– Солай ма өзі?
Шепе есірген Итаяқты осылайша қыздырмалатып, ауылға айдады да
жіберді. Өзі əлдеқайда аттанып кетті. Сол екпінмен Итаяқ Ақпанның үйіне
кіріп келсе, Күнтай оңаша үйде жұмыстарымен шұғылданып жүр екен.
Есікті сықырлатпай еппен кіріп келген Итаяқ, – «а, құрдас!» деп белінен
қапсыра ұстай алды. Кім екенін даусынан танып, ашу білдірген Күнтайды
Итаяқ босатпай, екеуі арпалысып жатқанда есіктен əлдекімнің сыбдыры
естілді. Олар жалт қараса – Ақпан! Ол не істерге білмегендей, босағада
қалшиып қата қалды. Сасып қалған Итаяқ «тез жіберсем шын көрер,
ойынға жоруы үшін босатпайын» деп Күнтайдан құшағын жазбады да:
– Осылай ойнап жатыр ек... – деді ырсия қарап.
– Бұл пəледен қашан құтылам, ойбай! – деп Күнтай жылап жіберді.
– Бұның не ойынға жылап? – деді Итаяқ Күнтайға.
– Ойының осылсын, ылайымда! – деді Күнтай жылауын үдете түсіп, –
шөгірдей қадалып, сен-ақ өлтіретін болдың-ау, ойбай!.. Қу-шұнақ құдай,
қашан құтқарасың, бұл арапшыдан?!..
Бірдемені айтқысы келген Итаяқты Ақпан ту желкеден қапсыра ұстап,
иіріңкірей сілтеп, жерге алып соқты да кеудесіне аттай мініп ап:
– Сенен-ақ, өлетін болдым-ау! – деп, алқымын сығып жіберді.
– Өлдім! – деуге-ақ шамасы келді Итаяқтың.
Шынында да өлтіріп жіберер жайын көрген соң:
– Ойбай, Момыным, – деп ара түсті Күнтай.
Ол Ақпанды бассалып, Итаяқтың үстінен аударған болып еді, жерге
батқан үлкен тас сияқтанып мыңқ етпеді. Дем тартысына қарағанда, Итаяқ
өліп бара жатқан сияқты. Не амал істеуге білмей сасқан Күнтайдың есіне
Айжан түсіп кетті. Ол үйдің көлеңкесінде қуыршақтармен ойнап отыр еді.
– Айжан! – деген ащы дауыс шығып кетті Күнтайдың.
Үйдегі болып жатқан оқиғаны мəм-сəм қылмай, ойынның қызығымен
алданып отырған Айжан, шешесінің ащы даусы саңқ ете қалғансып жылап
қоя беріп, үйге кірді.
Ақпан Итаяқты манағы езгілеу қалпында еді. Күнтай үйге кіре берген
Айжанды жалма-жан көтеріп ап:
– Айжаның келді, Момын!.. Қорқып тұр, – деп шырылдаған баласын
Ақпанның алдына тосты.
Ашу теңізіне батқан Ақпан, басын сонда ғана жарық дүниеге қылт
еткізіп шығарғандай боп, есі енді ғана кіре бастағандай боп, көздері
алайған, аузынан жыны ақтарылған Итаяқтың үстінен тұра беріп, екі
жағасынан қапсыра ұстады да есікке сүйреп апарып:
– Бар сол сыбағаңмен! – деп сыртқа тулақтай лақтырып жіберді. Кейін
оралған оған:
– Міне, Айжаның! – деп əлі де көздері бақырая өксіп жүрген баланы
Күнтай тоса берді. Баласын оң жақ қолымен құшақтай көтерген Ақпан,
бірдеме айтуға ыңғайланған Күнтайды:
– Сенен де өлетін болдым-ау! – деп оң қолының түйген жұдырығымен,
бар күшімен кеудеден түйіп кеп жіберді. Күнтай шалқасынан түсті де
талып қалды. Ақпан Айжанды қолынан түсіре берді, ол бақырған дауыспен
талып қалған шешесін бассалды...
Ақпан үн-түнсіз тысқа шықты да, белдеуге байлаулы атына мініп
əлдеқайда жөн тартты.
Сол кезде əйел-еркегі аралас, көп адам даң-дұң дауыспен Итаяқ үйінің
маңына жинала бастады.
– Ойбай, мынау жатқан Итаяқ қой, – деді үрейлі еркек даусы.
– Тірі ме өзі?! – деген бірнеше дауыс естілді.
– Өліп қапты ғой мынау! – деді бір еркек.
– Не дейді ойбай-ау? – деп бақырып жылап жіберді бір əйел. Ол
Итаяқтың ұзатқан қарындасы Ұлбосын еді.
– Жаны бар, – деген үні естілді бір еркектің. – Тамыры қимылдайды.
– Ендеше көтеріп үйіне апарайық, – десті біреулер.
– Неге үйіне апарамыз? – деді бір қатал еркек даусы, – осы үйге
кіргіземіз. Бұны бұндай күйге келтірген – Ақпан. Не көзімізше тірілтіп
берер, тірілте алмаса, жауабын берер.
– Бұл пəледен қашан құтылам, ойбай! – деп Күнтай жылап жіберді.
– Бұның не, ойынға жылап? – деді Итаяқ Күнтайға.
– Ойының осылсын, ылайымда! – деді Күнтай жылауын үдете түсіп, –
шөгірдей қадалып, сен-ақ өлтіретін болдың-ау, ойбай!.. Қу-шұнақ құдай,
қашан құтқарасың, бұл арапшыдан?!..
Бірдемені айтқысы келген Итаяқты Ақпан ту желкеден қапсыра ұстап,
иіріңкірей сілтеп, жерге алып соқты да кеудесіне аттай мініп ап:
– Сенен-ақ өлетін болдым-ау! – деп, алқымын сығып жіберді.
– Өлдім! – деуге-ақ шамасы келді Итаяқтық.
Шынында да өлтіріп жіберер жайын көрген соң:
– Ойбай, Момыным, – деп ара түсті Күнтай.
Ол Ақпанды бассалып, Итаяқтың үстінен аудармақ болып еді, жерге
батқан үлкен тас сияқтанып мыңқ етпеді. Дем тартысына қарағанда, Итаяқ
өліп бара жатқан сияқты. Не амал істеуге білмей сасқан Күнтайдың есіне
Айжан түсіп кетті. Ол үйдің көлеңкесінде қуыршақтармен ойнап отыр еді.
– Айжан! – деген ащы дауыс шығып кетті Күнтайдың.
Үйдегі болып жатқан оқиғаны мəм-сəм қылмай, ойынның қызығымен
алданып отырған Айжан шешесінің ащы даусы саңқ өте қалғансың жылап
қоя беріп, үйге кірді.
Ақпан Итаяқты манағы езгілеу қалпында еді. Күнтай үйге кіре берген
Айжанды жалма-жан көтеріп ап:
– Айжаның келді, Момын!.. Қорқып тұр, – деп шырылдаған баласын
Ақпанның, алдына тосты.
Ашу теңізіне батқан Ақпан, басын сонда ғана жарық дүниеге қылт
еткізіп шығарғандай боп, есі енді ғана кіре бастағандай боп, кездері
алайған, аузынан жыны ақтарылған Итаяқтың үстінен тұра беріп, екі
жағасынан қапсыра ұстады да, есікке сүйреп апарып:
– Бар, сол сыбағаңмен! – деп сыртқа тулақтай лақтырып жіберді. Кейін
оралған оған:
– Міне, Айжаның! – деп əлі де көздері бақырая өксіп жүрген баланы
Күнтай тоса берді. Баласын оң жақ қолы мен құшақтай көтерген Ақпан
бірдеме айтуға ыңғайланған Күнтайды:
– Сенен де өлетін болдым-ау! – деп оң қолының түйген жұдырығымен,
бар күшімен кеудеден түйіп кеп жіберді. Күнтай шалқасынан түсті де
талып қалды. Ақпан Айжанды қолынан түсіре берді, ол бақырған дауыспен
талып қалған шешесін бассалды...
Ақпан үн-түнсіз тысқа шықты да, белдеуге байлаулы атына мініп
əлдеқайда жөн тартты.
Сол кезде əйел-еркегі аралас, көп адам даң-дұң дауыспен Итаяқ үйінің
маңына жинала бастады.
– Ойбай, мынау жатқан Итаяқ қой, – деді үрейлі еркек даусы.
– Тірі ме, өзі?! – деген бірнеше дауыс естілді.
– Өліп қапты ғой, мынау! – деді бір еркек.
– Не дейді, ойбай-ау? – деп бақырып жылап жіберді бір əйел. Ол
Итаяқтың ұзатқан қарындасы Ұлбосын еді.
– Жаны бар, – деген үні естілді бір еркектің. – Тамыры қимылдайды.
– Ендеше, көтеріп үйіне апарайық, – десті біреулер.
– Неге үйіне апарамыз? – деді бір қатал еркек даусы, – осы үйге
кіргіземіз. Бұны бұндай күйге келтірген – Ақпан. Не көзімізше тірілтіп
берер, тірілте алмаса, жауабын берер.
Итаяқ бұл кезде жан кешіп кетті. «Итаяқ өлді» дегенде бақырып қоя
берген Ұлбосын, қазақ елінің сол кездегі ғұрпымен, қанын сорғалата екі
бетін тырнақтарымен айырып тастады да, орамал бүркенген басының
шаштарын уыстап жұлып алды... Өзге туыстары да «əй - бауырымдап»
айқай-ұйғайды көбейтті. Мына халды білдіруге орда ауылға кісі шапты.
Осы шудан талып жатқан Күнтайдың да есі кіріп, басын көтерейін десе
төс-сүйектері қозғалтпайды, қол тигізбейді... Сыртта Итаяқ өліп қалған!..
Енді не болады, бұл?!..
Күнтай жан-дəрменде бас көтеріп, қасында жылап жатқан Айжанды
құшағына алмақ болғанда, сырттағылардың - «хан келеді» деген даусы гу
ете түсті.
Жұрт көз тіксе, салт мінген адам, артына ілесе шапқандарға жеткізбей
ағызып келеді. Оның Шыңғыс екені, астына мінген атының аңқытуымен,
үстіне іле салған мундирінің, шаңқан күннің жарығына шағылысып
иығында жарқ-жұрқ еткен алтын эполетінен аңғарылады.
«Кісі өлді!» деген айқаймен, қарашы ауылдың еңбектеген жасынан
бастап, еңкейген кəрісіне дейін үйлерінен жүгіре шығып, жұрт қоршаған
Ақпан үйінің төңірегіне түгел қиналған еді. Шыңғыстың ордадан бері
қарай сілтеп келе жатуын көрген топтың ішінен бір пысық-сымағы:
– Уау, тараңдар, тез! – деді көпшілікке бұйырған үнмен, – жыртық-тесік
қалыптарыңмен тұрмаңдар, бұлай ошарылып, хан келгенде! Іске татыр
біраз еркек қалыңдар да, өзгелерің тез жоғалыңдар!..
«Хан келе жатыр» дегенде, ойнағында қасқырды көріп бытырай
қашатын қояндарға ұқсап, əркімдер өз үйлеріне бытырай қашты. Ақпан
үйінін, маңында, «іске татыр» дейтіндерден он шақтыақ- адам қалды. Олар
да қалмас еді, əлгі пысық:
– Қайда барасыңдар, бəрің бірдей? Ханға жалғыз өлікті ғана тастап
кетесіңдер ме? Əлде, пəлесінен қорқасыңдар ма? Неге қорқасыңдар одан?
Өлтірген кісі белгілі! – деп, жəне біразының атын атап бөгемесе. Бөгелген
жұрттан:
– Біз неғып тұрмыз? – деді біреуі, – өлікті үйіне апарайық.
– Неге апарамыз? – деді екінші, – «заңда, үкімет адамы келгенше, өлік
жан кешкен жерінде жатады» деген. Келсін, хан! Көрсін. Не істесе де сол
айтсын.
– Кісі өлімі қиын дейтін еді, сондықтан келе жатыр-ау, хан!.. Анау-
мынау іске келмек түгіл төбе де көрсетпейтін еді ғой, ол нем? – деді
біреулер.
– Кісі өлтірді деген не сұмдық?! – деді біреу, – көрерсіңдер, бұның арты
пəлеге соғады.
– Не істейді, пəле боп? Жауабын өлтірген кісі берер.
– «Дүние бір қақ байтал, екі айғырды өзара шайнастырып ащы қылған»,
– дегендей, – деді біреу, – осы үйдегі салдақы қатын ғой, Итаяқ пен
Ақпанды шайнастырып, бірін-біріне жем қылған. Неге сол салдақының
түте-түтесін шығармадық манадан бері?
– Бəсе, неге сөйтпедік? – десті əлденеше дауыс.
– Əлі де кеш емес, – десті біреулер.
– Ендеше, қанды қанмен жуып, сол қатынның жоқтауын бір-ақ
асырайық.
– Кəне, жүріңдер! – деп бірнеше дауыс есікке қарай беттемек болғанда:
– Тəйт əрі! – деп ақырып тастады, бір еркін дауыс. Тырпылдай бастаған
аяқ дыбысы жым бола қалды. – Өй-маяй, ерін-ай мыналардың? – деді əлгі
дауыс, кекетінді үнмен. – Қай аталарың кісі өлтіріп еді, сендердің? Мал
баққаннан басқа не бітіріп едіңдер, сендер? Енді кісі өлтірмек!.. Жəне еркек
емес, қатынды!.. Орыс заңында қатын дауы мен шошқа дауынан жаман дау
жоғын білесіңдер ме?
Ол азырақ кідірді, тегі, маңайындағылардан жауап күткен болу керек.
Ешкімнен дыбыс шыға қоймаған соң, ол тағы да еркінсіп сөйлеп кетті.
– О бір кездегі жаугершілік заманда болмаса, осы елде кісіні кісі
өлтіргенін естідіңдер ме? Жоқ. Бұл бір сұмдықтың басы деп ойлаңдар.
Бұдан əлі....
– Ə, қойшы, – деді біреу ұнатпаған дауыспен, – «бояушы, бояушы
дегенге сақалын бояйды» дегендей, «білгір, білгір» дегенге, сен тым
білгірсіп кеттің ғой. Екі құл бірін бірі өлтірді деп, былайғы жұрт неге
бүлінеді?
– Ендеше, хан неге келе жатыр? – деді анау шаптығып.
– Əй, дуылдамаңдар енді, əне, хан да келіп қалды, – деді біреулер.
Дабыр жым-жырт бола қалды. Əлгі сөздердің бəрін қысылған демін
зорға алып отырған Күнтай естіді. Хан келгенде не боларына оның көзі
жетпеді. Жобасынша, - кісі өліміне себеп болған бұдан бірдеме сұрамақ,
үйіне хан кіріп келсе қайтеді?.. Сол ойдан былай да қысылып отырған
жүрегі қысыңқырай түсіп, Күнтай талықсыған бейнемен қайтадан қисая
кетті. Қоянның қорыққан көжегіндей дірілмен Айжан оны тағы да
құшақтап, үстіне жығылды...
Шыңғыстың ауыл арасына мінетін жорғасының аты – Сұрсүлік еді. Ол
қатты жорғасына басқанда, тымық күнде алдынан жел тұрғызып, кекілі де,
жалы да көтеріліп кететін. Бірақ, кейде, алысырақ жолды жылдамырақ
ұтып алу үшін болмаса, Шыңғыс бұл екпінге салмай бүлкілмен ғана
жүретін.
Бұл жолы олай болмады. «Кісі өлді» деген хабар алған соң, асықпасқа
амал қалған жоқ. Өйткені, əлгінде жұрт айтқандай, жаугершілік заман
басылғаннан кейін, (бұл маңайда ондай заман, Шыңғыс аға сұлтан болып
келгелі біткен) кісіні кісі өлтірді деген сұмдық естіген емес. Жəне басқа
біреу емес, өзінің атам-заманғы сауыншысы өлтіріп отыр. Бұл пəленің
шоқпары өз басына да соғылмасын қайдан біледі. Дуандағы өзге істердің
бəрін, Шыңғыстың билері-ақ асқынғанын – Шыңғыстың өзі-ақ бітіре
беретін. Кісі өлімінің дауы деген бұл дуанда кездескен емес. Өлген адамды
үн-түнсіз көмдіре салуға, маңайында қаптап жүрген дұшпан. Солардың
біреуі - «өлімді жасырды» деп орыс үкіметіне түртіп жіберсе не болмақ?!..
Ол үкіметтің өлім жазасына қатты қарайтынын біледі...
Осы ойдағы Шыңғыс қарашы ауылға жеткенше шешімін де жасап
қойды. Ол ауылға ордадан ере шапқандардың бəрінен бұрын жеткен
Шыңғыс, желігіп алған Сұрсүліктің басын, жұрт ошарылған тұсқа əрең
қайырды да, ойнақшыған аттың үстінен қолдарын қусырып, бастарын
төмен салбыратқан топқа:
– Жаны бар ма? – деді.
– Жо-о-оқ, х-х-хан ием! – деп Итаяқтың жақындарынан бір еркек өкіріп
қоя берді.
– Үйіне апарыңдар, онда! – деді Шыңғыс бұйырған дауыспен, – От
орнын қазыңдар да, астына су құйып жатқызыңдар. Ол үйде жан болмасын.
Есігінде күзет қана болсын!
Шыңғыс ордаға тартты. Жұрт оның бұйрығын орындады. Олардың бір
ауыздан тек қана айтқаны:
– Қаншаға дейін жатады, бұлай?! Онысын айтпады ғой!..
Бағланда казак-орыс əскерінің бір бөлімшесі тұрады. Бастығы қазақтар
боп, «Қара майыр» деп атаған майор. Дуанға берілген правода, сол
майордың қаруына жататын істер атап көрсетілген, солардың біреуі – кісі
өлімі.
Басынан қорыққан Шыңғыс сол Қара майырға хат жазып, қос атпен кісі
шаптырды. Ол 150 шақырымдағы Бағланға күн тəулігі болмай жетті. Қазақ
елінде бұндай оқиғаны көптен бері естімеген майор, қасына əскерлік
дəрігерді ертті де, тез арада жетіп келді. Жаздың ыстық күні болғандықтан,
сазды салқынға жатқызғанмен, елік жынығып кеткен екен, иісіне адам
шыдарлық емес. Сонда да, – «заң солай» деп, ішіне Шыңғысты қоса,
дəрігер Итаяқты біраз адамның көзінше сойды. Сонда қараса, Ақпанның
əлуетті тізесі Итаяқтың бауырын быт-шыт қып езіп, етін жарып жіберген
екен.
Өлімнің себебі ашылды. Жауапқа шақырған Ақпан шынын айтты.
Майор Күнтайдан да жауап алмақ болып еді, шақырған үйге келуге халы
жетпеді. Көтеріп əкелуге болмайды. Майор оның үйіне барайын деп еді,
«ауру, əл үстінде жатыр» дегенді айтып, Шыңғыс жолатпады, сондағы ойы,
– «Шепенің де қоясын ақтартар» деп қорқу еді.
– Бұл жұмыс ерекше тапсырмалардың облыстағы прокуроры
қатынасумен, Омбыдағы сібірлік корпустың соғыстық коллегиясында
қаралады, – деді де, майор жүріп кетті. Тұтқынға алған Ақпанды, салт
мінген мылтықты төрт солдат бір урядник Бағланға жаяу айдап кетті.
«Шындығын білейін» деп, Шыңғыс Ақпанның үйіне кісі жіберсе,
Күнтай төсек тартып жатыр екен. Ауруына Ақпанның себеп болғанын,
Күнтай жіберген кісіге де, басқаға да айтқан жоқ. Оның айтқаны:
– Аз жүк түсті ме, маған, бұл күндері? Сол қайғыдан жүрегім езіліп
кетсе керек, əлсін-əлсін талықси берем.
– Бұл – жұрт иланғандай дəлел. Шыңғыс та иланды. Оның ендігі тілегі,
– Итаяқтың ісі жөнінде Омбыдан тергеу басталғанша, Күнтайдың өлуі.
Егер ол тірі болса, Шепенің басына түгіл, өз басына да зор қауіп күтеді...
Күнтай сол жатқаннан ұзақ жатты. Өйтпеуге болмаған да еді. Ақпанның
темір тоқпақтай жұдырығы оның кеудесіне бар күші, бар екпінімен
соққанда, төс сүйегінің сол жақтағы бірнеше шеміршегі түбінен
опырылып, үш жақтары өкпесіне қадала қалған, бір шеміршегі жүрегін де
түртіп, дағдылы орнынан тайдырған. Міне, осыдан, шеміршек жаралаған
өкпе біртіндей шіруге айналған, жүрек те оқта-текте əлсіреп, талықсытып
тастайтын.
Бірақ, соларға қарауға Күнтайда уақыт жоқ. Итаяқты өлтіргеннен кейін
үйінен аттанып кеткен Ақпан, үкімет адамдары тұтқындағанша ауылға
келмей, далада, жылқы ішінде жүрді де алды. Ашу үстінде Күнтайды
кеудеден қатты соғуы, оның талып түсуі есінде. Сол талғаннан Күнтайдың
тұра алмай жатуын да естіді. Оның жазықсыздығына да еш күмəні жоқ.
Күнтайдың, ағасы Нұртайға да, өзіне де адал жар болғанын Ақпан жақсы
біледі. Сөйте тұра:
Болғанда ашу - пышақ, ақыл – таяқ. Сол таяқ таусылады жонған сайын,
– деп Кертағының баласы Орымбай ақын айтқандай, Итаяқты езгілеп
жатқанда ашуы құрғыры өткірлене қалды да, қылмыстымен бірге жазасыз
Күнтайды да орып түсті. Бұл қылығына Ақпан артынан өкінді, бірақ –
кеш!.. Шынында да, бейнетті өміріне таяқтай сүйеніш көріп алған
Күнтайды, орта белінен орып түсірді, енді ол «таяқ» бүтіндене ме?
Бүтінденбесе – Күнтайға қосылған күннен кейін-ақ, иіні тұшып киім киген,
аузы тұшып ас ішкен сорлы Ақпанның ол рахаттан айрылғаны да!..
Жайнақ еркек бала. «Лақ маңырап су ішеді, ұлан жылап күн кешеді»
дегендей, жыласа да күн кешіп, жетіп кеткен ұландар елде аз емес, Жайнақ
азар болса, солардың бірі болар.
Ал қыз бала олай емес. Кедейдің жетім қалған қызы түгіл, байдың жетім
қалған, күні өгей шешеге қараған қызының да ұзатқанға дейінгі өмірі (одан
арғысын «құдайым» біледі) қоршылықта өткенін, өзгелер түгіл, «ел-жұртты
аз аралады» дейтін Ақпанның өзі сан рет көрген. Айжан – кедейдің қызы,
оның ішінде – құлдың қызы. Егер əкесі мен шешесі тірі болса, «патшаның
қызы» дерліктей өсетін түр-тұлғасы бар. Енді, міне, соры қайнап, қаршадай
күнінде, əке ұсталып айдауға кетсе, шеше мертігіп ауруға шалдықса - ол
бейбақтың күні не болмақ?!..
Осы ойлар жүрегін езіп, ақтарылған кез жасына не бола алмай жүрген
шағында Ақпан ұсталды!..
Оның ұсталуын да, айдалуын да естіп жатқан Күнтай төсек тартуға
шыдамады да, денесін зорға сүйретіп басын көтерді. Өйтпегенде ше? Кедей
болғанмен қыруар шаруасы бар үйдің жұмысын кім істейді? Бастап көрші
үйдің бір əйелі «түйесін сауып», «ыстығын даярлап» деген сияқты ол-пұл
іске қолқабысын тигізіп еді, біріншіден, өз үйінің жұмысынан сирек
артылды ол, екіншіден, ол, «балағынан шуы шыққан» деген əйелдердің
қатарындағы, мейлінше салақ əйелдің, бірі еді. Жасынан тазалықта өскен
Күнтайға оның мейірімді істерінің біреуі де жақпады.
Басын көтерген Күнтай ұзақ уақыт сүлеленіп, шамасы келгенше үй
шаруасын атқарып жүрді де, бір кезде, тамыры шіріген қу ағаштай, біржола
құлады. Қанша талпынғанмен, содан кейін төсектен басын көтере алмады.
Енді, амал жоқ салақ қатынның жиіркенерлік істерінің бəріне де көндігуге
тура келді. Ара-тұра ғана бас сұққанмен анау əйел, бұл үйдің
жұмыстарынан аянған жоқ. Онысына да рахмет. Əйтпесе, бұл үй былығып,
шіріп кетер еді де, жандары аштан елер еді.
Өзінің айтуымен жəне сырттай жобалаумен, жұрт Күнтайдың ауруға
шалдығуын, алғаш -«қайғыдан» деп жүрді де, кейін булыға жөтеліп,
дамылсыз қақырық тастауынан «қайғысы құрт ауруға айналды» десті.
Елдің ұғымында, - «құрт ауру қара күйедей, жұғыссаң - ақ жұғады». Содан
қашатын жұрт. Күнтай төсек тартып жатып алғаннан кейін, бұл үйдің,
есігін де ашпайтын болды. Сондайлардың біреулері:
– Біреуін өлтіртіп, біреуін айдатып, екі бірдей ердің басына жетті, қу
қаншық, бұны солардың обалы жібермеді, өлмесе өрем қапсың салдақы!»
деп табалады да, енді біреулері, «Итаяқ пен Ақпанның түбіне жеткен Шепе
дейді, құдай соны неге атпайды?! «Тастаған шоқпар сорлыға тиеді», деп,
шоқпардың ауыры Күнтайға тиді. Өлген - жанын кешті. Ақпан
айдалғанмен, егер атып тастамаса, тамағын тауып жейтін адам, шыға
алмайтын шырмауға Күнтай түсті. Оның ауруы күн санап меңдеп келеді,
сонда бұл өлсе, анау екі бала балапандай шырылдап жетім қалса немен күн
елтеді?! – десіп аяушылық айтты.
Қарашы ауылда бір пəле болып қалғанын Құсмұрынның тақырында
ауыл балаларымен асық ойнап жүрген Жайнақ пен Шоқан Шыңғыс ол
ауылға салт атпен шаба жөнелгенін көргенде-ақ сезді. Ол тақырдан дөңге
қонған орда ауылдың бойы көрінетін еді де, сайға қонған қарашы ауылдың
төбесі ғана қылтиятын еді. Шыңғыстың бұлай шапқылауын, əсіресе – өз
аулына қарай шабуын бұрын көрмеген Жайнақ:
– Анау не?! – деп үрейленгенмен, ойында ұтылып, біреуден алып, енді
«ұтам ба» деген дəмемен қызу ойнап жатқан Шоқан мойын бұрмады.
Сол бір шақта қолы шығып, шігесіне қорғасын құйылған қошқар
сақамен, тақырда қаз-қатар тігілген кенейлерді алыстан болжап, бірінен соң
бірін ұшыра бастаған Шоқан, Жайнақтың:
– «Хан атам, кетті» деп тұрмын ғой, саған, біздің ауылға! – деп байбалам
салуына қараған жоқ. Жайнақ жұлмаламақ болғанда:
– Тарт қолыңды! – деп ақырып қалды Шоқан, – қолым шығып жатқанда,
неменеге бөгей бердің? «Атаң өлсе – сойылар, атам өлсе – қойылар, күнде
маған мынадай, қансонар қайдан табылар» деген екен бір аңшы, «ауылда
атаның өліпті, үйде атаң өліпті» деген хабарды айтқан біреуге. Сол
айтқандай, ұтып жатқан шағымда, неменеге бөлесің көңілімді?
– Жəй шайпайды ғой, хан атам.
– Немене боп қалды дейсің? Атаны өлсе – сойылар, атасы өлсе –
қойылар. Алаңдатпа көңілімді!
Шоқанның бұйрығына бағынып дағды алған Жайнақ үндемеді. Бірақ
кеңілі «неге?!» деген сұраумен ереуілде болды.
Ойын кешке тарады. Шоқан ұтты: кейітін де қайтарды, біреулерге ұпай
да салды. Сол қуанышпен ол тақырдан тікелей ордаға тартты. Қарашы
ауылдың балары өз беттеріне жөнеді. Əдетте, Жайнақ үйіне Шоқанды
ордаға апарып сап қайтатын еді.
Бұл жолы, Шыңғыстың қарашы ауылға шауып барып, тез қайтуына мəн
берді де, «несі болса да барып көрейін» деп өз аулына беттеген балаларға
ерді. Үйіне келген Шоқан, əкесінің мана, қарашы ауылға шауып барып Достарыңызбен бөлісу: |