АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет5/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

ЕСЕНЕЙДІҢ ЕРТЕГІСІ

Осындай  күйзелушілікке  ұшыраған  ел:  «осы  дуанның  аға  сұлтаны

Шыңғыс»,  деп  есітіп,  «мынаны  тоқтатсын»  деген  өтінішпен  кісілерін

жібереді.  Оларға  Шыңғыстың  айтқан  қысқаша  жауабы:  «Бара  көрермін».

«Көргенше өртеніп, көміріміз бен күліміз ғана қалмай ма» деген шағымға,

Шыңғыс: «Амалым нешіктен», – басқа жауап қайтармады.

Соңғы жеті-сегіз жылын əуелі – Омбыда, одан кейін – жорықта өткізген

Шыңғыс,  қазақша  əдеттердің  көбінен  алыстап,  ел  кезінде  «тік-бақай»

атанған еді. Содан ба, əлде үкіметтің тапсырмасы солай болды ма, шешесін

қолынан  жерлескеннен  кейін,  жақындарына  ол  Құсмұрынға  жүрер  ниетін

білдіре  бастады.  Сонда,  Құсмұрында  өзімен  бірге  тұруға  ерте  кеткісі

келгені  екі-ақ  адам  бірге  туған  ағасы  –  Шепе,  екіншісі  –  төленгіті  –  Аба.

Шепенің  азанмен  қойған  аты  –  Шаһимардан,  содан  –  Шеген  боп,  содан  –

Шепе  боп  кеткен.  Мінезі  шəлкес  ұрысқақ,  төбелескек  адам  болғандықтан,

жұрт  оны  сыртынан  «Шытырлақ  Шепе»,  немесе  «Шыпылдақ  Шепе»

дейтін. Шыңғыс Шепенің шалдыр мінездерін де, сотқарлық қылықтарын да

жақсы біледі. Оның Балтамбердіні өлтіруі де құлағына шалынған. Соларын

біле  тұра  ертетін  себебі,  қазақтың  «інісі  содырлы  болса,  ағасы  қадірлі

болады»  деген  жаман  мақалын  теріс  аударып:  «Ағам  содырлы  болса,  мен

қадірлі болармын» дегендік еді.

Абаның  азанмен  қойған  аты  –  Абақ.  Бала  шағынан  Шепеге  атқосшы

болған  ол,  мейлінше  пысық,  қу,  қалжыңбас,  сықаққой,  үлкен  демей,  кіші

демей,  кім  көрінгенмен  жалбаңдап  ойнай  беретін,  мазақтағысы  келген

кісінің  қыр  соңынан  қалмайтын  жігіт  те.  Жасы  Шепемен  шамалас.  Бұрын

білмейтін  Шыңғыс,  оны  əнеугүні  Зейнепті  алып  қайтуға  аттанғанда  ерте

кеткен.  Сонда,  бойындағы  енерлерін  көріп,  ұнатып  қалған.  Енді,

Құсмұрынға  Шепені  ала  кететін  болған  соң,  Абаны  да  ертпек  болды.  Ол

көне кетті.

Шыңғыстың  еркіне  салса,  Зейнепті  де  ала  кетпек  еді.  Ауылда  туып-

өскен, əдет-ғұрпы бойына сіңген Зейнеп, қайын енесінің беті жасырынбай

жатып,  күйеуімен  кете  баруға  арланды.  Жəне  ол  Омбыда  аз  түн  таныс

болғанда,  Айғанымды  сүйіп  үлгерген  еді.  Оңаша  кездескен  күндердің

біреуінде,  Айғанымның:  «Сенің  алдыңда  ал  деп  тілеймін  тəңіріден.  Егер

сол


тілегім

қабыл


бола

қалса,


солқылдатып

жоқтап


берерсің,

құлыншағым!» дегені есінде. Əкесі Шорман өлгеннен кейін қаршадайынан

басына  қара  салып  жоқтаған.  Сол  елдің  бір  ақыны  шығарып  берген  ұзақ

жырды  аяғынан  тік  тұрғызып,  тыңдаушыларын  тан,  қалдырған  ол,  қайын

енесінің жоқтауына отыруға іркілген жоқ. Ол хан тұқымының келіндерін де

қазақ  ғұрпына  бағындырып,  «ертең,  «түс»,  «кеш»  аталатын  мезгілдердің

бəрінде де жинап, дауыстарын қосып жоқтау айтқызды. Өзі бəрін:

Үзігін əжем борлатқан,



Шаңырағын сырлатқан,

Келінде сорлы мен екем,

Келмей жатып зарлатқан,

деген  өлеңмен  бастап,  ар  жағын  ақын  шығарып  берген  жырға

жалғастырып əкетті. Бұған риза болған жұрт:

– Шіркін, келін болса, Зейнептей болсын! – Ханша аузынан тастамайтын

еді мұны, үнемі мақтай беретін еді, «Шыңғысқа еріксіз алдырды», десіп еді,

үмітін ақтады! – десті.

Шыңғыс  Құсмұрынға  шешесінің  қырқын  бере  аттанатын  болды.  Сол

кезде,  оның  семьялық  өмірінде  жаңалық  сезіліп  қалды:  Зейнеп  сол  кезде

қатты ауырды, ол ішкен асын құса беретін, төсектен басын көтермей жатып

алатын болды. Тəжірибелі əйелдер, Зейнептің бұл халын талғаққа жорыды.

Оны  қандыру  үшін  не  керек  екені  де  мəлім  боп  қалды,  Зейнеп  бүркіттің

миына жерікті. Жəне қолдағы бүркіттің емес, тағы бүркіттің!.. Оны қайдан

табу керек?

Ақыры  ол  да  табылды.  Уəлінің  Бурабай  тауындағы  Қызылағашта

тұратын, бəйбішесінен туған Бікəн есімді ұлы, Айғаныммен жақын жүретін

еді.  «Айғаным  нашар  жатыр»  деген  хабармен,  Сырымбет  тауына  келді  де,

бақұлдасып  үлгерді,  содан  кейін  қолынан  жерлесті.  Жақсы  көретін  өгей

шешесінің  қырқын  тосып  жатқанда,  құлағына  тағы  бүркіттің  миына

жерігені,  ондай  бүркіт  табылмай  жатқаны  шалынды.  Бікəн  бүркітші  адам

еді.  Өзі  салатын  бүркітті  ол,  Көкшетаудағы  Оқжетпес  шыңының  ұшар

басына  өзі  шығып  алатын.  Ол  шыңға  одан  басқа  адам  шыға  алмайтын.

«Шығамын»  деген  біреулер  құлап  өлген.  Содан  кейін  ол  шыңға  өрлеуге

Бікəннен  басқа  адам  бата  алмаған.  Ал,  Бікəннің  бір  емес,  бірнеше  рет

шығып  бүркіт  алуын,  діншіл  жұрт,  -  «атасы  Абылайдың  аруағы  көтереді»

десетін.  «Оқ  жетпес»  атап  алған  бүркітті  Бікəн  шыңнан  жыл  сайын  емес,

анда-санда  ғана,  қолдағы  бүркіті  қартайып  шəу  бола  бастаған  шақта  ғана

алатын.  Басқа  жердің  бүркітің  Бікəн  қолына  да  ұстамайтын.  Себебі,  олар,

күштілік  жағынан  да,  қырағылық,  алғырлық  жағынан  да  «Оқжетпеске»  .

теңеспейтін.  Өзге  аңды  былай  қойғанда,  құлақ  естір  жерде,  қасқырға

«Оқжетпестен»  басқа  түсетін  бүркіт  жоқ.  Ертегішілердің  айтуынша,  осы

тұқымды  бүркіт,  Оқжетпестің  Абылай  осы  маңда  хан  көтеріліп,  қыстауын

Бурабайдың ығындағы Қызылағашқа салған жылы пайда болған.

–  Сондықтан,  –  деседі  олар,  –  Абылай  тұқымынан  басқанын,  қолына

түспейді,  зəуі-сайтан  түсе  қалса,  бұндай  қырағы  да,  алғыр  да  болмайды.

Абылай тұқымынан да бəрінің емес, біреуінің ғана қолына түседі. Жəне бір

ғажабы:  Оқжетпес  шыңын  жалғыз  ұя  -  басар  ғана  мекендейді,  шəулісі

қайда  екенін  ешкім  білмейді.  Жобалаушылар  «Орал  тауына  барып

қарығады,  балапандары  Оралдың  ақ  иығы  сияқты  ақ  шұбар  болуы  содан»

деседі.  «Оқжетпес»  тұқымды  бүркіт  жыл  сайын  емес,  үш-төрт  жылда  бір-


ақ жұмыртқа салады. Əдетте, бір ғана жұмыртқа салады, екеу болса біреуін

шағып тастайды. Бұл тұқымды бүркіт, Бікəннің бағып жүрген малы сияқты.

Қай  жылы  жұмыртқалаған,  қай  жылы  жұмыртқаламағанын  сыртынан  -  ақ

біледі. Жұмыртқалаған жылы «Оқжетпес» шыңының басынан ұшып-қонып

жүреді, жұмыртқаламайтын жылы жаз бойы көрінбей, əлдеқайда кетеді де,

күз  оралады.  Ертегішілердің  айтуынша,  Абылай  тұқымынан  ұстауға

жарайтын ұл тумаса, бұл бүркіт, бұл арадан кетеді. Сондықтан, Абылайдан

өрбіген  ұрпақтың,  немесе  –  ұл  ұрпақты  ардақтаушылардың  көңілінен,

«кетіп  қала  ма»  деген  қауіп  кетпейді  Ол  қауіп  соңғы  жылдарда  күшейіп

барады,  өйткені  Абылайдың  қара  шаңырағына  бағынушылар  жылдан  жыл

азайып  барады,  осы  бетімен  кете  берсе,  бұл  шаңыраққа  аз  жылда  ие

табылмай, əлдеқайда шіріп қалуы мүмкін.

Осы  қауіп  Бікəннің  басында  да  болушы  еді.  Былайғы  жұрттың,  көзінде

«бүркіт  салудан  басқаны  білмейді»  дейтін,  қақ-соқта  жұмысы  жоқ  ол,

іштей  хан  тұқымының  айнымас  ері  болатын  да,  оның  жақсылығына

қуанып,  жамандығына  көшетін.  Бірақ,  қайсысы  болса  да  сыртына

білдірмей,  момақансып  жүре  беретін.  Айғанымның  азасын  сақтап,

Сырымбеттегі ордада жатқан күндерінде, «жас келін тағы бүркіттің миына

жеріпті», деген хабарды Бікəннің құлағы шалды. Бұл хабарға қатты қуанды

ол.  Талғақ  əйелдің  əр  нəрсеге  жеруін  біледі  ол,  солардың  ішінде,  мысалы

қасқырдың  етіне  жеріген  əйелден  қабаған,  қомағай  бала  туады;  жыланға

жерігеннен-жалаңдаған,  жылпос,  жымысқы  туады;  бүркітке  жерігеннен  –

барлағыш, биіктегіш болдырмайтын қырағы туады.

–  Бүркіттің  жəне  тағы  бүркіттің  миына  жеріген  жас  келіннен  ұл  туса,

қырағы, алғыр болар ма? – деп дəмеленді Бікəн, – біздің тұқымның еңсесі

түскен туын болашақ та сол көтерер ме?

