АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет2/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)


ШАРАСЫЗ ШЫҢҒЫС

Шыңғыстың  еркіне  салса,  шешесінен  қалмағанда  болар  еді.  «Қала»

дегеннің  не  екенін  ол  Омбыда  көрді.  Бұнда  Сырымбет  төңірегіндей

еркіндік жоқ: үйлері тығыз, көшелері тар, əрі шаң, адамдары тыраштанған

тəкаппар  сияқты,  меймандостығы  жоқ  сияқты;  «мал»  дегеннен  көргені

жегін  аттармен,  қаладан  ерте  кетіп,  кеш  оралатын,  —  аздаған  сауын

сиырлар;  сирегірек  шошқа  ұшырайды,  бұрын  оны  көрмеген,  «арам»  деп

естіген  бала  Шыңғыс  оларға  жирене  қарайды;  олардан  басқа  жануары:

тауық, қаз, үйрек сияқты, азын-аулақ құстар!..

Сырымбеттің кең өлкесінен тар қалаға келіп тұрғысы келмеген Шыңғыс

«қалмаймын»  деп  қиқаңдаған  болатын.  Айғаным  əуелі  «қаласың!»  деп

жекіріп,  оған  көнбегесін  аттанар  алдында  пəуеске  қасына  жылап  келген

Шыңғысты  шапалақпен  жаққа  тартып  қап,  итеріп  жіберді  де,  өзі  жүріп

кетті.


Шыңғыс офицерлік школаның азиялық бөліміндегі эскадронға жазылды.

Бұрын  орыстың  тілінен  де,  оқуынан  да  хабарсыз  ол  бірер  жылдар

жаттығып,  алдағы  оқушылардың  қатарына  кірді.  Осы  беті  оқи  берсе

офицер  болатын,  одан  əрі  маңдайына  жазғанын  көретін  Шыңғыс,  школаға

түспей  тұрып-ақ  болашағына  бөгет  боларлық  бір  оқиғаға  іліккен  еді.

Өйтуіне айыпты адам – шешесі.

Ана  жылы  Николайды  қарсы  алу  жабдығымен  Омбыға  келіп,  өзге  аға

сұлтандармен  қатар,  Ертіс  жағасына  үй  тіккенде,  Айғаным  басқа

сұлтандардан  гөрі  Баян  аула  дуанынан  келген  аға  сұлтан  –  Күшіктің

Шорманымен  жақынырақ  жүріп,  екеуі  құда  түседі  күйеу  –  Айғанымның

ұлы Шыңғыс, қыз – Шормандікі, аты – Зейнеп.

Құдалық  жəйін  баяндардан  бұрын  оқырмандарға  Шорманды  қысқаша

таныстыра  кетейік:  Баян  аула  төңірегін  мекендейтін  Қаржас  руынан

шыққан оның əкесі - Күшік шаруа баққан, дəулеті орта, момын адам екен.

Шорман содан пысық болып туады да, маңайдағы рулардың бəріне атақты

би  болған  Шоңның  қасына  бала  жасынан  ереді.  Бір  сəтте,  ел  ішіндегі  ірі

даудың біріне, он үш жастағы Шорман тоқтаулы билік айтып, содан «Бала -

Шорман», «Би - Шорман» аталып кетеді.

Кенесары  көтерілісі  басталғанда,  Шорман  жігіт  жасында  екен.  Қаржас

руынан  Кенесарыға  Тайжан,  Сейтен  дейтін  ағайынды  байлар  қосылады.

Ата  жағынан  олар  Шорманға  жақын  болады.  Бірақ  Шорман  Россияны

жақтайды  да,  Тайжан  мен  Сейтен  қолының  үстінен  патша  əскерін  қапыда

түсіріп, арпалыста көп адам өледі, солардың ішінде Тайжан мен Сейтен де

болады.  Олардың  қолдағы  бар  мүліктерін  патша  əскері  талап  бала-шаға,

қатын-қалашын  алып  кетеді.  Олардың  тағдыры  не  болғаны,  күні  бүгінге

дейін мəлімсіз.



– Тайжан мен Сейтенде, – деседі жұрт, – үш мың жылқы бар екен, иелері

атылғанда,  ол  жылқылар,  Тюмень  жағындағы  «Қызақ»  дейтін  жерде

жайылымда  екен.  Иелері  атылған,  иемденер  ұрпағы  құрыған  қалың

жылқыны  «Қаржастың  малы»  деп,  Шорман  айдатып  алады  да,  өзі

меншіктеніп кетеді. Оған дейін дөңгелек қана дəулеті бар Шорман, үш мың

жылқы  қолына  бірден  іліккен  соң,  Сүйіндік,  Қаржас  руларының  ірі

байларының  бірі  болады.  Кенесары  қолын  Баян  ауладан  алысқа  қуып

тастауда  еңбегі  ерекше  болған  Шорманға,  патша  үкіметі  «Ясаул»  атты

əскерлік чинь береді.

–  Байлығының,  билігінің,  əпесерлігінің  үстіне,  –  деседі,  ІІІорманды

білеміз дейтіндер, - ол ақылды да, қу да, қысық та, өтімді де адам болған.

«Дəулеті» де, «кісілігі» де сондай болған Шорман, сымбатты биік денелі,

кескінді сұлу жігіт еді. Оның үстіне, тебіндегелі ұстара тигізбеген қап-қара

түсті  шоқша  сақалынан  қияғы  ұзын  қалын,  мұрты,  былай  да  сұлу

Шорманды  тіпті  əдемілеп  жіберген.  Сол  жылы  жасы  жиырма  жетіге

шыққан Шорманның қызыл шырайлы бетінде, ешбір əжімнің белгісі жоқ.

Жасы ол жылы отыз беске шыққанмен, Айғанымның сымбат-ажары да,

гүлі кемелденген түрде екенін жоғарыда айттық. Сондықтан, олардың бір-

біріне  үйірлігін  өсекшілер  жамандыққа»  жорып,  «бай  тапты»,  «қатын

тапты» сияқты қаңқуға айналдырып жіберді.

Осы  қаңқу  молыға  бастаған  шақта,  «Шорман  мен  Айғаным  құда

болыпты» деген қауесет естіле қалды. «Бұл қалай?! – деп қайран қалысты

жұрт:  –  Бұрынғы  қаңқу  раc  болғанда,  бүйтпесе  керек  еді  ғой  бұлар?

Қаңқудың рас болмағаны ма, сонда?!»

Жалған  қаңқуды  осымен  доғарып,  Айғаным  мен  Шорманның  неліктен

құда  болу  себебіне  кешейік.  «Алтын  көрсе  періште  жолдан  таяды»

дегендей, сымбаты мен сұлулығы көргендерді таң қалдыратын Айғанымға,

алғашқы  кезіккеннен-ақ  Шорман  да  қызыға  қарап  қалды.  Ондай  жастың

талайын көрген Айғаным, Шорманның ішіне сезім үйірілгенін түсінді.

Түсіне  тұра  ол  жолы  да,  келер  кездесулерде  де,  Айғаным  сезімге

сезіммен  жауап  бермеуге  тырысты.  Жастайынан  кісіге  жəне  «анау-мынау»

емес  ханға  əйел  болған  ол,  өзінің  қоғам  ішіндегі  орнын,  Уəліге  некесі

қиылғаннан  -  ақ  əлі  де  «ханның  əйелі»,  «əулиенің  қызы»  деген  атақ-

абыройына  кір  келтірмеуге  бекінді.  Сонда  ол,  «күнəсіз  періште»  емес,

«басы  пенденің  бірі»  екенін  білмеген  жоқ.  Бірақ,  осы  пендешілігін»

ешкімге  сездірмеу  жолына  түсті.  Ол  жолы  –  «атағы  бар»  дейтін  мырзаны

да,  шораны  да  маңына  жолатпау  жолатса  болды,  «мен  сүйттім»  дегенді

мақтаныш көріп, мұқым жұртқа жаяды да жібереді.

Ажар  –  көркіне  талай  көздер  қадала  қараған,  бəріне  де  битарап

қалпынан өзгермей дағдыланған Айғанымның көзі Шорманға да өзгермеді.

«Қарағанымды  құтқармаймын»  деп  ойлайтын  жəне  бұған  дейін  солай  да


болып  келе  жатқан  Шорман,  Айғанымның  мына  қылығына  қайран  қалды.

«Ит  қорыған  жерге  еш»  дегендей,  «қайтсем  де  құтқармаймын!»  деген

намысқа  кірді  ол.  Оның  Айғанымға  өзге  сұлтандардан  гөрі  жампаңдай

беруі содан еді.

Ал, Айғаным ше?

Шорманға басында «бай» деп, «қарадан шыққан хан» деп, «ақылды» деп

жұғысқан  ол,  оның  өзіне  құмарлануын  көзқарасынан  да,  басқа

қылықтарынан  да  байқай  жүре,  сымбатты,  сұлу  жас  жігітке  іштей  қызыға

жүре,  машықтанған  жолынан  таймауға  тырысты  да,  осы  бетінде  бір  сəтте

қылжақтағысы келген Шорманға, көңілі елеңдейтін бір сөз айтып қалды:

– Қалай? - деді Шорман.

– Қыз алысып, қыз берісеміз.

– Мақұл, - деді Шорман, - сонда қызды кімнен кім алады?

–  Менде  қыз  жоқ,  -  деді  Айғаным,  -  құдай  ондай  жынысты  маған

бермеді. Ал, сенде ше?

– Менде бар, бірақ, кішкентай.

– Оның не оқасы бар? Қазақ балаларын бесікте де атастыра береді.

Манадан  бері  бұл  сөзді  ойын  сияқты  көріп  отырған  Шорман,  енді

шындық мəн бергендей:

– Ойланайын, ханша. Қабырғама жəне ағайын-туғанмен ақылдасайын, –

деді.

– Мақұл, – деді Айғаным.



Айғанымның  бұндай  ұсыныс  жасауына  төмендегідей  себеп  болды:  хан

ордасына  келін  болып  түскелі,  оның  байқағаны,  -  арғы-бергі  хандардан

тараған,  «төре»  аталатын  адамдар,  тек  бір  емшекті  сормаса  болғаны,

бірімен-бірі  құда  болып,  қыз  алыса  береді.  Сөйтіп,  бір  ауылда  отыратын

аталас төрелес, біріне-бірі құда боп, күйеу мен қалыңдық боп, нағашы мен

жиен  болып,  бытысып  жатады.  Бұған  бірі  қазақ  арасында  туып-өскен

Айғанымның  ұғымында  -  ерсілік.  «Қара»  аталатын  қазақтар,  жеті  атадан

бергі жерде қыз алыспайды.

Төрелердің  тағы  бір  əдеті  –  өздері  қара  қазақтан  қыз  алады  да,  қызын

оларға өте сирек береді. Айғанымның байқауынша қара қазақтың қызынан

туған  балалар,  əдетте:  денелі,  көрікті  келеді,  төре  қызынан  туған  балалар

ондайлар  сирек  кездеседі,  олардың  көпшілігі:  аласа,  талдырмаш  бойлы,

кескіндері  ажарсыз,  жүдеу  бас,  түрлі  сырқатқа  ұрынғыш,  жалқау,  тентек

келеді. Оған қиса, бір ақынның жырында:



Қатын алма төреден,

Қатын алсаң төреден:

Еркегі болар жау жанды,

Ұрғашысы - ер жанды.

Төреден туған еркектер:

Екі үйді бір жерге қондырмас,

Атта жал, түйеде қом тұрмас,

Жауыққан жаққа бет бұрса,

Өліп тынбай болдырмас, -

деген сөз бар. Қазақта «төреге ерген ерін арқалайды» деген мақал да бар.

Ар жағын қоя тұрғанда, Айғанымның өз тұсындағы Абылай ұрпақтары бір-

бірімен жаудай қырқысты.

Əр  қатыннан  туған  балалар  бір-бірімен  өшпестей  өшпенділікте.

Бұлайша  қастасу,  төре  атаулының  бəрінде  бар.  Мысалы  –  Қарқаралы

дуанындағы  Барақ  ханы  ұлы  Бөкейдің:  Тəуке,  Есім,  Сұлтанғазы  дейтін

балалары,  Айғаныммен  тұстас:  Құсбек,  Жамантай  деген  немерелері

атысып-шабысудан көз ашқан емес.

Төрелердің  осындай  жайын  білетін  Айғаным,  шамасы  келсе  өзінің

балаларын  төренің  емес,  қараның  қызына  үйлендірмек  еді.  Шорманға

«құда болайық» деп Ұсыныс Жасауы сондықтан.

«Қабырғама,  туыстарыммен  ақылдасам»  дегенмен,  Айғанымның

аузынан құдалық сөз шыққанда - ақ, Шорман іштей бірден - ақ көне кеткен

еді,  ондағы  себебі:  «Қара  қазақтан  шыққан  бірінші  ханмын»  деген

ұғымдағы  ол,  ұрпағына  ханның  қанын  араластыру  үшін,  сөйтіп,  «қара

сүйектіктен»  «ақ  сүйектікке»  ауысу  үшін,  хан  тұқымдарымен  құда  болуды

арман  ететін.  Бірақ,  оның  ойы,  –  ұлдарына  хан  тұқымынан  қыз  əперу  еді.

Айғаным ол ойын бұзып, қыз сұрап қалды.

–  Оқасы  болмас,  –  деген  ойға  келді  Шорман,  –  бүгін  қыз  берсем,  ертең

қыз алармын, сөйтіп қат-қабат болып кете барармыз.

«Айғаным  мен  Шорман  құда  болуға  келіскеннен  кейіп,  алғашқы  тойды

Омбы қаласында жасап, сол маңайдағы қала, даланың білгілікті адамдарын

да,  Омбыға  келіп  жат  қан  ұлылы-кішілі  сұлтандарды  да,  Омбының

əкімдерін  түгел  шақырыпты»  дейді.  Тойға  арнап  тігілген  үй  мен  берілген

қонақасыда  қисап  болмаса  керек.  «Шыңғыстың  көрімдігінің  өзіне  айғыр-

үйір жылқы беріпті-мыс».


Бұл  құрметіне  риза  болған  Айғаным,  Шорманды  келесі  күзге  мекені  -

Сырымбетке қонаққа шақырып кетеді.

Айғаным  айта  қалғандай  бай  болмаған  кісі.  Сондықтан,  мекеніне  бара

Атығай  мен  Қаруыл  руларының  атақты  байлары  мен  билерін  шақырып

алады, құдалық жайын баяндай келіп:

–  Шорман  Қаржас  пен  Сүйіндіктің  сорпаға  шығарым  ертіп,  жер

қайысқан қолмен келеді, құда – менікі, орда – сенікі, қалай қарсы аласың? –

депті.


– Қалай ойласаң солай қарсы алайық, – депті Атығай мен Қарауыл.

–  Онда,  –  депті  Айғаным,  –  сойыстық  мал  сендердікі  болсын,  жасау-

жиһазды  мың  кісі  болса  да  жеткізем,  жатар  орынға  мың,  кісі  болса  да

сыйғызам.

Шорман Сырымбетке қазақ салтымен емес, қала салтымен: пəуескелерге

-  үш  аттан,  тарантастарға  –  пар  аттан  түстерін  біркелкі  ғып  жектіріп,

саймандарын бай - көпестерше сəндеп, аттарының сирағына ақ жібек орап

келіпті.  Бұндай  арбалардың  саны  елу  шақты  екен,  -  дейді,  оларға  жүз

шақты салт ерген.

– Соншама адам, – деседі білетіндер, – Айғанымның ағаштан қидырған

ордасы мен отауларына кең сыйған.

Абылай  тұқымынан  қыз  ұзатылса,  жиһаздары  жаңадан  жасалады  екен.

Ал,  келін  түссе,  жақсы  мүліктері  ордаға  тартылады  екен.  Құрала  -  құрала

ондай мүліктер көбейіп кетіп, «орда» деген, тек қана кигіз үй болған шақта,

жайлауға  көшерде  тең-тең  ғып,  Сырымбет  тауының  «қойма»  аталатын

үңгірлеріне  тастап,  басына  күзет  қойып  кетеді  екен.  Орда  ағаштан

жасалғаннан  кейін,  мүліктер  алғашқы  жылда  берік  сарайларда  сақталып,

келер  жылда  Айғаным  -  «жайлаудан  қыстауым  тиыш»  деп  ағаш  ордадан

кешпей қоятын дағды шығарған екен. Мүліктер жыл сайын көктемде – бір,

күз  -  бір  жайылып  кептіріледі  екен  сонда  нелер  ғажап  бұйымдарға,

көргендердің көзі сүрінеді екен.

Шорманды  қарсы  алғанда,  Айғаным  осы  мүліктердің  бəрін  де

шығартып,  ағаш  үйлерге  жайдырып  тастады.  Соларды  көрген  Шорман

жəне ол ертіп келген серіктері:

–  Қара  қазақ  мал  жидым  деп  мақтанады,  солардан  ең  «мың  қырғаны»

мына мүліктердің жартысына тұрмайды, – десіпті.

Оған  дейін  қазақ  «атты  арбаға  жегу»  дегенді  білмей,  жақын  түгіл  алыс

жолға  да  салт  жүреді  екен.  «Пəуеске»  дейтін,  былғарымен  жапқан,  іші

былқылдақ жүріске жұмсақ арба бар, оны төрелер ғана мінеді дегенді, бұл

елде  қалаға  қатынасы  бар  бірен-саран  ғана  адам  білмесе,  былайғы  жұрт



көрмек түгіл, естімеген.

–  Шорман,  –  деседі  көтере  сөйлегендер,  –  Айғанымға  құдалыққа  жүз

əсем  салт  аттымен  парлап  тарантасқа  жеккен  отыз  тарантаспен,

əрқайсысына  үш  аттан  жеккен  бес  пəуескемен  келген.  Пəуескеге

шоқтығына созған қол жетпейтін бір түсті биік, сұлу, жараған арғымақтар

жегіліп,  жіліншіктерін  ақ  жібекпен  орап  тастаған.  Атқа  жеккен

саймандардың бағасына пұл жетпейді.

Сырымбетте  бірнеше  күн  күтілген  қонақтар  қайтуға  ыңғайланғанда,

Айғаным Шорманға қалың мал жайын ескерткен екен:

–  Бұндай  құдалықтарда  жүздеген  жылқы,  мыңдаған  қой,  ондаған  түйе

аталады,  бергін,  келсе  аларым  сол,  –  деп  қалжыңдайды  да,  намысына

шапқан Атығай, Қарауыл:

– Сұрағаныңды береміз, – деген соң:

–  Айтқаным  –  қалжыңым,  –  дейді  Шорман,  –  шынына  көшсем,  жанға

жан  қосып  отырғанда,  құдағиымның  жанын  ауыртарлық  ештеңесін

алмаймын.

–  Сонда  да,  –  деседі  Айғаным  жағы,  –  «құда»  деген  атағың  бар,  жəне

өзің  Шормансың,  құр  қайтуың  ұят  болар.  Осы  үйде  қымбат  мүліктер

жетерлік екенін көріп отырсын.

Жорға  мен  жүйріктердің  талай  саңлағы  табылады  бұл  елден,  солардан

елге көрсетерлік бірнеше таңдаулысын ал.

– Мақұл, – дейді Шорман, – құр қол кетпейін. Онда айтатыным бір ғана

нəрсе.

– Не? – деп шуласады Айғаным жағы.



Айғанымның Шыңғыс аталатын қайынінісі, оның: Сартай, Тортай, Тəні

есімді  балалары  болғанын,  Сартай  жер  ауып  кеткенін  еткен  тараудан

білеміз.  Сартай  тентек  болғанмен,  Тортай  мен  Тəні  жуас  та.  Өзі  жүз

қаршыға, лашын, қыс  – бүркіт салатын,  құсбегі де. Елге  ол «момын төре»

атанып,  жағымды  болған.  Сартайдың  жер  аууына  Айғанымның  да

қатынасы  болғанын  –  біле  тұра,  ол  «ағам  өз  қылмысынан  күйді,  оған

жеңгемді

айыптамаймын»

деп

Айғаныммен



араздаспаған,

жұбын


айырмаған.  Сырымбет  тауының  жел  бетін  мекендеген  Тəні,  Айғанымның

құдаларын  үйіне  шақырып,  айта  қаларлықтай  сыйлаған.  Сонда,

Шорманның  көзі,  Тəнінің  отауында  тұғырда  отырған  лашынға  түскен.

Сұрастырса, «Көксүңгі» атағы елге жайылған, «қаз бен үйректі бидайықтай

қырады» деген атағы дүйім елге тараған алғыр лашын осы болып шыққан.

Лашынға  қатты  қызыққанмен,  қонаққа  шақырып  отырған  үйдің  құсын

сұрауға Шорман ұялған.


Енді,  ішіне  Тəніні  қоса,  Айғанымға  жақтастар,  «қалауыңды  ал!»  деп

шулаған соң:

–  Қисаңдар,  сол  лашынды  беріңдер!  Одан  басқа  қаларым  жоқ,  –  деген

Шорман.


Тəні  алғыр  құсын  қимай,  «басқа  қалағаныңды  түгел  берейін,  бұны

қолқалама!  –  деп  қиқаңдағанда,  Атығай  Қарауылдың,  игі  жақсысы

жалынып-жалпайып əрең əпереді, Шорман оған қатты риза болып қайтады.

Шорман Айғанымды қонаққа шақырып кетті. «Алдағы жылда барамын»

деп уəде қылды ол. Бірақ, уəдесіне жете алмады.

Көкшетау  дуанындағы  ең  ірі  феодалдың  біреуі,  Атығайдың  Андағұл

руынан  шыққан  қара  –  тоқаның  Зілғарасы  еді.  Оның  немере  інісі  –

Байтоқаның Шопаны, сол маңайдың: он мың қой, бес мың жылқы, бес жүз

түйе айдаған ең ірі байы екен. Шопан момын, Зілғара тентек болған.

Есіл өзенінің қазіргі Солтүстік Қазақстанға қарайтын бойында шамасы –

жүз километрдей жер, сол бір шақта, Зілғара мен Шопанның меншігі екен.

Олардың  əрқайсысы  үш-төрттен  əйел  алған,  қыздары  да,  ұлдары  да  көп

болған. Мысалы Зілғарада он төрт ұл болды деседі.

«Россияға  бағындың»  деп,  осы  екі  байды  Кенесарының  əкесі  Қасым

шабады да, содан қастасқан Зілғара, орыс əскеріне басшы болып, К,асымды

да, Кенесарыны да Арқадан айдап тынады, сол қызметі үшін патша үкіметі

оған  хорунжий  чинін  жəне  дворян  атағын  береді.  Сондағы  грамотасы,

Қызылжардың қазіргі музейінде сақтаулы.

Хан тұқымына өшіккен Зілғара, Уəлі өлгеннен кейін, хандық жойылып,

дуан  құрылғаннан  кейін,  Көкшетау  дуаны  аға  сұлтандық  қызметіне

таласады.  Ол  кезде  хан  тұқымдарына  арқа  сүйейтін  Сперанский,  елдің

тілегіне қарамастан Айғанымды тағайындайды.

Бірақ  Зілғара  жағы  тынбайды.  Өтініш  хатты  патшаның  атына  төпей

береді. Сөйтіп жүргенде Сперанский өзінің орнына Вильяминов келеді. Ол

кезде  Батыс  Сібірдің  генерал-губернаторлығында  да,  сібірлік  қазақ

дуандарының  қармасында  да,  жалғыз  Айғанымның  үстінен  емес,

дуандардағы  аға  сұлтандардың  үстінен  де  арыздар  етіп  жатады.  Соларды

тексертіп,  көп  материалдар  расталғаннан  кейін,  Вильяминов  хан

тұқымынан  болып  келе  жатқан  аға  сұлтандарды  біртіндеп  өзгертіп,

орындарына  руларының  беделділерін  отырғызу  шарасына  кіріседі,

алдымен оққа ұстағаны – Айғаным.

Шорман  құда  түсіп  кеткеннің  келер  жылында,  Вильяминов  Айғанымды

аға  сұлтандықтан  босатады  да,  орнына  Зілғараны  бекітеді.  Осыны  аза

тұтқан  Айғаным,  кішірейген  күнінде  Шорманның  үйіне  қонаққа  баруды

намыс көреді.


Қызметсіз  Айғаным  үйінде  тұрып  жатады.  Жолаушылардың  атымен

доғарады.  Оқудағы  Шыңғысты  сағынған  шақта,  ара-тұра  үйіне  алдырып

мауқын басады.

Бала  кезінде  Шыңғыстық  бойы  шарға  болушы  еді.  Сондай  балалардың

кейбірі,  ересек  бола,  биіктеп  те  кетеді.  Бірақ,  ондай  балаларды  «буылып

есті» дейді.

Шыңғыс  сөйтті.  Оқуының  алғашқы  төрт  жылында  ол  келмеген  еді.

«Барсам  баланың  көңілі  бұзылып  үйге  қайтам  дер,  аман  болса,  көру

ешқайда қашпас, алаңсыз оқысын», -деп, сəлем-сауқатын кісіден жіберетін,

Айғанымның  өзі  Омбыға  бармайтын.  Шыңғыс  үйіне  школаның  төрт

класын  бітірген  жылы  он  төрт  жасында  келді.  Сағынып  көрген  баласын

үшінші  жазда  келгенінде,  Айғаным  тіпті  танымай  қалды.  Ол  жас

мөлшерінен  ұзарып,  сорайып  кеткен,  жəне  бала  шағындағы  қуаңдығы

өзгеріп,  беті  өзгеріп,  ажарлы  жеткіншек  болған.  Əскерлік  школа

формасындағы киімдері де аса жарасымды.

Білім жағынан да өскен. Офицерлік школаның Азиялық бөліміне түскен

ол, үйден кеткендегі мұсылманша білімін əлдеқайда тереңдетіп, «құраннан

мағына  айырарлық»  халге  жеткен.  Азиялық  бөлімнің  негізгі  оқуы  татар,

шағатай,  араб  тілдерінде  жүргенмен,  орысша  сабақ  та  оқылатын.  Шыңғыс

орыстың тілі мен жазуына да төселіп алыпты.

Шыңғыс  та  шешесін  танымай  қалды:  оның  бұрынғы  сымбатты  сұлу

денесі  қазір  жалпая  семіріп,  жуандығына  екі  құшақ  əрең  жететін  халге

келген. Содан бұрынғы сұңғақ денесі аласарған сияқтанып, үрген қуықтай

домаланып  қалған.  Бұрынғы  сидам,  толық  білегі  де  майланып,  төменгі

жағы  салқылдап  салбырап  кеткен.  Бұрынғы  салалы  сұлу  саусақтары  да

етейіп, буын-буындарының арасы бұлтия томпайып кеткен. Бұрынғы ашаң

беті жалпайып, төменге сарқылған қалың май иекке жете бөлшектенген де,

ар  жағындағы  салбыраған  жалпақ  бұғақ  кеудесіне  тіреліп,  басты  кейін

қарай  кекжитіп  тастаған.  Бұрынғы  жан-жағы  жайпақ  үлкен  қара  кезінін,

төңірегіне  де  томпайған  май  үйелеп,  жартастардың  қыспағына  қамалған

көлшіктей  кішірейіп  қалған.  Бұрын  атылар  жебедей  сүйреліп,  қаз-қатар

тізіліп  тұратын  кірпіктер  терең  судан  басы  қылтиған  құрақтай  ғана

көрінеді.  Бұрын  қабағына  қалыңдай,  имие  біткен  қасы,  астынан  керген

майдан сирей жалпайып, жартастың, жігіне біткен көде сияқтанады. Бетке

біткен  майдың  қамауында  қалған  бұрынғы  сұлу  қыр  мұрын,  толқындар

арасында  қалықтаған  кішкене  қайықтай.  Бұрынғы  əдемі  басты  астынан

бағанадай  тіреп  тұратын  жұмыр,  өрелі  мойын  қазір  мықырайып,  майлары

семіз  қартадай  қабаттасып  кеткен...  Қысқасы,  бұрынғы  сұлу  сымбат  пен

айта  қаларлық  ажардан,  сарқылған  көлдің  елеусіз  шұқанағы  сияқтанып,

жұқа ерінді, бүрме əдемі аузы ғана қалған. Ол да жабық кезінде ғана əдемі

екен. Егер ашылса, жағында бұрын жіпке тізген меруерттей жалтылдайтын

тістер  жоқ:  қатарлары  сиреген,  қалғандары  сарғайған!  Қандай  семіргенде

де  ажарын  сақтайтын  адамдар  болады  ғой?  Айғанымда  ажар  қалмай,


бұрынғы қоңыр, əдемі кескіні шала піскен еттей, қарамықтана бозарып, өңі

əжімденіп кетіпті!..

Шешесінің  бұрынғы  сұлу  сымбатына  қайран  қалатын,  одан  туғанына

қатты  мақтанатын,  əр  кезде  қызыға  қарайтын  Шыңғыс,  мына  қалпын

көргенде  шошып  кетті.  Жасы  қырыққа  жаңа  ғана  жеткен  шешесінің  сыр-

сымбаты  бұлайша  бұзылуын,  Шыңғыс  оның  тек  қана  қимылсыз  тоқ

тұрмыста  семіруінен  деп  ойлаған  жоқ,  басына  түскен  ауыртпалықтардың

жаншуынан деп жорыды.

Айғанымның  жүрегі  де  қысылады,  оқтын-оқтын  демі  тарылып,

талықсып қалатын болыпты. Омбыға барғысы келгенмен, кейінгі жылдарда

ол осы сарқытынан қорып, үйінен шыға алмайды екен.

Кейбір қысылғанда «өліп кетем бе?» деп, Шыңғысын көре алмай кетем

бе?»  –  деп  те  қорқатын  Айғаным,  баласының,  аман,  абыройлы  келуіне

қатты  қуанғандықтан,  басылудан  жеңіліп,  сырқатынан  айығып  кеткендей

болды.

Баласының  жақсы  адам  болуына  күдігі  қалмаған  Айғанымның  ендігі



тілегі - осы баласынын, үйленгенін көру.

Бұл арманына қазір-ақ жетер еді, «он үште отау иесі» дегендей, он төрт

жастағы  Шыңғысын  үйлендіре  салар  еді,  (сол  жаста  үйленетіндер  қазақ

ауылдарында толып жатыр), əттең – келінінің жастығы. Ол биыл тоғыздан

онға  ғана  қарайды!..  Ислам  шариғатында,  қызды  тоғыз  жасынан  бастап

күйеуге  беруге  болады.  «Қазақ  та  мұсылман»  дегенімен,  оның  ғұрпында,

бұл  жастағы  қызды  күйеуге  беру  жоқ.  «Бөрікпен  ұрғанда  жығылмаса

болады»  дегенмен,  отау  иесі»  болмай,  яғни  он  үш  жасқа  шықпай,  ешбір

қазақ  күйеуге  қыз  бермейді.  Сондықтан,  Айғанымның  ендігі  арманы  –

Шорман қызы Зейнептің он үш жасқа толуы болды.

Бірақ, Айғанымға бұл арманына жете алмау қаупі туып қалды. Шыңғыс

үйіне  келіп  кеткеннен  екі  жыл  кейін,  көктемде,  Шорманның  арнаулы

жіберген адамы келіп:

–  Балаң  бұзылып  жүр  дейді,  пəтерге  тұрған  Саттардың  қызын  алатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет