Абай атамыздың ұстанған мұраты – адамшылықты бұзбау, адамгершілік ізгілік қасиеттерді жоғару көтеру, адам деген ардақты атқа сай болу.Ол қоғамға адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім –ғылымды, өнерді халықтың қажетіне жаратуға алдымен мән бергенін естен шығармау қажет.
Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.Ол адамның рухани арқауы.Әрбір пендеге қойылатын басты талап осындай асыл да ізгі қасиетті бойына сіңіру сонда ғана алдыңызда қандай ұлағатты азамат тұрғанын байқайсыз. «Адамгершілікті білгің келсе, Абайды таны»- дейді С.Торайғыров атамыз.