Бұл  дəмесінің  сəті  де  түсіп  тұрған  сияқты.  Балапанын  алғанына  екі-үш

жылдан аспаған «Оқжетпес» биылғы жазда Оқжетпес шыңынан кетпей, сол

маңайда  қалықтап  жүр.  Қоян,  қозы,  лақ  сияқты  жемдерді  ұясына  тасуына

қарағанда,  биыл  да  жұмыртқалаған.  Енді,  міне,  Зейнептің  жерік  болуын

естігеннен  кейін;  «Қайткенде  де  не  ұя  басардың  өзінің,  əйтпесе,

балапанының  миын  жегізуім  керек»,  деп  бекінді.  Ол  «Үйіме  барып,

амандығын  біліп,  Айғанымның  қырқына  дейін  оралам»,  деген  сылтаумен

жүріп  кетті.  Аулына  барғанда:  «Амандық  біле  келдімнен»  басқаны

айтпады, Оқжетпестің қиясына барарын ешкімге білдірмеді. Бала жасынан

дағдыланған  ол,  қия  тастарға  мейлінше  өрлегіш  еді.  Өзге  адам  арқанға

асылып  əрең  шығатын,  немесе  маңайлай  алмайтын  шыңдарға,  жыландай

жабыса  өрмелеп  жүре  беретін.  Жылан  да  өрмелей  алмайтын  жылтыр

тастардан  да  таймай,  аяғы,  қолы  ілігетін  кедергілер  табатын.  Біреулердін,

етегінде  тұрып  төбесіне  қарауға  басы  айналатын  қия  шыңдарына

өрлегенде,  Бікəннің  басы  айналмақ  түгіл,  есіне  де  келмейтін.  Бүркіттің

балапанын  алар  жолы,  ол  шиден  тоқыған  бесік,  қойдың  жабағысын  ала

баратын.  Балапанды  соларға  қалың  орап,  сыртынан  қыл  арқанмен

шандитын  да,  тасы  жоқ  тұстан  темен  қарай  домалатып  жіберетін.  Бөлеулі



балапанның денесіне зақым түспейтін. Содан кейін шыққан биігіңде өсетін

аршаға  ұзын  қыл  арқаңды  тұзақтай  байлап,  тұзақты  ағытып  алу  үшін,

түйіншегінен екінші арқанды байлап төмен түсетін.

«Шыңға  шыққыш»  дегенмен,  Бікəн  бұрынғы  реттерде,  көтерілерде  де,

төмендерде  де  қатты  қиналатын  еді.  Бұл  жолы,  өзінше:  «Аруақ  қолдады

ма», əлде, тəуекелшіл ынта көтерді ме, шыңның жиған жүктей текшеленген

тастарының  бірінен  соң  біріне  арқардай  ырғып,  төбесіне  ілезде  көтерілді.

Тілегіне  қарай,  ұяда  балапан  бар  екен  жəне  жалғыз  екен,  өзі  қоңыр  ала

қанаттары үрпиіп өсіп апты жынысын да Бікəн бір қарағаннан біле қойды:

ұрғашы  болса,  ұртындағы  қияғы  қызғылт  келеді,  еркек  болса  –  сарғылт

келеді.  Мынанікі  сарғылт,  соған  қарап,  «ə,  келін  ұл  табады  екен»,  –  деп

ырым етті Бікəн.

Тұяқтары мен тұмсығы мүйіздене қатайып, қанаттары жебелене ұзарып,

ұшатын кезі таянып қалған бала - бүркіт, ұмтылған Бікəнға шар - шұр еткен

бала  -  бүркіт  тұмсығымен  де,  тұяқтарымен  де,  қанаттарымен  қайрат  қып

маңайлатпаған  соң,  Бікəн  үстіне  торды  жаба  сап,  матап  алды.  Сөйтіп,

денесін  жабағыға  орау  əрекетіне  кіріскенде,  бала  -  бүркіттің  бір  аяғы

шекпеннің етегіне ілегіп қап, бүрген тұяқтарын жаза алмайтын болған соң,

жабысқан жерін Бікəн жыртып жіберді. Содан кейін ғана күш алып, бала -

бүркітті  əуелі  қойдың  жабағысына,  одан  кейін  шиге  бөлеп  жатқанда,  бір

нəрсе  зу  ете  түсті.  Жалт  қараса  -  үстіне  таянып  кеп,  аспанға  қайқая

көтерілген

бүркіт!..

Өзінің


үлкендігі

сұрапыл


тарбайта

жайған


қанаттарының бір-бірі сала құлаштан ұзын дерлік, жалпы көлемі ірі тайдың

тулағындай!..  Түйілген  шағында  тіпті  жақын  кеп  қалуына  қарағанда,  егер

Бікəннің  қимыл  жасаған  бойы  екі  кесек  тастың  арасына  жасырынып

тұрмаса,  сыпыра  жөнелетін  де  жайы  бар  сияқты,  өйтпеуі  –  тасқа

соғылатындығын абайлауы сияқты.

Түйілген  бүркіт,  əрине,  мына  балапанның  шешесі.  Ол  қайқая  биіктеген

қалпымен кете бармай, жоғарыдан тағы торып, реті келсе тағы да түспекші.

Соны  ойлаған  Бікəн  бөлеген  балапанды  темен  қарай  домалатты  да,  жіпке

асылып  түсерден  бұрын,  ұя  басар  шабуыл  жасаса  қорғанбақ  боп,  тасқа

төселе  тармақтанып  өскен  аршаның  сала  құлаш  жуан,  жасаң  бұтағын

сындырып  қолына  алды.  Солайша  темен  салбырап  келе  жатқанда,  бүркіт

бір  емес,  екі  рет  түйіліп,  екеуінде  де  жартасқа  жақындай  бере  қайта

көтерілді. Содан кейін «болмас!» деген ойға келгендей, биікке шырқап, ала

- шабыр бұлт арасына жоқ болды.

Қайнағасы  бөлеген  балапанды  алып  келгенде,  Зейнептің  қуанышында

шек болған жоқ.

–  Əттең,  келіннің  жеруі,  –  деп  бұлдады  Бікəн  əкелген  балапанын,  –

əйтпегенде,  баптап  өсіретін-ақ  бүркіт!..  Күйін  келтірсе  бұл  түлкі,

қасқырын, былай тұрсын, аю мен бұғыны да алар еді!...

Зейнептің  жерігі  қана,  яғни  бүркіт  миын  жегеннен  кейін  сырқатынан



айыға,  Шыңғыс  қасына  Шепе  мен  Абаны  ертті  де  Сырымбеттен

Құсмұрынға тура беттеп жүріп кетті. Жаны ашитын біреулер оған: «Шепен,

– шырыш бұзғыш тентек, Абан, – кескекте абалаған ит, бұл екеуін ертіп не

марқадар  табасын?  Ертсең  елге  ұйытқы  боларлық  біреулерді  ертпеймісің

əйтпесе, соқа – қара басын, тарта бермеймісің?» – деп еді, Шыңғыс оларды

тыңдаған  жоқ.  Оның  ойынша  негізгі  арқа  тірері,  –  Құсмұрын  көлінің

жағасына орнап жатқан əскери бекініс. Оның начальнигі – досы Шамырай.

Жорықтас  болғанда  көргені  –  «шаш  ал»  десе  «бас  алатын»  қаһар.  Ол,

əсіресе  қазаққа  қатал.  Шыңғысқа  сонысы  керек.  Қазақтың  «ел  –  сүңгі  мұз

ақырын  ұстасаң,  түсіп  кетеді,  қатты  ұстасаң  сынып  кетеді»  деген  мəтелі

оның ұғымында берік сақталған. Шыңғыстың ойынша «сынса сына берсін,

түспесе  болады».  Сондықтан  əнеугүні  Омбыдан  аз  уақытқа  ажырасқан

шақта:

– Дуан бекілген хабарын менен бұрын естісең, сен бара берерсің, – деген



Шыңғыс.  –  Қорғанысыңның  іргесін  қалай  берерсің!..  Обаған  өзенінің  өн

бойын  үкімет  сені  мен  менің  қарамағыма  берді  ғой.  Ол  өлкенің  жері,  суы

біздікі, сондықтан қоныстаған ауылдарды көшіру керек. Ар жағында қалай

пайдалануды ақылдасармыз.

Шамырайдың Обаған бойын мекендеген ауылдарды бара сала бөрі тиген

қойдай  быт-шыт  қылған  хабары,  Айғанымның  құлағына  да  шалынған  еді,

сондықтан күші, есі бар күндердің біреуінде, Балтамбер өліміне байланысы

барын білмейтін Тəніні шақырып, Құсмұрын дуаны ашылуын, Шыңғыстың

оған аға сұлтан болып бекіген хабарын айта кеп:

–  Қайнына  кеткен  баламның  оралуына  жетер-жетпесімді  білмей

жатырмын, – дей келіп, – егер жетпесем, саған тапсырып кететін екі сөзім

бар, – деген еді.

– Бірі, – деген ол, – аталарыңның қара шаңырағы сарайда қаңсып босқа

жатыр.  Баяғыда,  «Күншуақ  аталарын,  көтерген  шаңырақ»  деген  соң,

«хандардың  əуелі  де  Шыңғыс,  ақыры  да  Шыңғыс»  дегенге,  Шығажанға

арнап  сақтатып  қойып  едім.  Шығажан  Құсмұрынға  кеткенде,  сол  аруақты

қара шаңырақты ала аттансын да, өзі тігетін үйдің төбесіне көтерсін.

–  Айтайын,  –  деген  еді  Тəні,  қара  шаңырақты  Шыңғыстан  қызғана

отыра. – Екінші тапсыратыныңды айт.

Жігіт  кезінде  салдау  болып,  басынан  тастамайтын  орысша  қатпағының

төбесіне үкі тағуына қарап, Айғаным Тəніні «Үкілім» деп атап кеткен еді.

Сол дағдысымен:

–  «Ел  ағасыз  болмайды,  тон  жағасыз  болмайды»,  дегенді  білесің  ғой,

Үкілім, – деген еді, Айғаным.

– Естіген сөз ғой, Жеңеше.


– Сен Құсмұрын дуанына қай рулар қарайтынын білемісің, Үкілім?

– Шамалаймын. Негізінде Керей мен Уақ қой олар.

– Жер келемін білемісің?

Тəні  оны  білетін  еді:  «Құсмұрын»  аталатын  дуан  ашылатын  болғаннан

кейін,  Омбыдағы  қазақ  дуандарын  басқаратын  мекемеден  Тəніге  арнаулы

инспектор  келген  де,  бұған  дейін  Көкшетауға  бағынып  келген,  енді

жаңадан  ашылған  Құсмұрын  дуанына  қарайтын  жер  мөлшерін  картадан

көрсеткен.  Соған  қарағанда,  жаңа  дуанның  оңтүстік  шегі,  Қызылжар

түбінен  басталады  да,  Есіл  өзенін  бойлай  жүріп  отырып,  осы  өзеннің

«Көлденең» аталатын бұрысынан, Құсмұрын көліне қарай, жазық даламен

тура  тартады.  Көлге  жете,  сол  көлдің  батысынан  құйылып,  шығысынан

солтүстікке  қарай  ағатын  Обаған  өзенін  бойлайды  да,  оның  Тобылға

құятын  жерінен,  қазақ-орыс  станциаларын  аралай  шығысқа  беттеп,

Қызылжар қаласына тіреледі.

Аға  сұлтан  болғаннан  кейін,  Тəні  бұл  өлкелерді  аралап  түскен.  Сонда

көрген-білгенін айтқаннан кейін:

–  Жақсы  ағаңның  барында  да,  одан  кейін  де  аралаған  жерлерім  еді,  –

деді  Айғаным  ауыр  күрсініп.  –  Бəрін  де  біледі  екенсің.  Енді  манағы  «ел

ағасыз  болмайды»  деген  сөзге  қайта  оралайын.  Қазақта:  «Аспандай  –

Арғын,  жұлдыздай  –  Қыпшақ  қойдай  –  Керей  қозыдай  –  Уақ»  деген  сөз

барын да білесің?

– Естігем.

–  Сол  «қойдай  Керейдің»  тең  жартысына  жақыны  –  Құсмұрын

дуанында. Ол: Керей, Балта, Көшебе, Сибан болып төрт атаға бөлінеді...

–  Жеңеше,  керегі  не  солардың?  -  деді  ар  жағын  тыңдағысы  келмеген

Тəні.


– Керегі сол руларды кімдер басқаратынын білемісің, Үкілім?

– Кімдер?

–  Балтаны  Төлеміс  пен  Иса  билейді,  Көшебен-Табай  мен  Байдалы,

Тарышыны – Тоқсан мен Тұрлыбек...

– Сибанды ше? – деді Тəні асығып.

– Есеней мен Өсіп...

– Ə-ə, – дей салды Тəні немқұрайды дауыспен

–  Асықпа,  Үкілім!  Тыңда!  –  деді  Айғаным,  –  келелі  кеңесіме  енді  ғана



келдім.  Сонда  айтайын  дегенім:  Керейдің  əр  руында  өз  ағасы  болғанмен,

Керей атаулының байы да, батыры да, беделдісі де Естеместің Есенейі. Оны

Керей  ғана  емес,  Уақ  та,  аз  рулар  –  Қанжығалы  мен  Күрлеуіт  те  бедел

тұтады. Өзі - хан тұқымының жауы. Сенің бала кезіңде «орысқа бағындың»

деп,  Қасым  төре  сол  арадағы  Керей  мен  Уақты  қапыда  шапқан  да,  орасан

көп мал-жанын алып кеткен. Керейдің ұраны – «Ошыбай», Уақтың ұраны –

«Жаубасар». «Сибанның арғы түбі Уақ екен, Керейге жиен екен» деген сөз

бар. Есеней соны пайдаланып, Керейге барса – «Ошыбайлап», Уаққа барса

-  «Жаубасарлап»  ұран  шақырған  да,  жиналған  қалын,  қолды  өзі  бастап,

Қасымды  қуған,  «Қақтың  қара  суы»  аталатын  көлге  жеткен,  сол  арада

қырғын  соғыс  болып,  көп  адам  өлген.  Қасым  жағы  жеңіліп,  Ақтау,  Ортау

жағына қашқан...

Бұл соғысты естіген Тəні:

– Ие, содан кейін не бопты? – деп еді:

– Сонымен, ұзын сездің қысқасы – Есеней хан тұқымына содан бері өш.

Айтқанынан  қайтпайтын,  ойдағысын  орындамай  тынбайтын,  жауына

мейлінше  мейірімсіз  кісі.  Жəне  бір  мінезі:  «өмірінде  күлмек  түгіл,  езу

тартпаған адам» дейді.

– Сол Есенейді неге кеп атап кеттің, жеңеше? – деді Тəні.

– Атап отырған себебім, – деді Айғаным, – Шығажан ертең Құсмұрынға

барып  қызмет  атқарғанда,  ең  алдымен  сүйенер  адамы  сол  –  Есеней  болу

керек.  «Сыйынғаныңнан  сүйенгенін,  күшті  болсын»  дегендей,  сондай  бір

мықты сүйеніші болмаса, елді басқара алмайды.

– Мақұл, айтайын, жеңеше, – деді Тəні.

Айғанымның жаназасына ғана Шыңғысқа, Тəні жеңгесінің тапсырғанын

түгел жеткізді.

– Көрерміз, – деді де қойды Шыңғыс.

Ол Құсмұрынға аттанғанда, шешесінің бір өсиетін тыңдаған жоқ, - қара

шаңырақты өзімен бірге алған жоқ, шаңырақта сенетін жəне Айғанымның

«алып кетсін» дегенін білетін жұрт.

–  Апырай,  жолы  болса  игі  еді,  мына  Шыңғыстың!  Хан  ордасының  бар

ырысы осы шаңырақта» десетін еді, бұл ырысты тастап кетті-ау, мынау! –

десті.

Шыңғыс  Құсмұрыннан  шешесінің  өсиетін  орындау  ниетімен,  яғни



«ауылы  жолында  отыр»  деген  Есенейге  реті  келсе,  көңілін  таба  кету

мақсатымен  аттанды.  Ол  арманына  жетер-жетпесін  баяндаудан  бұрын,

оқырман көпшілікке қысқаша түрде Есенейді таныстыра кетейік.


Ол Керей руының Сибан дейтін тайпасына жатады. табанды жұрт «түбі

Уақ  екен,  Керейге  жиен  екен»  деп  те  айтады.  Біреулер  Сибанды  кішкене

күнінде  Уақтағы  нағашысы  алып  кетіп,  Керейге  жігіт  болған  соң  келген

екен дейді. Қалай да Сибан Керейден тараған рулардың «сүбелілерінің бірі

болған».

Құсмұрынға  аттанғанда,  Шыңғыстың  ойына  шешесінің  өсиеті  түсті  де,

Есенейді «Құсмұрын көлінің шығысынан құятын Құндызды өзенін жайлап

отыр» деп естіп, жолдан көре кеткісі келді.

Шыңғыс  сол  қалпымен  бара  тұрсын,  біз  оқырмандарға  Есенейді

қысқаша таныстыра кетейік.

Сибаннан  Ерімсары,  Қортық,  Күнгене,  Шоқматар  туған,  Есеней

Қортыққа  жатады.  Қортықтан  Қошқарбай  туады.  Одан:  Тоқпамбет,  Сейіт

туады. Сейіттен Естемес туады. Ол Есенейдің ұлы атасы.

Сейіт  өлгенде,  Естемес  жас  екен.  Оның  ауыр  дəулетін  айыны  талап

алады.  Қорлық  көрген  Естемес,  Қарауыл  руындағы  нағашысы  –  Əжімбай

батырдың  аулына  көшіп  кетеді.  Əжімбай  –  жылқысы  кеп  бай  адам  екен.

Естеместікі  ол  жас  күнінен  жылқы  бақтырады  да,  жігіт  болған  соң,

біліндіреді. Содан 1789 жылы Есеней туады.

Əжімбай Есенейге де жылқы бақтырады. Əкесінің де жылқышы болуын

қорлық  көрген  Есеней,  бір  күні  жылқы  қайтарып  жүрсе,  патша  үкіметінің

Арқаға  қарай  топ  тартқан  ұбақ-шұбақ  салтты,  арбалы  əскері  келе  жатады.

Олар Есеней қосының маңына келіп ат шалдырады. Сонда бір арғымақ бие

құлындайды  да,  жүріске  ере  алмайтын  жас  құлынды,  əскер  бастығы

Есенейге тастап кетеді.

Бірақ Есеней құлынды «орыстан алып қалдым» демейді.

–  Күндіз  жылқы  жусайтын  шақта,  –  дейді  ол  еліне,  –  далада  мызғып

алмақ  боп,  атымды  қаңтарып,  шылбырын  беліме  қыстырып  шалқамнан

жаттым.  Сонда,  нағашымның  қорлығы  есіме  тағы,  түсіп,  көзіме  жас  алып

жатсам,  қалғып  кетіппін.  Түс  көрдім.  Түсімде  қасыма  ақсақалды  бір  адам

кеп: «Ей, бейшара!... Назаланба. Тұр. Атыңа мін де күнбатысқа қарай шаба

бер.  Сонда.  бір  сайда  қурайдың  басына  емген,  күрең  түсті,  ұрғашы  жас

құлын кез келер. Сол сенің ырысың болар» деді. Қарттың «ал, тұр!» деген

дауысына  оянып  кетсем,  өрген  жылқылар  алыстап  кеткен.  Қан  тараған

атым  жүргісі  келгендей  осқырынып,  жер  тарпып  тұр  екен.  Міне  сала

шаптым.  Бірталай  жер  жүріп,  «Бөкенсай»  аталатын  жерге  жетсем,  қурай

емген  күрең  құлын  тұр!..  Атымнан  қарғып  түсіп  ұмтылсам  қашпайды!..

Құшақтай алдым!.. Шұжықтай семіз, ұрғашы құлын!..

Есеней  бұл  құлынды  əуелі  ешкімге  айтпайды.  Құлын  құнажынында

айғырдан  шығып,  дөнежінінде  құлындайды.  Құлыны  да  күрең  болады...

Денесі ірі, мүшелері сұлу арғымақ құнажын мен құлынға Əжімбайдың көзі



түседі  де,  «бұл  қайдан?»  деп  сұрайды,  Есеней  ертегісін  айтады.  Оған

Əжімбай  нанады.  Содан  кейін  жұрт  та  біледі...  Бірде  «қурай  емген»,  бірде

«қурай күрең» аталған арғымақ саны, аз жылда айғыр үйіріне жетеді.

Ақырда саны жүзден асқан «қурай күреңнен» қалың беріп қатын алады

да,  жылқысы  тіпті  молайған  шақта,  нағашысы  -  Əжімбай  батырдың

ұлықсатымен, елі Сибанға көшеді. Алдын шала айтқанда, «қурай емгеннің»

саны,  ең  көбейгенде  бес  мыңға  жеткен.  Есеней  тұсындағы  сібірлік

қазақтардың  ат  айдайтын  базары  -  Самара  екен  дейді.  Есеней  аулынан  ол

қала,  мың  шақырымдай  жəне  Орал  тауынан  өтеді.  Самараға  ат  айдаған

қазақ  байларынан,  орыстың  купецтері,  Есенейдің  арғымақтарына  бағаны

өзге  қарабайырдан  екі-үш  есе  артық  төлейді  екен.  Есеней  атты  Самараға

жүзден  кем  айдатпаған.  «Бір  жылы  бес  жүздей  ат  айдатыпты»  деген  сөз

бар.

Есенейдің  ен  дəулеті  шалқып  тұрған  шақта,  Керей,  Уақты  Кенесары  да



шапқан, сонда «қурай емген» де айдауға ілегіп, Есеней бастап қуған Керей

Уақ малын айырып қалған.

Кенесарымен  соғысып  жеңгеннен  кейін,  Есеней  қолына  түскен  оның

адамдарын,  Пресногорьковка  аталатын  патша  үкіметінің  əскеріне  əкеп

тапсырған.  Бұл  қазақ-орыстардың  линиялық  əскерінің  штабы  тұрған.

Сондықтан  да  қазақтар  оны  күні  бүгінге  дейін  –  Ыстап»  дейді,  онысы  –

«штаб» дегені.

Есенейдің  қылығына  сүйсінген  патша  үкіметі.  оған  Хорунжий  чинін

берген.  Содан  кейін,  ел  ішінде  Есенейдің  бөлелі  тіпті  көтерілген.  Омбыда

алты  дуанның  үстінен  советник  болған  Тұрлыбек  Көшенов,  Есенеймен

бөле екен. «Есенейдің үкімет алдында ерекше қадірлі болуына Тұрлыбек те

себепкер» деседі айтушылар.

«Ел  құлағы  елу»  дегендей,  Шыңғыстың  Сырымбеттегі  үйінен  қашан

шыққанын,  жолда  асықпай  жүріп,  қайда  көшіп,  қайда  түстеніп  келе

жатқанын  Есеней  естіп  отырды.  Есеней  Кенесарыға  кім  жау  болса,  соны

досым  деп  санаймын  еді,  кім  дос  болса  соны  қасым  деп  санайтын  еді.

Кенесарыны  Құсмұрын  төңірегінен  қуып,  Ырғызға  айдап  тастайтын  орыс

əскерін Шыңғыстың бастауы, Есенейдің білігі отырған нəрсесі. Сондықтан

«төре»  атаулыға  іштей  қас  шашылғанымен,  Шыңғыстың  бұл  қылығын

төрелердің  ежелгі  күндестігі  мен  ала  ауыздығына  жорығанмен,  «арқар»

ұранды  хан  тұқымының  қастығы  да,  достығы  да  уақытша  екендігін

білгенмен, іштей Шыңғысты да жек көргенмен, дуанға бастық болып келе

жатқан  адамды,  «бір  күніме  керек  болар»  деді  де,  жолынан  тайып  кетуге

мүмкіндігі бола тура, күтіп жіберу мақсатымен, жайлап отырған құндызды

жағасынан қозғалмады.

Есенейдің  қонаққа  арнап  жасатқан  сегіз  қанат  ақ  үйі  болушы  еді.  Ұлы

жиындардың кезінде болмаса, бұл үйі күймеде артулы тұратын. «Сол үйді

тігіңдер!» деп бұйрық беріп Есеней. Үй Құндызының тамаша бір көгалына



тігілді.

Орыс


базарларына

қатынасы

көп

болған


Есеней,

«төсеніш»,

«жамылтқыш»,  «жастаныш»  дейтіндердің  ен,  тəуірлеріне  жинататын.

Ыдыс-аяқтары да мол, көрнекті болатын. Қонақ үйді солармен безендірді.

Бұл  маңайдағы  қазақтардың  ең  жылқылысы  саналатын  Есеней,

мақтаныш көріп, бір сəтте, алты айғырдың терісінен саба жасатқан еді де,

ел  оны  «тайжүзген»  атап  кеткен.  Бұл  сабаға  қымыз  жыл  тəулігінің,  екі-ақ

мезгілінде  біреуі  –  көктемде,  бие  байланғанда,  біреуі  -  күзде  не

ағытылғанда.  Осы  екі  мезгілде,  «тайжүзген»  толтырып,  көктемдегісін

«қымыз – мұрындық», күзгісін атап, Есеней төңірегіндегі елдерді шақырып

шашақ  ететін  қымыз  –  мұрындыққа  қысқы  соғымдардың  семіз  біреуін

терісіне  бүргізіп  тастап,  көктем  туа,  жеңіл  ғана  сүрлетіп,  қымызға  қоса

беретін сірге - мөлдіретерге арнаулы ту бие соятын.

–  Сонда  –  дейді,  бұл  мəжілістерді  көрген  адамдар,  –  бір  толған

«тайжүзген» бес жүз үйлі Көшебе – Сибанды түгел қандыратын еді.

Шыңғысқа тігілген қонақ үйге, Есеней осы сабаны да қойғызып, - «төре

келгенде  инеп  тұрсын»  деген  əмір  берді.  Оны  инету  қиын  жұмыс  емес

жүзден  астам  құлын  байланатын  желіні  айналған,  емшектері  кере-қарыс

арғымақ биелерді екі-үш рет жебей сауса, «тайжүзген» бір-екі-ақ күнде лық

толып  жатыр.  Есеней  «тайжүзгенді»  Шыңғыс  келерден  бір  күн  бұрын

толтыртты  да,  «қымыздың  өліп  тұрғаны  жақсы»  деп,  түні  бойы  пістірді.

«Тайжүзгеннің»  тұрасы  от  орнындай,  сабының  жуандығы  кіші-гірім

ашады,  қалбағайын  күміспен  əшекейлеген  піспегін.  тек,  атақты  Тоғанас

балуан  ғана  жеке  піскен,  «одан  басқа  жігіттің  пісуге  əлі  келмеген»  деседі.

Тоғанас  жоқ  кезде  «тайжүзгенді»  су  үшін,  керегеге  керген  қыл  арқанға

қалбағайынан қазық – бау шалып байлайтын болған да, жігіттер екі-екіден

кезектесіп, арқанмен пісетін болған.

– Сонда, – деседі көргендер, – гүмпілдей пісілген «тайжүзгеннің» даусы,

айдын көлде түнде əупілдегем дауылпаздың үніне ұқсап, жерді сілкіндіреді

екен.


Шыңғыс  келер  алдында,  «тайжүзген»  түні  бойы  гүмпілдеп  жатты.

Шыңғысқа  құрмет  көрсеткісі  келген  Есеней,  Сибанның  ғана  емес,  сол

маңайды  жайлаған  Уақ,  Қанжығалы,  Күрлеуіт  руларының  «игі-жақсы»

аталатындарынан  таңдаулылары  «төремен  табақтас,  болсын»  деп  жинатты

да:

–  Қара  қазақ  емес,  қайда  болса  сонда  жата  кететін;  орыс  төрелерінің



үлгісін көріп қалада өскен адам, оның үстіне, хан тұқымының тыраштанған

пан,  келетінін  де  білемін.  Ас  ішкен,  кеңес  құрған  кезде  ғана  болмаса,  езге

уақытта  топырламаңдар,  қасындағы  нөкерлерімен  оңаша  жатып  тұрсын,  –

деп,  оларды  арнаулы  жеке  үйге  түсірді.  Есенейдің  бұндай  даярлығын

көргендер:


–  Хан  тұқымына  қасқырдан  үріккен  жылқыдай  қараушы  еді,  мұнысы

қалай, күрт түсіп?! – деп қайран қалысты.

– Өлмесін жақсы білетін адам ғой, бір есебі бар шығар, – десті біреулер.

Енді біреулер:

– «Əліптің артын күт» дегендей, ақыры неге соғарын күтейік, – десті.

Қонақ  үйіне  түсірген  Шыңғысты  Есенейдің  ғана  қарсы  алды  да,  өзі

үйінен  шықпай  отырып  қалды.  Сондағы  ойы  –  «Жасым  үлкен.  Өзі  келіп

берер, мəжілісіне содан кейін араласармын» дегендік еді.

Шыңғыс  Есенейдің,  ойынан  шықты  да,  қонақ  үйге  түсіп  уақыт

жайланғаннан кейін, «Есекеңе сəлем беріп шықсам» деген ниетін білдірді.

– Болсын, – десті күтушілер.

Пəле, осы сəлемдесуден басталды.

Есенейдің  алғашқы  қатыны  –  Қанікей,  бізге  өткен  тараулардан  белгілі,

атақты Зілғараның қызы болатын. Одан туған екі ұл, – Аманжол мен Мықи,

бала  шақтарында  шешектен  өлген,  содан  кейін  Қанікей  құрсақ  көтермей

қойған.  Бір  жағынан  бала  тілеген,  екіншіден  -жас  иісті  болғысы  келген

Есеней  тоқал  алайын  десе,  аюдай  ақырған  он  төрт  аға-інісі  бар  Қанікей,

соларды тіреу көріп, міз бақтырмаған.

Сөйтіп  жүргенде,  өткен  жазда  бір  оқиға  болды  сонау  –  алыстағы

Баянaулда тұратын, Қыпшақтың Күреуіт руынан шыққан, атақты Нияздың

немересі,  Артықбай  есімді  бай,  жерінде  тақыршылық  болған  соң

жылқыларын  Орал  тауының  биыл  да  «бетегелі»  деп  естіген  етегіне

шатаспақ  болып  айдатты.  Ол  осы  бетінде  Обағанның  Тобылға  құятын

сағасын күзектеп отырған Есеней аулының тұсына кеп қонды да, Есенейді

қонаққа шақырды.

Артықбайдың «жан» дегенде он бестен он алтыға қараған, Ұлпан есімді

жалғыз  ғана  қызы  бар  еді.  Жасынан  ерке  өскен  ол  қыз,  еркек-шораша

киінетін,  тентек  ер  баладай  сөйлейтін,  жұрт  оның  қыз  екенін  даусынан

жəне  арқасына  жіберген  екі  бұрым  ұзын  шашынан  ғана  айыратын.  Ол  өте

сымбатты да, сұлу қыз болатын.

Есенейді қонаққа шақырған Артықбай, қасына бір пысық жігітін қосты

да,  осы  Ұлпанды  жіберді.  Сəлем  беріп  үйіне  кірген  Ұлпанның  қыз  екенін,

Есеней  алғашқы  үнінен  -  ақ  таныды  да,  кəрі  қасқырдың  көзі,  піскен  ақ

марқадай  сымбатты  сұлу  қызға  түсе  кетті.  Ар  жағындағы  ойы  –  бассалып

жей қою. Бірақ, ол ниетін ішіне ғана түйді де, сыртына сыр білдірген жоқ.

Есеней шақыруды қабыл ап, ертең түсте жолдас-жорасымен баруға уəде

етті.


Оның  сыбағасы  тоқты-торым,  тай-құлын  емес,  ту  бие  екенін  Артықбай

біледі.  Жақында  жайылған  жылқыларынан  «ең  семіз  биені  алып  кел»  деп,

қасына жігіт қосып Ұлпанды жіберді.

Кішкене күнінен мал арасында, əсіресе жылқы арасында өскен, жасынан

жылмиған  жүйрік  пен  жылжыған  жорғалардың  талайын  мініп  тақымы

бекіген,  аттың  құлағында  ойнайтын  Ұлпан,  қалың  жылқының  ішінен  бір

семіз  байталға  бұғалықты  өзі  тастап,  қасындағы  нөкерлері  асау  биені

сүйреткендей, Артықбайдың жаппасына алып келді.

Жалшы-жалаугерлері  бірге  еріп  келе  жатқан  Артықбай  жерінің

төңірегінде  басқа  да  бірталай  қос  бар  еді.  Солардың  иттері,  асау  биені

айқай-шумен əкеле жатқандардың алдынан үріп шыға келді, сонда, бейпіл

сөйлеп үйренген Ұлпан:

– Ау, үрмеңдер, иттер!.. Ауылда Есеней жатыр! - деп айқай салды.

Бір  қосқа  оңаша  түсірген  Есеней  бұл  кезде  қалғып  жатыр  еді.  Жас

қыздың өткір даусы құлағына сап ете қалғанда, ол оянып кетті де, манағы

қызығудың  үстіне,  «мына  қыз  басынды  -  ау,  əрі  атымды  атап,  əрі  иттерді

менің атыммен қорқытып!..» ашулана қалды да:

– Қап, сен қызды ма?!. – деп кіжінді ішінен.

Осы  ашуы  бойынан  тарамаған  Есеней,  түнде  үйіне  қайтып,  ертеңіне

ертемен  қосын  артқалы  жатқан  Артықбайға:  -  «Қызын  маған  кішілікке

қалдырып кетсін!» деп кісі салды.

Күтпеген  хабардан  зəресі  кеткен  Артықбай  көше  жөнелуге  қаймығып,

«сөзден  тоқтатам  ба»  деген  оймен,  пысық  адамның  біреуін  Есенейге

жіберді. Сонда айтқаны:

–  О  не  қылғаны,  Есекеңнің?  Басынғаны  ма?  Өйтетін  мен  де  құл-

құтанның  бірі  емеспін,  Күрлеуіттің  қырық  мың  жылқы  біткен  Ниязының

немересімен  атақты  қаз  дауысты  Қазыбектің  жиенімін.  Кісілігім  кем

болғанмен, дəулетім өзімен қатарлас. Көп баламның бірі емес, қынжылсам

да бере салатын. Көзімнің қарашығындай жалғыз қызым. Жұртқа ер жеткен

сияқтанғанмен,  езіме  жас  баладай.  Не  жазығым  бар,  қаршадай  баламды

жылатып  тартып  аларлық?  Күтуімде  де,  қонағасымда  да  кемдік  жоқ

сияқты.  Ендеше,  неге  бүйтеді?!..  Қой,  бүйтпесін  Есеней!  Қайтсын,

райынан!  Ағайыннан  алыста  екен  деп,  аламандық  жасамасын.  «Иттің  иесі

болса,  түлкінің  тəңірісі  бар»  деген.  Мені  де  іздейтін  ел  табылады.

Ағайынды атыстырмасын. Қойсын, бұл қомағайлығын!

Елші  адам  Артықбайдың  сөздерін  Есенейге  түгел  жəне  дəл  жеткізді.

Есенейдің  бір  мінезі,  ерегесімпаздығында  еді.  Артықбайдың  сөздерін  ол

«күш көрсету» деп ойлады да, елшіге қысқа ғана жауап берді:



– Екінің бірі не айтқанымды орындасын, əйтпесе жылқысын кейін айдап

қайтсын.


Бұл  сөзді  естіген  Артықбай  не  істерге  білмей  қатты  састы.  Ақылдасқан

біреулері:

–  Есеней  айтқанынан  қайтпайтын  кісі.  Таңдауын  өзіне  берген  екен,

соның  біреуін,  амал  жоқ  қалайсың.  Тегі  қайғырсаң  да  қызыңды  бермей

болмас. «Қасқырдың ұлығаны - жеймін дегені», қызыңа қарап ұлыған екен,

Есеней,  енді  жемей  тынбайды.  «Кейін  қайтсын»  дегені  жай  сөз.

Қайтармайды кейін. Нанбасаң, кейін аттап көрші, қызыңды тартып алсын!

– деді.


Артықбайдың не істерге білмей сандалған халын көрген Ұлпан, əкесіне

кісі салды, сонда айтқаны:

– Қалыңға сатылатын қыз кімге қатын болмаушы еді? Мен де ошаққа тас

болмаймын.  Əкемді  мен  асырамаймын,  малы  асырайды,  мені  Есенейге

берсін де, малын мақсатты жеріне айдап өтсін.

Артықбай амалсыздан көнеді де, Ұлпанды Есенейге қалдырып, өзі ілгері

көшеді. Көшер алдында əкесімен көріскен Ұлпан:

Алып қалды-ау, Есеней,

Найза ұшы, мылтық күшімен.

Қор болды-ау, қайран жас күнім,

Əкемнен үлкен кісімен,

Кегімді ойдан кетірмен,

Кəрімін демей көпірген,

Күндердің күні болғанда,

Шаңырағын қу бастың

Ортасына түсірем –

деп жылапты. Ұлпан осы сертіне жеткен адам.

Есенейдің  Ұлпанды  алуы  айдай  əлемге  əйгі  болған  еді.  Бұл  оқиғаны

Сырымбет тауын төңіректеген ел де, олардың ішінде – Аба да естіген.

Шыңғыстың  əйел  құмар  жігіт  екенін  Аба  Зейнепті  алуға  бара  жатқан

сапарында  -  ақ  аңғарған.  Жолшыбай  ол,  талай  қыз-келіншекпен

Шыңғыстың  арасында  жеңгетай  болып  үлгерген.  Шыңғыс  Сырымбетте  де



сол  əдетін  тастамай,  бірер  жүрісін  Зейнеп  те  аңғарып  қап,  араларында

жанжал  да  туған.  Сырымбеттен  Құсмұрынға  аттанған  сапарларында,

Шыңғыс Абаға жолшыбай жігітшілік құр жайын ескерткен.

– Ол болып жатыр ғой, – деген Аба.

Бір сəтте Аба Шыңғысқа Ұлпан жайлы естіген – білгенін айтып берген.

–  Өзім  көрмегенмен,  –  деп  аяқтаған  Аба  Ұлпан  туралы  сөзін,  –

көргендердің айтуынша, Есенейдің сол тоқалы «кескін біткеннің көріктісі»

дейді, «адамзаттың періштесі дейді..

Осы  əңгімені  қызыға  тыңдаған  Шыңғыс  Ұлпанға  сыртынан  құмартып,

тура жолынан аздап қиғаштығы бар Есенейдің үйіне, оған сəлем беру үшін

емес, Ұлпанды көру үшін түскен.

Шыңғысқа  арналып  тігілген  қонақ  үй,  Есенейдің  өз  үйінен  атпен

қатынасатын  жырағырақ  жерде  екен.  Сусындап  жайланғаннан  кейін  тысқа

шыққан Шыңғыс Абаға Ұлпанды көре алмау қаупін айтып еді:

–  Уайым  емес  нəрсені  уайымдағаның,  не  қылғаның?!  –  деді  Аба.  –

Көреміз деген соң, көреміз.

– Қалай?

– Қонақ болып отырған жоқпысың Есенейдің үйіне? Осы елдің ақсақалы

емес  пе  ол?  Əрі  –  байы,  əрі  –  батыры.  Соған  сəлем  беруді  сылтау  ғып

бармаймыз ба, біраздан кейін үйіне? Тоқалын да көрмейміз бе, сонда?

Бұлар сəлемдесе барса үйде Есеней мені Ұлпан ғана бар екен. Есенейдің

тізгінін қолына мықтап ұстау үшін, Ұлпан осы босағадан аяғын аттай, іші -

бауырына  кіріп  алған  да,  жылға  жетпей  қыз  туып  берген.  Перзенті  жоқ

Есеней, Ұлпанды енді тіпті қадірлеп, бұрынғыдан бетер еркелеткен. Бұрын

да «аттыға – жол, жаяуға сөз бермейді» дейтін Ұлпан, енді тіпті өткірленіп,

үлкен  демей,  кіші  демей,  бойдағы  мінін  қаза  беретін.  Сонысынан

жасқанып, көп адам оның үстіне кіре де қоймайтын. Ұлпанға үйленгеннен

кейін, Есеней бұрынғы ел қыдырғыштығын да, аң құмарлығын да азайтып,

шақырғандардан  ілуде  біреуіне  ғана  қонаққа  баратын,  сонда  Ұлпанды

қасынан  қалдырмайтын,  ол  бармайтын  жерге  аяғын  аттамайтын,  алдына

сөз келе қалса, бірен -сараны ғана болмаса көбінің билігін Ұлпан айтатын.

Есенейдің  мол  дəулетіне  кірген  Ұлпан,  үйінде  де,  түзінде  де  мейлінше

малынып  киінетін.  «Көңілін  киіммен  аулайын»  деп  ойлаған  Есеней,  қалай

сəнденем  десе  де  қолын  қақпайтын.  Өзгесін  былай  қойғанда,  басынан

тастамай  киіп  жүретін  жалғыз  сəукелесінің  өзі,  баға  білетін  адамдардың

айтуынша айғыр үйір жылқыға тұратын.

Былай  да  əдемі  киінетін  Ұлпан,  «Шыңғыс  келе  жатыр  дейді»  деген


хабарды естіген соң, тіпті малынып ең асылдарын бойына түгел сыйғызуға

тырысты.  Оның  ұзын  аппақ  саусақтары,  асыл  тастар  қондырған  алтын

жүзіктерге  лық  толды.  Келіншек  болса  да  жуан,  ұзын  бұрымдарын  қамзол

сыртынан  салбыратып  жіберетін  ол,  бүгін  бұрымына  алақаны  жалпақ,

үзбелері көп, бəріне де меруерт, маржан, кəукер, жақұт сияқты асыл тастар

қондырған  алтын  шолпысын  қоса  өрді.  Құлақтарына  да  жалтылдағы

ерекше  сырғаларын  салды.  Бұл  қылықтарын  іштей  Ұнатпағанмен,  Есеней

сыр  білдірген  жоқ.  Қонақ  үйін,  өз  үйінен  жырағырақ  жерге  тіктіруі

Ұлпанның бойын Шыңғыстан аулаққа салуы еді.

Төре  тұқымының  қара  қазаққа  кішірейгісі  келмейтін  əдеті  болатын.  Бір

есептен  келмес  те,  сəлемдеспес  те.  «Келсе  келер,  келмесе  қонағасысын

ішер де аттанар, мен де кішірейіп бармаспын» деп ойлап қойған еді Есеней.

Ұлпанның  əсемденуін  көрнен  кейін,  ол  Шыңғыстың  келмеуіне  тілектес

болды.  Келерін  естігенде:  –  «мейлі,  –  деп  тоқыратты  көңілін  –  азар  болса,

кезін сатар. Онымен не бітіреді?».

Есеней қателесті.

Шыңғыс туралы толып жатқан қызғылықты кеңестер естіген, сондықтан

көруге  құмартатын  Ұлпанның  былайша  да  қанды  кескіні,  «келе  жатыр»

деген үн құлағына тигенде, маздаған оттай құлпыра жалындап жүре берді.

Ол  өзіне-өзі  ие  бола  алмай  безгек  адамдай  қалтырай  бастады.  Онысын

Есенейге сездірмеуге тырысты. Егер ерімен аралары жақын болса, сезіп те

қалуы  мүмкін  еді.  Қазір  алшақ  отыр.  Есеней  төрге  таман  илеген  тай

терісінен жасалған, төрт бүктеулі жұмсақ бөстектің үстінде отыр; Ұлпан оң

босағаға  құрылған  ақ  жібек  масахананың  ішінде  төрт  бүктеген  бағсайы

көрпенің  үстінде  отыр.  Араларының  алшақтығымен  қатар,  Есенейдің  көзі

де аздап көмескілене бастаған құлағы да аздап мүкістене бастаған шақ.

Шыңғыстың үйге кіруі, шалшық түстін, кезі еді. Еңсегейі биік ақ үйдің

түндігі  күн  жақ  бұрышынан  кен,  түрілген.  Сондықтан  үй  іші  мейлінше

жарық.

Осы  үйге  басын  сұға  берген  Шыңғыстық  кезі,  ең  алдымен,  ақ



шымылдықтың  ішінде,  кескіні  қызғылт  гүлдей  құлпырып  отырған

Ұлпанды шалып қалды. Сол нұрға елтіген ол, тіккен көзін тез аудара алмас

па  еді,  қайтер  еді,  –  егер  мына  қалпын  аңғарған  Аба,  көңілін  бөлу  үшін,

Есенейге  қаттырақ  дауыспен  сəлем  беріп  қалмаса?..  Сол  дауыс  қана

Шыңғыстың айырылған есін бойына қайтарып, ол да сасқалақтаған үнмен,

оң  қолын  кеудесіне  басып,  Есенейге  «ассалаумəликем!»  деді.  Шыңғыстың

Ұлпанға  қадала  қарауын  аңғарып  қалған  Есеней,  Шыңғыстың  сəлеміне

жауап берместен, алдына келіп ұсынған қолын ғана алды.

Сөзді  неден  бастарын  білмей,  Есенейге  бір,  Ұлпанға  бір  жалтақтаған

Шыңғысқа қарамастан:

– Ас əкеліңдер! - деді Есеней, қонақтарға ере кірген жігітіне.


Ондайдағы  ас  –  қымыз  ғана.  Қымыз  ауыз  тигеннен  кейін,  бедірейіп

қарап отыруға ыңғайсызданған Шыңғыс, аз сөзбен жол жайын айтты. Оған

«а  -  а  -  а»  деді  де  қойды  Есеней.  Одан  əрі  де  үн  қатыспаған  соң,  мелшиіп

отыра беруді ыңғайсыз көрген Шыңғыс:

– Асығыстау келе жатыр ем, Есеке. Сізге сəлем беріп қана шығайын деп

ем. Ұлықсат болса қонақ үйіме барайын, – деді.

– Бар! – дей салды Есеней салқын үнмен.

Қонақтар  тұра  жөнелді.  Есеней  қатуланған  кескінмен  төмен  тұқырған

басын  көтерген  жоқ.  Құмартып  үлгерген  Шыңғыс,  есіктен  шығарда

Ұлпанға  тағы  бір  қадала  қарады.  Ол  манағы  жалындаған  қалпында  екен.

Тоғысып қалған көз қарасынан Шыңғысқа аңғартпақ болғаны:

– Бұдан соң көрісеміз бе, жоқ па? Қош сұлу жігіт!

Шыңғыс та осы ой да кетті.

Ұлпан  мен  Шыңғыстың  көздері  арбасудан  ішінде  қызғаныш  тұтана

қалған  Есеней,  Шыңғыс  кеткен  соң  да  сол  қызғанышты  қыздыра  түспесе

бəсеңдеткен  жоқ.  Сондықтан  «өзі  кеп  сəлемдессе  артынан  барып

мəжілістесермін»  деген  ойынан  айныды  да,  «құяңым  ұстап  қалды»  деген

сылтауымен, Шыңғыс түскен үйге барған жоқ.

Арбасқан  көздер  өз  жұмысын  атқарып  жатты.  Есеней  үйінен  былай

шыға:


– Апырау, Əбеке-ау, – деді Шыңғыс Абаға, – Əлгі көргеніміз періште ме,

адам ба?


– «Мен соңғысы ма» деп қалдым, – деді Аба.

– Ал енді, бұған қол қалай жетеді?!

«Əйелге  қол  жетуде  қиындық  жоқ»  деп  санайтын  Аба  езін  бұлдандыра

түсу үшін, əдейі қиындатып:

–  Қайдам,  қалай  жететінін?  Есенейін,  анау,  қартайған  к.ара  бурадай

жолыңда  шегіп  жатқан!..  Естігенім  болмаса,  көрмеген  кісім  еді.  Ұсқынды

кісі екен-ау, өзі!.. Өңкиген дене бітімі де, бас бітімі де шөккен бура сияқты

екен. Отырған бойының биіктігі түрегеп тұрған орта бойлы кісідей ме деп

қалдым!..  Қай  жағынан  қарасан,  да  доп-домалақ  көрінеді  екен  өзі.  Екі

иығына  екі  кісі  мінгендей,  кеуде  тұсы  ішіне  азық  толтырған  үлкен

дағарадай.  Мойны  да  бұқа  сияқты  тұтас  екен.  Шүйдесі  де  сондай.  Басы

кішігірім  қазанға  пара-пар  болу  керек.  Қоңқайған  зор  мұрны  да,  салпиған

төменгі  ерні  де,  аумаған  буранікі.  Алақандай  шағыр  көздері  де,  құтырған

бурадай  шарасынан  шығып,  шатынап  барады.  Иегіне  біткен  сирек  қара

буырыл  сақалы  мен  мұртын  да,  тарлан  бураның  тамағына  біткен  шуда


сияқты  ма  деп  қалдым.  Жалпақ  қара  бұжыр  беті,  қара  шұбар  бүркіттің

жотасына ұқсайды.

Есенейдің аса ұсқынды түр-тұлғасы туралы, Шыңғыстың өзі де Абадай

ойда  еді.  Бірақ  оған  қазіргі  қажеті  оның  ұсқыны  емес,  сұлу  жас  тоқалы

Ұлпанға қолының қалай жетуі. Басын осы ой шырмап келе жатқан Шыңғыс

Абаның  Есенейді  сипаттауын  немқұрайды  тыңдады  да,  сөзінің  арты  ұзара

бастаған соң:

– Əй, қоя тұр оны, басқаға көш! – деді.

– Неменеге?

– Ұлпанға қолдың қалай жетуіне.

– Ол оңай жұмыс емес.

– Неге?


– Қиындатқан өзіңсің, төрем.

– Қалай?..

–  Ұрғашы  көрмегендей,  Есенейдің  үйіне  бас  сұққаннан-ақ,  тоқалына

қадалдың  да  қалдың.  Оныңды  кəрі  қасқырдың  көзі  шалып  отырды.  Түс

бермей  тымырайып  отырып  қалған  себебі  сол.  Молдалар  «бір  адамның

соңында  қырық  шайтан  жүреді»  десе,  «бұл  тоқалдың  артында  жүздеген

шайтан  жүреді»  деп  есітем;  «екі  жүз  үйлі  Сибанның  еңбектеген  жасынан

бастап, еңкейген кəрісіне дейін осы тоқалға аңдушы» деп есітем, сонша көз

бізге алдата ма?...

Абаның сөздерін дəлелді көре тұра, Шыңғыс:

– Талай шиені шешуші едің ғой. Əбеке, бұның да ретін тап! – деп қолқа

салды.


– Көрерміз, – деді Аба аз уақыт сөз жарыстырғаннан кейін – тəуекел деп

талаптанып байқайын. Іс шығара алмасам ұрыспассың.

– Шығарасың, – деді Шыңғыс сенген дауыспен.

– Іңірден бастап жоғалармын. Өзім келгенше мені іздемессің.

– Мақұл.

Салт  келе  жатқан  Аба,  көзімен  Есеней  үйіне  жақындап  барарлық  таса

жер  іздеді.  Оны  тапты  да  өзеннің  ен  бойына  тал  өскен  «Той»  аталатын

тереңдеу  бір  құрғақ  сайы,  ирелеңдей  отырып,  Есеней  аулының  деңгейінен

əрі  қарай  кетеді  екен.  Соны  бойлап  барса,  Ұлпанмен  ұшырасып  та  қалуы


мүмкін.  Олай  ойлауы:  мана,  бұлар  Есеней  аулынан  аттанып  жөнелгенде,

басына  желек  бүркенген  бір  əйел,  сайдың  арғы  бір  тұсына  қарай  беттей

берген.

–  Сол,  Ұлпан  –  деген  Аба,  əйелді  Шыңғысқа  нұсқап.  –  Дəуде  болса  ол,



түзге  отыра  шыққан  жоқ,  бізді  сыртымыздан  қарайлауға  шықты;  егер  мен

əйел танитын болсам, сол келіншек саған қызығып қалды!..

– Қойшы! – деді Шыңғыс.

«Сол  келіншек  сол  кеткен  сайына  іңірде  тағы  бір  рет  неғып  бармас

екен?»  деген  ойда  болды  Аба  Шыңғыспен  кеңесіп  келе  жатып.  Бірақ,  бұл

ойын сездірмеді.

Шыңғыс  Есенейден  қайта,  қонақ  үйдегі  мəжіліс  қызды.  Сол  маңайдағы

ауылдардың  жақсы  –  жайсаңы,  əнші-күйшісі,  шешен  –  білгірі  бұл  үйде

түгел  еді.  Есеней  тапсырған  ту  бие,  кешқұрым  сойылды.  «Тайжүзгеннің»

таусылмас  қымызы  ағыл-тегіл  құйылып  жатты.  Қызу  мəжіліс  басталып

кетті...

Осы  мезгілде  қызыл  –  іңірді  бүркеніп,  Аба  Той  сайын  бойлай  жаяу

зытты,  ат  мінсе  «көзге  түсермін»  деп  қауіптенді.  Бұл  –  бұл  жақтан  бара

берсін, біз Ұлпан жағына оралайық.

Алдына  бірінші  міндет  қып,  Есенейді  билеп  алуды  қойған  Ұлпан,  ең

алдымен соған сенімді болғысы кеп,екі жүз үйлі Сибан түгел аңдығанмен,

бұған дейін шашау шығып көрген жоқ-ты. Сол жайына көзі жеткен Есеней

Ұлпанды  қадыр  тұтып,  сезін  екі  қылмайтын.  Аз  уақытта  Есенейді  баурап

алған  Ұлпан  өзгелер  түгіл.  бəйбіше  қатыны  Қанікейден  де  айырып,  үйін

інісі Меналының аулына қостырған жəне ол ауылды атпен барарлық алысқа

қондыртқан.  Тізгіні  Ұлпанға  берілгеннен  кейін.  Есенейге  жаққысы

келгендер,  алдымен  Ұлпанға  жағып,  алар  –  сауын,  мінер  –  көлік  сияқты

қолғабыстарын  Ұлпаннан-ақ  алып  жүре  беретін.  Есенейдің  ең  дəулетін

аясын  ба,  –  «жүн-жұрқа,  қыл-қыбыр  ас-су»  дегенді  мол  үлестіріп  Ұлпан

Есенейге  қосылуы  жылға  жетпей  ел  аузында  «Ұлпажан»,  «қайқы  алақан  -

қайырмен»,  «мырза  келіншек»  аталған.  Оның  үстіне  бала  көтеріп,  туған

қызы  «кезі  бақырайған,  мұрны  қоңқиған,  аумаған  –  Есекең»  деген  соң,

«адал тоқал болды-ау, мынау!» деп тіпті əлпештеген.

«Жұрт  мақтаған  жігітті  қыз  жақтайды»  дегендей,  сыртынан  мақтаулы

Шыңғысты көргенде, Ұлпан есінен танып к,ала жаздады: мұрты жаңа ғана

қырбықтанып  келе  жатқан,  сымбатты,  сұлу  жас  жігіт!..  Оның  үстіне

офицерше киініп белін тас - түйінін мойнына балдағы алтын қылыш асып

алған.

Шыңғысқа  ол,  табан  аузында  құмарта  қалды.  Сөйлесуге  тіл  жоқ,  –



Есенейден  бата  алмайды.  Бар  əлі  келгені  –  көзі.  Ол  бір-екі  рет  қадай

қараған  көзімен  де  Шыңғысқа  ішкі  сырын  түгел  ақтарып  болған  сияқты,



сонда айтқаны, – «сенімен қауышар күн бар ма, жоқ па?!»

Шыңғыс  аттанып  кеткенде,  тысқа  шығып,  артынан  көз  тастаған  себебі

де осы еді. Есенейдің қызғанғанын Ұлпан бет бейнесінен түсінді. Ұлпаннан

сыр тартқысы келген Есеней Шыңғыс аттана оны:

–  Уəлінің  мына  баласы  сымбатты.  сұлу  жігіт  болып  өскен  екен!  –  деп

мақтаған болып еді, Ұлпан қасақана дау айтып:

–  «Төре  тұқымы  тыраш  келеді»  деуші  еді,  рас  қой  деймін  сол.  Кісіге

жұғымы  жоқ,  кекірейген  біреу  ғой,  Шыңғысың!  Кескіні  не  керек  оның,  ас

құйып іше ме, əдемі болып? – деді.

Қай сөзі екенін Есеней аңғара алмады.

Шыңғыспен  қалай  қауышудың  ретін  білмеген,  олай  болуға  сенбеген

Ұлпан,  «үмітсіз  –  шайтан»  деген  мақалды  қамалған  қараңғылығын  шам  –

шырақ қып тұтатты да үміттің көмескі сүрлеуіне түсті. «Манағысы – бекер

қарас емес, – деп жорыды ол. – Егер құмарлық қарас болса, артына неғып

бір оралмас екен?».

Қалай  оралуын  ойлағанда,  Ұлпанның  есіне  де  Той  сайы  түсті.  «Ел

жатқан  кезде,  панасы  кеп  осы  саймен  неғып  келмес  екен?»  деп  үміттенді

ол.


Сол  үміт  дамыл  бермеген  Ұлпан,  күндегі  дағдысымен,  күн  –  байыр

шақта,  Той  сайының  жағасына  түйе  шөгерісуге  барды.  Оның  төркіні  де

түйелі  бай  еді.  Түйелерді,  əсіресе  –  боталарды  шөгерісу,  Ұлпанның  бала

күнінен  қызық  көретін  ісі  де.  Ұлпанға  үйленген  шақта,  Есенейде  екі  Жүз

елудей түйе болатын. Өзге шаруаға араласпайтын Ұлпан, түйелерді өргізу,

жусату ісінен қалмайтын.

Бүгін  де  түйелерді  шөгеріскен  Ұлпан,  өзге  күндерден  өзгешелеу  бір

қылық  көрсетті:  Есенейдің  көп  бурасының  ішінде,  «Жыланбас»  аталатын

біреуі  –  кісі  алғыш  еді.  Қаңтар  айынан  бастап  құтыратын  ол  бура,

түйешілердің ішінде, тек Тұтқыштан ғана қорқатын. «Бұзауында қорыққан

адамын  бұқа  сүзбейді»  дегендей,  бота  күнінен  қорқып  ескен  Тұтқыштан,

құтырған  кезінде  өзге  адамның  бəріне  тап  беретін  Жыланбас  қорқып,  оны

тек,  отқа-суға  сол  ғана  апара  алатын.  Қаңтардан  сəуірге  дейін  шынжыр

ноқтамен темір қазыққа байлап тастайтын Жыланбасты, Есеней көктем туа

босаттыратын.  Құтырған  айларында  көрінгенге  тап  беретін  жыланбас,  жаз

айларында  үйіріне  жоламаған  кісіге  шаппайтын,  үйіріне  барғанда  (адам

болсын, қасқыр болсын) қуып жетсе шайнап тастайтын. Сондықтан Есеней

оны түйелеріне бақташы көретін.

Күндіз  маңайдағы  сортаңдарға  жайылатын  түйелер,  кешке  ауылға

қайтатын  еді  де,  Той  сайына  шегерілетін  еді.  Өзгелерді  маңайлатпайтын

бураларды,  əсіресе  Жыланбасты  Тұтқыш  қана  шегеретін  еді.  Ұлпан


Тұтқышқа ере баратын. Жыланбас қазықталмай, жай ғана шөгерілетін.

Бүгін Ұлпан шөгерілген Жыланбасты қазыққа байлатты. Тұтқыштың:

– Неге, шырағым? - деген сұрауына: – Ауылда қонақтар жатыр ғой, – деп

жауап  берді  Ұлпан,  -  бейсауат  жүрген  біреуін  тура  бас  салып,  жазым  ғып

жүрер.

Тұтқыш Ұлпанның сөзіне сенді.



Түйелерді  түгел  шөгеріп  болғанша,  қызыл  іңір  басталып  қалатын  еді.

Сол кезде, түзге отырғысы келген кісі құсап, Ұлпан тал арасына кеткенде,

ойда  жоқта,  «əй!»  деген  дыбыс  естілді.  Қаннен-қаперсіз  Ұлпан  шошып

кетіп  «көтек!»  деп  қалды.  Тұтқыштың  құлағы  мүкіс  еді,  əйтпегенде,  мына

дауыстарды естіп те қалар еді.

Шошынған дауысқа Ұлпан жалт қараса, манағы Шыңғыстың қасындағы

жігіт!..

Бұндай  «жорықтарға»  талай  шығып  кəнігі  болып  алған  Аба,  Ұлпанның

алдына қол қусырып тəжім етті де, мақсатты сөзін іле бастап кетті. Ұлпан

Абаның көңілінен шыққан соң, уəде былайша байланды: түн ортасы ауып,

ұйқыға  кеткен  шақта,  Шыңғысты  ерткен  Аба,  осы  араға  келеді,  сонда

оларды Ұлпан тосып алады.

Сөзді  осыған  байлаған  Ұлпан,  үйіне  қайта  Есенейге  ерекше  еркелеп,

оның қыбын табуға тырысты: Есеней кешкі асына ақ ірімшік, піскен сүттің

қаймағына  ездіретін  еді.  Жағынған  Ұлпан,  кейбір  кештерде  жаңағы

тағамды,  Есенейге  өз  алақанымен  асататын,  содан  кейін  сіміретін

шұбаттың сапты - аяғын да тұтқасынан ұстап тұрып қолынан жұтқызатын.

Бүгін де сөйтті. Бұдан, Есенейдің ішіне мана қатқан ашу мұзы жібімеді.

Ақ  ірімшікті  Ұлпанның  мақтадай  жұмсақ  алақанынан  асай  отырып,

қышқылтым,  қоймалжың  шұбатты  қолынан  сіміре  отырып,  бүгін  түнде

аңду ойын бекіте түсті.

Есеней  мен  Ұлпанның  түнгі  төсектері  алшақтау  салынушы  еді.  Оған

себеп:  біріншіден  -Есеней  қатты  қорылдайтын,  екіншіден,  -  қатты

ұйқысырайтын.  Бұл  екеуі  де  Ұлпанға  маза  бермеуін  білген  Есеней,  «сен

алшағырақ ұйықта» дегенді өзі айтқан.

Олар  бүгін  де  сөйтті.  Бірақ  Есеней  бүгін  өтірік  қорылдады.  Шыны  –

Ұлпанды алдастырып аңду.

Бір  кезде  қалғып  кетіпті.  Бұрын  аңшы  болған  Есенейдің  қасқыр  алғыш

қабаған  иттері  болушы  еді.  Солар  дауыс  қоса  маңқылдай  қалмаса,  Есеней

қалғудың артынан қалын, ұйқыға сүңгіп кетер еді.

Иттер  маңқ  ете  қалғанда,  Есеней  оянып  кетті.  Олар  сол  үрген


қалыптарында  түйелер  шөгерілген  жерге  қарай  шауып  барады.  Иттер

бетімен үрмейтін, жат кісіні немесе қасқырды сезсе ғана үретін. Қасқырлар

шөгерілген топ түйеге шаппайды. Үргендері жат кісі болу керек. Есенейдің

малына ұры тие алмайды. Сонда, бұл жат кісі кім?

Осы ойдан ұйқысы шайдай ашылып кеткен Есеней «Ұлпан!» деп дыбыс

берсе,  жауап  жоқ.  Үнін  қаттырақ  шығарса,  тағы  сондай.  «Жоқ  болғаны

ма?» деп, қараңғы үйде еңбектеп кеп орнын сипаса, - жоқ!..

Бұған дейін түн баласында тысқа шықпайтын Ұлпанның мына жоғалуы

Есенейді  қайран  қалдырды.  «Иттер  жөнелген  жаққа  кеткен  болар,  –  деп

жобалады Есеней, - оларды дүрліктірген белгісіз адам да сол жақта болар.

Ұлпан, əрине, сол адамға кетті. Ол кім?»

Кім  екенін  іштей  жорамалдаған  Есенейдің  мана  күлге  көмілген  шоқтай

ғана  болып  құмыққан  ашуы,  басына  келген  дауылдың  екпінінен  кекті

лаулата  жөнелді.  Əне  бір  жаугершілік  жылдары  қаруланған  білтелі  қара

мылтығын, бейбітшілік күндерде де ол басына жастап жатушы еді. Оқ-дəрі

салатын талысы да жастық астында болатын.

– Неге өйтесіз? – дегенде:

– «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» демей ме,

ата-бабаларымыз? Керек болып қалса, даяр тұрсын, – деп жауап беретін.

Ол  «құралайды  көздеп  атады»  дерліктей  өте  мерген  кісі  болған,  сонда

жалғыз  оқты  –  шитімен  атып,  ағып  бара  жатқан  үйректерді  қағып  түсіре

беретін.


Ашуы лаулаған Есеней, мылтығын қолына ұстай, оқшантайын мойнына

аса,  тысқа  көйлек-дамбалшаң  жүгіріп  шықты.  Ар  жағында  да  ойланып

тұрмай,  еңкеңдей  басып,  түйелерге  беттеді.  Түн  ол  күні  қалың  шықты,

салқын  еді.  Содан  бойының  тоңазуы  ма,  əлде,  əлгінде  ғана  қашқан  ақыл

басына оралды ма, – Есенейге ой түсе бастады.

«Құп  –  деп  ойлады  ол,  –  жорамалым  келе  қалсын-ақ  дейін.  Сонда,  ашу

екпінімен,  кезіге  қалса,  –  жорамалдаған  адамымды,  əйтпесе  тоқалымды

жайратып салайын, Сонда не болды?»

Оның  ар  жағында  «Есенейлігі»  түсіп  кетті  оның  ойына.  Ол  өзін  «осы

дуанның серкесімін» деп санайтын кісі. Егер сол «серке» бір қатынға бола

кісі өлтіріп жазаға тартылса не болмақ?!..

«Аңдысқан  жау  атыспаққа  жақсы»  дегендей,  Есеней  Шыңғыспен

аңдысып атысуға бел байлады.

Бұл  кезде,  шөккен  түйелер  арасында  қауышқан  Шыңғыс  пен  Ұлпан,

сұхбаттың  қызу  қызығына  бөленуде  еді.  Олардың  бұл  сезімін,  мана


ауылдан осылай қарай үріп шыққан иттер бөлді. Кездері көрген, құлақтары

естігіш,  мұрындары  сезімтал  иттер,  Ұлпанды  көргеннен  кейін  үрулерін

доғарып,  «қасқыр  жеп  қояр»  дегендей,  сол  маңайда  шоқиып  отыра

қойысты. Аздан кейін. ауылдан шыға берген Есенейге кездерін тігіп қарай

қалды  да,  кім  екенін  танып  жарысқан  шабыстары  жерді  дүрсілдете

алдынан шықты. «Бұлары қалай?!» дегендей, Шыңғыс пен Ұлпан көздерін

иттер жарысып бара жатқан жаққа тікті де, қараңдаған жаяу адамды көрді...

– Ойбай біздің бай! – деді Ұлпан, денесі дірілдей қап.

– Бола берсін!

– Олай деме, төрем, – деді Ұлпан, қалтырап, – қан ішкен кісі ол. Көрсе

тегін жібермейді сені.

– Не қылады сонда? – деді əлі ешкімнен беті қайтып көрмеген Шыңғыс.

– Айта көрме, төрежан! Зыт талдардың арасына!

Шыңғыс  «бар,  төрем,  бар!»  деп  итермелеген  Ұлпанға  көне  қоймай

тырысып  тұрған  шақта,  ар  жақта,  тар  арасында  жүрген  Аба  да  жүгіріп

келді.  Не  халдар  болғанын  жəне  боларын  естіп  те,  көріп  те  тұрған  ол,

«кеттік,  төрем,  кеттік!»  деп,  Ұлпанға  қосыла,  Шыңғысты  талға  қарай

икемдей  бастады.  Тырмысқан  Шыңғыстың  кеткісі  келмеді.  Ол  жатқанда

болмаса мойнынан тастамайтын өткір қылышын бұл араға да қолына ұстай

келген еді. Өзін «төре», Есенейді «қара» деп түсінетін ол, əрі – «қара», əрі –

шал адамнан жылысып кетуді төрелігіне, жастығына намыс көрді.

Олар  осылай  «теке-тіресте»  тұрған  шақта,  шауып  кеткен  иттер,  кідіре

қалған Есенейдің басына секіріп, еркелік жасады. Есеней кейін оралды.

–  Барсын,  –  деді  Шыңғыс.  –  Келе  қалғанда,  мен  ол  кəрі  қасқырға

көрсетер ем, жас арыстанның қылығын!

Есеней  мен  Шыңғыстың  кездеспеуіне  іштей  қатты  қуанған  Ұлпан,

Шыңғыспен одан əрі сұхбаттасудың жайы жоғын көрді де:

–  Ал,  төрем,  «бар  -  мəзір,  жоқ  -  жəйім»  осы  рұқсат  болса,  мен  кетем,  –

деді.

«Кетпе» дер дəлелі жоқ Шыңғыс, аз уақыт болса да. тəтті лəззат алысқан



Ұлпанның болашақ жайын ойлап:

–  Кəрі  қасқыр  саған  азуын  батырам  демес,  Ұлпан  егер  –  десе,  өзіме

хабар айт, оның мұқалған тістерінің тұқылын қағуға шамам келеді. – деді.

–  Қайтесің  төрем,  маған  қамқор  боп?  -  деді  Ұлпан  мұңайған  үнмен,  -

тəңірі  асыраған  тоқтыны  бері  жемейді»  дегендей,  бұған  дейін  көрген

күнімді  əлі  де  көре  берермін.  Өзің  сақ  бол.  Осал  жау  деп  ойлама  шалды.



Оның  жауыққан  адамын  азуы  əлі  де  бар  ретіңді  тауып  ойсырата  қауып

жүрмесін!

Арғы  кеңес  қысқарып,  олар  жөндеріне  тарасты.  Қоштасарда  Ұлпанның

айтқаны:


– Атыңның басын бұл жаққа тағы да бұрам деп, біздің шалдың ауылын

айнала құрған қақпанының біреуіне түсіп қап жүрме, терем. Қақпаны қатты

болады оның бір шапса босатпайды. Бойыңды бұл ауылдан аулақ сал!

–  Көрерміз.  –  деді  Шыңғыс.  Өз  ішінде,  оралуға  құмар  да  болып  тұрған

жоқ  Ұлпанмен  қауышып  лəззатты  болғанмен,  бұндай  талай  лəззаттарға

бұрын да бөккен. Оларды ұмытқан Шыңғысқа бұны да ұмыту қиын емес.

Алдында  не  күтіп  тұрғанын  білмеген  Ұлпанның,  əрі  түннің

салқындығынан ,əрі сезімнің толқуынан дірілдеген денесі, Есенейдің тым-

тырыс  үйінің  көрдей  қараңғы  ішіне  сүйретіліп  əрең  кірсе,  шалының

қорылдаған  дыбысы  шығады.  Бұның  шын,  яки  өтірік  қорыл  екенін  біле

алмаған  Ұлпан  «ұйқыда  болса  оянып  кетпесін»  деген  оймен,  аяқтарын

ұшынан еппен ғана басты да, төсегіне жете, ақырын ғана құлай кетті...

Есеней  ұйқыда  емес  еді.  Ол  мана,  төсегіне  қайта,  Шыңғыстан  кек

алудың түрлі тəсілін ойлап жатқан. Сонысын Ұлпанға сездіргісі келмеді де,

үйге  жақындаған  сыбдырын,  есіктен  кіруін,  төсегіне  сұлауын  біле  тұра

өтірік қорылдады.

Есенейдің  ертемен  тұрып,  түйелерін  өргізетін  əдеті  болушы  еді.  Таң

ағара  Тұтқышқа  еріп  шөккен  түйелерге  барса,  Жыланбасы  қазықтаулы

жатыр екен.

– Бұл не? – деген оның сұрауына аңқау Тұтқыш:

–  Кіші  бəйбіше  қазықтатқан  еді  бай!..  «Ауылдағы  қонақтарға  шауып

жүрер» деген-ді.

Есеней  «ə  -  ə  -  ə»  деді  де  қойды.  Іштей  –  «Əй,  қу  тоқал  -  ай,  төреге

жалғасудың қамын ерте ескерген екенсің ғой!» деп ойлады.

Шыңғыс  таңертеңгі  сыбағасына  бір  семіз  тайды  тағы  жеді  де  жөніне

аттанды.


Есенейдің  Шыңғыспен  алыстан  аңдысып  атысқысы  келді.  Сол

мақсатпен,  ана  жылы  Кенесарыны  жеңгендігі  үшін,  үкімет  сыйға  берген,

бірақ  «Шұбар  арасы,  маса  -  сонасы  көп  болады»  деп  мекендей  қоймаған

«Бүркеу»  аталатын  қарағайы,  қайыңы,  терегі  аралас  қалың  орманға  күз

көшіп  барды  да  қыстау  салды.  (Ол  арада  қазір,  Солтүстік  Қазақстан

облысының Преснов ауданына қарайтын «Жаңа жол» ауылы отыр).

Сол  арада  ол,  «мəн-жайды  білдіріп  қайт»  деп,  Омбыдағы  бөлесі,


генерал-губернатордың, советнигі – Тұрлыбек Көшеновке, тағы бір бөлегі,

Кенесарыны  қуысқанда  советник  чинін  алған,  орыс  тілін  білетін

Отаншының Байдалысын жұмсады. Байдалының Тұрлыбектен əкелген сөзі:

«Есеней  асықпасын.  Шыңғыс  жаңа  жанған  өрт,  оған  қарсы  шаппасын.

Далада  қаптаған  өртті  қазақтар  бөлшектеп  əкетіп  сөндіретін  еді  ғой,  соны

Есеней  де  істесін.  Əуелі  Шыңғыстың  жан-жағынан  құлайтын  орлар

қаздырсын.  Содан  кейін,  қапысын  тауып  құлата  салу  қашпайды.  Алдағы

жазда,  Құсмұрын  бекінісінде,  сол  дуанның  игі  жақсылары  бас  қосатын

«Чрезвычайный»  аталатын  жиналыс  болады.  Омбыдан  Сібір  қазақтарын

билейтін  басқарманың  председателі  барады.  Мен  де  барармын.  Қалған

сөзді сонда ақылдасармыз».

Орыс  тілін  білмейтін  қазақтар,  «Чрезвычайный»  дегенді  «шырпы-ши»

қойып  алды.  Омбыдан  «шырпы-шиге»  келетін  əкімдерді  ойдағыдай  қарсы

алуға, Шыңғыстың басқаруымен Құсмұрын дуаны қыс бойы əзірленді.

Алдағы жаз шыға, Омбының Құсмұрынға беттеген қырық пəуескелі, жүз

салтты  əкімдері,  казак-орыс,  станицаларын  бойлай,  қазақ  ауылдарын

аралай  Құсмұрынға  тартты.  Осы  бетінде  олар,  кейін  «Есенейдің  қайран,

көлі  аталған»  шалқар  көлдегі  Есеней  аулына  соқты.  Бұл  жүрістен  күн

бұрын хабары бар Есеней шалғынға ақ үйлер тігіп даяр отыр екен. Оларға

«тек,  бас  сұғып  қана  шығамыз»  деген  төрелер,  –  деседі,  бұл  жайда  əңгіме

айтатындар,  –  үйлерге  кіре,  ғажап  жасау-жиһаздарға  қатты  қызығады  да

алтын  кеселермен  тəтті  қымызға  қанып  алғаннан  кейін,  соларды  көріп

болғанша  қозы  еті  мен  сүр  де  пісіп  қап,  Есеней  етті  ернеуін  қымбат

тастармен безендірген күміс астаумен тартады.

–  Қонақтар  аттанарда  Есеней  «жолың»  деп  жандаралға  алтын  тай-

тұяқтан жамбы сыйлайды, – деседі жұрт.

Əкімдер  осылайша  тоқыраған  кезде,  бір  қаға  берісте  Есеней

Тұрлыбекпен кептесіп үлгереді. Тұрлыбектің де, Есенейдің де түпкі руы –

Керей  болғандықтан,  бөлелігінің  үстіне  екеуі  бірін-бірі  «ағайынбыз»  деп,

жасы  үлкен  Есенейді  Тұрлыбек  «ағай»  деп,  ол  Тұрлыбекті  «інім»  деп

атайды  екен.  Жолыққан  шақтарында  сыр-сипаттарын  түгел  ақтарысады

екен.  Хан  тұқымдарының  қазаққа  көрсеткен  зорлық-зомбылықтары  кеңес

болған шақта ханнан шыққан деп санайтын Тұрлыбек:

–  «Төреге  ерген  ерін  арқалайды»  дегендей,  хан  тұқымына  бағынудың

тақсіретін  қара  қазақ  аз  тартқан  жоқ,  талайларға  ерін  де  арқалатты  бұл

төрелер талайлардың түбіне де жетті. Төреге ерген қазақтың малы да, жаны

да шығындалған жоқ, «алладан ойбайым тиыш» дегендей, төрелерден орыс

əкімдері  əлдеқайда  тиыш.  Ендігі  бетіміз  осы  жақ  болу  керек,  былай  да

құны  түсе  бастаған  хан  тұқымынан  біріндеп  қол  үзуіміз  керек.  Ел  тізгінін

мына  сен  сияқты  қара  қазақтан  шыққан  беделді  адамдарға  ұстату  керек,  –

деген.

Бұл жолы оңаша сөйлескенде де Тұрлыбек Есенейге соны айтты.



–  Маған  өзге  төренің  емес,  осы  Шыңғыстың  тезірек  құрығаны  керек,  –

деген Есенейге:

–  Асықпа,  Есеке!  –  деді  Тұрлыбек.  –  Баяғы  айтқаным-айтқан:  «хан

тұқымынан  біріндеп  құтыламыз»  дегенім-деген.  Өзі  де  соған  жақындап

қалды:  Қарқаралы  думанының  алғашқы  аға  сұлтандары  -  хан  тұқымынан

шыққан  Құсбек  пен  Жамантай  еді,  қазір  олардың  орнына  қара  қазақтан

Өскембайдың  Құнанбайы  отырды;  Ақмола  дуанының  аға  сұлтаны  хан

тұқымынан  Құдайменденің  Қоңыр  қожасы  еді,  қазір  қара  қазақтан

Жайықтың  Ыбырайы  болды.  Көкшетау  дуанының  аға  сұлтаны  Абылай

ханның  ұрпақтары  болып  келіп  еді,  қазір  ол  дəреже  қара  қазақ  өзіңнің

балдызын, – Зілғараның Мұсасына ауысты, қазір сібірлік алты дуанда, хан

тұқымынан Шыңғыстан басқа аға сұлтан жоқ. Оны да кетіру қиын емес.

– Сонда қалай! – деп асыққан Есенейге:

– Тұра тұр, аға! – деді Тұрлыбек. Ол осы екпінімен бара тұрсын. Əзірге

бұғалық салып қылғындырам деудің керегі жоқ. Ұзын арқан, кең тұсаумен

жүргізе  тұру  керек.  Сол  арқанды  жылдан  жыл  білдірмей  қысқартып,

тұсауды білдірмей қарайта беру керек....

– Ол үшін не істеу керек?

– Хан тұқымы жемге қомағай жұрт. Бұған да еппенен жегізе беру керек,

сөйтіп, еттен жіпке тізген жемді жұтам деп аузынан арқандалғанын білмей

қалатын  жабайы  бүркіттей,  бұл  да  тырп  етпестей  арқандалу  керек.  Ар

жағында басына томаға кигізіп, тұяқтарын тұғырға мəңгі бекіту оп-оңай.

– Мақұл сөз екен, – деді Есеней.

Есенейдің  еркіне  салса,  не  бас  қосу  екенін  білмеген  «шырпы  -  ши»

аталған жиналысқа бармау, Шыңғыстың бетін көрмеу еді.

–  Оның  қате  болады,  аға,  –  деді  Тұрлыбек.  –  Жауды  сырттан  шалып

жыққанды көрген кісі жоқ. Іштен шалса ғана жығылады ол. Шыңғысты да

солай  жығу  керек.  Бару  керек  жиылысқа.  Бармасаң  көп  көзіне  мінді

боласың. Сенің жасырған сырыңды, – жұрттың бəрі естіп отырған көрінеді.

Мына  жиналысқа  бармай  қалсаң,  жұрт  сені  «Шыңғыстан  қорғалауы»  деп

ойлайды.  Шыңғыстың  өзі  «кек  сақтауы»  деп  ойлайды  да,  бойын  сенен

тарта ұстайды. Өйткен күрескер жықтырмайды.

Расы  солай  болып  шықты.  «Шырпы  -  шиге»  жиналған  қалың  топтың

ішінде  шөккен  нардай  болып  Есенейдің  отыруы,  көсемсіп  сөз  бастауы

үкімет  адамдарының  да,  ел  адамдарының  да,  Шыңғыстың  да  көзіне  түсіп,

бəрі де қатты риза болды. Съезге «Орынборлық» аталатын қазақтардың сол

төңіректегі  «жақсы  -  жайсаңдары»  да,  əкімдері  де  келген  еді.  Осы

жиналыста  орынборлық  пен  сібірлік  аталатын  қазақтардың  жер  шегі,  ел

шегі ақтық рет анықталып, жасалған актіге хат білетіндері (ондайлар бірен-


саран  ғана  екен)  қолдарын  қойды,  білмейтіндері  бармақтарын  басты.

Есеней соңғысын істеді.

«Шырпы-ши»  тарағанда,  Есеней  Тұрлыбекті  қонаққа  шақырды.

Алдында оңаша сөйлесіп:

– Барайын, – деді ол, – сен Шыңғысты да шақыр, бармаса өзінен қалсын.

Есеней,  оған  да  хабар  салған  екенін  білген  Шыңғыс,  сылтау  тауып

рахмет айтты.

Құсмұрында  болған  күндерінде,  Шыңғыстан  жəбіршілік  көргендер

Тұрлыбекке  астыртын  арыздар  айтқан  еді.  «Іш  -  пікірі»  ішінде  болған

Тұрлыбек,  «Есенейге  ақылдассаңдаршы  соны,  сөзі  орнықты  да,  тыңдаулы

да көрінеді ғой» деп сілтей салды. Қайтарда аулына қонақтаған Тұрлыбек,

Есенейге:

– Ал, Есаға, Шыңғыс туралы ойларыңа ішкірленіп кірісе бер, – деді.

– Сонда? - деп сұрағанда:

–  Шыңғыстан  жəбіршілік  көрушілердің  атынан  Омбыға  арызды  айдата

бер, ар жағын өзім реттей жатам, – деді.

Жəбіршілік  көрушілер  көп  еді.  Ең  алдымен,  Құсмұрын  дуанында,

Құсмұрын көлінің күнгей жағасына орнаған əскерлік бекіністің орны, атам-

заманнан Арғынның Тағышы аталатын руының мекені болатын. Бұл рудың

да көпшілігі кедейлерден құралатын. Құсмұрынның көлі де, жағасы да сол

кедейлердің,  күн  көріс  қоры  да:  «Құсмұрын»  деңінің  жар  қабағының  асты

отқа майдай маздайтын қалың тас көмір. Тағышының кедейлері ала жаздай

осы  көмірді  қазып,  азғана  көліктеріне  кірелеп  артып,  жайлаудағы

ауылдарға  немесе  орыс  селоларына  апарып  сататын  еді  де  бағасы  арзан

болғанмен, жүрек жалғарлық табыс алатын еді.

Тақыршылық  жылы  Құсмұрын  көлінің  өн  -  бойына,  сулы  жылы,  шет-

пұшпақтарына шілде кезінде тұз байланады жəне тұзы өте сапалы болады.

Тағышылар осы тұзды да жинап, маңайдағы ауыл, селоларға сататын еді.

Құсмұрын  бекінісі  ірге  төбе,  Тағышылар  бұдан  айырылды.  Кеткісі

келмеген  оларды,  сұрапыл  сұмырай  əскердің  күшімен  көшірді.  Ешкім

оларға  төтеп  бола  алмады.  Күн  көріс  кесібінен  айрылған  Тағышылар

Шыңғысқа мұның шағып еді ол:

– Патшаның əмірі солай, түзеуге күшім келмейді, – деп жауабын қысқа

қайырды.


Тағышылар Омбыдан келген Тұрлыбекке айтып еді:

– Есенейге ақылдасыңдар, – деді ол.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет