“Отан сенген ұландар! Әкелер дәстүріне адал болыңдар”- деп жазылған.
Залда әскери-патриоттық тақырыпта жазылған әндер, музыка ойналып тұрады. Мұның бәрі кешке келгендерді болатын мереке мазмұнымен жете танысуға жағдай жасайды.
1-бала: Ел қорғайтын, ер ағалар –
Ардағымыз, арымыз.
Ерлер тойын, елдің тойын,
Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!
Жүргізуші: Балалар! “Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” атты кешімізге Отан алдындағы әскери борышын аяқтап қайтқан, кітапхана оқырманы _________, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген кітапхана оқырманы ____________, анасы қатысып отыр.
Осылайша келген қонақтарды жекелеп таныстырып шығады. Қазір біздің шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған, кешегі Жеңіс солдаттарының немерелері, шөберелері.
Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Біз осыған қуанамыз. Ендігі сөзді қонағымыз, кітапхана оқырманы, запастағы жауынгер жалғастырады.
Қонақ әнгімесінен соң, ұлдар мен қыздар өздерінің даярлаған музыкалық сәлемдерін жолдайды. (Ән айтылып, күй шертіліп, би биленеді).