АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет3/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

болыпты дейді, – деген суық хабар айтты.

Мына хабар Айғанымның құлағына ыстық қорғасындай құйылып, алғаш

естігенде талып қалды. Есін жия қайта сұрағанда:

– Ойын сөз болса, ат қинап əдейі келем бе? Шорағаң мені жібере ме? Рас

сез  көрінеді  бұл.  «Бүлінбей  тұрған  уақытта  бұл  пəлені  жойсын,  Айғаным,

əйтпесе, тұрысатын жерін айтсын!» деп жіберді құдаң, – деді, келуші.

Енді иланбауға амал нешік!


Əрі  əкімдіктен  айрылып,  əрі  денесі  ауырлап,  əрі  сырқаттанып,  соңғы

жылдарда жүрістен мүлдем қалған Айғаным, қасына бес-алты ғана жолдас

ертіп,  үш  пар  ат  жеккен  пəуескенің  кең  ішіне  күтушісі  Күнкені  ғана

отырғызып,  божысын  атшысы  Тұтқыштың,  Балтамберіне  ұстатып,  еріткен

бірер кісісін пар ат жектірген таран - тасқа отырғызып, Омбыға бет қойды.

Ойы,  бұрыс  болса  да  жолда  құдасы  Шорманға  соғып,  əңгіменің  егжей-

тегжейін өз аузынан есіту, содан əрі не істеуді ақылдасу.

Естуінше,  Шорман  «Нияздың  Қаракөлі»  аталатын  тұсты  жайлап  отыр.

Оған Сырымбеттен Бурабай тауын баса жүру керек.

Айғаным  бұған  дейін  ел  аралай  қалса,  Уəлінің  тірі  шағы  түгіл,  жесір

күнінде де, кезіккен ауылдар «жатып жастық иіліп төсек болып», көп жерде

арнаулы үй тігіп, хан көтере күтіп алатын-ды. Мына бетінде олай болмады.

Хабарсыз  отыруынан  ба,  əлде  «хандығынан  түсіп  қапты»  деп  естуінен  бе,

кейбір ауылдың «иелері» – «уақытымыз жоқ еді, анау еді, мынау еді...» деп

үйлеріне  түсірмеді,  түсіргендері  «тоқты-торым»  сияқтыларды  сойып,

бұрынғы құлыннан, тайдан тартатын табақтарын көрсеткен жоқ.

Жолшыбайғы

елдердің

мына

қалпынан



шошыған

Айғаным,


«Шорманның үйі қалай қарсы алар екен?» деген қауіпте болды.

Айғанымның  Қаракөлге  беттеп  шығуынан  Шорман  хабардар  еді.  Оның

құдалық  көңіліне  күдігі  жоқ-ты,  жақсы  қарсы  алуға  ниет  етті  де,  «қапы

қалмайық»  деп,  Айғаным  келер  жолдың  бір  күндік  шамасына,  əр  жерде,

жүйрік аттар мінгізген тосқауылдар қойды.

–  Арғы  түптегі  ат,  хабарлана  салысымен,  бері  қарай  шапсын.  Ол  бері

қарай, одан бергі де бері қарай шауып... дегендей, хабарын тез жеткізіңдер!

– деп тапсырды Шорман.

Тосқауылдар  кеткеннен  кейін,  Шорман  Қаракөлдің  мал  тұяғы  тимеген,

шөбі желпілдеп өсіп тұрған бір жағасына ақ үйлер тіккізіп, ішін сəнді түрде

жинатты,  сол  маңға  желі  қақтырып,  айғыр  үйірлі  сауын  бие  байлатты.

Сыбағасына үнемі құлын мен тай союды ұйғарды. Солай күтінген Шорман,

Қаржас пен Сүйіндіктің маңайдағы бай ауылдарына:

–  «Сұлтандықтан  түсті»  дегенмен,  Абылайдың  қара  шаңырағына  ие

болып  отырған  адам,  өсекші  жұрт  «пəлен-түген»  дегенмен,  хан  төсегін

қасиеттеп  ұстап  отырған  кісі,  бұл  менің  ғана  қонағым  емес,  Қаржас,

Сүйіндіктің  ортақ  қонағы,  құдағи  –  менікі  болғанмен,  бəйбіше  –  жұрттікі;

«қапы қалдық» демеңдер, күтініп отырыңдар, – деп хабар айтты. Олардың

бəрі де күтінуге кірісті.

Айғанымды  жақсы  қарсы  алуға  жиналғанда,  Шорман  «төре  күйеуден

айрылам»  деп  уайымдамайды,  оған,  қазір  құны  арзандаған  төренің  «бұты

бір-ақ  тиын».  Шорманның  шымбайына  бататын  нəрсе  –  намыс.  Əуелі  –

Омбыда,  одан  кейін  –  Көкшетауда  жер  күңіренткен  той  жасап  атастырған


қызын,  төренің  қалада  қаңғырып  жүрген  бір  «шікірəсі»  алмай  кетсе,

«бағым  да,  малым  да  өсіп  болды»  деп  есептейтін  оған,  ел  алдында  бұдан

артық өлім бар ма?..

Бойын  осы  намыс  керней  бастаған  Шорман,  əуелгіде  «Омбыға  барып,

Шыңғысты райынан қайтарсам қайтеді?» деп бір желікті де, тағы «тілімді

алса жақсы, əйтпесе, бетім қайтар» деп тайсалды. Омбыдағы оқуға түскелі,

Шорман  Шыңғысты  талай  көрді.  Бастапқы  кезде  өз  қаражатына  оқытпақ

болып,  «сыбағаң»  деп  жаз  –  қойын,  қытайын  жіберіп  тұрды.  Өзі

жолыққанда  киім-кешегіңе»  деп,  «басқа  расходыңа»  деп  ақша  да  тастап

кетті.  Алғаш  ол  сыйлықтарды  жақсы  қабылдайтын  Шыңғыс,  соңғы  бірер

жылдары  «қажеті  жоқ»  деп  алмады.  Енді  байқаса,  онысы  –  Саттардың

қызымен əулігуінің салдары екен.

Шорманның  естуінше,  Шыңғыс  шешесінен  қорқады  да,  сыйлайды  да.

Оның ойы –Шыңғысты райынан шешесі арқылы қайтармақ.

Күтінген Шорман, Айғанымды қозы-көш жерден қарсы алуға жиналды.

Қасына ру басылары, нөкерлерімен бірге жасы сол жылы он екіден он үшке

шыққан қызы – Зейнепті ертіп алды.

Зейнеп туған кезде, Шорманның шешесі Мамық тірі екен. Шорман атқа

мініп атақты адам болғаннан кейік, бір жағынған жұрт Мамықты «Мамаң»

деп  кеткен.  Шорманды  жұрт  дене  жағынан  əкесіне  келгенмен,  ажары  мен

ақылы  шешесіне  тартқан  деседі.  Жастай  жесір  қалған  Мамық,  жалғыз

баласы  –  Шорманның  ақылшысы  екен.  Оның  атағы  шығуына  алғаш

шешесі себеп болған деседі.

Шорман  1797  жылы  туған.  Он  үш  жасында  билік  айтып  атағы  шыға

бастаған оны, «қызық көрем» деп шешесі он төрт жасында үйлендіріп, бір

байдың бой жетіп отырған қызын əперген. Аты - Топан екен.

Келер жылы əйелі ұл тауып, атын Мұса қояды. Одан кейін туған ұлдың

аты - Иса болады. Зейнеп содан кейін, 1820 жылы туады.

Зейнепті  жұрт  шешесі  –  Топанға  тартқан  еді  дейді.  Ол  –  бетінде  қаны

ойнаған, қызыл-шырайлы сұлу кісі екен.

Қыздан  алғашқы  көрген  бірінші  немересі  болғандықтан,  Зейнепті

Мамық  туа  сала  бауырына  салады  да,  шын  еміренген  емшегінен  сүт

шығып,  ауызданған  күнінен  өзі  асырайды.  Тілі  шыға  «Шорманның  емес,

Күшіктің  баласымын»  деп  үйретеді  əжесі.  «Кенжем»  деп  еркек  -  шораша

киіндірген Зейнепке əжесі - Шорманды «ағаң» деп, əйелін – «жеңгең» деп,

екеуін


де

еркекше


боқтатып

дағдыландырды.

Табиғатынан

ба,


далдаңдауынан  ба,  –  Зейнептің  тілі  «р»  əрпін  «и»  ғып,  «с»  əрпін  «ш»  ғып

сөйлейтін  шолжаң  болады.  Өзін  «ұлмын»  деп  түсінген  Зейнеп,  кішкене

күнінен  тайға,  құнанға,  атқа  мініп  үйренеді.  Ол  ауылда  ат  мінуді  місе

тұтпай, малдарды, əсіресе - жылқыларды бағысатын болды.



Кішкене күнінен бұла болып, үнемі ат үстінде жүргендіктен бе, əлде, ірі

денелі  тұқымына  тартқандықтан  ба,  –  Зейнеп  бойшаң  болып  есті.  Оның

жасын білмейтін адам, он екі-он үште емес, он бес, он алтыда дерлік еді.

Əкесінің  Айғаныммен  құда  болғанын,  атастырған  адамының  аты  –

Шыңғыс екенін, оның хан тұқымы екенін, Омбыда орысша оқып жүргенін

Зейнеп  еститін.  Күйеуі  «толқып  жүр»  деген  сөзді  əке-шешесі,  туыстары

жасырғанмен, сыбырлағыш жұрт естірткен бірақ, балалық санасы бойынан

кетпеген Зейнеп, өсекке мəн бермей, немқұрайды қарайтын.

Сөйтіп  жүргенде,  құлағына  «қайын  енең  келе  жатыр»  деген  хабар

шалынды.  Неге  екенін  өзі  де  білмейді,  Зейнеп  сасып  қалды.  Қасқыр

қамаған  киіктей,  қайда  барарын  білмей  қалған  Зейнептің  қорғалар  жалғыз

түп - «шиі» - əжесі еді, ол сорына қарай, өткен жылы опат болған. Мамық

өлгеннен  кейін  де  Зейнеп  туған  əке-шешесіне  жоламай,  əжесінің  «үлкен

үйдегі»  төсегінде  жатып,  сол  үйде  тұратын.  Оның  қасында  əжесінің

күтушісі  -Бүтікей  ғана  болатын.  Əжесі  бар  кездегі  рахатын  сағынған

Зейнеп, оның төсегіне сан рет жасын төккен...

Өзін  əлі  де  «ұлмын»  деп  жүретін  Зейнептің  «қайын  енең  келе  жатыр»

деген  хабар  төбесінен  жййдей  ұрды.  Өзінің  «ұл»  емес,  «қыз»  екенін  ол

сонда ғана түсінді. Енді не істеу керек?

Зейнепті  бұл  тұйықтан  ағасы  -  Мұса  алып  шыққандай  болды.  Оның

жасы он бесте еді. Оқу жасына жеткен оны əкесі Омбыдағы соғыс школына

апарып бермек болғанда Мамық бəйбіше:

–  Таста,  қаршадайынан  ысқаяқ  қып  үйден  алысқа  қумай!  –  деп  қарсы

тұрған.


–  Ендеше,  жақын  жердегі  Баян  аулаға  апарып  оқытайық,  –  дегенде,

Мамық босаңсып:

– Қайда? Қандай оқу? – деп сұраған.

–  Баян  аулада  мұсылманша  да,  орысша  да  жақсы  біліп  шығады  –  деген

соң,  Мамық  көнген.  Мұса  Баян  ауладағы  орыс  школасына  он  бір  жасында

түскен.


Арқа  мен  Сібірдің  қоңыржай,  құрғақ,  таза  ауасы  себеп  болды  ма,  əлде

дəулетті  үйде  туып,  еркін  өсуінен  бе,  Мұса  биік,  балуан  денелі,  сұлу

кескінді жеткіншек болды.

Ақылды да, оқуға тұтынды да болып өскен Мұса« əжесінің ықпалымен

Зейнепті  «атамның  баласы»  деп,  –  «жасы  кіші  болса  да,  жолы  үлкен  аға»

деп  қадыр  тұтатын.  Бірге  туғанын  білетін  Зейнеп  Мұсаны  да  жақсы

көретін.  «Жақындаса  –  тістесіп,  алыстаса  –  кісінесіп»  дегендей,  екеуі

жұғыса  кетсе  шайырғалдасып  қалатын.  Сонда  алдымен  Зейнеп  соқтығып,



Мұсаны  боқтайтын  да,  сабайтын  да.  Жанына  таяқ  батып  бара  жатқанда

ғана Зейнепті бауырына қысып, аяқ-қолын босатпайтын, дəрменсіз Зейнеп

балағаттап тілін өткізе алмағанда бетіне түкіретін. Тентек Зейнеп еркелігін

көтеретін  ағасы  Баян  аулаға  оқуға  кеткенде  сағынып,  жиі  барып  жүретін

əкесінен қалмайтын.

«Айғаным  келе  жатыр»  деген  хабар  естілгенде,  Мұса  Баян  ауладағы

школаны  «жақсы  оқыды»  деген  куəлікпен  аяқтап,  ендігі  ойы  –  Омбыдағы

соғыс школына түсу болып, туған үйіне келіп жатыр еді.

Бұл  хабардан  Зейнептің  сасқалақтауын  тек  Мұса  ғана  түсінді.

Түсінгенмен амал нешік? Зейнепті Шыңғысқа атастырғанын ол əлдеқашан

естіген,  бірақ  балалық  санасы  мəн  бергізбеген.  Міне,  ойыншық  сияқты

көрінген  сол  оқиға  енді  шынға  айналды.  «Шын»  болғанда,  əзірге

ұзатылайын  деп  жатқан  Зейнеп  жоқ  сияқты,  қайын  енесінін,  келуімен

Зейнептің  «ұлдысы»  бітіп,  енді  Шыңғысқа  –  «қалыңдық»  Айғанымға

«келін»  аталатын  сияқты.  «Шыңғыс  Зейнепті  алмайды-мыс»  деген  өсек,

Мұсаның құлағына əлі шалынған жоқ.

Басқа  қыздар  сияқты,  «қалыңдық»,  «келін»  болу,  қарындасы  Зейнептің

де аттап өте  алмайтын тағдыры екенін  енді ғана айқын  түсінген Мұса,  əлі

«емшек табы – аузынан бесік табы – арқасынан кеткен жоқ» деп, сəби деп

түсінетін  қарындасын  ұялтпау  қамын  қарастырды.  Бұл  жөнінде  өтініш

айтар адамы, – шешесі Топан. Ол бейпіл тілділігінің үстіне, балаларына аса

қатал  кісі  еді.  Бастығы  Мұса  ғып,  ол  өзінен  туған  балаларын  кішкене

күніне  «бір  шыбықпен  айдап»  қабағының  қағуына  бағындырып  өсірген.

Айтқанын  орындамаса,  сілейтіп  сояды  да  салады,  сондықтан,  балалары

алдында  құрдай  жорғалайды.  Тек,  ерекше  ұстайтыны  –  Зейнеп.

Сыйласатын қайын енесі титтейінен бауырына сап «бала» қылғаннан кейін,

Зейнептің  оғаш  қылықтары  көп  бола  тұра,  Топан  оны  бетке  қақпайтын,

тілін  де,  қолын  де  тигізбейтін.  Мамық  өлгеннен  кейін  де  осы  əдетін

өзгертпеген.  Соған  сəйкес,  Зейнеп  те  оғаш  қылықтар  жасамайтын  болған.

Бірақ,  Айғаным  келе  жатқан  хабары  естілгенше,  «ұлдығын»  өзгертпей,

еркек-шораша киініп жүре берген.

Айғаным хабары естіле, Топан жақын абысындарының жастау жағына:

– Анау шолжаң қызға айтыңдар, «қайын енең келе жатыр» деңдер. Енді

ол «ұлмын» деуін қойсын. Қыздың аты – қыз. Өзі жəне дардай боп ержетіп

қалды.  Төсі  де  шығып  келеді.  Етжеңді  бала.  Енді  сирақтарын  сидитып,

бөксесін бұлтитып шалбар киюі жараспайды. Қыз сəнімен киінсін. Шашын

енді жаз-жалбағайдың, қыс – тымақтың ішіне түюін қойсын да, бұрымдап,

қыз сияқты өрсін, – деді.

Бұл  сөзді  айтып  барған  жеңгелерін  Зейнеп  сыбай  боқтады  да  үйінен

айдап шықты. Соны айтып келген жеңгелеріне:

–  Оқасы  жоқ,  –  деді  Топан.  –  Қызша  киінбесе  де,  қыз  екеніне  құлағы


ғана  берсін.  Күйеудің,  басқа  қыз  құтылмаған  құрығынан  ол  да  құтылып

қайда барар дейсің.

Жеңгелерін  қуып  шыққан  Зейнеп,  қорқыныштан  ба,  ызадан  ба  денесі

қатты қызып ауырып қалды. Неге ауру себебін Зейнеп ешкімге айтқан жоқ,

Мұсадан  басқа  адам  жайына  түсінген  де  жоқ?  Сол  сырқатын  меңдетпеу

туралы  Мұса  шешесіне  қыңқылдап  еді,  ол  ежелгі  дағдысымен,  баласын

бетінен қауып тастады.

–  Немене,  айтып  тұрғаның?  –  деді  ол,  –  қыз  екенін  құдайдан

жасырмағанда,  адамнан  жасырамысың?  Қыз  болып  жаралған  соң  байға

бармай  қайтушы  еді?  Сол  да  уайым  болып  па?  Түбінде  айтылмай

қоймайтын нəрсе болғасын, неменесі бар оның, айтпайтын? Айтқан кісінің

құлағын кессең, менікін кес! Əйтпесе, басты қатырма!

Шорман  Айғанымды  қалын,  нөкермен  түстік  жерден  қарсы  алды  да,

қошеметпен  əкеліп,  Қаракөлдің  жағасына  даярлатқан  ақ  үйіне  түсірді.

Оның  ойы,  бұрын  келмеген  құрметті  құдағиына  ерекше  сыйлар  көрсетіп,

күтініп  отырғандардың  бəрінен  дəм  татырып,  асықпай  аттандыру  еді.

сөйлесе  келе  олай  болмай  шықты.  Шыңғыс  пен  Зейнеп  жайын

Айғанымның  бұл  арада  көптіргісі  келмеді.  Құдасымен  екеуі  оңаша

сөйлескенде:

–  Сондай  бір  қаңқуды  менің  құлағым  шалды,  –  деді  Айғаным,  –  бірақ,

мен  мұны,  достың  емес,  дұшпандардың  таратқан  өсегі  ме  деп  ойлаймын.

Мен білетін бала болса. Шығажан бұны істемейді. Жастықта «əулігу» деген

де  болатынын  білесің  Шорманға  қайсың  желікпедің  жас  күніңде?

Шығажанның да сөйтуі мүмкін. Ол жер – ұшық сияқты нəрсе болмаушы ма

еді,  тəйірі,  «тіфу»  деп  үшкірсе  кетіп  қалатын?  Қаңқу  рас  болған  күнде  де,

сөйтуден қалмайды жəне өзгеге үшкіртпеймін, езім үшкірем, мықты болса

шыдап  көрсін!..  Дегенмен  бұл  ұшықты  асқындырмау  керек.  Омбыға  тез

жету керек.

Айғаным Қаракөл жағасында екі-үш күн түнеді де, қасына: Шорманды,

Мұсаны,  Зейнепті  ертіп  жəне  Шорман  ерткен  біраз  адамды  алып  Омбыға

жүріп кетті.

Ол жəйда ешкім ештеңе демегенмен, Зейнеп қайда, неге барарын білмей

аттанған жоқ. Шыңғыстың толқып жүрген хабарын жұрттан бұрын естіген

Шорман  басында  бұл  өсекті  өзге  түгіл,  өзінің  əйелі  –  Топаннан  да

жасырып,  анығына  жету  үшін  Омбыға  астыртын  кісі  жіберді.  Ол  «анық

екен» деп келген соң Шыңғысқа барып сөйлесуге, төре тұқымын «қисайған

жағынан  түзелмейді»  деген  ұғымда  жүретін  ол  бетін  шешесі  арқылы

қайырмақ  болды.  Айғанымның  Шорманға  не  айтқанын  жоғарыда

баяндадық.

Ері  қаншама  жасырғысы  келгенмен,  ол  естіген  есекті  Топан  да  естіген,

бірақ  ол  «өзі  айтқанша  сыр  бермеймін»  деп,  бұл  жəйда  жұмған  аузын


ашпайтын. Айғанымның келе жату хабары естілгенше Шорман ештеңе дей

қоймаған соң Топан:

–  Əу,  Бала-би-ау,  осы  сен  не  істеп  жүрсің?  –  деп  бастап,  Шыңғыс

жайында естіген-білгенін алақанына қондырып берген.

– Жел айтқан ба, жын айтқан ба, – сөздерінің бəрі рас!

Үстінен түскен Шорман, енді бұлтара алмай:

– Əзірге осылай болып тұр, бəйбіше! – деп бастап, бар сырын ақтарды.

Оңаша  сырласқан  Айғаным  мен  Шорман  Омбыға  Зейнепті  ала  кетуді

ұйғарды.  Сондағы  шешімдері:  Шыңғыс  көнсе-көнді,  көнбесе  некелерін

еріксіз қидырып тастау.

Бұл шешімді Топан да мақұлдап:

–  Апар!  –  деген  еріне,  –  он  үште  отау  иесі  болған  жалғыз  бұл  емес.

Талайлар бұдан жасында да үйге ие болып кеткен.

– Ендеше, қызыңды жолға əзірле, – деген Шорман.

Ерінің  бұл  бұйрығын  орындауға  кірісерде,  Топан  қатты  жүрексінді.

«Тентек  шіркін,  –  деп  ойлады  ол,  –  бұрынғы  қалпына  бағып,  айтқанға

көнбесе қайтем?»

Ол  Зейнепке  тағы  да  жеңгелерін  жұмсады.  Бұдан  бірнеше  күн  бұрын

ғана олардың бетінен алып қуып жіберген Зейнеп сөзге келмей көне кетті.

Өйткен  себебі:  əке-шешесі  болып,  туыстары  болып  жасырған  өсекті  ол

да  əлдеқашан  естіген  еді.  Шыңғысқа  атастырғанын,  Зейнеп  алғашында-ақ

естіген.  Бірақ,  балалығы  ма,  еркелігі  ме,  Айғаным  аулына  келгенше  мəн

бермей,  біреу-міреу  батылдық  қып  тұспалдаса,  бетінен  алып  боқтап

тастайтын.

Есі  кіріп,  өзінін,  ұл  емес,  қыз  екенін,  түбінде  күйеуге  бармай

қоймайтынын  түсінген  шақта,  «күйеуің»  дейтін  Шыңғысты  ол  көруге

арман  ететін,  с.өйте  тұра,  əкесі  бертінірек  Омбыға  алып  бармақ  болғанда,

«Шыңғысқа  кездестірудің  əрекеті  болар»  деп,  «күйеуді  көр  соң

ұлдығымнан айрылып, қалыңдық болып кетермін» деп бармаған.

Енді,  міне,  «сол  күйеу  толқып  жүр»  деген  сөзді  естіген  де  Зейнеп

намыстан  жарылып  еле  жаздады.  Оның  ұғымында  аяғын  тік  басқан

адамдардан  əкесі  –  Шорманнан  ақылды  да,  атақты  да,  беделді  де,  бай  да

кісі жоқ. Сондай адамның қызы бола тұра, əлдеқайдағы төре – сымақ біреу

алмай кетсе, тірі жүргеннен өлгені жақсы емес пе?

Іші  осындай  ызаға  толы  Зейнепке,  жеңгелері  Омбыға  əкесімен  бірге


аттану тілегін білдіргенде:

– Барам! – деді.

Бұл  сөзді  естігенде,  əкесі  де  шешесі  де  қуанды.  Ендігі  мəселе,  –

Зейнептің Омбыға қандай киіммен баруында қалды. Зейнеп сол күнге дейін

еркек-шора киімінде жүреді. Сондағы киімдері құндыз қолданса қыз болып

кететіндей,  бөрікті  үнемі  ақ  бұйрадан  жасатып,  кейбір  сері  жігіттей,

төбесін  бір  түсті  жасыл  пайымен  тыстататын  белін  қынаған  қамзолды

жарқыраған  жібек  пен  барқыттан  емес,  ақ  ботаның  түбітінен  тоқылған

өрмектен; шалбарды да содан, кейбір еркек балалардың салтымен балағына

елідей  құндыз  ұстатып,  батсайыдан  ызған  бауына  шоқтан  жасалған

шашағын тізесіне түсіре салбырап жіберетін; көйлекті де ұл балаларша бір

түсті, қоңырға аталастан тіктіріп, етегін шалбарланып алатын күндері ылғи

ақ  елтіріден  жасалған  қамзолша  ішік  киетін  суық  күндері  киетін  ішігінің

іші  -  күзен,  немесе  сыртын  шымқай  қара  құлындардың  терісімен

тыстататын; тұтасымен қолданса, бұндай терілердің екеу-үшеуі балаға мол

жарғақ шығады; Зейнепке керегі жеңдерінің қырқа жотасында, екі өңірінің

кеуде  жақ  үстінде,  қыр  арқасында  құлынның  желкілдеген  жалы  болуға

керек,  олай  жасау  үшін  бала  демей,  үлкен  демей,  бес  құлынның  терісі

керек;  осы  сəнді  қуған  Зейнеп  те,  шағын  денесіне  жарғақ-ішікті,  бес

құлынның  терісінен  ойып  жататын  «əжесінің  баласы»  дегенмен,  «көп

ұлдың  ортасындағы  жалғыз  қызым»  деп  жақсы  көретін  Шорман  да  қап-

қара  құлындардың  терілерін  Омбыға  апарып,  қара  көмірдей  ғып  боятып

əкелетін бұл сияқты шымқай қара құлын жарғақ, өзге жұртта кездеспейтін.

Зейнеп  жаз  оюлап  кестелеген  «шоңқайма»  аталатын  қызыл  ала  етікті,  қыс

қонышы тізесінен келетін саптама етікті киетін.

Осылайша  киінетін  Зейнептің  үстіне,  қыздың  етегі  тізеден  келетін

көйлегі, əжесі өлгеннен кейін ғана ілінді, шешесі – Топан əуелі «кисейші»

деген сөзді жұмсақ айтып жүрді де, Зейнеп тілін ала қоймаған соң, белгілі

қаталдығына басып:

–  Таста  əрі,  бөксеңді  бұлтитпай!..  Сен  қай  бір  арық  қызсың,  шалбар

денеңе  жабыса  кететін?..  Сендей  семіз  қызға,  тылтиған  шалбар  жарасушы

ма  еді?..  Көптің  көзінде  құйрықты  тұсақтай  болып  жайқаңдамай,  жасыр

əрмен əрі, жаратқанның өзі көрсетуді бұйырмаған мүшеңді! – деп ақырды.

Мойып қалған Зейнеп əлі де көнгісі келмей бұлталақтай бастағанда, Топан

оның жеңгелеріне:

–  Құрыққа  қашан  келуші  еді,  құлынның  өзі?  Зорлықпен  кигізбеуші  ме

еді, ноқтаны? Қарамаңдар қиқаңына!.. Бас салып кигізіңдер! – деді.

Енді, міне, Зейнеп əкесіне еріп Омбыға баратын болған соң, соған арнап

тіктіріп,  сандыққа  салып  қойған  асыл  киімдер  мен  моншақтарын  Топан

түгелімен ақтартты да, қызын ең сəнділерімен безендіруге кірісті. Олардың

ішінде:  қытайдың,  қоқанның,  орыстың...  деген  сияқты  нелер  асыл

маталардың  бəрінен  тіктірген  киімдер  болушы  еді,  жəне  оларды  орыстың



ноғайдың,  қазақтың  атақты  шеберлеріне  тіктірген.  Бір  жүйелерін  Зейнеп

үстіне кигенде былай да сұлу жас қыз, тотыдай құлпырды да кетті.

Зейнеп  сымбатты  да,  көрікті  де  қыз  болатын.  Оның  түр-тұлғасы

қазақтың ауыз əдебиетіндегі:

Не деген сұлу едің жұрттан асқан,

Қан мен сүт ақ жүзіңде араласқан, –

Кең маңдай, қыр мұрынды, сүйір иек, –

Қалам қас, оймақ ауыз, ұзын кірпік, –

Мойыны иірілген аққу – сынды,

Күмістей ақ бұғағы тартты күнді, –

Қара көзің сүзіліп,

Қыпша белің үзіліп,

Аузыңдағы отыз тіс,

Меруерттей тізіліп, –

Бетінде жарасады сарша меңі, –

Кең иық, жұмыр білек, сүйрік саусақ,

Түсердей көзі көрген оны қаусап, –

Не деген салтанатты көшің сұлу

Ақ үйдің жабығындай төсің сұлу!..

дегендей, сымбат пен кескін біткеннің қазақы мағынасындағы ең сұлуы

еді. Оның үстіне, жараған семіз құнажындай сылана біткен толықша денесі,

бойшаң  тұрқын  тіпті  əдемілендіріп  жіберген.  «Ғақылын,  кəмил,  бұйын,

зифа,  кім  бəхітіне  усəсің?»  деп  татарлар  айтқандай,  өлең  жолдарында

сипатталатын көркемдіктерден теріліп жасалғандай еді.

Зейнептің мына түр-тұлғасын көргендер:

–  Əттең,  тілінің  аздап  шолжыңдығы,  əйтпесе,  ұрғашы  атаулыда  бұдан

сұлу  да,  сымбатты  да  қыз  болмауға  тиісті!  Бұл  тек,  анау  Омбыда  оқып

жатқан төренің маңдайына біткен жан! - десетін.

– Шіркін, осы түр-тұлғасымен еркек-шораларша емес, қыздарша киінсе,

тіпті де құлпырып кетер еді! – деп арман ететін ауыл адамдары.



Міне, олар осы арманына жетті. «Зейнеп қызша киініп жатыр» – дейді, –

деген  хабарды  естігенде,  жан-жақтағы  ауылдардан  «аттылы,  жаяулы»

дегендер қаптап кетті. Бірақ, ырымшыл Топан, «көздері тиеді» деп Зейнепті

үйінен шығармады.

Үйге кіре алмаған жұрт, сығаламақ болып кигізді тесуге айналған соң:

– Үйді бүлдіреді, қуыңдар! – деді Топан жігіттеріне.

Салт  мініп  қамшылай  қуған  жігіттерден,  жиналған  халық  амалсыз

қашты. Сонда, шуласып айтқандары:

–  Білеміз,  неге  сəндеп  жатқандарыңды!  Майлап  өткізбексіңдер  ғой,

қыздарыңды! Өтсе – сөз сендердікі. Əйтпесе, көрерміз!

Олай  дейтіндері,  Шыңғыстың  толқуы  туралы  өсекті  бұл  маңайда

естімеген жан жоқ-ты.

ЬІзың-шудан мезі болғанда, жолаушылар жөнеп кетті.

Шорманның ел басқару ісіне кіріскеннен бергі бір əдеті жолаушы шыға

қалса,  алдыңғы  жағына  күн  бұрын  шапқын  жіберіп,  қонар,  түстенер

тұстарына  үй  тіккізіп,  ат  байлатып,  бие  саудырып,  сойыстық  əзірлетіп...

дегендей, керекті жабдықты күн бұрын даярлататын. «Бір кісі таққа мінсе,

қырық  кісі  атқа  мінеді»  дегендей,  қасына  ерген  нөкерлері  көп  болатын.

Жұрт соған мөлшерлеп əзірлік жасайтын. Ал, кейде, Омбыға барып жатар

болса, немесе үйіне көп қонақ келер болса, ішімдікке сабалаған қымызды,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет