сойыстыққа үйірлеген тайлар мен құнажын байталдарды алдыратын. Ел
қыдырған шақтарында, сыбағасына құлыннан басқаны жемейтін. Қайда,
қай уақытта керек екенін білетін шабармандар, кімдерге қанша салық
түсуін күн бұрын хабарлап, олар мерзімді кезінде жеткізіп тұратын.
Жеткізбегендер жазаға ұшырап, бері салғанда айып тартатын, əрі салғанда,
– «пəле жабылып» не абақтыға түсетін, не айдауға кететін.
Шорман бұрынғы сапарларында, суыт жүрсе бірер күнде жететін
Омбыға асықпай, жайлап жүріп бірер жұмада əрең жететін. Бұл жолы
құдағиының сырқатын сылтау ғып тез жетті. Жолшыбай Айғаныммен ақыл
қосқанда, Шорман Омбыдағы бай ағайыны – Күдерінің үйіне, Айғаным
«Əлти дуанының ахоны» атағын алған имам, – Ғабдір-рахимның
4
үйіне
түспек болды. Айғаным ол үйді екі себептен қалайды: бірі – Əбдірақым əке
жағынан жəне оларды орыстың, ноғайдың, қазақтың атақты шеберлеріне
тіктірген. Бір жүйелерін Зейнеп үстіне кигенде былай да сұлу жас қыз,
тотыдай құлпырды да кетті.
Зейнеп сымбатты да, көрікті де қыз болатын. Оның түр-тұлғасы
қазақтың ауыз əдебиетіндегі:
Не деген сұлу едің жұрттан асқан,
Қан мен сүт ақ жүзіңде араласқан, –
дегендей,
Кең маңдай, қыр мұрынды, сүйір иек, –
дегендей,
Қалам қас, оймақ ауыз, ұзын кірпік, –
дегендей,
Мойыны иірілген аққу-сынды,
Күмістей ак, бүғағы тартты күнді, –
дегендей,
Қара көзің сүзіліп,
Қыпша белің үзіліп,
Аузыңдағы отыз тіс,
Меруерттей тізіліп, –
дегендей,
Бетінде жарасады сарша меқі, –
Кең иық, жұмыр білек, сүйрік саусақ,
Түсердей көзі көрген оны, қаусап, –
дегендей,
Не деген салтанатты көшің сұлу;
Ақ үйдің жабығындай төсің сұлу!..
дегендей, сымбат пен кескін біткеннің қазақы мағынасындағы ең сұлуы
еді. Оның үстіне, жараған семіз құнажындай сылана біткен толықша денесі,
бойшаң тұрқын тіпті əдемілендіріп жіберген «Ғақылын, кəмил, бұйын,
зифа, кім бəхітіне усəсің?» деп татарлар айтқандай, өлең жолдарында
сипатталатын көркемдіктерден теріліп жасалғандай еді. Зейнептің мына
түр-тұлғасын көргендер:
– Əттең, тілінін, аздап шолжыңдығы, əйтпесе, ұрғашы атаулыда бұдан
сұлу да, сымбатты да қыз болмауға тиісті! Бұл, тек, анау Омбыда оқып
жатқан төренің маңдайына біткен жан! – десетін.
– Шіркін, осы түр-тұлғасымен еркек-шораларша емес, қыздарша киінсе,
тіпті де құлпырып кетер еді! – деп арман ететін ауыл адамдары. Міне, олар,
осы арманына жетті. «Зейнеп қызша киініп жатыр» – дейді, – деген
хабарды естігенде, жан-жақтағы ауылдардан «аттылы, жаяулы» дегендер
қаптап кетті. Бірақ, ырымшыл Топан, «көздері тиеді» деп Зейнепті үйінен
шығармады.
Үйге кіре алмаған жұрт, сығаламақ болып кигізді тесугс айналған соң:
– Үйді бүлдіреді, куыңдар! – деді Топан жігіттеріне.
Салт мініп қамшылай қуған жігіттерден, жиналған халық амалсыз
қашты. Сонда, шуласып айтқандары:
– Білеміз, неге сəндеп жатқандарыңды! Майлап өткізбексіңдер ғой,
қыздарыңды! Өтсе – сөз сендердікті. Əйтпесе, көрерміз!
Олай дейтіндері, Шыңғыстын, толқуы туралы өсекті бүл маңайда
естімеген жан жоқ-ты.
Ызың-шудан мезі болғанда, жолаушылар жөнеп кетті.
Шорманнын, ел басқару ісіне кіріскеннен бергі бір əдеті жолаушы шыға
қалса, алдыңғы жағына күн бұрын шапқын жіберіп, қонар, түстенер
тұстарына үй тіккізіп, ат байлатып, бие саудырып, сойыстық əзірлетіп...
дегендей, керекті жабдықты күн бұрын даярлататын. «Бір кісі таққа мінсе,
қырық кісі атқа мінеді» дегендей, қасына ерген нөкерлері көп болатын.
Жұрт соған мөлшерлеп əзірлік жасайтын. Ал, кейде, Омбыға барып жатар
болса, немесе үйіне көп қонақ келер болса, ішімдікке сабалаған қымызды,
сойыстыққа үйірлеген тайлар мен құнажын байталдарды алдыратын. Ел
қыдырған шақтарында, сыбағасына құлыннан басқаны жемейтін. Қайда
қай уақытта керек екенін білетін шабармандар, кімдерге қанша салық
түсуін күн бұрын хабарлап, олар мерзімді кезінде жеткізіп тұратын.
Жеткізбегендер жазаға ұшырап, бері салғанда айып тартатын, əрі салғанда,
– «пəле жабылып» не абақтыға түсетін, не айдауға кететін.
Шорман бұрынғы сапарларында, суыт жүрсе бірер күнде жететін
Омбыға асықпай, жайлап жүріп бірер жұмада əрең жететін. Бұл жолы
құдағиының сырқатын сылтау ғып тез жетті. Жолшыбай Айғаныммен ақыл
қосқанда, Шорман Омбыдағы бай ағайыны – Күдерінің үйіне, Айғаным
«Əлти дуанының, ахоны» атағын алған имам,– Ғабдір-рахимның үйіне
түспек болды. Айғаным ол үйді екі себептен қалайды: бірі – Əбдірақым əке
жағынан қазаққа, шеше жағынан Қожаға шатыс, сондықтан, Əбдірақымды
«жиен» көріп, Омбыға бұрын келген жолдарында соның үйіне түсетін;
екіншісі – соғыс школына оқуға түскен Шыңғысты: «бұл қалада одан бай
кісі жоқ, қарағайдан қидыртқан үйлері бір орамды алып тұрады, балаңның
əрі тұруына үйі жайлы, əрі тамағы тоқ болады, киім-кешегіне де қарасады»
деп Сейфсаттар Сейфүлмəліков дейтін татардын, үйіне, пəтерге қойғызған.
Оның алдында Сейф-саттар Айғанымды жолдас-жорасымен үйіне
шақырып,
көл-көсір қонақ еткен. Сейфсаттардың: бірі – татар, бірі – өзбек, бірі –
қазақ, бірі – ұйғыр – төрт қатыны бар екен. Бəрінің де үйлері оңаша, бəрі де
киім-кешек пен жасау-жиһазға малынып отыр... Қораның əр жерінен
жылтыңдап жүрген балалардан хисап жоқ сияқты...
Айғанымға олардың бəрінен Сейфсаттардың өзі ұнады, еңкектеу
қапсағай бойлы, қара өңді, қалың қабақты, шүңірек ойнақы көзді,
моңғолдау бетті, көмірдей қара мұртын таңқита қырып, сол түсті қара
сақалын башқұрттарша иегінің астына қойған, Сейфсаттар жалпақтағыш
та, жылпос та адам. Тегі «қазақы болып кеткен башқұрт» деседі.
Ол Айғанымды бір көргеннен «бəйбіше» деп, іші - бауырына кіре, үйіріп
əкетті. Айғаным оны өзімсініп «қара естек»
5
деп атады. Сейфсаттар оған
сүйсінбесе ренжіген жоқ.
– Дзағынан ақца уайым дзвие, – деп қойды ол бір сəтте Айғанымға
керегіңді сұраудан ұялма, ала бер түбінде бір есептесерміз.
«Керегі не?» деп сыпайысығанмен, ақшаға мұқтаж Айғаным, Омбыда
тұрған күндерінде біраз ақшаны алып та тастады. Қайтарда:
– Енді қайтем? – деп қынжылған Айғанымға:
– Бəйбіце, оқасы дзоқ, – деді Сейфсаттар, – əзірге менен ала берсеңізці,
түбінде бір есептецерміз.
Жақсы көрген Сейфсаттарды бірде «қара естек» деп, бірде «толық атауға
шұбалаңқы» деп – атын «Саттар» ғана қойып, дос боп айрылған адаммен,
түбінде кикілжіңге келем деп ойлаған ба, Айғаным?
Енді, міне, сырт естуінше «Шыңғыс» осы қара естектің қызын алады-
мыс!». Бұл мəселеде талай толғанған Айғанымның Сейфсаттарды
Шорманға теңестіргісі келмейді, сондықтан Шыңғысты да оның қызына
жолатқысы келмейді.
Осыған іштей бекіген Айғанымның ендігі ойлаған айласы əуелі,
Əбдірақымның үйіне түсіп, не жайы барын білгісі келеді. Егер рас болса,
«баламды осының үйіне тұрғыз деген сенсің. Өзің тұтатқан өртті өзің
сөндір, əйтпесе тұрысар жеріңді айт» деп Əбдірақымға күш көрсеткісі
келеді. Алғаш Омбының кедейлеу ғана имамы болып келген Əбдірақым,
Айғанымның жəне Шорманның көтермелеуімен, соңғы жылдарда алты
дуанның ахонына, яғни ресми имамына айналған. Содан кейін зекет, үшір,
педиясадақа... дегендер мейлінше көп түсіп, байып кеткен. Бұрын үкімет
салған мешіттің қорасындағы медіресені мекендейтін ол, кейінгі жылдары,
қарағайдан қиып сегіз бөлмелі үй салдырған, салтанатты қора-қопсы
жасатқан. Бар байлыққа қолы іліккен соң, бұрын сидам денелілеу ол қазір
семіріп, «əу-дем» жердегі мешіттің намазына, медресенің сабағына ат
жектіріп баратын болған. Осындай байлығының қайнар бұлағы - қазақ
дуандары. Дуан басылардың қазіргі ең күштісі – Шорман. Басқалары оның
ішінен шықпайды. Соны жақсы білетін Айғаным, – егер Əбдірақым егесе
қалса, тынысын Шорман арқылы тарылтқысы əрі салғанда, – ахондықтан
түсірткісі келеді.
Оқиға түсінікті болу үшін, оқырман көпшілікке Сейфсаттарды
толығырақ таныстырайық:
Он тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысында Англия империализмі
мен Россия мемлекетінің «Орта» жəне «Шығыс» аталатын Азия
өлкелерінде отаршылдық қылықтары түйісіп қалғанын, тарихи деректерден
жақсы білеміз. Сол кезде, Индия түгелімен қанды құшағына орап, жанын
шырылдата, сүйегін күйрете сорып жатқан Англия, енді улы тілін Тибетке,
Кашмирге, Қашқарияға, Азияға қарай созғаны да мəлім. Бұл қимылға
Россия үкіметі мазасызданды да, сол өлкелердің хал-жайын ойлап қайтатын
кісі іздейді. Оған тегі Əзербайжан, өзі үнемі Петербургта тұратын жиһангез
– Мəһди Рафаиловтың лайықты кісі болмайды. Ол Россия разведкасына
тыңшылық қызмет атқаратын, сол мақсатпен Түркияға, Иран - Индияға
талай рет сапар шеккен. Саяси тапсырмаларын ойдағыдай орындаумен
қатар, саудасын да молайта түскен первый гильды саудагер атағына ие
болған адам. Қызметі солайша жағымды болғандықтан, патша үкіметі оған
«сарай сыртындағы ақылшы» деген лақап ат берген.
Үкіметтен көп бұйым жəне қажетті мөлшердегі ақша алған Рафаилов,
мұсылмандар арасында «Хасан» болып жүретін шоқынды татар –
Мамзурды ертеді де əлденеше ылаумен, Қазан арқылы Омбыға келеді. Бұл,
1814 жылдың көктемі болса керек.
Қашқария сапарына бастайтын кісі қажет болғанда, жергілікті үкімет
Сейфсаттар Сейфүлмəліковті ұсынады. Біраздан бері Омбы қаласында
тұратын ол əуелі орыстың ірі саудагері – Ганшинге піркəщік болып қызмет
атқарған еді де, біртіндеп өз дүниесі де құралып, жеңіл-желпі саудагердің
халына жеткен-ді. Содан кейін əлдене саудагерлермен Қашқария жəне
Тибет жағына сапар шегіп, байлығын молайтып қайтқан.
Қашқария мен Тибеттің жолын, халықтарын жақсы білумен қатар,
Сейфсаттардың қытай тілінен де хабары бар болатын.
Рафаилов бастаған, Сейфсаттар қостаған керуен Қашқарияға беттеп
жолға шықты да, қытай қаласы – Шəуешек тұсында Тянь-Шань тауынан
асты. Арғы етегінен Такламакан құмын айнала отырған ұйғыр шаһарлары,
бірінен соң бірі тізіліп кетті.
Сейфсаттардың ойы, - Рафаиловтың керуенін Такламакан құмының
солтүстік жағымен жүргізіп отырып, шығысындағы Құмул (қытайша –
Хами) қаласына апару еді де, одан əрі - Алтынтау арқылы Тибетке кетіп,
Такламаканның оңтүстігіндегі қалаларға қайтарда соғу еді. Ол жоспары
болмай қалды. Керуен Кучəр (қазақша - көшер) қаласына жеткенде,
«Бөгдехан» аталатын қытай императоры өліп, соның азасынан алты айға
дейін қытайға бағынышты қалаларға сырттан саудагер кіргізбеді, іштегі
саудагерлерді шығармады. Рафаиловтың керуені де сол «тəртіпке» ілікті.
Бірақ, керуен одан зиян орнына пайда тапты. Ол бұған дейін Тянь-Шань
тауының арғы жəне бергі жағында көшіп жүрген қалың қырғыздардың,
айылдарын (ауылдарын) аралап келген. Мал шаруашылығымен, əсіресе қой
шаруашылығымен күң көретін базарлары жырақ қырғызда киім-кешекке
өте тапшы екен. Рафаилов соны пайдаланып, қолдағы бұйымдарын қойға
айырбастай берді.
«Сонда, –деген мəлімет бар, – бір көйлектік кездемеге бір ту қой,
немесе, бір пар етікке екі қой алып отырған».
Саудагерлер бұл қойларды, малы аз, етке тапшы ұйғыр қалаларына
тоғытады да сусар, бұлғын, құндыз, тиін сияқты аңдардың терісіне
айырбастайды. Қашқария тауларынан «Яшка» аталатын қымбат тастың
түрлі түстері табылады екен. Рафаилов бұйымдарына оларды да
айырбастай береді.
Алты айдан кейін керуен Кучəрден əрі қарай жөнеледі. Тибетте олар
пайданың жаңа түрін табады: «металл» аталатын кеннің, əсіресе «алтын»
жəне «күміс» аталатын металдардың ең көне отанының бірі – Тибет екені
мəлім. Тибет тауы, алтын мен күмістің дүние жүзіндегі ең бай қордасының
бірінен саналады.
– Мыңдаған жылдар бойына жинала берген алтын мен күмістің қоры –
деседі, білетіндер. – Тибетке Рафаилов керуені барған шақта, «төгіліп-
шашылып...» дегендей, мейлінше мол жəне арзан болыпты.
Жамбы», «тай тұяқ», «қой тұяқ», «атан тұяқ» аталатын алтын мен
күмістің жентектерін, Рафаилов керуені қоржындап жияды...
Қымбат қазыналарды, тегін пайданы қуу жолында керуен жеті-сегіз жыл
жүріп қалады. Алғашқы жоспарлары Тибеттен Кашмирға бару болғанмен,
жерін, елін, үйін салған керуен адамдары, табысқа құныққан Рафаиловтың
көнбей Такламаканның оңтүстігін жағалап Россияға беттейді.
Осы бетте, Яркен мен Қашқар шаһарларының арасында Рафаилов ісініп
ауырады да, аз күнде күп боп кетіп өледі. Біреулер оны «ұйықтап жатқанда
қара құрт, жылан сияқты улы мақлұқтар шаққан болар» деп жорамалдайды.
– Ал, расында, – деген сөз бар, кейін тараған бір мəліметте, –
Сейфсаттар мен Хасан ақылдасады да, байлығын иемденіп қалу үшін,
апиын ішуді жақсы көретін Рафииловқа алдастырып жыланның етін береді,
ол содан өледі.
Бұл бұған дейінгі 150 шақты жылдар бойына əкімшілік жүргізіп келген
қытай империясына қарсы. Жəңгір есімді қожаның бастауымен,
ұйғырлардың көтеріліс жасап, əкімшілікті қолына алып тұрған шағы екен.
Серіктері Рафаиловтың мəйітін Қашқар шаһарына алып келеді де,
уақытша үкіметке мəлімдеп, «Аппақ қожа аталатын əулиенің» қасына
жерлейді, үстіне мазар тұрғызады.
Жəңгірден ұлықсат алған керуен Россияға беттеп, Тянь-Шаньнның
«Мұзарт» аталатын асуынан əрі қарай еңкейеді. Осы арада көшпелі
қырғыздар керуенге шабуыл жасап, мал-мүлкін талайды.
– Соны сылтау ғып, – дейді біреулер, – Сейфсаттар мен Хасан
Рафаиловтың алтын, күміс, қымбат тас сияқты мүліктерін жасырады да,
«талап əкетті» дейді.
Таланған керуен бет-бетімен қашып, таудың əр қуысына тығылғанда,
Сейфсаттар мен Хасанның жөні бірге болады. Бірақ бес-алты есекке көң-
қоқыр артып жаяулаған Сейфсаттар, Россияның шеткі қаласы Кяхтаға
жалғыз келеді. Ондағы əкімдерге таланған жайларын айта кеп:
– «Адам басы бір алла болды» – дейді ол, – əркім өз басын сауғалады.
Мен де бетіммен лағып əрең жан сақтадым. Өзгелердің аман-жаманын
білмеймін.
– Сонда, – деседі қауесетшілер, – Сейфсаттар қасындағы Хасанды
өлтіреді де, таудың тасасына тастап кетеді. Жаудан аман алып шыққан
қымбаттарын, жан сезбестей ғып, есектерінің ыңыршағына жасырады да
Омбыға аман жеткізеді.
Сейфсаттар ұрлап əкелген байлығын Омбыда лақ еткізіп төге салмай,
жарқ еткізіп көрсете қоймай, шыжымдап еппен ұстайды. Рафаилов
керуенінен аман келген біреулер, «алтын, күміс, асыл тастар сияқты
мүліктер осының қолында еді» деген соң, Омбының үкіметі оған
күдіктеніп, бірнеше жыл бақылап та көреді, жауап сұрап та байқайды, бірақ
сырын аша алмайды.
Реттеп тыққан қымбаттарын еппен ұстаған Сейфсаттар біраз жылда
орасан байиды да, первый гильды саудагер атағына жетеді. Енді ол Орта
Азияға, қытайға... дегендей өзінің бай керуендерін жүргізеді.
Шыңғысты ол байлығы осылайша шалқып тұрған шағында пəтерге
тұрғызған ондағы ойы əрі – хан тұқымы, əрі – бір дуанды билеп тұрған аға
сұлтанның баласы, оның үстіне орысша оқымақ, орысша білгеннің қаны
жерге тамбай тұрған шақ, ендеше, бұл да ертең қазақ даласындағы
əміршілердің біреуі бола кетеді, сондай адамды үйінен баулып ұшыру
керек.
Баулығысы келген бұл «құсқа» Сейфсаттардың тастар жемі де қолында
сияқты оның төрт əйелінен он шақты ұлы, бес-алты қызы бар. Осы
қыздардың ішінде өзбектен алған үшінші əйелі Мафтухадан, Шыңғыспен
жасты үріп ауызға саларлықтай сұлу, сабақты орыс школынан оқитын, Діл-
Афруз есімді пысық та, өткір де қызы болатын. «Бірге өсіп, біте қайнаса, –
деп жорамалдаған Сейфсаттар, – Шыңғыс осы қызға қалай əулікпес екен?»
Сейфсаттардың үміті босқа кеткен жоқ. Пəтерге тұрған күндерінен
бастап, Шыңғыс Діл -Афрузге үйір болды. Сонымен арты жақсы көруге
айналып, Дəлəпірəз атап кеткен қызды көрмесе, Шыңғыс отыра алмайтын
болды. «Он үште Мақпал қызбен болдым таныс» дегендей, бұлардың
көңілі кішкене күндерінен қосылып кетті. Мына мəн-жайды байқаған
қыздың шешесі қызғанған мінез көрсетейін деп еді:
– Шығарма, дыбысыңды! – деп бұйырды Сейфсаттар, жүре берсін!
Құдай осы жұптарын айырмасын. Əйтеуір қосылатын болған соң
жастайынан үйір болғандары жақсы.
– Қосыларын қайдан білесің? – деген əйеліне
– Қайда барады, қосылмағанда? – деді ері, – аш төреге азғантай азық па,
менің дəулетім?
«Шешесі Қаржас – Шорманның қызын атастырыпты» деп естіген əйелі:
– Оны қайтеді? – дегенде:
– Қайтуші еді, – деп жауап берді ері, – төрт қатынның бірі өзің қайтіп
отырсың? Ол да сөйтеді.
Шорманның қызына шешесінің құда түскенін білетін Шыңғыстың өзі де
Сейфсаттардай ойлайтын еді. Оның жоспары: шешесі қыстамаса,
Дəлəпірəздан басқа қатын алмау, себебі оны шын жүректен сүйеді; ал, егер,
қыстап аласың деп жатса, Дəлəпірізі көнсе, Шорманның қызын тоқалдыққа
ала салу. Кейінгі кезде, осы жайда Діл – Афруздан сыр тартып көрсе,
ытырынып маңына жолатар емес. Жолату орнына, «бұл сөзді қалай
айттың?!» деп, ағыл-тегіл жылап, мазасын кетірді. Сонда, ақтық сөзі:
– Мынауың ойының емес, расың болса, мен саған ғана емес, дүниеге де
жоқпын.
Бұл Діл-Афруздың шын сөзі еді. Орыстың, француздың тілдерін жақсы
білетін, осы тілде талай романдарды, поэмаларды, пьесаларды оқыған
героиналарды білген, солардың біреуі бола кету оп-оңай.
Осындай сырларын ашып айтудың үстіне Діл-Афруз Шыңғысқа соңғы
кезде бір жаңалық естіртті, ол – жүкті болып қалуы еді.
Бұрын да «бізді айырар күш жоқ» деп сендіретін еді, Шыңғыс Діл-
Афрузды. Расы да еді ол соңғы сөзін естігеннен кейін, Шыңғыс бұл ойына
бекіне түсті.
Сондай берік ойдағы оған, «шешең келе жатыр дейді деген хабар
жайдың оғынан кем тиген жоқ. Əсіресе «Шорманның үйіне соғып келе
жатыр... Шорман да бірге келе жатыр... қалыңдығын да ертіп келе жатыр...»
деген хабар əбден тұйыққа тірелтті.
Шешесінің «оқуын аяқтай барам, той жасаймын» деген сөзін Шыңғыс
ерте естіген. Оның келетін уақыты болып та қалды: Бірақ Қызылжарлатып
тура келсе керек еді ғой? Екі-үш есе бұрыс жолмен келуі қалай? Əлде Діл -
Афрузбен жақындығын естіп қап, Шорманды ерте келіп салмақ салмақ па?
– Мейлі, – деп бекінді Шыңғыс іштей, – келе берсін! Бетімнен
қайтпаймын. Онда не істейді маған? Əкімдер «Омбыда қызметте қал» деп
жүр: Ерегіссе, – қалам да қоям!
Бір керемет сайыс боларын күткен Шыңғыс, бұл халды жанындай жақсы
көретін Ділəпразына шошытып aлмайтын түрде жайлап айтпақ болды:
«Ел құлағы елу» дегендей, Айғанымның Омбыға беттеп неге шығуы,
Шорманға неге соғуы, қызы мен оны неге ертіп келе жатуы Омбыға да
түгелімен естілген еді. Осы қауесет Діл-Афруздың да құлағына шалынып,
оның халы айдалада адасқан, келе жатқан сұрапыл дауылды көріп, қайда
паналарын білмеген жалғыз қаздың халына түскен еді. Айғанымның,
Шорманның қандай адам екендіктерінен хабары бар да, Шыңғыстың
шешесін сыйлайтынын да, одан қорқатынын да біледі. Солар Омбыға келе
қалғанда, біріне келін, біріне қыз – Зейнепті ертіп келген де не хал болмақ?
Бұл сұраудың жауабын Шыңғыстан сұрағалы жүргенде, сөзді
Шыңғыстың өзі бастауы, үркейін деп тұрған қоянға «тəйт!» деумен бірдей
болды. Сөзін ол алыстан орағытып, тұспалдап бастағанмен, «шешем келе
жатыр» деген сөз аузынан шыққанда, шегінен шығара үрлеген қуықтай
тырсылдап болған Діл-Афруз «аһ!» деп шыңғырып қалды да, талықсып
кетті.
Қыздың есін жинату Шыңғысқа оңай болған жоқ. Бұл жайды əп-сəтте үй
іші де естіді. Сейфсаттар ол күндері сауда-саттық жұмысымен Семей жақта
жүр еді. Үйіндегі естияр адамдары – əйелдері. Өзара ит пен мысықтай боп
бірінің үйіне бірі бастарын сұқпайтын. Кезіккен уақыттарында кекірейіп
амандаспайтын, ішкі сарайларында біріне-бірінің ойлайтындары – қастық
та, ерлерінің қатал қамшысынан қорықпаса, бірін-бірі түтіп жеуге де əзір
де.
Діл-Афруз бен Шыңғыстың жақындығын Сейфсаттармен барлық əйелі
де білетін, сонда туған шешесі – Мафтухадан басқасы, – бұл қыздың
бақытсыз болуына тілектес еді. Олардың ойына салса, – «қызды Шыңғыс
мазақтаса екен де, жұртқа əйгі болған шақта, масқара ғып тастап кетсе
екен!» Сондықтан Діл-Афруз талып қалған хабарын естігенде, жалғыз
Мафтуха ғана не істерге білмей, бебеу қағып жүргенде, өзгелері «шоқ,
шоқ» десті де, үйлерінен шықпай отырып алысты.
Кешке қарай есін жинағанмен, Діл-Афруз бірер күн төсектен тұрмады,
тамшылаған судан басқа дəм де татпады... Сол кезде Омбыға бұлар күткен
қорқынышты жолаушылар да жетті...
Айғаным айтылмышы – Ғабдүр-рахим ахонның үйіне түсті. Шорман
нөкерлерімен Ертістің екінші жағасындағы Қиржас аулына кетті. Айрылар
алдында Шорманмен оңаша сөйлескен Айғаным, жолшыбай жұрттан
жасырып кеңескен бір əңгімесін түйіндеп қалған-ды:
– Егер балам ойымнан шықса немесе шықпаған күнде еркіме көндіре
алсам, балалардың некелерін қидырып тастауға көнер ме едің? – деген еді
ол.
– Оқасы не? – деп көне кеткен еді Шорман, – шариғат «қызды – тоғызда,
ұлды – он үште балиғ болады» дейді. Екеуі де ол жастан өтті. Некесін
қашан қидырам десең де ерік сенде.
Айғаным айтылмыш – Ғабдүр-рахим ахонның үйінде Ол да
Айғанымның келуінен хабардар болатын. Неге келе жатуын да естіген.
Сонда да ештеңені сезбегенсіп:
– О - о, бəйбіше, хош келдіңіз!.. Хұрметті меһманым болыңыз!.. – деп
құрақ ұшты.
Көрмеген жылдары Əбдірақым да шарланып, əукесі де, қарны да
салбырап, бұрын бірен-сарандаған ғана ақ қылтаны бар дөңгелек сақалы
мен мұрты ала-жолақтанып қалған екен. Ол өз денесінің ауырлығына
қарамай, бегемоттай домаланған Айғанымды пəуескеден көтеріп түсірді.
Aяғы жерге тие қолтықтап алды да, босағасына дейін демеп əкеп, екеуі
қатарынан сыймайтын есікке Айғанымды бұрын өткізді. Одан əрі тағы
қолтықтап, құрметті қонақтарына арнаған салтанатты, кең бөлмесіне
кіргізді. Əдетте, Ғабдүр-рахимнің үйінде мұсылман дініндегі адамдар ғана
қонақтайтын жəне жабайы жұрт емес, байлар, мырзалар, билер, əкімдер,
дін ғалымдары сияқты «ірі» адамдар ғана болатын. Үй ішін мұсылмандық
шығыстың салтымен жинататын Əбдірақым, қонақтың бөлмесін де
солайша безендірген, сəкіге төсеген қалы кілемнің үстіне көрпелер төсетіп,
жастықтар тастайтын, қабырғаларды түгел жауып тұратын қымбат
кілемдердің өрнектері оттай жайнайтын.
Ғабдүр-рахим Айғанымды - «Əуелі сусындар да, содан кейін дем алып,
мəжіліс құрар» деп ойлаған еді. Олай болмады.
– Хазірет, – деді Айғаным, төрге орныға бере – оңаша бір сөздер бар еді.
– Əуелі сусындап алмаймыз ба, бəйбіше? – деп сұрады Ғабдүр-рахим.
– Кейін. Өзге жұрт шыға тұрсын. Екеуміз оңаша қалайық.
Өзгелері «шық» демей-ақ, сөгіле бастады.
– Хазірет, – деді, жұрттың арты есіктен шығып болмай, Айғаным
қасынан орын нұсқап, – берірек отыр!..
«Бұнысы несі?!» деген кескінмен жуан денесін зорға сүйреткен Ғабдүр-
рахим еңбектей жылжып жақындады. Айғаным, əуелі: - «Саттардың үйі
аман ба?..» - деп бастап, оның қызымен өз баласының байланысы барынан
«хабардар ма, жоқ па?» деп сыр тартпақ болып еді. Ғабдүр-рахим түсіне
тұра түсінбей, бойына дарытпады. Ол қулығынан ештеңе шықпаған соң,
Айғаным «осылай да осылай» деген əңгімені айта кеп, сөзінің аяғын
имамды айыптауға тіреді:
– Сол қаңғырған естекпен таныстырған да өзіңсің, баламды үйіне
қойғызған да өзіңсің, сонда, осындай қулықтарың бар екен ғой сендердің?
Мына тұтандырған өртіңді өз қолыңмен сөндір, қазірет, əйтпесе алдымен
кескілесетін жауым сенсің! – деді.
Ғəбдүр-рахим бұлтарып та, сөз таластырып та көрді. Бірақ одан өнетін
ештеңе жоқ сияқты, егесе берсе істің арты жаманға айналып, таяқтың
ауыры өзіне тиетін сияқты... Сонда Айғанымның имамды қорқытқан
құралы: «біріншіден - қазақтардың үстінен жүргізіп тұрған ақындығыңнан
жұрдай қылам. Оған өз күшім жетпесе, құдамның күші жетеді; екіншіден –
қаперсіз кезде өрт салдырып, үй-мүйіңмен ұлт - отаныңды күйдіртіп
жіберем!»
– Осыған əкел, қолыңды! – деп Айғаным қолын ұсынғанда, көңіліне
қауіп ұялай қалған Ғабдүр-рахим «мə» дей алмады. Сасқалақтаған Ғабдүр-
рахимнің бар айтқаны:
– Не істейміз, бəйбіше, сонда?
– Істе дейтінім азғантай да, оңай да, – деді Айғаным, – баламды осында
шақыртып алам да, райынан қайтарам. Егер қайтпаса, осы үйде қамап
ұстаймын да, Шорманның қызын алдырам, сен екеуінің некесін қиясың да
тастайсың.
Ғабдүр-рахим амалсыздан көнді. Бұл хабар Шорманға жетті. «Сəті түссе
даяр тұрсын» деген оймен, Айғаным Зейнепті имамның үйіне алдырып,
үлкен бөлмесінің біріне жасырып қойды. Өйтуге Зейнеп тартынған жоқ,
себебі «қайтсем де қосылам» деген сертке, ол мықтап бекінген-тін.
Имамның айналасы биік тақтай шарбақпен қоршалған, қорасының
алысырақ түкпірінде тоқалына қарағайдан төрт бөлме ғып салдырған, атын
«отау» қойған флигелі бар еді. Шыңғыс сонда шақырылатын болды. Егер
сəті түсіп Зейнеп пен Шыңғыстың некесі қиылса, Омбыдан аттанғанша
сонда тұратын болды.
Шешесінен шақыру хабар келгенін Шыңғыс Діл-Афрузға естірткен жоқ,
«тағы да ауыртып алармын» деп қауіптенді. Өз ойында: «сертім - серт,
айтқанымнан танбаймын!».
Айғаным Шыңғысты осы отауда күтті. Баласын «келелі» деп сенген ол,
«бетін қайтсем қайтарам?» деген ойға олай да, былай да жоспарлап
байқады. Солардың қайсысына тоқырарын білмей сандалып отырған
шақта, бойы өсіп, сұлу жігіт болған, əскерше əдемі киінген баласы, отаудың
шығар есігіне қарама-қарсы кең бөлмеге жайраңдап кіріп келді. Сол сəтте
Айғанымның басындағы ой-сананың бəрі қашып, бойында тек қылыштай
қылпылдаған ашулы қайрат ғана қалған еді. Шешесін көргенде еркелей
келіп кеткен Шыңғыс, құшағын жаза «апа!» деп, жылдам адыммен
жақындап қалғанда:
– Мəссаған «апа!» – деп, құлашын қатты сілтеген Айғаным жақтан
тартып кеп жіберді.
Қаһарлы шапалақ қатты тиді ме, əлде бұрын бұндай шапалақты
көрмеуінен бе? Шыңғысқа шапалақ тиген бетінің сүйегі күл-талқан боп
қирап қалған сияқтанды; соққан шақта жарқ еткен көзінің нұры сөніп
қалғандай қарауытып кетті, миы да шайқалғандай, теңселіп барып, қасында
тұрған кең диванға құлап түсті... Ол осы қалпында ұзақ жатар ма еді,
қайтер еді, егер, құлағына шешесінің:
– Көтер басыңды – деген ащы дауысы шаңқ ете түспесе!
Шыңғыс көзін ашса, қасында шешесі емес, ажал төніп тұр!.. Оның
қолында сілтеуге көтерген, үші сүйір, екі жүзді қанжар!.. «Жарады екен»
деп зəресі кетіп, үрейлі қимылмен шегіне берген Шыңғыстың «апа!» деп
бақырып қалуға ғана шамасы жетті.
Осы үн шықпағанда, бойында ашудан басқа ештеңе жоқ. Айғаным
жарып тастар ма еді, қайтер еді? Мына үн оның сөне қалған аналық
рахымын тұтата қойды. Алдында үрейлене жасқанған Шыңғыстың баласы
екенін Айғаным сонда ғана білді, денесін үйіріп əкеткен ашудың сұрапыл
құйыны басынан сонда ғана ауды, ақыл басына сонда ғана оралды... Сонда
ғана ол, батылдықтан қатындық қалпына кеп, қолындағы қанжарды түсіріп
жіберіп, бақыра жылап отыра кетті.
– Ойбай, ойбай! – деп бақырды ол, көз жасы бетінде судай сорғалап, –
қу-шұнақ құдай!.. Бай қызығын көрсетпедің, ойбай!.. Бақ қызығын
көрсетпедің, ойбай!.. Мал қызығын көрсетпедің, ойбай! Енді, бала
қызығын да көрсетпейін деп пе едің, ойбай!.. Қу шұнақ, құдай, неңді алдым
бүйтетін?!.
Шешесіне жаны ашып кеткен Шыңғыс, шапалақ тиген жағының
дуылдап ауруына қарамастан, диваннан ұша түрегеп:
– Апа!.. Не болды, апа, сонша бүлініп? – деп құшақтай алды.
– Бүлінбегенде қайтейін, ойбай! – деді Айғаным, даусын да, көз жасын
да үдете түсіп, алақандарын жая, екі қолын жоғары көтеріп, – мына
қолдарымды жайып, аналық, ақ жүрегімнен берген батамды бұзам дейсің...
– Қашан? Қайда? – деген сөз түсіп кетті Шыңғыстың аузына.
– «Қашаның» не, «қайдаң» не? – деді Айғаным баласына адырая қарап. –
Айт, жаның барда, – деді, қасында жатқан қанжарды қолына алып, –
шыныңды айт!.. Саудагер естектің қызын алатын болғаның рас па?..
Күтпеген кенет сұраудың, жауабын қалай берерін білмей сасқалақтаған
Шыңғыс, шешесін құшағынан босатып, ықылық ата кекештене сөйлеп:
– Апа, оның мəні... – дей беріп еді.
– Таста мəн-сəнді! – деді Айғаным ақырып. – тура сұрауға тура жауап
бер! Қатындыққа аласын ба, жоқ па, қызды?..
– Апа-ау, əуелі тыңдасайшы!
– Түгі де жоқ тыңдайтын. Мен тіріде ол қызды алмақ түгілі маңына да
жоламайсың. Егер тілімді алмасаң, мына қанжарды саған салам, жетпесе –
өзіме салам.
– Сонда да, апа!.. – деді Шыңғыс, жылдамдата сөйлеп, ойын қысқаша
естірткісі кеп, – тыңдашы бір-екі ауыз сөзімді!
– Ал, айта ғой, бірақ «бір-екі ауыз» ғана! Шыңғыс сөздерін күлдіргі
түрде айтқысы келді, ол жымия, жайраңдай бастағысы келді. Бірақ ішкі
толқыныс та, бет бейнесі де еркіне көнбей, лебі «күлдіргі» емес,
«жыларман» сияқты боп шықты.
– Апа, – деді Шыңғыс, сөздерін қалжың түрінде бастағысы кеп, – біз көп
қатын алып үйренген тұқым емеспіз бе?
– Ар жағын айта бер! – деді Айғаным жауап күткендей жымия қарап, аз
тоқыраған баласына, суық өңін жылытпай.
– Маған да болмай ма, сөйтуге?
– Болсын. Бірақ, əуелі «құдай десіп, құйрық, бауыр асап», бата оқып
құда болған Шорманның қызын аласың. Сонымен бірер жыл отасып,
қызық – қызметін көресің. Содан кейін жүз қатын алсаң да мейлің. Басқаша
болса қайтер еді, апа? Қалай?
– Естектің қызынан бастасақ?..
– Неге?
– Əуелі өзің сол қызды көрші, апа! Не қылам, көріп? Мен қатын қылам
ба? Ол бір ғажап жан, апа... Несімен?..
– Ажарымен. сымбатымен, қылығымен...
– Əй, қалай-қалай дөңгелетпекшісің, мені? – деді Айғаным Шыңғыстың
сөзін бөле, жекіп, – ол былшылды қой сен! Айтқаным айтқан: менің
өлігімді аттамай ала алмайсың ол қызды...
– Балам бар, апа!.. – деп қалды Шыңғыс ышқынып.
– Басына с.... балаңның, – деді Айғаным. – «Сан балам сан басында
қалды» дегендей, тумаған бала түгіл, туған бала да əр жерде қалып жатады.
Бұл да соның бірі болар...
– Жоқ, апа... – дей берген Шыңғысты Айғаным жаққа тағы да тартып
қалмақ болғанда, баласы бұғып үлгерін, шешесінің қолы жерге тиді. Сол
кезде, əлгінде тараған ашуы бойына тағы торлана бастаған Айғаным:
– «Алмайсың» деген соң, алмайсың! – деп жерді жұдырығымен үш
түйді. Сонда, Шыңғыстың еркектігі ұстай кетіп:
– «Алам» деген соң, алам, апа! – деді.
– Не дейсің? – деп бетін бұрған шешесінің түсін байқаса, мана
шапалақпен соққан қалпына келіп, əлем-тапырық бола қалыпты. Шыңғыс
жасқанып үлгермей, қанжарлы қолын биік көтерген Айғаным, – өзіме
салайын да! – деп сілтей бергенде, қалайша шап беріп ұстай алатынын
Шыңғыстың өзі де аңғармай қалды.
Шешесінің қолы аса қарулы екенін, Шыңғыс сонда ғана білді. Үші
киіміне ілегіп үлгерген қанжарды кейін қайтару Шыңғысқа ете ауыр соқты.
Қанжарлы қолға бір қалыңын шамасы келмеуін байқаған ол, екі қолымен
ұстады. Аңқайып қалған қолдың, сонда қайысар түрі жоқ, ол шегінудің
орнына сұғынып барады. Сөз тыңдаудың орнына жаралы жолбарыстай
ыңыранып «жіберер!» дей береді.
Шыңғыс жанталасты, өйткені мына түрімен, мына қимылына қарағанда,
шешесінің өзін-өзі жарып тастауына күмəн жоқ. Шешесіне тілінің де,
қолының, да күші жетпеуін аңғарған Шыңғыстың тұла бойынан мұздай
тері кетті де:
– Апатай-ай, айтқаныңды істейін! – деп жылап берді. Сонда ғана
сірескен қол босаңсығандай боп:
– Рас па? – деді Айғаным.
– Рас, апажан!
– Атаңның аруағымен ант ет, ендеше!..
– Ат-там...
– Атын ата!
– Атам, Абылайдың...
– «Аруағымен ант ішем!» деп ант ішем...
– «Аруағымен» де!..
– Аруағымен!..
Қанжарлы қолын жерге түсірген Айғаным, оң қолмен омырауына тықты
да, былғарымен қаптаған, үлкендігі бір нəрсені суырып алды. Не екенін
Шыңғыс біле қойды: «Əулие атам Мекеден əкелген, Мединеде
пайғамбарымның зиратына шырақшы болып тұрған имам сыйлапты, атам
сыйлады» дейтін бұл құранды Айғаным тұмар ғып ішкі төс қалтасынан
тастамайтын.
– Мə, бетін аш та, сүй, мына «Кəлам -шəрифті!..» – дейді Айғаным.
Өзінше – діндар Шыңғыс, құран ұстап, ант ішуге қорыққандай іркіліп
еді:
– Мə, ал! – деді Айғаным, зілді дауыспен түйіле қарап, – сүй!
Шыңғыс құранды шешесінің бұйрығымен əрең сүйді.
– Болды! – деді Айғаным жадырап, – мықты болсаң, əрі, – аруағыңнан
садаға кетейін, – хан – атамның əрі, – екі дүниенің сəруары – пайғамбар
салла аллаһү ғалайһү уəссəлəмнің аруағын аттап көр!
Шыңғыс үндемеді. Ол шешесінен іштей де, сырттай да мүлдем жеңіліп
болды. Ендігі оның халы, – ертегілерде айтатын аждаһа орап алған
арыстандай.
Ауызша «бітті» дегенмен, іштегі күдігі əлі де ойнақ сала жатқан.
Айғаным «сəті түсіп тұрғанда тұжырып тастайын» деген оймен:
– Əу, кім барсыңдар? – деп дыбыс берді сыртқа.
Мен бармын» дер кісісі. сол үйдің шығар есігінің сыртқы босағасында
даяр еді, ол -күтушісі Күнікей. Шыңғыс үйге кіргеннен кейін, сол арада
тұруды Айғаным мана тапсырған. Сол бұйрықты орындаған ол, Шыңғыс
үйге кіре, сыртқы босағаға жабысып, үй ішінде не халдер болып жатқанын
түгел есітіп тұрған. Шеше мен баланың арасында жатқан оқиғаға жаны
езіле ауырғанмен, қолынан егілер дəрмен жоқ.
Сондай қиналып тұрған Күнікей, Айғанымның: «Əу, барсыңдар?» –
деген даусын естігенде, жыланның арбауына іліккен боз торғайдың
əлдеқалай босанып кеткен ініне түсіп, үйге:
– Əу, алдияр! – деп жүгіріп кірді.
– Шақыр, имамды!.. – деді Айғаным оған, – əкелдір, қалыңдықты!..
Куəдірлер де келсін!.. Былайғы жұрт топырламасын!..
Күнікей «мақұл!» деді де жүгіре жөнелді.
Даярлап қойған имам мен куəдірлердің тез келуіне Айғаным күдіктенген
жоқ. Ал, Зейнепті əлі бет пердесі жыртылмаған жас қалыңдыққа санап,
«тез келе қоймас, келсе де именіп зорға келер» деген ойда еді.
Ойы ақталмады. Имамның бойжеткен қызын қасына ерткен Зейнеп
өзгелерден бұрын кірді, себебі - оның кеудесін ауылда кернеген ар-намыс,
жолшыбай да, Омбыға келгелі де күшейе түскен-ді. Ол Омбыға келген соң-
ақ, сыр айтатын кісілеріне:
– Сол тереңі, əуелі, көзіме көрсетіңдерші, – деп өтінген.
– Мақұл, -– дескен аналар.
– Бірақ, мен оны көрейін де, ол мені көрмейтін болсын, – деген Зейнеп.
– Ол да болсын, – дескен сырластары.
Олар қайда, қалай көрсетудің айласын іздегенде табыла кетті: Шыңғыс
школаның атты əскерлік бөлімінде оқыған. Орыс тіліндегі əскер оқуының
өзгесіне еркін болмағанмен, ат ойынына келгенде пəлен жүз оқушылардың
біреуі де оған теңдеспейтін. Кішкене күнінен əуелі тайға, онан құнанға
мініп дағдыланған Шыңғыс, «атқа шабар» жасқа іліккен соң, жуас жылқы
түгіл, тарпаң, асау, алып-қашпа аттардың құлағында ойнайтын. Жеті-сегіз
жастан кейін, ол бəйге аттардың басына мініп, талай рет жарысқа да
түскен. Оқуға соншалық тəжірибемен келген ол. Бірден-ақ əскер атына
жабыса кетіп, ат ойындарын көргендердің көзін сүріндірді.
Школадан қазақ-орыстарға берілетін – урядник чинінде шықты. Кейінгі
жылдары оның бойшаң, сымбатты жігіт болғанын жоғарыда айтқанбыз.
Сол денесіне урядник формалы киім, əсіресе, бауы иығына асылған сол
жамбасындағы қылыш тіпті жарасып кетті.
Ол кездегі халқы аз ғана Омбыға, ат құлағында ойнайтын Шыңғыс
танымал боп қалған, оның атқа орнықтылығына, икемділігіне ел қызыға
қарайтын еді. Соны білетін Шыңғыс, кейде аяңы – əсем, желісі – жеңіл,
шабысы – екпінді аттың жүрістерін көрсетпек болып, көшелерде əдейі
жүретін.
Шыңғысты Зейнепке көрсетпек болғандар, оның ат өнерін көрсететін
көшелерін аңдытты. Оны білмеген Шыңғыс қалыңдығына көрінуге əдейі
келгендей, машықты орамдарына атын ойнатып жүріп алды. Сонда кескін-
кейпін де, киім-кешегін де, атты ойнатуын да еркін көрген Зейнеп, оған
қатты қызықты.
– Бұндай күйеуі бар қызда не арман бар екен?! – деді де «осыған
қосылмай қоймаймын!» деп іштей ант етті.
«Егер ол көнбесе ше?» деген сұрау үстінде ойы толқи бастап еді:
– Қой, өйтпес, – деп бекінді Зейнеп, – егер өйте қалса, не оған, не маған
ажал болар!
Осы оймен «егер кездесе қалса, оған да, өзіме де салармын!» деп, қима
бел жеңсіз қамзолының сыртынан буынатын алтынды кемер белбеуін, оның
Ішінен буынып, пікір кездігін іліп алды.
Шыңғыс отырған үйге, Зейнеп осындай киімінде кірді.
Шыңғыс шешесімен оңашаланған шақта, сөздерін тыңдауға қойған
Күнікейге:
– Жақсылық хабар болса, ол үйден қолдарыңды жоғары көтере кел, апа,
– деп тапсырған еді Зейнеп, – жаманшылық болса жəй кел.
Толқыған жүрегі кеудесіне сыймаған Зейнеп, демін əрең алып, Шыңғыс
кірген үйге терезеден телміре қарап отырды, көтерген екі қолын бұлғай,
бері қарай жүгірген Күнікейді көрді. Ол қора ішінен қалай атып шыққанын
аңғармай да қалды.
– Бар, қалқам, тез бар! - деді Күнікей жақындай бере, ентіге сөйлеп, –
оңдады құдай! Бергі сол жақ бөлмеде отыр, тез жет!
Қуаныш қуған Зейнеп, далпылдай жүгіріп, нұсқаған бөлмеге кіріп келсе,
басы төмен салбыраған Шыңғыс, күрең барқытпен қаптаған кең диванда
жалғыз отыр екен. Ол да бар» деген Айғанымның қайда кеткені белгісіз.
Есінеп есіктен кіре бере, «о, төйем!» деп құшағын кең ашады да, талай рет
табысқан əйелдей, Шыңғысты бас салды. Онымен де қоймай, құшағына
қатты қысқан қалтыраған оттай ыстық лебімен қарып, екі бетінен кезек-
кезек шолпылдатып сүйді. Шыңғыста қимыл жоқ.
– Құдайдың жазғаны оны шығай, төйем! – деді ол аймалап, – көнешін
ошыған. Жаман жай болмашпын, төйем!..
Шыңғысты Зейнеп сол қатты қысқан құшағынан біраз босатпас па еді,
қайтер еді, егер сыртқы есіктен куəдірлерін ерткен Əбдірақым, ішкі
бөлменің есігінен Айғаным кіре бермесе. Олардың тықырына жалт қараған
Зейнеп ұялған боп, орнынан түрегелді де, бетін үйдің бұрыш тығыла аудара
қойды.
– Ə, құдай бергеніңе тəуба, – деді, мана. Зейнептің үйге қарай жүгіріп
келе жатқанын көріп, ішкі бөлмеге кіре беріп, баласына «хұданың
бұйрығы, шырағым!.. Екі аруақ, бір құдай қосқам жарың осы!» Атаңа
атасы тең, өңі өзіңе тең. Уыз қалпындағы бала! Қандай жігіт болса да
«жарым» деуге сиярлық. «Енді тулама» деп, көрші бөлмеге бой таса
қылған, оның есігінен сығалап, шарасыз Шыңғыстың сұлық қалпынан
қозғалмауың, үндемеуін, Зейнептің оны өршелене баурауын көріп тұрған
Айғаным, түк те көрмегенсіген дауыспен, – қандай жарасымды,
балалардың біріне-бірінің мейірі!.. Хазірет! – деді ол Əбдірақымға қарап,
Шыңғысқа білдірмей, көзін қысып қойып, – «екі досты айырған обал, екі
жасты қосқан – сұбап» дейсіздер ғой. Балалардың сұбабын алып «ежеп-
қабылын» оқи ғой!
«Ежеп-қабыл» да оқылды. Куəдірлер де қызметін атқарды. Некенің суын
қалыңдық та, күйеу де, куəдірлер де ішті. Шыңғыс арбалған адамдай, неке
қиярдың «істе» деген тəртіптерін орындай береді, жайнаңдаған Зейнеп,
жетекшіл тайлақтай жортады.
Некелері қиылған жастарға сол флигель оңаша тиді. Күту жабдықтарына
араласы бар əйелден басқа адам үйге аяғын аттаған жоқ.
Шорманның ықтиярына салса, құдағиы мен күйеуін еліне ала кетіп,
ұлан-асыр той жасамақ еді. Оған Айғаным ризаласқан да еді. Сол бір
күндері олардың құлағына: «Сəттардың Шыңғыс алам деп жүрген қызы,
одан күдер үзген соң, Омбы өзенінің Ертіске құятын мүйісіндегі биік
жарқабақтан қарғып суға кетіпті» деген хабар шалынды.
Сұрастырса – рас.
Бұл хабарға Айғаным мен Шорман екі түрлі қарады: Айғаным, ең
алдымен, мына хабар құлағына шалынса, баласы бүлінер деп қорықты.
Екіншіден, естуінше Сейфсаттар үйіне келіпті - мыс, қызының елімін
Шыңғыстан көреді-мыс, «жетсе – мал, жетпесе – бас» деп, дауласуға бел
байлапты-мыс, оның арты жақсылыққа соқпауы мүмкін, бай неме,
ақшаның күшімен Шыңғысты мертіктіруі, шамасынан келсе, көзін де
жоюы мүмкін. Ендеше, қамауда отырған Шыңғысты, бір түнде үн-түнсіз
еліне ала қашып, жоқ болу. Содан кейін іздей берсін.
Шорманның айтқаны басқаша болды.
– Қызы өлмек түгілі өрем қапсын, – деді ол, – ұрын өлтірген ешкім жоқ,
қорқатын. Суға кеткен өзі. Кім біледі, неге кеткенін? Менің күйеуіммен
«ойнап-күліпті» деулері сөз емес, «Қымызды кім ішпейді, қызбен кім
ойнамайды» дегендей ойнап-күлген қыз-бозбала суға кете берсе, дүниеде
жан қалмас. Кете берсін. «Өлгеннің жанын ұрады. тірісі несін құрайды»
дегендей, одан ешкімнің ештеңесі де құрымайды. Əпсəттар атқа мінгенмен
не істейді бізге? Қызының күйеуіммен жақындығын немен дəлелдейді. Ол
барған сот орнына біз де бара аламыз. Ол жүгінетін заңға біз де жүгінеміз.
Біреудің қызы суға кетті екен деп, мен мерекемді доғара алмаймын.
Жасаймын деген тойымды жасаймын.
Сүйдеп жүрген Шорман, ойда жоқта қазаға ұшырап қалды: бір күні
ұйқыдан оянса, он, жақ ұрты қышиды; уқалағанға басылмаған соң, айна
алып қараса, бармақтың басындай қап-қара сүйел шыққан; сол сүйел ілезде
ұлғайып кетті... Бақсы да, дəрігер де оны жоюдың айласын тани алмады...
ақыры, сол сүйел, бір жұманың ішінде Шорманды алып тынды...
Дос жағы бұл қазаны, – «алланың ажалы» деп санады, дұшпан жағы –
«Сəттар қызының обалы жібермеу» деп санады.
Ал, Шыңғыс ше?
Діл-Афруздың суға кетуі, оның, құлағына сол күні-ақ шалынды, «сөйтті»
деген хабарды қызметкер болып жүрген татар əйелі құлағына сыбырлап
қойды.
Алғаш естігенде, «қойшы!» деп шошып кеткен ол, кейін пəлендей
қынжыла қойған жоқ. Оған себеп, жасы биыл он алтыдан он жетіге ғана
шыққан, ескі ауылдағы көп қатын алғыш хандар мен байлардың, «бала –
белде, қатын – жолда» деген ұғымы, оның да бойына сіңген. Өз өмірінде
бірінші сүйгені – Діл-Афруз болғанмен, əкесі жеті қатын алған, атасы
жиырма үш қатын алған ол, бұны «біріншім» деп түсініп, арғы жағын
қалай көбейтуді де ойлап қоятын. Бірақ бұнысы Діл-Афрузге сездірмей,
махаббат күйлерін шерткен шақта, «барым – өзіңсің» деп, «өмірлік жарым
– сенсің!» деп өзеурейтін. Нəзік жанды Діл-Афруз ол сөзіне нанатын.
«Қатын өлді, қамшының сабы сынды» дейді қазақ. Байдың қатыны өлсе
төсегі жаңғырады, жарлының қатыны өлсе басы қаңғырады» дейді.
Шыңғыс төсегін, алғашқысы өлмей жатып-ақ жаңғыртқан адам, сондықтан
əуелі тату дос, кейін сүйікті жар болған Діл-Афрузбен өткізген тəтті
күндері еске түскенде жүрегі сыздай қалғанмен, оның өлімін «қамшының
сабы сынуға» санады да, алғаш тұтана бастаған сияқты қайғы өрті, бірер
күннен кейін бəсеңдей беруге айналды.
Өйтпеуіне Зейнеп жібермейді. Ілкі жолығысудан-ақ баурап алған
Шыңғысты «төйем» деп еркелеткен ыстық құшағынан босатпай, бауырына
басқан сайын қыздыра, күйдіре түсті.
Діл-Афруздың өлімін ол Шыңғыспен қатар естіді. Шыңғысқа
сыбырлаған əйел оған да сыбырлады. Шыңғыс алғаш естігенде қайғырса,
Зейнеп қуанды.
– Уһ... бір пəледен құтылған екем! – деген сөзін ол естірте айтты.
– Бұны Шыңғыс естіді ме? – деп сұрады ол сыбырлаған əйелден.
– Білмедім, – деді əйел өп-өтірік, – кім айтады оған? Менімше, білмеген
болу керек.
Шыңғыстың
білгенін
Зейнеп
қас-қабағынан
айырды.
Онысын
сезбегенсіп, «басына оралды ма» деген бұлтты тез ыдыратқысы келді, сол
мақсатпен еркелігін де, еркелетуін де үдете түсті...
Сондай күндері, əкесі – Шорман қайтыс болды.
Бұл кезде Баян аулаға қарайтын Қаржас пен Сүйіндіктің «игі жақсы»
аталатындары Омбыда түгел еді. Олар ақылдасты да Шорманды тез
мекеніне апарып жерлемек болды. Өйткені ыстық мезгілде, семіз мəйіт
жынығып кетеді.
Сонда, Зейнеп қайту керек?
Бұл сұраудың туатын себебі: қызының намысын жəне құнын жоқтаған
Сейфсаттар, «жауым» деп санаған Шыңғысты бір ғана мəселеде ұтқан,
онысы – «Омбыда, қызметте қалады-мыс» деп жүрген Шыңғысты
Соғыстық жорыққа жіберту жəне өзгеге емес, өз ағасы – Кенесарыға қарсы.
Кенесарының Көкшетаудан Торғай жаққа ауып кеткен қалың қолы, бұл
кезде Құсмұрын көлінің маңына торланып, сол араны мекендейтін Марал
ишанның батасымен маңайдағы елді ғазауатқа көтерген. Осыдан патша
үкіметінің алдына, қазақ даласына көтеріліс өрті жайылып кету қаупі туып,
батыста - Орынбордан, шығыста -Омбыдан жазалаушы отрядтар
жіберілмек болған. Омбы əскерін (бізге өткен тараудан мəлім) Шамырай
басқармақ. Оған жəрдемші қазақ қажет болғанда, облыстық басқарманың
советнигі - Тұрлыбек Көшенов, Батыс Сібірдің генерал-губернаторы
Вильяминовқа Шыңғысты ұсынды. Оған екі себеп болды: бірі, – «егер
Шыңғыс Омбыда қалса, өз орнымды алар» деп қауіптенуі еді, екіншісі –
Сейф-Саттардың өтінішін орындау. Сол тілегін орындағаны үшін
Сейфсаттар Тұрлыбекке жарты дорба алтын, Вильяминовқа бір дорба
алтын өткізді деген қауесет бар.
Шыңғыстың жорыққа кетуіне байланысты, Зейнептің қайда болуы,
өзінен өзі шешіліп қалды. Айғанымның ықтиярына салса, келінін
Сырымбетке ала кету еді. Өйтуге, бүкіл Қаржас болып, əсіресе,
Шорманның Мұсасы болып намыс қылды.
– Шыңғыс Омбыда қалса немесе Сырымбетіне барса бір сəрі, – деді
Мұса, – өйтпей, жорыққа аттанғалы отыр. Одан қашан оралары мəлімсіз.
Оның үстіне қазалы болып отырмын. Қаралы қарындасымды қаршадай
қалпында қайын жұртына қалай жіберем? Жесір қатын болып қалай
отырады, онда? Өйте алмаймын. Қарындасымды ауылыма алып қайтам.
Шыңғыс жорықтан оралған шағында келеді де, жесірін алып қайтады.
Мəселе осылай шешілді.
Шамырайдың жазалау отряды қатты қарсылық көрсетіп, қырқыса қан
төккен Кенесары қолын екі жылдан астам уақытта əрең жеңіп, Сырдария
бойына қарай сырып салды да, əрі қарай қууды Жайық бойының атты қазақ
- орыстары міндетіне алып, Шамырай оған көмекші Шыңғыс кейін оралды.
Омбы оларды жақсы қабылдады. Шамырай – полковник дəрежесін,
Шыңғыс – подполковник дəрежесін алды. Сонымен қатар Құсмұрын
төңірегіндегі қазақ елінің көтерілу қаупі əлі де бітпегендіктен,
Орынбордағы əкімдер, жаңадан Құсмұрын аталатын қазақ дуанын ашу
туралы, Құсмұрын көлінің жағасына əскерлік бекініс салып, оны
Шамырайға басқарту туралы, оның аға сұлтаны етіп Шыңғысты
тағайындау туралы патшаға ұсыныс жолдады. Ұсыныс бекіліп келгенге
дейін, Шамырайға да, Шыңғысқа да дем алуға ұлықсат етті.
Шамырайдың қайда дем аларын өзі біледі. Ал, Шыңғыс жақынырақ
жердегі əйелі – Зейнепке емес, алыстағы шешесі – Айғанымға бармақ
болды. Неге?
Əкесі кішкене кезінде өліп, қызығын көрмеген Шыңғыс, өсу
тəрбиесінде, өзін шешесіне өтелмейтін мөлшерде борыштымын деп
санаушы еді. Оның барлық тарихы жақсы жағымен де, жаман жағымен де
Шыңғыстың алақанында. Басы қырықтан жаңа шыққан шешесінің неліктен
тез қартаюын да ол жорамалдайды.
«Сөзде қаңқу жаман, ауруда шаншу жаман» дегендей, Шыңғыстың
ойынша, шешесін жегідей жеп, саулығын тауысып бара жатқан нəрсе –
қаңқу.
«Байсыз қатын, баусыз оймақ» дегендей, ерінен жасында қалуынан ба,
əлде расы солай ма? Айғаным байғұсқа: орыстан, қазақтан, басқадан...
атақты, атақсыздан, жаман, жақсыдан, жас, кəріден таңылмайтын еркек
болмайды. Өсекшілер ол қаңқуларды талай саққа жүгіртіп, көркем əдебиет
тілімен айтқанда анекдоттардың, əр қилы пьесалардың сан алуан түрлерін
туғызып, ел арасындағы қулар, олардан сан алуан спектакльдер, концерттер
жасайды. Бұның бəрі Айғанымға да, оның балаларына да естіліп жүреді,
шет-пұшпағы, қия жайлап, шет қонып жүрген Шыңғысқа да жетеді.
Шешесінің жасына жетпей қартаюын, Шыңғыс осы мазақтарға шыдамау
деп жориды.
Зейнепті Шыңғысқа қосуға келгенде, репетейсіз семіздіктен де,
жүрегінің талмауынан да азап көрген Айғаным елге сырқаты үдеп, əзер
жеткен, қазір төсектен бас көтере алмайтын халде жатқанын - Шыңғыс
Кенесары
жорығынан
қайтып,
Омбыға
келе
естіді.
Айтушылар
Айғанымның халын өте ауыр сипаттады. Біреулер - «ұзаққа барар ма
екен?» деген қауіпті айтты. Сондықтан «көзін көріп қалайын, бақұлдық
алып қалайын» деген оймен, Шыңғыс Сырымбетке тете жолмен, асығыс
жүріп кетті.
Бұл барған шақта, Сырымбет төңірегінде бірталай жаңалықтар болып
қалған еді. Ең алдымен, Көкшетау дуанына соңғы жылдары аға сұлтан
болып келген Зілғара өткен жылы қызметінен алынған, оған себеп – Əлібек
атты баласының сотқар, барымташыл, ұры болып, маңайдағы елге күн
көрсетпеуі болған.
Бұл жайда Омбыға, Петерборға жазған арыздарды үкімет тексеріп, көбі
шыңға шыққан соң, «елге қиянаты еткен бұзық балаңды тия алмадың»
деген айыппен Зілғараны аға сұлтандықтан алған.
Ел басқарушылардың бұл қызметке ендігі лайықтағаны - Абылайдың
Шыңғыс есімді ұлынан туған Тəні болған, үкімет оны бекіткен.
Тəніні жұрт: салмақты, ақылды, тиышты адам деп, əрі «хан тұқымы» деп
көтерген еді. Оны тұғырдан түссе де елдің ақылынан қалмаған Айғаным да
қолдаған еді. Өзгелерге солай болған Тəні, Айғанымға қиғаш келді. Бұған
дейін Айғанымның төңірегіне үйіріліп, оның қадірлі қайын-інілерінен
саналатын Тəні, тырнағын жасырып жүретін мысық екен. Ол Айғанымның
ана жылы інісі – Сартайды итжеккенге айдатып жіберуіне сырттай
ризаласқан» мен, іш пікірін ішінде сақтап, қойнына жасырын жинаған
тастарымен, жеңгесін қалай ұрудың сəтін күтеді екен.
Енді үкімет қолына тигеннен кейін, Тəні Айғанымнан өш алу
жабдықтарына кірісті, сондағы бірінші батыл ісі – Балтамбердіні өлтіру.
Арғы негізі – Уақтың Қараман руынан шыққан оның əкесі, – Тұңғатар,
Уəлінің өмірлік жылқышысы болатын. Ол да алпамсадай денелі, қарулы
біреу еді, ал, Балтамбер одан оза туып, биіктігі атан түйедей, жауырыны
мен шүйдесі дөнен бұқадай, бұлшық еттері қатты дауыл шайқаған көлдің
бетінде тулап жатқан толқындай жəне тастай қап-қатты, тұла бойы сірескен
сіңір саусақтары арық баланың білегіндей, жіліншіктері бурадай болды.
Басы да адамзаттың зоры жалпы жобасы үрген қарындай дерлік ол басқа
біткен қалқан құлақтар - табан қарыс көздері піл сияқты -сығыр, мұрыны -
тары түйетін келідей жалпиған аузын төңіректеген еріндері бір-бір кесек ет,
түбіттенгелі ұстара тигізбеген қара бұйра қалық сақалы, бетінің мұрнынан
басқа жерін түгел жауып, төсіне өскен түгімен тұтасып кеткен. Күш жағына
келгенде қандай асау, ірі жылқыларды құйрығынан тартып тоқтатады,
кекілінен алған асауларды тартып қалғанда етбетінен түсіреді. Сондай
күшін көре тұра, ешбір балуан онымен ұстасуға батқан емес. Салтында ол
мейлінше салақ: денесі өмірінде су көрген емес, сондықтан, терісіне
жабысқан қалың кір, шақат өнердің балшығындай тілімденіп, жарылып
жүреді деседі; аяқ-қолы қатпарланған күс, қолтықтары – қолаңса, жарты
шақша насыбайды қалың ерніне бір-ақ атып, езуінен ағып таусылады, киім
киісі де өзгеше, қандай үскірік аяздарда, жалаңаш етіне тозыңқы түйе жүн
шекпенді, аяғына қоңылтаяқ жамаулы етікті, басына тері киіп, биялайсыз
жұмыс істей береді, жаз денесіне, жүнін сыртына айналдырған кең тері
шалбардан басқа киім ілмейді, ас ішуі де өрескел: бір отырғанда, бір табақ
майды жеп, бір шелек қымызды ішіп жүре береді, бірақ, қомағай емес, бір
тойған асы, сол күнге қорек; мінез жағынан да қызық: ұрсысу, жанжалдасу,
шүйіркелесу дегенді білмейді, анау-мынауға ашуланбайды. Ал, ашулана
қалса, ұрыспай, ұрмай тек, қолының бұлшық етінен бір қысып қояды, ол, –
сойылмен соққаннан қатты батады. Сонысын білетіндер, алыстан тіл
қатпаса, маңына жақындамайды.
Осы Балтамбер қартайып, өлген əкесімен бірге жылқы бағып жүрді де,
бертінде Уəлі үйінін, биесін саууға ауысты. Желісіне жиырма - отыздан кем
құлын байламайтын бұл үйдің сауыны келген биелерін өзге желілерде бес-
алты бие сауылып болғанша, Балтамбер түгелдеп шығады. Бұрын сабаға
құйып түйемен əкелетін сүтті, Балтамбер сабасымен жаяу арқалап əкеледі.
Күндіз бие сауса, түнде сауын биелерді бағып келеді: өзгелердің
жылқыларын қасқыр жеп жатқанда, ол бір тайының та таңын
тартқызбайды. Қайда жүріп тынығатынын ешкім білмейді. Осындай
еңбегіне қарап Уəлінің үйі, əсіресе, Айғаным Балтамберді қатты сыйлайды.
Өсекшілерде «имам» жоқ. Олар Айғанымның осы сыйлауын
«жақындығына» жорыды да, Уəлінің тірі кезінде бастаған қаңқуын, ол өле
зорайтып
əкетті.
Жұрттың
содан
кейінгі
айтатыны:
«Балтамбер
Айғанымның сауыншысы емес, байы».
Жыл сайын кең жайыла берген осы қаңқу, Абылай тұқымының
намысына тиді. Кім көрінген, «ханша солай екен ғой» деп беттеріне басты.
Балтамберден құтылмақ болған олар, Айғанымға əуелі – жұқалап, артынан
біртіндеп қалыңдатып айтып еді, бəйбіше: «оттамасын!» дегеннен басқаны
айтпады, Балтамберге жанасуын азайтудың орнына көбейтіп, аға сұлтан
кезінде пəуескеге жегілген пар аттармен жолға шықса, божағы ғып алып
жүрді, сұлтандықтан түскенде, біреулер қонаққа шақырса да сөйтті. Қонақ
азайған шақта, таудың, орманның ішінде серуендеуді шығарған Айғаным
қасына көбінесе Балтамберді ертті. Денесі ауырлап, серуендеуді
доғарғанда, «Балтамберге арқасын сипатады екен» деген, «Балтамбер
шомылдырады екен» деген өсек жайылады. «Осыған осынша байланысып
қалған несі бар?» дегенде, біреулер: – «жалшымен жүруін елеусіз көреді»
деп, біреулер: – «жастығына, ірілігіне, балуандығына қызығады» деп жауап
берісті. Қалайда бертінірек «жүрісін доғарды» дейтін Айғанымның маңына
жақын жүретін адамы – Балтамбер болуы рас.
Тəні аға сұлтан болған кезде, бұл Балтамбер жайындағы өсек мейлінше
өрбіп, Абылай тұқымдарының да, оның да діңкесіне мейлінше тиіп болған
еді. Олар Балтамберді талай рет өлтірмекші болып та əзірленген. Бірақ,
ретін таба алмаған. Қол күшімен өлтіруге, жерде жүз кісінің, ат үстінде
мың кісінің əлі келмес еді, оларды жерде – жұдырықпен, атта - сойылмен
жайпап шығар еді.
Сол əдісті Тəні тапты. Сол кезде, Сырымбеттің күнгей батысындағы
«Иман» аталатын тауға, татарлардан «қазақ-орыс» атағын алып, əскер
болған бір станица орнаған еді. Солардан зорлықшыл, кім көрінгенге
қылыш пен мылтық жұмсағыш - Салах есімді атаманмен Тəні тамыр
болған. Бір күні Тəні Салахқа Балтамбер жайын айтқанда:
– Оны жою оңай, – деді Салах.
– Қалай?
– Пистолет деген мылтықты білемісің?
– Қандай ол?
– Міне! – деп Салах кішкене мылтықты қойнынан суырды да көрсетті.
– Бұ да кісі өлтіре ала ма? – деді Тəні, мылтықты қорашсынып.
– Өрем қаптырады. Осымен қапыда атса, тіл тартпай өледі.
Салах ату əдісін көрсетті де, мылтығын Тəніге берді. Енді, соны кім ату
керек?
Тəнінің ойлап тапқаны Шепе. Жасы қазір жиырмадан асқан ол шешесі -
Айғаным мен Балтамбер туралы өсекті естіп, ұяттан жерге кіре алмай
жүрген. Бұл жайда Тəні екеуі ақылдас та. «Қарнына пышақ салам!..»,
«балтамен басын шабам» деп жұлқынған Шепені, «тоқта, сəтін келтіріп,
жайын ел көзінен көрсетпей табайық» деп Тəні тоқтата беретін.
Міне, енді сəті түсті. Пистолетті көргенде Шепе қуанып кетті. Олардың
уəдесі түнде сауын биелерді бағуға кеткен Балтамберді Шепе іздеп барады
да, жолаушылап келе жатқан болып, «сені өлтірейін бе?» дейді. Өлтіре
алмайтынын білетін Балтамбер, «қалай?» дейді, қалжың керіп. «Кəне, сен,
анадай жерде, төсіңді ашып тұршы!» дейді Шепе. «Онда не істейсің?»
дейді Балтамбер. «Тұр. Содан кейін көресің». «Мылтығы бар» деп
ойламаған Балтамбер, «ал, тұрдым» деп төсін ашып қарсы қарай қалғанда,
жеңінің ішіне жасырған мылтықпен Шепе басып кеп салады. Оқ кеудесінен
тиеді де, арқасынан шығып кетеді. Не болғанын біле алмай қалған
Балтамбер, жүрегі шанышқан сияқтанған соң алақанымен кеудесін ұстай
береді, бірақ жығылмайды. Соны көрген Шепе басынан көздеп тағы
атқанда, оқ миына кіріп, Балтамбер тəлтіректеп барып жығылады.
Балтамберге оқ тиіп жығылса, оны əлдеқайда тығуға жасырынған топ
жетіп келеді. Өлік Сырымбет тауының етегіндегі «Қылы» көлінің терең
қазылған қорысына тығылады.
Ертеңіне – Балтамбер жоқ. Келесі күні де жоқ!.. Ол қайда? Балтамбердің
төре тұқымынан қасы көбін білетін Айғаным, - «тауып беріңдер!» деп əлек
салады. «Түрткі көрген соң еліне кеткен болар» дегенмен, жансыз жіберіп,
Балтамбердің туған елінен де білдіреді, онда да жоқ. Енді қайда?!
Адал қызметшісінің жоғалуы да Айғанымға оңай соқпайды, қатты
қайғырған Айғанымның бұрынғы əлсіз саулығы енді тіпті төмендеп, бұрын
тысқа кіріп-шығуға жарайтын ол, төсек тартып жатып алады...
Шыңғыс үйіне келгенде шешесі осындай халде еді. Ол шешесін
танымай қалды. Төсек тартып қимылсыз жатуына біраз уақыт еткендіктен,
бұрын семіз болғанмен жинақы жүретін денесі алқам-салқам босап,
меңгеріп ала алмастық халға келген; үлпершегі бітуден бе, сырқаттан ба,
жүрегі əлсіз соғып, кейде тоқтап қала жаздайтын болған, содан ба, əлде
басқа себептен бе, ара-тұра алқымынан əлдене кептеле қалып, дем ала
алмай жанталасады екен; өкпе мен жүректің əлсіздігінен бе, басқа себебі де
бар ма, – терлеуден көз ашпай, дымқос төсек-орны мен ішкі киім-кешегін
күніне əлденеше рет ауыстырады екен.
Шешесінің бұл ауыр халын көрген Шыңғыс, басын құшақтап жылап
алды. Айғаным жылаған жоқ. Сондағы ойы, өзін «əне-міне деген халдемін»
деп түсінетін ол күші барында тілі барында, арман ғып жатқан бір ісін
айтып үлгеруге тырысты. Онысы - көзінің тірісінде, қолынан қосқан келіні
– Зейнепті, осы орданың табалдырығынан аттатып, босағасына отырғызу
еді.
– Содан басқа арманым жоқ, – деп аяқтады Айғаным баласына ентіге,
үзе айтқан қысқаша сөздерін.
Шыңғыс қарсы сөз айтпады жəне айтқысы да келмеді. Айту, оған – осы
үйдің ішінде көрінбей отырған ажалға, - «ал, анамның жанын ала қой!» деу
сияқтанды. Оның үстіне, Діл-Афруздан күдерін үзген Шыңғыс, өшіге
қарағанмен, сол өшпенділік кеудесінде кеткенмен, Кенесарыны қуған екі
жылда, Зейнеп туралы біраз толғанып та қалған. «Онда не жазық бар? –
деген ой кетпей қойған Шыңғыстың басынан - Əйел болған соң, ер керек.
Сонда, таңдағаны – мен болсам, айыбы не?». Ал, таңдау жайын ойлап
көрсе, «сүйем» деген сөзі рас сияқты; «ал тілі» деуге, жол көріп жортып
қалған қасабалы қатын емес, қызыл гүлі
Жаңа ашылған жас қыз гүлін өзгеге емес, өзіне төктіріп, бірінші балын
өзіне сорғызды; соңын үстіне, тілінің шолжыңдығы демесе, не ажарында,
не сымбатында ешкімнен кемдігі жоқ. Ал, сырына қараса, тіпті əдемі
сияқты. Қауышқан сəтінен бастап, қоштасқан сəтіне дейін, сол əдемілігіне
бөгуден тыныс таппады Шыңғыс. Ғашықтың тілін қаршадайынан қайда
жүріп үйренгенін кім білсін, – сыр шерткен кезінде айтқан сездері балдай
сорғалайды, əсіресе қоштасардағы сөздері.
Зейнептің томпақ, көмірдей қап-қара көздері үлкен, кірпіктері ұзын,
қайқы еді. Сол көздерінде іркілген жастарын кірпігі бөлшектеп, əр қылға
оралған тамшылар төмен тамбастан мөлтілдей қалған шақта:
– Төйем, – деген еді, екі қолын кеудесіне айқастыра қусырып, басын
төмен иген Зейнеп Шыңғысқа, – кімдік болсаң да ейік өзінде сенің, мен өл-
өлгенше сендікпін. Сен маған жоқ күні, мен дүнияға жоқпын.
Оңаша жалғасқан Зейнеп, сол қалпында құлдық ұрып отырып қалған,
Шыңғыс шығып кеткен. Босағадан аттай, Шыңғыстың басына «өлем» –
дегені ме бұл?» деген ой оралған. Сол ой басынан шықпай қойған.
«Жұғысқан əйелімнің бəрі елу, яғни – өзін-өзі өлтіру, тағдырдың пешенеме
жазғаны болғаны ма?» деген ой да арылмай қойған одан. Қат-қабат
қатынасып жатқан жұрттан естуінше, Шыңғыстан жүкті болып қалған
Зейнеп он, босағасында қыз тауып, онысы бірер айдан кейін өлген. Содан
кейін жұрт оны «Шыңғыстың қалыңдығы» демей, «қатыны» деп атап
кеткен. Тағы бір хабар, - Шорман өлгеннен кейін, орнына он алты жасар
баласы - Мұса аға сұлтан болған. Оның жасы аз болғанмен, жаратылысы
биік екенін, яғни - ақылды, намысты, шешен, алғыр жігіт қалғанын,
Шыңғыс ана жылы көрген.
Шыңғысқа қоштасарда ол да ойын айтып кеп:
– Мына сапарға үкіметтің жұмсауымен кетіп барасың, мен қаралы
қарындасымды ауылыма əкетіп барам. Аман оралуыңа тілектеспін.
Омбыдағы жайыңа қанықпын. Жастықта əркімде де болады дейтін, олайша
алабұрту. Сондықтан сөкпеймін сені. Енді, міне, Зейнеп пен екеуіңнің
некелерің қиылып қалды. Сендерді əуелі қосқан – құдай, екінші – əке-
шешелерің. Енді құдай алдында да, адам алдында да бұрылар жер жоқ.
Менің қарындасым бұрылмайды, қашан оралсаң да тосады сені. Ал, сен
бұрылам десең, қорқытқаным емес, арты жақсылыққа соқпайды. Онда,
болдырған жерде қаламыз, - деген.
Елге келе естуінше, бақыт жағынан да, дəулет жағынан да Мұса əкесінен
асып түспесе, кем қалып жатқан жоқ. Əкесінің жылын беріп,
қарындасының басынан қарасын түсіргеннен кейін ұзату жабдығынан
кіріскен. Қазір ол жабдық түгелімен əзірленіп болған: «ішіне жасау-жиһаз
лық толған екі ақ үймен, көліктік жиырма бес түйемен, сауындық жүз
жылқымен, сойыстық мың қоймен аттандырады, деген лақап ел ішінде
күндей күркіреп, жерді дірілдетеді. Осы жайды естіп жатқан Айғаным,
Шыңғысы Зейнепті алып қайтуға ризаласқаннан кейін, дос-жарандарын
шақыртып ап, күйеуді қайнына аттандыру жабдығын ақылдасты.
– Кем бармау керек, – деді олар, – толық бару керек. Осы маңдағы Керей
мен Уақтың, Атығай мен Қарауылдың, Қанжығалы мен Күрлеуіттің,
таңдаулы адамдарын қосшылыққа ерту керек. Жолшыбайғы елден
қонағасы мен баспана тілеп тіміскіленбей, қонар, түстенер жерінде тігетін
шатырларыңды ала жүру керек. Оны қазақ-орыстың əскерлерін бастайтын
Опанас тауып береді, жолшыбай қымызын ішіп отыратын бірер айғырдың
үйіріндей сауынды айдата жүру керек, сауынның желісін, тоқпағын,
ноқтасын, көнегін, сабасын, аяққабын... деген сияқты жабдықтарын арта
кету керек. Сойыстыққа бірер қысырақтың үйірін ала кету керек;
жолшыбай шақырған ауылға бару керек те, шақырмағандарына түспеу
керек; кей жерде мырзалық қып, қонағасыны жолшыбайғы елдің мырза –
шораларына өзі беріп отыру керек, сөз бастайтын шешені, қол бастайтын
көсемі, əншісі, күйшісі балуаны, құлықшысы... дегендей. Келсең – кел,
сайма-сай адамдары ере жүру керек!.. Хан тұқымы болғандықтан осылай
бару керек қалыңдық алуға!.. Ел-жұрт болып көтереміз бұны...
Шыңғыс бұған ризаласты. Оның ендігі алаңы - сырқат шешесі. Мына
қалпына қарағанда, ұзақ жасамауы мүмкін, жолаушыларының оралуына
жетпеуі мүмкін. Шыңғыс еліне де, шешесіне де осы жайды ескертіп еді
жұрт:
– Өзі қалап жатыр ғой, бұл сапарға шығуында «Аттан» деген соң аттан.
Ажалы келсе ара тұра алмаспыз, келмесе, - балталасаң да өлмес. Тəуекел
деп тартып кет. Өле қалса, ырым -жырымын айтарлықтай жасармыз.
Ажалға сабыр берсе, айналып та үлгеріп, кезін де көрерсің, бермесе – дұға
оқырсың. «Асарын асап, Жасарын жасап» дегендей дүние қызығын көрген
адам. Өлсе, алды – өзіне, арты - балаларына жарық болсын! – деді.
– Тоқталма, - дегенді шешесі де айтты. – Көрісу, көріспеуді ажал білер
дəм білер. Көрісе қалсақ құба-құп. Көрісе – алмасақ, – бақұл бол. Мен
бақұлмын. Бұрын ренжітсең де, енді ренжіткен жоқсың. Тілімді алдың, ақ
сүтімді кештім!
Қайнына аттанған Шыңғыс, бірер ай жол шегіп, ырғалған-жырғалған
түрде үйіне кеп түскенде, халы таусылған Айғанымның кірпігі ғана
қимылдап жатыр еді.
Айғаным өмірінің соңғы төрт-бес жылдарында сопылыққа бой ұрып
алған еді. Түркілік оқуға еркін, тағат - ғибадаттық сауаты толық Айғаным,
осы жылдардың ішінде ұйқы, тамақ, дəрет сияқты табиғаттық тілектерін
орындаудан басқа шақта, орданың өзі тұратын бөлмесінің салтқысын
ішінен жауып алатын да, жайнамаз үстінен түспейтін.
– Сонда, не оқи бересіз? – дегендерге:
– Нəфіл ше? – деп жауап беретін. Оның не екенін білмейтіндер
түсіндіруді сұраса.
– Қызға намаз оқу тоғыз жастан парыз ұлға – он үштен. Содан кейін
оқылмаған намаздардың бəрі – қазаға, яғни өтеуге тиісті міндетке жатады.
«Лəфіл» дегеніміз – сол. Өтелмеген нəфілім көп, өмір жеткенше өтеп кетуге
тырысам, – дейтін. Кейінгі кездерде денесін билей алмайтын халға жеткен
ол, намаздарын түрегеп оқуға жарамаған соң, отырып оқи беретін. Қалың
қазысы алдын тіреп, сəждаға басын жеткізбейтін халінде, басын темен
шұлғып қана ырымын жасайтын.
Құлшылыққа соншалық беріліп алған Айғаным, бір сəтте Мекеге –
хажылыққа баруды да ниет етіп, сол жолға түскен басқаларға еріп аттанған,
бірақ былай шыға ентікпе сырқаты қатты ұстап, əрі жүруге жарамай үйіне
қайтқан. Сырқат қалпына қарамай, оразаны соңғы мерзіміне дейін тұтып,
алғашқы күндерінен-ақ талықси берген соң, тілін алатын кісілері, аузын
зорлап аштырған.
Уəлінің аулында көп жыл бойына Айғанымның немере інісі - Пірəлі
имам болып тұрғанын еткен тараулардан білеміз. Жесір қалған Айғаным
көптің көзінде есекке таңыла берген соң, өзін «сəуегеймін» деп санайтын
Пірəлі апасына мұнда тұра алмаспын» деген де, туған мекеніне көшіп
кеткен. Оның орнына, «Орынбор маңындағы Қарғалының «Дəррə əл-
фүнунін бітірдім» деп келген Ғалиасқар есімді татар молдасы тұрған.
Сырымбет тауының саласына, Айғанымға арналып салынған орданың
мешітіндегі имам осы да. Сырқаты мендей бастаған, өлім қорқынышы
ұлғая бастаған Айғаным, Ғалиасқардың ғалымдығына шек келтірмеумен
қатар, өле қалған шағында, иманды басына оның айтуын олқысынып,
арнаулы кісі жіберіп Пірəліні шақыртқан. Алғашында «бұрын іздеген жоқ
еді ғой, енді неге керек боп қалыппын» деп пəлесініп келмей қалған Пірəлі,
шақырушы екінші рет келген соң шыдамай барған. Біраздан бері көрмеген
апасының ауыр жағдайын байқаған соң, не олай, не бұлай болуын күтіп,
бақұлдық алғаннан кейін де қасында болған. Оның ендігі арманы – «əне-
міне» деп əл үстінде жатқан апасының, келіншегін алып келуге аттанған
баласын, көзінің тірісінде көруі.
Шыңғыстың Зейнепті алып келе жатқан хабары Айғанымның ауыр
халын жеңілдеткендей болып, соңғы күндері сөзден доғарылған ол тілге
келді де, маңайына үйірілгендерге келінді қарсы алу жабдықтарын айта
бастады.
– Құдай оңдады! – деп қуанысты жан ашырлары, – ар жағын алла білер,
келіні мен баласының тойын көзінен өткерсе болды.
Айғаным: – «Жанымдай жақсы көріп кеткен келінім еді, маңдайынан бір
иіскесем болды, ар жағында арманым жоқ», – деген еді.
Айғанымның бұл қылықтары – бой жасау ғана болып шықты. Былайша
тып - тың жатқан ол, «келіп қалды, келін балаң!» деп əлдекім бөлмесіне
шүйінші сұрап бас сұға бергенде, көзін төңкере кеп ашып, қайта қатты
жұмды да, демін ышқына алды...
Бұл, – Айғанымның ақтық демі екен.
|