Абай қ., 2011 жыл мазмұны жалпы мәлімет



бет3/5
Дата29.03.2018
өлшемі2,31 Mb.
#39771
1   2   3   4   5

2.3. Ауыл шаруашылығы

Аграрлық секторда 328 ауылшаруашылығын қалыптастырушы жұмыс істейді, оның ішінде ауылшаруашылық кәсіпорыны – 22 және 306 шаруа (фермер) хожалығы.

Ауданда 5 ауыл тұтынушы кооперативі жұмыс істейді: «Қоғамдық өзара сақтандыру» ( «Шанс» ш/х 3 құрылтайшысы, «Макс», «Галина»), «Көксу» АТК, «Аграрлық технология» АТК, « Жартас – Агро» АТК, «Жартас» АТК.

2010 жылы жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 10449,4 млн. теңге сомаға өндірілді. Жалпы шығарылған өнімнің нақты индекс көлемі 98,2% құрады.

Ауданның ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыттары картоп, көкөністер, жұмыртқа және сүт өндірісі болып табылады.

Өсімдік шаруашылығы.

Жалпы өсімдік шаруашылығы өнімі 2010 жылы 6286,3 млн.теңгені немесе 2009 жыл деңгейіне 100,9%.

Картоп алаңы 2006 жылдан бері 2010 жылға дейін 1648 га-дан 3314 га дейін өсті, осы өнімділік кезінде ұқсас кезеңге 176 ц/га-дан 200 ц/га дейін артты, 2006-2010 жылдары картоп өнімінің жалпы жиыны 2 есеге өсті және 2011 жылдың 01 қаңтарына 66, 4 мың тоннаны құрады.

Көкөністер алаңы 2006 жылдан бері 2010 жылға дейін 256 га-дан 454,2 га дейін өсті, осы өнімділік кезінде ұқсас кезеңге 170 ц/га-дан 248 ц/га дейін артты, 2006-2010 жылдары картоп өнімінің жалпы жиыны 2 есеге өсті және 2011 жылдың 01 қаңтарына 11,3 мың тоннаны құрады.

Негізгі азық-түлікке бидай және арпа жатады. Дәнді-дақылдардың жалпы көлемінде бидайдың салыстырмалы салмағы 41,2%, арпа – 55,0% құрайды.

Дәнді-дақылдар алаңы 2006 жылдан бері 2010 жылға дейін 15,9 га-дан 20,9 га дейін өсті, 2010 жылы өнімділік 5 ц/га, жалпы дәнді-дақылдар жиыны 10297 тоннаны құрады.

Ауданда өнімдерді сақтау үшін көкөністерді сақтау қоймасы бар.

2010 жылы дәнді-дақылдар жиыны – 10,3 мың тоннаны құрады. Картоп 75,9 мың тоннаны, көкөністер 15,7 мың тоннаны құрады.

Ауданда 3 тұқым шаруашылығы бар:

- «Шанс» ш/х – дәнді-дақылдар мен картоп тұқымы өндірісі 1-3 репродукция

- «Астра-Агро» ЖШС, «Агро-Арна» ЖШС - дәнді-дақылдар мен картоп тұқымы өндірісі 1-3 репродукция және іріктелген картоп.

2010 жылы «Астра-Агро» ЖШС – гектарынан 395 центнер рекордты картоп өнімін алды. Аудан бойынша орташа өнімділікі – 200 тонна.

Өсімдік шаруашылығы өнімін өсірудегі үлкен сүйеніш Қарағанды облысы жағдайында биотехнология әдісін пайдаланумен бируссыз негізде картоп өнімін егу болып табылады.

Қазіргі уақытта көптеген қазақстандық селецияларда таңдаулы картоп тұқымы шаруашылығы үшін бируссыз картоп өндірісі бойынша зертхана жұмыс істейді.

Ауылшаруашылық техникаларын жаңарту жоғары өніміділіктің болуына мүмкіндік береді. 2004 жылдан бастап 2009 жылдарға дейін мемлекеттік қолдау барысында «КазАгроФинанс» АҚ және «АстанаФинанс» АҚ арқылы 1214 млн. теңге сомаға 150 бір. ауылшаруашылық техника, машина және жаңа технологиялық жабдықтарсатып алынды, оның ішінде 2008-2009 жылдары 4 егістік кешені: «Астра - Агро» ЖШС (1 кешен), «Шанс» ш/х (3 кешен) және 12 жаңа астық жинау комбайны, оның ішінде – 1 «Джон -Дир»(АҚШ), 1 «ФРЕНТ»(Германия).

Агротех ГМбх Сервис ауылшаруашылық техникаларын жеткізіп тұру бойынша Қазақстандағы жетекші фирмалардан бірі болып – 2008 жылы Қазақстанда жеткізіліп берілетін ауылшаруашылық техникаларының қызмет көрсетуі бойынша сервистік орталық «Астро-Агро» ЖШС базасына ашылды.

2010 жылы ауылшаруашылық тауарын өндірушілер «Қарағанды облыстық АТК тұрақты дамыту аумақтық бағдарламасы» бойынша жалпы 176,5 млн. теңге сомаға немесе 2009 жыл деңгейіне 125% мемлекеттік көмек алды.

Мал шаруашылығы

2010 жылы малшаруашылығы өнімінің көлемі 4163,1 млн.теңгені немесе 2009 жыл деңгейіне 94,5% құрады.

2011 жылдың 01 қаңтарына 2010 жылдың 01 қаңтары ұқсас кезеңімен салыстырғанда қой, жылқы, құстар саны өсті. Көрсеткіштің өсуі көбінесе халық және шаруа хожалығының есебінен Увеличение численности өсті. 2011 жылдың 01 қаңтарына ІҚМ басы 16418 басты немесе 2009 жыл деңгейіне 100,4% құрады, олардан сиырлар - 6946 бас (2009 жыл деңгейіне 101,6%), ешкілер – 6140 бас (2009 жыл деңгейіне 109,5%), қой – 22406 бас (2009 жыл деңгейіне 105,9%), жылқылар – 3114 бас (2009 жыл деңгейіне 103,6%), құстар – 662161 бас (2009 жыл деңгейіне 113,8%).

2011-2012 жылдары тұқымдық заводы құрылысы есебінен Көксу ауылдық округінде «Астро-Агро» ЖШС (2010-2018 жж) 1180 басқа дейін аналық мал басын және 2600 басқа дейін «Ангус» ірі қара мал тұқымын өсіру бойынша ірі қара мал басын көбейту жоспарлануда.

Шошқалар санын өсіру шошқа фермасы құрылысы есебінен жүргізіледі, Көксу ауылдық округінде автоматтандырылған жабдықтаулармен 3000 басқа («Шанс» ш/х), «Астра-Агро» ЖШС 500 басқа шошқа фермасын кеңейту және Мичурин ауылдық округінде 1000 басқа «Астра-Агро» ЖШС және «Тұлпар» ш/х шошқа фермасын қайта құру.

Ауданда ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін төмендегілер есебінен барлық алдын ала жағдайлар жасалған:



  1. тұқымдық мал шаруашылығын дамытуға ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдау;

  2. ауданның ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің ауылшаруашылық және арнайы техникалар паркін жаңарту;

  3. қазіргі заманға сай технологияларды ендіру;

  4. мал жемі бойынша мамандандырылған шаруашылықты ашу;

  5. тұқымдық малды өсіру бойынша мамандандырылған шаруашылықты ашу.

2.4. Шағын және орта бизнес

2011 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын кәсіпкерлер субъектілері 2009 жылдан 13,8% өсті және 1714 бірлікті құрады, олардан заңды тұлғалар - 147 бірлік, жеке тұлғалар – 1567 бірлік. Белсенді шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны өсті және1538 бірлікті құрады (2010 жылдың 01 қаңтарына – 1414 бірлік), оның ішінде: заңды тұлға -69 бірлік, жеке тұлға – 1469 бірлік.

2009 жылғы өнімдер көлемінің 10,8%-ға өсуі қамтамасыз етілді және 5540,1 млн. теңгені құрады, олардан заңды тұлғалар бойынша 1595,2 млн. теңге немесе 2009 жылға 120% (1325,7 млн.теңге).

2010 жылы жаңадан ашылған шағын бизнес субъектілерінің есебінен 34 жұмыс орындары құрылды.

Шағын бизнес кәсіпорынынан бюджетке түскен түсімдердің жалпы сомасы 2010 жылы 139,4 млн. теңгені құрады немесе өткен жыл деңгейінен 2,5% өсті.

2.5. Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету

Кәсіпкерлер субъектілері үшін жағымды жағдай жасау мақсатында әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ай сайын «Кәсіпкерлер күні» жүргізіледі, онда шақырылған мемлекеттік органдармен аудан кәсіпкерлері үшін өзекті мәселелер қарастырылады.

Ауданда 2007 жылдан бастап «Абай аудандық кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.

Абай ауданының Салық Басқармасы және ауданның кәсіпкерлер қауымдасытығының қатысуымен заңды тұлғаларғ жеке кәсіпкерлермен семинарлар және тренингтер жүргізіледі.

логового ая ассоциация предпринимателейобщественное объединение "йона, с приглашением государственных органов.



в2.6. Құрылыс

2011 жылдың 01 қаңтарына «Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 21 шағын ұйымдар тіркелген.

2010 жылы пайдалануға енгізілген жалпы тұрғын-үй алаңы 5290 шаршы метрді немесе 2009 жылғы 73,6%-ды құрады.

2.7. Негізгі капиталдағы инвестиция

2010 жыл қорытындысы бойынша ауданның ірі және орта кәсіпорындарына 2441 млн. теңге сомасында қаржы салынды немесе 2009 жылға 42,5%, олардан республикалық бюджет есебінен - 149,7 млн.теңге (6,1%), жергілікті бюджет қаражатынан - 84,9 млн.теңге (3,5), кәсіпорындар мен ұйымдар қаражатынан - 2111,1 млн.теңге (86,5), заемдық қаражаттан – 95,3 (3,9%).

2010 жылы шағын кәсіпкерлік бойынша келесі ірі объекттер қолданысқа енгізілді: сауда ғимараты, алаңы 1313 шаршы метр; Көксун к. 200 тоннаға көкөністерді сақтау қоймасы; Абай қ. 120 адамға арналған мейрамхана; Абай қ. 4 жұмыс орнына арналған шаштаразхана; Топар к. дәріхана; 2 техникалық қызмет көрсету станциясы; 300 басқа арналған Коксу а/о шошқа фермасы.

Негізгі капиталдағы инвестиция көлемінен 2010 жылы тұрғын-үй құрылысына 171,1 мың теңге жолданды. Жалпы тұрғын-үй алаңының 1 ш/м құрылысының орташа нақты құны 31,7 мың теңгені құрады.



2.8. Сауда

Экономикалық қызметтің ірі саласынан бірі сауда болып табылады.

Ауданда 2010 жылдың 1 қаңтарына сауда қызметі 513 объекттерді жүзеге асырды, оның ішінде 388 сауда объекттері, 49 қоғамдық тамақ объекттері, 71 қызмет сала объекттері, 5 сауда базары. 2010 жылдың қаңтар-жетоқсан айларына жеке тауар айналымының жалпы көлемі 1914,7 млн.теңге сомасында болды.

Жеке тауар айналымының көлемі 2009 жылғы қарағанда 20,5% өсті.

Жеке тауар айналымының негізгі көлемін жеке кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалар қамтамасыз етеді, олардың қызметінен тауар айналымы 1604,5 млн. теңгені құрады (жеке тауар айналымының жалпы көлемінен 99,4%).

Ауданның жекелеп тауарайналымының салыстырмалы салмағы облыстық көрсеткіште 0,6% құрайды.

Ауданда жергілікті тауар өндірушілердің халықты ауылшаруашылық өнімімен қамтамасыз ету және тауар айналымын өсіру үшін жәрмеңкелер өткеріледі. Сонымен, 2009 жылы 3 жәрмеңке, 2010 жылы - 3 жәрмеңке өтті, онда 15 % нарықтық төмен бағамен 54118,4 мың теңге сомаға ауылшаруашылық өнімдері өткізілді.

2.9. Инфрақұрылым

Тұрғындардың тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасауда тіршілікті қамтамасыз ету – жылу көздері мен таратушы жүйе объекттерін қайта құру және модерлендіруге енгізілген энергетикалық кешеннің тұрақты жұмысын дамыту маңызды мәселесі бар.

Абай ауданының автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы – 753,45 км құрайды, олардан:

- республикалық маңызы бар автокөлік жолдары – 86 км;

- облыстық маңызы бар автокөлік жолдары – 279 км;

- аудандық маңызы бар автокөлік жолдары – 172 км;

- қала ішіндегі автокөлік жолдары – 41 км;

- кенттер ішіндегі автокөлік жолдары – 175,45 км.

Жолдардың үлкен бөлігі қатты жабынмен жабылған. Асфальт бетонымен жабылған жолдардың жалпы ұзындығы 656,9 км., жер асты жолдары – 98,55



2010 жылы автомобил көлігімен тасымалданған жолаушылардың нақты көлемі 2609 мың жолаушыларды құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 48,4% төмен ( 2009 жылы – 5054,8 мың жол.).

2010 жылы ауданда жүк тасымалдауды «Транс-Серво» ЖШС ұйымы жүзеге асырды, жүк тасымалдау көлемінің болжамдық көрсеткіші 0,5 мың тоннаны құрайды, жүк айналымы – 520,0 мың тонна/км.



2009 жылдың 01 қаңтарына дейін Абай ауданында жүк тасымалдауды «Манн-Автотранс» ЖШС және «Транс-Серво» ЖШС жүзеге асырды. Көрсеткіштердің орындалмауының негізгі себебі 2009 жылдың 01 мамырынан бастап жүк тасымалдау бойынша қызметі банкроттық рәсімдерінің болуына байланысты жүргізілмеді.

Барлық 36 елді мекендер телекоммуникациялық саласында телефондастырылды. Ауданның байланыс желісін цифрлық форматқа ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды. Абай қ., Топар к. телефон станциялары толығымен жаңартылды, жаңа заманға сай жабдықтар орнатылды.

Ауылдық телефон станцияларына толық модерлендіру жүргізілді. АТС (автоматтандырылған телефон станциясы) пайдалануға енгізілді және Вольный к. телекоммуникация желісінің құрылысы атқарылды, Абай-Агрогородок участкілеріне рабио байланыс желісін пайдалануға енгізді, Агрогородок-Жартас, Абай-Қарабас, Абай-Вольный учаскелеріне станция аралық кабелдік байланыс желісіне цифровациялау жүргізілді. Южный к., Қулаайғыр а. қосымша телефондастырылды.

Орнатылған телефондар саны көбеюде, пояталық қызмет көрсету сапасы жақсаруда. 2010 жылы орнатылған телефон номерлерінің саны 1200 данаға өсті.



Ауданның елді мекендерін энергия қуатымен жабдықтау тұрақты, шағын және орта бизнестің өсуімен тасымалдау көлемі және электр қуатын жүзеге асыру көлемінің өсуі байқалуда.

Аудан бойынша электр жүйесінің ұзындығы – 829 км, 231 кіші станцияны құрайды. Жабдықтау жүйесінің 55-65% тозығы жеткен. «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «КРЭК» ЖШС, ЦТВЭС кәсіпорындары-қызмет берушілер және жүйе меншігі қаражаты есебінен жылсайын электр желілеріне және трасформатор кіші станцияларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2009 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарабас и Талдықұдуқ кенттеріне электр беру желісін қайта құру бойынша жалпы 7,5 млн. теңге сомаға жұмыстар атқарылды.

Абай қаласы және Топар кентінде жылумен жабдықтау қызметін 80 Гкал/сағ орнатылған жылу сыйымдылығымен «Корпорации Казахмыс» ГРЭС-2 ЖШС жүзеге асырылады.



Аудан бойынша бірқұбырлық есептеуде жылу жүйесінің ұзындығы 195,45 км құрайды. Тозығы жеткен жылу жүйесі 70-80% құрайды. Ұқсас кезеңге ұзындығы 11,2 км жылу жүйесіне жөндеу және жылылықты өткізбеу жүргізілді, 108,3км жөндеуді қажет етеді.

2010 жылы аудан халқын сапалы жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын-қызмет берушілермен жалпы ұзындығы 10,38 км магистралды және тоқсандық жүйеге 31,5 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, «ТЭМК» ОТКБ ЖШС 10 млн. теңге сомаға 2 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді.

«Жол картасы» шеңберінде 2010 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен Абай қ. жылу жүйесіне 16,9 млн. теңге сомаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Аудандық бюджет қаражаты есебінен Южный к. жылу жүйесіне 5,2 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ «Абай-Топар» жылу трассасына 9,4 млн. теңге сомаға жылу өткізбеу жүргізілді.

Ауданның орталық тұрғындарын сумен жабдықтау Жартас суағызғыш жерасты көздерінен жүзеге асырылады, ол 1954 жылы пайдалануға енгізілген. Жартас суағызғышы «Энергоуголь» ПУ, «АрселорМиталТемиртау» АҚ балансында жеке меншікте тұр.

Бүгінгі күнде 33 ұңғыма тәуліктік өндіріліммен пайдаланылуда, Абай ауданының халқы үшін 12 мың шаршы м Жартас су құбырының әлеуметтік маңызы бар және жалғыз ауыз сумен жабдықтау көздері, альтернативсіз болып табылады.

Ауданда су құбыры жүйесінің тығыздығы бір қалыпты емес және шамамен 0,1-0,7км-ден км-ға арақашықтықта тербеледі.

Аудан бойынша су құбырының ұзындығы 299 км. 2010 жылдың 01 қаңтарына жүйенің 50% тозығы жеткен.

«Ауыз су» және «Экономикалық депрессиямен шағын қалаларды дамыту» бағдарламалары бойынша 2002 жылдан бастап 2009 жалға дейін жүргізілген суқұбыры жүйесінің құрылысы және қайта құру оң тараптардан бірі болып табылады, барлығы 1098,761 млн. теңге сомаға 108 км ауыстырылды және салынды.

2010 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Көксу а. су құбыры жүйесін қайта құру» объектісі бойынша 54,6 млн.теңге сомаға жөндеу жұмыстар жүргізілді. 2011 жылы жер асты су қорын растау бойынша іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Су қорын растау республикалық бюджеттен қаржыландыру және Көксу а. су құбыры жүйесін қайта құру бойынша жұмыстарды аяқтау 2012 жылға жоспарлануда.

Аудан бойынша канализациялық жүйе ұзындығы 120,2 км құрайды. Жүйенің 80% тозығы жеткен. «Табиғатты қорғау іс-шаралары» бағдарламасы бойынша ұқсас кезеңге Абай қаласында тазалау құрылғылары қайта құрылды, барлығы 3,6 км. канализациялық жүйе ауыстырылды, 44,2 км жөндеуді қажет етеді.

Жылсайын 15,5 мың тонна қалдықтар шығады. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және көму негізгі орындары ауылдық елді мекендердегі ұйымдастырылған қоқыс тастау полигоны болып табылады.

Ауданның жалпы тұрғын-үй қоры алаңы 1198,9 мың ш/м. құрайды, олардан мемлекеттік меншік -159,2 мың ш/м. и жеке 1039,7 мың ш/м.

Ауданда 368 көп пәтерлі тұрғын-үйлер бар (593,7 мың ш/м.), оның ішінде Абай қ. 16 КМК қызмет ететін - 225 үй (419,2 мың ш/м.), Топар к. – 105 үй (143,4 мың ш/м.), Южный к.– 31 көппәтерлі үй (25,8 мың ш/м.), Көксу а.– 7 көппәтерлі үй (5,3 мың ш/м.).

Аудан аумағы 653 мың га. құрайды, оның ішінде 66 мың га елді мекендер.

2010 жылы ауданның 7 елді мекендерінің көшелерін жарықтандыруға аудан бюджетінен 12510 мың теңге бөлінді, «Көркейту және абаттандыру» бағдарламасы бойынша 5000 ағаштарды отырғызуға, олардан: қарағаш 4700 д. және 300 д. күміс секілді терек 3250 мың теңге бөлінді.

2010 жылы «Елді мекендерді санитарлық қамтамасыз ету» бағдарламасымен аумақтарды қоқстардан (құрылыс, қатты тұрмыстық) тазалау бойынша іс-шаралар жүргізу үшін аудан бюджетінен 3970 мың теңге жолданды, ол ауданның 14 елді мекендерінде қоқыс тастайтын жерлерді жоюға бағытталған болатын.



2.10. Туризм

Ауданда санатоиялық-курорттықбазаны дамыту үшін әлеует бар. Қазіргі уақытта Жартас ас суы пайдалануда. Бұл орын «Жартас» санаториялық-сауықтыру кешені болып қызмет көрсетеді.

Мәдени-тану туризмін дамытуға аумақтағы 37 ескерткіш тарихының бар болуы мүмкіндік туғызады, оның ішінде 31 сәулет ескерткіші және 6 тарих ескерткіші.

Топар кентінде «Дюна» демалу орталығы» мейманхана кешені қызмет етеді, онда 2009 жылы 1 817 адамға қызмет көрсетілді. Біржолғы сыйымдылық кешені 37 койка-орынын құрайды. Ауданда 29 қоғамдық тамақ объекттері қызмет етеді.

Аудан аумағында «Алматы – Астана –Екатеринбург» және «Қарағанды – Жезқазған» трассасы бар, 6 бизнес объекттері жұмыс істейді: оның ішінде: 2 кемпинг (барлығы-15 койка- орын), 4 қоғамдық тамақ қызметін көрсету бойынша объекттер.

Ауданда туризмді дамытудың негізгі бағыттары жағажай туризмі, спорт туризмі (жаяу жүріс), мәдени-тану туризмдері болып табылады.

Жағажай туризмін дамыту аудан аумағында Топар және Жартас су қоймасының болуымен қамтамасыз етілген, сондай-ақ Шерубай-Нұра өзені.

Топар к. Топар жағалауына 54 демалу зонасы орналасқан. 540 койка – орынға арналған.

Жартас орманды аймақ мекенінде, Жартас су қоймасы жиегінде «МитталСтил Темиртау» КД АҚ тиісті «Жартас» санаториясы орналасқан. Кешен 3 жатын корпусы және едеу корпусынан тұрады. Барлығы 320 койка-орын.

Ауданда 24 сәулет ескерткіштері бар, олар тас дәуіріне (Қарабас тұрағы), қола (Есенгелді обасы), темір (Жартас обасы) және т.б. дәуіріне жатады. Осындай ескерткіштердің көпшілігі Южный к., Құлаайғыр, Есенгелді а/о орналасқан.

Археологиялар сирек кездесетiн ескерткiші көшпелі болу «Патшалақ» үлгісі бойынша ерте ғасыр кезеңіне (б. э. дейінгі VIII-III ғ) жататын Көксу қорғаны болып табылады.

Ауданының аумақтарына Сталин қысымшылықтарының садағаларының жадының күнiне қуғындалған және Құрма ауылдық округінде орналасқан Спасск мемориалымен аталатын әскери тұтқындардың жаппай жерлеуi орыны кешенінде 12 ұмытылмас таңбалар анықталған, оған жыл сайын әр түрлi елдердiң делегацияларын келедi.



2.11. Білім беру және жастар практикасы

Ауданда мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды дамыту стратегиясын және аумақтық саясат тапсырмасын жүзеге асыру халықты мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етуге, білім беру проссесін ұстауды жаңартуға бағытталды.

Ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды өсіру ертеде жабылып қалған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қалпына келтіру, бала бақша-мектеп кешенінде жалпы білім беру мектеп кешенін қайта құру және шағын-орталықты ашу есебінен шешіледі.

Бала бақшада 222 педагогтар жұмыс істейді, олардан 110 педагогтар (49,5%) жоғарғы білімді, 112 педагогтар (50,5%) – орташа-арнайы біліммен. Жоғары санатта 54 педагог (24%) бар, 1 санатқа – 39 педагог (18%), 2 санатқа – 44 педагог (21 %).

Ауданда жалпы 7492 оқушылар санымен 36 (2005ж -43) жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді.

Аудан мектептеріндегі оқытушылардың саны 829 педагогты құрайды.

Ауданда жалпы 7 мектеп санынан апаттық жағдайда тұрған мектептер жоқ, олар (2 орта мектеп, 4 негізгі және 1 бастауыш мектеп) бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Ауданда компьютерлік парк 863 бірлікті құрайды, 8 оқушыға 1 компьютерден келеді. 18 мектеп Мегалайн желісіне қосылған, 10 мектептерінде On - Line режимінде жұмыс істеу мүмкіндіктері бар.

Барлық мектептер пәндерге арналған кабинеттерімен қамтамасыз етілген, бірақ 12 жылдық оқуға ауысуға байланысты пәндерге арналған жаңа түрлендіру кабинеттерімен қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күнде жалпы орта және негізгі мектеп санынан. Ауданның 50% мектептері мультимедиялық-лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.

Ыстық тамақпен қамту 97,3% құрайды. Тегін тамақпен көпжылдық және аз қамтылған отбасылардың 1-4 сынып және 5-11 сыныптың 3500 оқушылары қамтылды.

Мектеп жоқ ауылдарда тұратын 179 оқушылары үшін оқушыларды жеткізу жоспарланды.

Ауданда 173 нәресте немесе 0 жастан 18 жасқа дейінгі 11475 балалар, жалпы балалар санынан 1,5% ата-анасыз. Осы балалар санынан 160 бала 7 бала асырап алушылардың қамқорында тұр, 6 бала отбасыларда тәрбиеленуде тұр. Аз қамталған отбасының балалары, мектебі жоқ елді мекендерінің балаларын, Топар к. мектеп-гимназиясы интернетінде оқитын 50 оқушылар үшін тұру және оқуға қажетті жағдайлар жасалған.

Ауданда бүгінгі күнде 15 мыңға жуық 16-20 жастағы жастар тұрады, олар На сегодняшний день в районе проживают около 15 тыс. молодых людей в халықтың жалпы санынан (16-29 жас – 13180 адам./24 %) 20 % құрайды.

Жастарды дамыту өзекті мәселелері оларды жұмыспен қамту және олардың жұмысқа орналасуларына көмек көрсету мәселелері болып табылады.

Мичурин ауылдық округінде жазғы еңбек жұмыстарымен қамтамасыз ету үшін 1 студенттік құрылыс отряды құрылды.

Жастарды тұрғын-үймен қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізілуде. Есептік кезеңде мемлекеттік қордан тұрғын-үймен жастар санынан 5 адам қамтамасыз етілді, 54 адам кезекте тұр.

Ауданда үйірме, секция, клуб арқылы жасөспірімдер ой-өрісін кеңейту мәселесі бойынша іс-шаралар өтеді. Мектептерде 231 үйірме және 5083 адамды қамтумен секция жұмыс істейді.

Көрсетілген халық санаты ортасында дені сау тұрмыс қалпын насихаттау мақсатында ауданда екі мақсатты топ бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіледі: 29 жасқа дейінгі жастар және мектепке дейінгі жастағы балалар.

Маңызды бос уақыт және рухани-өнегелі мәдениетті ұйымдастыру мақсатында үйірме мекемелерінде әуесқойлық бірлесті, өздері әзірлеген ойын-сауық, спорттық секция бойынша үйірме жұмыстары жүргізіледі.

2.12. Мәдениет

2010 жылдың 01 қаңтарына мәдениет объекттер жүйесі 34 бірлікті құрады, оның ішінде: 18 кітапхана, 1 мұражай, 13 үйірме және мәдениет үйі, 2 видеомобил, 1 мәдениет және демалу паркі.

2010 жылы 2188 іс-шаралар өткізілді, онда 300 мың адам қамтылды, оның ішінде, 165 мың адам ауылдарға. Үйірмелік қалыптастыру саны 96, онда өздері әзірлеген ойын-сауықпен қатысушылар 2315 адам. Олардан 4 ұжым өздері әзірлеген ойын-сауықтан "Халық" және "Үлгілі" деген құрметті атқа ие болды, оның ішінде ауылдық клубтарда және Мәдениет үйі-2.

Кітапхана 21349 оқырмандарға қызмет көрсетті, олардан ауылдарға - 12731. Кітапханадағы кітап қоры 373,2 мың дана кітапты құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілді – 74,7 мың дана. Ауданда 12 жастар кітапханасы, оның ішінде жергілікті ауылдарда - 10. 16 кітапхана Интернет желісіне қосылған, оның ішінде – 13-і ауылды.

Аудандық деңгейде 10 іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: 2 байқау, 7 конкурс және 2 фестивал.

Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы шеңберінде 36 адам санында 3 мемлекеттік және азаматтық қызметші топтары оқытылды.

Сонымен қатар, аудандық деңгейде 3 іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 2 конкурс, дөңгелек үстел шеңберінде 1 жиналыс.



2.13. Денсаулық сақтау және спорт (оның ішінде дене шынықтыруды дамыту)

Аумақта 2 дербес мемлекеттік медициналық ұйымдар қызмет етеді:

–«Абай ауданының орталық аурухынысы» КМҚК;

– «Абай қаласының орталық ауруханасы» шаруашылықты жүргізу құқықына КМК.

Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер:

- туушылық коэффициенті – 15,99

- өлімшілік коэффициенті – 15,34

- нәрестелік өлім – 16,11

- табиғи өсім – 0,66

- неке саны – 8,65

- ажырасқандар саны – 3,78

Ауданда аналар және нәрестелік өлімді төмендету бойынша Халықаралық бағдарлама енгізілуде: «Жүктілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», тиімді перинаталды технологияны ендіру. Көрсетілген бағдарламаларды ендіру аналар және нәрестелер өлімі көрсеткішінің оң тенденциясы белгіленді. Генетикалық және ультрадыбыстық скрининг бағдарламасы табысты жүзеге асырылды.

Көбірек басымдық бағыттары – бұл әлеуметтік-маңызы бар ауруының алдын алу.

Құрт ауруы және онкологиялық ауруларының төмендеу динамикасы байқалуда.

Абай қ. бойынша құрт ауруымен науқастанғандардың төмендеу тенденциясы бар: 2007 жылы 150,6, 2009 жылы 88,9, ауылдық елді мекендер бойынша – 2007 жылы 94,4 және 2009 жылы 100 мыңға 70,7.

Диагностиканы, сонымен қатар емдеу-алдын алу жұмыстары және жұқпалы ауруға қарсы іс-шараларды жақсарту нәтижелері Абай қаласы бойынша құрт ауруынан көз жұмғандар санын төмендету болып табылады: 2004 жылы 14,3-тен 2009 жылы 100 мың тұрғынға 6,6 дейін, ауылдық елді мекендер бойынша құрт ауруынан көз жұмғандарының саны 2007 жылы 8,2 ден 2009 жылы 100 мың тұрғынға 4,1 дейін.

АИТ жұқпалы ауруының көп талаған деңгейі орта облыстық деңгейде төмен, бірақ өсу тенденциясы бар. Нәтижесінде 2007-2010 жылдарға АИТ/ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аурудың деңгейін төмендетпейді.

Тұрғындардың белгіленген мөлшерінің алдын алу бақылауы бойынша жұмысқа ендірілген кешенді бағдарлама ауру этабын анықтауға және тұрғындардың сауығуына мүмкіндік туғызады. Сауықтыру пайыз келесіні құрады: 2004ж. – 21,7%, 2005ж. – 18,5%, 2006ж. – 29,7%, 2007ж. – 38,4%, 2008ж. – 57,2%, 2009ж.- 82,3%

«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2009-2010 жылдары жалпы 310,1 млн. теңге сомаға 18 ауылдық елді мекендерде 19 объекттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 2009 жылы 13 объекттер 248 млн. теңге сомаға, 2010 жылы – 6 объектер 62,1 млн. теңге сомаға.

Абай қаласының медициналық ұйымын жабдықтау - 46% құрайды, бекітілген ең аз нормативтен – 61,3% ауылдық денсаулық сақтау объекттері.

Соңғы жылы аумақтық медициналық бірлестіктің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Сонымен, 2006 жылы ультрадыбыстық бүгілме (бұдан былай УДБ) құрылғы жиынтығымен алынды, ол диагностикалық тексерулердің барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.

2010 жылы 12 млн. тенге жалпы 12 млн. теңге сомаға жаңа туған балаларға арналған 2 инкубатор және жаңа туған балаларға арналған реанимация столы алынды.

2010 жылы Абай қ. орталық ауруханасы 30,3 млн. теңге сомаға қазіргі заманға сай медициналық жабдықтар.

Ауданда 89 спорт ғимараты жұмыс істейді: спорт кешені (ЖӨСМ), Абай қ. 2 стадион және Топар к., 26 спорт залдар, олардан 23 жалпы білім беру және орта арнайы мекемелерден, 2 кәсіпорынға, 1 спорт кешені (ЖӨСМ), 6 атқыш тирі, 3 хоккей және 49 жазық спорт ғимараты, олардан 7 табиғи жабынмен және 2 спорт зал.

Жылсайын жергілікті бюджеттен дене шынықтыру және спортты дамытуға 3 млн. теңге бөлінеді. Аталған қаражаттар спорт керек-жарағына, спорттық іс-шаралар өткізуге, облыстық және республикалық жарыстарға спортшыларды дайындау және қатысу үшін бағытталды.

Ауданда халықтың барлық әлеуметтік топтары үшін дене шынықтыру және спорт сабақтарына жағдай жасалуда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жабдықтары тиімді пайдаланылуда.

Жеке аудандық жарыстар үлкен көлемділігіменен ерекшеленеді. 2010 жылы 422 спорттық-іс-шараларға 7568 адам қатысты.

Ауданда ауылдарда жаппай спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. «Сары Арқа» аудандық ауылдық жазғы спартакиада және «Қарлы қыс» спартакиадасы жылсайын өткізіледі. Оған спорттың 17 түрі кіреді және оған 800 адамнан астам қатысады,ал қысқы спартакиадаға 100 адамнан астам қатысады. «Сары Арқа» облыстық ауылдық жазғы спартакиаданың 7-ші еселі чемпионы және «Қарлы қыс» облыстық қысқы спортакиада чемпионы Абай ауданының құрама командасы болып табылады.

Ауданда ЖӨСМ базасында кеңінен тараған спорт түрлері: бокс, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, шашка, дайдо джуку кудо, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, хоккей, футбол.

2010 жылы мектеп оқушылары 77 халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысты, олардан 21 адам сыйлықтармен, 45 адам күміс, 20 қола наградымен марапатталды.



2.14. Еңбек базары және әлеуметтік қорғау

2004 жылдан бастап 2010 жылдар бойынша ауданда экономикалық белсенді халықтың саны 9 % өсті (30,1 мың адамнан 32,8 мың адамға дейін).

2011 жылдың 01 қаңтарына жұмыспен қамту деңгейі 95,4% құрады.(2009 жылы – 95,0%)

2004-2010 жылдар кезеңіне ауданда жұмыссыздықтың деңгейі тұрақты болып қалды және 2011 жылдың 01 қаңтарына 4,7% құрады (2004 жылы-4,7%).

2015 жылға жұмыссыздық деңгейін 4,4%-ға дейін төмендету жоспарлануда. Жұмыспен қамту мәселелерін қамту еңбек базарында белсенді саясатты өткізу, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жүзеге асырылады. 2015 жылға дейін ауданда 4305 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда, оның ішінде шағын бизнесте 1838, жаңа және маусымдық жұмыс орындарын құру есебінен ауыл шаруашылығында -2467 жұмыс орындары.

Ауданда 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін бір жұмысшыға орташа 2,8 есеге орташа айлық нақты жалақы төлемінің өсуі белгіленуде. 2010 жылғы деректер бойынша көрсетілген жалақы төлемі аудан бойынша орташа 47565 теңгені құрайды, ол 2009 жыл көрсеткіштерінен 17,3% жоғары (40623 теңге).



2.15. Бюджет (бюджеттің кірістер және шығындар бөлігі)

2011 жылдың 01 қаңтарына мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері және басқа да міндетті түсімдер 1750 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет – 203 млн. теңге, облыстық бюджет – 791 млн. теңге, жергілікті бюджет – 756 млн.теңге, немесе 105,3% жоспарға (718 млн.теңге).

2010 жылы бюджет кірістерінің құрылымын салықтық түсім - 734 млн. 391 мың теңге, салықтық емес түсімдер 11 млн.972 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер– 9 млн.999 мың теңгені құрады.

2010 жылы облыс бюджетінің жалпы шығыны 2507,9 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер – 6,3 млн.теңге, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 265,8 млн.теңге. 2010 жылы кассалық орындалулар 99,95% құрады. Толық төленбеген салық 5,7 млн.теңгеге төмендеді және 2,0 млн.теңгені құрады.

Аудан бойынша орташа айлық жалақы төлемі 47565 теңгені құрады.
3. 2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АУМАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ САЛАЛАР ШЕҢБЕРІНДЕ ОРТАМЕРЗІМДІК ПЕРСПЕКТИВ
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстанның 2030 жылғы дейінгі даму Стратегиясында белгіленген мақсаттарға жету, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиялық жоспарына, мемлекеттік бағдарламаларға, ауданның әлеуметтік-экономикалықдаму Болжамына, Абай ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасына бағытталады.

Абай ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасында аумақтың дамуының негізгі нысаналы индикаторлары анықталды:



  • өнеркәсіп өнідірісің өнімдері 2011 жылы 7,1%-ға, 2015 жылға 22,9%-ға өсіру;

  • кен өндіру өнеркәсібінің өндірісі 2011 жылы 7%, 2015 жылға 22,9% өсіру;

  • өңдеу саласы өндірісінің көлемі 2011 жылы 7%, 2015 жылға 22,9% өсіру;

–экономикалық белсенді халықтың жұмыс істейтін МСБ үлес салмағы 2011 жылы 13% дейін, 2015 жылға 13,9% дейін өсіру;

  • ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2011 жылы 1,5%, 2015 жылға орташа 3% өсіру;

  • суармалы желерді және суды тиімді және ұтымды пайдалану есебінен ауылшаруашылық жарамды суарылатын жерлердің көлемін 2011 жылы 7 мың га дейін, 2015 жылы 9 мың га дейін өсіру;

  • туризм көлемін жылсайын 10%-ға, 2011 жылы -94 адам, 2015 жылы -139 адамға өсіру;

– ішкі туризм көлемін жылсайын 12 %-ға, 2011 жылы -2324 адамға, 2015 жылы 3655 адамға өсіру;

– тұрғындар өмірінің күтілетін ұзақтығы 2011 жылы 64,5 жылға дейін, 2015 жылға – 67 жасқа дейін;



  • балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және оқытумен 2011 жылы 99,9% дейін, 2015 жылға-100% дейін қамту;

  • жұмыссыздық деңгейі 2011 жылы -4,8%, 2015 жылға – 4,4%;

  • мәдениет саласының сапалы қызметін тұтынушылардың қанағаттаныушылық деңгейі 2011 жылы 45% дейін, 2015 жылға 65% дейін;

  • жолдар қанағаттандыру жағдайымен 2011 жылы 65% дейін, 2015 жылға 75% дейін;

– коммуналдық қызметті тұтынушыларға сапалы көрсету деңгейі 2011 жылы 49,6% дейін, 2015 жылға 51,5%-дан кем емес.

–1 адам есебіне тұрғын-үй енгізу 2011 жылы адамға 0,1 ш/м дейін, 2015 жылға адамға 0,3 ш/м аз емес.

4. Инвестиция үшін аумақта тартымды бағыттар (оның ішінде инвесторлар үшін нақты жобаларды және мүмкіндіктерді көрсетумен).

Ауданда 377,6 мың га ауылшаруашылық жерлері бар, олардан 367,1 мың га ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бекітілгеноның ішінде 68,8 мың га егістік-жарамды жерлер, 12,4 мың га суарылатын жерлер.

Инвесторлар үшін басымдық бағыттар агроөндіріс кешені болып сақталады, сонымен қатар өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы.

Ауданда «Қарағанды облысы жағдайында биотехникалық әдісті пайдаланумен бируссыз негізде картоп тұқым шаруашылығы және селекциясы» инвестициялық жобасы жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты: селекциялық процесті қысқартумен жаңа аудандастырылған картоп сұрыпын құру.

Жаңа технологияларды ендіруге байланысты тұқымдық картопты жақсарту үшін 2011 жылы жалпы алаңы 0,1 га. 240 млн. теңге сомаға жылы жай құрылысы жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2010-2013 жылдар. Бүгінгі күнге жалпы алаңы 1 мың шаршы метр жылы жай салынды. Жылы жайда шағын-түйнекті алу үшін өсімдік түсірілді. Экономикалық тиімділігі: жобаны жүзеге асыру картоптың отандық сұрыпын өсіруге мүмкіндік туғызады. 2011 жылы 400 мың шағын-түйнек алу, 2012 жылы - 120 тонна, 2013 жылы - 680 тонна, 2014 жылы – 4 мың тонна алу жоспарлануда.

Бұдан басқа, 2013 жылы 300 млн. теңге сомаға (жеке и заемдық қаражат) «Шанс» ш/х жылқы фермасының құрылысы жоспарлануда. Жобаның мақсаты: 300 басқа дейін жылқы фермасының құрылысы. Инвестиция көлемі -100 миллион теңге, жеке қаражат.

Вхалықты сүтпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы 13,8 млн. теңге инвестиция көлемімен Самарка а. 12-15 тоннаға сүт қабылдау пункіті «Нәтиже-Сүт» ЖШС салынады (жеке қаражат), олардан ғимарат құрылысына – 6 млн.теңге, жабдықтар сатып алуға – 7,8 млн.теңге.

ІҚМ шаруашылығын дамыту үшін 2011-2012 жылджар кезеңіне «Казахская белоголовая» 1000 бас ІҚМ тұқымына арналған жем алаңының құрылысы», «Қойбас» ЖШС құрылысы жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 150 миллион теңге.

Шошқа санын дамыту және көбейту үшін бірнеше жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда: Көксу ауылы «Шанс» ш/х «Автоматтандырылған жабдықтармен 300 басқа арналған шошқа кешенін қолданысқа енгізу»,

«Агрогородок а. «180 бастан 500 басқа дейін «Астра-Агро» ЖШС шошқа фермасын қайта құру, Агрогородок а. «20 бастап бастап 500 басқа дейін «Тұлпар» шаруа хожалығында шошқа фермасын қайта құру. Жобаны жүзеге асыру аудан бойынша шошқаның 40 % өсуіне жол береді.

Агроөндіріс кешенін өсіруден басқа ауданда, Абай қаласында жинақталған, Топар, Южный, Қарабас кенттерінде өнеркәсіпті дамыту жағдайы жасалған.

Аудан орталығы болып табылатын Абай қаласының кен өндіру, өңдеуші және өнеркәсіпті дамыту үшін инвесторларды тарту мүмкіндігі бар. Облыстың өнеркәсіптік қалаларынмен байланыс автокөлік асьфалт жолдары бойынша жүзеге асырылады. Бұдан басқа, ауданның орталық бөлігі Қарабас станциясы арқылы жүзеге асырылатын «Қарағанды-Алматы» МПС темір жол магистралі арқылы өтеді. Ауданның орталығы ауылдық елді мекендермен асьфалтталған және жабын жолдарымен байланысты. Аэропорт Қарағанды қаласында – облыс орталығында орналасқан.

Кен өндіруші өнеркәсібін дамыту перспективі бұдан былай көмірді туған жерінде әзірлеумен байланысты.

Сонымен, 2013 жылдан бастап «Бас» ТПК ЖШС ауданның Шерубай-Нұра №10 шахтасына, инновациялық технлогиялар бойынша көмірді байыту және жеткізіп берумен, ілеспелі инфрақұрылыммен «Абай-Жазық» көмір қазатын шахтаның құрылысы жоспарлануда. Жеткізу берудің ұйғарылған көлемі 1800 мың тонна. Құрылыс тәртібі кезеңінде 1000 жұмыс орындарына дейін пайдалану кезеңінде 400 адамға арналған жаңа жұмыс орындарын құру ұйғарылуда. Инвестицияның көлемі жеке қаражаты есебімен 11,25 млрд. астам теңгені құрайды.



5. ЖЫЛДАМДАТЫЛҒАН ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Индустриалдық-инновациялық даму жылдамдатылған бағдарламасы шеңберінде Абай ауданынан облыстың индустрияландыру Картасына «Астра-Агро» ЖШС, «Ангус» 1180 тұқым басына дейін және 2600 ІҚМ басына арналған мал бордақылайтын кешен құрылысы» 1 инвестициялық жобасы енгізілді.

Жоба «КазАгро» НУХ арқылы ұсынылды. Жоба «Ангус» жоғары өнімді мал тұқымын өсіру бойынша шаруашылықты құру үшін ірі қара мал ет бағытын 1 180 басқа дейін «Мал өнімдері Корпорациясы» АҚ лизингін сатып алуды ұйғаруда. Аталған тұқым жоғары тез пісетін болып сипатталады (сиырдың тірі салмағы550-650 кг, бұқа 850-1000 кг.)

Орта тәуліктік алып келу 1 500 гр. жетеді, соғым шығыны 63-65%.

Абай ауданы модерлендірілген инфрақұрылымдық көлік-коммуникациялық және энергетикалық кешенімен экономиканың басымдық салаларында инновациялық өндіріс, кен өндіру кешені, агроөндіріс кешенін дамыту орталығы болып табылады; аудан экономикалық кеңістік оң динамикалық сапасымен және адами потенциалды дамыту жағдайымен.




Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Халық саны, мың адам

54542

54690

53119*

өнеркәсіп өнімінің нақты индекс көлемі, %

73,6

108,1

106

өнеркәсіп өнімінің (жұмыс, көрсетілетін қызмет) қолданыстағы бағада көлемі, млн. теңге

2908,7

3059,9

2116,8

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі (нақты қолданысағы бағада), млн. теңге

7856,4

9261,0

10449,4

Шағын бизнес кәсіпорындарының саны (заңды тұлға), бірлік

141

148

147

Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі, млн. теңге

3866,7

5440,1

2441,0

Қолдануға енгізілген тұрғын-үй, ш. м

6099

7186

5140

Орта айлық көрсетілген жалақы төлемі, теңге

34099

40623

47565

Адам басына орта айлық көрсетілген ақшалай табыс, теңге

28532

32984

35507

Экономикалық белсенді халықта тіркелген жұмыссыздар үлесі, %

0,2

0,2

0,1

Кедейшілік шегінде өмір сүретін азаматтар үлесі, %

1,5

1,5

1,3

* - 2011 жылдың 1 қаңтарына



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет