Оптикалық микроскоптан алынған нәтижелер
Синтездеу барысында күміс нанобөлшектерін алғандықтан, биополимердің құрамында нанобөлшектердің бар екенін көру қажеттілігі туындады. Оптикалық микроскоп арқылы құрамында күміс нанобөлшектері бар және нанобөлшектері жоқ биополимерлердің морфологиялық қасиеттері бір-бірінен ерекшеленетінін көруге болады, 6-7-суретте көрсетілген. Құрамында нанобөлшек жоқ полимердің беттік морфологиясы тегіс, әрі бетінде ұсақ бөлшектердің қонғанын көреміз, ал құрамында нанобөлшек жоқ биополимерлердің беттік морфологиясы түйіршіктер орналасқан, бүдір болып келеді. Және бетінде ұсақ бөлшектердің жоқтығын аңғаруға болады.
6-сурет. Биополимердің оптикалық микроскоппен түсірілген суреті
7-сурет. Құрамында күміс нанобөлшектері бар және лимон қышқылы мен жүгері крахмал қатысындағы биополимер
Термогравиметрлік анализ
Құрамында крахмал/ПВА/глицериннен жасалған композиттік полимерлердің TГ талдау қисықтары 8-суретте көрсетілген, сондай-ақ бастапқы ыдырау температурасы, соңғы ыдырау температурасы және 600°C кезінде массалық шығымы туралы мәліметтер суретте көрсетілген. Бірнеше композиттік пленкалардың салмақ жоғалту қисықтары ұқсас болды және олардың TГ қисықтарында үш түрлі кезеңді көруге болады. 8-суреттен масса жоғалтудың бірінші кезеңі 25-200°C аралығында болғанын және негізінен барлық полимер үлгілері үшін адсорбцияланған судың булануына байланысты болғанын көруге болады. Екінші кезеңде массаның жоғалуы (200-350°C) негізінен полимерлі ПВА мен крахмалдың ыдырауына байланысты. Үшінші кезең (350-600°C)де полимерлі тізбектер ыдырады, ал соңғы өнімдер-көміртегі мен көмірсутектердің ұсақ молекулалары.
8-сурет. Құрамында күміс нанобөлшектері мен лимон қышқылы қатсындағы биополимердің термогравиметрлік анализі
Құрамында күміс нанобөлшектері мен лимон қышқылы бар биополимердің максималды массалық шығымдылығын көрсететін шың 322,5°С, - 0,133 мкВ/мг/мин.қалдық массаның соңғы шығымы 8,17% (500,0°C) құрайды. 500°C-тан кейін массаның шығымы тұрақтанды. Тұнбада күл массасы мен күмістің өте аз мөлшері қалды. Ең төменгі массалық өнімділік 100,3°C, шыңында 99,78% құрайды. Осы уақыт аралығында судың буланып, массасы 0,22% - ға азайғанын көруге болады. Құрамында крахмал/ сүт қышқылы/глицерин бар биополимерлердің TG талдау қисықтары 9-суретте, сондай-ақ бастапқы ыдырау температурасы, соңғы ыдырау температурасы және 600 °C температурада массалық шығу туралы мәліметтер көрсетілген. 9-суретте массаның жоғалуының бірінші кезеңі 25-200°C аралығында болды және негізінен барлық полимер үлгілері үшін адсорбцияланған судың булануына байланысты болғанын көруге болады [8].
9-сурет. Сүт қышқылы мен жүгері крахмал негізіндегі биоплимердің термогравиметрлік анализі
Екінші кезеңде массаның жоғалуы (200-350°C) негізінен полимерлі ПВА мен крахмалдың ыдырауына байланысты болды. Бірақ салыстырмалы түрде бірінші үлгіден қарағанда масса жоғалу пайызы өте төмен 2%-ді құрайды. Үшінші кезең (350-600°C) негізінен полимерлі тізбектердің ыдырауына байланысты болды, ал соңғы өнімдер-көміртегі мен көмірсутектердің ұсақ молекулалары.
Достарыңызбен бөлісу: |