АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет56/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

жоталарының алыстан бəрі де көгілдір көрінетінін талай көргем. Мынаның

көгілдірлігі олардың бəрінен де əлдеқайда қою.

–  Жақын  тұста  сияқтанған  бұл  тауға  тез  жетпек  боп  біз  шоқыта

жөнелдік. Бірақ, атымызды қанша қинағанмен көзімізге көрініп тұрған тау

жортқан сайын алыстай береді... Енді көгілдір тау батар күннің түрлі-түсіне

боялып  тотының  қанатындай  құлпырып  кетті.  Ол  күні  жете  алмасымызды

білген біз жолшыбайғы ауылдардың біреуіне тоқырадық...

Офицердің сөздерін осымен аяқтап, енді Шоқан жағына оралайық.

Имантаудан Бурабайға беттеп аттанған оған, мақсатты жеріне жетуге екі

жол бар еді: бірі,– тік тартып, Бурабайдың күнгей жағына бертінде орнаған,

орысша  Шучье,  қазақша  Шортан  аталатын  қазақ-орыстар  станицасына

түсу,  екіншісі,–  Көкшетау  қаласына  соғу.  Іргесі  1824  жылдан  бастап

қаланған бұл қаланы естігені болмаса Шоқан əлі көрген жоқ-ты. Бұл қалада

Көкшетау  дуанының  аға  сұлтанына  помощник  аталатын  майор  тұрады.

Жəне  жуық  арада,  осы  қалада  Көкшетау  оязы  деп  аталатың  Тобыл

губерниясына  қарайтын  əкімшілік  бар.  Оның  атаманы  да,  Шыңғыстың

помощнигі  де  осы  қаладағы  атаққа  шыққан  атаман  –  Тимофей  Семенович

Аргунов. Шоқанның оған соға кететін жұмыстары бар.

Аргуновтың  арғы  атасы  арғын  руынан  шоқынған  адам  екен  деседі.  Өз

əкесі  Семен  Аргунов  та  Көкшетау  қаласының  станица  кезінде  атаманы

болған.  Қазақтар  оны  Ысыман  дейді  екен.  Ол  мейлінше  сотқар  болып,

қазақтар арасында «Ысқаяқ Ысман» аталған.

Тимофейдің  де  сотқарлығы  əкесінен  кем  түспеген.  Ол  осы  маңайдың

тұрғындарынан  бірінші  боп,  қала  қасындағы  Бұқпа  көлінің  жағасына

темекі еккен екен. Сондықтан оның Тимофей атына тілі келмеген қазақтар,

əуелі  «Темекіші»  деп,  одан  «Темешке»  деп,  біреулер  сұйық  сары  мұртына

қарап «Түлкі мұрт» деп, əр түрлі аттар қойып алған.


Темешке  «тегіме  тартам»  деп  қазақша  төрт  түлік  мал  өсірген,  жаз

айларында  киіз  үй  тігіп  жайлауға  шыққан,  бие  байлатқан,  қыс  соғым

сойдырған,  қазақтарға  өзі  қазақша  қонақасы  беріп,  олардан  сондай

қонағасы ішкен; ауыл арасының дау-шарына араласып билік айтқан, оның

сөзі  тұжырымды  болған,  өзі  барып  тұрған  парақор.  Шыңғысты  бұл

билейді. Бұны Шыңғыс билей алмайды. Екеуі жең ұшынан жемтіктес.

Шоқанның  шенін  өзінен  жоғары  санамағанмен,  генерал-губернатордың

босағасында  отырған  оны  есігінің  иесі  деп  ойлайтын  Түлкі  мұрт  «бір

күніме керек болар» деген оймен, «Имантаудағы үйіне келіпті-міс» дегенді

естіген  соң  əдейі  іздеп  барып  амандасты  да,  Көкшетаудағы  үйіне  қонаққа

шақырды. Өзінің де барғысы келіп жүрген Шоқанға бұл шақыру ұнай кетті.

Қалаға  бұрын  қайтып  кеткен  Түлкі  мұрт  ауылынан  бірнеше  күн  кейін

шыққан  Шоқанды  Имантау  мен  қала  арасындағы  Желтауға  тіккен

шатырдан тосып алды. Түлкі мұрт бұл араға бір семіз құлын сойғызып, бір

саба қымыз əкелген екен. Ойы «табиғаты тамаша» дейтін осы арада түнету

екен. Қалаға тез жеткісі келген Шоқан оған тоқыраған жоқ.

Ілгері  тартқан  олар  Көкшетау  қаласының  желке  жағындағы  Бұқпа

адырына  көтерілгенде,  Шоқанның  көзі  шығыс  жақ  көкжиектен  жалтырай

көрінген  көкпеңбек  бір  жотаға  түсе  кетті.  «Көкшенің  күмбезі  осы  болар

ма?» деген ой келіп кеткен Шоқан қызыңқырап келе жатқан атының басын

тежеді. Үзеңгілес келе жатқан Түлкі мұрт та іркіле берді.

– Сонау көгерген не? – деді Шоқан.

– Тау.

– Қай тау?



–  Ата  мекенің  Көкшетау.  Соның  күмбезі,  –  деді  Түлкі  мұрт  Шоқанға

жағымпазданған кескінмен.

Тау атаулының, əсіресе жекелерінің алыстан көгілдір көрінетінін Шоқан

да  білетін.  Ал,  мынау  олардың  бəрінен  де  өзгеше,  мұның  көгілдірлігі

олардың бəрінен де қою, жалтылдай құлпыруы олардың бəрінен де артық.

Енді соған тезірек жету керек.

Бірақ тым тез жете алмады Шоқан.

Оны  Түлкі  мұрт  Бұқпа  етегіндегі  қаланың  орта  тұсындағы  үйіне  əкеп

түсірді.

Осы  үй  туралы  аз  сөз:  оның  іргесін  Тимофейдің  бала  кезінде  əкесі  –

Семен  қалаған  жəне  дағдылы  орыс  үйлеріндей  емес,  Европада  коттедж

аталатын  үйлердің  үлгісімен  қалапты.  Ол  үлгіні  Семен  1812  жылдың

соғысы  кезінде  жеңімпаз  орыс  армиясының  қатарында  болып  Европадан


алып  қайтқан.  Архитектурасы  сұлу  жасалған  бұл  қарағай  үйдің  төбесіне

жан-жағы  кең  терезелі  мезонин  орнаттырған.  «Коттедж»  деген  сөзге  тілі

келмеген  жергілікті  жұрт,  оны  орыстың  кутеж  дегеніне  айналдырып

əкеткен. Олай деуі ретке де келеді. Ысыман да, Түлкі мұрт та араққор жəне

бір  ішсе  үзбей  ішетін,  ішсе  бұзақылықтары  үдейтін  нағыз  «кутежниктер»

болатын.  Мастықтан  қалжырап  жығылған  кездерінде  олар  ұзақ  тынығу

үшін  мезонинға  шығып  есігін  тарс  жауып  алатын.  Олардан  мазасы

кететіндер  бір  сəт  естерін  жиып,  оның  жататын  орнын  «мазалы»  қойып

алған.

Түлкі  мұрт  Шоқанды  осы  мазалыға  орналастырды.  Оның  еркіне  салса



осы  үйде  жəне  басқа  жақындарының  үйінде  «кутеж»  жасап  Шоқанды

бірнеше  күн  сілейту  еді.  Омбыға  барып  жүретін  бір  адамнан  естуінше

Шоқан арақты теріс көрмейтін кісі.

Онысы  рас  та  еді.  Осы  жай  құлағына  тиген  Шыңғыс  Имантаудан

аттанарда Шоқанға:

–  Аргунов  та,  ол  қаланың  басқа  қазақ,  орыстары  да  араққұмар,  соларға

еремін  деп  бүлініп  қап  жүрме.  Əрі  саулығыңа  залал,  əрі  абыройыңды

кетіреді.  Mac  қазақ-орыстар  қол  салудан  да  қашпайды  деп  сақтандырған.

Шоқан  бұл  қалада  аузына  арақ  алмауға  əкесіне  уəде  берген.  Көкшетауда

сол уəдесіне жетті де, «сырқатым бар еді» деген сылтаумен арақ татпады.

Есін  үнемі  сақ  ұстаған  Шоқанның  қызметінен  бос  кезінде  көзін

айырмастан  қарай  беретіні  көшеден  де,  терезеден  де  көрініп  тұратын

Көкшенің күмбезі. Офицер айтқандай, ол күн тəулігінің: таң, түс, кеш, түн

аталатын төрт мезгілінде жəне солардың аралығындағы уақыттарда біріне-

бірі ұқсамайтын əр түске ауысып бояуын құлпырта береді... Тағы да офицер

айтқандай,  күндіз,  сағым  көтеріле,  Көкшенің  күмбезі  жойқын  теңіздің

бетінде  қалқыған  алып  кемедей  қимылдайды  да  тұрады.  Сол  қалпында  ол

кейде  алыстаңқырап,  кейде  тіпті  жақын,  қаланың  нақ  түбіне  таянып

қалғандай болып та көрінеді. Сонда Шоқанға:

–  Кел,  тезірек!  Шық  үстіме  дегендей  басына  бүркенген  бұлтының

күркіреуімен,  найзағайының  жарқылдауымен  шақырып  та  тұрғандай

сияқтанады.

Шоқан  Көкшетаудан  Бурабайға  келген  күннің  ертеңінде-ақ  жүріп  кетер

еді  өйтуге  жұмыс  босатпады.  Жұмысы:  Бурабай  бауырында  патшаның

таққа отыруына байланысты қазақ, дуандарының еткізуге əзірленіп жүрген

тойының тəртібін сақтау Аргуновқа жəне оның қарамағындағы осы ояздың

бес  жүздігіне  жүктелген.  Сол  тəртіпті  қалай  жүргізудің  планын  толық

жасап  алу  қажет.  Осы  жұмысын  екі-үш  күнде  əрең  бітірген  Шоқанға

Бурабай төңірегіндегі елдермен шақырушы келіп қалды.


БУРАБАЙ БАУЫРЫНДА

Бурабай  төңірегін  мекендеген  қазақтар  тере,  қара,  төлеңгіт  аталып,  үш

жүйеге  бөлінуші  еді.  «Төре»  дегені  хан  тұқымдары.  Олар  бұл  маңайда  ат

төбеліндей  ғана  азғана  үй.  «Қара»  дегені  қазақтар.  «Төлеңгіт»  дегені  хан

тұқымына  əр  кезде  қазақтың  əр  руларынан  немесе  жаугершілікте  қолға

түскендерден жиналғандар.

Əуелі  Бурабай  маңындағы  төрелер  туралы  сөз.  Абылайда  «отыз  ұл

болды»  дегенмен  ол  өзінің  көзі  тірі  кезінде,  «орта»  жəне  «ұлы»  жүздер

аталатын  елдердің  əр  руларына  басқарушы  ғып  бір-бір  ұлын  жіберген.

Бурабай  маңында  Қасым  жəне  Уəлі  дейтін  екі  баласы-ақ  қалған.  Екеуі

хандыққа  таласқанда,  жұрт  Қасымды  бұзыққа,  Уəліні  түзікке  санап

хандықты Уəліге берген. Россияға қарсы шыққан Қасым да оның балалары

да  Көкшетау  маңынан  қуылып,  Қоқан  хандығына  паналауға  барғанда,

Россияның  тыңшысына  саналып  Қоқан  ханы  бастарын  кескен.  Соңғы

балалары  Кенесары  мен  Наурызбай  да  орыспен  жауласып  Алатаудағы

қырғыздарды  шаппақ  болған  бетінде  жеңіліп,  қаза  тапқан.  Сонымен

Бурабай төңірегінен Қасым ұрпағы да біткен.

Абылай орнына хан болған Уəлінің үлкен əйелінен туған Əбайділда мен

Аппас  екі  жақта  болған.  Момын  Аппастың  билік,  ерлікте  жұмысы  болмай

шаруасын  бағумен  ғана  шұғылданған.  Ал  Əбайділда  Уəлі  өлгеннен  кейін

оның  əйелі  –  Айғаныммен  хандыққа  таласып,  Россия  Айғанымды

жақтағаннан  кейін  оған  қарсы  көтерілем  деп  Сібірге  жер  аударылған.

Артында  қалған  балалары  Көкшетау  дуанының  əр  жерінде  орналасып,

Бурабайдың түбінде Болат дейтін баласы қалған.

Россиямен  тату  кезінде,  Əбайділда  Сұлтанғазы  дейтін  баласын

Омбының  сол  кездегі  генерал-губернаторы  князь  Горчакова  аманатқа

берген  екен  дейді.  Аманаттың  шарты:  егер  Əбайділда  антынан  тайса,

аманатқа  берілген  баласы  өлтіріледі.  Бірақ,  Əбайділда  антынан  тайғанмен

князь  Горчаков  Сұлтанғазыны  өлтіруге  қимайды  да  жəне  түбінде  əкесіне

қарсы  салу  ниетімен  Петербургтағы  Паж  кадет  корпусына  оқуға

орналастырады.

Айдаудан аман оралған Əбайділда: «Мені айдатқан Айғаным» деп оның

баласы Шыңғысқа өш болады да, содан кек алуды өлерінде баласы Болатқа

тапсырып кетеді. Сол тапсырмамен Болат Шыңғысқа да, оның балаларына

да  еш  болады.  Əсіресе,  –  Шоқанға.  Шоқанның  Омбыдағы  генерал-

губернаторға адьютант болуын ол қатты күндейді. Оның тілегі де, үміті де

Сұлтанғазыда.  Паж  кадет  корпусын  бітіріп  патшаның  сарайына  қызметке

орналасқан  Сұлтанғазы,  еткен  жылдың  жазында  ата  мекеніне  келіп  кетіп,

Шоқан туралы «оның шені менің шенімнің тобығынан да келмейді» деген

лақап таратып кеткен.

Осы себептермен Болат Бурабайға келе жатқан Шоқанды қарсы алудың


орнына,  қайткенде  оның  абыройын  төгудің  амалын  қарастырып  жатқан.

Соның  бір  шарасы  есебінде  Аппастың  бұзық  болып  ескен  баласы

Қашқымбайды  Шоқанға  қастық  жасауға  қайрап  жүрген,  бұл  ниетін  сезген

əлдекім, жорықта жүрген бетінде өлтіріп кеткен.

Ендігі  қалған  төреден  Шоқанға  жаны  ашитын  жалғыз  Аппас  қана.  Ол,

ана жылы, Атбасар жолында жолыққаннан бері Шоқанды жанындай жақсы

көріп,  бар  тілегі  соның  үстінде  еді.  Енді  Бурабайға  келе  жатыр  дегенді

естіген  соң  Аппас  біраз  мазалана  бастады.  Сондағы  ойы  «ертең  Шоқан

келеді.  Ол,  əрине,  жалғыз  емес,  жолдас-жораларымен  келеді.  Одан  кейін

осы Бурабайға алты дуанның игі-жақсылары жəне Омбының əкімдері түгел

жиналады.  Олар  Абылайдың  аруағына,  соның  туын  көтеріп  жүр  деп

түсінетін  Шоқанға  келеді...  Сонда  соларды  күтіп  алатын  кім?  Үйлерді  кім

тіктіреді? Қонақасы жəне басқа жабдықтарын кім даярлайды?..»

Шоқанның қандай жоспары барынан Аппастың хабары жоқ. Жыл сайын

жергілікті  əкімдер  «қара  шығын  деген  атпен,  елден  көптеген  мал

жинайтын. Ол шығын биыл да мол, бірақ неменеге керегін ел де, Аппас та

білмейді.

Осындай  жайды  сасқалақтаған  Аппастың  есіне,  жасы  сол  кезде  жүзге

таяған  Аңғал  батыр  түсті.  Оның  əкесі  Бабаназар  Абылайдың  əрі  батагөйі,

əрі  «көріпкел»  сəуегейі  болған  екен.  Ел  аузындағы  ертегінің  айтылуынша,

Абылай жорыққа ма, басқа бір жүріске ме аттанар болса Бабаназардан бата

алады  екен.  Ол  бата  берер  алдында  «қалғып  көрейінші,  тəңірі  түсіме

қандай  аян  берер  екен?»  деп  Ақшоқының,  етегіне  қисаяды  екен;  қараңғы

жұрттың сенімінше болжалдың көбі келеді-міс. Оны жұрт «Түркістандағы

Түмен  баптың  жиені  екен,  соның  аруағы  дарыған  екен»  деген  де  лақап

таратқан. Сондықтан былайғы аламанның бəрі Бабаназарды тек, «Баба» деп

атап, айтқанын екі қылмайды екен. Абылай хан көтеріліп, оған Атығай мен

Қарауыл рулары үш-үштен алты қыз бергенге, Атығайға жататын Бабаназар

Зағыпыран есімді қызын да қосқан екен. Содан, Бабанзар Абылдайдың əрі

батагөйі, əрі қайын атасы болыпты.

Аңғал  Бабаназардың  сексен  жасында  туған  сүт  кенжесі  екен  дейді.

Жасынан  жігерлі,  қайратты,  жүректі  болып  өскен  Аңғалды  бала  жігіт

көзінен  Абылай  қасына  ерткен.  Талай  жорықта  батырлық  көрсеткен  оны

Абылай  қайда  барса  да  он,  қанатынан  тастамайды  екен.  Сондай

сенгендіктен,  Абылай  оған  Ақшоқының  етегінен  қоныс  беріп  төбесін

түтетуді  тапсырған.  Аңғал  қартайған  шағында  аттан  түсіп  біреулер

əдейілеп кеп, ақыл, я бата сұрамаса үйінен шыға қоймайды екен.

Аңғал  мен  Аппас  жас  шақтарынан  өзара  көңілдес  болатын.  Бертінде

кедейленген Аңғалға Аппас «атамның сыбағасы» деп жыл сайын кеміне бір

семіз тай жіберіп тұратын.

Шоқанды жəне оның қонақтарын қалай күту жабдығын Аппас Аңғалмен

ақылдаспақ  болды.  Аңғал  Шоқанды  естіген  еді  жəне  Абылайдың  аруағын



көтереді деуден үмітті еді. Сондықтан Аппас барып ақылдасқанда:

–  Тоқсан  сөзінің  түйіні  қадірлі  қонақтарды  жақсылап  қарсы  алу  ғой,

өйтуге бүкіл ел жабыла қимылдамаса, екеуміздің əліміз келмейді, – деді.

–  Өзімнің  де  ойлап  келгенім  осы  еді,  Аңғал.  Бірақ  сол  елді  қалай

жинаймыз? Атпен аралап түсуге алыс. Меніңше Ақшоқының басын түтетсе

қайтер еді?

–  Көптен  түтелмеген  шоқы  ғой  ол.  «Бұ  несі?!»  –  деп  елдің  зəресін

ұшырып жүрерміз.

– Ондай жаугершілік жоқ қой қазір. Жақсылыққа да түтейтін уақыттары

болған  көрінеді  ғой.  Мысалы,  Абылай  атамды  хан  көтерерде.  Бұны  да  ел

игілікке жоруға тиісті жəне үлкен бір мерекенің нышанына санауға тиісті.

–  Бұл  жұмысты  Шыңғыспен  ақылдасып  алған  жөн  болар,  –  деді  істің

артын көбірек ойлайтын Аңғал. – Ел де, жер-су да соның, қарамағында ғой.

Оған  дейін  маңайдағы  жақын  тұстан  ел  ағаларын  шақырып  ақылдаса

тұрармыз  жəне  Шоқанның  өзімен  де  ақылдасармыз.  Оған  кісі  жіберіп

шақырту керек те, алдынан үй тіктіріп қою керек.

Осыны мақұл көрген Аппас үйді қайда тіктіруді ақылдасқанда Аңғалдың

ұсынысы  «Көкқасқа  жарты  аралы»  болды.  Шақыруға  кімдерді  жіберуді

ақылдасқанда,  Аппастың  сол  кезде  атқа  мініп  ел  сөзіне  араласып  жүрген

баласы Бералыны жəне Аңғалдың кенжесі Жанбатырды, тағы бірер жігітті

ұйғарды.

Олар  Шоқанды  Аргуновтың  үйінен  тапты.  Бурабайға  жетуге  былай  да

асығып  жүрген,  Көкшетаудағы  шаруаларын  аяқтаған  Шоқан  күн  кешкіріп

қалғандықтан  қалада  қонуға  əрең  төзді.  Бурабай  төңірегінің  өзін  жəне

басқа  қонақтарды  қалай  қарсы  алу  туралы  əңгімелерін  Бералыдаы

естігенде Шоқан қуанды да, ренжіді де. Қуанғаны – шешен біреуден жазып

ап жатқа білетін бір мақал есіне түсті.

Ренжігені,–  үкіметтік  тойды  сылтау  ғып  елдің  атқа  мінерлері  қара

шығынды  көбейтеді  деп  қауіптену.  Шоқанның  бала  күнінен  бері

байқауында  «қара  шығын»  аталатын  алым-салық  момын  көпшіліктің

сілесін  қатыратын  ауыртпалық.  Соның  бір  белгісі,  Шыңғыстың  өзі

«патшаның тойы» дегенді сылтау ғып, қара шығынға елден кілең ту қойлар

мен,  семіз  байталдарды  жината  бастаған  екен.  Шоқан  Имантаудағы  үйіне

барған шақта, мұндай бойдақтардың саны бірнеше жүзге жетіп қалған. Ал,

қонақтарға солардан жұмсауға көп болса бір жүзі ғана керек. Бұл дуандағы

жиырмадан астам болыстың біреуінің ғана бергені. Өзге он тоғызын қосса

ше?.. Келетін қонақтарды қалай күту жабдығын əкесімен ақылдаса отырып,

«артық»  деп  мөлшерлеген  малдарды  иелеріне  тез  таратып  беруді  етінді.

Қарсы қояр дəлелі жоқ Шыңғыс амалсыз көнді.


Шоқан  осы  жайды  Бурабай  төңірегінде  Бералыға  да  ескертіп  еді,

ұнатпаған ол:

–  Өзің  барасың  ғой,  «артық»  дегеніңді  кесерсің  де,  кемін  қосарсың,  –

дей салды.

Олар  Көкшетау  қаласынан  тура  Көкқасқаға  тартты.  Жолы  бəлкім

бұрыстау  болғанмен,  Бералы  Шоқанды  «Хан»  аталатын  суы  сортаңдау

көлге  əдейі  соқтырды.  Сонда  көрсетейін  дегені  осы  көлдің  жағасында  хан

көтерілген  Абылайдың  тойына  қанша  мал  сойылғанын  қазылған

жерошақтардың орнынан көрсету еді...

Сол  күні  олар  іңірлетіп  Көкқасқаға  тігілген  үйге  кеп  қонды.  Сол  кеште

аспан  бұлттанып,  көл  беті  қара  көлеңке  боп  тұрғандықтан  жағаға  жақын

тұсы  болмаса  су  беті  көрінбейтін  еді.  Салт  жүріп  шаршаңқырап  келген

Шоқан іңір асына тек қаймаққа езген ақ ірімшік қана жеді де жатып қалды.

Ерте  жатқан  ол  ертеңіне  таң,  сібірлей  оянып  тысқа  шықса,  күн  аса

желкем екен. Содан судың беті ақ көбіктенген толқынға толып кеткен. Көл

төңірегін  көзімен  түгел  шолғысы  келген  Шоқан  жағаның  бір  биіктеу

төмпесіне  шығып  қараса,  Шабақтың  аумағы  былтыр  көрген  Байкалдың

Баргузин тұсындағы кең қолтығына ұқсайды. Ол тұстағы тереңге де жүріп

көрген  Шоқанның  Шабақтың  айдынына  да  құлаш  ұрғысы  кеп  кетті.  Сол

ниетпен ол жатқан үйіне қайтты да, ұйықтағандарды оятып алмайын деген

қимылмен  саквояжынан  шомылатын  костюмін  алып  үстіне  тез  ілді  де,

қайтадан көл жағасына барды.

Бералының  бұл  көлді  сипаттауынша:  аумағы  жүз  шақырымнан  кем

түспейді, суының жар қабаққа жақын жердей тереңдігі жиырма құлаштай,

əртінірек  барса  жетпіс  құлашқа  жетеді,  жарты  аралдың  солтүстік  өкпе

тұсында  Көкше  мен  Шабақ  тауларының  түйісетін,  «Көкмойнақ»  аталатын

кезеңі  бар.  Ар  жағындағы  бұрылыста  атақты  Оқжетпес.  Арал  мен

Мойнақтың арасы екі-үш шақырымдай.

Шоқан  Байкалда  жергілікті  елдердің  сушыларымен  жарысып  «шамасы

бес  шақырымдай»  дейтін  су  бетінің  жырақтығында  талайынан  озып  та

шыққан.  Шабақ  бетімен  Көкмойнаққа  жету  оның  жарты  жолындай  ғана.

Суда  жүзу  Шоқанның  ең  құштар  жұмысының  біреуі  болушы  еді.

Сондықтан  оның  ойы  серіктері  оянғанша  Көкмойнаққа  барып  қайту

болатын. Ол көп ойланбай толқып жатқан суға күп берді.

Судың  бəрі  бір  болмай  ма,  Шабақтың  суы  Байкалдан  ауырлау  ма,  əлде

толқындарының  қарсы  алдынан  соғуынан  ба,  Арал  жағасынан  біраз

ұзаңқырағаннан  кейін,  Көкмойнаққа  жете  алуына  Шоқан  күдіктене

бастады.  Бірақ  артындағы  жаға  да,  алдындағы  жаға  да  алыс  сияқты.

Əйткенмен  кейінгі  жағадан  алдағысы  жақындау  тəрізді.  Шоқанның  ендігі

талабы,  алдағы  жағаға  қайткенде  де  аман  жету...  Көкмойнақтың  көлдің

ішіне кіре біткен бір шыңы «Ебейбас» атанатын еді. Соған тақалғанға дейін


су асты ете терең.

«Ебейбасқа»  аяқтары  да,  қолдары  да  талған  Шоқан  ентігіп  əрең  жетті.

Тақала  бере  су  астындағы  кесек  тастарға  шығайын  десе  бəріне  де  жасыл

мүк  ескен,  жылтыр  мұздың  үстіндей  тайғақ.  Соларға  əрең  деп  өрлеген

Шоқанның қолы жағаның ернеуіне өскен талға ілікті-ау.

Судан  аман  шыққанына  қуанған  ол  шыңның  үстіне  өскен  тырбық

қарағайлардың арасындағы қалың бетегеге бауырын төсеп сұлай кетті. Сол

кезде  таудың  аржағынан  көтерілген  күннің  жылы  сəулесі  Шоқанның

арқасын  шалып,  ұйқысы  қанбаған,  əрі  малтудан  шаршаған  Шоқан

маужырағандай болып қалғуға айналды. Ол қалың ұйқыға да сүңгір ме еді,

қайтер  еді,  егер  құлағына  дүбірлеген  ат  тұяғы  мен  күбірлеген  адам  үні

шалына  қалмаса.  Шоқан  жалма-жан  басын  көтеріп  ап,  дыбыс  естілген

жаққа қараса, шыңның аржағынан екі адам көтеріліп келеді, бірі – Бералы,

екіншісі – Жайнақ.

Олардың  қайдан  жүргенін  оқырман  көпшілікке  қысқаша  баяндап

берейік:  мана  Шоқан  суға  құлаш  ұрған  кезде  өткен  түні  осы  маңайды

қарауылдап  жүруге  қойған  Төлеңгіт  шал  көріп  тұрған.  Үйден  шыққан

Шоқанды  көрген  оның,  суға  түсе  жөнелер  деген  ой  үш  ұйықтаса  басына

кірмеген  еді.  Керек  десең,  Шоқанның  Шоқан  екенін  танымаған  Төлеңгіт

«бұл не қылған адам» дегендей тал ішімен бұғып жақындады да, кім екенін

сонда  ғана  танып  біліп,  Төлеңгіт  басымен  төреге  тіл  қатуға  қымсынды.

Сөйткенінше  болмай  қонақ  төресі  суға  атты  да  кетті.  «Мұнысы  шомылып

шыққысы  келуі  ме?»  деп  ойлаған  Төлеңгіт,  суға  құлаш  ұрған  Шоқанның

денесінен  көз  жазбай  қадала  қарап  тұрса  алыстап  барады.  Бұнысы  ерсі

көрінген жəне неге өйтуін түсінбеген Төлеңгіт қарсы алдынан толқындаған

суға жазым болар деп қорықты.

«Енді  не  істеу  керек?!»  деп  сасқалақтаған  Төлеңгіт,  бұл  жайды  тезірек

Бералыға  хабарлауды  ұйғарды,  Бералы  бұл  кезде  шырт  ұйқыда  еді.

Төлеңгіт  оны  оятып  көрген,  білгенін  қысқаша  айтқанда,  «не  дейсің?!»  деп

шошып  кеткен  Бералы  өз  көзімен  көргісі  келгендей  жүгіріп  тысқа  шықты

да,  Төлеңгіттің  «осы  тұстан»  деген  биігіне  көтеріліп,  «сонау  тұсқа  қарай»

деп  нұсқаған  көлдеріне  көз  тіксе  алыстап  кеткен  Шоқанның  су  бетінде

қылқиған басы ғана көрінеді; қимылдарын қаптаған толқын аңғартар емес.

Оған баруға Бералының да шамасы жоқ. Соңынан қуатын қайық та жоқ...

Енді  не  істеуге  білмей  сасқан  Бералының  есіне  алдын  орап  барудан

басқа амал болмай қалды.

«Алды»  дейтіні  жарты  аралдың  алқым  тұсынан  тауға  көтеріліп  келдің

тас  қабақ  жарымен  қырқалай  жүретін  сүрлеу.  Онымен  жүру  өте  қиын:

соқпақтың  сүрлеуінің  ені  өте  тар,  онда  қарсы  келген  екі  жаяу  кісінің

бұрылып өтетін жері жоқ тұстар бар; сүрлеудің он, жағы аспанмен астасқан

шыңның  аяқ  басар  жері  жоқ  қия  тас,  сол  жағы  құлдыраған  тастақты  құз,

кей жерлерде томпайған кесек тастардан ат түгіл жаяу кісі де еңбектеп əзер



өтеді. Кейбір еңкейген тұстарында жүруші сырғанап құлап кетерлік. Оның

аржағы терең көлдің жағасы, кейбір тұстарына тырмысқан ат күшеніп əрең

шығады,  жаяу  кісі  жүре  алмайды...  Жергілікті  қазақ-орыстар  оны  «Байкал

соқпағы» деп атаған.

Соқпақтың  жүруі  осынша  қиын  болғанмен,  Бералы  мен  Жайнақтың

жүрмеске амалы жоқ, оларға Шоқанның аман я жаманын «Ебейбас» тұсына

барып байқау керек. Жаманы – жағаға шыға алмау, жақсысы – шыға алуы.

Шоқан  Байкалда  қанша  жерде  қалай  жүзгенін  Бералыға  Көкшетауда

айтып  берген.  Бералының  бар  үміті,  Шоқанның  осы  сөзінде  ғана.  Бірінің

артынан  бірі  шұбырып  тар  соқпақпен  үнсіз  келе  жатқан  Бералының  да,

Жайнақтың да іштей тілегі, – Шоқанмен тірі көрісу.

Осындай тілектегі Бералы мен Жайнақ «Ебейбастың» үстінде Шоқанды

тірі кездестірген соң қуаныштарында шек болған жоқ.

Сұраусыз  жоғалғанына  кешірім  өтінген  Шоқан,  амандық-саулық

сұрасқаннан кейін:

– Не бұйырасыз,– деді қалжыңды кескінмен Бералыға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет