Ұлы Абай жас ұрпақтың білім алып, ғылымды игеруіне айрықша мән бергендігі оның өлеңдері мен қара сөздерінде мейлінше байқалады. Өйткені, білім мен ғылым өркениетке бастар алғышарт екендігін ұлы ойшыл жете түсінген, жан-тәнімен терең ұғынған.
Ғылым –білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды.Ақын өлеңдерінің басым көпшілігі оқу-білім, ғылым тақырыбына алтын арқау болып өрілген. Өз заманындағы халықтың надандығы мен сауатсыздығына күйіне отырып, ішкі жанайқайынан туған ойларды Абай өлеңдерінде шебер суреттей білген. "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінде артық ыржың мен өсектің, мақтаншақтық, еріншектіктің адамға үлкен зиянын тигізетінін ескере отырып ақын: "Талап, еңбек, терең ой,