АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет50/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

38 бар.

1826 жылы бірінші Николай таққа отырған шақта, сібірлік депутацияны

басқарып,  сол  тойға  қатынасқан  Сартай  Шыңғысов  еліне  қайтқанда,

«патша  орымборлықтарды  бізден  жоғары  ұстап,  ерекше  күтті»  деген

өкпемен келген. Сол Николайдың азасына келгенде, орымборлықтарды əлі

де жоғарырақ ұстағанын Шыңғыс көзімен көрген.


Ал  мына  екінші  Александрдың  тойында,  екі  жақтың  да  қазақтарын

Петербург  ала-құла  көрмей,  тең  даражада,  бірсыдырғы  жақсы  күтті.

Сондықтан,

орымборлық

пен

сібірлік



қазақтар,

бұдан


бұрынғы

кездесулеріндей, өзара шікірейіскен, күндескен жоқ, жалғасқан күндерінен

бастап «əкей-үкей», аралас-құралас, сырлас болып кетті.

Петербургтағы,  Москвадағы,  ол  екеуінің  арасындағы  жол  бойындағы

күндерін  көбінесе  бірге  еткізген  орымборлықтар  мен  сібірліктердің

сырласа  кеткенде  кеңес  қылатындары,  патша  өкіметінің  қазақ  даласына

салған  отаршылдық  құрсауларының  шеңбері  жылдан  жылға  тарыла,

қысымның  қатая  түсуі.  Бұл  мəселеге  олар  халық  мүддесі  жағынан  емес,

ездерінің  əкімшілік  қуаттарының  жылдан-жыл  əлсіреп,  дала  билігінің

тізгінін  патша  чиновниктері  жылдан  жыл  қатайта  ұстауы.  Егер  патшаның

қабылдауында бола қалса, олар осылардың бəрін мұң ғып шақпақ.

Сол  тілектері  қабыл  болғандай,  патша  қазақтарды  жеке  қабылдады.

Орымборлықтарды  «орда  кеңесі»  аталатын  мекеменің  председателі

генерал-майор  –  Гавриил  Васильевич  Ващенко,  сібірліктерді  Гасфорт

бастап  апарды;  бəрін  сарай  қасындағы  сібірлік  комитеттің  председателі,

аншеф-генерал – князь Александр Чернышев басқарды.

«Аудиенция»  аталатын  бұл  қабылдауда,  мемлекет  мүлкінің  министрі

адъютант генерал граф Кисилев, ішкі істер министрі генерал-аудитор граф

Блудов,  финанс  министрі  барон  Брок  соғыс  министрі  генерал-

инфантериеден  князь  Долгоруков,  заң  министрі  генерал-майор  граф

Синявин,  оқу  министрі  граф  Алексей  Толстой  тағы  басқа  чиндер  болды.

Бəрі  де  соғыстық  формасында  жəне  барлық  ордендерін,  медальдарын

кеудесіне қадап алған...

Сібірлік  қазақтардың  бұған  дейін  көрген  ең  үлкен  генералы  –  Гасфорт;

орымборлықтардікі  –  барон  Игельстром.  Оларды  да  қопа  қардай  көретін

қазақтар, енді патшамен, министрлермен салыстырып байқаса, арыстанның

я  жолбарыстың  қасындағы  иттей  бұғады.  Жергілікті  жерлерде  Гасфорттар

бірен-саран ғана ғой. Ондайлар, олардың əкесіндейлер бұнда толып жатыр.

Ал,  бір-бірінен  сұрастырып  байқаса,  бүкіл  қазақ,  атаулыда  əлі  күнге

генерал  чиніне  жеткен  біреу  де  жоқ  екен.  Кавказдықтарда  бар  сияқты.

Соларды көрген қазақтар «біз де шен алып, шекпен кидік деп мақтанамыз-

ау!»  деп,  генералдық  чинге  жетуді  арман  ете  күрсінеді.  Қазақ  арасында

күпсіп жүретін хорунжи, капитан, майор, жүздік ясаул, кəтте, подполковник

полковник... дегендер бұнда иттің құлы итақай сияқты...

Россияның  жоғарғы  чиндеріне  көздері  сүрінген  қазақтардың  қысқы

сарайдағы аудиенциялық залға жеткенше сілелері қатқандай болды. Толып

жатқан  есіктерден,  іштері  ертегідей  безенген  коридорлардан,  залдардан,

бөлмелерден  өткен  оларды,  қақ  жарыла  тығыз  сапқа  тұрған  офицерлік

чиндегі  қақиған  қарулы  адамдар  араларынан  өткізіп  тұрды.  Тек  кірпік

қаққаннан басқа қимылдары жоқ. Бəрі де тас боп қатып қалғандай!.. Сонша

қарулы  күзетке  бөленген  патшаның,  қабылдау  залына  жету  оңай  болып


па?..

Қазақтарға  да  қиын  болды  жету.  Жəне  өзге  қиыншылығының  үстіне,

олардың  басқарушылары,  «сарайға  кіре  төменшілік  көрсетіп,  қолдарыңды

кеуделеріңе қоя, бастарыңды иіп жүріңдер!» деген еді. Олай жүруге жақын

жер  болса  жақсы  ғой.  Сарай  ішінің  жүрісі  ұзақ  екен.  Ұзаққа  бүкшеңдеген

қазақтардың  белдері  талғанмен,  бұйрықты  орындамауға  амалдары  жоқ.

Отырар, дем алар орын да көрінбейді. Екі жақта тікейген күзет, оның үстіне

бастап  келе  жатқандар  да  қыспаққа  ала,  аяқтарын  жылдам  адымдайды.

Солардан  жасқанып,  жүріп  келе  жатқан  жерлерінде  көз  тоқыратып  көре

алмады. Сөйтіп «ес кетті, жан шықты» дегенде, əрең деп тоқырасты-ау!

Бұл  –  қабылдау  залының  алды  еді.  Сонда  аз  отырып  тыныстағаннан

кейін  залға  шақырылды.  Онда  адам  саны  көп  болмағанмен,  бəрі  де

жарқылдақтар.  Орта  тұстарындағы  тақта  отырған  сары  мұрт  сұлуша  адам

патша  болар  деп  шамалады,  тағы  да  төменшік  халдегі  қазақтар,

отырғандарды тек көз қиықтарымен ғана көрді.

Нұсқаған  орындарға  қымсына  келіп  орналасқан  қазақтарға,  патша  ойда

жоқ қимыл көрсетіп, тақтағы орнынан тұрды да, сəлемдескендей басын иді.

Одан əрі не істеуге білмеген қазақтар, төңіректерін əлі де көз астарымен

сүзіп,  тым-тырыс  қатты  да  қалды.  Басқа  жоқтығын  байқағандай,  граф

Киселев  патшаның  қазақтарды  наградтау  туралы  указын  жариялады  да,

оларды  иелеріне  үлестіру  –  князь  Чернышевқа  бұйырылды.  Сібірлік

қазақтарға  тигені  –  төменгі  чиндерінен  бірер  саты  көтерілу,  сонда

Шыңғыстың  жеткені  –  полковник.  Мұсаныкі  –  подполковник,  өзгелері

бұрын  үлкен  сияқтанғанмен,  енді  уақ-түйектер,  солардың  ішінде  Мұса

Шормановтың  он  екі  жасар  інісі  –  Əужанға  да  хорунжи  чині  ілекті.

Қазақтар  чинге  емес,  алдына  бес  жүз  сом,  артына  жүз  сомдай  берілген

сыйлық  ақшаға  қуанды.  Қазақтар  атынан  патшаға  алғыс  айту  Шыңғысқа

тапсырылған  еді.  Гасфорттың  ымымен  түрегелген  оның  бойы  дірілдеп,

əрең шыққан үні тұттықты да, берекелі ештеңе дей алмады.

Сондай сыйлықпен аудиенциядан тараған қазақтардың ең үлкен олжасы,

қолдаспаса  да,  сөйлеспесе  де  патшаның  денесін,  кескінін  еркін  көрді.

Көргенше «жер құдайының түр-тұлғасы өзге адамнан ерекше болар» деген

қиялда жүрсе, енді көргеннен кейін жасаған қорытындылары – «ол да басы

жұмыр пенденің бірі!»

Сол  күні  кешке  патшаны  тағы  да  жақын  жердей  көрудің  сəті  түсті:

қысқы  сараймен  жалғасқан  «мемлекеттік  эрмитаж»  аталатын  салтанатты

үлкен  үйде  тек  патшаның  өзіне  семьясына  жəне  нөкерлеріне  арналған,

бірер  жүзден  артық  көрермен  сыймайтын  жабық  кішкене  театры  бар  еді;

тойды  басқарушылар  басты  қонақтарға  осы  театрда  концерт  көрсетпек

болды.  Арнаулы  комиссия  концерт  программасын  жасағанда,  қонақтар

ішіндегі əнші-күйші дегендердің тан,- даулыларын қатынастыруға ұйғарды.

Кімдер  барын  сұрастырған  комиссия  қазақтар  арасынан  Дəулеткерей  мен



Тəттімбетті тапты.

Бұлардың  əрқайсысы  да  өз  өлкелерінде  атаққа  шыққан  күйшілер.

Əрбірінің  халықтық  жəне  өзіндік  толып  жатқан  күйлері  бар.  Петербургта

да,  Москвада  да  кешкі  уақыттарының  көбі  босқа  өтіп,  іштері  пысатын

қазақтар екі күйшіні ермек қып, жеке де, жарыстырып та күйлер ойнататын

сонда


бірінен-бірі

аса


алмай,

үнемі


ит

жығыс


түсе

беретін.


Тартатындарының  бəрі  жан  тербететін,  біріне-бірі  ұқсамайтын  тəтті

күйлер.  Жалпы  алғанда,  Тəттімбеттің  «Бозайғыр»,  «Тарғыл  бұқа»,  «Ала

байрақ»,  «Жау  жетті,  ел  кетті»,  «Көкей  кескен»,  тағы  біраз  күйлері  қазақ,

өмірінің  жаугершілік  замандағы  тұрмысын,  көбінесе  зарын  сипаттайтын

көнерген өмірдің бейнелері, ал Дəулеткерей: «Сырым сазы», «Арғынғазы»,

«Кеңес»,  «Шалқыма»  аталатын  күйлерін  Кіші  жүздің  əр  кездегі  халықтық

көтерілістерін  сипаттайды  екен,  немесе  «Ақбала  қыз»,  «Қос  алқа»,

«Желдірме», «Ысқырма», «Қос ішек», «Бұлбұл» сияқты күйлерін күнделік

тіршіліктің, əр тақырыбына арнайды екен.

Қай  тақырыпқа  арнаса  да,  екеуінің  де  əрбір  күйлері  көңіл  түкпіріне

жетіп,  жанды  желпінтетін  тамашалар.  Қазақтардың,  арманы:  «шіркін,  бұл

күйлерді біз ғана естімей басқалар, əсіресе патша естісе!»

Осы тілектері қабыл болғандай, концерт комиссиясы олардың есімдерін

программаға қосты. Қазақтар оған қатты қуанды.

Эрмитаж  театрының  жалпы  құрылысы  қазақтың  кигіз  үйі  сияқты

дөңгелене,  орындары  төменнен  жоғары  өрлей  сатылана  салынған  еді.

Сахнасы  кең,  оның  екі  жақ  босағасының  оңында  патша  ложасы,  солында

министрлер ложасы.

Қазақтар  тиісті  орындарына  отырған  шақта,  сахнаның  да,  ложалардың

да  шымылдықтары  жабулы  түр,  залдың  төбесінде  сəулесі  күннен  де  өткір

сияқтанған,  төңірегі  асыл  тастар  сияқты  бірдемелермен  əшекейленген

шамдар шоғыры. Бұл, сол бір тұстағы Петербургта, тек қысқы сарайға ғана

орнатылған  электр  движогінің  жарығы  екенің  электрдің  не  нəрсе  екенін

естімеген  қазақтар  білген  жоқ.  «Құдайдың  құдіреті  ме,  бұл  сəуле,

патшаның құдіреті ме?!» деп таңданыса қарады қазақтар люстраға.

Бұрын  концерт  дегенді  көрмек  түгіл,  естімеген  қазақ,тар,  «ойын  осы

жақта болады» дегенге, шымылдықтың ашылуын асыға күтті. Бұған дейін

олардың  театр  атаулыдан  көргені  Петербургтағы  «Маринка»  болатын.

«Патша  қызына  арнап  салдырған  екен»  деген  бұл  үйдің  ішкі  əдемілігіне

қайран қалған қазақтар Вердидің сол күні ойналған «Риголеттасынан» түк

те  түсінген  жоқ.  Түсіну  орнына,  музыканың,  жəне  артистердің  азан-қазан

шуынан  бастары  айналып,  бірер  актысын  көргеннен  кейін  кетіп  қалысты.

Содан  кейін  «театр  ойыны»  атаулының  бəрінен  безіп,  Петербургта  да,

Москвада  да  Дəулеткерей  мен  Тəттімбеттен  басқалары  ешбіріне  бармай

қойды.  Олар  эрмитажға  да  бармас  еді,  егер  ол  ойынға  ез  серіктері

қатынаспаса.



Бəйге атаулыға аты қазақтың бəрі желөкпе келетін əдеті. Бұл қазақтар да

Дəулеткерей мен Тəттімбетті күйшілер бəйгесіне қосқандықтан, сол əдеттің

намысына  тұншығып,  олар  міндеттерін  орындап  шыққанша,  озу  тілегінде

ес-тұстарынан айрылар халде отырды.

Сахнаның  да,  ложалардың  да  шымылдықтары  ашылды.  Залдың  сəулесі

сеніп,  жарық  тек  сахнада  ғана  қалды.  Көрермендер,  олардың  ішінде

қазақтар,  апанына  төнген  аңдай  сахнаға  көздерін  тіге  қалысты.  Сахна

сəулесінен  ложаларда  отырғандардың  да  қылтиған  бастары  көрінді.  «Əне,

государь!» деп сыбырласты қазақтар төңірегінде біреулер. Бірақ, енді оған

жақындау қайда?!..

Концертке  оркестр  де,  хор  да,  жеке  жəне  жұптасқан  əншілер  мен

күйшілер  де  қатынасты.  Қазақтар  бұлардан  да  тук  түсінген  жоқ.  Олардың

асыға күткені өз адамдары.

Сол  оймен  шыдамдары  шытынап  сынуға  таянған  шақта,  конферансье

қазақ күйшілерін де атады-ау!..

«Бəйге»  десе  қаны  қызып,  дегбірінен  айрылатын  қазақтарда,  «қайтер

екен?!»  деген  оймен  ес-түс  қалған  жоқ.  Олардың  ең  зор  қаупі  –  «ішкі

құрылысы кигіз үй тəрізді дөңгелене жасалғанмен, аумағы одан əлдеқайда

кең,  төбесі  əлдеқайда  биік  бұл  үйге  домбыраның  дыңылдаған  даусы  жете

ала ма, жоқ па?!»

Қазақтардың  сиынбаған  аруақ,  құдайы  қалған  жоқ.  Ойналған  күйлерге

олар тынысын тындыра құлақ тікті.

Күйлер ойнала жөнелді... Аруақ көтерді ме, əлде дыбыстары сондай ма,

залдың  іші  домбыраның  шанағына  айналғандай,  күй  үні  күмбірлей

жөнеліп,  жоғарғы  ложада  отырған  қазақтардың  құлағына,  қасында

ойналғандай анық естілді...

Бірінші  болып  шыққан  Дəулеткерей,  əуелі  «Желдірме»,  одан  кейін

«Ысқырма»  аталатын  екі  күй  ойнап  берді.  «Желдірме»  жүрісті  аттың

адуынды  қимылын,  «Ысқырма»  дауылды  желдің  екпінін  аңғартады  екен.

Екі  күй  орындалғаннан  кейін,  залдағылардың  шапалақтары  ду  ете  қалды.

Қазақтар да қолдарын шатырлата соғып жіберді... Көзі қырағы біреулердің

байқауынша, патша отырған үйшікте де қолдар қағылып жатыр.

Тəттімбет  «Сылқылдақ»  пен  «Көкейкесті»  күйлерін  орындады.  Ол  да

бар өнерін аяған жоқ. Оған да шапалақ кем соғылмады...

Қазақтардың  ұғуынша  «шапалақ  соғылу»  деген,  «ұнатты»  дегеннің

белгісі,  күйлерге  көрермендердің  көңілі  көншігенін  шапалақ  дыбыстары

аңғартып тұр. Енді бұның арты не болар екен?!..

Арты  қайырлы  болып  шықты.  Концерт  тарай  үйіріне  қосылған



күйшілердің айтуынша, оларды патша өзі отырған бөлмеге шақырып алған

да, екеуінің де қолдарын қыса құттықтап, əлде не төресі кеуделеріне алтын

медаль қадаған!..

Қазақтар  бұған  қуанды  да,  қызғанды  да.  Қуанғаны  –  бəйгеге  қосқан

жүйріктерінің жүлдеге ілігуі, қызғанғаны – абырой.

Өйтпегенде ше?

Пəлен  ханның,  тұқымы,  пəлен  чинді,  пəлен  сұлтан  болып  жүрген

олардың біреуінің де патшаның қолына қолдары тиген жоқ, біреуі де жақын

жерден  жүздесе  алған  жоқ;  біреуі  де  патшаның  көзіне  көрсете  сыйлық

алған жоқ...

Сондай  құрмет  пен  бақытқа,  қазақ,  атаулыдан,тек  күйшілер  ғана

кенелді!..

Бұған «шонжар» аталатын қазақтар қалайша күйінбес?!..


БƏЙГІГЕ ҚОСҚАН БІР ТАЙ

Зор  абыройға  жеткен  күйшілер  үшін  Петербургқа  бірге  барған  серік

сұлтандардың  сүйінген,  я  күйінген  көңілдерінің  ешбір  мəні  болған  жоқ.

Себебі  олар  абырой  биігіне  серіктерінің  сермеуімен  емес,  өздерінің

шарықтаған өнерлерінің қияға қаққан қуатты екпінімен көтерілді.

Екі күйшіден: Дəулеткерей – төре, Тəттімбет – қара халықтан шыққанын

білеміз;  сондықтан  олар,  алған  абыройларына  да  өздері  туып-өскен

органың көздерімен қарады.

Қазақ  даласындағы  хан  тұқымдарының  ішінде  əн  мен  күйді  ерекше

күйттегендер  Бөкей  ордасының  төңірегінен  көбірек  табылатын  еді.

Шонжарлар бұндай өнермен шұғылданбайды дегенмен, басы Бəкей ханның

өзі  боп,  оның  ұрпағынан  сан  сəйгүлік  əнші-күйшілер  шыққан.  Соны  олар

атақ-абырой көрген.

Дəулеткерей  де  сондайлардың  бірі  болатын.  Ол  ханзадамын  демей,

қарапайым

жұрттан


шыққан

күйшілермен,

əсіресе

Сағырбайдың

Құрманғазысымен жұрт көзінше жарысқа да түсетін. Оза қалса мақтанбай,

озбай  қалса  өкінбей  қайсысына  болса  да  өнер  салыстырудың  ісі  деп  қана

қарайтын.  Сондықтан,  Петербургта,  патшаның  алдында  Тəттімбетпен  күй

жарысына  түскен  ол,  «бір  күйден  мен  оздым,  біреуінен  ол  озды»  ден,

жарысушының өнеріне теңдескен баға берді.

Тəттімбет те сөйтті. Бірақ оның Дəулеткерейге де, басқаға да сездірмеген

бір сыры болды.

Анау  кезде,  яғни  екінші  Александрдың  таққа  отырған  тойына,

Петербургқа  барары  анықталған  шақта,  жолға  шығар  алдында,  сол

маңайдағы  ауыл  адамдарының  салтымен,  Тəттімбет  Қаз  дауысты

Қазыбектің  шөбересі  Алшымбайдан  бата  ала  барған  еді.  Жасынан  билік

құрған  ол,  Тəттімбет  барған  кезде,  «жасым  жетті,  тұғырдан  түстім»  деп

жұрттың  жиынына  барудан  қалған  да,  үйінде  батагөй  қарт  қана  болып

отырған.  «Би  ордасы»  саналатын  бұл  үйге,  сөзге  түсетін  шешен,  жауға

шабатын  батыр  сияқтылар  əдейі  соғып,  «жол  болсын»  айтуын  тілейтін.

Тəттімбет те сол ниетпен барды.

Алшымбай  «тура  биде  туған  жоқ,  туғанды  биде  иман  жоқ»  дейтін

халықтық  қағиданы  берік  тұтатын  кісі  еді.  Естуінше,  арғы  атасы

Қазыбектен  басталатын  оның  баласы  Бекболатқа,  немересі  Тіленшіге

ауысып, кейінгі жағы Алшымбайға тірелген биліктің бұл ордасынан, жұрт

үнемі  туралықты,  əділеттікті  ғана  күтіп  дағдыланған.  Сондықтан  да

қасиетті ордаға санап, тілеулі алыс сапарға шығатындар, биден бата алып,

қолынан дəм татып аттануды өзіне бақыт санайтын.

Жол  жайын  айтып  бата  тілеген  Тəттімбетке,  қол  жаярдың  алдында,



Алшымбай көңілінде түйткіл боп жүретін бір нəрсені айтып қалғысы келді.

Ақ патшаның қарамағына көшкен ел, оған «əділ еді» деп аға сұлтан болуды

ұсынғанда, «орыс заңын білмеймін» деп көнбеген. Əйткенмен орыс заңына

түсініп  жетпеген  ел  дау-дамайы  бола  қалса,  дуан  басыларға  емес,

Алшынбайға жүгінетін.

Оның  жаны  жек  көретін  нəрсесі  пара  болатын.  Өзі  бұл  жайда  «тал

шайнап, қыл жұтқан» адам емес. Аталары да солай болған.

Бұл  жағынан  келгенде,  патша  əкімдері  «түйені  түгімен,  биені  жүгімен

жұтса  да  тоймайтындар».  Аларына  келгенде,  олардың  табар  сылтаулары

көп.  Құлқын  құмарлықтары  биыл  тіпті  үдеп  кетіп,  бірде  «жанаралдың

сауығу тойы» деп, одан кейін «жаңа патшаның таққа отырған тойы» деп, ел

ішінен  жинамағандары  жоқ.  Əсіресе  «сойыстық»  деп  қой  мен  жылқыны,

жылқыдан  тайды  көп  жинайды.  Патшаның  тойына  деп,  бір  Қарқаралы

дуанынан  жүзден  астам  семіз  тай  жиналған.  Соларды  жұрт  патшаға

айдатады  деп  ойласа,  ел  ішінің  сұлтандары  өзара  бөліп  алады.  Бұл

жемқорлыққа  шыдамаған  ел,  Омбының  əкімдеріне  шағым  айтса,  ешбірі

іске аспайды.

Енді кімге айту керек?

Əрине, патшаға!

Оған қол жету қиын.

Сондай  ойда  жүрген  елдің  де,  елге  жаны  ашитын  Алшымбайдың  да

тілегі қабыл болғандай, Петербургтың тойына Тəттімбет те баратын болды.

Ол  елдің  қалаулы  жəне  сенімді  адамының  бірі  еді.  Ана  бір  жылы

Омбыда  қазақ  сұлтандарының  маслихаты  жүргенде,  «ел  қамы»  дегеннен

аузын  ашқан  Тəттімбет  қана  болғанын  «ұзын  құлақ»  таратып  əкеткен  де,

содан бері ел басына «айтса осының ғана батылы жетеді» деген ұғым туған.

Алшымбай  да  сондай  ұғымда  болатын.  Сондықтан,  Петербург  сапарына

шығар  алдында  бата  тілеп  келген  Тəттімбетке  бірінші  тапсырғаны:

жергілікті əкімдердің халыққа көрсететін озбырлығын патшаға аузы жетсе

сөздей, жетпесе хатпен естірту болды.

Тəттімбет бұл тілекті орындауға уəде етті.

Оның  ойы,  бұл  жұмысты  Петербургқа  кіре  сала  қолға  алу  еді,  бірақ,

қалай талаптанса да, ауызша тіл қатудың айы табылмай қойды.

«Əне,  міне»  деп  есек  дəмелі  болып  жүрген  кезінде  той  тарқауға  да

айналды. Бір үміті – концерт күні жүздесер болса айтып қалу еді, ол тілегі

орындалғанмен, бетпе-бет келгенде батылы жетпеді. Одан кейін жолай алар

жəйі жоғына көзі жеткен Тəттімбетке, енді хат беруден басқа жол қалмады.


Соны  жазатын  кім?  Біреуге  жаздыруға  болмайды.  Онда,  «отыз  тістен

шыққан сөз, отыз ру елге тарап», жасырып жүрген сыры ашылып қалады.

Оның арты жақсылыққа соқса игі, егер жамандыққа?..

Аржағын айту түгіл, ойлауға да батылы жетпеді Тəттімбеттің. «Батырға

да жан керек» дегендей, оған да жан керек.

Ендеше, тек өзіне ғана сену керек...

Ал, сонда қалай жазу керек?

Қолының  орысша  бас  білмеуіне  Тəттімбет  бірінші  рет  осы  арада  ғана

қатты қапаланды.

Оның  білетін  хаты  мұсылманша  ғана.  Онысы  да  қазақша  мен

татаршаның арасындағы бірдеме...

Тəттімбет  осы  арада  қатты  бір  өкінішке  түскендей  болды.  Омбыдан

аттанарда  Шоқанды  ел  қамқоры  көретін  ол,  Алшымбай  «жан  адамға

сездірме»  дегенмен,  бір  оңашада  Шоқанға  сездіріп  қойған.  Петербургқа

аттанғалы жиналған «игі жақсыларда», ішіне əкесін қоса, ел қамын жейтін

жан  жоқ  деген  ойдағы  Шоқан,  Тəттімбеттің  мына  сыбырына  қуанып  кетті

де, патша атына беретін арызды өз қолынан жазуға ықылас білдірді.

Тəттімбеттің  естуінше,  бұрын  жазылған  осындай  бір  арызды  өкімет

орындары  қуыстырып,  кімнің  қолынан  шыққанын  тапқан  да,  жазушыны

жазалаған.  Шоқанды  ондай  жазаға  қимаған  Тəттімбет,  несі  болса  да  өзі

көргісі  келіп,  «былдырақтасам  да  бірдеме  табармын»  деп,  Шоқан

ұсынысын қабылдамады.

Енді  қалам  ап  қағазға  төнсе,  басындағы  əдемі  ойлары,  қасқырдан

үріккен жылқыдай бытырай қашып, қайыруына көнер емес.

«Сонда  ғой,  –  деп  екінді  Тəттімбет,  –  Шоқанға  жаздырып  ап,  мұнда

көшірте қойсам ғой, бұл кедергіге кездеспес едім!»

«Көшірушінің  кім  екенің  тыққан  қоймамызды  оның  бермеуін  кім

біліпті?!..» деген қауіп те кірді, оның ойына.

Содан кейін, табаны тағы да «несі болса да өзім көрейінге» тіреліп, оған

«еркек тоқты құрмалдық» – «ел үшін не көрсем де бейілмін» деген қайрат

қосылып, ол қалам ұстап қағазға отырды.

«Əркім білгенінше базарлайды» дегендей, Тəттімбет шалағай сауатының

шамасы  жеткенше,  «Ғиззатлу  уа  хұрмат-  лу  ұлұғ  Пади-Шайымыз  –

Александр  Меклай  ұғлы  Рауманып  хазратларина  ғаризнама»  деп  бастап,

хатын  бір  ғана  мəселенің  төңірегіне  құрды.  Ол–елдегі  əкімдердің

жемқорлығы  жəне  нені  сылтау  етуі  туралы.  Осы  мəселенің  өзін  өтпейтін

балтамен  мыжғылаған  ағаштай  дөкір  ғып,  əрең  бітірді  де,  патшаның


қолына  тиер-тимесіне,  тие  қалғанда,  үсінер-түсінбесіне  көзі  жетпеген  ол

беруге бекінді. Ендігі толқығаны, – хатқа қол қою керек пе, əлде «домалақ

қағаз» түрінде беру ме?

Естуінше,  «домалақтың»,  яғни  қол  қойылмаған  қағаздың  көбі  аяқсыз

қалады.  Қол  қойылса,  тексерілмей  қалмайды;  оның  екі  жағы  бар:  іс

расталса  құба-құп,  расталмаса  сілтеген  шоқпары  өзіне  тиіп,  біреулерге

қазған  орына  өзі  түседі,  ондайларды  біледі  Тəттімбет,  оның  қол  көтеріп

отырғандары  өңкей  дөкейлер.  Сонда  сөзі  расқа  шықса  мақұл,  ал  шықпаса

ше?

Осы  жағдайды  ойлағанда  Тəттімбет  сасқанынан  терлеп  кетті.  Бірақ,  ол



есін  тез  жинап,  «еркек  тоқты  құрмалдық»  деген  тиянаққа  тоқтады  да,

несіне  болса  да  шыдауға  бекініп,  хаттың  аяғына  «Тəттімұхаммед

Қазанғапұғлы» деп іздей қалса табылатын аты-жөнін жазды.

Қазақтың ол кездегі сауатсыз билеріне патша өкіметі аты-жөні жазылған

жүзік жасатып беретін. Сондайдың біреуі Алшымбайда да болатын.

Тапсырмасына  қоса  бата  беріп  аттандырған  Алшымбай  «керек  болса,

менің, жүздік мəрімді баса саларсың» деп қолына ұстатқан еді. Қалтасына

берік  сақталған  жүзік-мөрді  Тəттімбет  хатқа  баспады,  сондағы  ойы  –  «не

ауыртпалығы болса да өзім көтерейін, қарт адамға салмақ түсірмейін!»

Петербургтан Омбыға оралған Тəттімбет, осы жайды Шоқанға айтқанда,

ол  қала  ғұрпымен  Тəттімбетті  бауырына  баса  құшақтап,  түкті  бетіне

тұмсығын тақай сүйді де:

–  Ризамын,  Тəтті  аға!  –  деді  оң  қолын  сілке  қысып,  –  Патшаға  жетпесе

амал  жоқ,  жетсе  тілегіңіз  орындалады.  Бұл  əкесіндей  жауыз  емес,  жақсы

патша!

– Əкесімен қырын жүруі сен сияқты екен ғой, – деді Тəттімбет.



–  Халықшыл  патша,  одан  күтер  жақсылығым  көп,  соның  жолын  қууға

тырысам!


– Əмин!

– Арты не болар екен, бұның?! – деп елеңдеген Тəттімбетке:

–  Тəуекел,  көрерміз,  –  деді  Шоқан,  –  ауыртпалыққа  соғар  күн  туатын

болса, сіздің беліңізді талдырмаспын, салмақты жағын өзім көтерермін.

Еліне  қайтқан  Тəттімбет,  Алшымбайға  сəлемдесе  барып,  өтінішін

орындап қайтуын жасырын дəттегенде, сəуегей қарт.

– Ұл болып туғаныңнан айналайын! – деп жылап жіберді де, бауырына

басып,  –  «бəйгеге  қосқаным  солқылдақ  тай  ма  деп  жүрсем,  белі  бекіген



бесті болып шықты ғой. Өркенің өсе берсін, құлыным! – деп бата берді.

Ендігі мəселе – хаттан шығатын нəтиже. Ол жайда екеуінің көңілінде де

«не болар екен?» деген ереуіл!..

«Асарымды

асадым,

жасарымды

жасадым»

деген


ұғымдағы

Алшымбайдың ендігі бар тілегі – Тəттімбеттің ісінің оңғарылуы. Бұны ол,

өзінің  ғана  емес,  киіз  туырлықты  қазақтың  ішіндегі  момын  көпшіліктің

тілегіне санайды.



«ҰЗЫНҚҰЛАҚ»

«Қазақтың күйлерін патшаның өзі мақтапты» деген қауесет, кең даланың

барлық  өлкесіне  найзағайдың  жарқылынан  да  тез  тарағандай  болды.

Таратқан қуат ең алдымен –«ұзынқұлақ».

Көптің  көңілін  елеңдеткен  «ұзынқұлақ»  Шоқанға  да  тым  тез  жетті.

Осындай терминді алғаш кім шығарғанын қанша зерттесе де, ол əзірге таба

алған емес. Оның ойынша, кім шығарса да, «бұл тарихтық, философиялық,

тұрмыстық мəні терең термин». Тарихтық мəні: қазақтың өткен өміріндегі

елеулі  оқиғалардың  бəрін  кейінгі  ұрпақтарға  бұлжытпай  жеткізіп  келе

жатқан хабаршы осы «ұзын құлақ»; философиялық мəні: жеке адамдардың

қысқа  құлақтарынан  құралатын  бұл  хабар,  құлаққа  құлақ  жалғаса  келе,

өлшеусіз  созылып,  мөлшерін  шамалап  болмайтын,  кең  даланы  түгел  орап

жатқан  керемет  бір  ұзынға  айналып  кеткен;  тұрмыстық  мəні:  мектебі,

телеграфы, баспасөзі, өнердің өзге құралдары жоқ қазақ даласы, егер, осы

«ұзынқұлақ» болмаса өз тіршілігінде жəне дүние тіршілігінде нелер болып

жатқанын  қайдан  білер  еді?!..  Бұрын  болған,  бүгіндер  болып  жатқан

тіршілік  оқиғаларының  кейін  өсіре,  кейін  өшіре  хабарлағанмен,  солардың

көмескі  болса  да  ізін  сақтайтын  осы  «ұзынқұлақ».  Шоқанның  ұғымында

«ұзынқұлақ» деген – халықтық құлақ. Бұндай құлақ барлық халықта да бар

сияқты.  Бірақ,  халық  болғаннан  бері  сауатсыздықтың  тақсіретін  қатты

тартып,  өз  құлағынан  басқа  хабаршысы  болмаудан  ба,  əлде,  салынып

алудан ба, қазақтың «ұзынқұлағы», Шоқанға өз елдерінің құлақтарынан да

ұзынырақ сияқты... 

«Патша  қазақ,  күйлерін  мақтапты»  деген  «ұзынқұлақ»,  кең  даланың

аспанын  түгел  құрсап  алған  бұлттан  ойнаған  найзағайдан  барлық  жерде

жарқ-жұрқ,  жалт-жұлт  етіп  жатқан  шақта,  Омбыға  Петербургта  шығатын

«Северная пчела



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет