімдерінен  де

көрмеген  қорлығы,  зорлығы  жоқ.  Қорлық  көрушілер  «орыс  үкіметімен

əділеттік  табамын  ба»  деген  ниетпен  Уəлі  заманынан  бері,  Омбыдағы

үкіметке  арыз  жаудыруда.  Бұлар  сол  арыздардың  біразын  «тексер»  деген

бұйрықпен  қазақ  сұлтандарына  жібереді,  ол  қағаздар  қайтпайды.  Немен

тынары  белгісіз.  Естуімше,  «үстімізден  жоғарыға  шағым  айтыңдар»  деп,

сұлтандар арызшылардың өздерін жазғыратын сияқты. Бірақ, арыз онымен

тоқтамайды.  Оларды  тексеретін  ұлық  Омбыда  жоқ.  Кейбірін  тексермек

болып, кей кеңселердің алдыратыны бар. Олар да бұнда оралмайды...

– Неге?

–  Істі  қарауға  тиісті  əкімге  бай  қазақтар  мол  ғып  пара  береді  де,



қағаздарды өртетіп жібереді...

– Қойыңызшы!..

– Таңданба, ұлым. Ертең, қызметке кірісе, өзің де ұшырасасың ондайға.


Мүмкін, өзің де күйдірерсің талайын...

– Ешуақытта!.. – деді Шоқан тітіркеніп.

–  Тітіркенбе,  балам.  Еліңде:  «қыз  күнінде  бəрі  жақсы,  жаман  қатын

қайдан  шығады»  деген  мақал  бар.  Сол  айтқандай,  адам  туа  бұзылмайды,

жүре  бұзылады.  Ол  ескен  ортаңа  байланысты.  Пара  алмайтын  əкімді  мен

көрген  де,  естіген  де  жоқпын.  Омбыда  да  солай.  Патшаға,  министрлерге

жолданған арыздар осында қайтады да, олардың да қызығын от көреді...

– «Өртенеді» дегеніңіз ғой?

–  Əрине.  Өртенбейтін  істер  де  толып  жатыр.  Көп  заманнан  бастары

архив сарайында сығылыса шаң басып қалған, бірталайы шіріген, шіріктер

қызығын тышқандар мен егеуқұйрықтар (көріп) жатыр. Олардың мекендері

қағаздардың  ара  маңайына  жолауға  да  қорқады.  Ана  жылы  сарайға  кіріп

кеткен итті де талап жеді...

– Апырай, ə!.

–  Сен  де  оларды  ақтарам  деп  əуре  болма.  Егеуқұйрық  таламағанымен

шаңға батасың. Одан да қазақтың, қазіргі тұрмысына ортақ бір мəселемен

ғана жақсылап таныс.

– Қандай мəселе ол?

– «Барымта» дегенді білемісің?

– Білем.


– Айтшы, білсең!

–  Дауласқан  екі  жақтың  бірінен-бірі  мал,  əсіресе,  айдауға  оңтайлы

жылқы малын үйірлеп тартып алу...

–  Біледі  екенсің.  Қазақ  арасындағы  барлық  даудың  түйіні,  осы

барымтамен шешіледі. «Сыдырымта» дегенді білемісің?

– Ол не?


– Барымтаға алған малды қайтармай сіңіріп кету.

–  Естігем,  –  деді  Шоқан.  –  «Білсе  –  барымта,  білмесе  –  сыдырымта»

деген екен ғой.

–  Дұрыс.  Осы  «барымта»  мен  «сыдырымта»  қазақтың  кең  даласына

түгелімен  толып  болды.  Ақыры,  кейінгі  кезде  ұрлыққа  айналып  кетті.

Ұрылар қазір жекеленіп те, топтанып та жүреді.



– Бандалар ғой, олар?

–  Сондай  бандалар  қазақ  даласында  да  көбейіп  болды  қазір.  Жергілікті

əкімдер оларды тыю орнына жəрдемдеседі, олжалас болады.

– Онда қиын болған екен!

–  Осы  жайда,  момындар  тарапынан  түскен  арыздар  қисапсыз.  Көбі

қаралмайды.  Бірен-сараны  қаралғанмен,  шара  қолданылмақ  болғанмен,

бандылардың атамандары ырыққа көнбейді.

– Ондайлары да бар ма?

– Бар. Мəселен, Ходжук.

Оның  кім  екенін  сұрастырғанда,  қарақшылық  атағы  ел  ішіне  кең

жайылған, Уақ руынан шыққан Мақаштың Қожығы болып шықты.

Атағына  қанықтығымен  қатар,  Шоқанның  оны  бала  шағында,  əкесінің

үйіне келе қалған бір жолында бетпе-бет көргені де бар: алдынан қарағанда

шалқақ,  артынан  қарағанда  еңсең  жуантық  денелі,  қара-тарғыл  өңді

кішігірім  керсендей  қара  бұжыр  бетті  келген  адам.  Мұрын  түбінен

шекесіне  қарай  қисая  біткен  сығыр  көзді,  қабағы  қалың  да  еді.  Маңдайы

тар,  үнемі  қырып  жүретін  шашының  тебендеген  түбірі  сипаған  қолға

тікендей қадалатын. Талпақ танау, еріндері дүрдиген қалың, ұстара тимеген

мұртының  əрбір  қылы  сояудай,  көселеу  жалпақ  иегіне  шашырай  шыққан.

Түсі  ызғарлы,  кекештене  айтатын  сөздері  мейлінше  тұрпайы,  мінезі

шəлкем-шалыс  Қожық,  əлі  күнге  дейін  Шоқанның  көз  алдында.  Сол

көргенде, шалдуар Шоқан, өзгелерге жасайтын еркінсуін оған да жасаймын

дегенде, Қожық қатты тұтыққан дауыспен:

–  Құдайдың,  баласы  болсаң  да,  əрі  кетші!  –  деп,  түйенің  табанындай

жалпақ алақанымен жағынан тартып жіберген. Шоқан жалп ете түсті. Жақ

сүйегі қирап қалғандай ауырған... Содан кейін оған маңайлау түгіл, көрген

жерде  қаша  жөнелетін.  Міне  енді,  кадет  корпусын  бітірген  Шоқан,  Бұғы

бабайдың  сілтеуімен,  сол  Қожықтың  қылмысты  істерімен  танысатын

болды!..

Кезегі  келгенде,  оқырман  көпшілікке  Қожықты  да  қысқаша  таныстыра

кетейік: ол қазақ руларының ішінде – Уаққа жататынын жоғарыда айттық.

Уақ  ішінде  ол  «Қобыланды»  жəне  «Ер  Сайын»  жырларында  аталатын

Қараман батырдың тұқымы. Кейін рулы елге айналған Қараманның мекені,

қазіргі  Қостанай  облысының  «Қара  су»  аталатын  ауданында.  Қожықтың

əкесі  –  Мақаш  «Құндызды»  өзенің  «Қойбағар»  жəне  «Жасылбағар»

көлдерін төңіректеп жүреді екен. Өзі мыңдаған жылқысы бар, «момын бай»

атанған кісі бопты.

Мақашты  Абылай  баласы  –  Қасым  «ырқыма  көнбедің»  деп,  бар  малын



айдап  əкеліп,  тақыр  кедей  ғып  тастаған.  Соны  кек  көрген  Қожық,  жасы

жете  атқа  мініп,  Қасымды  қудалаған  патша  əскеріне  жəрдемдесіп,  Қоқан

хандығының жеріне айдап тастаған. Одан кейін Кенесарымен де еш болып,

орыс əскеріне қосылып оны да Арқадан қуысқан.

Сол  жаугершілік  заманда,  «білсе  –  барымта,  білмесе  –  сыдырымта»

аталатын  істерге  көп  араласып,  Қожықтың  «құлқы  бұзылған»  да,

Айғанымның  тұсында  ұрлыққа  ауысып  кеткен.  Жəне  ол,  «ұсақ»  ұры  емес,

«ірі» ұры боп, маңайына топтаған жасақ жинаған, ұрлық малдарын алыстан

тарттырған. Іздеген иелеріне теңдік беру орнына, ат тонын тонап жіберген,

біразын өлтіріп тастаған.

–  Егде  тарта,–  деседі  білетіндер,  –  Қожық  қол  басқара  алатын,  бəрі  де

батыр жəне өжет жортуылда ағаларынан қалыспайтын. Нарғыз егер жалғыз

қыз  болған.  Олар  тұтаса  жүргенді  малды  болса  да  бұза  берген,  қандай

қалың алдырмаған.

Қожық  табиғатында  «зорды»  танымайтын,  əкімге  бағынбайтын,  өзінен

жоғары кісі бар деп санамайтын, күш көрсеткісі келгендерге күшпен жауап

беретін тентек те, содырлы да, өктем де адам болған.

«Істері осы» деп Бұғы бабай ұсынған қағаздар тігіндісін Шоқан ақтарып

қараса,  «Үш  жүз»  аталатын  қазақтарда,  ат  жетер  жердегі  орыс,  татар,

башқұрт елдерінде оның содыры тимегені аз екен.

Шоқан  Қожықтың  істерінен  керекті  мəліметтерді  ғана  іріктеп  алды  да,

өзгелерін архивке қайтарып берді...



«АЙЖАН»

Жəрмеңкенің  басқа  даярлығы  да  жүріп  жатты.  Сұлтандар  мен  билердің

Атбасарға  жиналуы  туралы  жер-жерге  шапқын  кетті.  Жəрмеңке  орнын

даярлау  яғни  жеңіл  материалдардан  уақытша  болса  да  сауда  дүкендерін,

сарайларын  салу,  палаталар  құру  жабдығы,  қазақ-орыс  əскерлерінің,

Имантау  қаласында  тұратын  екінші  бөлімінің  атаманына  тапсырылды.

Жəрмеңкені  мың  шақты  кигіз  үймен  қамтамасыз  ету,  сол  төңіректегі

Көкшетау,  Ақмола,  Баянауыл  үш  дуанның  аға  сұлтандарына  жүктелді.

Ішінде Шыңғыс та бар.

«Тере  тастан  қатты»  деген  мəтел  бар.  Қисайған  жағынан  түзелуді  олар

намыс та көреді, қорлық та көреді. Шоқан кадет корпусына түскелі, бір рет

те ат ізін салмаған Шыңғыс сол қасарған қалпымен баласы кадет корпусын

аяқтағанша да отыра берген еді.

Сөйтіп  жүрген  шақта  Шоқанның  оқуын  аяқтаған  хабары,  оған  жалғаса,

«Жанарал-гүбірнадыр  Шоқанды  өзіне  атұлтан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет