A,b, Матаев М. Мa, Азат. Сb



бет2/7
Дата22.12.2022
өлшемі2,9 Mb.
#163977
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Куралай статья вестник

Материалдар мен әдістер
Реагенттер: жүгері крахмалы, сірке қышқылы, 0,1 М NaOH, дистилденген су, глицерин, сүт қышқылы, лимон қышқылы, поливинил спирті, 0,0001 М күміс нитраты, 0,01 М натрий бор гидриді, 0,0001 М мыс нитраты.
Нәтижелер
Жүгері крахмалы мен органикалық қышқылдың қатысуымен биополимер алу технологиясы
Жүгері крахмалы мен сірке қышқылының қатысуымен биополимер алу әдісі
Сыйымдылығы 150 мл стаканға 60 мл тазартылған су және 6 г жүгері крахмалын қосамыз. Дайын болған ерітіндіге 5 мл глицерин және 5 мл концентрацияланған сірке қышқылы қосып, мұқият араластырамыз және су моншасында 1-суретте көрсетілгендей тұтқыр масса пайда болғанға дейін 5-10 минут қыздырамыз. Тұтқыр массаға 2 мл 0,1 м NaOH қосамыз. Шыны таяқшаны қолданып, үлгіні петри табақшаға құямыз. Ақ ауа көпіршіктерін кетіріп, біздің үлгімізді толық құрғағанға дейін бірнеше күн бойы зертханада кептіруге қалдырамыз.






1-сурет. Жүгері крахмалы және сірке қышқылы қатысындағы биополимер

Жүгері крахмалы мен сүт қышқылы қатысындағы биополимер алу әдістемесі
Сыйымдылығы 150 мл стаканға 60 мл тазартылған су және 6 г жүгері крахмалын қосамыз. Дайын болған ерітіндіге 5 мл глицерин және 5 мл сүт қышқылы қосып, мұқият араластырамыз және су моншасында тұтқыр масса пайда болғанға дейін 5-10 минут қыздырамыз. Тұтқыр массаға 2 мл 0,1 м NaOH қосамыз. Шыны таяқшаны қолданып, үлгіні петри табақшаға құямыз. Ақ ауа көпіршіктерін кетіріп, біздің үлгімізді толық құрғағанға дейін бірнеше күн бойы зертханалық үстелде кептіреміз. Жүгері крахмалы мен сүт қышқылы қатысындағы биополимер 4 күннен соң (2-сурет ).



2-сурет. Жүгері крахмалы мен сүт қышқылы қатысындағы биополимер






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет